Сөзжасамдық жұп және оның семантикасы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

Бітіру жұмысы

«Сөзжасамдық жұп және оның семантикасы»

Орындаған

4-курс студенті Назарова Д.

Ғылыми жетекші

ф. ғ. д., профессор Салқынбай А.

Пікір жазушы

ф. ғ. д., профессор Қасым Б.

Норма бақылаушы

ф. ғ. к., доцент Әміров Ә.

Қорғауға жіберілді

«__»2008 ж.

Кафедра меңгерушісі

ф. ғ. д., профессор Момынова Б.

Алматы - 2008

Реферат

Жұмыстың тақырыбы: Сөзжасамдық жұп және оның семантикасы

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған негізгі әдебиеттер тізімінен және сөздіктер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі:

Пайдаланған әдебиеттер саны:

Тірек сөздер: сөзжасам, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық жұп, негіз сөз, негізді сөз, сөзжасамдық тәсілдер.

Бітіру жұмысының нысаны: жұмысымыздың нәтижесінде алынған тілдік материалдар мен анықтамалар.

Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі сөзжасам жүйесінде негізгі зерттеу нысаны бола қоймаған сөзжасамдық жұпты семантикалық аспектіде қарастыру. Сөзжасамдық жұптарға семантикалық талдау жасау арқылы сөзжасамдық жұптың өзіндік қасиеттері мен семантикасына қатысты ғылыми тұжырымдарды нақтылау, қорыту.

Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлімінде жұмыстың мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері жайында мәлімет берілді. Негізгі бөлімі үш тарауды қамтиды. Мұнда сөзжасамның соның ішінде сөзжасамдық жұптың зерттелуіне шолу жасалып, ғалымдар мен еңбектеріне тоқталдым. Сөзжасамдық жұптың өзіндік қасиеттері мен парадигмалық қасиеті туралы сөз қозғалды. Ең бастысы сөзжасамдық жұпқа, мүшелеріне семантикалық талдау жасалып, нақты, дәлелді тұжырым жасалды. Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс барысы жүйеленіп, нақтыланды.

Жұмыста қолданылған дерек көздер: Ғылыми еңбектер және сөздіктер, негізінен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» алынды.

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Сөзжасамның зерттелуі . . . 6

1. 1. Түркологияда зерттелуі . . . 6

1. 2. Қазақ тіл білімінде зерттелуі . . . 8

2. Сөзжасамдық жұптың өзіндік ерекшеліктері

мен парадигмалық сипаты . . . 14

3. Сөзжасамдық жұптың семантикасы . . . 19

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

Пайдаланған сөздіктер тізімі . . .

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі.

Зерттеудің мақсаты:

Зерттеудің нысаны:

Зерттеудің әдістері:

Зерттеу жұмысының материалдары:

Зерттеудің жаңашылдығы:

Жұмыстың ғылыми нәтижесі:

1. Сөзжасамның зерттелуі.

1. 1. Сөзжасамның түркологияда зерттелуі

Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің синтагматикалық қатысы. Яғни сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты жеке алып зерттеген жұмыстар жоқтың қасы. Ал сөзжасамның зерттелуін айтар болсақ, түркологияда сөзжасамның зерттелуі бастауын тереңнен алады. Орта ғасырда өмір сүрген, түркі тілдерінің алғашқы грамматикасы мен сөздігін, лингвистикалық картасын жасаушы Махмұт Қашқаридың «Дивани лұғат-ит турк» еңбегінде сөзжасам туралы алғашқы қисындар айтылады. Түркі тілдеріндегі дыбыстық алмасулардың ерекшеліктері, грамматикалық категориялардың мағынасы мен қызметі айқындалады. Қашқари орта ғасырда қалыптасқан түбір сөздердің құрамының тұрақты әрі қалыпты мағынасы болатындығын айтқан. Түркі тілінің грамматикасын зерттеушілер тек XIX ғасырдан бастап, батыстық және орыстық дәстүр негізінде шыға бастады. Бұл кезеңдері түркі тілдеріндегі сөз тұлғалары мен сөз таптарын саралап жіктеу проблемасын тікелей байланыста алып, сөзжасамның басты-басты жолдары мен тәсілдерін ғылыми тұрғыда анықтау революциядан бұрынғы орыс түркологтары А. Казембек, О. Бетлинг, В. В. Радлов, Н. И. Ильминский, П. М. Мелиоранский, Н. Ф. Катанов, М. Терентьев, В. В. Катаринский, Э. К. Пекарский, Н. И. Ашмарин жазған еңбектерден басталып, кеңес дәуірінде В. А. Богородицкий, А. Н. Смайлович, В. А. Гордлевский, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, В. М. Насилов, А. К. Боровков, Е. И. Убрятова, И. А. Батманов, Э. С. Севортян, Э. Р. Тенишев, А. М. Щербак, Ю. Д. Дешериев еңбектерінде онан әрі жетілдіріп отырды.

Түркі тілдерінің сөзжасамдық жүйесі кеңес өкіметі тұсында терең әрі ауқымды зерттеле бастады. Бұл зерттеушілерді шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады:

1) Түркі тілдерінің грамматикасын жазу барысында, морфология құрамында сөзжасамдық тәсілдерге талдау жасайтын зерттеулер Н. А. Баскаков, И. А. Батманов, А. К. Коровков, Н. К. Дмитриев, Ф. Г. Исхаков, А. А. Пальмбах, А. Н. Кононов, С. Е. Малов; К. М. Мусаев, А. М. Щербак т. б. ғалымдар түркі тілдерінің әр түрлі салалары бойынша жан-жақт зерттеу еңбектерін жазған. Н. А. Баскаков «Каракалпакский язык», «Историко-типологическая морфология тюркских языков» т. б. еңбектерінде сөз таптарының сөзжасамдық тәсілдеріне толық талдау жасап, әсіресе морфологиялық тәсіл арқылы жасалатын туынды сөздердің тұлғалық қырларын сараптайды. Н. К. Дмитриев «Строй тюркских языков», «Грамматика современного якутского литературного» т. б. зерттеулерінде тілдегі қалыптасқан сөзжасамдық аффикстерді сөз таптарын жасау қызметіне қарай топтастырып, сөз таптарының морфологиясымен бірге қарастырады.

Б. Серебрянников, Н. Гаджиева «Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков» атты зерттеулерінде түркі тілдеріндегі сөзжасамдық тұлғалардың даму, қалыптасу тарихын салыстыра зерттеуге күш салады.

А. Н. Кононов «Грамматика современного узбекского литературного языка» деген еңбегінде сөзжасамды морфологиялық аспектіде қарастырған. Ал «Грамматика языка тюрксих рунических памятников» атты еңбегінде сөзжасам мәселелері жеке сипатталады. Автор бес түрлі сөзжасамдық тәсілді көрсеткен: морфологиялық, синтаксистік, синтаксистік-морфологиялық, фонетикалық және калькалау тәсілі.

А. Щербак «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков (Имя) », «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков (Глагол) », «Грамматический очерк языка тюркских текстов X-XIII вв. Из Восточного Туркестана» атты еңбектерінде түркі тілдеріндегі сөз таптарының жасалу жолы мен сөз тудырушы аффикстердің шығу, қалыптасу жолдары салыстырмалы әдіс негізінде зерттеледі. Көптеген сөз тудырушы тұлғалардың түп негізі - қимыл есімге алып баратыны туралы ғылыми тұжырым жасалады.

II) Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы ретінде бөліп қарастыратын зерттеулер. Түркологияда сөзжасамды жеке сала ретінде бөлек алып қарастырып, туынды сөздердің мағынасын айқындаған А. А. Юлдашев еді. «Система словообразования и спряжения глагола в башкирском языке» атты монографиясында башқұрт тілінде бір буынды түбір сөздердің жалпы саны 200, етістік түбірлердің саны 800 деп көрсете отырып, тілдің байланыс құралы ретіндегі негізгі қызметі туынды сөздер арқылы орындалатынын көрсетеді.

А. Г. Гулямов «Проблемы исторического словообразования узбекского языка» атты зерттеуінде, негезенен, аффикстік тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің мағынасын айқындап, сөз тудырушы тұлғалардың тарихи тұлғасын қалыптастыруға күш салған. Г. М. Гарипов «Башкирское именное словообразование» еңбегінде башқұрт тіліндегі есімді сөзжасамды жүйелейді. Морфологиялық тәсілді толық қарастырып, жаңа сөз жасаудағы аффикстердің рөлін айқындаған. Б. О. Орузбаеваның «Словообразование в киргизском языке» атты еңбегі қырғыз тіліндегі сөзжасамды анықтаған, оның жасалу тәсілдерін көрсетіп берген. Э. В. Севортянның «Аффиксы глагольного словообразования в азербайджанском языке», «Аффиксы именного словообразования в азербайджанском языке» еңбектері тек азербайжан тілі емес, жалпы түркологияда жасалған іргелі еңбектер болды. Зерттеуші туынды сөздің мағыналық құрылымының қалыптасуы мен сыңарларының мағыналық құрамы жөнінде терең теориялық талдаулар жасайды. Э. В. Севортянның аталған еңбектері жалпы түркологиядағы сөзжасамның әр түрлі тарихи аспектіде зерттелуіне негіз болды. Ф. А. Ганиев «Суффиксальное словообразование в современном атарском литературном языке» атты еңбегінде сөзжасамдық тәсілдің түрлерін бөлудегі әркелкі пікірлерге тоқтала отырып, кірме сөздер мен калька әдісі арқылы енген сөздерді сөзжасамдық аспектіде қарастыруды бұрыс деп табады. Ф. А. Ганиев сөзжасамды морфологияның құрамында қарастыруға қарсы болады, оны жеке сала ретінде бөліп қарастыруды батыл ұстанады. М. А. Хабичев «Именное словообразование и формообразование в куманских языках» атты еңбегінде негізінен морфологиялық сөзжасамға көп көңіл бөліп, дәстүрлі грамматикалық принциппен өнімді, өнімсіз аффикстердің мағыналық қырларын көрсетеді.

Осындай іргелі еңбектерден басқа да, сөзжасам мәселесіне байланысты көптеген кандидаттық диссертациялар қорғалды : Б. К. Кутлумуратов, У. Д. Алиев, А. Ю. Бозиев, Ю. К. Мамедов, Ғ. С. Садвакасов; В. П. Гузев, К. Мелиев, А. Шибаев, Н. Демичян, Л. С. Гадельшин, А. А. Аймурзаева, С. И. Бекмурзаева, В. В. Андреев т. б.

1. 2. Қазақ тіл білімінде зерттелуі.

Қазақ тілі білімінде сөзжасам мәселесінің зерттелуі тарихына келер болсақ, қазақ тілі ғылымының корифейлері саналатын А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбановтан бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әр түрлі дәрежеде сөзжасамның теориялық және практикалық мәселелері жөнінде сөз қозғаған. Сөзжасамның негізгі мәселелері - туынды сөз туралы түсінік, оның жасалу жолдары мен тәсілдері, қос сөз, біріккен сөз туралы алғашқы мәліметтер А. Байтұрсыновтың 1914 жылы жарық көрген «Тіл - құрал» атты еңбегінде баяндалады. Сөзжасамдық негізгі терминдер де осы еңбекте жасалады. Қ. Жұбановтың 1936 жылы жарыққа шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» зерттеуінің бірінші бөлімінде сөздің жалпы құрылысы сөз болады, ал «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах», «Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер» атты мақалаларында сөзжасам тәсілдеріне арнайы талдау жасайды. Н. Т. Сауранбаев, С. Аманжолов, М. Балақаев сияқты ғалымдар сөзжасам туралы болмаса да, сөз тудыруға қатысты мақалалар жазды.

Сөзжасамды негізгі зерттеу обьектісі етіп, жеке сала ретінде қарастыра бастау, біздіңше Ә. Төлеухановтың «Словообразовательные аффиксы имен в современном казахском языке» атты кандидаттық диссертациясынан басталады. Мұнда алғаш рет есімдердің сөзжасамдық аффикстері жеке зерттеледі. Сондай\ақ, автордың «Қазақ тіліндегі зат есім мен сын есім тудыратын жұрнақтар», «Қазақ тіліндегі сын есім мен сан есім категориясы», «Проблемы синтетического словообразования имен существительных и прилагательных в казахском языке» деген еңбектері түркологияда қалыптасқан дәстүрлі принцип негізінде, сол қалыпқа түсіріліп жазылған. Олардың маңызы зат есім, сын есім, сан есімдерге тән сөз тудырушы тұлғаларды сұрыптап, саралап беруінде (1. 32) .

А. Хасенова (Қалыбаева) «Қазақ тіліндегі туынды етістіктер» атты еңбегінде туынды етістік жасайтын аффикстердің мағыналық топтары мен түрлеріне жекелей тоқталып, теориялық құнды байламдар жасайды.

Б. Қайымова «Етістік түбірден есім тудыратын аффикстер» атты еңбегінде қазіргі қазақ тіліндегі ең өнімді тәсіл болып саналатын синтетикалық тәсілдің есім тудыратын тұлғаларын саралайды. Ә. Керімов «Словообразовательные аффиксы в языке памятников тюркоязычной литературы XIV в. » деген еңбегінде XIV ғасыр ескерткіштер тіліндегі сөзжасамдық аффикстерді зерттеген. А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» деген еңбегінде морфологиялық аспектіден сөзжасамдық мәселелер жүйелі зерттелген. Сөз тудырудың тілдің өзімен бірге жасап келе жатқан көне құбылыс екенін көрсетіп берген еңбек - А. Есенқұловтың «Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар» атты зерттеуі. Еңбекте Орхон, Енисей жазба ескерткіштеріндегі қосымшалардығ тұлғалық және мағыналық ерекшеліктері мен қалыптасу, даму жолдары пайымдалған. Ә. Ибатовтың «Сөздің морфологиялық құрылымы» зерттеуінде XVI ғасырдағы Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тіліндегі түбір сөздер мен туынды сөздердің сипаты, сөз тудырушы аффикстердің құрылымдық жүйесі айқындалады. Автор «Қазақ тіліндегі туынды сөздер сөздігін» (1988) шығарды. Бұл еңбектің сөзжасамның зерттелуіндегі рөлі айтулы. Ғ. Айдаров «Язык орхонских памятников древнетюркской писменности VIII века» деген еңбегінде жазба ескерткіштер тіліндегі сөзжасам тәсілдерінің түрлері мен жасалу жолдарын, даму тарихын нақтылы тілдік деректермен көрсетеді.

Қазақ тіліндегі сөзжасамдық мәселелер негізінен морфологияның құрамында қарастырылғандықтан, сөзжасамның теориялық мәселелері: тәсілдері мен қалыбы, типі, мағыналық қырлары туралы сөз қозғалмауы заңды еді. Түркологияда, оның ішінде қазақ тілі білімінде сөзжасамдық мәселелерді зерттеу - суффикстік тәсілді тексеру мен сөз жасушы суффикстерді түгелдеумен шектелді.

Сөзжасам - лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш дамып, жетіліп келе жатқан сала. Қазақ тіл білімінде ол жеке сала ретінде соңғы 80, 90- жылдардан бері қарай зерттеле бастады. Бұрын жеке сала ретінде мән беріле қоймаған сөзжасам мәселесі грамматиканың морфология саласында, кейбір мәселелері лексикология саласында қарастырылып келгенін атап өттік. Бұдан сөзжасам жүйесінің теориялық мәселелерінің назардан тыс қалып келгендігі анық. Бұл жөнінде, яғни сөзжасам жеке сала ретінде танылмай, жеке сөз таптарының құрамында қаралып жүргенде, барлық назар сөз таптарының жасалуының төңірегінде болып, бұл сөзжасамның жеке проблемаларының зерттеліп, жалпы теориялық проблемаларының артта қалуына әкелгені жөнінде профессор Н. Оралбаева сөз қозғаған. \ \

Қазіргі таңда сөзжасам - тіл білімінің жеке бір саласы. Сөзжасамның дербес сала ретінде танылып, теориялық дәлелдеулері белгілі бір деңгейге көтерілуі 1989- жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» - атты монографияға байланысты. Аталған монографияда ғалымдар сөзжасамды қазақ тіл білімінің жеке, дербес саласына жатқызып, сөзжасамның негізгі обьектісіне сөз жасаушы тәсілдерді, сөз жасаушы тілдік нұсқаларды, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздің жасалу үлгілерін, туынды сөздер мен олардың түрлерін, сөзжасамдық заңдылықтар мен сөзжасамның сөз таптарына қатысын жатқыза отырып, сөзжасам тілдегі сөзжасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтінін көрсетті. Осы мәселелер төңірегінде алғаш мағлұматтар беріліп, тұжырымдар жасалды. Сонымен қатар, сөзжасамның жеке сала ретінде қалыптасуына ғалымдардың кейінгі екі он жылдықта жазылған еңбектерінің де қосқан үлесі көп. Олардың қатарына: Н. Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің жүйесі» А., 1988-ж., С. Исаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» А., 1998-ж. атты еңбектері мен Л. Жаналинаның «Сопоставительное словообразование русского и казахского языка» А., 1998-ж., З. Бейсембаеваның «Сөзжасамды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» А., 1998-ж. монографияларын жатқызуға болады. Н. Оралбаева «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» атты еңбегінде сөзжасам жүйесінен жалпы мәлімет бере отырып, сан есімнің сөзжасам жүйесін жан-жақты қарастырады. Сан есім сөзжасамның негізгі жасалу тәсілдері көрсетіліп, олардың сөзжасам жүйесінен алатын орны сипатталады.

Кейінгі кезде сөзжасам мәселелері жөнінде өзіндік көзқарасын түйіндеген бірқатар зерттеу жұмыстары қорғалды. Сөзжасамның жеке сала ретінде танылып, оның өзіндік ерекшеліктерін айқындауда бұл зерттеу жұмыстарының орны ерекше. Бұл ретте А. Салқынбайдың, Б. Қасымованың, Г. Жексембаеваның, Г. Шаһарманның, Ж. Отарбекованың, З. Умирзақованың зерттеу жұмыстарын атауға болады. А. Салқынбайдың «Тарихи сөзжасам» атты докторлық диссертациясында сөзжасам семантикалық аспект тұрғысынан қарастырылған. Ғалым сөзжасам жүйесінің түркологияда, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі зерттелуіне тоқтала отырып, сөзжасам жүйесімен байланысты бірнеше мәселелерді қарастырады. Б. Қасымның «Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері» атты еңбегінде күрделі зат атауларының даму жолдары, қалыптасуында сапалық өзгеріске ұшырауын саралау тіл біліміндегі уәждеме, аталым теориясы тұрғысынан зерттеледі. Күрделі зат атауларының сөзжасам үрдісіндегі семантикалық аспектісі қарастырылады.

Г. Е. Жексембаеваның «Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасам қызметі» атты кан идаттық диссертациясында қазіргі қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасам қызметі, тілде орнығуы, сөз тудыру ерекшеліктері қарастырылады. Маңғол, араб, парсы, орыс тілдерінің қазақ тіліндегі сөзжасамдық сипаты айқындалып, аталған тілдердің қазақ тілінің дамуына тигізген әсері сөз болады.

Г. Шаһарманның кандидаттық диссертациясында сан есім негізінде жасалған туынды сөздердің құрамы, өзіндік ерекшеліктері, жасалу жолдары жан-жақты қарастырылған. Диссертацияда сан есім сөздердің мағыналарына туынды мағыналардың қосылуы сөзжасамның мағыналық (лексика-семантикалық), синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері арқылы жүзеге асатындығы туралы айтылады. Ал, Ж. Отарбекованың зерттеу жұмысының негізіне ортағасырлық (1602) түркі жазба мәдениетінің тамаша үлгісі Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың «Жами «ат-тарауих» атты шежіресі алынған. Зерттеуші өз еңбегінде ескерткіш тіліндегі сөзжасамды қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам процесімен салыстыра қараған. Шежіредегі сөздердің жасалу табиғатын, даму сипатын сөзжасам жүйесін зерттеуге арқау еткен. Аталған еңбектерде сөзжасамның теориялық мәселелері қарастырылған болса, енді бір ғалымдар өз еңбектерін әр кезеңдегі ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл қазына, төл туынды сөздерді жинақтап, басын біріктіріп, жүйеге келтіріп, сөздік ретінде ұсынған. Қандай да бір сөздік белгілі бір мақсат үшін, қоғамдық сұраныс пен қажеттілікті атқару үшін жасалатындығы белгілі. Олай болса, мына ғалымдарды атап айтсақ, А. Ибатовтың «Қазақ тіліндегі туынды сөздер сөздігі» А., 1988, Р. Сыздықованың «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» А., 1990, А. Алдашева, Ш. Сарыбаев, Н. Уәлиевтің «Жаңа атаулар» А., 1992, О. Тоққожаеваның «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі» А., 1996, Б. Қ, Қасымның «Күрделі зат есімдер сөздігі» А., 1999 сияқты еңбектердің сөзжасамдық ұя жасауда пайдасы мол.

А. Ибатовтың сөздігі қазақ тіліндегі туынды сөздердің жүйелі жиынтығын, сөздердің сөз тудыру мүмкіншілігін көрсетудегі арнайы жасалан еңбек болып табылады. Сөздікте 14 мыңға жуық сөз қамтылған. Автор туынды сөздердің қалай жасалғанын анықтауда туынды сөздерді түбірден қосымшаға қарай және керісінше қосымшадан түбір тұлғаға қарай қуалай отырып талдау жасау амалын қолданған. Р. Сыздықованың 1985-жылы жарық көрген сөздігі толықтырылып, 1990-жылы баспадан қайта шықты. Алғашқы сөздікте 1973-1983-жылдар арасындағы жаңа қолданыстар қамтылса, екінші басылымда 1984-1988- жылдар аралығында пайда болған жаңа қолданыстар енгізілген. А. Алдашева, Ш. Сарыбаев, Н. Уәлиевтердің сөздігіне сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған жаңа сөздер, жаңа мағынада қолданылған бұрынғы сөздер, қазіргі қоғам өмірі тудырған жаңа құбылыс, зат, іс-әрекет, т. б. атаулары болып келетін, мағынасын ашып беруді қажет ететін тіркестер енген. Ал, О. Тоққожаеваның сөздігі қазақ тіліндегі түбірлес сөздерді ұяларға топтастыру негізінде жасалған алғашқы еңбек. Бұнда бір буынды есім негізден тараған 511 ұяға кіретін 9 мың 980 туынды сөз қамтылған. Б. Қ. Қасымның «Күрделі зат есімдер сөздігі» тіліміздегі сөзжасамның аналитикалық амал-тәсілдері арқылы жасалған зат есімдерді қамтыған.

Әр жылдары жарияланып, қазақ тілі сөзжасамының қалыптасуына өз үлестерін қосқан Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов пен С. Нұрханов, Ә. Ағманова, Е. Ағманов, Қ. Есенов, Ж. Отарбекова, А. Салқынбай, Қ. Құрманәлиев, Н. Қоқышева, т. б. ғалымдардың ғылыми мақалаларын да айта кеткен орынды. Аталған авторлардың ғылыми мақалаларында негізінен сөзжасам жүйесінің жеке сала ретінде қалыптасуы, сөзжасамның тілдегі басқа салалармен, әсіресе, морфология, лексикологиямен байланысы, айырмашылығы, сөзжасамдық ұя, тізбек, тарам, жұп, т. б. сөзжасамның құрылым бірліктерін зерттеу, олардың зерттелу тарихына шолу жасау мәселелері қарастырылған.

Сонымен, сөзжасам тілдің дамуымен бірге дами отырып, талай даму сатыларынан өтіп, әбден толығып, күрделеніп, қазіргі өте жүйелі дәрежеге жеткен. Осындай ұзақ даму жолы бар сала ғалымдардың еңбектерінде түрліше қарастырылып, зерттеліп келгендігі белгілі. Сөзжасам жүйесін ұялар арқылы сипаттаудың алғашқы тәжірибесін А. Н. Тихонов еңбектерінен көреміз. А. Н. Тихонов сөзжасамдық ұяларға қатысты жарық көрген еңбектерінде сөздерді ұялау теориясымен байланысты бірнеше мәселелерді талқылай отырып, сөзжасам жүйесін сөзжасамдық ұялардың жиынтығы ретінде қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіліндегі атаулық тіркестердің қалыптасуы мен жасалу жүйесін, модельдерін, уәжділік негізі мен семантикалық құрылымының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамының өзекті мәселелері
Сөзжасамдық жұп және оның мағынасы
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер
Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы - сөзжасам мен морфология саласы
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
Сөзжасам – лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш дамып, жетіліп келе жатқан сала
Сөзжасамды оқыту тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz