Саяси билік туралы ақпарат


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ. 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 4

  1. Биліктің анықтамасы. Саяси биліктің негізгі белгілері……… . . . 4
  2. Саяси биліктің механизмі, көздері мен ресурстары. 10
  3. Биліктердің бөлінуі - саясаттың теориясы мен принциптері (негізі) ретінде . . . 15
  4. Саяси биліктің легитимділігі (заңдылығы) және оның түрлері. 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

Қолданылған әдебиеттер . . . 28

Кіріспе

Саяси билік ғылыми әдебиетте әлі де жете қаралмай, зерттелмей келе жатқан саясаттанудың негізгі бір проблемасы болып табылады. Ол саясаттың мәнін ашу және қоғамның саяси жүйесінің мазмұны мен мақсаттарын түсінуге жол ашады.

Билік - дегеніміз бір орталықтан ұйымдастырылған реттеушілік-бақылау басатамасы. Сондықтан билік үшін, оны игеру мен ұстап тұру үшін күрес - саясаттың басты мазмұны мен міндеті.

«Билік» ұғымы топтасқан адамдардың, қоғамдық ұйымдар мен бөлімдердің, яғни субъектілердің арасындағы қатынастардан туады. сондықтан да билік - қоғамдық қатынастың ерекше бір түрі. Билік шешімдерді міндеттеу мен өмірге енгізу арқылы, яғни өздерін дұрыс ұстайтын және талапқа сай жүретін адамдарға жасалатын ықпал екенін айту жөн. Билік ең әуелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін қажет, ал мұны билік субъектісі мен объектісінсіз түсіндіруге болмайды. Билік субъектісі (бұл тұтас бір халық, мемлекеттік ұйым, билікке ие жеке тұлға да болуы мүмкін) деп басқаларға ықпал ету және алдына қойған мақсатқа жету қабілетіне иелерді айтады.

Ал билік объектісі (тұтас алғандағы қоғам, яғни халық және жеке алғандағы әр азамат болуы мүмкін) деп өзінің мінезін билік мазмұнына, яғни билік субъектісінің оған қоятын талапына сәйкестеушілерді айтады. Осыған байланысты адамдарды биліктің субъектісі мен объектісіне, бастықтар мен бағынушыларға бөлу көп ретте ықтималды және өзгермелі екенін баса айту керек, яғни бір жерде адам бастық ретінде, ал екінші бір жердебағынышты ретінде көрінгенімен, кей уақытта олар өзара орын алмастыруы да мүмкін.

Саяси билік жөнінде айтсақ, оның өкілдерінің өзара ықпалы құралдар мен сол құрал көздерінің тұтас кешенімен жанама түрде іске асып, билікті жүргізудің барысын тұрақтандырып және реттеп отырудың арнайы қондырымдық тетігін шеңберінде жүзеге асады. Билік табиғатын айқындау оңай емес саясаттағы табиғатының ашылуы қиын, ең құпия құбылыс болып табылады. өзінің сондай құпиялығы мен белгісіздігіне қарамастан билік өзіне ешкімді де немқұрайлы қалдыра алмайды: яғни адамдар кейде билікке мақтанса, кейде лағынет айтады, оны бірде көкке көтерсе, бірде аяққа таптайды, я болмаса, оны «жын отына», т. б. ұқсатады. Сондықтан да, барлық саяси мәселелердің шешілуі билікті қалай түсінуге байланысты. Оны дұрыс түсіну үшін ең әуелі биліктің ғылыми анықтамасын беру қажет.

1. Биліктің анықтамасы. Саяси биліктің негізгі белгілері

«Билік» ұғымы күнделікті өмірде, сол сияқты ғылыми әдебиеттерде де әр түрлі мағынада және сөз арасында ұшыраса береді. Мысалы, философтар қоғамның объективті заңдылықтарының үстемдігі жөнінде, психологтар адамның ақыл-ойының биіктігі жөнінде, экономистер шаруашылық билігі, заңгерлер мемлекеттік, сот билігі жөнінде, мафиозниктер билік, ақша билігі жөнінде айтады, т. б. Осыған байланысты «билік» ұғымын жоғарыдағыдай әр түрлі мағынада қарастыру жағдайында оған ғылыми анықтама беруге бола ма деген сұрақ туады.

Ғалымдардың арасында «билік» ұғымдары жөнінде көптеген түсініктемелер бар. Кейбір ғалымдар билік дегеніміз өмірсүруші жүйе элементтерінің бірінің өзінің мүдделерін осы жүйе шеңберінде іске асырудағы нақты қабілеті және осы мағынада билік жүйе ішінде болып жататын процестерге ықпалдың іске асуы болып табылады днп санайды. Басқа ғалымдар билік - деп, кейбір мақсатты бағытталған ықпалдың нәтижелерін, өнімдерін санайды. Үшінші біреулері билік - деп, адамдар мен топ адмдар арасындағы мәні ықпалды әсерде болатын, яғни тепе-теңдікке жетуге ұмтылыс жолындағы өзара қатынастар деп түсінеді.

Билікті кейде оның қаруы - мемлекетпен, қоғамның саяси ұйымымен ұқсастырады. Кейде билік пен беделді шатастыратындар да бар, алайда беделдің билікпен біраз ортақ ұқсастықтары болғанымен одан түбірімен өзгеше. Билік жөнінде ең көп таралған түсініктердің бірі оны басқару құралы деп қарау. Бірақ та билік пен басқаруды ұқсастыруға негіз жоқ. Әрине, басқарусыз билікті жүзеге асыру мүмкін емес. Алайда биліксіз басқару да мүмкін емес.

Биліктің өзі басқару түрінде болатындығын, ал басқару билік түрінде болатындығын айту керек. Алайда басқару дегеніміз - биліктің жүргізілуі емес. Басқару ұғымы билікке қарағанда кеңірек. Билік дегеніміз - басқару элементі, басқару күшінің көзі. Басқару процесі билік жүргізушінің мақсатына жетуі үшін өзінің биліктік еркін іске асыру процесі болып табылады деп ойлау орынды.

Сонымен, басқару дегеніміз биліктің мақсаты бағытталған әсерін, мүмкіндік жағдайынан айналдырылған құрал болып табылады.

Билікті күштеумен, көз жеткізумен, сендірумен де шатастыруға негіз жоқ. Мысалы, үкімет коалициясында (бірлесуіне) кірмейтін белгілі бір саяси ұйым (партия) үкіметті көнуге мәжбүр ете алады, алайда бұдан ол ұйым билік жүргізуші бола алмайды.

Биліктің мәнін тек қана күштеуге, зорлауға әкеліп тіреу бұл - біржақты қарау және қате болып табылады. Күштеуге жүгіну билік пен биліктің қатынастардың сипаты мен мазмұнын түсінуді бұрмалайды. Одан әрі айтсақ, билікті күштеу ретінде түсіну ол біле тұра теріс жайттардың - шектеу, бігеудің дегенің біреуге таңу, құлық-жымысқы жолмен әрекет елу, бақылау мен қаталды, т. б. сияқтылардың қолданылуына меңзейді.

Мұндай түсіну тұрғысынан билік - жанды қозғалыстың, жасампаздықтың, барлық нәрсенің жауы деп пікір қалыптастыруы мүмкін. Ал мұның өзі орнығып қалған тәртіпті бұзады. Билікті бұлай түсіну тауар-ақша қатынастарынан безу әрекеті сияқты қате бағыт деп ойлау керек. «Билік» ұғымы дегеніміз біреулердің басқаларға әмір етуге, бұйрық етуге, басқаруға деген құқығы мен мүмкіндігі, біреулердің басқалар жөнінде дегенін іске асыру және олардың тәртібі мен қызметіне белгілі бір ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі. Бұл жерде бағыну мәселесін жай ықпалдан айыра білу қажет. Мысалы, егер сіз өзіңіз көрген және сізге ұнамаған спектакльге досыңыздың бармауына кеңес берсеңіз, осыдан кейін ол сіздің айтқаныңызға көніп спектакльге бармаса, онда бұл досыңызға сіздің ықпалыңыздың болғаны. Міне, бұл қатынастарда бұйрық пен бағынушылықтың да, биліктің де ешқандай белгісі жоқ.

Басқа бір мысал алайық. Кейбір жол белгілері жолдың қауіпті екенін, абай болу қажетін ескертетін нұсқаулар сипатында болады. Ал тиым салу белгілері олардың орындау жөніндегі нұсқауларды жазалау жолдарымен орындатуды талап етеді. Міне, белгі қойған осындай қызмет орны бөлек құқыққа ие. Бұл мысалда егер бірінші жағдайда ықпал жүргізушілердің тәртібіне көнуге хабарлама ретінде әсер етсе, ал екіншіжағдай олпрдың тәртібін белгіленген ережеге сәйкестендіруге бағытталған. Ал одан әрі бұйрықтың орындалуы үшін оның негізі болуы тиіс. Демек, билік қатынастарына алғышарты басқа біреудің еркін иеленуі болып табылады. Осыған байланысты айтар жәйт - санасы мен еркі бар субъектілер (жеке адамдар, олардың ұжымдары, әлеуметтік қауымдастықтары) арасындағы жағдайларға байланысты құрылатын қатынастардың ерікті сипаты биліктің сипаты белгісі екендігі. Бірақ та адамдардың кез келген қатынасы әлеуметтік биліктің белгісі болып табылмайды. Билік негізінде біреулерлің біреуге жай ғана тәуелділігі жатқан жоқ, керісінше, белгілі бір қауымдастықтар мен адамдар топтарының, ұжымдардың өмір сүруі жатыр. Ерікті түрде мәжбүр етудің элементі ұжымның, қоғамның бірге өмір сүруінің, қызметінің қажеттілігінде жатыр. Осыған байланысты мынаны атап айту керек, біріншіден - билік азаматтардың заңды құқықтары мен конституциялық бостандықтарын барлық уақытта және барлық істе қамтамасыз етуге тиіс, екіншіден, құқықты қоғамдық қатынастардың түйіні ретінде бекітіп, биліктің өзі де құқықтық ережелерге бағына білуі тиіс, үшіншіден, билік шаруашылық-жасампаздық міндеттерді орындауға міндетті.

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, биліктің мынандай анықтамасын беруге болады: билік дегеніміз - жалпы мағынада бұл - ерік, бедел, құқық, күштеу сияқты қандайда құралдардың көмегімен адамдардың қызметі мен тәртібіне белгілі бір әсер етудегі қабілет пен мүмкіндік.

Биліктің бірте-бірте саяси мағынаға ие болатындығын және мемлекеттің, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстардың, т. б. қызметінен көрінетіндігін баса айту керек. Сондықтан билікті саяси үстемдік және мемлекеттік органдардың жүйесі ретінде қарауға болады. Саяси үстемдік дегеніміз - қоғамдағы әмір ету мен бағыныштылық қатынастарды құру, қоғамдағы басқарушылық еңбек бөлінісі фактісін ұйымдық және заңдық түрде қалыптастыру болып табылады. Саяси үстемдік қашан билік жүйеленіп, тұрақты қатынастарға айналаса, қашан ұйымда шешімдерді қабылдауға, бұйрық беруге, рұхсат ету мен тыйым салуға мүмкіндік беретін позицияларға ие болып, оларды орнатса, сол уақытта пайда болады. Саяси билік бәрінен бұрын қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігінен туындайды да өзінің қызмет етуі процесінде осы тәртіпке сүйенеді. Қалай дегенде де тәртіп дегеніміз - ол қоғамдық жасампаздықтың негізі, оның жалпы мәнді нәтижелерін бекітудің, саяси билікті нығайтудың өте маңызды шарты болып табылады.

Саяси билік болмаса қоғамдық байланыстарды өзара сәйкестендіру, әр түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, жіктер мен индивиттердің, партиялар мен қоғамдардың ұйымдардың арасында өзара келісімді ымырашылыққа жету және қоғам мен мемлекеттік өкіметтің тұтастығын, тұрақтылығын қолдау мүмкін емес деп ойлаған жөн.

Менің ойымша, бұл жерде саяси және мемлекеттік биліктің аражігін ажыратудың зор маңызы бар. Саяси билік ұғымы мемлекеттік билік ұғымынан кеңірек.

Алайда саяси биліктің беделін мойындау, оған ерікті түрде бағынуға келісім беру халықтың басым бөлігінің құндылықтарына, дәстүрлеріне, артықшылықтары мен талпыныстарына сүйенген жағдайда ғана мүмкін болады.

Саяси қызмет тек мемлекет шеңберінде ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-саяси жүйенің басқа да партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар, т. б. сияқты құрамды бөлімдері де іскеасырылатындығы белгілі. Поляктың белгілі саясаттанушысы Еж Вятр былай деп жазған: «Кез келген мемлекеттік билік . . . саяси билік болып табылады. Алайда саяси биліктің бәрі бірдей мемлекеттік билік бола алмайды. . Саяси билік бұл - үлкен әлеуметтік топтар арасындағықатынастар жағы да, ал мемлекеттік билік бұл - арнаулы және бөлек аппарат арқылы іске асырылатын билік».

Саяси билік қоғамның әлеуметтік тұтастығын сақтау, үстемдік етуші әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін іске асыру, әлеуметтік құрылымның жұмыс жасауын қамтамасыз ету, қоғамда тепе-теңдікті, өндіріс пен өнімді бөлу шамаластығын сақтау сияқты міндеттердің бірқатарын жүзеге асыру қабілетіне ие болуының арқасында өмір сүреді. Саяси биліктің ерекшелігі жоғарыда көрсетілген міндеттердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланыстылығы мен бір-біріне өзара ықпал ететіндігінде. Бұл міндеттердіңбіреуін ғана жоққа шығару сияқты биліктің ыдырауына әкеліп соқтырады. Саяси биліктің негізгі түрі мемлекеттік билік болып табылды. Бұл биліктің басқа биліктерден айырмашылығы - оның басқару органдары бар және заң шығару мәселесінде бір өзі шексіз түрдегі құқыққа ие.

Мемлекеттік билік өзінің мақсат-міндеттерін орындату үшін қоғам мүшелерін мәжбүр ету амалына бір өзі ғана ие. Мұның өзі тең мөдшерде белгілі бір ұйымға да, сол сияқты сол ұйымның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жолындағы іске де тең мөлшерде қызмет етеді деген сөз. Саяси биліктен мемлекеттік биліктің айырмашылығы - ол бұл билік өзінің мақсаттарына жету үшін зорлауды міндетті түрде қолданбайды. Оның есесіне ықпал етудік идеологиялық, экономикалық және басқа әдістерін қолданады. Ал мемлекеттік болса билік мақсаттарын орындату үшін қоғам мүшелерін мәжбүр етуге бір өзі ғана қожа.

Мемлекеттік билік - бүкіл халық үшін міндетті заңдардды шығару құқығына бір өзі қожа және заңдар мен жарлықтардың орындалуы құралдарының бірі ретіндегі арнаулы қүштеу аппаратына сүйенетін, саяси биліктің нысаны. Осымен байланысты, әр қоғамның, әр елдің қоғамдық-саяси күштерінің өзіндік орналасуы, өздерінің құықтары, дәстүрлері мен мекемелері болатындығын айту қажет. Сондықтан да мемлекеттік, саяси билік әр елде тек осы елге тән мемлекеттік құрылыс пен саяси тәртіп арқылы өзінше іске асырылады.

Сонымен, саяси билік - белгілі бір әлеуметтік субъектілердің-индивидтердің, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтардың мемлекеттік-құқықтық және де басқа құралдардың көмегімен өзінің еркіне басқа әлеуметтік субъектілердің қызметін бағындыру жолындағы қабілетімен сипатталатын әлеуметтік қатынастардың формасы. Саяси билік - қоғамдық күштердің ең әуелі өздерінің қажеттері мен мүдделеріне сәйкес өз дегендерін саясатта және құқықтық ережелерде жүргізу жолындағы нақтылы қабілеті мен мүмкіндігі.

Саяси билік мына төмендегідей ерекше өзгешіліктермен сипатталады:

  1. Үстемдік, саяси билік шешімдерінің бүкіл қоғам үшін және тиісінше биліктің басқа да түрлеріне де міндеттілігі, кез-келген қоғамдық процестер ішіне ену қабілеттілігі. Бұл билік биліктің басқа түрлерінің ықпалын оларды ақылға қонымды мөлшерде өлшестіре шектеуі мүмкін, немесе, оларды тіпті аластай да алады.
  2. Жалпылық, яғни көпшілік. Бұл - саяси билік құқық негізінде бүкіл қоғам атынан әрекет ете алады деген сөз.
  3. Мемлекет көлемінде билік жүргізудің күші мен басқа да құралдарын қолданудағы ашықтық.
  4. Бір орталықтық, яғни шешімдер қабылдауға жалпы-мемлекеттік орталықтың болуы.

Билікті жеңіп алу, ұстап тұру және жүзеге асыру үшін қолданылатын құралдардың, көздердің кең жиынтығы.

Саяси билік еркін демократиялық сайлаудың нәтижесінде де, әскери төңкеріс пен қанды төңкеріс нәтижесінде де қалыптаса алады. Алайда мұндай соңғы жағдайда халықтың көп бөлігі үшін қасірет әкеліп, миллиондаған адам құрбан болып, елдің шаруашылығын тас-талқан етеді.

Меніңше, саяси билік құбылысын талдауға ғылыми көзқарас бұл биліктің негізгі белгілерін ескеруді және оның жекелегенбелгілерінің ерекше өзгешіліктерін ашып көрсетуді талап етеді.

Саяси биліктің ең әуелі, негізгі белгілері болып суверендік (еркіндік), ерік, бедел, зорлау сияқтылар есептеледі.

Еркіндік - бұл белгілі бір әлеуметтік суңбъектінің қандай да болмасын басқа күштерге, жағдайлар мен адамдарға тәуелсіздігі жағынан жоғарылығы. Суверендіктің түбегейлі анықтамасын XVI ғасырдың өзінде-ақ француз ойшылы Жан Боден өзінің «Саяси қауымдастық туралы алты кітабының» (1576 ж. ) бірінші кітабындағы сегізінші тарауында бергені белгілі. Оның тұжырымдауынша «Суверендік (егемендік) деген - саяси қоғамдыстықиағы азаматтар мен оның қоластына қарайтын адамдар үстінен жүргізілетін жоғарғы, шексіз және тұрақты билік».

Саяси биліктің еркіндігі - тек қана тәуелсіздікке жетудің, бөлінбеудің және ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғану құқығы емес, сонымен бірге басқару мен бұйыруға деген құқығы, саяси шешімдер қабылдауға, жоғары өкіметтің барлық міндеттерін іске асыруға деген бостандығы деп түсінеміз.

Саяси билік еркіндігінің тәуелсіздігі мен бөлінбейтінідігінің көрінісі - саяси билікке қатысты әр түрлі саяси тұрғыдағы әлеуметтік субъектілер түптеп келгенде бөліне алмайды деген сөз.

Тіпті, елде көппартиялық парламент пен коалициялық бірлескен үкімет бола тұрса да, саяси билік бәрібір бірнеше саяси күштердің ымыраласуы негізінде бір тұрғыда іске асырылады. Осы жерде айта кетерлік бір жайт, тарихта қос өкіметтің орнайтын кездерінің ұшырасатыны, бірақ та мұның өзі елдегі саяси күштердің шиеленіскен күресімен сипатталатын қоғамның ерекше, қиын халі қалыптасқан кезінде болатынын ескеруіміз керек. Қоғамның мұндай халі ұзақ уақытқа созылмайды, қайта көп жағдайда ол азамат соғысына жалғасып отырады, ал басқа бір жағдайда ол тобырдың билікке шығуына немесе биліктегілер бірінің диктатурасына ұласады. Тек сирек жағдайларда ғана қоғамдағы мұндай шиеленіс қантөгіссіз жолмен, яғни биліктің бәрі толығымен бір саяси күштің қолына көшуімен шешімін табады.

Ал, енді ерік жөнінде бірер сөз. Ерік дегеніміз - әлеуметтік субъектінің жете түсінілген саяси мақсаттың және оны дәйекті түрде іске асыру жолындағы қабілеттің, дайындық пен бостандықтың болуы. Ғылыми әдебиетте ерік жөнінде берілген анықтама әрқилы. Мұның өзі бұл құбылыстың күрделілігін, көпқырлығын көрсетеді. Бұл анықтамалардың әрқайсыс әдетте еріктің бір қырына, я болмаса көріністеріне аударады да, оны талдауда белгілі бір көзқараспен байланыстыруға тырысады. Ерік субъектісі үшін «мен осыны қалаймын» деп ойлау сипатты емес, керісінше, «керек», «мен тиістімін» деп ойлану сипатты.

Кісі еркі қалаған әрекетте іске асыра отырып, адам көкейтесті қажеттіліктердің, қажырлы қимылдардың өктемдігіне қарсы тұрады.

Ерік ұғымы өзінің құрылымы бойынша шешімді қабылдау және оны іске асыру сатыларына бөлінеді. Тұрақты түрде ерік күшін жұмсамайынша саяси биліктің өмір сүре алмайтындығын және билік жүргізуші өзінің саяси ерік-күшін жоғалтып алса, онда биліктің өзі де жоғалатынын айту керек.

Ал енді бедел жөнінде бірер сөз. Бедел дегеніміз - бүкіл елде де және оның сыртында да саяси билік субъектісінің жалпының мойындаған ықпалы. Алайда саяси биліктің беделін мойындау, оған ерікті түрде бағынуға келісім беру, халықтың басым бөлігінің құндылықтарына, дәстүрлеріне, артышылықтары мен талпыныстарына сүйенген жағдайда ғана мүмкін болады.

Бедел дегеніміз - адамның, я болмаса адамдар тобының (беделге ие) күш көрсетпей, басқа адамның (я болмаса адамдардың) іс-әрекеті мен ойларын бағыттай алу қабілетінен білінеді. Беделдің өмір сүруі адамның алдында туындайтын көптеген қиын мәселелерді тиімді түрде бағалауда оның мүмкіндіктерінің шектеулілігімен байланысты, ал бұл өз кезегінде омір шындығының өзінің күрделілігіне байланысты. Демек, бедел саяси биліктің іске асырылуының негізгі формаларының бірі деп табылады да, осының көмегімен адамдардың қимыл-әрекеттеріне бақылау мен олардың ортақ және жеке мүдделеріндегі келісімі қамтамасыз етіледі. Бедел саяси биліктің объектісі мен сұбъектісінің ортақ мүдделестері мен бағынушылар тарапынан басшының ерекше қабілетіне деген сенімділігінің негізінде қалыптасады.

Бедел дегеніміз - бағынушылардың басшы бойынан табатын, жоғары бағаланатын және олардың жүгінушілігін айттырмай-ақ және жазалаумен қорқытпай-ақ анықтайтын сапарлар. Демек, бедел келісімге негізделеді де, басшы тұлғаға я болмаса мекемеге деген сыйлаушылық пен сенімді білдіреді. Егер, басшы бағынушылардың оның бойынан табатын сапаларға ие болса сонда ғана шынайы болады. Егер де бедел басшының жеке сапалары жөніндегі адасушылыққа негізделсе, онда ол жалған бедел болады.

Бедел қоғамдық қатынастар субъектілерінің саяси билік субъектісінің бұйрықтарына, нұсқауларына, жарлықтарына бағынуға дайындығынан көрініс табады деп ойлау жөн. Бағынуға деген мұндай дайындықтың шарты өмір сүруші және осы жағдайда заңды билік деп аталатын саяси биліктің шарттарына бағынушының табынуы болып табылады.

Енді зорлау немесе мәжбүр ету жөнінде бірер сөз. Зорлау, мәжбүр ету - билік жүргізуші субъектінің өз өктемдігін күш қолдану мүмкіндігін пайдалана отырып іске асырылуы. Әрине, саяси биліктің мәнін тек қана зорлау, мәжбүр ету мен күштеуге әкеліп тіреу дұрыс болмас еді. Зорлауды, мәжбүр етуді саяси биліктің елеулі белгісі ретінде басқарудың негізгі құралы күштеу болатын диктатурамен де шатастыруға болмайды. Алайда, зорлау мәжбүр ету саяси биліктің бірден-бір құралы болмаса да ерекше түрде заңды тпрмағы болып табылады, сондықтан да осы биліктің негізгі белгілеріне кіреді.

Басқаша айтқанда, мәжбүрлеу, зорлау, күш қолдану, турасын айтқанда саяси биліктің ажырамас қасиетті бөлігі болып табылады. Ал бұл қасиет саяси билікке сапалы айқындық береді. «Мемлекет дегеніміз - деп көрсетті Макс Вебер, - заңды түрде күштеуге бір өзі қохалыққа ие ортақ болып табылады. Оны басқаша анықтауға болмайды».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық метадологиялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
МЕДИАКРАТИЯ ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДАҒЫ БАҚ ЖӘНЕ БИЛІК
Билік - әлеуметтік феномен ретінде
БАҚ түсінігі
Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформасы
Бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық қатынастар және елдердің сыртқы саясаты аспектілеріндегі көріністері
ҮКІМЕТТЕГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ
БАҚ әлеуметтануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz