Психология жүйесі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Психология әдістері психологиялық зерттеулер кезеңдері
2. Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны
3. Осы заман психологиясының құрылымы психологияның арнайы және қолданбалы салалары
4. Адам психикасы жөнінде түсінік
5. Ми және психика. Психика құрылымы психска қызметтері
6. Психикалық үдерістерді топтастыру
Пайдаланған әдебиет тізімі
Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым -психология (грек.-рsісһе, Lоgоs-ғылым) айналысады.
Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген анықтамаларды қарастырайық.
1-Кезең — психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.
2-Кезең - психология сана жөніндегі ғылым. ХVII-ғасырда жараты-лыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Л л сшіакы зергтеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.
3-Кезең - психология әрекет-қылық жөніндегі зылым. XX ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты көруге мұмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажетін білмеді.
4-кезең психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жекедара типологиялың ерекшеліктері жөніндегі, сонымен адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
1. Сабет Бап-Баба, 2007ж. (Бабаев). Психология негіздері: Оқу анықтамалық қолданба.
2. Алматы: Заң әдебиеті, 2007ж.
3. “Философия” Д. Кішібеков, Алматы, 2003
4. Столяренко Л.Д. «Основы психологии».- Ростов-на – Дону: «Феникс»,
2006, 170-176 б.б
5. Годфуруа Ж.. Что такое психология? Т.1. – москва: Мир, 1992, 366-373 б.б.
6. Формирование творческого мышления студента. – Владивосток: Изд. Дальневосточ.универ., 1990, 56-58 б.б.
7. Солсо Р.Л. «Когнитивная психология». – Москва: Тривала, Либерея, 2002, 475-477 б.б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Психология әдістері психологиялық зерттеулер кезеңдері
2. Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны
3. Осы заман психологиясының құрылымы психологияның арнайы және қолданбалы
салалары
4. Адам психикасы жөнінде түсінік
5. Ми және психика. Психика құрылымы психска қызметтері
6. Психикалық үдерістерді топтастыру
Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе
Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық
байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым -психология
(грек.-рsісһе, Lоgоs-ғылым) айналысады.
Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген
анықтамаларды қарастырайық.
1-Кезең — психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама
бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар ұғыммен өзіне
түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.
2-Кезең - психология сана жөніндегі ғылым. ХVII-ғасырда жараты-лыстану
ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу
қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Л л сшіакы зергтеудің
негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған
деректерін баяндау болған.
3-Кезең - психология әрекет-қылық жөніндегі зылым. XX ғасырда пайда
болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты
көруге мұмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-
қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға
себепші болған мотивтерді ескеруді қажетін білмеді.
4-кезең психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері мен
тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің
жекедара типологиялың ерекшеліктері жөніндегі, сонымен адамның қоршаған
ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
Психология пәні
1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам,
2) өзін өзі реттеуіне кажет тұлғаның жүйелі өз сапалары;
3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік кызметке келу заңдылықтары;

4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы;
5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты
байланыстарын реттей алуы.
Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-
әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері: психиканың ең жоғары формасы - адам
санасы сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам
психикасының әлеуметтік тарихи жағдайларға тәуелділігі психикалық әлем
бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық,
тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық жәие
әлеуметтік жағдайлардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі адам
психикасының кұрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері
мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні;
адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.
Психологияның негізгі міндеттері:
- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
- психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;
- психикалық құбылыстардың физиологаялық тетіктерін зерттеу;
- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы өндіруге
жәрдем ету.
Психология зерттеулерінің міндеттерімен әдістері қоғамдық және
жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.
Психологияның негізгі әдіснамалық прищиптері: 1) заттасқан болмыстағы
психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойындау; 2) психикалық
құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде
зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажыралмас бірлікте болатынын қолдау;
4) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдайларда бірлігіп
ескерумен зерттеп бару.
ХХ-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті
пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тіршілік әрекеттерінің
барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде
Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл
күнде адам жөніндегі ғынымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.
Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары:
экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық, спорттық, өнер,
басқару, менеджмент, т.б. - жедел де өнімді қарқынмен дамуда.

1. Психология әдістері Психологиялық зерттеулер кезеңдері
Әдіс сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл-
діреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің
тәсілдері мен кимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың
және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқада ғылымдардағы қай, психологиядағы зерттеу әдістерінің
негізгілері - бақылау және эксперимент.
Бақылау — зерттеудің ғылыми әдісі — деректі суреттеп баяндамадан оның
ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі
- психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол
болуы.
Араласа бақылау — зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын
қатынастар әрекетінде болуы. Сырттай бақылау әлеуметтік-психологиялық
құбылыстарды шеттей, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ
зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Озіндік бақылау (интроспекция) — адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі
жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістердің арасындағы ең бастысы -
эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында
зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс-әрекетіне белсенді араласуы.
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іштей
психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылықпен сырттай
бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу. Зертханалық
эксперимент - арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар
пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналуы
экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да
ықтимал.
Табиғи эксперимент — еңбек, оқу қарым-қатынастың әдеттегі
жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін
сезбейді. Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан
өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест - сыналушының жеке басының кейбір ерек- шеліктерін
анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ
тапсырмалары беріледі. Бұл кұнде психологияда адамның ақыл-ес даму
деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу
мұмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын
анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі—адамның қызмет, Іс-әрекеттік өнімдерін
талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды
талдау әдістері сапстың және сандық болып ажыралады. Сапапық тал-дауда
баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін
математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдау атауын
алған.
Құрастырып жобалау әдісі — осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең
қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні — психикалық кұбылыстарды таңба
күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды
кұрастырылған ортада үйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың кисынды
ойлаудың кейбір кырларын қолдан жобалап жасауға, сондайақ исихикалық іс-
әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі - әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең
қолданылатын әдіс. Оның мәні - объектив не субъектив деректер жөнінде
сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Өмірнамалық әдіс - кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп
қолданылатын әдістердіңбірі. Мұнда адамның қалыптасуындағы өзекті
жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер,
әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам, өміріндегі күнделікті
оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжастырылады, омірлік
кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.
Каузометрия (лат. саusа-себеп, грек. metro-өлшем) —оқиғалар арасындағы
ңатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім — кезеңдерінің
талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар жағдайлар анықталады, тұлға
дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
Жас ерекшеліктері психологиясында салыстырмалы-генетикалық әдіс
қолданылуда. Бұл әдістің мәні - психикалық заңдылықтарды жеке адамның
психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
Социометрия - әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі - бірлікті іс-
әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында
шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері. Бұл әдіс
нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын графикпен бейнелейтін
социометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ топтағы психологиялық
қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға болатын социометриялық
индекстер күйінде өрнектеуге болады.
Жеке гұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын зерттеу үшін
жасақталған топ әдісі қолданылады.
Тұлғаның мәнді әлеуметтік сапа-қасиеттерін диагностикалау мақсатында
эксперттік бағалау және тұлғаны топпен бағалау әдістері пайдаланылуда.
Тұлғаны топпен бағалау әдісі. — адам мінездемесін топ мүшелерінің
өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы мен
бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі жөнінде
қалыптасқан топтық санаға негізделген.
Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес
зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері қолданылады.
Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен соған сай материал,
сыналушылардың бастапқы бақылау және эксперименттік топарын айыру,
эксперимент серияларын анықтау, эксперименталды материалдарды статистикалық
және теориялық өңдеуден өткізу және т.6.

2. Психологияның қоғамдық және гуманитар
ғылымдар жүйесіндегі орны
XIX ғасырда позитивизм бағытындағы философияның негізін қалаған О.
Конттың (1798-1857) ғылымдарды топтастыру жүйесі кең қолданымда болды.
Дегенмен осы жүйеде психологияға орын табылмады. Ғалым пайымдауынша,
психология әлі (үш кезең заңына орай) метафизикалық сатыда, ғылым ретінде
пісіп жетілмеген. XIX ғасырдың бірінші жартысы үшін мұндай тұжырым, әрине,
әділ болатын.
Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес
ғылымға айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді. Екі ортада
ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, талқыдан өтті.
Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және ғылымтанушысы Е.М.
Кедров (1903-1985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше,
ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) сипатымен топтастыруға
болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқа: жаратылыстану, әлеуметтік және
философиялың - бөлуді ұсынады да, олардың бастарын бір түзу бойында емес,
үшбұрыш шыңдарына орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында
жаратылыстану қылымдары, төменгі сол жақта әлеуметтану, ал төменгі оң
тарапта - философиялық пәндер жайғасады. Психология осы ғылымдардың бәрімен
бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең орынға ие
болады. Себебі адам ойы, ойлауы (психологияның маңызды бөлімдерінің бірі)
тек психология тұрғысынан зерттеліп қалмастан, олармен философия да, логика
да айналысады. Психология, сонымен, барша ғылыми білімдермен өзара
байланысқа келеді.
Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа
ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен
дамуын зерттеу ушін биология, генетика, антропология. білімдері мен
әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблемаларды шешу үшін
нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, медицина әдістерін тартуды
талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар
байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің
басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен,
ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыраберуге болады.
кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер
психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.
Психология және логика байланысы ойлау жөніңдегі психологиялық
білімдер тарихында анық көрінеді, Осы ғылыми білімдердің әрбірі ойлау
құбылыстарын ашуда өз зерттеу аймақтарына ие. Логиканың шұғылданатыны
ақиқат жөніндегі мәселе, ойлаудың болмысқа деген танымдық қатынасы туралы
проблема. Ал психологияның айналысатыны - ойлау үдерісінің жүрісі, жеке
адамның ойлау іс-әрекеті, ойлау құбылысының сананың басқа да тараптарымен
аралық нақты байланыс, қатынастары.
Психология және әлеуметтану бапланысы әлеуметтік психологияны жарыққа
келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі озекті проблема: тұлға
және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас; тұлғааралық байланыстар.
Шағын социологиялың зерттеулер деңгейінде (кіші топ зерттеулері: отбасы,
еңбек ұжымы) әлеуметтік бақыт пен әлеуметтік-психологиялық бағыт
айырмашылықтарын ажырату қиынға соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың
(социологиялық) әлеуметтік психологядан бөліне көрінетін тұсы - ондағы
зерітеулердің ірі де ауқымды, макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі,
зерттеуге түскен құбыныстарды қоғам және оның құрылымдық бөлшектерінің
жасауы мен әрекетке түсу заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтыныстың болуы.
Психология және педагогика байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі
қалыптасқан құбылыс. Барша ғүлама педагогтар адамның табиғи қасиеттерін,
оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну керектігін, тұлғаның
психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетіктер мен зандарды ескеруді,
солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты.
Психология және биология байланысы. Адам дамуының табиғи және
әлеуметтік жағдаяттарының ара қатынасы жөніндегі проблема-исихология үшін
аса маңызды мәселелердің бірі, ол биология үшін де ізденіс азығы. Екі
ғылыми білімдердің қосыла зерттеулері нәтижесінде әрбір жеке адамның
даралықты дамуындағы тума берілген және өмір барысында қалыптасатын сапа-
қасиеттерінің сыры ашылады.
Психология және медицина байланысы медициналық психологияның
туындауына әсер етті. Бұл сала дәрігер қызметінін психологиялық ере-
кшеліктерін және сырқат адамның әрекет-қылығындағы психологиялық
коріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапия, сондай-ақ психика
дамуындағы ауыткулар мен әртүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері
Қабілет анықтамасы
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде жайлы
Психология ғылымының тарихы
Педагогика-психология ғылымы
Психология ғылымы туралы түсінік, Психологияның әдіснамасы мен зерттеу әдістері. Психика және сана, Іс-әрекет психологиясы, Қарымқатына, . Тұлға психологиясы Ұжым-топтар
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Эксперименталды психология курсының пәні мен міндеттері
Дифференциалды психология
Пәндер