Ғали Ормановтың 1941-1945-жылдардағы көпшілік шығармалары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ұлы Отан соғысы кезіндегі өлеңдері
2.Өлеңдерінің жинақтарда жарық көруі
3.Айырмашылықтары
4.Өлеңге берілген ғалымдардың бағасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ғали Ормановтың 1941-1945-жылдардағы көпшілік шығармалары жалпы соғыс әмірін,ондағы майдандас дос,бауырлаc туыстардың бастан кешкен сан қилы жай күйін сөз етеді.Соғыс басталған күннен жеңіске жеткенге дейінгі екі аралықтағы ел тілегі,ер арманы,жауынгерлердің жанқиярлық ерлік істері көрінеді.Бұлар белгілі батырдың батылдығын дәріптеу,жау әскерлерінің кескін-келбетін суреттеу,жеке адамның қимыл-қозғалысы үстіндегі мақсатты ойын нақтылай сездіру арқылы беріледі.Солардың ішіндегі соғыс шебіндегі іс-әрекетті,солдаттың әр тұстағы сезімді сырын сипаттаған «Ер арманы» өлеңін ең алдымен ерекше атауымызға болады.Ғали Орманов поэзиясы- ақынның халық өмірі мен тығыз байланысын сипаттайтын реалистік поэзия.Ақынның Ұлы Отан соғысы
кезіндегі өлеңдеріне текстологиялық жұмыс жасай отырып,ақын
өлеңдерінің қуаттылығын аңғарамыз. Ақынның «Ер
арманы»,«Отан»,«Қарағай», «Тілек»,«Күткен жүрек» өлеңдеріне
текстологиялық талдау жасамақшымыз.Дәуірдің ауыр шындығын
суреттеуде ол кезең ақынды өз заманы мен оның ержүрек адамдары
жайында сөз айтуға міндеттеді.Оның оптимистік рухта жазылған
өлеңдері майдандағы жауынгер мен тылдағы еңбек адамдарының рухани
биік сезімін өткір суреттеді.
1.Орманов Ғ.«Емен» өлеңдер жинағы.Қазақтың Біріккен Мемлекет Баспасы.Алматы.-1945.-43б.
2.Орманов Ғ.«Бөбек жүрегі».Қазақтың мемлекеттік оқу құралдар баспасы.Алматы.-1949.-47б.
3.Орманов Ғ.«Сәт сапары».-Алматы,1957
4.Орманов Ғ.Таңдамалы өлеңдер.-Алматы,«Жазушы»,1977
5.Орманов Ғ.Таңдамалы.-Алматы,1982
6.Қожықов М.А.Ғали Ормановтың ақындығы.(диссертация).Алматы.-1968
7.Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия.-Алматы,1960
8.Е.Исмайлов. Поэзияның кейбір мәселері//Әдебиет және искусство.1951.№4-64-65б
9.Орда Г.Лирик ақын//Көркем ойдың құдіреті.Алматы,2007.-6-33б
10.КенжебаевБ. Орманов өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері//Социалистік Қазақстан.1951.13-май
11. Дүйсенов М. Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі.Алматы.1958.-456б
12.Қаратаев М.,Қирабаев С.,Нұртазин Т. Қазақ совет әдебиеті.-Алматы,1971
13.Социалистік Қазақстан.1942.3-ноябрь

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Ұлы Отан соғысы кезіндегі өлеңдері

2.Өлеңдерінің жинақтарда жарық көруі

3.Айырмашылықтары

4.Өлеңге берілген ғалымдардың бағасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ғали Ормановтың 1941-1945-жылдардағы көпшілік шығармалары жалпы соғыс
әмірін,ондағы майдандас дос,бауырлаc туыстардың бастан кешкен сан қилы жай
күйін сөз етеді.Соғыс басталған күннен жеңіске жеткенге дейінгі екі
аралықтағы ел тілегі,ер арманы,жауынгерлердің жанқиярлық ерлік істері
көрінеді.Бұлар белгілі батырдың батылдығын дәріптеу,жау әскерлерінің кескін-
келбетін суреттеу,жеке адамның қимыл-қозғалысы үстіндегі мақсатты ойын
нақтылай сездіру арқылы беріледі.Солардың ішіндегі соғыс шебіндегі іс-
әрекетті,солдаттың әр тұстағы сезімді сырын сипаттаған Ер арманы өлеңін
ең алдымен ерекше атауымызға болады.Ғали Орманов поэзиясы- ақынның халық
өмірі мен тығыз байланысын сипаттайтын реалистік поэзия.Ақынның Ұлы Отан
соғысы

кезіндегі өлеңдеріне текстологиялық жұмыс жасай отырып,ақын

өлеңдерінің қуаттылығын аңғарамыз. Ақынның Ер

арманы,Отан,Қарағай, Тілек,Күткен жүрек өлеңдеріне

текстологиялық талдау жасамақшымыз.Дәуірдің ауыр шындығын

суреттеуде ол кезең ақынды өз заманы мен оның ержүрек адамдары

жайында сөз айтуға міндеттеді.Оның оптимистік рухта жазылған

өлеңдері майдандағы жауынгер мен тылдағы еңбек адамдарының рухани

биік сезімін өткір суреттеді.

Негізгі бөлім

Ғали Орманов Ер арманы деген өлеңін 1941-жылы жазған.Өлең 1942-
жылы 3-қарашада Социалистік Қазақстан газетінде жарық көреді.Мұнда өлең 24
жолдан тұрады.Кейіннен ақынның 1945-жылғы Емен өлеңдер жинағына
енген.Жинақта өлең 28 жолдан тұрады.Бұл кезде мына шумақ қосылған болатын:

Сынғандай селебе оқтан жаудың сағы

Серпіліп,кейін сырғып, қайтты тағы

Арадай аңдыздаған оқ толастап,

Сәл сонда пулеметтің тынды жағы.Бұл шумақтың қосылуы өлеңнің поэтикалық
әсерлілігін арттырған.Осы шумақта селебе оқ,арадай аңдыздаған оқ секілді
эпитет,сағы сыну деген тұрақты сөз тіркесі кездеседі.Жалпы өлеңде жөтелген
зеңбірек,қарақұрым жер,жауған оқ,қалың жау,жауыздық жол,жалын бұршақ,селебе
оқ,арадай аңдыздаған оқ секілді эпитет,шалғындай шалғы тәрізді теңеуді
кездестіре аламыз.1949-жылғы Бөбек жүрегі деген жинақта өлең 32 жолдан
тұрады.Мына өлең жолдары қосылған:

Қайтады танкілер де жалын шашып,

Жалтылдап от көмейі аран ашып;

Қалтырап одан қашар уақыт жоқ,

Болса өзі,келсін бері,ажалға асық!

Бұл шумақтың қосылуы өлең поэтикасын арттырған,көркем шығуының себебі:осы
жолдарда ерлікке шақырарлық ұран естілетіндей,жауынгер өлімнен қашатын
батылсыз емес,ер арманы- елге жақсылық жасау.

Өлең шумағында мынадай елеулі
өзгерістер бары байқалады:

Социалистік Қазақстан газетінде:

Жау жолын пулеметчик жатты бағып:

Жөтелген зеңбіректер гүрсіл қағып;

Азынап,аспанда өрген самолеттер;

Қаптаған қарақұрым жерде танк

Емен өлеңдер жинағында 1-шумақ былай беріледі:

Жау жолын пулеметчик жатты бағып,

Жөтелген зеңбіректер гүрсіл қағып

Көк жүзін көшіргендей самолеттер,

Қаптаған қарақұрым жерде танк

Яғни, тыныс белгілерінде елеулі өзгерістер болумен қатар,1-шумақтың 3-
тармағы өзгергенін жоғарыдағы мысалдан көруімізге болады.Ал Бөбек жүрегі
жинағында мына түрде келеді:

Жау жолын жауынгерлер жатты бағып,

Жөтелді зеңбіректер гүрсіл қағып;

Сырылдап самолеттің көкірегі,

Торып жүр жоғарыда шырайналып.

Яғни,бұл жерде пулеметчик сөзінің орнына жауынгер сөзі қолданылып
тұрса,есімше формалы жөтелген етістігінің орнына жіктік жалғау формалы
жөтелді етістігі жұмсалып тұр.Өлең шумағының соңғы екі тармағы мүлде
өзгеіске түскен.Емен жинағының 2-шумағы Бөбек жүрегі жинағының 3-
шумағымен, 3-шумағы мен 4-шумағы,5-шумағы мен 6-шумағы сәйкес келеді,тек
мынадай аздаған айырмашылықтар бар: (2-шумағында)

Секілді: өлім, өмір арпалысқан,

Қапрық, астан-кестен, аспанға ұшқан Социалистік Қазақстан

Секілді өлім,өмір арпалысқан.

Қапырық,астан кестен,аспанға ұшқан... Емен

Кез
еді:өлім,өмір арпалысқан,

Қапырық
темір топан қақтығысқан

Бөбек жүрегі

Сонымен бірге, көріп отырғанымыздай,2-шумақтың 3-тармағының соңындағы
алас ұрып сөзі Бөбек жүрегі және Емен жинағында дәл осы қалпында
берілсе,Социалистік Қазақстан газетінде ақырғы рет

болып беріледі.

Аптығып келе жатты қаптап дұшпан. Емен

Аптығып келе жатыр
қаптап дұшпан

Соц.Қазақстан газеті және Бөбек
жүрегіжинағы

Сонымен қатар Соц.Қазақстан газеті мен Емен жинағындағы өлеңнің 3-
шумағының 1-тармағындағы тосып сөзі Бөбек жүрегі жинағында бағып
болып,2-тармағындағы іргелі сөзі Соц.Қазақстан газеті мен Бөбек
жүрегі жинағында ілгелі болып қолданылады.Емен жинағының 4-шумағының 3-
тармағындағы жауыздық сөзінің орнына Бөбек жүрегі жинағында жауыздың
сөзі жұмсалады,Емен мен Бөбек жүрегі жинағындағы жауынгер сөзі
Соц.Қазақстанда жас батыр деп,соңғы шумақтың 2-тармағы Соц.Қазақстан
газеті мен Емен жинағында Тілдесті сонда ғана өз досымен- деген тармақ
Бөбек жүрегі жинағында Тілдесті бір-екі ауыз өз досымен-деп беріледі.3-
шумақтың 1-2-тармағы Емен жинағында былай беріледі:

Жауынгер жатты тосып соның жолын

Іргелі қарауылға қалың тобын

Бөбек жүрегінде мына түрде келген:

Жауынгер жатты бағып соның жолын,

Ілгелі қарауылға қалың тобын

Cоц.Қазақстанда былай
беріледі:

Жауынгер жатты тосып соның жолын,

Ілгелі қарауылға соның жолын,

Пунктуациялық ерекшелікке байланысты тағы да мынадай айырмашылықтар бар:

Жауыздық жолын қыйып,жолатпауға

Жауынгер жарлық берді пулеметке. Емен

Жауыздың жолын қыйып
жолатпауға

Жауынгер жарлық берді пулеметке! Бөбек
жүрегі

Жауыздың жолын қыйып, жолатпауға

Жас батыр жарлық берді пулеметке. Соц.Қазақстан

Нөсерлеп қоя берді жалын бұршақ,

Ұрынды жанған отқа жау ұрыншақ Емен

Нөсерлеп қоя
берді жалын бұршақ,

Ұрынды жанған отқа жау ұрыншақ!

Бөбек жүрегі

Нөсерлеп қоя берді жалын бұршақ,

Соқтықты сұрапылға жау ұрыншақ, Соц.Қазақстан

Бұл өлең ақынның 1977-жылғы Таңдамалы өлеңдер жинағына енеді.Мұнда
өлең,негізінен алғанда,ақынның көп томдық шығармалар жинағының 2-томында
берілген өлең жолдарынан айтарлықтай өзгешелік жоқ.Пунктуациясында ғана
аздаған айырмашылық бар десе де болады.Атап айтқанда,2-томдағы өлеңнің
соңғы шумағы:

Жауынгер қан сорғалап кеудесінен,

Тілдесті бір- екі ауыз өз досымен.

Қырған жау,қиған жанмен... тым болмаса

Бір себім тиді ме екен елге өсірген

деп берілсе,Таңдамалы өлеңдер жинағында мына түрде келеді:

Жауынгер қан сорғалап кеудесінен,

Тілдесті бір-екі ауыз досымен,

Қырған жау,қиған жанмен...тым болмаса

Бір себім тиді ме екен елге өсірген

Ер арманында жақындап қалған жау пулеметімен қырып салып,өзі де
айықпас ауыр жараланған жауынгер өлім алдында жатса да ең негізгі арманын
ашып кетеді.Өсірген елге бір септігі тисе,басты мақсатының орындалғаны деп
ұғынады.Ар-намыс,азаматтық борышты өлімнен жоғары қояды,-деп жазады
М.А.Қожықов өзінің Ғ.Ормановтың ақындығыдеген
диссертациясында.М.Қаратаев,С.Қираб аев,Т.Нұртазиндер бірігіп жазған Қазақ
совет әдебиеті деген еңбекте өлеңге байланысты мынадай пікір
айтады:Үстіне жалын киіп кеткен геройдың ерлік жолы Ер арманыөлеңінде
айтылады.Батыр пулеметші жаумен алыста өз жастығын ала қаза табады.Бірақ
ол өз борышын ақтағанын түсінеді.Сондықтан да ол өлерде:

Қырған жау,қиған жанмен...тым болмаса

Бір себім тиді ме екен елге өсірген,-деп тіл қатады.Г.Орда:Отан үшін
жауға аттанып,қан майданда қаһармандық ерлігімен көзге түскен халық
батырларының бейнесі ақынның Ер арманы деген өлеңінде жақсы сомдалған-
деп жазады.Менің ойымша,Ғ.ОрмановБір себім тиді ме екен елге өсірген,-
деген өлең жолдарын беру арқылы өлеңнің негізгі идеясын танытқысы келген
сияқты.Яғни,негізгі идеясы- әрбір жауынгердің Отанын қорғауы қажет,бұл оның
азаматтық парызы дегенге саяды.

Ақынның 1941-жылы Отан деген өлеңі жазылған болатын.Бұл өлең ақынның
1945-жылғы Емен,1949-жылы Бөбек жүрегі,1957-жылы Сәт сапары,1977-
жылғы Таңдамалы өлеңдер жинағына, төрт томдық шығармалар жинағының 2-томына
20 жол болып енеді.Өлеңнің кейінгі басылуындағы
айырмашылықтар,негізінен,пунктуация сы мен сөз өзгеруінде
кездеседі.Мысалы:Бөбек жүрегі жинағы мен Емен жинағының өлең жолдарын
салыстыратын болсақ,пунктуациясында өзгешелік бар екенін аңғарамыз.

Махаббат,бақыт қызық жер көгіңде.

Басым бос,көңілім қош,жаным
жарқын

Қырғын жау,қыйған жанмен,тым болмаса

Бал жұтып
жүргем соның серуенінде

Жарасар адам аты Отанымен,

Кеткені қайғы-шердің
шеңгелінде

Адамның тірлігі не,өлгені не! (Бөбек жүрегі)

Махаббат,бахыт,қызық жер,көгінде

Басым бос,көңілім хош,жаным
жарқын,

Бал жұтып жүргем соның серуенінде,

Жалғыз жау шырқын бұзып сол
өмірдің

Жарасар,адам аты Отанымен,

Кеткені қайғы шердің шеңгелінде

Адамның тірлігі не,өлгені не

Емен

Автор 1950-жылғы Таңдаулы шығармаларжинағында осы өлеңнің соңғы бір
жолын өзгерткен,қайта қарап ұшырата алмаймыз.Алғашқы вариантында :

Оқушым осы хиял келсе басқа,

Қалайша ұмтылмассың сен жеңуге- ( Емен)

деп алынса,кейінгісінде:

Кеудеңді қысса сығып осы намыс,

Қалайша ұмтылмассың сен жеңуге,- ( Таңдаулы шығармалары)

деп берілген.Ақынның күйзелісті көңіл күйін анықтай түсу үшін бұл өзгерту
нақты болып шыққан.М.Қожықов Ғ.Ормановтың соғыстың бірінші жылы жазған
Отан деген өлеңі нағыз патриоттық рухтағы тамаша өлең.Мұнда Ғали өз
басының көңіл-күйін Отанның қуанышты-күйінішті кезеңдермен тығыз
байланысқан сезімде суреттейді.Ақ сүтін еркін емген ұлы анасымен бел
шешіп,беріле сырласып,бірге мұңдаса біледі.Сол арқылы еліміздің өткен
өмірін,асқан бел-белесін еріксіз еске түсіреді.

Отаным еркелеген өзге кімге,

Өзіңмен нені болсын көргем бірге,-

(Сәт сапары.Алматы.1957.-133б)

деген бастапқы екі жолдың аяғында көп нүктенің келуі көп нәрсені

аңғартады.Бақытты заманның шырқын бұзып,шырайын кетірген жауыз жауға ақын
кектене қарайды,лағнат айтады.Отансыз жан қайғылы,қасіретті жан,азат басың
құл болса,тіршілікте жасағаныңмен не пайда,-деген философиялық үлкен ой
тастайды.Осылайша әрбір адамның Ұлы Отанға деген ықылас-ынтасын айнытпай
жырлап,кеңінен толғайды.

Бал жұтып жүргем соның серуенінде

Жарасар адам аты Отанымен,

Кеткені қайғы-шердің шеңгелінде

Адамның тірлігі не,өлгені не! (Бөбек жүрегі)

Махаббат,бахыт,қызық жер,көгінде

Басым бос,көңілім хош,жаным жарқын,

Бал жұтып жүргем соның серуенінде,

Жауыз жау шырын бұзып сол өмірдің

Жарасар,адам аты Отанымен,

Кеткені қайғы- шердің шеңгелінде

Адамның тірлігі не,өлгені не?! Емен

Г.Орда:Отан тағдыры үшін адалдық таныту жеке адам мен қоғам мүддесінің
бірлігін жырлау Ғ.Ормановтың Отан соғысы жылдары жазған
өлеңдерінің(Қаһар,Отан) идеялық нысанасы.Отан өлеңінің лирикалық
кейіпкері:

Құл етсе азат басын асау жанын

Адамның тірлігі не,өлгені не?

Кеудеңді қысса сығып осы намыс,

Қалайша ұмтылмассың сен жеңуге!

(Таңдамалы.2-т.Алматы,1982)

деп түйеді ойын.Оны намыс пен кек билейді.Сондықтан,лирикалық кейіпкер
Өзімді тосып жолыңа,Үстіме жалын киейін,-деп жауға аттанады.

Менің пікірімше,бұл өлең -Ұлы Отан соғысы жылдарында халықты басқыншы
жауға қарсы күрес рухында тәрбиелеуге шақырғандай.Өлеңде қабырғаға
бату,шырқын бұзу,көрінгенге көз түрткі,қатер бұлты төну секілді тұрақты
тіркестердің келіп отыруы өлеңнің поэтикасын арттырған.Сонымен қатар
өлеңнің әр тармағының басының Ж әрпімен келуі әсерлі шыққан.Сөзімізге дәлел
ретінде аллитерацияның мына үлгісін көрсетуімізге болады:

Жалғыз жау шырқын бұзып сол өмірдің

Жалындап кекке толды кеудем мүлде!

Жарасар адам аты Отанымен

Сондай-ақ, өлеңде жауыз жан, отансыз жан, азат бас, асау жан деген
эпитеттерді де кездестіре аламыз.

Ақынның ендігі бір өлеңі- Орамал 1945-жылыЕмен, 1957-жылы Сәт
сапары,1982-жылғы 4-томдық шығармалар жинағының 2-томына,1977 жылы шыққан
Таңдамалы өлеңдер жинағына енеді.Аталған екі жинақта да өлең 20 жолдан
тұрады.Мұнда айтарлықтай өзгешелік жоқ.Тек Таңдамалы өлеңдер жинағында 5-
шумақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғ. Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар жайлы
Ғали Орманов
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақ
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Ғали Орманов туралы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
Пәндер