Пестицидтермен ластану проблемасы



Кіріспе
1 Пестицидтермен ластану проблемасы
2 Қазақстан Респуликасының қоршаған ортасының хлорорганикалық пестицидтермен ластануы
3 Тұрақты органикалық пестицидтердің жалпы сипаттамасы
4 Өсімдік ұлпаларына пестицидтердің сіңірілуі, жинақталуы, метоблизмі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкес – насекомдардан, арам шөптерден және саңырауқұлақты аурулардан қорғауда пестицидтерді қолдану агротехникалық әрекеттің басты кезеңдерінің бірі болып табылады. Соңғы онжылдықта биосфера ксенобиотиктермен, оның ішінде пестицидтермен ластануда. Олар тірі организмнің клеткаларына еніп, физиолого – биохимиялық және генетикалық құрылымын бұзады.
Қазақстанға Кеңес одағынан «экологиялық мұра» ретінде үлкен көлемде көнерген жарамсыз пестицидтер, олардың ластанған ыдыстары, ұзақ уақыт бойы сақталған қоймалары қалған. 1962-1986 жылдары аралығында 1773,6 тонна инсектицидтер, 2789,3 тонна фунгицидтер және 11.214,1 тонна гербицидтер пайдаланылған . Көнерген пестицидтермен ластану көрсеткіші Қазақстанның барлық облыстарында дерлік жоғары. Қазіргі кезде бұл территориялар «ластану нүктелеріне» айналған, олар қоршаған ортаға және адам денсаулығына экологиялық қауіп төндіріп, зиянын тигізуде. Бұл пестицидтердің алғашқы орнынан алшақ жерлерге таралып, «азық тізбегі» арқылы тірі организмге енуіне байланысты. Сондықтан көптеген елдерде осындай «ластану нүктелерін» жою әдістерін іздеу өзекті мәселе болып отыр. Бұндай жерлерге, тек қана коймалар ғана емес, сонымен бірге, оның айналасындағы территориялар және көптеген жылдар бойы пестицидтермен өңделген егістік алқаптар да жатады.
Экологиялық биотехнологияның ластанған топырақтарды ремидиациалаудағы кең ауқымды қарастырылатын әдістердің бірі - фиторемидиация. Фиторемедиация – эко¬но¬микалық тиімді және экологиялық қауіпсіз технология. Бұл өсімдіктердің топырақтағы және судағы ксенобиотиктерді аккумуляциялау немесе өз ұлпаларына токсиканттарды метоболиздеу арқылы төмендету сияқты физиологиялық қабілеттеріне негізделген.
Қазіргі кезде пестицидтерді аккумуляциялайтын және детоксикациялық беленділігі жоғары табиғи өсімдік түрлерін зерттеу Қазақстан үшін өзекті, ал оларды ластанған топырақтарды фиторемидиациялау үшін қолдану экологиялық биотехнологиядағы перспективті бағыт болып табылады.
1. Г.Ж. Уәлиханова “ Өсімдіктер биотехнологиясы ”
2. Aуэрбах Ш. Проблемы мутагенеза. – М.: Мир, 1978. – 452 с.
3. Касимов Н. Экогеохимия городских ландшафтов.– М.: МГУ, 1995.–336 с.
4. Borner H. Pesticides in ground and surface water // In Chemistry of Plant Protection. - N.Y.: Springer-Verlag, 1994. – Vol. 9. – Р. 25-40.
5. Мельников Н.Н. Пестициды. Химия, технология и применение. – М: Химия, 1987. – 711 с.
6. Дубинин Н.П., Пашин Ю.И. Мутагенез и окружающая среда. – М: Наука, 1978. – 130 с.
7. Соколов М.С., Олейников Р.Р. Пути предотвращения загрязнения почвы остатками пестицидов. – М: ВНИИИТЭИСХ, 1976. – 52 с.
8. Соколов М.С., Галиулин Р.В. Факторы биоразложения в почве нелетучих пестицидов // Экологические последствия применения агрохимикатов (пестицидов). – Пущино: ОНТИ, 1982. – С. 130-137.
9. Мельников Н.Н. Пестициды и окружающая среда // Агрохимия. –1990.- № 12. – С. 71-94.
10. Медведь Л. Справочник по пестицидам. – Киев: Урожай, 1977. – 376 с.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1 Пестицидтермен ластану проблемасы
2 Қазақстан Респуликасының қоршаған ортасының хлорорганикалық
пестицидтермен ластануы
3 Тұрақты органикалық пестицидтердің жалпы сипаттамасы
4 Өсімдік ұлпаларына пестицидтердің сіңірілуі, жинақталуы, метоблизмі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкес – насекомдардан, арам шөптерден және
саңырауқұлақты аурулардан қорғауда пестицидтерді қолдану агротехникалық
әрекеттің басты кезеңдерінің бірі болып табылады. Соңғы онжылдықта биосфера
ксенобиотиктермен, оның ішінде пестицидтермен ластануда. Олар тірі
организмнің клеткаларына еніп, физиолого – биохимиялық және генетикалық
құрылымын бұзады.
Қазақстанға Кеңес одағынан экологиялық мұра ретінде үлкен көлемде
көнерген жарамсыз пестицидтер, олардың ластанған ыдыстары, ұзақ уақыт бойы
сақталған қоймалары қалған. 1962-1986 жылдары аралығында 1773,6 тонна
инсектицидтер, 2789,3 тонна фунгицидтер және 11.214,1 тонна гербицидтер
пайдаланылған . Көнерген пестицидтермен ластану көрсеткіші Қазақстанның
барлық облыстарында дерлік жоғары. Қазіргі кезде бұл территориялар ластану
нүктелеріне айналған, олар қоршаған ортаға және адам денсаулығына
экологиялық қауіп төндіріп, зиянын тигізуде. Бұл пестицидтердің алғашқы
орнынан алшақ жерлерге таралып, азық тізбегі арқылы тірі организмге
енуіне байланысты. Сондықтан көптеген елдерде осындай ластану нүктелерін
жою әдістерін іздеу өзекті мәселе болып отыр. Бұндай жерлерге, тек қана
коймалар ғана емес, сонымен бірге, оның айналасындағы территориялар және
көптеген жылдар бойы пестицидтермен өңделген егістік алқаптар да жатады.
Экологиялық биотехнологияның ластанған топырақтарды ремидиациалаудағы
кең ауқымды қарастырылатын әдістердің бірі - фиторемидиация. Фиторемедиация
– экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз технология. Бұл
өсімдіктердің топырақтағы және судағы ксенобиотиктерді аккумуляциялау
немесе өз ұлпаларына токсиканттарды метоболиздеу арқылы төмендету сияқты
физиологиялық қабілеттеріне негізделген.
Қазіргі кезде пестицидтерді аккумуляциялайтын және детоксикациялық
беленділігі жоғары табиғи өсімдік түрлерін зерттеу Қазақстан үшін өзекті,
ал оларды ластанған топырақтарды фиторемидиациялау үшін қолдану экологиялық
биотехнологиядағы перспективті бағыт болып табылады.

1. Пестицидтер проблемасы

Қазіргі кезде ауылшаруашылығында, өнеркәсіпте, медицинада, және тұрмыста
әртүрлі жасанды химиялық синтезделетін (пестицидтер, азықтық косындылар,
дәрілік препараттар, бояғыштардетергенттер т.б) заттарды қолданады, олардың
саны жылдан – жылға өсуде. Ресми тіркелген CAS сайының 2002 жылғы 14 
қаңтардағы мәліметі бойынша 191 149 111 тонна хлорорганикалық пестицидтер
тіркелген.
Пестицидтерді кең ауқымды пайдаланудағы ерекше маңызды мәселе
экономикалық қажеттіліктерге байланысты. Пестицидтер ( латынша pest –
зиянкес және zido –өлтіру) – жинақталған термин. Ол өзінің атауымен
ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестермен және ауруларымен, арамшөптермен
күресудегі әртүрлі заттарды құрайды. Пестицидтер – бұл
ауылшаруашылығындағы қолданылатын бірден бір зат, оның арқасында
ауылшарупшылық өнімін арттыруға болады. Әзірше, зиянкестермен күресте
биологиялық әдістер химиялық әдістерге қарағанда эффективтілігі жағынан
әлсіздеу, сондықтан жақын арада пестицидтерді қолдану қажеттілігі
төмендемейді. Алайда, көбінесе улыхимикаттарды қолданудағы қажетті ережелер
орындалмайды, бұл қоршаған ортада улыхимикаттардың сақталуына әкеліп
соғады, сонымен қатар, ол уланулар мен өндіріс орындарында келеңсіз
жағдайлар туғызады. Бұл өз кезегінде, базарға түсетін азық заттарда түседі.
Адам және қоршаған ортаға тигізген зардаптары жағынан көрсетілген осы
дәлелдердің барлығы химиялық қосылыстарға, оның ішінде, хлорорганикалық
пестицидтерге (ТОҚ) байланысты келтірілген.
Тұрақты органикалық қосылыстар алуан түрлі химиялық заттар тобынан
тұрады, олардың көп бөлігін пестицидтер құрайды. ТОЛ - р қауіптілігі мына
жағдайларға байланысты:
- өзінің толық ыдырауына дейін қоршаған ортада ұзақ уақыт бойы
сақталады, яғни, тұрақтылығымен сипатталады. Олар суда нашар ериді,
тек қана органикалық еріткіштерде ғана ериді.
- олардың көбісі ұшқыш, әртүрлі қоршаған орта факторларына төзімді
(температура, күн радиациясы, ылғал т.б). Бұл препараттардың
зиянкестерге деген әсерін күшейтеді. Жер шарының барлық бөлігіне
үлкен қашықтыққа және де, ТОЛ – дың жақын көзінен алыс мыңдаған
километр аймаққа дейін таралады;
- азықпен, сумен және атмосфералық ауамен бірге ТОЛ -р тірі организмдер
ұлпаларында жинақталады;
- адам және жануарлар организмдерін улап, кең ауқымды токсикалық
бұзылулар туғызады.
Осыған байланысты, 2001 жылы 23 мамырда Стокгольмде тұрақты органикалық
пестицидтерге қатысты 151 ел арасында халықаралық келісімге қол қойылды
[16]. ТОҚ - тар тізімінде қоршаған ортаға орасан қауіп төндіретін 12
хлоорганикалық заттар, олардың 9 - ы пестицидтерге жатады: альдрин,
диэльдрин, эндрин, хлордан, гептахлор, мирекс, токсафен және
гексахлорбензол. Орта Азия және Солтүстік Шығыс Азия, оның ішінде Қазақстан
үшін, тағы да алты химикат атауы косылды: полиароматты көмірсулар,
органикалық сынап қосылыстары, органикалық калайы қосылыстары,
гексахлорциклогексан (ГХЦГ), өрт сөндіруге арналған бромдалған заттар және
пентахлорфенол.

2. Қазақстандағы қоршаған ортаны хлорорганикалық пестицидтермен ластау
көздері

Қазақстан 1991 жылға дейін Кеңес Республикалары ішінде өсімдіктерді
қорғайтын хлорорганикалық заттарды пайдалануда бірінші орында тұрды. 1962-
1986 жылдар аралығында инсектицидтердің 1773,6 тоннсы, 2789,3 тонна
фунгицидтер және 11.214,1 тонна гербицидтер қолданылған.
Республикада перзистентті пестицидтердің жоғарғы улылығына байланысты
ДДТ, гексохлоран 1971 жылы, гранозан 1986 жылдан бастап тыйым салынуына
қарамастан пайдаланғандықтан, олардың топырақ пен суда жинақталуына әкеліп
соқтырды. Мысалы, 1985 жылы Сырдария өзен суынан 4,9 мкгл ДДТ, 1986
жылы – 0,3 мкгл ДДТ, 0,2 мкгл ДДЕ, 11,4 мкгл ДДД, ал 1987 жылы – 0,7
мкгл ДДТ, 0,4 мкгл ДДД және 0,4 мкгл ДДЕ анықталған. Осы жылдар
көлемінде аймақта су үлгісінде ДДТ- ның 200 мкгкг анықталған суда
балықтардың қырылуы байқалған. Пестицидтердің қалдығы ірі қара малдардың
азығында және сүтінде анықталған.
Хлорорганикалық пестицидтердің қоршаған орта объектілерінде болуы,
қоршаған ортаның хлорорганикалық пестицидтермен ластануы Қазақстандағы
экологиялық өзекті мәселе болып отыр.
1990 жылдардағы ірі әлуметтік экономикалық қайта құрулар колхоз бен
совхоздарды ыдыратып, жерді жеке меншікке айналдыру, сонымен қатар
ауылшаруашылығының инфрақұрылымы көнерген және пайдаланылмаған
пестицидтердің жинақталуына әкелді. Сақтау мерзімінен асып кеткен және
орамаларының зақымдалуына байланысты пестицидтер жарамсыз болып қалған. Ал,
пестицидтер сақталған қоймалар бұзылып, ондағы жарамсыз және көнерген
пестицидтер күрделі химиялық қоспаға айналған. Қазіргі кезде пестицидтер
сақталған жерлерді қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіп төндіретін
полигон көзі ретінде ластанған нүктелерге айналды деуге болады. Адам және
жануарлар организміне зиянын тигізетін ластаушылардың улылығын жоюдың
дұрыс жолы, ластанған топырақтарды ремидиациялау.

3 Тұрақты органикалық пестицидтерге жалпы сипаттама

Заттардың кумилирлену қабілеті созылмалы уланудың қауіптілері
анықталды. Кумуляция деп – заттардың көптеп түсуінен организмде жинақталуын
немесе удың бірнеше мәрте ұзақ жинақталуына байланысты туатын патологиялық
өзгергіштікті шақыруын атайды. Организмге жинақталуына байланысты химиялық
байланысты 4 топқа бөледі: сыртқы кумулятивті – кумуляция коэффициенті 1-
ден төмен, айқындалған кумуляция- кумуляция коэффициенті – 1-3, біркелкі
кумуляция -3-5 және әлсіз айқындалған – 5-ке жетеді. Кумуляция коэфициенті
бірнеше мәрте енгізгенде жануардың 50 % -на өлім әкелетін организмге дозаны
1 мәрте енгізгенде жануардың 50 % -на өлім әкелетін заттардың суммарлы
дозасы.
Пестицидтер тұрақтылық деңгейлеріне бөлінеді: өте тұрақты – бұзылу
процессі 2 жыл бұрын басталады, тұрақты – жарты жылдан 2 жылға дейін
бірыңғай тұрақты – 1-6 айға дейін және аз тұрақты – шамамен 1 ай көлемінде.

Пестицидтің улылығын анықтау үшін, көбінесе орташа өлім туғызатын
доза (ӨД50), яғни жануардың 50 % өлім әкелетін доза қолданылады.
ЛД50-дің көлеміне байланысты улы химикаттар 4 топқа бөлінеді:
біріншісі – күшті әсерлі улы заттар, оның жоғары өлімге әкелетін дозалы
ЛД50 1кг жануар салмағына 50мг; екіншісі – жоғарғы улы заттар, орташа
өлімге әкелетін дозазы ЛД50 50-200 мгкг; үшіншісі – 200-1000 мгкг;
төртіншісі аз улы заттар, өлімге әкелетін дозасы 1000 мгкг.
Ауылшаруашылық зиянкестерге әсері жөніне улы химикаттар:
1. Контактты. Зиянкестердің тері жамылғысына тигенде әсер ететін.
2. Жүйелі. Өсімдіктің тамыр жүйесіне еніп клетка шырынын зиянкестер
үшін улы етуі.
3. Ішекті. Асқорыту трактісі арқылы әсер етеді. Оны насекомдармен
кеміргіштерге қарсы қолданады.
4. Фумиганттар. Ауаны ластап, тыныс алу жүйесі арқылы әсер етеді.
Химиялық құрамына қарай оларды басты 3 топқа бөледі:
● Бейорганикалық қосылыстар (сынап қосылыстары, мыс, күкірт, фтор,
барий, бор, мышьяк, т.б. қосылыстары);
● Органикалық қосылыстар (хлорорганикалық, фосфоорганикалық,
синтетикалық пиретроидтар, нитрофенолдар, дитиокарболинді
қышқылдар, т.б.)
● Биогенді заттар, бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар,
өсімдіктер (перитриндер, антибиотиктер.
Қолданыс объектісіне қарай пестицидерді келесі топтарға бөледі:
1. инсектицидтер - өсімдіктерді насеком зиянкестерді қорғау үшін;
2. акарицидтер - өсімдіктерді кенелерден қорғау;
3. инсектоакарицидтер - өсімдіктерді кенелер мен насекомдардан бір
кезде қорғау;
4. овицидтер– зиянды насекомдар мен кенелердің жұмыртқаларын
жою үшін;
5. ларвицидтер – личинкаларын жоюға;
6. моллюскицидтер – өсімдіктерді моллюскалардан қорғау үшін;
7. ниматицидтер (жұмыр құрттар, фитогелминттер) – зиянды
нематодтардан өсімдіктерді қорғау үшін ;
8. фунгцидтер - өсімдіктерді саңырауқұлақты аурулардан сақтау;
9. родентицидтер (зооцидтер) – зиянкес кеміргіштермен күрес үшін;
10. бактороцидтер - өсімдіктерді бактерияльды аурулардан қорғау.
11. гербицидтер – арамшөптермен күрес үшін;
12. арбороцидтер – ағашты – бұталы өсімдіктерді жоюға;
13. альгицидтер – балдырларға қарсы;
Сонымен қатар пестицидтерді гигиеналық көрсеткіштеріне қарай
жіктейді:
1. Бластомогендігіне қарай:
- Адамдарда рак ауруларын туғызатын канцерогенділер.
- Канцерогенді – адамға және жануарларға жасалған тәжірибеде
дәлелденген.
- Аз канцерогенді – жануарларға тәжірибеде көрсетілген.
- Бластомогендікке күдікті – аз канцерогендер.
2. Мутагенділігіне қарай:
- Супермутагенді - 100 %-ға жануарларда, өсімдіктерде мутацияға
ұшыратады.
- Күшті мутагендер – 5-100 %-ға дрозофилаларды ұшыратады.
- Әлсіз мутагендер – 2-5 %-ға дрозофилаларды ұшыратады.
- Өте әлсіз мутагендер – 0,5-і % дрозофилаларды ұшыратады.
- Әлсіз мутагендер – 1-2 % дрозофилаларды ұшыратады.
3. Тератогенділігіне қарай:
- Айқын тератогендер - адамдарға құбыжықтар туғызады.
- Тератогендікке күмәнділер – жануарларға жасалған тәжірибелерде
құбыжықтар туғызды.
4. Эмбриотоксиколгиясына қарай:
- Таңдамалы эмбриотоксикалығы – басқа улы эффектілермен жүреді.
- Біркелкі эмбриотоксикалық – басқа улы әсерлермен қатар жүреді.
5. Аллергенді қасиеттеріне қарай:
- Күшті аллергендер – адамдардың көпшілігінде аз дозасының өзінде
аллергиялық реациялар туғызады.
- Әлсіз аллергендер – бөлек индивидумдарда аллергия туғызады(42).

Гексахлорбензол

Заттың номеклатура бойынша атауы ИСО: гексахлорбензол
Әсері бойынша атауы ИЮПАК: гексахлорбензол
Құрылымдық формуласы:

Эмпирикалық формуласы: C6 Cl6
Молекулярлық салмағы: 285
Сыртқы көрінісі – ақ кристалл зат.
Ерігіштігі: Суда ерімейді, ароматты көмірсутектерде, этанолда,
кетондар мен күрделі эфирде жақсы ериді.
Физикалық константы: қайнау т. 326 0С, балқ. т. 231 0С
Токсикологиялық әсері: ЛД50 тәжірибелік жануарларға ~ 1700 мгкг.
Термиялық және химиялық тұрақты, сондықтан ұзақ уақыт топырақта сақталып,
азық тізбегі арқылы адам және жануарлар организміне оның ішінде ана сүтіне
де енуі мүмкін. Перзистентілігі жағынан ДДТ өте қауіпті, сондықтан көптеген
елдерде оны пайдануға тыйым салынған. Оның гигиеналық мөлшері – 0,5 мкгкг.
Пайдалану аймағы: Басқа фунгицидтермен бірге астық тұқымдастарды
зиякестерден қорғау үшін пайдаланады.

Гексахлорциклогександар ((-, (- и (-изомеры)

Номеклатура бойынша заттың атауы ИСО: гексахлорандар, линдан ((-
изомер).
Заттың әсер етуі бойынша номенклатуралық атауы IUPAC (International
union of pure and applied chemistry): 1,2,3,4,5,6-гекса-хлорциклогексан.
Құрылымдық формуласы:
Гексахлорциклогексанның сегіз стереоизомерлері белгілі, олардың (-, (-
және (-изомеры практикада қолданылады.

(-изомер (-изомер

(-изомер

Эмпирикалық формуласы: C6Н6Cl6
Молекулярлық массасы: 291
Сыртқы көрінісі – ақ түсті кристалл зат.
Ерігіштігі: Гексахлорциклогексан суда аздап ериді, ((-изомердің
ерігіштігі 10 мгл), органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Изомерлердің
ерігіштігі әртүрлі еріткіштерде бірдей болмайды, (ең аз ерігіштік (-
изомерде), бұл олардың бөлінуіне қолданылады. Органикалық еріткіштердің
ішінде гексахлорциклогексан алкандарда, ароматты көмісутектерде жақсы
ериді.
Физикалық константалары: (-изомер - 158 0С та балқиды
(-изомер - 309 0С та
балқиды
(-изомер - 113 0С та
балқиды
Буының қысымы: 12,5.10-4 Па 20 0С та
Токсикологиялық әсері: ГХЦГ – жоғарылауы нейротропты уу, ол
эмбриотоксикалық, тері – резорбтивті және жергілікті ушықтырушы әсерлі.
ГХЦГ қан айналу жүйесін зақымдайды. Адам үшін летальды дозасы 15 грамм
болып табылады.
Қазақстан Республикасы ГХЦГ қолдануға рұқсат етілмеген.
Әсер ету зонасындағы ауаға қатысты ШРК - ші 0,05 мгм3, ал
атмосфералық ауада - 0,003 мгм3. Азық заттары үшін ХРК - ші сүт, етте және
сүт өнімдерінде - 0,005 мгкг, сары майда, балықта, майларда - 0,2 мгкг,
картопта, бұршақта, астықта - 0,5 мгкг. Топырақ үшін ХРК - 1 мгкг.
Пайдалану аймағы: Инсектицидтер. Инсектицидті белсенділікті
гексахлорциклогексанның (-изомері танытады (линдан препараты).

Гептахлор

Номеклатура бойынша заттың атауы ИС: гептазол, гептанал
Заттың әсер етуі бойынша номенклатуралық атауы ИЮПАК: 1,4,5,6,7,8,8-
гепта-хлор-3а,4,7,7а-тетрагидро-4,7 -метаноинден
Құрылымдық формуласы формуласы:

Эмпирикалық формуласы: C10Н7Cl7
Молекулярлы массасы: 375,5
Сыртқы көрінісі мен иісі – ақ түсті кристалл зат әлсіз камфорлы иісті.
Ерігіштігі: Суда мүлдем ерімейді, көптеген органикалық еріткіштерде
жақсы ериді, әсіресе ароматты көмірсутектерде, галогентүзуші
көмірсутектерде және кетондарда ериді.
Физикалық константасы: 117—126°С - та балқиды (6,7 Па). Бұл техникалық
өнім балауызтәрізді массалы, 46—74 °С - та балқиды. құрамында 65—72%
гептахлор, сонымен қатар хлордан, нонахлор, октахлор және т.б бар.
Токсикологиялық әсері: Пестицидтік препарат ретінде гептахлор
ауылшаруашылығы үшін өте улы зат.
Гептахлордың тірі организмдегі метаболизмінің өнімі эпоксигептахлор,
ол гептахлордың өзіне қарағанда, барлық тірі организм үшін улы.
Гептахлордың екі эпоксиді үшін балқу темпиратурасы 83—85 және 159—160 °С.
Насекомдар үшін 159—160 °С - та балқитын изомері қауіпті. Метаболизнің
келесі кезеңінде, хлордың бесбөлікті циклінде гидрокситопқа айналуы мүмкін.
Гептахлордың улылық әсері ондағы эпоксидтің жануарлар мен насекомдардың
организміне әсер етуіне байланысты.
Топырақта гептахлор, сол сияқты эпоксидке айналады, және топырақта
ұзақ уақыт сақталады.Топыраққа 25 кгга гептахлорды енгізгенде ол екі жыл
ішінде тек қана 90 % - ға ғана ыдырайды, әрі қарай ыдырауы одан да баяу
өтеді. Бес жыл өткеннен кейін топырақтағы гептахлор 0,4 мгкг болады.
Гигиеналық қауіпсіздік талаптары – 0,4 мкгкг.
Пайдалану аймағы: Гептахлор топырақтағы зиянкестермен күресу үшін
қолданылады ( мамыр және маусым қоңыздарының личинкалары, сұр қызылша
бізтұмсығы т.б.), сонымен қатар дәндерді бүлдірушілерге қарсы инсектицид
ретінде де пайдаланылады (10— 20%). Линданмен салыстырғанда ол сілтілік
ортада тұрақты әрі арзан. Линдан сияқты гептахлор да дәндерді қорғап қана
қоймай, сонымен қатар оның өнгіштігіне оң әсерін тигізеді.

Альдрин

Номеклатура бойынша заттың атауы ИС: альдрин
Заттың әсер етуі бойынша номенклатуралық атауы ИЮПАК: 1,4,4а,5,8,8а-
гексагидро-1,4-эндо-5,8-экзо-димети лен-1,2,3,4,10,10 - гексахлорнафталин
Құрылымдық формулсы:

Эмпирикалық формуласы: C11Н8Cl6
Молекулярлық массасы: 353
Сырқы көрінісі – ақ кристалл зат.
Ерігіштігі: Суда ерімейді, этанолда ериді (4,5 г 100 г спиртке),
ксилолда, циклогексанонда, көмірсу тетрахлоридте және басқа
галогенкөмірсутектерде.
Физикалық константы: 104—105 °С - та балқиды.
Бу қысымы: 8.10-8 Па 25 0С - та
Техникалық препарат ( 45-60 °С - та балқ.) қоңыр түсті массалы, 82 %
негізгі өнімнен , 12—13 % аналогтардан 5 % әртүрлі заттардан, 0,1 % судан
және 0,1 % хлорлысутектен тұрады.
Токсикологиялық әсері: Тәжірибелік жануарлар үшін ЛД50 40-50 мгкг -
ды құрайды. Альдриннің ыдырау көлемі оның түсу көлеміне сәйкес.
Қазақстандағы гигиеналық қауіпсіздік талаптары – 0,05 мкгкг.
Қазақстанда альдринді қолдануға тыйым салынған. АҚШ тағы азықтардағы ХРК
сай 0 ден 0,1 мгкг ға дейін.
Пайдалану аймағы: Альдрин саранчамен және топырақтағы тіршілік ететін
зиякестермен күресу үшін қолданылады. Оны топырақ инсектициді ретінде
тұқымдарды өңдеп қан қоймай сонымен бірге, тыңайтқыштармен қоса
пайдаланады. Алайда альдриннің тұрақтылығына байланысты оны топыраққа
қолдану қысқартылып, орнына тұрақтылығы төмен препараттарды қолдану
ұсынылады.

Дикофол
Номеклатура бойынша заттың атауы ИС: дикофол
Заттың әсер етуі бойынша номенклатуралық атауы ИЮПАК:
2,2,2-трихлор-1,1-бис(4-хлорфенил)э танол-1
Құрылымдық формуласы:

Эмпирикалық формуласы: C14Н9Cl5О
Молекулярлы массасы: 370,5
Сыртқы көрінісі– қатты зат.
Ерігіштігі: Суда ерімейді, ксилолда, циклогексанонда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Шағын өзендер және олардың проблемалары
Экологияның негізгі проблемалары
Су ресурстарының тазалануы мен ластануы
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Экологиялық сукцессия туралы
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы
Қоршаған ортаның қазiргі жай-күйi
Қазақстандағы судың ластануы
Пәндер