Темперамент пен мінез-құлық


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Темперамент туралы түсінік
  2. Мінез туралы түсінік
  3. Темперамент мен мінез арақатынасы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Әр адам дүниенің сансыз тітіргендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез - құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым - қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын осындай қатыныстардың жиынтығы оның мінезін құрайды.

Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез - құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген іске, адамдардың қарым - қатынасынан көрініп тұрады.

Күнбе күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез - құлық амалына (жеке адамның ерік сапарлары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық - еріктік қасиеттері жатады.

Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызық-тырған мәселелердщ бірі. Оған деген қызьнушылыктың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның кайталан-бастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологаялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметпк ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамньщ биологиялық сипатынан көрінеді Адамдар арасындағы көптеген психика-лық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, түрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бэрі осы темпера-мент табиғатымен түсіндіріледі.

Темперамент - адамның психикалык. әрекеті-нің накты динамикасын айкындайтын психиканың дара касиет-теріяің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске туспей, езара байланыста темперамент кейпін өрнектейді

Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды.

Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс әрекетге оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орны-мен пайдаланудың жолдарын табуға бағытгалғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналык бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бүл бірігімдік (типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағ-дайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның бола-шақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.

2. Темперамент туралы теориялар

Темпераментгер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ (б. э. д V ғ. ) . Оның тұжырымы бойьшша, адамдар төрт "дене шырындарының" -қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыраты-лады. Осы психологаялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б. э. д II ғ. ) алгашқы рет гемперамент түрлеріне ғылымдьгқ сипат берді. 'Гален темпера-мент түрін денеде жоғарыда аталган шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын, белгіледі: сангвиник sangius - қан), флегматик phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole - запыран) . Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген галымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардьщ дене қүрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшелік-герімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераментгің көп түрлі типологиясы қальштасты. Бұлардьщ ішіяде назар салар-лықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дара-ланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген - консти-уциялық типология (Э. Кретмер) . Бұл теориянын мәні әр адам өз дене құрылымына орай өзіндгк психикалық ерекше-лікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т. б. ) сыртгай өлшемдеріне байланысты төрт конститупионалды психикалық тип белгіленген:

1. Лептосоматик - бойшаң, нәзік денелі, кекірек түсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

Жеке адамға немесе адамдар тобына тән өзіндік қарым - қатынастар, мінез құдық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетіне, тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады.

Іс - әрекетінің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінезінің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса (отбасынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартымшақ мінез қалыптасады.

Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез - құлқы болады, ол қауіп қатерден бой тасаламайды, керек жерде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамдарға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуінде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өзінің мәнінде болмайды. “Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз” деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана онда жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай-ақ түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінже батыл, жігерлі болғанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақта қасиеттердің мәні зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.

Мінез адамның психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік бояу, рең береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастаруға ерік - жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, салбыр келеді.

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, қоғамдық ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар және т. б. ) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ашбір бала туысынан “еңбек сүйгіш” не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процсінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым - қатынасы белменді қарым - қатынас. “ . . . Сөз жүзінде емес, мінез - құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады” (әл-Фараби) . Сондықтан да оның қоршаған ортасын ғана өзгертпей, өзі де шама - шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс - әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шектеуші роль атқарып отырады.

Мінез туыстан пайда болмаса да, жүйке жүйесінің, адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез көріністерінде, оның жекелеген бітімінің қалыптасуында байқалып отырады. Жүйке процесінің тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі не әлсіздігі - бұлардың бәрі адамның іс әрекетіне, мінез - құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді. Мәселен, екі адамның наным - сенімі бірдей болғанымен, оның бірі - қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі - байсалды, парасатты болу ықтимал.

Жүйке жүйксінің типінен басқа мінезге организмнің басқа де ерекшеліктері: жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрин жүйелері де әсер етеді. Осы айтылған жүйелер қызметінің бұзылуы адам мінезінің күрт өзгеруіне соғатыны байқалған.

Әр адамның мінезінен тұрақты және өзгермелі қасиеттердің бірлігін іздестіруіміз қажет. Мінездің негізі, оның бас желісі біртіндеп қалыптасады, өмір барысында ол нығайады да сол адамның типтік ерекшелігіне айналады, ол мінездің нақты көріністері белгілі жағдайларда қарым - қатынас ықпалымен өзгеріске түсетін болады. Оңашада, адам өзімен - өзі болған шақта азды - көпті-ақ жарқынданады немесе тұйықтана түседі, батылдық не батылсыздық, табандылық не солқылдақтық байқатады.

Сөйтіп, мінезді тұтастай алып қарағанда, ол әлеуметтік ортадан алынған әсерлердің өзіндік интеграциясы болып табылады. Табиғи -иғылыми тұрғыдан алсақ, жүйке жүйесі типтері бітімі мен ми қыртысында орныққан белгілі, уақытша жүйке байланыстарының қорытпасы іспеттес нәрсе.

Мінез - өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым - қатынасы ретінде қалыптасады. Сондықтан мінез туа рпайда болады деу дұрыс емес. Сыртқы орта мен организмнің заңдарын білетін адам тұрмыс жағдайын, мінез - құлқын өзгерте алады.

Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт - бес жастағы балалардың мазмұнды, рольді ойындарынан мінез бітістерін көретін жолдастық, ұйымшылдық, ұнамдылық сияқты сапаларын байқауға болады. Оларда мәдени мінез - құлықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық жиі кездеседі. Жас балалар мінез бітістерінің көпшілігі ересек адамдардың ісіне, мінез - құлқына, өнегесіне еліктеу арқылы қалыптасып отырады. Сондықтан тәрбиешілердің жеке басының өнегісі, беделі балаға дұрыс із қалдаратындай, үлгілі болып келулері тиіс.

Мектеп - бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез - құлқының қалыптасуында шешуші роль атқараты. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет - олардың жан - жақты болып өсуін, мінез - құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын көздеу. Адамдардың мінез бітістерінің түрлері қаншама көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері де сан алуан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент туралы түсінік
Жағдайдан кету, оның маңыздылығын төмендету стратегиясы
Темперамент туралы түсінік Темперамент туралы теориялар
Әрекет темпераменттері
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының темпераментін анықтау жолдары
Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу туралы
Темперамент сипаттамасы
Темперамент туралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz