Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

І Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы . . . 6-20

1. 1 Елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикада ұстанымдануы . . . 6

1. 2 Ағымдағы ахуалды талдау . . . 15

II Стратегияның мақсаты мен басымдықтары . . . 21-23

2. 1 Стратегияны iске асырудың негiзгi бағыттары . . . 21

2. 2 Баянды болашақтың бастау-бұлағы. 2030 стратегиялық жоспар . . . 21

III Тiрек қалаларды дамыту . . . 24-37

3. 1 Таратып орналастыру жүйесi мен аумақтардың құрылымы . . . 24

3. 2 Аумақтардың ресурстық әлеуетiн ұтымды пайдалану . . . 33

Қорытынды . . . 38

Кіріспе

Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.

Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге тиiс. Жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.
Өңiрлер мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.

Осы Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi болып қызмет атқаратын болады.
Бұдан басқа, бұл құжат республикалық, өңiраралық және облыстық маңызы бар өндiрiстiк, энергетикалық, инженерлiк, көлiк-коммуникациялық және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды үйлестiре дамытуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялардың (ұлттық компаниялардың қаражатын қоса алғанда) негiзгi басымдықтарын айқындауға мүмкiндiк бередi.
Стратегияда белгiленген iс-қимыл өздерiнiң ағымдағы жоспарлары мен ұзақ мерзiмдi даму стратегияларын әзiрлеу мен iске асыру кезiнде кәсiпкерлiк сектор, оның iшiнде сыртқы инвесторлар үшiн бағдар болуға тиiс.

І Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы

1. 1 Елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикада ұстанымдануы

«Бүгінгі күні әлемдік заманауи есептерге сәйкес, Қазақстан Республикасын дамытуға барлық қажетті параметрлер қалыптасты. Сондықтан да, қазіргі таңда Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай Сіздермен бірге құрған жаңа Қазақстан өзінің баға жетпес жетістіктерімен, экономикалық тенденцияларымен, демократиялық жетістіктерімен алға шыққан уақытта, сондай-ақ, елімізде нақты түрде көппартиялық жүйе қалыптасқандықтан, қазақстандықтардың дауысы үшін еліміздегі барлық партиялар бәсекеге түсіп жатқанда, партиялық саясат біздің қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналғанда, Мен Конституцияға толық сәйкестікпен, Біздің партиямыздың төрағасы болуға құқылымын», деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық тәжірибеден көрініс тапқан бұл шара ендігі жерде Қазақстанда да қолданылатын болады.

«Еліміздің саяси өмірінде үлкен өзгерістер болып жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Бірнеше жылдар бойы дайындық жұмыстарын жүргізіп, арнайы комиссияларда, ел ішінде кең талқылаулар өткізіп, саяси партиялармен және қоғамдық ұйымдармен, сарапшылармен кеңесіп жан-жақты ойлана отырып Ата заңымызға өзгерістер енгізгеніміз баршаңызға мәлім. Конституциямызға осы өзгерістер халықтың басқару үрдісіне белсене араласуына, Парламенттің құзіретінің күшеюіне, саяси партиялардың өзара сайысқа түсуіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жетілдірілуіне жағдай жасайтын болады. Еліміз үшін бұл қарыштап алға басқа үлкен қадам. Ата заңымызға енгізілген осы өзгерістерге сәйкес, алдағы тамыз айында Тәуелсіз еліміз өз тарихында тұңғыш рет партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлайтын болады. Бұл ауқымды шара Қазақстан демократиясының жаңа да, жарқы бетін ашатындығы даусыз. Алдымыздағы осынау маңызды сайлау алдында өздеріңізбен арнайы бас қосып, осы съезге жиналып отырмыз. Бүгінгі алқалы жиынға «Нұр Отан» Халықтық -демократиялық партиясының сайлау алды тұғырнамасын, партиялық тізімін және басқа да өзекті мәселелерді бірлесіп талқыламақпыз. Көп жылдардан бері ел ішіндегі экономикалық, әлеуметтік саясатты қолдап, ел бірлігіне ұйытқы болып отырған «Нұр Отан» патиясы бұл жолы да халықтың қолдауына ие болатынына мен нық сенімдімін», -деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы және Конституция кепілі ретінде сайлаудың еркін, әділ өтуіне және Парламентке еліміздің қолдауына сүйенген барлық партиялардың өтуіне қажетті жағдайдың барлығын жасаймын.

«Нұр Отан» партиясы әрқашанда нақты істердің, жалпымемлекеттік көлемдегі бастамалардың партиясы бола білді. Сонымен қатар, «Нұр Отан» бүгінгі күні кең ауқымда әлеуметтік базаға иек артатын бұқаралық, жалпыхалықтық партия болып табылады. «Партияның сайлау алды стратегиясы ағымдағы Парламенттік сайлаудың тек тұрақтылық пен қоғамның бұдан арғы дамуына жұмыс істейтіндей болып қалыптасуы тиіс. Осыған байланысты Мен еліміздің барлық саяси партияларын саяси мәдениеттілік көрсетуге, кемелділік танытуға және кейбір партия басшыларының жеке басының шамшылдығына емес, халқымыздың түбегейлі мүддесін басшылыққа алуға шақырамын. Ең соңында айтарым, республикамыздағы барлық партиялар елімізді жаңа ғасырдағы жаңа белестерге көтеру үшін бірлесуі қажет. Барлық қазақстандықтардың қалауы осы», деді Н. Назарбаев.

Билік бізге тек билік үшін емес, еліміздегі өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет. «Егер «Нұр Отан» партиясы сайлау бойынша еліміздің жоғарғы заң шығарушы органындағы парламенттік көпшілікке ие болатын болса, онда партия жаңа Үкіметті жасақтайды және олардың жұмыстары өз сайлаушылары алдындағы жауапкершілікті арттырады. Сондықтан да біз сайлау алды тұғырнамамызда менің халыққа Жолдауымда айқындағын әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуымызға сүйенуіміз қажет. Бұл біздің саясатымыздың сабақтастығын көрсетеді», деді Елбасы. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның стратегиялық мақсаттары тек елдің бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейін құруда ғана жүзеге асады. Экономиканы әртараптандыру мен инновацияны дамыту, жаңа технологиялар мен базалық инфрақұрылымдар партияның экономикалық басымдықтары болуы тиіс.
«Парламенттік көпшілікке ие болған партияның тағы бір маңызды міндеті - мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға атсалысу болып табылады. Біз атқарушы органды жаңаша жұмыс істеуге міндеттеуіміз қажет. Ал, осы бағыттағы әкімшілік реформалар бәріміз үшін маңызды. Бұнда негізгі басымдық мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға, атқарушы органның жұмысының тиімділігін, ашықтығын, тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады», деді Мемлекет басшысы.

«Нұр Отан» партиясы сайлауға қатыса отырып, сайлаушылар үшін сенімді әлеуметтік бағдарламалар ұсынады. «Нұр Отан» партиясы алдағы сайлауда жеңіске жете отырып, бұның нәтижесінде бүкіл еліміз және әрбір қазақстандықтың жеңіске жететінін дәлелдеуіміз қажет. Азаматтар «Нұр Отан» партиясының Қазақстандағы әлеуметтік жақсару бағытындағы ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруда екенін білуі қажет. Бұның өзі негізінен біздің партиямыздың да стратегиясы болып табылатын «Қазақстан - 2030» стратегиясын жүзеге асыру деген сөз. Сайлауға қатыса отырып, біз білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйге қолжетімділік, экология, таза ауыз сумен қамтамасыз ету салалары бойынша сайлаушыларымыз үшін сенімді әлеуметтік бағдарламалар ұсынуымыз керек», деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Президент партиялық бағыттың өзгермейтінін жария ете отырып, бұл салада экономикалық гүлденген мемлекетті құру шаралары жалғасатынын, әрбір азамат үшін мығым әлеуметтік кепілдік жүзеге асатынын, сол үшін атқарылуы тиіс мәселелерді атап өтті.

Жалпы жоспарлар бойынша ішкі жалпы өнімді жан басына шаққанда 13 мың долларға жеткізу болжанады. Сонымен қатар, осының негізінде халықтың орташа айлық табысын екі есеге арттыру туралы айтқан Елбасы, зейнетақының орташа көрсеткішін екі жарым есеге және мемлекеттік базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы деңгейіне жеткізу қажеттігін атап өтті. «Мұғалімдер мен дәрігерлердің және басқа да бюджеттік сала қызметкерлерінің қызметтік жалақысын екі еседен астам өсіру керек. Бала күтімі үшін берілетін жәрдемақыны 2 жарым есеге дейін өсіру қажет. 200-ден астам балалар бақшасы мен 250-ге жуық мектеп, 50 кәсіби-техникалық оқу ғимараттарын салу қажет», деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұдан басқа жаңадан 150-ге тарта көпсалалы ауруханалар, ауылды жерлерде 300-ге жуық типтік емдеу-амбулаториялары салынады. Сонымен қатар, алдағы бес жылда 50 млн. шаршы метр тұрғын үйі пайдалануға берілмек, бұның өзі еліміздегі 2, 5 млн. азаматты тұрғын үймен қамтамасыз етуге қол жеткізеді. «Жыл сайын 100 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы қажет. Мүгедектерді сауықтырудың аймақтық орталықтары құрылып, оның ішінде мүгедек балалар үшін халықаралық стандарттарға сай орталықтар ашылуы керек. Республика ауылдарын таза ауыз сумен, сапалы жолдармен, байланыс жүйесімен, медициналық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету түбегейлі шешілетін болады», деді Елбасы.
2007 жылы жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша біз Шығыс Еуропа мемлекеттерінің деңгейіне жақындадық. Жиын барысында Тәуелсіз Қазақстанның жүріп өткен жолдарына тоқталған Елбасы, 15 жыл ішінде Қазақстанның экономика өсімінің өте жоғарғы көрсеткіштерін бағындырғанын атап өтті. «Осы жылдар ішінде еліміз Қытай, Ресей және Үндістан секілді мемлекеттермен иық теңестіре отырып, экономиканың аса жоғарғы қарқынды өсімін паш етті. 2007 жылы ішкі жалпы өнім халықтың жан басына шаққанда 2004 жылмен салыстырғанда 2 еседен асып, 7 мың долларға жетеді. Және бұл 90-ыншы жылдардың ортасындағы көрсеткіштерге қарағанда 10 еседен артық болады. Бұл көрсеткіш бойынша біз Шығыс Еуропа мемлекеттерінің деңгейіне жақындадық», деді Президент.
Қазақстан қазіргі заманғы технологияны дамытушы, перспективалы қайта өңдеуші өнеркәсібі бар елге айналды «»Нұр Отан» партиясы 2015 жылға дейінгі елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруда Мемлекет басшысы мен Үкіметке жан-жақты жәрдемдесуге уәде берді. Тек соңғы үш жылдың ішінде 615 кәсіпорын қолданысқа енгізілді. Үкімет алғаш рет отандық бизнестің белсенді қатысуымен 30 корпоративтік көшбасшы - экономиканы әртараптандыру бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл бағдарлама кеше ғана елдің барлық өңірлерінде бастау алды. Жүзден астам жобаны іске асыру туралы жарияладық», деді Елбасы.
Сонымен қатар, елдің банктік-қаржылық саласының серпінді дамуына тоқталған Н. Назарбаев, «бұл саланың табыстылығы сонша, ол ТМД елдері үшін үлгі болуға лайық» деп атап өтті.
«Қол жеткен экономикалық базаға сүйене отырып, 2004 жылы «Нұр Отан» партиясы өзінің сайлауалды күн тәртібінде 2009 жылға дейін қоғамды одан әрі демократияландыру жөнінде бірқатар басымдықтарды айқындады. Қазіргі таңда еліміз 2009 жылды күтпей-ақ, демократияға қарай шешуші қадамдарды жасады. Таяуда қабылданған Конституциялық түзетулер біздің саяси жүйеміздің дамуына, оның сапалы жақсаруына қуатты серпін берді», деді Н. Назарбаев.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығы

Елдiң орнықты дамуы және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) бiр ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) жыл сайын 30 қаңтарға Мемлекет басшысын Стратегияның орындалу барысы туралы хабардар етсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы

Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауларынан:

"Қазақстан бүгiн Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легiнiң түйiскен тұсында тұр. Бiздiң мiндет - осынау бiрегей геосаяси жағдайымызды өз елiмiз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесi үшiн ұтымды пайдалану. "

Мiндеттер. Елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикада ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдау және iске асыру негiзiнде елдiң және оның аумақтарының орнықты дамуын қамтамасыз ету.
Әлемдiк экономиканың жаһандануы әрi әлемдiк нарықтардағы өткiр бәсекелiк күрес және iшкi нарықтың аз сыйымдылығының бар екенiн ескергенде, Қазақстан мен оның аумақтарының одан әрi даму перспективалары елдiң әлемдiк нарықтарға шикiзат ресурстарын iрi экспорттаушы және транзиттiк аумақ ретiнде ғана емес, ең алдымен, Орталық Азия өңiрiнде орта және жоғары технологиялы тауарларды жеткiзуге әрi сервистiк (сауда-логистикалық, көлiктiк-ақпараттық, қаржылық, бiлiм беру және басқалары) қызмет көрсетулердiң ауқымды аясын ұсынуға бағдарланған орнықты экономикалық жүйе ретiнде ұстанымдану мүмкiндiгiмен айқындалады.
Өз артықшылықтары мен пайда болып отырған мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, Қазақстан өңiрдiң 1 экономикалық көшбасшысына айналуға ұмтылып қана қоймай, оның дамыған индустриялық және сервистiк-технологиялық орталығына айналуға тиiс. Қазақстан өңiрге инвестицияларды, алдыңғы қатарлы технологиялар мен адами ресурстарды тарту орталығына, өңiрiшiлiк экономикалық байланыстың кiрiктiрушiсiне айналуға тиiс.
Осы негiзде ел өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануы қалыптастырылуға және елдi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың тиiмдi моделi құрылуға, кәсiпкерлiк жандандырылуға тиiс.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, елдiң бәсекелiк артықшылықтарын қалыптастыру және дамыту ел мен оның жекелеген аумақтарының:
әлемдiк нарықта:
минералдық шикiзаттың, астық өнiмдерi мен олардың өңделген өнiмдерiнiң iрi өндiрушiсi әрi жеткiзушiсi;
Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрi ретiнде.
өңiрлiк нарықта:
өңiрлiк нарыққа өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң iрi жеткiзушiсi;
өңiрдiң қазiргi заманғы сервис орталығы;
өңiр инновацияларының орталығы ретiнде табысты ұстанымдануына бағытталатын болады.

Қазақстанның әлемдiк нарықта ұстанымдану бағыттары

Қазақстан - минералдық-шикiзаттың, астық өнімдерi мен олардың өңделген өнімдерiнiң iрi өндiрушiсi әрi жеткiзушiсi ретiнде
Өнiмнiң көмiрсутек шикiзаты, уран, металлургия өнiмдерi және бидай сияқты түрлерi бойынша Қазақстанның әлемдiк нарықта жақсы ұстанымы бар. Перспективада өнiмдердiң бұл түрлерi Қазақстан әлемдiк нарықта бәсекелесе алатын негiзгi тауарлар болып қала бередi.
Осы салалардың өнiмдерiн, ең алдымен, минералды шикiзатты экспорттаудан түсетiн кiрiс экономиканың басқа салаларын дамыту және ел мен оның өңiрлерiнiң әлемдiк экономикалық жүйеге кiрiгу факторына айналуға тиiс.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндеттерi өндiрiстiң алдыңғы қатарлы технологияларын енгiзу және жаңа әлемдiк нарықтарға шығу есебiнен сыртқы нарықтардағы қазiргi ұстанымдарды күшейту және сапалы минералды шикiзатты, металлургия мен бидай өнiмдерiн iрi әлемдiк жеткiзушiлердiң қатарына кiру болады.

Қазақстан - Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрi ретiнде
Елдiң екi континенттiң (Еуропа мен Азияның) қиылысында қолайлы географиялық орналасуы және оның көлiк-коммуникация дәлiздерiнiң халықаралық дәлiздердiң құрамына қосылғандығы жүк транзитiнен ғана емес, перспективада еуразиялық кеңiстiкте қалыптастырылатын сауда-экономикалық кiрiгулер процесiне қатысуынан да түсетiн пайданы пайдалану мүмкiндiгiн алдын ала айқындап бередi.
Басты мiндет Батыс пен Шығыс (Еуропа мен Азия) арасындағы кеңiстiкте ресурстардың құйылу процестерiн технологияландыру (логистикалық тораптар, дистрибуцияның осы заманғы арналары) болып табылады.

Қазақстанның өңiрлiк нарықта ұстанымдану бағыттары

Бұл бағыттағы iс-қимыл экономикалық белсендiлiктiң өсуiн, елдiң, ең алдымен, шикiзат ресурстарын пайдаланумен байланысы жоқ өңiрлерiнiң жаңа бәсекеге қабiлеттi мамандықтарын қалыптастыруды және құлдырау сатысында тұрған индустриялық аудандарды конверсиялауды қамтамасыз eтуге тиiс.

Қазақстан - өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн жеткiзушi ретiнде
Өзiнiң минералдық-шикiзат және аграрлық әлеуетiн, шетелдiк инвестициялар мен технологияларды басып оза тартудағы артықшылықтарын пайдалана отырып, Қазақстанның орта және жоғары технологиялы өнеркәсiптiк, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңiр елдерiне iрi жеткiзушiлердiң бiрiне айналу мүмкiндiгi бар.
Жоғары бәсекелестiкке байланысты аталған өнiмдер түрлерiмен әлемдiк нарыққа шығу проблема болып табылады, сондықтан қаралып отырған кезеңде назарды өңiрлiк нарыққа шоғырландыру мақсатқа сай келедi.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндеттер мыналар болады:
өңiрлiк нарықта бәсекеге қабiлеттiлiк әлеуетi бар салаларды, оның iшiнде кластерлiк ұстанымды (тамақ өнеркәсiбi мен құрылыс материалдары өндiрiсi, металлургия мен машина жасау және басқалары) пайдалана отырып дамыту;
технологиялық трансферт аймақтарын, жетекшi шетелдiк компаниялардың процессинг орталықтарын құру және дамыту, мысалы, "LG", "Philip Morris", "Knauf" компанияларының Қазақстанда қазiрдiң өзiнде жұмыс iстеп жатқан филиалдары сияқты "жаһандық брэндтердi" тарту;
экспортталатын өнiм номенклатурасын ұлғайту, қазақстандық брэндтердi алға жылжыта отырып, сыртқы нарықтарда маркетингiлiк қызметтi жандандыру.

Қазақстан - қазiргi заманғы сервис орталығы ретiнде
Бүгiнгi әлемде қызмет көрсетулердiң дамығандығы сондай, ол экономика жай-күйiнiң индикаторы болып отыр. Құрлықтың ортасына орналасқан Қазақстан үшiн қазiргi заманғы қызмет көрсетулер саласын дамыту өңiрде сәттi ұстанымдану мүмкiндiктерiнiң бiрi болып табылады. Қолда бар әлеуеттi пайдалана отырып, Қазақстан өңiрдiң халықаралық стандарттарға жауап беретiн қызмет көрсетулердiң кең ауқымын ұсыну бойынша дамыған сервис орталығына айналуға тиiс.
Өңiрдiң сервис орталығы ретiнде Қазақстан өзiн мыналар ретiнде көрсететiн болады:
өңiрлiк дистрибуция орталығы, бұл елде Орталық Азия нарығына бағдарланған және әлемдiк тауар өндiрушiлерге өз өнiмдерiн өңiрде өткiзу үшiн қолайлы жағдай жасайтын iрi сауда-логистика тораптарын құруды көздейдi;
транзиттiк-логистикалық орталық, бұл елде Еуропа мен Азия арасында жүк және жолаушылар транзитi үшiн қолайлы әрi пайдалы жағдайлар жасауды, бүкiл Орталық Азия өңiрiнiң тұтынушыларына қызмет көрсетуге бағдарланған көлiктiк-логистикалық тораптар құруды бiлдiредi;
өңiрлiк қаржы орталығы - таяу жатқан елдерге қызмет көрсететiн халықаралық сыныптағы қаржылық қызмет көрсетулер орталығын құру;
ақпараттық-коммуникациялық орталық - түрлi ақпараттық және мультимедиялық қызмет көрсетулер, оның iшiнде спутниктерден алынатын спутниктiк байланыс және ақпарат арналарын ұсыну;
туристiк орталық - туризмдi дамыту және елдi Жiбек жолындағы тарихы мен мәдениетi бай дамыған әрi тартымды туристiк орталыққа айналдыру;
бiлiм беру орталығы - оқу ақысының қолайлы деңгейi кезiнде өңiр елдерiнiң жастарына батыстық стандарттарға сәйкес сапалы бiлiм беру;
медициналық орталық - өңiр елдерiнiң азаматтарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, медицина кадрларын даярлауды және қайта даярлауды жүргiзу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н.Ә.Назарбаев және оның стратегиялары
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Ұлттық мұрат
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мемлекеттің негізгі мақсаттары
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
«Қазақстан-2050» стратегиясы» жаңа Қазақстандық патриотизмнің мәні туралы
Экономикалық даму туралы ақпарат
Тұңғыш президент образын қалыптастырудағы PR рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz