Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының

тарихи аспектiлерi

1. 1. Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының

ұғымы, міндеттері мен маңызы . . . 5

1. 2. Азаматтық iс жүргiзудегi сот шешімінің сот

бұйрығынан айырмашылығы . . . 10

ІІ. Сот бұйрығының заңды күші.

2. 1. Бiрiншi сатыдағы сот бұйрығының заңды күшi . . . . . 18

2. 2. Сот бұйрығының мәні, жіктелуі . . . 22

Қорытынды . . . 26

Қолданылған әдебиеттер . . . 28

КІРІСПЕ

Адам құқықтарын қорғау - мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған». Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» - деген тұжырыммен айқындалар еді.

Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне үңіліп, оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі ой тамызықтау ниетіндеміз.

Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті әлемде баға жетпейді.

Осындай ролге ие және мемлекеттік қоғамдық құрылымда сот органдарының орнын толық және объективті бекіту үшін біздің елімізде азаматтық істерді жүргізу сатыларының ерекше маңызы бар.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алып, құқықтық мемлекет болуға бет алып жатқан заманда азаматтық іс жүргізу заңдарындағы азаматтық іс жүргізу сатыларының маңыздылығы өте көп болып табылады. Бұның маңыздылығы Қазақстан Республикасының Конституциясында басты қазынасы болып табылатын азамат және оның құқығы мен заңды мүдделері және бостандықтарының соттар алдында қорғалуының негізділігі болып табылады.

Әрбір азамат өз құқығы мен заңды мүддесін, бостандықтарын қорғауға құқылы. Соған азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру біріншіден, конституциямен екіншіден, азаматтық іс жүргізу заңдарымен қорғалуға жатады. Соның ішінде азматтық іс жүргізуде талап өндiрiсiнiң маңызы өте зор.

Азаматтық іс бойынша талап өндiрiсi азаматтың даулы құқықтарын өз шешіміне жетуді негіздей отырып, ол даудың сот сатыларында уақытында дұрыс шешілуін, даудың мәні бойынша қаралып, заңды шешімін табуға негіз болады.

Азаматтық іс жүргізу сатыларының дұрыс және заңды түрде қарай білу құқықтық мемлекет болғалы отырған қазақ Елінің жас заңгерлерінің негізгі міндеті мен халық алдындағы борышы екені сөзсіз.

Азаматтық іс жүргізудегi талап өндiрiсiнiң, азаматтық іс жүргізу сатыларының негізгі міндеттері болып азаматтардың даулы құқықтарын шешу, уақытында және дұрыс айқындау, азаматтық істерді мәні бойынша қарау, сот актілеріне шағым, наразылық білдіру арқылы апелляциялық сатыда және қадағалау сатысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша қорғалуына негіз береді.

Азаматтық іс жүргізудегi талап өндiрiсiнiң және сатыларының басты маңызы сот актілерінің әділдігі мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу барысындағы мақсаты болып табылады.

Азаматтық iс жүргiзу құқықтық қатынастары - бұл Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларымен реттелетiн және осы iс жүргiзудi жүзеге асыратын судья мен тараптар арасындағы қоғамдық қатынастар.

Бұндай қатынастардың өзiне тән ерекшелiктерi де бар, бұл:

Бiрiншiден - құқықтық қатынастың субъектiлерi.

Екiншiден - құқықтық қатынастың объектiсi.

Үшiншiден- құқықтық қатынастың мазмұны.

Төртiншiден- құқықтық азаматтық iс жүргiзудегi толтырылатын немесе шығарылатын iс құжаттары.

Құжат- бұл дегенiмiз ресми мазмұны бар, белгiлi бiр қатынас үшiн толтырылатын қағаз.

Iс құжаттары - бұл белгiлi бiр iс бойынша немесе ерекше маңызы бар қоғамдық қатынас кезiнде толтырылатын құжат түрi, яғни құжаттың ерекше арнайы түрi. Азаматтық iс жүргiзу кезiнде толтырылатын құжаттар болып төмендегiлер танылады:

- Талап арыз, арыз ;

- Ұйғарым;

- Сот бұйрығы;

- Шешiм, қосымша шешiм, сырттай шешiм;

- Сот отырысының хаттамасы; .

Осылар болып табылады. Бұл әрбiр құжаттың мән-мағынасы әр түрлi болып табылады. Әрбiр құжаттың белгiлi бiр бойынша алатын орны және олардың түрлерiнiң әр түрлi болуы әбден мүмкiн.

І. Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының тарихи аспектiлерi.

1. 1. Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының

ұғымы, міндеттері мен маңызы

Ата заңымыз Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында сот тәулігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

Әділсоттылықтың табиғаты және сот әділдігін жүзеге асырудағы мемлкет қызметін ерекшелігін сипаттайтын белгілер сот қаулыларының әсіресе оның ішінде сот шешімінің маңыздылығын анықтайды. Сот шешімінің маңыздылығы туралы айтқанда сот шешімі мәні кең, үстемдігі жоғары акті екендігін ескерген жөн. Белгілі бір тұлға мүддесіне қатысты шығарылған сот шешімі тұтастай қоғам мен мемлекет үшін маңызы зор.

Жалпы түсінік бойынша, азаматтық әділсоттылық түсінігі мазмұнын құқық туралы дауды қараудағы соттың іс-әрекеті деп түсінуге болады. Бірақ та тек құқық туралы даулар ғана әділсоттылықты атқару саласындағы сот іс-әрекетінің пәні болып табылмайды. Бұл жерде құқық туралы дау мазмұнының ерекшеліктеріне тоқталып өткен жөн. Құқық туралы дау - бұл азаматтық, неке және отбасы, еңбек және өзге де құқықтық қатынастардан туындайды. Осындай дауларды шешуші сот алдымен нақты құқықтық қатынастық бар жоғын және бұл құқықтық қатынас элементтерінің мазмұны қандай екендігін анықтау керек.

Құқықтық бұзылуы немесе құқыққа нұқсан келтіру нәтежесі азаматтық құқық туралы дауды тудырады. Сондықтан да соттың азаматтық дауды қарауды, бұзылған немесе нұқсан келтірілген талапкер құқығын қарауға бағытталады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және қоғам мүдделерін қорғау үшін қызмет етеді. Сондықтан да еліміздегі сот орындары сот төрелігін жүзеге асыран кезде азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларын басшылыққа алады.

Сот тек ұсынылған дәлелдемелер мен түсініктемелер мен шектелген қоймай, істің мән-жайын тараптардың құқықтары мен міндеттерін толық, жан-жақты және объективті анықтау үшін заңмен рұқсат етілген барлық шараларды қолдануға тиіс. 1

Жоғарыда айтып өткендей азаматтық, отбасылық, еңбек қатынастарынан туындайтын дауларды шешу мен қатар азаматтық іс-жүргізуде соттар әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істер мен ерекше өндіріс істерін де қарайды. Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою тәртібі мен жүргізілетін істерге мыналар жатады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулларына дау айту туралы істер; Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша: Мемлекеттік өкілет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айтуы туралы істер; Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер; Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуіне байланысты істер.

Азаматтық іс жүргізу құқығында Талап өндірісі, Ерекше талап өндірісі және Ерекше өндірістермен қатар Бұйрық арқылы іс жүргізу, яғни бұйрық өндірісі де ерекше орын алады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 13-тарау 139-бабы бойынша сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.

Сот бұйрығының атқарушылық күші болады, сондықтан ол атқару үшін белгіленген тәртіптермен жүзеге асырылады.

Сот бұйрығын сүдья шығару үшін мынандай талаптар міндетті түрде болу керек.

1. егер талап нотариатта куәландырылған мәмілелерге негізделсе,

2. егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса,

3. егер талап төленбеген векселге, акцептің болмауына, және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе,

4. егер әкеліктің белгілеуіне немесе үшінші тұлғалардың тартылуына қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талапқа мәлімделген болса,

5. егер азаматтардан және заңды тұл, алардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,

6. егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге төлемдердіөндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,

7. егер жауапкерді немесе борышкерді іздестірген шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары мен қаржы полициясы мәлімдеген болса шығарылады.

Сот бұйрығының тарихы өте әрiден басталады, ол революцияға дейiн ресей үдерiсiнде, бұрынғы КСРО-да, сол сияқты ежелгi Рим, Англия, Батыс Германия, Австрия, Швеция, Венгрия мен Чехославакиядағы шетелдiк сот iсiн жүргiзу жүйелерiнде ертеден белгiлi.

Рим құқығында сот бұйрығы преторлық қорғау үлгiсiнде болған, претор (судья) арызданушының өз мүддесiне нұқсан келгенi жөнiндегi өтiнiшi бойынша қандай да болсын iс-әрекеттi дереу тоқтату туралы өкiм еткен. Мұндай өкiм интердиктер деп аталып, үзiлдi-кесiлдi және шүбәсiз санатқа ие болған. Претор ақиқат презумпциясына шартты түрде сүйене отырып, деректердi тексерместен осындай шешiмге баратын.

Батыс Германияда да сот бұйрығы болды. Император соты тәжiрибесiнде шартты және шартсыз бұйрықтар қолданылды. Соңғысында борышкердiң iстiң мәнiсiмен келiспейтiнi туралы мәлiмдеуiне мүмкiндiк жасалып, бұйрық беру немесе сотқа тыйым салу жүзеге асырылатын. Мұнымен бiрге соттың қатар жарылғымен қатар бұйрықта айып салынуы себептi қарсылығы жоқ болса, қығырлығы үшiн айып салу мүмкiндiгi көрсетiлетiн. Осыған орай қарыз алушы сот бұйрығын сөзсiз орындауға мiндеттi болды және бұйрыққа қарсы қорғау құқығы шектелдi. Мұндай бұйрықтарды соттар құжат бойынша берешек мiндеттемесiн атқарумен байланысты беретiн, борышкер болса, несие иесiнiң сот және сотсыз талап ету құқығына қарсылық көрсетпейтiн.

Азаматтық iс жүргiзудiң құқықтық жүйесiнде қолданылатын сот бұйрығы жөнiнде алуан пiкiр айтылуда. Батыс Германияда, Австрияда, басқа да батысевропалық мемлекеттерде пайдаланылып келген шарты бұйрық жауапкердi сотқа шақырмай-ақ арызбен талап етудi, сондай-ақ оның несиелерге қатысты мiндеттемесiн орындау қажеттiлiгiн есiне салатын қағаз секiлдi. Бұлардың айырмашылығы сол, түрлi мақсаттарға жетуге бағытталған және әр түрлi құқықтық салдарға апарып соқтырады.

Револяциядан бұрынғы Ресейдегi сот бұйрығы тәжiрибесiне қарағанда олар талассыз iстердi шешуде аса қолайлы және арзан жол ретiнде қолданылған және егер жауапкер өз мiндеттемесiн еркiн түрде орындамаған жағдайда несиегердiң қолына талап етер соманы немесе iстi орындату жөнiндегi құжаттарды беретiн[4] .

Кеңестiк заңнама көбiнесе революцияға дейiнгi құқықтық иедяға табан тiреп, азаматтық сот жүргiзудегi сот бұйрығын жоққа шығармады. 1923 жылғы Азаматтық iс жүргiзу кодексi (210-219 баптар) бойынша судья сот бұйрығын беруден бас тартуға және сұраушыға әкелген құжаттарын қайтарып беруге құқылы болды, тараптардың сотқа қатысуы көзделмедi, жауапкер сот бұйрығы болғаны жөнiнде сот орындаушысының хабар-қағазынан ғана бiлдi. Ол iстi қарауға шақырылмайды, өз келiспеушiлiгiн бiлдiру мүмкiншiлiгiнен айрылды, тiптi сот бұйрығын беру туралы шешiмнен де бейхабар болды. Онда сот бұйрығын коссациялау тәртiбiне шағым келтiруге тиiстi.

Сот бұйрығы институты негiзiнен нарықтық экономика жағдайында ғана болғандықтан ол ХХ ғасырдық 30-50 жылдарындағы кеңестiк кезеңiндегi азаматтық реттеудiң барлық саласында қолданылмай келдi. Осыған орай 1964 жылғы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде де оған лайықты орын берiлмедi, отандық (кеңестiк) заңнамада ұзақ жылдар бойы негiзсiз ұмытылды. Алайда, бiрнеше ондаған жылдардан кейiн, яғни 1995 жылғы 27 қазанда РСФСР-дiң азаматтық iс жүргiзу кодексiнде «сот бұйрығы» деген жаңа 11-тарау енгiзiлдi.

Сонымен қатар бұрынғы бiрқатар социалистiк елдердiң заңнамаларында азаматтық iстер бойынша сот бұйрығын шығару көзделедi, бұл тәжiрибе ерекше назар аударуға тұрарлық өзiндiк құқықтық жаңалық болды.

Мәселен, Венгрия сот бұйрығы «iстi адал ниетпен жүргiзу ұстынын жақсы жүзеге асыру, тараптардың сотқа көмектесу сезiмiн ойдағыдай ояту және азаматтық iс жүргiзу тиiмдiлiгiн көтеру үшiн» 1972 жылы енгiзiлдi.

Венгер ғалымы Я. Неметтiң пiкiрi бойынша «сот бұйрығының тиiмдiлiгi оны жиi қолдану арқылы емес, жауапкердiң белсендiлiгi мен тәртiбiн жақсартумен сипатталады». Сот бұйрығының профилақтикалық әсерi анағұрлым елеулi болып табылады.

Венгрияның азаматтық iс жүргiзуiне сот бұйрығы енгiзiлгенге дейiн борышкер соттың бiрiншi мәжiлiсiне қатыспайтын, мұның өзi iстi оралымды шешуге көлеңкесiн түсiретiн. Жауап берушiнiң келмеуiне және көзқарасына қарамастан азаматтық iстi бiрiншi мәжiлiстiң өзiнде шешу жөнiнде сотқа құқық берiлгеннен кейiн жауапкердiң сот талқылауына қатыспауының аяғы неге апарып соғатынына сергек қарап, шақыруға құлақ қоюына мәжбүр еттi.

Кейiнректе Венгриядағы сот бұйрығы жауапкердiң сотқа қатыспағаны үшiн келiсiмi (санкция) ретiнде саналатын болды. Мiне, венгр ғалымдары осыны дәйектi түрде қолдауда, сондықтан да ол бұл елдiң азаматтық iс жүргiзу заңнамасында қолданылуда.

Сот қаулысының осыған ұқсас түрi бұрынғы ЧССР-дiң азаматтық iс жүргiзуiнде болып, ол «төлем бұйрығы» деген атпен азаматтық iс жүргiзудiң белгiлi санаты бойынша қолданылды. Сот жауапкер сөзiн тыңдамай-ақ мүдделi жақтың талап етуi бойынша төлем бұйрығын шығарды. Сот төлем бұйрғын шығару үшiн талапкердiң несиенi төлеу жөнiнде алдын ала жауапкерден талап етуi қажет болды, ал оның көшiрмесi талап арызына тiркелдi.

Чехославакияда төлем бұйрығынан басқа вексельдiк (чектiк) сот бұйрығы болғаны белгiлi, сот оны арызданушы сотқа вексельдiң түпнұсқасын әкелгенде шығаратын. Мұндай бұйрықтарға үш күн iшiнде қарсылық мәлiмдемесi вексель бұйрығын бұзуды емес тек iс қарауды тағайындау үшiн әрекетiн тоқтата тұруды мегзеген. Бұдан кейiн сот тарапынан вексель бұйрығын күшiнде қалдыру немесе бұзу жөнiнде шешiм қабылданатын.

Азаматтық сот iсiн жүргiзуде сот бұйрығының тарихи сипатын есепке ала отырып және сот билiгiн реформалау мақсатымен 1999 жылғы 13 шiлдеде елiмiздiң заң шығарушылары Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне толықтырулар енгiзудi, соның бiрi 13-тарау «Бұйрық арқылы iс жүргiзу» болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң жаңа нормларына сәйкес сот бұйрығы өндiрiп алушының ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе жылжымайтын мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп алушыны олардың түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актiсi болып табылады (ҚР АIЖК 139-бап) .

Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 146-бабында көзделген талаптар бойынша судья сотқа түскен арыз бойынша сот бұйрығын шығару үшiн арыздың мазмұнымен жеке-дара танысады, егер талап қою арқылы жүгiнген жағдайда, дауға салынатын сомадан аударымдарды негiзге ала отырып 50 пайыз ставка мөлшерiнде мемлекеттiк баж төленедi.

Сот бұйрығын беру туралы арыз талапқа сай болуы қажет, яғни өндiрiп алушы сотқа борышкердiң мiндеттемесiн нақты растайтын мiндеттемесiнiң түпнұсқасын және басқа да құжаттар тапсыруы тиiс. Мәмiленiң жазбаша мәтiнi сотқа түсiнiктi болғаны жөн, оның шарттары заңмен бекiтiлген талаптарды куәландыратындай болуы керек.

Судья сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн iшiнде борышкердi, өндiрiп алушыны олардың түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ мына жағдайларда: егер талап нотариатта куәландырылған мәмiлеге негiзделсе; егер талап жазхбаша мәмiлеге негiзделсе және оны жауапкер таныса; егер талап төленбеген вексельге, акцептiң болмауына және нотариус жасаған акцептiң күнi белгiленуiне бiлдiрiлген наразылыққа негiзделсе; егер әкелiктiң белгiленуiне немесе үшiншi тұлғаларды тарту қажеттiлiгiне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшiн алименттердi өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса; егер қызметкерге есептелген, бiрақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдердi өндiрiп алу туралы талаптарды iшкi iстер органдары немесе салық полициясы мәлiмдеген болса; егер елу айлық мөлшердегi сомаға тұтынушылардың құқықтарын қорғауға талап мәлiмдеген болса, егер лизинг туралы заңнама кесiмiне сәйкес талап мәлiмдеген болса, сот бұйрығын шығарады.

Iс жүргiзу әрекетiне тиiсiнше хаттама жасалмайды. Сот бұйрығына соттың кәдуiлгi шешiмi сияқты талап қойылады, бұлар: заңдылық пен дәлелдiк.

Сот бұйрық шығарғаннан кейiн судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшiрмесiн дереу борышкерге жiбердi.

Егер борышкерден белгiленген мерзiмде сотқа қарсылық келiп түспесе, судья өндiрiп алушыға оны орындауға көрсету үшiн соттың мөрiмен куәландырылған сот бұйрығын бередi.

Сотқа жүгiнгенде жоғарыдағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, судья өтiнiш берушiнiң арызын қабылдамайды, не талапқа сәйкес келмегендiктен өзiне қайтарады.

Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелдi сот бұйрығы шығарады, онда егер iс азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай сотқа жүгiнуi жөн екендiгiн көрсетедi. Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда өндiрiп алушы енгiзген мемлекеттiк баж қайтарылады.

Жоғарыда аталған тармақтар бойынша талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгiнуiне кедергi келтiрмейдi.

1. 2. Азаматтық iс жүргiзудегi сот шешімінің сот бұйрығынан айырмашылығы.

Шын мәнiнде, барлық азаматтық iстер бiр-бiрiне ұқсамайтын түрлiше болып кездеседi. Сондықтан да кейбiр iстердi тез шешуге тура келедi. Талап қою бойынша iс жүргiзудiң жалпы тәртiбi азаматтық дау-дамай iстерiне арналған, бұларды тиiстi дәрежеде қарау және шешуде бiрқатар заңды қалыптасқан тәртiпте жүзеге асыруға тура келедi. Дау-шарасыз iстердi шешуде талап қою бойынша iс жүргiзуде сайысушылық ереженi сақтау азаматтық құқықты қорғаудағы сот нысаны тартымдылығын айтарлықтай кемiтедi. Осыған орай Азаматтық iс жүргiзу кодексiне жаңа тарау - сот бұйрығын енгiзу мiндетi алға қойылды.

Сот бұйрығының сот шешiмiнен айырмашылығы бар, сот шешiмiн сот кез келген азаматтық iске шығара алады, онда талапкердiң немесе жауапкердiң талап қою арызы бойынша соттың билiктiк пiкiрi баяндалуы мүмкiн. Бұйрық арқылы iс жүргiзуде сот талап қоюдың белгiлi бiр билiгiн ғана шешедi, заңда көрсетiлмеген талаптар бойынша сот бұйрығы берiлмейдi.

Шешiм - iстiң мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы сот қаулысы. Шешiм шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға бередi, iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын, тараптардың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды. Сот бұйрығының мазмұында ешқандай дәлелдемелер болмайды. Бұдан біз сот шешімінің маңызын айқындайтын екі элементті көреміз:

  1. Бұйрық элементі
  2. Бекіту элементі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тiлiнде iс жүргiзiлгенде азаматтық iс жүргiзу құжаттарының толтырылуында және жүргiзiлуiнде сот бұйрығында қандай проблемалар бар екенiн зерттеу және қазақ тiлiнде бұл құжаттардың заң терминологиясы бойынша дұрыс аталуы және реттiк кезекпен дұрыс жүргiзiлуi
Талапкердің жауапкерге талабы
Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы
Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, маңызы және негіздері
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі
Азаматтық сот өндірісіндегі сот актілері
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz