Сипай әскерлерінің көтерілісі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Сипай әскерлерінің көтерілісі

Көтеріліс 1857 жылдың 10 мамырында Дели қаласына жақын жерде орналасқан горнизондық Мируто қаласында басталды. Сипайлар кедейлер мен шаруалардың қатысуымен қала сыртында орналасқан ауылдардағы ағылшын шенеуліктері мен офицерлеріне соққы берді, мемлекеттік мекемелерді талқандады және тұтқындағы адамдарды босатты. Олар Делиге қарай жүріп, 11 мамырда жергілікті сипай горнизонның көмегімен қаланы басып алды. Делиде ұсталған барлық ағылшындар соққыға жығылды. Көтерілісшілер қолында мықты қорған мен арсенал болды. Ағылшындарға оқ-дәрі қоймасын жаруға мүмкіндік туды және де бұл Делиде болған соғыста өте үлкен рөл атқарды.

Көтерілісшілер Бахадур-шахтың сарайын жаулап алды. Сипайлар оны прокломацияға қол қоюға мәжбүр етті. Бұл прокломация бүкіл елді ағылшындарға қарсы күреске шығуға шақырды. Сипайлар полкі бірінен соң бірі көтеріліске шықты және ағылшындарға қарсы қарапайым халықта көтеріле бастады. Бір ай ішінде Делиден Патныға дейінгі жерлер көтерілісшілер қолында болды, тек кейбір пунктер ағылшындар қарамағында қалды.

Пенджабта орналасқан бенгал армиясының көпшілігін қолбасшылары қарусыздандырды. Пенджабтағы сипай көтерілісінің сәтсіздігінің себебі, халықтың бенгал сипайларын колдамауы және олардың арасындағы байланыстың тығыз болмауы. Көтеріліске шыққан сипайлар ағылшындармен талқандалды.

Мадрас және бомбей армиясы бенгал армиясына қарағанда ағылшын үкіметіне сенімділігін сақтады, егер малдрастағы коволерия полкінің наразылығын санамағанда, оларды сипайлар қолдамағандықтан, ағылшындар оларды оңай басты. Мадрас және бомбей әскерлерінің ағылшын колониаторларына қарсы шықпауы, Декан халқының жағдайын бәсеңдетті. Соғыстың қорытындысына қарай барлық ауыртпалық бенгал армиясымен Гонг халқына түсті.

Көтерілістің басында жоғарғы феодал аристократтарының басшылары кірді. Олар өздерінің қол астына әлсіз бенгал армиясын қосуға тырысты. Олардың анық белгілі мақсаты - өзгежерлердің өкіметін өздернің құтқарылуы үшін жою болды. 1857 - 1859 жж бұл - ұран сипайлардың діни ұғымына жақын және барлық көтеріліске қатысқан халық қауымына ерекше көтерілістің қырын көрсетті. Бірақ феодалдар өздерінің мақсаты үшін біріге алмады. Олардың әрқайсысы соғысты өздернің территорияларында жүргізді, себебі, жерлерді ағылшындардан босатқаннан кейін, олар сол жерде өздерінің өкіметін орнатқысы келді. Сөйтіп, осы көтерілістен кейін бірнеше дербестік орталықтар құрылды: Дели қаласы және оның құрамына енетін қалалар; Канпур, әскери және азаматтық үкіметін Нана Сахиб құрған; Ауд жерлеріндегі ақсүйектер бұрынғы князьдық билікті қайта құру туралы жариялады.

Делидегі жағдай

Бахадур-шах өкіметке орнағаннан кейін, сипайлар оны Индия халқына үндеу хатында қол қоюға міндеттеді. Делиде үкімет құрылып, оның басшысы болып Хакима Ахсануллу тағайындалды. Дели әскерлерінің бас қолбасшысы Мырза Моғол(Бахадур-шахтың ұлы) болды. Басқа ханзадаларды император әскери бөлімдердің қолбасшылары етіп тағайындады. Моғол Мырза Амбаядан жіберілген кішігірім ағылшын әскеріне Амбая мен Дели арасындағы 135 км жерді кедергісіз өтуге рұқсат етті. Ағылшындарға қарсы жіберілген сипайлар соққыға ұшырап, Делиге қайта оралуға мәжбүр болды. Пенджаб жолында қарсыластарының күшеюіне мүмкіндік туғызды. Ағылшындар олардың жоспарлары туралы алдын-ала біліп отырды.

Делидегі әскери және азаматтық басқаруды құру - Рахил ханмен сипайлар басшысы Бахыт ханмен бірге ескі артиллерия офицерии бенгалдық армия және ыстық превеженстермен бахабизмнің кемінде ғана жүзеге асты. Бахытханның басқаруымен Делиде 10 адамнан құралған әкімшілік палаты құрылды және олардың алтауы сипайлардан тұрды, төртеуі қала тұрғындары. Бұл палата әскери сұрақтармен, әкімшілік және сот жұмыстарыман айналысты. Бұл барлық палатының басшысы Бахытхан болды. Әкімшілік палатының құрамынан Мырза Моғол және моғол ханзадалары басқару құқығынан айырылды. Бахадур- шах мемлекеттің бастығы ретінде палатының шешімін қарамауға және сол шешімді қайта қарауға құқылы болды. Бірақ мұндай жағдайда палата оны өз шешімін қабылдауға мәжбүр етті.

Палатының сипай бұқарасына ықылас бөлуі және соғысқа қызықтыру мақсатында көптеген шаруалар мен қол өнершілірге, және әр жауынгерлерге кішігірім жерлерді беруге уәде жасады. Оның шешімі бойынша барлық жер иеленушілердің меншіктерін қолға қайтарды, егер бұл құқық сәйкес құжаттармен және жергілікті канунгоның куәлігімен расталса.

Палата қалалы кедейлердің жағдайын жақсартуға тырысты және қажетті заттарға нақты баға қойды. Бірақ бұл талаптары сәтсіз аяқталды. Қөпестер тауарларын тығып, оларды үш есе бағамен сатты. Көпестермен растовщиктердің ақшалай сауданы бермеуі палатыны қиын жағдайға әкелді, себебі олар сипайларға жалақы төлеуге мүмкіндіктен айырылды. Палатының әскерлерде тәртіпті нығайту ынтасына қарамастан, сипайлар төлемақы алмағандықтан, спекулянттарды жазалай бастады және қоймаларды бұзып, өзіндік реквизициямен айналысты. Бай көпестер сипайларды өздерінің үйлері мен қоймаларын қорғауға жұмысқа алды, ал бұл болса сипайлар арасында қақтығысқа әкелді. Ағылшын лагерьлеріне түрақты шабуылдар сәтсіздігіне байланысты сипайлар әскери қолбасшыларының сатқын екендігіне көздері жетеді. Сипайлардың күдіктенүіне үлкен себеп болды. Вазир мен моғол ханзадалары бүкіл Делидің белгілі адамдардың атынан жасырынды түрде ағылшын әскерлерінің қолбасшылығымен қаланы беру туралы келісім сөз жүргізді. Көптеген сипайлар Делиді сақтап қалу үмітінен айырылып, қаладан кете бастады. Қыркүйек айына қарай Делиде 40 мың сипайлардың 11-12 мыңы қалды. Бұл уақытта ағылшын әскері Пенджабтан көмек алды. Делидегі жағдай ауырлай түсті. Қаланы қорғаушыларда қару-жарақта, азық-түлікте қалған жоқ. Отанын қорғауда үндіс патшаларынан көмек сұралды. Осы секілді жолдаудың бірінде падишах өзінің император тағынан тек билікті өз қолына алатын және ұлт - азаттық соғысты басқаратын патша болғанда ғана бас тартатындығын мәлімдеді.

Келесі жолдауында айтылғандай, Индия ағылшын үкіметінен босатылғаннан кейін және сол уақыттағы материалдық залалдарды басынан өткірген адамдарға үлкен жеңілдіктер көрсетілді. Барлық заминдарға ағылшындармен тартып алынған жерлер қайтарылып, жер салығы төмендетіліп, ағылшындармен шығарылған заңдар жүйесі жойылып, енді сот тк қана шарият пен брахман заңдары арқылы жүргізілді. Барлық монополиялар тоқтатылып, көпестерге қалаған тауарларын сатумен және оларды мемлекет тарапынан тегін берілітін көліктер арқылы басқа аймақтарға апаруға мүмкіндіктер берілді. Жұмысшыларға айлықтарының көтерілетіндігіне уәде берілді. 19-қыркүйекте қала толығымен ағылшындар қарамағында болды.

Канпурдағы көтеріліс

Канпурдағы көтеріліс 1857 жылы 4 маусымда Нана Сахиб басшылығымен басталды. Көтерілісшілер қаланы жаулап алып, госпиталь территориясында жасырынған кішігірім ағылшын отрядын талқандады. Жиырма күн бойы ағылшындар қарсылық көрсете отырып, Нана Сахибқа берілді және де ол ағылшындарға Канапурдан кетуге рұқсат етті. Алайда, ағылшындар Ганга жағалауларына келгенде, сипайлар оларға соққы берді. Канпурда көтерілісшілер басқарушы орган құрды. Оның басқарушысы- Нана Сахиб, бірақ барлық жұмыстарды оның кеңесшісі- Азимулла атқарды.

Канпур басшылығының құрамында Нана Сахиб ағалары болды. Тантия Топи (1814-1859) және басқа әскери басшылар. Олар бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін, қалада тәртіп орнату үшін өзуақытты істер қабылдады, әсіресе мұсылман және үндістер арасында қақтығыстарды болдырмау және ағылшын шпиондарын қарусыздандырды. Шаруалар мемлекеттік мекемклерді қиратты, сотшешімдерін қиратты, қарыздық қолхаттарын өртеді. Көтерілісшілер саны 3 мыңнан 50 мыңға дейін өсті.

Осның арасында колонизаторлар күш жинады. Генерал-губернатор Каннинг көтеріліс басталысымен Мадрас, Бомбей, Бирмадан көмек сұрады.

Маусым айының басында генерал Ниланың басшылығымен ағылшын мергендері Бенареске кірді және де жергілікті сипай горнизонына соққы берді. Біраз күннен кейін Нил Аллахабадқа қарай жүрді. Бұл қалада ағылшындарға қарсы 1857 жылы 6 маусымнан 7 маусымға қараған түнде басталды. Көтерілісті ваххабит сектасының мүшесі - Лиакат Али басқарды. Генерал Нил 11 маусымда толығымен Аллихабадты басып алды. Аллихабадтан барлық бағытта әскерлер жіберілді, олар барлық ауылдарды өртеп, шаруаларды дарғасты. Каннинг осындай аңдық, зұлымдықты көріп, Нилдің орнына Хэвлокты қойды. Нана Сахиб ағылшындарға қарсы үлкен әскери отряд жіберді. Бір мезгілде ол халықты қарсыластарына қарсы күш жинауын және ауд ханшасына күштерін біріктіріп, қарсыласына қарсы шығу туралы хат жіберді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сипайлар әскері
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Ұлы Морав мемлекеті
Көшпелі халықтардың әскери құрылымы
16 Желтоқсан «Тәуелсіздіктің бағасы»
Патша өкіметінің отарлау саясаты
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің барысы мен әскери қимылдары
Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған ұлт - азаттық қозғалыс
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz