Міндеттемелік құқық туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
І. Қ.Р. Азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелік құқықтың ерекшелігі
1.1. Міндеттеме құқығының ұғымы және оның жүйесі ... ... .. 5.8
1.2. Міндеттеме түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9.10
1.3. Міндеттеме субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.16
ІІ. Міндеттемені тоқтату және оны бұзғаны үшін жауаптылық.
2.1. Міндеттеменің өзгертуі және тоқтатылу реттері ... ... ... 17.24
2.2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік ... ... ... ... ... 25.41
ІІІ. Міндеттеменің орындалу және орындалуын қамтамасыз ету реттері
3.1. Міндеттеменің орындалу принциптері ... ... ... ... ... ... .. 42.45
3.2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ... ... 46.52
IV. Міндеттеменің тоқтатуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53.55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Қазіргі, тәуелсіздік таңы атып, еліміздің экономикасы, халықтың әлеуметтік ахуалы көтеріліп келе жатқан таңда, азаматтық – құқықтық қатынастарды оқып – үйреніп, оны зерттеп, түпкір – түпкірін түсініп, Республикамыздың заңнамасын жоғары дәрежеге көтеру бірінші қатардағы мәселелердің бірі болып отыр.
Ел Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасының дамушы елдер қатарындағы үздігі екенін баяндады. Банктік жүйе жетілгендігін айтып, несие беру жүйесін, әсіресе жастарға, бюджет қарамағындағы мекемелер қызметкерлеріне несие беруді жетілдіру қажет екендігін айтып өтті. Осыдан орай міндеттеме бұл салалардың бөлінбес бөлшегі болғандықтан, менің дипломдық жұмысымның өзектілігі күмәнсіздігіне көз жетіп отыр деймін.
Осы жұмысты жазу барысында мен міндеттемелік құқықты егжей – тегжейлі қарап, оның түрлерін, пайда болу, тоқтатылу негіздерін түрлі әдебиеттерден ізденіп оқыдым.
Әдетте, екі немесе одан көп тараптар жасаған міндеттеме алдында жасалған шарттар бойынша орындалады. Бірақ, өмірде әр түрлі себептерге байланысты міндеттемелер сол келісілген күйінде орындама алмайтын жағдай тууы мүмкін. Осы жағдайда тараптардың өзара келісім арқылы міндеттемені өзгертуге жол беріледі.

Дипломдык жумыс.

Такырыбы: Міндеттемелік құқық

Жоспар.

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -----
3-4
І. Қ.Р. Азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелік құқықтың ерекшелігі
1. Міндеттеме құқығының ұғымы және оның жүйесі---------- 5-8
2. Міндеттеме түрлері---------------------------- ------------------ 9-10
3. Міндеттеме субъектілері----------------------- ---------------- 11-16
ІІ. Міндеттемені тоқтату және оны бұзғаны үшін жауаптылық.
2.1. Міндеттеменің өзгертуі және тоқтатылу реттері------------ 17-24
2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік------------------- 25-41
ІІІ. Міндеттеменің орындалу және орындалуын қамтамасыз ету реттері
3.1. Міндеттеменің орындалу принциптері------------------------ -- 42-45
3.2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері-------- 46-52
IV. Міндеттеменің тоқтатуы--------------------------- ----------------- 53-
55
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ---
57

Кіріспе
Қазіргі, тәуелсіздік таңы атып, еліміздің экономикасы, халықтың
әлеуметтік ахуалы көтеріліп келе жатқан таңда, азаматтық – құқықтық
қатынастарды оқып – үйреніп, оны зерттеп, түпкір – түпкірін түсініп,
Республикамыздың заңнамасын жоғары дәрежеге көтеру бірінші қатардағы
мәселелердің бірі болып отыр.
Ел Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ел
экономикасының дамушы елдер қатарындағы үздігі екенін баяндады. Банктік
жүйе жетілгендігін айтып, несие беру жүйесін, әсіресе жастарға, бюджет
қарамағындағы мекемелер қызметкерлеріне несие беруді жетілдіру қажет
екендігін айтып өтті. Осыдан орай міндеттеме бұл салалардың бөлінбес
бөлшегі болғандықтан, менің дипломдық жұмысымның өзектілігі күмәнсіздігіне
көз жетіп отыр деймін.
Осы жұмысты жазу барысында мен міндеттемелік құқықты егжей –
тегжейлі қарап, оның түрлерін, пайда болу, тоқтатылу негіздерін түрлі
әдебиеттерден ізденіп оқыдым.
Әдетте, екі немесе одан көп тараптар жасаған міндеттеме алдында
жасалған шарттар бойынша орындалады. Бірақ, өмірде әр түрлі себептерге
байланысты міндеттемелер сол келісілген күйінде орындама алмайтын жағдай
тууы мүмкін. Осы жағдайда тараптардың өзара келісім арқылы міндеттемені
өзгертуге жол беріледі.
Міндеттеменің негізгі субъектілері болады. Олар кімдер? Деген сүрақ
туады. Бұл сұраққа жауап қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодекстің III бөлімінде, міндеттемелік құқық бөлімінде дәлірек
негізделіп жазылған...
Міндеттемелік құқық – азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі,
міндеттемелерге қатысты нормалар Азаматтық кодекс көлемінің жартысынан
көбін алады.
Міндеттемелік құқықты заттық құқық, интеллектуалдық меншік,
мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық сияқты салалармен қатар азаматтық
құқықтың бір саласы деп қарауға болады.
Міндеттемелік құқықтың ерекшелігі сол – ол қоғамдағы қалыпты
қатынастарды да, сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы
міндеттемелер, міндеттемені орындамағандық үшін жауапкершілік, міндеттемені
қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейді.
Қазіргі Қазақстанда лік құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын
кең ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуге. Ептеп болса да маңыздылығы бар
барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға
өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Шарттардың жаңа түрле шығуды (рента, факторинг, франчайзинг,
форфейтинг, сенімгерлікпен басқару, т.б.). бұл процесс жалғасуда.
Міндеттеменің өтпелі кезеңде экономиканы құқықтық реттеудің ең бір тиімді
де сенімді аспабы болатындығы сөзсіз.

1.1. Міндеттеме құқығының ұғымы және оның жүйесі.
Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны
қалай түсінеміз? Міндеттемелік құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексінің III бөлімінде қарастырылған. Аталмыш кодекстің 268-бабында:
“Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің)
пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі
бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал
несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие
беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті”, - деп атап көрсетеді.
Демек, міндеттеме – азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету
мен міндеттеме – несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін
екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие
беруші трұғысынан қарағанда – талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан
алып қарағанда-міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
Міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері мен басқа азаматтық –
құқықтық қатынастардан айырмашылығы:
1. Міндеттеме – мүліктік құқықтық қатынас түрі болып табылады.
2. міндеттемелік қатынас үшін иеленіп қойған материалдық игіліктердің
ауысуын бекіту қажет, яғни мұнда жылжымалық сипат бар
3. міндеттемелік құқықтық қатынаста міндетті тұлғалардың белсенді
мінез – құлқы туындайды.
4. Міндеттемеде құқық берілген адамға нақты міндеті адам қарсы
тұрады.
5. Міндеттемеге затттық құқықтармен, бәрінен бұрын меншік құқығымен,
тығыз байланыста болу тән. Міндеттемелік құқық қатынастар заттық
құқықтар заттық құқықтық қатынастардың туындысы және олармен өзара
байланысты. Міндеттемелік заттық құқықтық қатынас, туындаған кезде
заттық қатынастардың болуын, көздейді, ал өз тарапынан заттық
міндеттемелік құқық қатынастарының дамуының заңдық нәтижесі болып
табылады.
Заңгерлер: талап етуді “міндеттемелік құқық” деп атайды. Бұл – “екі
жақты құқықтық қатынас ақыр ағына дейін жеткізілгенше жауапкершілекке
шақыруға, яғни, талап етуге құқылы” деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық
қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар
– субъект, мазмұн және объект.
Ал, енді, міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы Азаматтық
кодексін тағы да сол 268-бабында тайға таңба басқандай: “міндттеменің
субъектілері: борышқор мен несие беруші” деп жазылған. Осы екі субъектіге
нақтылы анықтыма беретін болсақ, борышқор – белгілі бір әрекетті жүзеге
асыруға міндетті, немесе одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын
жақ; несие беруші – борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап
ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар – азаматтар,
заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік
аталарымен нұсқаланады.
Азаматтық кодекстің 269-бабыны сәйкес, несие беруші немесе борышқор
ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты –
көп тұлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің
286-288-баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық
(жәрдем берушілік) міндттеме пайда болады.
Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға
өздерінің ортақ меншік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға
бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі
басқа біреуге зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда
жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге
кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер заңды
түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор,
не болмаса, несие беруші ретінде қатысады.
Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса,
міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені
орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ
(бірлескен) болуы мүмкін.
Үлестік міндттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді,
ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті
талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген
борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала
береді.
Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодекстің 287-бабына сәйкес,
борышқордан міндеттемені толық атқаруды талап құқылы, ал борышқорлардың
әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жак қатысатын
міндеттемені ортақтасқан міндттеме деп атайды.
Ортақ міндттеменің үш түрі болады:
1) бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқанны – ортақтасқан
міндеттеме;
2) бір борышқор мен несие берушілер қатысқаны – ортаққан талап етуші;
3) бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқолар қатысқаны – аралас
ортақтасу,- делінеді.
Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы
көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің мәні бөлежарып анық нұсқаланбаса
– ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша берушінің
талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше
көзделмесе, – ортақтасқан міндет болып табылады.

1.2. Міндеттеме түрлері
Міндеттемелерді топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық институттарын
шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді.
М.К. Сүлейменов, Ю.Г.Басин оқулықтарында міндеттемелерді келесі топтарға
бөлген.
Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер
төмендегідей бөлінеді:
- біржақты – міндеттеме субъектілерінің бірінде тек құқық, ал
екіншісінде тек міндет болады. Мысалы, заем, зиян келтіру
- Екіжақты немесе өзара – міндеттеме субъектілерінің әрқайсысында құқық
та міндет те бар кезде. Яғни, олар несие берушінің де, борышкердің де
рөлінде болады. Мысалы, сатып алу – сату шартында сатушы тауарды
беруге борышкер, сатып алушы ақша беруге борышкер және керісінше.
Орындау нысанының анықтылығы бойынша міндеттемелер:
- белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер – міндеттеменің жиі кездесетін
түрі
- балама міндеттемелер – борышкер жасауға міндетті бірнеше әрекеттің
ішінен өзіне таңдап алу мүмкіншілігі бар. Мысалы, зиян келтірудегі
міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай немесе келген шығынды толық
өтеуге міндетті.
- Факультативтік міндеттемелер – борышкер белгілі бір әрекет жасауға
міндетті, ал оған мүмкіндігі болмаса, басқа әрекет жасайды. Мысалы,
борышкер несие берушіге автомобиль беруге міндетті, қандай да бір
жағдайларға байланысты ол өтей алмаса, автомобильдің құнын төлеуге
немесе сондай мүлік беруге міндетті.
Факультативтік міндеттеме мен альтернативтік міндеттеме өте ұқсас болып
келеді. Мысалы, факультативтік міндеттемеде автомобиль, болмаса ақша
болса, альтернативтік міндеттемеде автомобиль немесе ақша.
Бір бірімен байланысына орай міндеттемелер басты және
қосымша(акцессорлық) болып бөлінеді. Акцессорық міндеттеме негізгімен тығыз
байланысты, негізгі міндеттеме тоқтағанда ол да тоқтайды.
Сонымен қатар, міндеттеме нысанына қарай, бөлінетін және бөлінбейтін
болып бөлінеді.
Бөлінетін міндеттеме дегеніміз – бөліп орындауға болатын міндеттеме
болса(заем), бөлінбейтін міндеттеме дегеніміз – бөлуге болмайтын
міндеттеме, мысалы, сурет салу,ғимарат құрылысы.
Борышкердің жеке сипаттағы міндеттемесе де болады. Бұл міндеттеме
түрі борышкердің жеке басымен байланыс бойынша туындайды. Борышкердің
қайтыс болу жағдайы орын алса, міндеттеме тоқтайды. Мысалы, мақала жазу
жөнінде қаламгердің баспасөз алдындағы міндеті.

Міндеттеме субъектілері.
Міндеттемелік құқықтың субъектілер тізімі Қазақстан Республикасының
Ааматтық Кодексінің 269 бабында көрсетілген. Заңнаманың белгілеуі бойынша,
Міндеттеменің тараптары болып несие беруші мен борышкер болып табылады.
Осы баптың 1 тармағында көрсетілгендей, несие беруші мен борышкер ретінде
бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Несие беруші мен борышкермен қатар
міндеттемеге үшінші жақтың қатысуы да жіберіледі. Үшінші жақ ретінде
міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық
қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Міндеттеме үшінші жақ
міндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келісчімінде көзделген
реттерде міндеттеме үшінші жақтар үшін міндеттеменің бір немесе екі
тарапына да қатысты құқықтыр туғызуы мүмкін. (ҚР АК 27 бап)
Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке-
жеке алғанда олардың кез келгенінен де сондай-ақ түгелдей де, бөлшектеп те
борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне қанағаттанбаған
несие беруші алымдарын оламдарын олардың қалғандаранан талап етуге де
құқығы бар.
Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті
болып қала береді.
Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындалуы қалғандарын
несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады.
Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез
келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау
борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады.
Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің
талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие
берушіге осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.
Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие
берушілердің береуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын
борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына
негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ.
Азаматтық кодекстің 288-бабына сәйкес негізгі борышқор несие
берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда
бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға)
мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен
борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.
Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни
борышқор өзінің алған негізі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін
мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктеді. Мысалы,
субсидиялық міндеттеме заңды құрылтайшысының (меншік иесінің)
жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған
ондай заңды тұлғаның аурытпалығын негізгі қоғам көтеріп алады.
Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында
өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің
орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын
кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде
жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен
ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы
тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да
сондай құқықтарының біріне нақты міндеттемесі де кіреді.
Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке құқық қабылдаушылық
жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір
міндет өткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады.
Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде
жүзеге асады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады
(АК-тің 339-347 және 348-баптары).
Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие
берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге
асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне
қарыз алушыдан алған қарызды қайтаруды талап ету құқығын қалдыратын. Талап
етуді біреуге (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, оның
күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді
жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке
басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке
басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және
азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтіріген зиянның орнын толтыру
жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді (АК-тің 340-
бабы).
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң
құжаттарында немесе шарта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап
етілмейді (АК-тің 339-бабы 2-тармағы).
Дейтұрғанмен талап етуді беру шарты жасалғанда бұл еске салынуы
тиіс. Егер несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде
борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын
өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. бұл жағдайда бастапқы несие берушіге
міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады (АК-
тің 339-бабы 3-тармағы).
Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы
несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған
көлемде және сондай жағдайларда аусады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге
міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықты, соның
ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар
(АК-тің 341-бабы). Борышқор талаптардың осы адамаға ауысқанына
дәлелдемелері өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді
орындамауға құқылы (АК-тің 342-бабы 1-тармағы).
Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету
құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін
маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті (АК-тің 342-бабы 2-тармағы).
Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге
ауысқаны туралы хабарды олар кезінде бастапқы несие берушіге қоймақшы
болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы
(АК-тің 343-бабы).
Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие
берушінің құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай
жағдайлардың болуы негізінде:
1) несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде;
2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі мүмкіндігі көзделсе, несие
беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3) міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме
бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы
нәтижесінде;
4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие
берушінің құқықтарын алып берген кезде;
5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.
Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн – несие беруші, борышқор
және үшінші тұлған арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі
келісім шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие
берушінің келісімімен ғана жол беріледі (АК-тің 348-быбы). Бұл түсінікті
де, өйткені несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой.
Сондай-ақ борышқорының тындырысды әрі төлем алатын қабілеті болғанын
қалайды.
Оның үстіне бұрынғы борышқордың міндеті жанасына айна-қатесіз ауысуы
шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы
қатынастарға негізделеген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы
қоюға құқылы (АК-тің 348-бабы 2-тамағы). Борыштың ауысуымен бірге үшінші
жақтың тағайындаған кепілі мен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол
кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге
келісілген жағдайда ғана күшін жоймайды.
Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе-талап
етуді беру нысанына сәйкес тиіс (АК-тің 348-бабы 1 және 2-тармақтары).
Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме
ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор
орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері қоюға құқылы, осыны
регрестік міндеттеме деп атайды.
Азаматтық кодексін 289-бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері
салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді
талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған
борышқорлардың әрқайсына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен
кері талап қоюға құқылы.

II Міндеттемені тоқтату және оны бұзғаны үшін жауаптылық
2.1. Міндеттеме өзгертуі және тоқтатылу реттері.
Міндеттемелердің өзгертілу және тоқтатылу негіздеріне жататын заң
фактілер оқиға және әрекет болып екі түрге бөлінеді. Оқиғалар адам санасына
байланысты емес болса, әрекеттер адам санасына байланысты болады, және
адамдардың белсенді іс-қимылдары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар,
олар пассивті мінез-құлықтан да туындауы мүмкін. Мысалы, оқиғаларға, валюта
құнының түсіп қалуы жатса, әрекеттерге, меншік иесінің өз мүлкін саналы
түрде жойып жіберуі жатады.
Құқықты өзгертуші фактілерді құқықты тоқтатушы фактілерден ажырату
керек. Олардың негізгі айырмашылығы құқықтық қатынастар өзгерген кезде
олардың негізгі мәні сақталады, бірақ оның субъектілік құрамығ пәні, т.б.
өзгертіледі. Басқаша айтқанда, егер өзгерістер бір міндеттемені басқа
міндеттемемен алмастыруды көздемесе, ол міндеттемені өзгерту болып
табылады. Міндеттемені өзгертудің бір түрі болып міндеттемедегі тараптарды
өзгерту табылады. немесе, мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша теледидар
сатылатын болса, ал кейін сатып алу сату шарты бойынша бейнемагнитофон
сатылатын болса, бұл кезде міндеттеме тоқталымайды. Міндеттеменің тараптары
болып сол адамдар қала береді, тек қана оның пәні мен бағасы өзгереді.
Яғни, бұл кезде міндеттеме негізі болып табылатын шарттың тек қана
жекелеген элементтері өзгеріп отыр.
Ал міндеттемені басқа міндеттемемен алмастырған кезде алдынғы
құқықтық қатынастар тоқтатылады.
Міндеттемелерді өзгертудің негіздері Азаматтық кодекспен өзге заң
актілерімен, өзге де актілермен немесе шартпен көзделуі мүмкін.
Міндеттемені өзгерту де, тоқтату да тараптардың келісімімен көзделуі
мүмкін. Міндеттемені өзгерту туралы келісім міндеттеме жасалған нысанда
жасалады. Мысалы, қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы шарт
мемлекеттік тіркеуден өту керек болса, оны өзгерту туралы келісім
мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Бірақ, заң актілерімен тараптардың
келісімі арқылы міндеттемені өзгерту мүмкіндігіне жол берілмеуі мүмкін.
Атап айтқанда, бұл ережеде әкімшілік актімен енгізілген міндеттемеге
қатысты болады.
Кейбір жағдайларда міндеттеме тараптардың біреуінің талабы бойынша
өзгертілуге жатады. Бұл мүмкіндік шартта көзделуі мүмкін. Міндеттемені
өзгерту туралы келісім тараптар ол туралы келісімге келген кезден бастап
күшіне енеді. Бұл жалпы ереже, тараптардың келісімен немесе заң актілерімен
олардың өзге де күшіне ену мерзімдері көзделуі мүмкін.
Міндеттеме бір жақты тәртіпте екінші тарап өзінің міндеттемелерін
едәуір бұзған жағдайда өзгертіледі. Елеулі болып екінші тарап жасасу
нәтижесінде алуы керек пайдасынан айырылатындықтай екінші тараптың өз
міндеттемелерін бұзуы табылады. міндеттемені бір жақты тәртіпте өзгерту
үшін жалпы ереже бойынша сот шешімі керек. Егер міндеттемені біржақты
тәртіпте бұзу мүмкіндігі болса, онда оны бұзудың ерекшеліктері тараптардың
біреуі немесе екеуі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру асырмауына байланысты
болады. Егер тараптардың кем дегенде біреу кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын болса, онда, мысалы тапсырма шартын тараптардың біреуінің
бастамасымен бұзған кезде екінші тарапты бір ай бұрын ескертуі керек, егер
одан ұзақ мерзім заң актілерінде немесе тараптардың келісімімен көзделмесе.
Міндеттеме жағдайдың елеулі түрде өзгертілуіне байланысты тоқтатылуы
мүмкін.
Егер міндеттемені бір жақты тәртіппен бұзудың негізі ретінде екінші
тараптың өз міндеттемелерін елеулі түрде бұзуы болып табылса, онда екінші
тарап кінәлі тараптан залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Міндеттемені тоқтату дегеніміз тараптардың міндеттеме мазмұнын
құрайтын құқықтары мен міндеттерінің тоқтатылуы.1
Міндеттемелерді тоқтатудың негіздері:
1) тараптардың еркі бойынша пайда болатын жағдайлар (міндеттемені тиісінше
орындау, бас тарту төлемі, міндеттемені есепке алу, міндеттеменің
жаңғыртылуға байланысты тоқтатылуы, борышты кешіру);
2) тараптардың еркіне байланысты емес негіздер бойынша міндеттемені тоқтату
(борышқор мен несие берушінің бір тұлға болуы, міндеттемені орындаудың
мүмкін еместігі, мемлекеттік орган актісін шығару, азаматтың өлімі, заңды
тұлғаны тарату).2
Міндеттемені тараптардың біреуінің талабы бойынша тоқтатуға тек
заңмен көзделген реттерде ғана жол беріледі.
Міндеттемелерді тоқтатудың негіздерінде құқықты тоқтатушы заңы
фактілер табылады.
Міндеттемені тоқтатудың негіздері Азаматтық кодекстін 367-бабы 1-
бөлімі көзделген. Бірақ, олардың негіздерінің тізімі шекті болып
табылмайды. Міндеттемені тоқтатудың өзге де негіздері заң актілерімен
немесе шартпен көзделуі мүмкін.
Міндеттемені бір жақты тәртіпте тоқтату болып міндеттемені
орындаудан бір жақты бас тарту табылады.
Міндеттемені тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің болуы міндеттеме
сияқты рәсімделуі тиіс. Мысалы, егер міндеттеме қолхат арқылы рәсімделген
болса, несие беруші міндеттеме тоқтатылған жағдайда қолхатқа сол жөнінде
жазба жазып оны қайтаруға міндетті. Егер қолхатты ол жойылу, жоғалу
нәтижесінде борышқорға қайтару мүмкіндігі болмаса, несие беруші борышқорға
жаңа қолхат жазып береді.
Міндеттемелердің тоқтатылуының әр түрлі негіздері бар Азаматтық
кодексте олардың тек қана ең көп тараған түрлері көзделген. Практикада
міндеттемелерді тоқтатудың өзге негіздері орын алуы мүмкін. Олардың
Азаматтық кодексте аталып көрсетілмеуі оларды мүдде пайдалануға болмайды
деген сөз емес.
Міндеттемені тоқтатудың азаматтық кодексте көзделген тәсілдерін атап
қарастырайық.
Міндеттемелерді тоқтатудың дәстүрлі негізі болып оны орындау
табылады.
Орындау міндеттемелік құқықтық қатынастардың табиғи түрде аяқталуы
болып табылады. бірақ, міндеттемелер кез келген орындау арқылы емес, оны
тиісті түрде орындау арқылы тоқтатылады. Егер міндеттеме тиісті
орындалмаса, онда міндеттеменің өзгертілуі орын алады.3
Міндеттеменің орындалуы шарт рәсімделген сияқты рәсімделеді. Мысалы,
шарт жазбаша жасалған болса, оның орындалуы да жазбаша нысанда рәсімделуі
тиіс. Егер міндеттемені оның тарапты дұрыс түрде орындамаса, ол
тоқтатылмайды, ол борышқор үшін қосымша жүктеулермен күрделенеді. Мысалы,
егер міндеттеменің орындалуы айып арқылы қамтамасыз етілген болса, борышқор
айыпты төлеуге міндетті болады. Немесе, міндеттеменің орындалуы кепіл
арқылы қамтамасыз етілген болса, міндеттеме орындалмаған немесе тиісті
дәрежеде орындалмаған кезде кепіл пәні болып табылатын мүлік несие берушіде
қалады.
Тек қана тараптар міндеттемеден туындайтын барлық әрекеттерді тиісті
дәрежеде жасаған кезде ғана міндеттеме тоқтатылады.
Сонымен қатар, борышқорға шартпен өзінің міндеттемесін орындаған соң
несие берушіге құжаттарды беру міндеті де көзделуі мүмкін. Ол құжаттар
міндеттеме сипатына қарай әр түрлі болуы мүмкін.
Мысалы, ол сенімхат болуы мүмкін, несие сақтандыру шартына сәйкес,
сақтандыру полисі болуы мүмкін. Ол борышқордың міндеттемені орындағандығы
туралы есебі болуы мүмкін.
Егер мүмкіндіктің болмауы борышқор жауап бермейтін жағдайлардан
туындаса, орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеме тоқтатылады. Бұл
ереженің күші ақшалай міндеттемелерге қолданылмайды.
Тараптың өзі де, екінші тарап та міндеттемені орындай алмайтын ретте, егер
заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бір тараптың екінші тараптан
міндеттемені орындауды талап етуге құқығы жоқ.
Бұл орайда міндеттемені орындаған әрбір тарап орындалғанды қайтаруды
талап етуге құқылы. Немесе шартта, міндеттемені жекелеген мерзімдерде жасау
немесе этаптармен жасау міндеті көзделуі мүмкін.
Мысалы, мердігерлік шарт бойынша мердігер жұмысты кезең-кезеңмен
орындау міндеті көзделуі мүмкін. Осы жағдайда тапсырыс беруші сол
жұмыстарды орындалу кезеңдерін қабылдап алуға міндетті болып табылады.
немесе тауар жеткізілімі шарты бойынша тауарларды тоқсан сайын жеткізіп
тұру міндеті көзделуі мүмкін. Бұл жерде есеп беру мерзімі болып әр тоқсан
саналады.
Боышқор несие берушінің әрекеттері кінәсінен міндеттемені орындауға
мүмкіндігі болмаған жағдайда несие берушінің одан міндеттеме бойынша
атқарғанын қайтаруды талап етуге құқылы.4
Міндеттемені орындауға мүмкіндік болмағаны объективті мән-жайлар
нәтижесінде болуы тиіс. Міндеттемені орындаамау мүмкіндігі міндеттеме пәні
болып табылатын заттар азаматтық айналымнан алынып тастаған реттерде де
туындайды.
Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту
төлемін беру (ақша төлеу, мүлік беру және т.б.) арқылы тоқтатылуы мүмкін.5
Бас тартудың мөлшерін, мерзімдерін және тәртібін тараптар
белгілейді. Міндеттемені тоқтатудың осы негізі шарт жасасу кезінде де,
міндеттемені орындау кезінде де көзделуі мүмкін.
Міндеттеме мерзімі жеткен не мерзімі көрсетілмей немесе мерзімі
талап ету кезімен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы
толық немесе бөлік бөлігімен тоқтатылады. Есепке жақызу үшін бір тараптың
өтініш жеткілікті болып табылады. Есепке алу үшін үш шарт орындалуы қажет:
1) алынатын талаптар қарсы талаптар болуы тиіс. Мысалы, міндеттеме
тараптары біріне бірі міндетті болуы тиіс;
2) талаптар біртектес болуы тиіс. Яғни, талаптар әр түрлі болмауы тиіс,
олардың құны, орындалу тәсілдері бірдей болуы тиіс;
3) екі талап бойынша орындау мерзімі туған болуы тиіс.
Мына талаптарды:
1) егер тараптардың бірінің өтініш бойынша талапқа заңды талап мерзімін
қолдануға болса және ол мерзімі өтіп кетсе. Яғни, бұл талап азаматтық
қорғау аясынан шығып кеткен болып есептеледі;
2) азаматтық өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу кезінде. Бұл
талаптар есепке алынуға олардың объектісінің ерекшеліктерін байланысты
жатпайды;
3) алимент өндіріп алу туралы. Бұл талаптар жекелік сипатына ие
болатындықтан, оларды есепке алуға жол берілмейді;
4) өмір бойы асырауда ұстау туралы талаптарды. Бұл талаптардың да
ерекшелігі олардың жекелік сипатында отыр;
5) заңдарда немесе шарттарда көзделген басқа да жағдайларда есепке
жатқызуға жол берілмейді.
Осы талаптарға қатысты есепке жатқызуға болмайтындық осы талаптардың
ерекшелігімен, мемлекет үшін маңыздылығымен шартталады. Осы талаптар тек
қана міндетті тұлғаның, яғни борышқордың өзімен орындалуы тиіс және өзінің
тиісті күйігде орындалуы тиіс, оларды есепке жатқызуға болмайды.
Талап өзгеге өткен борышқор жаңа несие берушінің талабына қарсы
өзінің бастапқы несие берушіге кері талабын есепке жатқызуға құқылы. Егер
талап борышқор талап етуді беру туралы хабарды алған кездегі негізден
туындаса және талап мерзімі оны алғанға дейін не ол мерзім көрсетілмесе
немесе талап ету кезімен белгіленсе, ол есепке жатқызылады.
Міндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы міндеттемені аустыру
туралы келісіммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын
немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты)
тоқтатылады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу
бойынша міндеттемелерге қатысты жаңғыртылу қолданылмайды. Бұл ереже де
азаматтың өмірі мен денсаулығы мемлекеттің ең қымбат қазынасы деген
конституциялық қағиданы растап отыр.
Міндеттеме, сонымен қатар, борышқор мен несие беруші бір тұлға болуы
салдарынан тоқтатылады. Мысалы, мүлік мұрагерлік тәртібімен борышқордан
несие берушіге ауысады.
Несие беруші борышқорды мойнына алған міндеттемелерінен босатқанда,
егер бұл несие берушінің мүлкіне қатысты басқа адамдардың құқықтарын
бұзбайтын болса, міндеттеме тоқтатылады.
Міндеттеме мемлекеттік органның актісі нәтижесінде толығымен немесе
ішінара орындалуға жалпайтын болса, толығымен немесе сол бөлігінде
тоқтатылады. Егер сол акт белгіленген тәртіппен жарамсыз болып танылса,
жалпы ереже бойынша, міндеттемелік қалпына келтіріледі.
Егер міндеттемені орындау борышқордың жеке өзінің қатысуынсыз
жүргізілмейтін болса не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен
ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен міндеттеме
тоқтатылады. Егер міндеттемені орындау несие берушінің жеке өзіне арналса
не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты
болса, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады.
Таратылған заңды тұлғаның міндеттемесін орындау заңдармен басқа
заңды тұлғаға жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, міндеттеме заңды
тұлғаның таратылуына байланысты тоқтатылады.

2.2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық
жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық
жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық
бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі
азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз
етілген қосымша мүлікті айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік
азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп
анықталады.
АК-ның 394-бабына сәйкес міндеттіменің бұзылғандығы, міндеттімені
мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме
мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау, тиісінше орындамау
оның бұзылуы деп түсіндіріледі. Осы баптың 2-ші-тармағына сәйкес,
міндеттемені бұзғандық үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушінің талап
етуі бойынша жүргізіледі.
Міндеттемені бұзғандық үшін – жауаптылық мынадай формада болады:
шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын өтеу; кепілпұлды жоғалту не кепілпұлдың
қайтарылған сомасынан басқа қосымша сома төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге
бағытталған мәміле бойынша алынғанның бәрін мемлекет пайдасына тәркілеу;
кепілге салынған мүлікке, сондай-ақ ұстап қалу ережесіне сәйкес ұстап
қалынған мүлікке меншік құқығын жоғалту; моральдік залалдың орнын толтыру
және т.б.
Борышкердің немесе үшінші жақтың құқық бұзуына негіз болған және
құқық бұзушыға қосымша мүліктік айыруды жүктейтін кез келген айрықша
қосымша міндеттеме міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық
жауаптылықтың формаларына жатады. Міндеттемені бұзғандық үшін
жауаптылықтың көп таралған түрлеріне шығынды өтеу мен тұрақсыздық айыбын
жатқызуға болады.
Шығынды өтеу азаматтық – құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып
табылғанмен, ол кез келген субъективтік азаматтық құқықты қорғауда
қолданыла алмайды. Шығындар ұғымы және азаматтық құқықты қорғаудың
шығындарды өтеу сияқты тәсілдерін азаматтық құқықты бұзудың барлық
жағдайларында қолдану мүмкіншілігі АК-те нақтыланып көзделген.2 АК-ның 350-
бабына сәйкес, өз міндеттемесін орындамаған немесе тиісінші орындамағна
борышкер несие берушіге міндеттемені бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге
міндетті, яғни құқық берілген адамды шығынға отырғызған кез келген
азаматтық құқық бұзушылықта шығындарды өтеуге жол берілген.
Шығындарды толық көлемде өндіртіп алу мүмкіндігін шектеу заң
актілерінің нормаларында немесе шартта көзделеді.
Шығындарды толық өтеу принципі құқықтың бұзылуына байланысты несие
берушіде туындаған нақты залалдың да, және жіберіп алынған пайданың да
өтелуін көздейді.
Нақты залал деп отырғанымыз, өз құқығының бұзылуына байланысты несие
беруші жұмсаған шығындардың жиынтығы, оған жоғалған не бүлінген мүліктерді
қалпына келтіру шығындары да кіреді.
Несие берушінің құқығы бұзылмағанда ол дағдылы айналым жағдайында
алуы мүмкін табыстың кемшілігі қолдан жіберіп алынған пайда деп түсініледі.
Қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің оны
алу үшін жүргізген шаралары да, сол табысты алу мақсатында жасалған
дайындық жұмыстары да ескеріледі.
Субъективтік міндеттемелік құқық бұзылғанда барлық уақытта бірдей
шығын бола бермейді, не шығын өзіне тек нақты залалдарды немесе қолдан
жіберіліп алынған пайданы ғана қамтуы мүмкін. Сондықтан шығындарды көрсету
үшін “нағыз шығындар” термині де қолданылады, ол нақты құқық бұзудағы
шығынды көрсетеді. Тиісінше, нағыз шығындар ұғымына белгілі бір нақты мән-
жайларда не тек нақты залал, не тек қолдан жіберіліп алынған пайда, не
нақты залал мен жіберіліп алынған пайданың жиынтығы кіруі мүмкін. Мысалы,
заң актілерінде немесе шартта шектеулі жауапкершілік көзделген болса, нақты
шығындардың сомасы борышкерден өндіріп алуға болатын шығындардың мөлшерінен
асып түсуін мүмкін.
АК-ның 358-бабына сәйкес, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік
жүктегенде толық принципін ұстанбау, әдетте, заң актілерінің
міндеттемелердің кейбір түрлерін не қызметтің белгілі бір саласын реттеумен
байланысты нормаларында көзделген.
АК-ның 350-бабының 3-тармағына сәйкес, шығындардың мөлшерін
анықтағанда, егер заңнамада немесе шартта өзгедей көзделмесе, шығынды
есептеудің абстрактылық тәсілімен шығындарды есептегенде шарттық баға емес,
міндеттеме орындалуға тиісті жердегі нарықтық баға алынуы мүмкін. Осыған
байланысты, мынадай бағалар негізге алынады: не, жалпы ереже бойынша,
шартқа сәйкес міндеттемені орындау кезінде тауар рыногындағы баға; не,
бұзылған міндеттемені еркімен орындағанда, борышкер несие берушінің
талаптарын орындаған кездегі баға; не, міндеттеме сот арқылы мәжбүрлеп
орындалғанда, талап қойылған, шешім шығарылған немесе іс жүзінде төлем
жасалған күнгі баға.
Жауапкершілік шарасының тағы бір кең таралған түрі – тұрақсыздық
айыбы. Жалпы ереже бойынша, егер міндеттемені орындамағандық үшін
тұрақсыздық айыбы көзделсе, онда шығынның тұрақсыздық айыбы жаппаған бөлігі
өтеледі. Сонымен қатар заңнамада немесе шартта мынадай жағдайлар көзделуі
мүмкін: тек тұрақсыздық айыбы ғана өндіріледі; шығын толық мөлшерде
тұрақсыздық айыбына үстеме өндірілуі мүмкін; несие иесінің қалауы бойынша
не тұрақсыздық айыбы, не шығындар өндірілуі мүмкін.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктің шығындарды өтеу және
тұрақсыздық айыбын төлеу сияқты шараларын қарағанда бұл шаралардың
боышкерді міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлеу жөніндегі шаралармен ара
қатынасы, яғни жауапкершіліктің міндеттемені заттай орындаумен ара қатынасы
туралы мәселені айналып өту мүмкін емес.
Міндеттемені нақты орындау принципі міндеттемелік құқық
қатынастарының негізге алынатын жалпы азаматтық – құқықтық принципі болып
табылады. бұл принцип заңнаманың міндеттеме мен міндеттемелік құқық
қатынастарын реттейтін нормаларынан, атап айтқанда, АК-ның міндеттемені
тиісінше орындау туралы, міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол
берілмейтіндігі туралы АК-ның 273-бабында, орындаумен міндеттемені тоқтату
туралы АК-ның 367, 368-баптары және т.б. нормаларынан, сондай-ақ АК-ның
дара-белгілі бір заттарды беру жөніндегі міндеттемені бұзғандық үшін сол
затты мәжбүрлеп алып қою оны несие берушіге беру сияқты салдарлар көзделген
355-бабының нормаларынан туындайды.
Сонымен қатар, шаруашылық жүргізудің нарықтық негізі, нарықтық
қатынастар ақшаға оның негізі функциясын – құн өлшемінің функциясын беруді
көздейді. Құн өлшемі бола тұрып ақша, нарықтық шаруашылық жүргізу және
кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестік жағдайында, сонымен қатар, нарықтық
сауда жағдайында қалыптасқан бағаны бейнелейтін айналым құралы болып отыр.
Нарықтық негіздерге сүйенген мүліктік айналымның кейбір субъектісінің
пікірінше, ақша өтемін алу, көбіне орындауды заттай алумен бара-бар. Ол,
негізінен, тауарды заттай алуды қамтамасыз етеді, себебі, ақша алғаннан
кейін несие беруші борышкердің заттай бере алмағанын рыноктан ала алады.
АК-ның 345-бабының 1-тармағында, жалпы ереже бойынша, міндеттеме
тиісінше орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу
міндеттемені зат түрінде орындаудан борышкерді босатпайды. Заң актісімен
немесе шартпен өзгедей өзгедей тәртіп белгіленуі мүмкін. Атап айтқанда,
тараптардың келісімімен міндеттемелерге жаңалау жүргізілуі немесе бас тарту
төлемі жасалып міндеттеме тоқтауы мүмкін.
Керісінше, міндеттеме орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу
және шығындарды өтеу, жалпы ереже бойынша, АК-ның 345-бабының 3-тармағына
сәйкес, борышкерді міндеттемені зат түрінде орындаудан босатады. Шығындар
құрамына бұл жағдайда несие берушінің міндеттемені борышкердің есебінен
үшінші жақтың орындауына байланысты жасаған шығындары да кіруі мүмкін.
Тиісінше орындалмаған жағдайда, жалпы ереже бойынша, заң актісімен немесе
шартпен өзгедей тәртіп анықталуы мүмкін. Мысалы, бірқатар жағдайларда
тұрақсыздық айыбын төлеуді және шығындарды өтеуді несие беруші
қанағаттандыруы мүмкін. Мысалы, егер рынокта сондай тауар болмаса немесе
ондай қызмет көрсетілмесе, не міндеттемеде теңдесі жоқ немесе ондай иелену
өте қиын өте дара – белгілі бір затты жасау көзделсе, атап айтқанда
міндеттеме нысаны жылжымайтын мүлік объектісі болып табылса.
Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікке
топтастыру әртүрлі критерийлер негізінде жасалынады.
Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, суьектілері, құқық
бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айыруға болады.
Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс деп бөлінеді.3
Шарттық жауапкершілікке шарт бойынша контрагенттің жауапкершілігі
жатадыб мысалы, сатушының, жалдаушының, сақтаушының жауапкершілігі. Егер,
азаматтық заңнаманың міндеттеменің кейбір түрлерін реттейтін нормалары
императивтік міндеттеу көздемеген болса, шарттық міндеттемеде тараптардың
келісімімен жауапкершіліктің шектерін өзгерту, жауапкершілікті шектеу және
т. б. мүмкін болады.
Шарттан тыс жауапкершілік, әдетте, азаматтық құқықтың қандай да бір
шартсыз міндеттеме туындау жағдайын, борышкердің мұндай міндеттеме бойынша
жауапкершілігін, жауапкершілік шектерін, құқық бұзушылықтың құрамы және т.
б. қарастыратын императивтік нормалардың арқасында туындайды. Шарттан тыс
жауапкершілікке, мысалы, борышкердің сыйақыға көпшілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
Мердігерлік шартының жауапкершілігі
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Азаматтардың мүліктік емес құқықтары оны қорғау тәсілдері
Мүліктік емес құқықтар ұғымын ашу, оның қалыптасу негіздерін анықтау, азаматтық құқықтағы қалыптасқан нормаларын талдау
Мүліктік емес жеке құқықтар
Пәндер