Ұсыныс рынок механизмiнiң негiзгi элементi ретiнде



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I ҰСЫНЫС РЫНОК МЕХАНИЗМIНIҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI РЕТIНДЕ ... ... ...5
1.1 Ұсыныс туралы жалпы түсiнiк және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ұсыныс икемдiлiгi және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

II РЫНОК МЕХАНИЗМІНІҢ ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУЫНДАҒЫ ҰСЫНЫСТЫҢ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Рынок механизмiнiң тепе.теңдiгiн қалыптастырудағы ұсыныстың орны және әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Өндiрiс ұсынысты қалыптастырудың негiзi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өндірісінің жағдайы ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қазақстан Республикасының өз егемендiгiн алып, рыноктық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда күннен-күнге рыноктық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 15 жыл бұрын бүкiл шаруашылық және экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы рыноктық қатынастардың қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екендiгi белгiлi болып отыр.
Елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар пайда болып, рынок инфрақұрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi күрделене түстi.
Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi және ұсынысты тудыратын экономиканың өндiрiс саласы болып табылады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар мен өндiрушiлер көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтынушылар мен өндiрушiлердiң мiнез-құлығын және нарықта сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады.
Рыноктық экономикада туындап отырған сұранысты қанағаттандыруды ұсыныс қамтамасыз етедi. Ұсыныс микродеңгейде жекелеген фирманың рынокқа сатуға шығарған өнiмдерi немесе қызмет түрлерiмен шектелсе, макродеңгейде ұсыныс ұлттық экономика салаларының өндiрiстiк көлемiн, олардың шығарған өнiмдерiнiң әлемдiк рыноктағы таралу мөлшерiмен сипатталады. Сондай-ақ осы ұсынысты тудыратын өндiрiстiң жалпы жағайын, яғни ұсынылып отырған тауарлар сапалы әрi соңғы өнiм бе? әлде өңделмеген шикiзат күйiнде ме? Осыны анықтайды.
1. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
2. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
3. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
5. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
6. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
7. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
8. Кожахмедов Д.Б. “Машиностроение как основа формирования конкурентспособной экономики Қазахстана” // Аль-Пари, №1.2004г.
9. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
10. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург – 2001г.
11. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
12. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2005 ж.
13. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г. №8.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I ҰСЫНЫС РЫНОК МЕХАНИЗМIНIҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI РЕТIНДЕ ... ... ...5
1. Ұсыныс туралы жалпы түсiнiк және сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Ұсыныс икемдiлiгi және оның түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

II РЫНОК МЕХАНИЗМІНІҢ ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУЫНДАҒЫ ҰСЫНЫСТЫҢ РӨЛІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...13
2.1 Рынок механизмiнiң тепе-теңдiгiн қалыптастырудағы ұсыныстың орны
және
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 13
2.2 Өндiрiс ұсынысты қалыптастырудың негiзi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өндірісінің
жағдайы ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасының өз егемендiгiн алып, рыноктық экономикаға
өтуiне байланысты экономикамызда күннен-күнге рыноктық қатынастар
күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады.
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 15 жыл
бұрын бүкiл шаруашылық және экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан
рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы рыноктық қатынастардың
қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екендiгi
белгiлi болып отыр.
Елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар
пайда болып, рынок инфрақұрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың
қызмет ету механизмi күрделене түстi.
Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу
мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара
әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi және ұсынысты тудыратын
экономиканың өндiрiс саласы болып табылады. Ал бағаға сүйене отырып,
тұтынушылар мен өндiрушiлер көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне
бұл жағдай тұтынушылар мен өндiрушiлердiң мiнез-құлығын және нарықта
сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады.
Рыноктық экономикада туындап отырған сұранысты қанағаттандыруды ұсыныс
қамтамасыз етедi. Ұсыныс микродеңгейде жекелеген фирманың рынокқа сатуға
шығарған өнiмдерi немесе қызмет түрлерiмен шектелсе, макродеңгейде ұсыныс
ұлттық экономика салаларының өндiрiстiк көлемiн, олардың шығарған
өнiмдерiнiң әлемдiк рыноктағы таралу мөлшерiмен сипатталады. Сондай-ақ осы
ұсынысты тудыратын өндiрiстiң жалпы жағайын, яғни ұсынылып отырған тауарлар
сапалы әрi соңғы өнiм бе? әлде өңделмеген шикiзат күйiнде ме? Осыны
анықтайды.
Сонымен ұсыныс қоғамдық шаруашылықтың ажырамас бөлiгi болып табалады.
Бұл дегенiмiз ұсыныссыз ешқандай экономика қызмет ете алмайды. Рыноктық
экономикада ұсыныс көлемi рынок механизмдерi арқылы реттелiп отырады,
себеебi ұсыныс көлемiнiң жалпы сұраныс көлемiнен асып кетуi экономикада
артықшылықты тудырып, экономикалық дағдарысқа және бағалардың төмендеуiне,
осының негiзiнде өнеркәсiп орындарының банкротқа ұшырауымен сипатталады.
Сондай-ақ ұсыныстың экономикалық факторлар әсер етуiне байланысты оның
үш түрлi икемдiлiктерi болады: өте икемсiз ұсыныс, икемсiз ұсыныс және
икемдi ұсыныс.
Нарықты жағдайларды зерттегенде ұсыныстың не себептi және қандай
мөлшерде өзгергенiн зерттеу үшiн ұсыныстың икемдiлiк коэффициентi
қолданылады. Бұл абсалюттiк емес, салыстырмалылық коэффииент. Сондықтан,
ұсыныстың икемдiлiк коэффициентi зерттелгелi отырған ұсыныс функциясының
факторы бiр пайызға өзгерсе, онда ұсыныстың қандай мөлшерге өзгеретiнiн
көрсетедi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ұсыныс заңы. Ұсыныстың
икемдiлiгi” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы көрсеткiш арқылы
рыноктық механизмнiң тепе-теңдiгiнiң сақталуын, ұлттық өндiрiстiң жағдайын,
олардың сыртқы факторларға тәуелдiлiгiн, жалпы экономиканың тұрақты дамуын
және сыртқы факторлар өзгерiсiне тәуелсiздiгiн көруге болады. Өйткенi
өндiрiстiң жалпы жағдайы төмен болса, онда олардың ұсынысы бағаның
өзгеруiне сезiмтал болады, яғни сұранысы икемдi болып келедi. Нарықта
сұраныс пен ұсыныс өндірілген өнім көлемі мен олардың бағасын анықтау
мақсаты, сондай-ақ нарықтың өзін-өзі реттеп отыратын нарық тепе-теңдігін
және соған сәйкес тепе-теңдік бағаны қалыптастырады. Өндіруші мен тұтынушы
арасындағы бәсеке және мәмілері бағаға әсер етіп, рыноктық бағаны
қалыптастырады. Міне бұл жағдай тұтынушылар мен өндірушілердің мінез-құлығы
және нрқта сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады.
I ҰСЫНЫС РЫНОК МЕХАНИЗМIНIҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI

РЕТIНДЕ

1.1 Ұсыныс туралы жалпы түсiнiк және сипаттамасы

Рынок қатынастардың бiрiншi элементi және өте маңызды элементi -
өндiрушiлер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлiнiсi процесiнде
қалыптасады – бiреулерi тауарды өндiредi, екiншiлерi оны тұтынады. Бұл
жағдайда өндiрушiлер мен тұтынушылардың бiр-бiрiмен байланысы, әрқайсысының
әрекеттерiнiң нәтижелерiн айырбастау арқылы жүрiп отырады. Рынок
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негiзделедi және
рыноктар қатынастар негiзiнде iске асып отырады.
Рынок экономикасының екiншi элементi – баға. Бағаны жек талдап
танысайық. Бұл жерде тек екi мәселенi ескертемiз. Бiрiшi, баға сұраныс пен
ұсыныс нәтижесiнде қалыптасады, яғни бұл жетiлген немесе еркiн бәсекелестiк
жағдайда орын алады. Екiншi жеке бiр фирманың немесе бiрнеше фирманың,
мемлекеттiң және сыртқы факторлар әсерiнен қалыптасады. Бұл жағдай көбiнесе
рыноктың жетiлмеген бәсекелестiк жағдайына сәйкес келедi.
Рынок экономикасының төртiншi, негiзгi элементтерiнiң бiрi – екi
құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Рынокта сұраныс тауарларға
қажеттiлiк болып көрiнедi. Сұранысты қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы
болып табылады. Рыноктық қатынастарда сұраныс өндiрудiң ең тиiмдi әдiсiн
қолданудың және ресурстарды тиiмдi пайдаланудың стимулы болып табылады.
Ұсыныс болса өз кезегiнде өндiрушiлермен тығыз байланыста және олар
рыноктық экономика дамыған қатынастарда сұранысқа бағытталып қызмет етедi.
Жалпы сұраныс пен ұсыныс материалдық игiлiктердi өндiрушiлер мен
тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететiн, рынок
механизмiнiң өте маңызды элементтерi.
Рынок механизмiнiң бесiншi элементi – бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негiзiнде өндiрiс масштабын кеңейтудi қамтамасыз етедi.
Бәсеке рынок субъектiлерiнiң өзара әрекетiнiң және пропорцияларды реттеу
механизмiнiң формасы болып табылады. Экономиканың белгiлi өкiлi А.Смит
бәсекенi рыноктың “көрiнбейтiн қолы” деген. Оның мәнi адамдар өз
мүдделерiне сәйкес, өздерiнiң қара басының қамын ойластырып әрекет етедi.
Осы әрекеттердiң жалпы жиынтығы қоғамның пайдасына шешiледi, олар осы
бәсекелестiкке бара отыра қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенiң басты
қызметi экономиканың реттеушiлерiнiң – бағаның, пайданың нормасының,
пайыздың және т.б. құралдардың мөлшерiн анықтау болып табылады. Ендi осы
бәсекеелiк жағдайға кеңiнен тоқталайық. 1
Жалпы айтқанда рыноктық экономиканың жоспарлы экономикадан бiрден-бiр
ерекшелiгi, егер жоспарлы экономикада ең бiрiншi экономикалық сұрақ не
өндiремiн, яғни ұсынысқа негiзделген болса, ал рыноктық экономиканың
тиiмдiлiгi рынокта кiм ненi қалайды, яғни сұраныс бiрiншi орында болып
табылады. Сондықтан елiмiздiң рыноктық қатынастатары тиiмдi даму үшiн
өндiрiс сұранысқа икемдi болуы керек. Алайда мұндай тұжырымдар болғанымен
ұсыныс экономикалық дамудың және қоғамның өмiр сүруiнiң негiзi болып
табылады. Бiр сөзбен айтқанда ұсынысты толығымен зерртеу бүгiнгi күннiң
басты сұрақтарының бiрi.
Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемiнiң арасындағы
байланысты кестелiк әдiспен бейнелеуге болады. Ұсыныс көлемi дегенiмiз
ұсыныс кестесiнде әр бағаға сәйкес келетiн тауардың саны. 3
Төмендегi кестедегi мәлiметтер ұсыныс заңын бейнелейдi, ет өнiмдерiн
ұсыну көлемi оның бағасы өскен сайын көбейiп тұр. Яғни, экономикада
кәсiпкерлер немесе өндiрiс орындары өз өнiмдерiне бағаның немесе осыған
сәйкес сұраныс көлемiнiң өсуiне байланысты олар өнiм өндiру көлемiн
көбейтедi.

Кесте 1
Ет өнiмдерiн ұсыну көлемi

1-кг ет өнiмдерiнiң бағасы (теңгемен)Ұсыныс көлемi
(1 айға, тоннамен)
900 8
800 7
700 6
600 5
500 4
400 3
300 2
100 1

Ендi осы көрсеткiштердiң арасындағы байланысты кестедегi берiлге
ндеректер арқылы график түрiнде де көруiмiзге болады. Онда ұсыныс қисығы
белгiлi бiр уақыттағы баға мен ұсыныс көлемiнiң арасындағы байланысты
көрсетiп тұр. Еттiң 1 килограмының бағасы 300 теңге болғанда ұсыныс көлемi
2 тонна болады, ал баға 600 теңгеге дейiн жоғарылағанда ұсыныс көлемi
сәйкесiнше 5 тоннаға дейiн жоғарылайды. Бағаның жоғарлауы ұсыныс көлемiн
көбейтедi.2
Осы кестедегi мәлiметтердi графикке салатын болсақ онда келесiдей
графиктi сала аламыз. Сурет-1.
Баға
Ұсыныс
900
800
700
600
500
400
300
200
100

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Өнiм

Сурет-1 – Ұсыныс қисығы

Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемiнiң арасындағы
тура пропорционалды қатынасты көрсетедi. Ендi осы айтылған байланысты
функция түрiнде бейнелесек, онда келесiдей формула жазуға болады:
QS = f (p),

Мұндағы: QS – ұсыныс көлемi, (тонна, килограм);
Р – тауардың бағасы, теңге. 4
Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы
тауардың көлемi арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине, бағадан басқа
ұсыныс көлемiне әсер ететiн сыртық факторлар бар. Оларға жататындар:
• еңбектiң бағасы немесе жалақы;
• тауарды өндiруге қажеттi материалдар мен шикiзаттардың бағасы;
• қолданылатын технология түрi мен құрылымы;
• осы тауарға ұқсас тауарлардың бағасы мен сапасы;
• рыноктағы осы тауарларды сатушылардың саны немесе бәсекелестiк орта.
Тауар өндiрiсiнiң технологиясы сатушылардың рынокқа шығуына әсер
етедi. Технологиядағы жеткен жетiстiктер тауардың белгiлi бiр санын өндiру
үшiн қажеттi еңбектi және басқа да ресурстарды төмендетедi. Егер өнiмнiң
белгiлi көлемiн өндiрудегi ресурстар мөлшерi азайса, онда шығындар да
төмендеп, бұл тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарлатады.
Мысалы, ет өңдейтiн технологияның жақсаруы ет өнiмдерiiнң әрбiр
килограмының өндiрудегi шығынды төмендетедi. Бiрдей ресурстардың көмегiмен
өндiруге болатын тауардың бағасы өзгеруiнiң ұсынысы талданатын тауар
өндiрiсiнiң балама құнына әсер етедi.
Мысалы, жүгерiге деген бағаның жоғарлауы фермерлердiң рынокта бидай
өнiмдерiн ұсынуын азайтады. Өйткенi олар жер бөлiгiнiң көбiне жүгерi егiп,
аз бөлiгiне бидай егуге бейiмделедi. 4
Ұсыныс қисығы тауарды рынокқа шығаруға итермелейтiн бағадан басқа
факторлар тұрақты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауардың
бағасы өзгеруiне байланысты ұсыныс көлемi де өзгередi және бұл өзгерiс
ұсыныс қисығының бойымен орын алады.

Баға
Ұсыныс

600

0 5 8 Өнiм көлемi

Сурет-2– Ұсыныс көлемiнiң өзгерiсi

Ұсыныстың өзгеруi – ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа
факторлар әсер еткенднгi толық өзгеруi немесе жылжуын атаймыз.
Мысалы, ауыл шаруашылығында малға беретiн женiң бағасының төмендеуi ет
өнiмдерi ұсынысының өсуiне әкеледi. Бұл жағдайда ет өнiмдерiн сату бағасы
өзгермесе, онда ұсыныс қисығы оңға жылжиды. Оны келесi 2-шi суреттен көре
аламыз:
Қисықтың S1-ден S2-ге орын ауыстыруы, яғни ұсыныстың өзгеруi барлық
мүмкiн бағадағы ұсыныс көлемiн өсiредi. Жаңа S2 қисығының бойындағы ұсыныс
көлемi баға 600 теңге болғанда 8 тоннаға дейiн жоғарылап тұр. 9

1.2 Ұсыныс икемдiлiгi және оның түрлері

Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгiлi бiр уақыт
аралығында сатқысы келетiн заттарының көлемi арасындағы байланысты айтамыз.
Ұсыныс заңы төмендегiдей тұжырымға негiзделедi: тауардың бағасы қымбаттаған
сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседi.
Ұсыныс көлемiне әсер етеiн ең басты фактор осы қарастырып отырған
тауардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемi де
өзгередi. Осы кезде ұсыныстың қаншалықты өзгергендегi байланысты табу үшiн
ұсыныстың бағалы қикемдiлiгi деген көрсеткiш қолданылады. Яғни EP (S) –
баға 1 пайызға өзгерген уақытта ұсыныс көлемi неше пайызға өзгеретiнiн
көрсететiн шама.3
Ұсыныс икемдiлiгiн қарастырғанда уақытты үш кезеңге бөлемiз:
1. дәл қазiргi осы кезең;
2. қысқа мерзiмдi кезең;
3. ұзақ мерзiмдi кезең.
Егер рынокта EP (S) = 0, онда ұсыныс өте икемсiз болып табылады. Оны
келесi 3-шi суреттен көре аламыз:

Ұсыныс

Р2

∆Р

Р1

Өнiм Q

Сурет-3 - Өте икемсiз ұсыныс

Егер рынок жағдайында ∆Р∆Q және 1 EP (S) 0 болған кезде икемсiз
болып табылады. Оны келесi 4-шi суреттен көре аламыз:

Баға
Ұсыныс

Р2

∆Р

Р1

0 Q1 Q2

∆Q
Сурет-4– Икемсiз сипаттағы ұсыныс

Егер рыноктық жағдайда келесiдей сипат алса: ∆Q ∆Р немесе EP (S) 1
болса, онда рынокта ұсыныс икемдi болып табылады. Бұл жағдайды келесi
суреттен көре аламыз:
Баға

Ұсыныс

Р2
∆Р Р1

0 Q1 Q2

∆Q
Сурет-5– Икемдi ұсыныс
Суретен көрiп отырғанымыздай икемдi ұсыныс кезiнде бағаның шамалы
өзгерiсiнде ұсыныстың көп мөлшерде өзгеруiн көре аламыз. 7
Ұсыныс икемдiлiгi төмендегiдей формулалармен анықталады.
1) егер ұсыныс функциясы берiлген болса,
EP(S) = dQS dP * P QS

Мұндағы dQS dP – ұсыныс функциясының Р арқылы алынған алғашқы туындысы:

Р – қарастырып отырған тауардың бағасы;
Q – осы тауарды ұсыну көлемi;
2) нүктелiк икемдiлiк:
EP(S) = ∆QS ∆P * P Q;
3) доғалық икемдiлiк;
EP(S) = Q2 – Q1 P2 – P1 * P1 + P2 Q1 + Q2
Осы айтылып өткен ұсыынс икемдiлiктерi фирманың өнiм көлемiн ұсыну,
тиiмдi бағаны белгiлеу және сұранысқа жауап беру негiзiнде жиi қолданылады.
7

II РЫНОК МЕХАНИЗМІНІҢ ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУЫНДАҒЫ ҰСЫНЫСТЫҢ РӨЛІ
2.1 Рынок механизмiнiң тепе-теңдiгiн қалыптастырудағы ұсыныстың орны және
әрекеті

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Рыноктық экономиканың
ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi
сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Сұранысты екi түрде сипатталады:
1) сұраныс көлемi;
2) сұраныс бағасы.
Сұраныс көлемi мен сұраныс бағасы сұранысты бейнелеп өзара қарама қарсы
ықпалдылықта болады. Сұраныс заңы бойынша баға ұлғайған сайын сұраныс
көлемi азаяды. Бiрақ, Роберт Гиффен бұл сұраныс заңына қайшы келетiн
жағдайды айқындаған. Оның айтуынша сұраныс өссе бағада өседi немесе
керiсiнше. Бұл теория Гиффен парадоксы деп аталады. Осы парадоксты Гиффен
XIX ғасырдың ортасында Ирландияда ашаршылық болған кезде картоптың бағасы
өсiп, оның оның сұранысы да өскенiң байқаған. Сонымен қатар сол кезде басқа
тауарлардың да бағасы өскен.
Кей кезде әсiпкерлер осы тәрiздi парадокстарды көбейтуге тырысады, демек
бағамен бiрге сұраныс та өсуi керек. Мұндай құбылыстың себебi Веблен ашқан
әсерге байланысты немесе баға сапа деңгейңн бейнелегенiне байланысты. Ол
бойынша осы айтылған сұраныс заңының бұзылуы тек қана белгiлi уақыт
аралығында орын алады. Уақыт өтiсi мен сұраныс заңы қайтадан күшiне енедi.

Рынокта ұсыныстың да екi сипаты бар. Олар:
1) Ұсыныс көлемi;
2) Ұсыныс бағасы.
Ұсыныс заңы бойынша баға өскен сайын ұсыныс көлемi де артады.
Әрбiр экономиалық тепе-теңдiк сол модельдi түсiндiре алатын
айнымалылар белгiлi бiр теңдестiк жағдайына келген уақытта болады. Егер,
бiз осы нарық механизмiнiң басты элементi сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығын
бiр графикке салатын болсақ, онда ол екеуiнiң қиылысу нүктесi нарықтық
тепе-теңдiк деп аталады. Оны келесi 6-шы суреттен көре аламыз. 3
Суреттен көрiп отырғанымыздай, қисықтарының қиылысу нүктесiндегi баға
Р0 – нарықтық теңдестiк бағаны, ал Q0 – қиылысу көлемi – сұраныс пен ұсыныс
бiр-бiрiне тең болатын теңдестiк көлемiн көрсетедi.
Бұл тепе-теңдiк жағдайда тұтынушы қанша қаласа соны тұтына алады, ал
өндiрушi де қанша өндiрсе соны сата алады. Осы өндiрушi мен тұтынушының
көлемдерi дәлме-дәл келуi тепе-теңдiк нарықтық бағаны көрсетедi. Кейде бұл
бағаны таза нарық бағасы деп те атайды, өйткенi ол нарыққа қатысушылардың
барлығын қанағаттандырады.

Баға Ұсыныс

P0 Рынок тепе-теңдiгi

Сұраныс

0 Q0 Көлем

Сурет-6 – Рыноктың тепе-теңдiгi

Бiрақ, шын өмiрде ылғи мұндай тепе-теңдiк бола бермейдi, кей кезде
бұл нүктеге жақындауы да мүмкiн. Ендi нарықтық бағалардың тепе-теңдiк
бағадан ауытқуын қарастырайық.
Мысалы, баға деңгейi нарықтық бағадан жоғары деп алайық. Онда келесi
суретегiдей жағдай орын алады.

Баға
Ұсыныс
Артықшылық
Р2

P0

Сұраныс

0 Сұраныс Q0 Ұсыныс Көлем
көлемi
көлемi
Сурет-7 – Нарықта артықшылық жағдай

Ал ендi керiсiнше нарықтық тепе-теңдiк бағадан ағымдағы баға деңгейi
төмен түстi деп есептесек, онда Р0 тепе-теңдiк баға Р1 бағаға төменеп,
ұсыныс көлемi азаяды, ал бағаның төмендеуiне байланысты тұтынушылар
бұрынғысынан өздерiнiң сұранысын көбейтедi.
Мұндай жағдайда нарықтық тепе-теңдiкте жетiспеушiлiк немесе дефицит
пайда болады. Осылайша, өндiрушiлер сұраныстың өсуiне және жетiспеушiлiкке
байланысты тепе-теңдiк баға деңгейiне оралады.
7-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, тепе-теңдiк бағадан ағымдағы
бағаның жоғары белгiленуi, ұсыныс заңы бойынша өндiрiс көлемiн ұлғайтады,
ал бағаның жоғарылауы сұраныс заңына сәйкес тұтынушыларды азайтады. Яғни,
нарықта артық тауарлар қалып қалады. Сондықтан, артық тауарлар өз
шығындарын жабу үшiн тепе-теңдiк баға деңгейiне қайтадан оралады. 4
Ендi ұсыныстың өзгеруiн қарастырайық. Мысалымызға келсек егерде келесi
жылы жазда сол қалада жер сiлкiнiсi болып, бiрнеше балмұздақ шығаратын
фирма өндiрiсiн тоқтатты дейiк. Онда нарықта өндiрушiлер саны азаяды, ал
сұраныс өзгерген жоқ. Онда 5-шi суреттегiдей ұсыныс қисығы S1-ден S2 –ге
кемидi. Нарықта сұраныс сол қалпында, ал ұсыныс кемуiнен баға тағы да 50
теңгеден 75 теңгеге өседi, ал тепе-теңдiк көлем 7 балмұздақтан 4
балмұздаққа кемидi.

Баға Ұсыныс

P0

Р1 Жетiспеушiлiк
Сұраныс

0 Ұсыныс Q0 Сұраныс Көлем
көлемi
көлемi
Сурет-8 – Роноктағы тепе-теңдiктiң жетiспеушiлiгi

Ендi сұраныс пен ұсыныс қисығының бiр мезгiлде өзгеруi, олардың
әрбiреуiнiң өзгеру өлшемiне байланысты 9-шы (а) суретте сұраныс көбiрек
өсуiнiң және ұсыныс азырақ кемидi, ал (ә) суретте ұсыныс көп мөлшерде
өзгерiп, ал сұраныс мардымсыз өзгерсе , онда тепе-теңдiк көлемi сол
мөлшерге кемидi. Яғни, рынокта ұсыныс пен сұраныстың бiр мезгiлде жылжуы
көбiнесе экономикалық дамуға және қоғамның дамуына байланысты ылғи да оңға
жоғары жылжу сипатын алады. 9

2.2 Өндiрiс ұсынысты қалыптастырудың негiзi

Рынок механизмiнде негiзiнен сұраныс тұтынушылар мiнез-құлығына
тәуелдi болса, ал ұсыныс өндiрiске тiкелей байланысты болады. Яғни, өндiрiс
болып, онда ештеңе өндiрiлiп рынокқа шығарылмаса онда ұсыныс да болмас едi.
Бiзге белгiлi өндiрiсте өнiм өнiм өндiру үшiн белгiлi бiр өндiрiс
факторлары қажеттiгi туындайды. Ал осы өндiрiс факторларын тиiмдi қолданып,
экономиканың қатысты проблемасы шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану
қажеттiгiн шешу экономистер алдындағы негiзгi мiндет болып табылады.
Өндiрiлетiн тауарлардың саны өндiрiстегi технологиялық әдiстердiң
ерекшелiктерiне байланысты.
Өндiрiстегi технологиялық әдiс деп өндiрiстiк факторлардың, яғни
шикiзаттар мен ресурстарды, белгiлi бiр өңдеу процестерi арқылы дайын
өнiмге айналдыруды айтамыз. Өндiрiстiк процесте қолданылатын факторларды
негiзгi төрт түрге бөледi:
1. шикiзаттар мен материалдар;
2. басқа өнеркәсiптiң өндiрген өнiмдерi;
3. еңбек күшi;
4. капитал.
Өндiрiстегi игiлiк дегенде тек қана материалдық игiлiктiң өндiрiсi
емес, оны бөлу, айырбастау және тұтыну үрдiсiн бiрге қарастыруымыз керек.
Өндiрiс теориясы ең алдымен өндiрiсте қолданылатын факторлардың және
өндiрiстiк өнiмнiң ара қатынасын анықтайды. Сұраныс теориясына қарағанда
ұсыныс (өндiрiс) теориясы белгiлi бiрлiктердiң объективтi табиғатын және
олардың өзгерiсiн анықтайды. 2
Нақты өмiрде өндiрiстiк процестi зерттеу үшiн көптеген өндiрiс
факторларын пайдаланады. Өндiрiстiк процесте n өндiрiстiк факторлары
қатысады деп қарастырсақ, бұл төмендегiдей шығын векторы түрiнде көрсетiлуi
мүмкiн:
X = ( x1, x2 , ... , xn )
Мұнда, xi -i – факторларының саны. Бұл факторлар n – түрлi дайын
өнiмдер өндiру үшiн қолданылады, ол келесi вектор түрiнде болады:
Y = ( y1, y2,..., yn )
Мұнда, yj - j - өнiмнiң саны. Енгiзiлген белгiлеулр арқылы өндiрiстiк
процестi былай жазуға болады.
V = ( X, Y )
Егер барлық өндiрiс факторлары тек қана бiр өнiм түрiн өндiру үшiн
қолданылса, онда осы өндiрiстiк процестi шартты түрдi келесi өндiрiстiк
функция түрiнде көрсетуге болады:
y = f ( x1, x2 , ... , xn )
Өндiрiстi ұйымдастыру кезiнде, әдетте, өндiрiстiк процесс тиiмдi
болуын қалайды, сондықтан өндiрiс функциясы, өндiрiстiк шығындар құрылымы
тұрақты деп ұйғарғандағы шығаратын өнiм көлемiнiң ең жоғары деңгейiн
көрсетедi деп айтады. Өндiрiс функциясы белгiлi технология үшiн жасалады.
Бұларды түсiндiру үшiн, өндiрiс шығындары тек қана L – еңбек және K –
капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндiрiстiк функцияны
келесi жағдайда қарастыруға болады:
Q = F ( K, L )
Мұндағы, Q - өндiрiлетiн өнiмнiң ең жоғары көлемi.
F – функциялық тәуелдiлiгi қолданылатын технология.
Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн
өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк
функцияны кесте түрiнде беруге болады ( Кесте-2 )
Кестеден көретiнiмiз еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15)
болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады. Изокванта
деп шығарылатын өнiм көлемiнiң бiр деңгейiн қамтамасыз ететiн , өндiрiс
факторларының әр түрлi үйлесiмдiлiктерi орналасқан қисығын айтамыз.
Q=22,30,36 өндiрiс көлемiнiң изоквантасын 10-шы суреттен көруге болады. 1

Кесте 2 - Еңбек және капитал шығынының өндiрiстiк функция кестесi

Капитал Еңбек шығыны, L
шығыны, K
10 20 30 40 50
5 8 16 22 26 30
10 16 24 30 34 36
15 22 30 36 40 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рынок механизмiнiң негiзгi элементi ретiндегi сұраныс
Тепе-теңдiк туралы түсiнiк. Теңдіктің орнау механизмі
Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк
Нарық тепе-теңдiгiне әсер ететін факторлар
РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАРЛЫҚ ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ БАСПАЛДАҒЫ
Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы
Нарық тепе-теңдiк
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Пәндер