Моноклоналдық антиденелер технологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Моноклоналдық антиденелер технологиясы

Жоспар.

  1. Кіріспе.
  • Моноклондық антиденелер технологиясы
  1. Негізгі бөлім. . Антиденелерді алудың классикалық технологиясы. Гибридомаларды алудың технологиясы. Моноклоналдық антиденелерді бөлу мен тазарту. Моноклоналдық антиденелерді қолдану.
  2. Қорытынды.

Моноклоналдық антиденелер технологиясы

Антиденелер немесе иммуноглобулиндер жоғары арнайылы ақуыздар болады, бөтен антигендердің организмге енуіне жауап ретінде В-лимфициттермен (плазмоциттер) өндіріледі және тек сол антигендермен өзара байланысуға қабілетті. Антигендер есебінде инфекцияның қоздырушылар (бактериялар, өңездер, қарапайымдылар, вирустар) инфекциялық сипатта емес биоорганикалық заттар (бөтен сарысу, өсімдік тозаңшалары, әр түрлі ксенобиотиктер, улар, ферменттер, гормондар, трансплантат жасушалары) .

Иммунокомпетенттік жасушалар айыратын бөтен антиген организмге енгенде қанда, көкбауырда, лимфотүйіндерінде орналасқан және антидене продуценттерінің, бұрынғы жасушалары болатын В-лимфоциттерден плазматикалық жасушалар түзіледі (жетілдіріледі) -антидене және иммуноглобулиндердің нағыз продуценттері.

Антиденелерді алудың классикалық технологиясы

Антиденелер немесе иммундық сарысулар алудың классикалық технологиясы бөтен антигендерді зертханалық жануарларға бірнеше рет енгізу болады - гипериммунизация әдісі. Иммунизацияланған жануардың қанының сарысуында 10-14 тәулікте жоғары титрлі антиденелер жиналады. Иммунизацияланған жануардың қанының сырысуын алып, оны бөгде заттардан тазалайды немесе гамма-глобулендік фракция бөлінеді; тиісінше иммундық сарысу немесе иммундық гамма-глабулендер (иммуноглабулендер) алынады.

Гипериммунизация әдісімен алыған антиденелер поликлоналды болады. Оның мәнісі, кез келген бөтен жасуша (микроптық, жануар немесе өсімдік текті) немесе вирустық бөлшек әр түрлі арнайылы оншақты антигендік дитерминанттарға ие. Ал организмде әр түрлі В-лимфоциттердің 107-108 клондары болады, олардың әрқайсысы нақты антигенге комплементарлы бір арнайылы антидене өндіреді. Сондықтан енетін антигендер кешеніне В-лимфоциттердің әр түрлі клондары әртүрлі арнайылы антидененің тиісті мөлшерлі санын синтездейді, яғни поликлоналдық, поливаленттік сарысу пайда болады.

Поливаленттік сарысудан моноваленттік алу үшін, оны белгілі антигендермен Кастелани ұсынған өңдеу әдісі бар. Мысалы, гипериммунизацияда антиген есебінде О, К, Н-антигендері бар микроорганизмдердің инактивацияланған жасушаларын енгізген, онда сарысуға тек О мен К-антигендерін қосса моноваленттік сарысу алынады. Ол тек Н-антигенге қарсы антиденеге ие. Бірақ антиденелердің біртектілігінің деңгейі мұндай сарысудың моноклоналдығы жөнінде айту қиын.

Антиденелердің моноклоналдығы жөнінде айтуға болады, егер әуел баста антидене продуценті есебінде тек бір клон, in vitro өсіріп, көбейту қажет, антигенмен белсендіріп, онымен синтезделген антиденені бөліп алған дұрыс. Өкінішке орай, В-лимфоцит, in vitro басқа да кез келген жетілдірілген жасуша секілді 5-10 пассаждан өтіп, әрі қарай өспей, арнайылығын жоғалтады. Қызметтік белсенділігі мен ұзақ жасауын қалай қамтамасыз ету керек (ұзаққа өсу мен көбеюін in vitro-да сақтау) .

1950 жылдан биологияда құрамы жағынан бірдей қоректік ортаны қолданып, in vitro, тіндік культураны өсіру технологиясы пайдаланады. Тек жетілдірілген жасушаларды ғана емес, атиптік жасушалар, соның ішінде антидене өндіретін плазмоцитомаларды да өсіреді.

Жануар мен адам жасушасының культуралары жалпы биология, цитология, генетика, вирусология, иммунология және инфекциялық патологияның ғылыми мәселерін шешу үшін қолданады. Ғылыми зерттеулердің бағыттарының біреуіне әртүрлі жасушаларды біріктіру жатады. Плазматикалық мембранамен қоршалған жасуша фрагменттерін біріктіру арқылы (ядро, цитоплазма, хромосомалар) жаңа, табиғатта бұрын болмаған гибриттік жасуша жасауға болады.

Моноклоналдық антиденелер технологиясында басты позицияға гибридома алу жатады. 1975 жылы Д. Келер және Ц. Милштейн өздерінің гибридома алу тәжірибиесінде ісік клеткалары мен иммунизащияланған жануардың көк бауыр клеткасын біріктірді. Бұл тәжірбиенің нәтижесінде алынған гибридомалық клетка ісік клеткаларының шексіз бөліну қабілеттілігін тұқым қуаласа, көкбауыр клеткаларының антидене синтездеу қабілеттілігін тұқым қуалады. Антиденелерді алудың классикалық тәсілі (немесе дәстүрлі биотехнология) берілген антигенмен зертханалық жануарларды гипериммунизациялау болады. Бірақ класикалық тәсілмен алыған сарысулар елеулі кемшіліктерге ие. Оған біріншіден, сарысуда тек берілген антигенге ғана антидене болмайды, басқа да антидене болатыны мүмкін. Екіншіден, таза антиденелерді алу үшін антигенді тазалау қажет, бұл тапшылық антигендер (гормондар, ферменттер) үшін техникасы күрделі. Одан басқа, кез-келген антиген - бұл бүкіл биополимерлер емес: антигендік арнайылы детерминанттық топтар деп аталатын белгілі бөліктер ғана ие. Жануарларды Иммунизациялау үшін, керекті мөлшерде оларды бөліп алу үлкен технологиялық қалдықтармен байланысты. Ал гетерогендік қоспаларды енгізгенде әртүрлі арнайылы антиденелер түзіледі; қосымша қоспалар иммуногендік жағынан қажетті антигенге қарағанда күштірек болуы мүмкін.

Гибридомаларды алудың жалпы технологиясы.

Жалпы миеломдық клеткалардан және иммундық лимфоциттерден гибридомалар алу бірнеше этаптардан тұрады.

  1. Этап. Ісік клеткасын алу
  2. Этап. Белгілі антигенге қарсы антинене продуценттерін алу. Бұл жерде жануарды иммунизациялву үшін антигенді жануардың құрсақ бөліміне, қан тамырына немесе терісіне енгізеді, ал адам гибридомасын алуда, лимфоциттерді иммунизациялау үшін адамның тері ұлпасын қолданады. Бірақ, бұл күрделі және көп этапты жұмыс болып келеді.
  3. Этап. Лимфоциттер мен ісік клеткаларын біріктіру. Біріктіріу агенттері ретінде көбінесе полиэтиленгликоль, кейде лизолецитин немесе Сендай вирусы, сондай ақ электрлық өріс қызмет етеді.
  4. Этап. Гибридомалық клеткаларды сұрыптау (скрининг) Бұл жерде селективті орта ретінде ГАТ алынады. Оның құрамында гипоксантин, аминоптерин және тимидин болады. Бұл ортада ата-аналық миеломдық клеткалар ферменттерге генетикалық дефекті болғандықтан қосымша жолдармен нуклеотидтер синтездей алмай өлед. Миелоидық клеткалармен бірікепеген ата-аналық лимфоциттер де өледі, өйткені олар берілген ортада организмнен тыс өмір сүре алмайды. Гибридомалар шексіз бөлінуге және қосыаша жолдармен нуклеотид синтездеуге қабілітті болғандықтан бұл ортада жиналады.
  5. Этап. Гибродомалық клеткалардың белгілі антигенге қарсы моноклоналдық антидене түзу қабілеттілігін тексеру.
  6. Этап. Тексеруден өткен гибридомдық кленкаларды клондау.

Моноклоналдық антиденелерді бөлу мен тазарту

Моноклоналдық антиденелерді қоректік сұйықтан (егер гибридомалар in vitro көбейтсе) немесе асциттік сұйықтықтан (егер гибридомаларды зертханалық жануарлардың іш қуысында көбейтсе) бөліп алады

Гибриттік жасушалар in vitro моноклоналдық антиденелерді өте көп көбейткенде өсудің логарифімдік фазасында 4-5x10 кл/мл құрамында ұсталып тұрады; қоректік сұиықтықта антиденелердің құнарлығы 10-100 мкл/мл құрайды.

Антиденелер in vivo көбейгенде асциті алу үшін, тышқандарға іш қуысына алдын-ала 0, 5 мл пристан енгізеді, ал антидене құнарлығы (титрі) қоректік сұйықтықтағы титірден 100-1000 есе асады.

Құнарландыру мақсатында моноклоналдық антиденелерді преципитациялайды, амоний сульфатымен тұздап, тұнбаға түсіреді; тазалу үшін аффиндік немесе ион алмасу хроматографиясы қолданылады.

Антиденелер арнайылығын анықтау үшін әртүрлі серологиялық реакциялар- иммуноферменттік анализ, иммунофлюоресценсия реакциясы т. б. пайдалынылады.

Алынған моноклоналдық антиденелер барлық шамалары бойынша бірдей-иммуноглобулиндер молекулалар класы, оның типі, арнайылығы, авидігі, аффиндігі бойынша.

Моноклоналдық антиденелерді қолдану

  • Сералогиялық реакцияларда иенфекциялық аурулардың диагностикасы үшін тест - жүйелерді дайындау (ИФА, РИФ, РИА және басқа) ;
  • Гемотологиялық тәжірибеде гемопоездік жасушалардың беттік маркелерін сәйкестендіру және гемотологиялық аурудың дамуын тудыратын лад г, аслгнкгп, жұүғс№ үқңғ ж . ңкГемотологиялық тәжірибеде гемопоездік жасушалардың беттік маркелерін сәйкестендіру және гемотологиялық аурудың дамуын тудыратын малигнизацияланған жасушалар мен қалыпты жасушалардың субпопуляцияларын белгілеу (маркерлеу) үшін;
  • Аллогендік жілік майын донорлық жасушаларды «трансплантат қожайынға қарсы» реакцияны болдырмау үшін Т- лимфоциттерге қарсы моноклоналдық антиденелермен өңдейміз;
  • Дәрілік заттар молекулаларын тек белгілі жасушалар мысалы, ісіктік жасушалар бетінде орналасқан ақуыздарға қатысты арнайы моноклоналдық антиденелерге қосу дәрілік заттарды жеткізуін жеңілдетеді;
  • Осы күнгі фармөндірісінде моноклоналды антиденелер дәрілік препраттарды тазалау үшін қолданады;
  • Әртүрлі иммундық реттеуші қызметтерге ие білікті жасушалар, әсіресе Т-лимфоциттер субпопуляцияларының антигендік құрылымын айқындауға. Одан әрі, иммунды реттеуші гормондарды- интерлейкиндер, интерферондар және т. б. моно- және лимфокиндерді зерттеу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктер,вакциналар,моноклинальді антиденешіктер және т.б биотехнологиясы
Антиденелер
Антиденелер немесе қарсыденелер
СПЕЦИФИКАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ФАКТОРЛАРЫ
Антибиотиктер биосинтезінің түрлі жолдары
Абзимдер – каталитикалық белсенді антиденелер
Генді-модификацияланған организмде сипаттамалары, сынама алу тәртібі мен технологиясы
Антигендер мен антиденелер
Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктердің, вакциналардың, моноклинальды антиденелердің және т.б. биотехнологиясы
Микробиология аймақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz