Жұмыссыздық проблемасы туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жұмыссыздық түсінігі
  2. Жұмыссыздық және оның түрлері
  3. Жұмыссыздардың сан жағынан көбеюі
  4. Жұмыссыздық - қазіргі заманның басты проблемасы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Жұмыссыздық - еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі. Еңбекке қабілетті адамдар ( жұмыс күші ) жұмыс істейтін және істемейтн жұмысшылардың жалпы саны.

Жұмыссыз қалу қаупі - әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың көпшілігі үшін жалақы - жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды, сондай - ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз сезінеді.

Бұл тақырыпта жұмыспен, еңбекпен қамтамасыз етудің классикалық теориясының негізгі бағыттары қаралады.

Дж. М. Кейнстің еңбектерінде бұл теория сынға ұшырап, ол біраз өзгертілді. Ол жетілдірілген бәсеке тұсындағы ішкі бейімделгіш механизмге қарсы болды. Бұл механизмнің нәтижесінде толық жұмыспен қамтылған кезде рынокта тепе-теңдік болады дегенге күмәнданады. Дж. М. Кейнсте еңбек қатынастарына мемлекеттің белсенді қатысуын жақтап, тек қатаң тұрақты жалақы ғана тепе-теңдік жағдайды қамтамасыз етеді деп есептеді. Мұнда да оның пікірінше жинақтық сұраныстың жеткіліксіздігінен амалсыз жұмыссыздық болады. Бірақ жетілдірілген бәсеке жүйесіне тән тұрақсыздық жойылады.

Қазіргі неоконсервотизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктық бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес ( ауыр, қызықты емес) еңбектің маңыздылығы төмен. Амалсыздан болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктық тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.

Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларды қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және т. б. Осыларға толық тоқтала кетейік.

Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысын аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.

Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында бос жұмыс күші түралы ақпарат жоқтығының нәтіжесінде болады.

Маусымдық жұмыссыздық - ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде, жұмыс күші тек маусымдық кезеңде қолданылғанда болады

Құрылымдық жұмыссыздық -өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшелігіне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.

Технологиялық немесе өшпелі жұмыссыздық -адамжа машина ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.

Адам төрт себепке байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін:(1) ол жұмыс күшіне жаңадан енгендер, яғни жұмысты алғаш іздеп жатқандар. (2) адам басқа жұмыс іздеу үшін жұмыстан босауы немесе іздеу барысында жұмыссыз ретінде тіркелуі мүмкін. (3) адам уақытша жұмыстан босатылуы мүмкін. Анықтама бойынша уақытша босату дегеніміз- бұл ақысыз белгілі мөлшерге босату. (4) жұмысшы қайта оралуы мүмкіндігінсіз жұмыс орыннан босатылуы немесе фирма жабылуына байланысты жұмыстан айрылуы мүмкін. Жұмыссыздықтың осы соңғы жолы мәжбүрлі кету немесе жұмыстан айырылуды білдіреді

Жұмыссыздық зардабын бәсеңдетін факторлардың бірі -ғылыми - техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күші қажет ететін өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыс пен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы, ғылыми техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.

Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық формасының ерекшелігі мыналардан тұрады:

  1. Бұл ресурс, әдетте өзінің толық көлемінде сатылу объектісі болып шықпайды.
  2. Жалдау формасындағы сату.
  3. Шамалы жинақылық (аймақтық, өндірістік және т. б. )
  4. Тұтас еңбектің бөлігі (әлеуеттік формада ) тұрақты өтімді таппайды. Қорытындысында тұрақты құбылыс жұмыссыздықты туады.

Жұмыссыздықтың бөлінуінде бірнеше форма бар.

Экономикалық теорияда «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген ұғым» пайдалану қалыптасқан. Оның мөлшері тапжылмастай емес. Әр елдерде ол мөлшер 2-ден 7 пайызға дейін әр түрлі деңгейге жетеді.

Мемлекеттің міндеті - жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің табиғи деңгейден асып кетпеуін бақылап отырады.

Америкалық экономист А. Оукен (Оукен заңы) көрсеткен заңдылық бар. Жұмыссыздықтың іс жүзінде деңгейі, оның табиғи деңгейінен 1%-ке артуы, іс жүзіндегі ЖҰО көлемін әлеуметтік көлемімен салыстырғанда 2, 5%-ке кейіндеуге жеткізеді.

Сонымен еңбек рыногын реттеу формасы болып тек Қазақстан Республикасындағы күшінде бар жалпы еңбек заңнамасы ғана емес, қайта еңбек келісімдер институты болуға тиіс.

Қазақстанда әлеуеттік-еңбек қатынастары сферасы аса бір реттелінбеген, дау-дамайлы істердің бірі болып саналады. Республика әлдеқашан басқа дәуірге өткен, ал әлеуметтік-еңбек қатынастары 2000 жылдың 1-ші қантарына дейін Кенес Өкіметі кезіндегі еңбек заңымен реттелініп келді.

2000 жылдың 1-ші қантарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» жаңа Заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Халықтың жұмыспен қамтылу туралы» және басқа Заңдары күшіне еңді. Ол заңдар азаматтардың ҚР-дағы еңбек еріктілігіне деген конституциялық құқыттарын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарымен, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықтын жұмыспен қамтылуы сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазіргі кезде, әсіресе, экономиканы мемлекеттік емес секторларында еңбек қорғаудағы, шеккен зияндарды қайтарудағы, мертігу немесе кәсіптік сырқатқа ұшірағандағы көптеген жұмыскерлер құқығының бұзылулары әдеттке айналып барады.

1988 жылы Халықаралық еңбек ұйымының басшылығымен Қазақстанда алғаш рет ірі масштабта жұргізілген зерттеу мыныны көрсетті, еңбек қауыпсіздігі болуға тиісті кәсіптің тексерілген кәсіп орындардың 30 пайыздан астамында арнайы механизімдер, техникалар, аспаптар тұралы айтпағанның өзінде, тіпті әуелі олардың қүзет қызметтері болмай шыққан.

ХЕҰ есеп беру мәлемет бойынша 1998 жылы қазақстандық өнеркәсіптегі жұмыссыздық елдегі еңбек ресурстарының 41 пайызынан асқан. Ал, Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайын ХЕҰ дабыл қағарлықтай деп бағалады.

Өмір деңгейіндегі және әлеуметтік сфера дамытудағы дағдарыстық жағдай, экологиялық жағдайдың асқынуы, демографиялық көрсеткіштердің нашарлауы, әлеуметтік-экономикалық қатынасты өзгертудің объективті қажеттілігіне және Қазақстанның бірқалыпты әрі өрнықты дамуын қамтамасыз ету үшін еңбек ресурстарының өндіргіш күштерінің өсуін қамтамасыз етуге институциональдық және қаржылық мехенизімдердің талдаулары себепші болады.

Толық жұмыстылық болмайды. Толық жұмыстылық- бұл кезеңдік жұмыссыздықтың болмауы.

Жұмыссыздардың сан жағынан көбейуі

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың шілде айында «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету» тұралы заң қабылданған болатын. Алайда, ол заң елімізде болып жатқан сан қыйлы өзгерістртерге байланысты жарамсыз болып қалды. Сондықтан біз өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, осыдан үш жыл бұрын жаңа заңның жобасын «Еңбек» министрлігі арқылы Парламентке ұсынылған. Ол заң мәжілісте талқыланып, қабылданды. Ұсынған сол жобада мекемемізге тіркелу мәселесі біршама оңайтылған. Баяғыдай құжат жинауға уақыт кетпейді, әрбір келушінің төлқұжаты мен жұмыстан не үшін босатылғандығы туралы анықтама қағазы болса жетіп жатыр.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік саясаты
Экономикалық әл-ауқатты сипаттайтын көрсеткiшi
Талдау нәтижелерін жалпылау
Қазақстан Республикасында көші-қон үрдісінің әлеуметтік аспектілері
Биосфераның ғаламдық экологиялық мәселелері: Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Қазақстандағы жұмыссыздық. Еңбек нарығының жағдайы
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Жаһандық қауіптер.Атмосфералық ауа бассейнінің ластану мәселелері
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz