Мемлекет ұғымы туралы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар: I Кіріспе II Негізгі бөлім Мемлекеттің белгілері мен қызметтері Азаматтық қоғам Құқықтық мемлекет III Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады:

  • Кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де халық, қоғам, ел деген ұғымдарға сәйкес келеді;
  • Тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, үкімет, әкімшілік деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол қөзқарасты ұстанамыз.

Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.

Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:

  1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Августан мен Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен түсіндірді.
  2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұксас идеяны Аристотель де айтқан болатын.
  3. Қоғамдық келісім теориясы(Т. Гоббе, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
  4. Зорлық жасау теориясыбір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.
  5. Географиялық теориямемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
  6. Психологиялық теорияадамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
  7. Марксистік теориямемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек деп санайды. Ф. Энгельс мемлекет әрдайым ең қуатты, экономикалық жағынан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып алады және осы арқылы езілген тапты басып жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие болады деп жазды.
  8. Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.

Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.

Мемлекеттің белгілері:

  1. Аумақтық бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру ру, тайпа тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.

Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірістің өркендеу, еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір бірімен араласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болады. Бұларға басқа ру, тайпалардан болады. Мемлекеттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты.

  1. Ерекше өкімет аппараты(жария билік) . Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т. б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамдық қоғамда олар болмаған.
  2. Мемлекеттің егемендігі. Ол ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.
  3. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.
  4. Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын.
  5. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Жалпы мемлекет болуы үшін оның өз аумағында тұратын халқы болуы керек. Ол халық бір ұлтты немесе көп ұлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының әлі күнге дейін өз мемлекеті жоқ.

Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т. т. кірсең де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады.

Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшелендіреді.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері болады.

Ішкі қызметтеріне мыналар жатады:

  1. Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т. б. арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т. с. с. қатысады;
  2. Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т. б. айналысады;
  3. Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т. с. с. басшылық етеді;
  4. Мәдени тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

Сонымен қатар мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы күштерді құрып, ұстап, пайдаланады.

Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар:

  1. Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.
  2. Өзін өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету.
  3. Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т. б.

Сайып келгенде мемлекеттің ең басты міндеті қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, таптарға, жіктерге, бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафасашысы Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршендігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет ғұрпы, салттары кіреді.

Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:

  • Ұлттық этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді.
  • Жеке тұлға мен азаматтық аыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндегі, тұратын мекенін анықтау, ел жұртқа келіп кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады.
  • Адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді.
  • Азаматтық құқықтары сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Мемлекеттік қаржы қызмет
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Мемлекет ұғымы пәнінен дәрістер
Қаржы құқығы пәнінен оқу - әдістемелік кешені
Мемлекет функциясының ұғымы
Конституциялық құқық ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz