Құқық қатынастары



Кіріспе
Құқық қатынастары теориясы
Құқық қатынастарының пайда болуы, тоқтатылуы, өзгертілуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы барысында қоғамдық-экономикалық фор¬мация шеңбері мағынасында өзіне тән сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Құқық қатынасы теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
-біріншіден, бұл - қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет һәм құқы, бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет құқық теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалық тәрізділерден) осы айырмашылықтары арқылы ерекшеленеді;
-екіншіден, бұл - саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлкеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс-әрекеттерін қарастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына байланысты мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық қондырманы тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
-үшіншіден, бұл - ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылықтарын, жалпыламалық сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді;
-төртіншіден, бұл методологиялық сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-құқықтық қондырманың жалпы заңдылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік мәселелерін де шешеді;
-бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән негіздік сипаты бар ғылым. Өйткені барлық заң ғылымы пәндерінің “өне бойын көктей өтетін” құқықтық құбылыстарды зерттеп–зерделеу осы мемлекет және құқық теориясы аясында жүргізіледі.
1. С.А.Табанов. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы, 2003.
2. Т.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2003.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы
барысында қоғамдық-экономикалық формация шеңбері мағынасында өзіне тән
сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Құқық қатынасы теориясының
ерекшеліктері мыналардан тұрады:
-біріншіден, бұл - қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет һәм құқы,
бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет құқық
теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалық
тәрізділерден) осы айырмашылықтары арқылы ерекшеленеді;
-екіншіден, бұл - саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай
зерттеулерде мемлкеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей
байланысты қызметтік іс-әрекеттерін қарастырады. Міне, осындай сипатты
айырмашылығына байланысты мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық
қондырманы тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан
ерекшеленеді;
-үшіншіден, бұл - ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық
заңдылықтарын, жалпыламалық сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым
болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан
ерекшеленеді;
-төртіншіден, бұл методологиялық сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-құқықтық
қондырманың жалпы заңдылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық
құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың
әдістемелік мәселелерін де шешеді;
-бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән негіздік сипаты бар ғылым.
Өйткені барлық заң ғылымы пәндерінің “өне бойын көктей өтетін” құқықтық
құбылыстарды зерттеп–зерделеу осы мемлекет және құқық теориясы аясында
жүргізіледі.

Құқық қатынастарының пайда болуы, тоқтатылуы, өзгертілуі

Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы
барысында қоғамдық-экономикалық формация шеңбері мағынасында өзіне тән
сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады.
Құқық қатынастары теориясында құқық қағидасы (принципі) деп қоғамдық
қатынастарды реттеу, қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің қалыптасу
және құрылуының, мәнінің негізгі идеяларының жиынтығын айтады. Зерттеуші
Л.Р.Сюкияйненнің тұжырымы бойынша құқықтың қағидалары — құқық құндылықтары
болып табылады.
Құқықтың қатынастары құқықтың мазмұнын, мәнін және ерекшеліктерін
айқындайды. Құқықтық сананың элементтеріне жатады. Халық құқық қағидаларын
тану және оған сену арқылы әділеттілікті, әділ сотты бағалайды. Құл
иеленушілік құқық талион қағидасын (жанға-жан, қанға-қан) бекітеді. Мысалы,
ежелгі Хамурапи патшасының зандарында: Егер біреу басқаның сүйгенін
сындырған болса, оның сүйгенін сындыру қажет деп көрсетілген.
Заң ғылымында құқықтық қатынастар мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Халық билігінің баяндылығы. Бұл қағида Қазакстан Республикасының
Конституциясының 3-бабында мына мағынада бекітіледі:
1) Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық.
2) Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау
арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік
органдарға береді.
3) Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды.
Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет
атынан билік жүргізуге тыйым салынады.
Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің Конституциялық өкілеттігі
шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік
органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік
жүргізеді.
2.Демократизм. Қазақстан Республикасында құқық адам және азаматтардың
бостандықтарына барлық жағдайлар жасайды, демократияның барлық басқару
тетіктеріне құқықтық жүйеде пайдалану арқылы халықтың мүдделерін қорғауды
паш етеді, құқықтарының тиімді түрде іс жүзіне асуына барлық мүмкіндіктерді
жасайды.
Біздің мемлекетімізде құқықтың демократизм қағидаларының іске асырылуы
үш бағытта жүргізіледі:
а) Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шеңберін кеңейту.
ә) Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын Конституциялық
талаптарға сай дамыту, азаматтық қоғамның толыққанды дәрежеде қалыптасуына
мүмкіндіктер жасау.
б) Демократиялық институттардың шеңберін кеңейте отырып, өмірдің барлық
саласында заңдылықты нығайту. Заңды орындау барлық заңды тұлғалар мен жеке
тұлғалардың қажеттілігі болуы тиіс. Заң бұрмаланған қоғамда лауазымды
тұлғалар мен мемлекеттік органдар халықтың бақылауынан тысқары қалады,
бюрократия күшейіп, адам құқықтары аяққа тапталады.
3.Барлық адам және адамзаттардың заң алдындағы тең құқылығы. Ешкім
ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік тегіне, дініне, тіліне, жынысына қарамастан
кұқық нормалары талабы шеңберінде артық деп танымайды. Лауазымдарға ие болу
жеке адамдардың кабілеттеріне ғана сай дәрежеде іске асырылуы тиіс.
Атап айтқанда қазақ елінің көсемі Ахмет Байтұрсынов мемлекетте ең
маңызды мәселе ретінде жеке адамдардың құқықтық теңдік идеясын нақтылы
практикада іс жүзіне асуына ерекше көңіл бөледі. Заң алдында барлық
адамдардың ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, лауазымына қарамастан
тең екенін, бір-бірінен жоғарғы санатта болуына үзділі-кестілі қарсылық
білдіреді. Адамдардың барлығы, туғаннан бастап тең болғандықтан кім болса
да низамнан (заң мағанасында — С.Ө.) күшті емес - дейді Ақаң. Бұл идеяның
мағынасынан біз құқықтық мемлекеттерде жарияланған табиғи құқық идеясының,
яғни жеке адамның дүниеге келген сәтінен бастап заң, құқық алдында тең болу
принципіне сай келеді. Ойшылдың ойынша жеке адамның табиғи құқы саясаттың
кұралы болуға тиіс емес, керісінше, саясат тарихи творчестволық әрекет
ретінде өзінің барлық бағдарламасын, дерективаларын табиғи құқық идеясына
сай жүргізуге міндетті. Құқықтық мемлекеттің негізгі талабы осы.
4. Гуманизм. Адамгершілік қасиетінің асқақтауы ең жоғарғы құндылықтар
санатына көтеріледі, табиғи құқықтардың позитивтік құқықта орын тебуі.
Гуманизм негізінде адам құқықтарын ең қастерлі құндылықтар санатына
жатқызады және оның іс жүзіне асырылуы 3 мәселені қамтиды: Біріншіден,
адамгершілік идеяның құқықтың барлық саласына енуі. Екіншіден, мемлекеттің
күш қолдануы ереже, кек алу емес, керісінше, тек қана қажеттіктен
туындайды, келтірілген зиянды зардаптардың орнын толтыру, болашақта алдын
алу үшін пайдаланылады. Осы бағытта жасалған қадамдардың ең бастысы ретінде
өлім жазасын қолдануға мораторий жариялау болып табылады. Үшіншіден, құқық
бұзушылық жасаған субъектілерге кінәлілерінің ауырлығына байланысты қажетті
жазаны тағайындау. Гуманизм қағидасы құқықтық мемлекет құру барысында
адамдар діни нормаларды кеңінен қажеттікке жаратады, оларды саналы дәрежеде
орындау, іске асыру арқылы, ұлы Абай айтқан имани гүлді қалыптастырады. Бұл
ең жоғарғы дәрежедегі гуманизм Алланы сүю, оны жаратқан адамды және
пендешіліктен арылып, әділеттілікті сүю.
5. Әділеттілік. Қабылданған құқықтық нормалар әділеттілік сипаттарға ие
болулары қажет. Әділеттілік - құқықтың іргетасы. Бұл қағиданы құқықтық
реттеудің барлық саласына енгізу мына бағытта іс жүзіне асады:
а) Мемлекет байлығы әділеттілік құқықтың талаптар негізінде азаматтардың
қоғамға қосқан еңбек, үлесіне қарай бөлінуі тиіс. Артықшылық тек халыққа
сіңірген еңбегіне қарай ғана берілуі мүмкін.
ә) Әділеттілік тек қана заңдылық негізінде іс жүзіне асады. Заңды
орындау әркімнің азаматтық борышы, оны бұрмалау әділеттілікті аяққа таптау.
б) Әркімнің кінәсіне қарай заң алдындағы тең жауаптылығы.
6. Адам құқықтары мен міндеттерінің біртұтастығы. Құқықтар мен
міндеттерді еш уақытта бөліп қарауға болмайды. Бұл екі ұғым бір-бірінен
ажырамайтын, біртұтастық мағынаны білдіреді. Адам құқықтары мен міндеттерін
бөліп қарау әділетсіздік пен заңсыздыққа жол ашады.
7. Сендіру мен мәжбүр етуді үйлестіру. Құқықтық реттеудің негізгі
қағидалары ретінде қоғамда кеңінен пайдаланылатын талап. Қалай болған
жағдайда да, адамды ең алдымен сендіру қажет, тек бұл жағдайда тиімді
нәтижелер болмаған жағдайларда ғана мәжбүр ету шаралары қолданылады.
Сендіру құлықтылық (мораль), әдет-ғұрып нормаларын қолдану негізінде
болатын болса, мәжбүрлеу шаралары заңнама негізінде іс жүзіне асырылады.
Құқықтық мемлекетте сендіру мен мәжбүр ету прагмативтік көзқарас негізінде
тәжірибеде пайдаланылады. Құқықтың функциялары дегеніміз құқықтың қоғамдық
қатынастарға әсер етуінің және реттеуінің негізгі бағыттары. Құқықтық
әдебиеттер мен оқулықтарда құқықтың функциялары әр түрлі мағынада беріледі.
Кейбір авторлар құқықтың функцияларын экономикалық, саяси, тәрбиелік және
сыртқы деп бөліп қараса, С.С.Алексеев динамикалық және статистикалық деген
функцияларды атап көрсетті.
Бұл жерде динамикалық функция — қозғалыс үрдісін білдіріп, мемлекеттің
құқық арқылы саясат жүргізуін, реттеуін аңғартса, статистикалық функция
мемлекеттің формаларын, адам құқықтары мен бостандықтарының құқық
нормаларында халық мүдделеріне, талаптарына сай дәрежеде бекітілуі.
Құқықтың функцияларынан әрқашанда оның мәнін, қоғамдық қатынастарды
реттеудегі орнын және алдына қойған мақсаттарын анық байқауға болады. Құқық
тек атқаратын функциялары арқылы қоғамдық қатынастарға әсер ете алады және
пассивтік нормалардан активтік реттеу, қорғауға белсенділік танытады.
Құқықтың функциялары қазіргі кезеңде жарық көрген оқулықтарда (А.В.
Малько, Н.И. Матузов) және басқа әдебиеттерде екі мағынада атап
көрсетіледі. Біріншісі, құқықтың функцияларын жалпы әлеуметтік мағынада
тану. Оның құрамына аталмыш авторлар мәдени - тарихи, тәрбиелік, әлеуметтік
бақылау және информациялық - бағыттық сияқты функцияларды жатқызады. Екінші
топтағы функцияларды жеке заңдық функциялар деп жіктеп, олардың санатына
реттейтін және қорғау функцияларын жатқызады. Ал, реттеу функциясын
С.С.Алексеев сияқты ғалымдар реттейтін динамикалық және реттейтін
статистикалық деп екі түрге бөліп қарайды. Схема жүзінде былайша көрініс
береді:

Саяси бақылаулар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқықтық қатынастары
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар ұғымы және олардың құрылымы
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Еңбектік құқық қатынастарының ерекшеліктері
Жер құқығы туралы
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Еңбек құқығы қатынастарының субъектілері: түсінігі, топтары
Азаматтық құқық және құқықтық қатынас ұғымы
Пәндер