Қазақ елінің ежелгі ғалымдары


ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЕЖЕЛГІ ҒАЛЫМДАРЫ
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ (870-950)
Отырарда дүниеге келген. Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Сондықтан да оның өз атына шыққан қаласының аты "Фараб" қосылған.
Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі. Бала күнінен атқа беріктігімен, мергендігімен көзге түседі. Түрлі өнерді үйренуге әуес болады. Әсіресе музыкалық аспаптарда ойнауға үйір екен.
Ол алғаш білімді туған қаласы Отырардан алады. Асқан зерек, алғыр жас Фараби осы қаланың медресесінде оқып жүріп, дүние жүзіне әйгілі болған атақты Отырар қаласының кітапханасында жұмыс істеп, білімін өздігінше толықтырады. Оқуды одан әрі жалғастырып, білімін тереңдету мақсатында сол кездегі араб елдеріндегі атышулы Бағдат, Шам (Дамаск), т. б. қалалардың білім ордаларында оқиды. Мұндағы ірі ғалымдармен кездеседі, сырлас болады. Түркі, парсы, араб тілдерінде мүлтіксіз сөйлейтін, жазатын дәрежеге жетеді. Сондай-ақ грек, латын тілдерін де жақсы білген. Ертеде грек тілінде жазылған көптеген ғылыми кітаптарды араб тіліне аударған.
Фарабиді дүние жүзіндегі екінші ұстаз (екінші ғалым деген мағынада) деп атайды. Бірінші ұстаз, бірінші ғалым гректің атақты философы Аристотель болған. Фараби осы атақты ғалымның ғылыми еңбектерін асқан табандылықпен көп зерттейді. Мәселен, "Жан туралы" деген еңбегін жүз рет, "Табиғат үйлесімі" деген еңбегін қырық рет, ал "Риторика" деген кітабын екі жүз рет оқыған көрінеді.
Әбу Насыр әл-Фараби математика, астрономия, логика, медицина, музыка, табиғат ғылымдары, тіл, риторика, философия салалары бойынша көптеген жаңа ғылыми тұжырымдар жасаған. Ол барлығы 150-ге жуық еңбек жазған. Олардың бірқатары осы күнге дейін маңызын жойған жоқ, көптеген
еңбектері парсы, ағылшын, француз, неміс тілдеріне аударылған. Бірқатар еңбектері қазақ, орыс, өзбек, тәжік тілдерінде жарық көрді.
Оның бір ғана музыка саласындағы еқбегінің өзі не тұрады? Ол "Музыканың ұлы кітабы", «Музыка жайлы талдау» т. б. кітаптар жазған. Бұл еңбектерінде ән шығаруды, музыкалық аспаптар жасауды, әнді орындауды ғылыми жағынан жетілдіреді. Өзі бірнеше музыкалық аспап жасап шығарады. Солардың ішінде "қыпшақ" деген де аспап болған екен. Ол осы күнгі қазақ, өзбек, қырғыз сияқты халықтар арасына кең тараған домбыраға ұқсас болса керек.
Әбу Насыр әл-Фараби бірқатар әндер шығарған, демек сазгер болған. Кейбір деректерге қарағанда ол шығарған әндер осы күнгі Иран, Ирак, Түркия және басқа да Шығыс елдерінде орындалатын көрінеді.
Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуын бүкіл дүние жүзі, соның ішінде біздің еліміз де үлкен салтанатты жағдайда атап өтті.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН (11-ҒАСЫР)
Орта Азияның ойшыл ғалымы, өз заманының белгілі ақыны. Жетісуда, Баласағұн қаласында 1015 жылы туған. Жүсіп өз заманына сай жақсы білім алған, ғылыми еңбектер жазумен айналысқан. Көбірек зерттеген салалары: әдебиет, тарих, басқа да қоғамдық ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары.
Бізге жеткен ғылыми туындыларының ең ірісі "Құтадғу білік", яғни "Құтты білік" (Қалай бақытты болуы жайындағы ғылым) деген дастан. Мұнда саясат жүргізу, мемлекетті басқару, әскери іс, адамдардың өмір сүруі, қайткенде әділетті, бақытты, ақылды, қанағатшыл болу сияқты күнделікті адамдарға қажетті қасиеттер жөнінде көптеген өнегелі сөздер айтылады.
Ж. Баласағұнның он үш мың жолдан тұратын осы шығармасы өз кезінде өте жоғары бағаланып, халық арасында кеңінен тараған. Өйткені ол үлкенді де, кішіні де имандылыққа, сыпайылыққа, еңбек сүйгіштікке, саналылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу ісіне үлес қосқан.
Ол мұнан басқа да өсиет өлеңдер жазған. Олардың көбі жоғалған. Әзірге 600 жолдан астам өсиет өлеңдері табылды.
МАХМҰД ҚАШҒАРИ (11-ҒАСЫР)
Толық аты-жөні - Махмұд ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед. Туған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ол Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы Барысқан қаласында туған. Бұл қала қазір жоқ. Қирап, жер болып кеткен. Әкесі Хусейн осы қаланың басшысы болған. Оның бала кезінде-ақ әкесі қызмет бабымен Қашғарға ауысады. Махмұд Қашғари әуелі Қашғарда оқиды, сосын өз білімін Бұхар, Бағдат қалаларында жалғастырады. Сөйтіп, жан-жақты білім алады. Жасынан халықтардың, әсіресе түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін шығу тегін, тарихын, ауыз әдебиетін білуге аса қүштар болады. Осы мақсатта түркі тілдес халықтар мекендеген аймақтарды көп аралайды. Көнекөз қарттармен әңгімелеседі, аңыздарды, ертегілерді тыңдайды. Көріп-білгендерің естігендерін жазып алады. Әсіресе, сол халықтардың тіліне, сөздеріне айрықша мән береді. Түркі тілдес халықтардың сөздеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады, оларға ғылыми талдау жасайды.
Ғылым жолындағы осындай табандылық оны өз заманының аса білімді тілші-әдебиетшісі, тарихшысы, этнографы, географы дәрежесіне жеткізеді. Бізге М. Қашғаридың "Түркі сөздерінің жинағы" ("Диуани лұғат аттүрк") деп аталатын аса құнды үш томдық еңбегі жеткен. Бұл еңбекте түркі тайпала-рының шығыстан батысқа қарай географиялық орналасу реті нақты көрсетіледі және картасы беріледі. 11-ғасырда түркі тайпаларының мекендеген жерлерімен, олардың кімдермен көрші болып, киімдермен қатынас жасағандығымен таныстырады.
Сөздікте түркі тайпаларындағы адам өміріне, мәдениетке, бұйымдарға, туыстық пен жекжаттыққа, тағам-сусындарға, жануарларға, аң-құстарға, мал шаруашылығына, өсімдіктер мен дақылдарға, күндерге, айларға, апталарға, ауруға, дәрілерге, тарихи есімдерге, діңге, спортқа, т. б. қатысты сөздерге - терминдерге түсінік беріледі.
Бұл сөздіктің тағы бір құндылығы - оған түркі тілдес халықтар қолданып жүрген көптеген мақал-мәтелдер енгізілген. Олардың адамдарды тура жолға сілтеуде, үлгі-өнеге көрсетуде пайдасы бар. Мәселен, еңбек жайындағы мақал-мәтелдердің ішінде: "Еңбек етсен емерсің", "Тас бас жарар, еңбек тас жарар", "Жаз еңбек етсең, қыс қуанарсың", т. б. бар. Ал, тұрмысқа байланысты мынандай мәтелдер енгізілген: "Киіз жамылған
су болмас", Басқаға ор қазба, оған өзің түсерсін". Сөздікте ақыл мен білімділікке байланысты мәтелдер де жеткілікті: "Білімді болғың келсе, дананың айтқанын тыңда", "Ақылмен арыстан ұстауға болады", т. б.
АХМЕТ ИАССАУИ (12-ғасыр)
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының көне Исфиджаб, қазіргі Сайрам жерінде шамамен 1100 жылдардың бас кезінде дүниеге келген, 1166 жылы қайтыс болған.
Бүкіл өмірін ісләм діңінің адамшылық, әділдік, адалдық сияқты жолдарын уағыздауға арнағандықтан бүкіл халық, мұсылман қауымы оны Қожа Ахмет Иассауи деп атап кеткен.
Әке-шешесі ертерек қайтыс болған бала Ахмет жетімдіктіқ қиындығын әбден көреді. Ол Түркістан қаласындағы туыстарынын, қолында тәрбиеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz