Қазақстан - халықаралық сахнадағы



Ұлттык есеп.шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамыту бағыттарының бірі болып табылады.
Үлттық есеп.шот жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын елшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы — түрғыңцардың әл.аукат денгейін көрсету болып табылады.
Үлтгық өндірістін макроэкономикалық нәтижесіне алғашқы рет баға беру Ф. Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы езінін кәзқарасын «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф. Кенэ Францияның XVIII.щі ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай үдайы ендірістегі балансты талдауды көрсетгі. .•
Кейінірек макроэкономикалық элементті талдауды Д. Рикардо (1771.1823 жж.) «Саяси экономияның басталуы және салыкгы салу» (1817 ж.), Т.Р. Мальтус (1766.1834 жж.) «Түрғындар саны заңының тәжірбиесі» (1798 ж.), К. Маркс (1818.1883 жж.) «Капитал» (1867 ж.) сияқты жүмыстарында қолданды. Үлттық есеп.шот жүйесін жүргізу неоклассикалық мектептің өкілдері. У. Джевонс (1835.1882 жж.) пенЛ. Вальрас (1834.1910 жж.) белгілі үлес қосты. Үлттық есеп.шот жүргізу теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883.1946 жж.) пен С. Кузнец (1901.1983 жж.) айтарлықтай еңбек сіңірді.
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Үлы тоқырау» деп аталған 1929.1933.ші жыддардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық тадцаудың қажеттілігін көрсетті. Сондықтан үлттык өнім қүрылуының факторларын, жүмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және үлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек үлттық есеп.шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және үлттық табысты есептеуді біліп.зерттеумен коян.қолтық айналыса бастады.
Кдзіргі үлтгық есеп.шот жүйесін жүргізуді жасаудын практикалык
^пліыср ағылшьш экономисі Р. Стоун (1913 ж.) енгізді. Алғашқы т үлтгык есеп.шот жүйесінің кестесі 1953.і жылы БҮҮ.ньщ татистикалык бөлімінде басылып шықты. Қазір барлык әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабыдданды. Үлтгык есеп.шот оның лсүйесінде метрикалық түрде бейнеленген, онда әрбір есеп.шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Үлтгык есеп.шот жүйесін қүрудағы ертеректегі талпыныстан Р. Стоун үсынған айырмашылык сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «коғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипатгамалар . үлтгық өнім, түтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика қүрышымы мен оньщ қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мүнда сондай.ақ қаржы балансы ұлтгық есеп.шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін қүру енген.
Мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық ынтамақтастықты дамыту және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу сияқты халықаралық қауымдастықтың барлық қатысушыларының негізгі міндеттері ретінде қарастырылады.Поляк ғалымы М.Добросельскийдің: «Кез келген талпыныс алдын ала сәтсіздікке ұшырайды және оның ешқандай іс-тәжірибелік маңызы болмайды, өйткені барлық жағдайларда қауіпсіздікке кепіл беретін элементтерді, құрылғыларды немесе процестерді алдын ала білу және ескеру мүмкін емес»-деген пікірімен келіспеске болмайды.Кез келген мемлекет «қауіпсіздік» ұғымына сүйене отырып, біріншіден, жағымсыз ықпал етуден сақтану, қауіпсіз болу жағдайын; екіншіден, нақты мемлекеттің осындай ықпал етуі дербес немесе халықаралық-құқықтық тетік көмегімен жеңу мүмкіндігін көздейді.Әскери күш пен дипломатияның - қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары екені баршаға мәлім.Сонымен қатар, мемлекет қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, белгілі бір табиғи және материалдық ресурстарға ие болуы керек.Халықаралық құқықта «ұлттық қауіпсіздік» және «мемлекет қауіпсіздігі» ретінде қалыптасып кеткен.1992 ж. 10 шілдесіндегі «Уақыт және өзгерістер талабы» атты Хельсинки құжатында қауіпсіздік бөлінбейді және әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттер қауіпсіздігімен тікелей байланысты деп көрсетілген. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1988 ж. 9 желтоқсандағы 43/170 қарарына орай, БҰҰ Жарғысы және Ұйымның фактілерді бекітудегі рөлін күшейту жөніндегі Арнайы Комитеті 1989 ж. өз сессиясында БҰҰ-ның хаықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы фактілерді бекітіту жөніндегі құжаттарды дайындауға кірісті.
1991 ж. 9 желтоқсанында Бас Ассамблея БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы фактілерді бекіту туралы Декларациясын дауыс берусіз бірауыздан қабылдады.
Негізі, Халықаралық қауіпсіздік құқығы дегенге келсек, ол – халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесіне сәйкес келетін, бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған және мемлекеттердің әлемдік қауымдастық бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқыншылық актілері мен жағдайларға қарсы ұжымдық шараларында қолданатын құқықтық және өзге де тәсілдерінің жиынтығы – деп қарастырамыз.Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық құралдарына төмендегілер жатады:
- дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу құралдары;
1. А.Сәрсенбаев. «Тәуелсіз елде тәуменді тұлғалар болмауы керек», «Таңдау жасар сәт туды»
2. Ж.Құлжабаева. «Халықаралық жария құқық»
3. Қ.Тоқаев. «Беласу»
4. «Жас Алаш» газеті
5. «Егемен Қазақстан» газеті

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау

1. Мемлекеттің баға жетпес байлығы — адам және оның
өмірі
1.1. ҚАЗАҚСТАН - халықаралық сахнадағы беделді
мемлекет
1.2. Бір қадам алға, екі қадам артқа...

ІІ Тарау

2. ҚАЗАҚСТАН – әлемдік аренада
1. Мемлекетіміздің ШЫҰ-на төрағалық етуі
2.2. Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-на төрағалық етеді

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰҚЫҒЫ

Мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық ынтамақтастықты
дамыту және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу сияқты халықаралық
қауымдастықтың барлық қатысушыларының негізгі міндеттері ретінде
қарастырылады.Поляк ғалымы М.Добросельскийдің: Кез келген талпыныс алдын
ала сәтсіздікке ұшырайды және оның ешқандай іс-тәжірибелік маңызы болмайды,
өйткені барлық жағдайларда қауіпсіздікке кепіл беретін элементтерді,
құрылғыларды немесе процестерді алдын ала білу және ескеру мүмкін емес-
деген пікірімен келіспеске болмайды.Кез келген мемлекет қауіпсіздік
ұғымына сүйене отырып, біріншіден, жағымсыз ықпал етуден сақтану, қауіпсіз
болу жағдайын; екіншіден, нақты мемлекеттің осындай ықпал етуі дербес
немесе халықаралық-құқықтық тетік көмегімен жеңу мүмкіндігін
көздейді.Әскери күш пен дипломатияның - қауіпсіздікті қамтамасыз ету
құралдары екені баршаға мәлім.Сонымен қатар, мемлекет қауіпсіздікті
қамтамасыз ете отырып, белгілі бір табиғи және материалдық ресурстарға ие
болуы керек.Халықаралық құқықта ұлттық қауіпсіздік және мемлекет
қауіпсіздігі ретінде қалыптасып кеткен.1992 ж. 10 шілдесіндегі Уақыт және
өзгерістер талабы атты Хельсинки құжатында қауіпсіздік бөлінбейді және
әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттер қауіпсіздігімен тікелей
байланысты деп көрсетілген. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1988 ж. 9 желтоқсандағы
43170 қарарына орай, БҰҰ Жарғысы және Ұйымның фактілерді бекітудегі рөлін
күшейту жөніндегі Арнайы Комитеті 1989 ж. өз сессиясында БҰҰ-ның хаықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы фактілерді бекітіту
жөніндегі құжаттарды дайындауға кірісті.
1991 ж. 9 желтоқсанында Бас Ассамблея БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қолдау саласындағы фактілерді бекіту туралы Декларациясын дауыс берусіз
бірауыздан қабылдады.
Негізі, Халықаралық қауіпсіздік құқығы дегенге келсек, ол –
халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесіне сәйкес келетін,
бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған және мемлекеттердің әлемдік
қауымдастық бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқыншылық
актілері мен жағдайларға қарсы ұжымдық шараларында қолданатын құқықтық және
өзге де тәсілдерінің жиынтығы – деп қарастырамыз.Халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің құқықтық құралдарына төмендегілер жатады:
- дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу құралдары;
- жалпы және аймақты қауіпсіздік;
- қарусыздану; халықаралық шиеленісті азайту және қару-жарақты жаппай
шығаруды тоқтату жөніндегі шаралар;
- блоктарға (топтарға) қосылмау және бейтараптық саясат;
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде әлемдік тәжірибе
жинақталған сайын жаңа құралдар пайда бола береді.Халықаралық қауіпсіздік
құқығы қағидаларының заңдық мазмұны мынадай құрамдас бөліктермен қамтамасыз
етіледі:
- кез келген мемлекеттің ешқандай ерекшеліксіз қауіпсіздікке деген құқығы;
- қауіпсіздікті жалпы және тең қамтамасыз ету;
- халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кемсітушіліктердің болмауы;
- қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ешкімнің де біржақты артықшылықтар ала
алмауы;
- өз мемлекетінің қауіпсіздігін басқа мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян
келтіре отырып, нығайтуға тыйым салу, мұндай залалдар келтіретін
әрекеттерден бас тарту.

Оқиғалар ауанына қарасақ, адамзаттың жасампаздық ісінен қиратушылық
әрекеті қалыспай отыр. Жаңа әлем қандай болуы керектігі туралы мемлекеттер
арасындағы пікірталас биылғы жылы шиеленісе түсті. Бұл процестерден
Қазақстан тыс қала алмады. Өтіп бара жатқан жылы сыртқы саясатымыз
еліміздің болмысына, мүдделеріне қаншалықты лайықты жүргізілді деп
ойлаймыз?
Расында, жаһандану заманында бірде-бір мемлекет дүние жүзінде болып
жатқан оқиғалардан тыс қала алмайды. Бұл үрдіс тек таза күйіндегі саясатқа
немесе экономикаға ғана қатысты емес. Өкінішке орай, жаңадан пайда болған
түрлі қауіп-қатерлер де барша адам баласына ортақ.
Биылғы жылы халықаралық саясат бірқатар күрделі мәселелерге тап
болғаны рас. Терроризм мәселесі тиянақ таппады. Осы ақиқаттың айғағы
ретінде дүниенің төрт бұрышында зұлымдық террорлық әрекеттердің осы уақытқа
дейін тыйылмай, өршелене түсуін келтіруге болады.
Ядролық қаруды таратпау режимі төңірегінде қаншама дау-дамай туындап
жатыр. Атап айтқанда, Иракты қарусыздандыруға байланысты әлемнің екі жікке
бөлініп кетуі, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына орай сауда-
саттықтың жалғасуы да аса алаңдатарлық жайттар.
Әлемнің басқа да қатерлері қатарындағы - кедейшілік, есірткі саудасы,
климаттың өзгеруі сияқты проблемалар бойынша жүргізіліп жатқан қызу
пікірталастар нақты шешімін тапқан жоқ.
Жоғары деңгейдегі мәртебелі халықаралық басқосуларда - осындай келелі
жиындарға қатысушылардың көпшілігі маңызды, әрі күрделі мәселелерге
немқұрайлы қарайды. Конференциялық пікірталастар көбейіп жатыр, ал, нақты
тындырылған істің жемісі көрінбейді. Бұған айқын мысал ретінде, Ядролық
қаруды таратпау шартының осы уақытқа дейін өзін-өзі ақтамағандығын айтуға
болады. Әлемдік қауымдастық өз мүмкіндігіне сенбей бара жатқан тәрізді.
Менің пікірімше, халықаралық ұйымдар әлеуетін тиімді пайдалану қажет,
ол үшін мүмкіндік те баршылық. Қазіргі заманда диалог жүргізуге, өзара
түсіністік пен төзімділікке басқа балама жоқ. Бұған аймақтық интеграция,
халықаралық қауіпсіздік, дінаралық үнқатысу бойынша бастамаларымызды жүзеге
асырған кезімізде көзіміз анық жетті. Сондықтан да, Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бас Ассамблеясының 58-ші сессиясында Қазақстан осы ұйымды реформалау, оның
қызметін жақсарту бойынша нақты ұсыныстар енгізген болатын.

ҚАЗАҚСТАН - халықаралық сахнада беделді мемлекет

Әлемде орын алып отырған қиыншылықтарға қарамастан, үстіміздегі жылы
еліміздің халықаралық сахнадағы беделі нығая түсті деп айтар едім.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көптеген әлем лидерлерімен жемісті
келіссөздер өткізді. Ең алдымен көршілеріміз - Ресей, Қытай, Орталық Азия
елдерімен әралуан мәселелер бойынша жоғарғы деңгейде тұрақты диалог
жүргізілуде. Еуразияның кіндігінде орналасқан еліміз үшін жақын
көршілерімізбен тату қатынастарды сақтау маңызды міндет екенін қаперімізден
шығармауымыз қажет.
Еліміз бүгінгі заманның күрделі мәселелерін шешуге сүбелі үлесін
қосып, Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің алғашқы
құрылтайын ұйымдастырды. Айтулы алқалы жиын әлем қауымдастығына Қазақстан
қоғамындағы дінаралық, ұлтаралық келісім үрдістерін, еліміздің бейбітшіл
саясатын айқын көрсетіп берді.
Қазақстанның көпжақты әріптестік саясатына келетін болсақ, Шанхай
ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары
жөніндегі кеңесі сияқты форумдар аясындағы ынтымақтастықтың даму барысы
қандай?
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы Қазақстан Шанхай ынтымақтастық
ұйымына төрағалық етті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен
Мәскеуде ұйымға мүше елдердің саммиті болып өтті. Қазіргі кезде ШЫҰ
ұйымдастырушылық кезеңі аяқталып келеді. Саммит барысында мемлекет
басшылары бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Олар ұйымның тұрақты
хатшылығы, бюджеті сияқты мәселелерді қамтиды.2004 жылдан бастап Бейжіңде
ШЫҰ-ның хатшылығы тұрақты түрде қызмет ете бастайды. Сонымен бірге
Ташкентте Аймақтық антитеррорлық орталықтың ашылуы жоспарлануда. Яғни, ШЫҰ
жыл сайынғы форумнан толыққанды халықаралық құрылымына айналды.
Осы жылдың жазында ұйым аясында алғашқы бірлескен антитеррорлық
жаттығулар өткізілді, әскерилер арасындағы байланыстар дами түсті.
ШЫҰ - аймақтағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың қуатты факторына
айналғанына шүбә келтірмейміз. Ұйым беделі артуының айғағы ретінде оның Нью-
Йоркте шілде айында өткен БҰҰ мен ықпалды аймақтық құрылымдар арасындағы
жоғары дәрежелі кездесуге шақырылғанын атап өтуге болады. ШЫҰ-ның төрағасы
ретінде бұл кездесуге қатысу Қ.Тоқаевтың құзыретіне тиді. Расында да,
қазіргі күннің өзекті мәселелерін шешудегі ғаламдық және аймақтық ұйымдар
арасындағы күш-жігерлерді үйлестіру - айрықша маңызды мәселе.
Қазақстан бастамасымен дүниеге келген Азиядағы өзара ықпалдастық және
сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) те қазіргі кезде белсенді даму
процесінің үстінде. 2002 жылы Алматыда жемісті өткен АӨСШК бірінші саммиті
кезінде Азияның түкпір-түкпірінен келген мемлекет және үкімет басшылары
Кеңеске кең қолдау көрсеткен болатын.
АӨСШК - өзінің терең маңыздылығы мен қатысушылардың әралуандығы
жағынан Азия тарихында болып көрмеген форум. Менің ойымша, осындай күрделі
процесті ілгерілету, ең алдымен, оның авторы - Қазақстан Президенті
Н.Назарбаевтың жоғары беделінің айғағы.
Келесі жылы Алматыда АӨСШК сыртқы істер министрлерінің кездесуін
өткізу жоспарлануда. Одан соң мемлекет басшыларының саммитіне дайындалатын
болады.
Ирак мәселесі жайлы - американдықтар Саддам Хусейнді тұтқынға алған
болатын. Дегенмен, Ирактағы жағдай тыныштала қоятындай түрі жоқ.
Қазақстанның Ирак мәселесі бойынша қабылдаған ұстанымы өзін-өзі ақтады ма?
Әскери контингентімізді жібергеніміз дұрыс болды ма?
Қазақстан соғыс қимылдары басталғаннан-ақ дұрыс ұстанымды айқындады..
Оның әділеттігін уақыттың өзі көрсетіп берді.
Біріншіден, біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ирак проблемасы бойынша
бірліктің табылмауына ерекше алаңдаушылық пен өкініш білдірдік. Екіншіден,
Қазақстанның пікірінше, Ирактың қарусыздануы жөнінде Саддам Хусейн күмәнсіз
айғақтарды көрсеткен жоқ. Үшіншіден, туындаған проблеманың дипломатиялық
құралдар көмегімен бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі жоққа сайды. Іс жүзінде
мәселе тек әскери жолмен шешілуге келіп тірелді.
Біздің еліміз Ирактағы жаппай қырып жоятын қарудың бар екенін дәлелдеу
қажеттігіне ерекше назар аударды. Осыған сәйкес, Қазақстан Иракқа қарсы
коалицияға ресми түрде қосылмады.
Ирактағы оқиғалар бүгінгі күннің тағы бір ерекшелігін айқын көрсетіп
берді. Нақты айтатын болсақ, Саддам Хусейн сияқты лидерлердің қазіргі
халықаралық қатынастардың өркениетті ағымынан тысқары шығып қалуы.
Белсенді соғыс қимылдары аяқталған соң еліміз Иракқа шектеулі әскери
топты жіберу туралы саяси шешім қабылдады. Бұл - өте дұрыс шешім. Осы
қадамымыз әлем алдындағы жауапкершілігімізді, көп азап шеккен Ирак халқының
әдеттегі бейбіт өмірге оралуына жасаған қолдау-көмегімізді көрсетті. Осыған
бірден-бір айқын дәлел - Ирактағы әскерилеріміздің нәтижелі қызмет атқарып
отырғаны.
Біздің ойымызша, Ирактағы дағдарыс - тек американдықтардың ғана емес,
бүкіл адамзатқа қатысы бар проблема. Ол дәл қазір болмаса да, келешекте
Біріккен Ұлттар Ұйымы жетекшілігімен шешімін табуы керек.
“Жаһандану жағдайында саясат пен бизнестің ара-жігі қосылып кетеді”
деген пікір бар. Шетелдік инвесторлар еліміз ішіндегі елеулі факторға
айналып келеді. Трансұлттық корпорациялардың Қазақстанға деген ықпалы
қаншалықты қауіпті?
Расында, ірі саясат пен халықаралық бизнестің бір-бірімен тығыз
байланысып жүруі - бүгінгі жаһанданудың көрінісі. Бұл қазіргі күннің
болмысы және бұдан бір де бір өркениетті ел жалтара қойған жоқ. Одан
қауіптену - орынсыз. Жаһандану процесін өз елінің мүддесіне оңды етіп
пайдалана білген мемлекеттер ғана келешектегі ұлттар қауымдастығында
лайықты орынға ие болмақ.
Белсенді даму үшін Қазақстан ірі көлемдегі шетелдік инвестицияларды
қажет етеді. Яғни трансұлттық корпорациялармен терең ынтымақтастық біздің
ел үшін өте маңызды.
Дүниежүзі елдері инвестициялар үшін таласып жатады. Біздегі
кейбіреулер болса, экономикамыз өрлеген сайын тоқмейілсіп, өздерін
жайбарақат сезіне бастайды. Кері шегінушілікті болдырмау қажет.
Қазақстанның инвестициялық оқшаулануы ел үшін ең күрделі зардаптарға әкеп
соқтыруы мүмкін.
Осыған орай айтқым келетіні, трансұлттық корпорацияларды “қанаушылар”
деп қарастыру дұрыс емес. Олармен барлық өзекті мәселелер бойынша
өркениетті келіссөздер жүргізу керек. Соның ішінде жаңа қазақстандық
кадрларды даярлайтын білім беру мекемелері жүйесін құру бойынша келісуіміз
қажет.
Жаңа замандағы Қазақстан қоғамы қандай болуы керек? Жаппай жаһандану
кезінде алыптардың арасында ілгері жылжитындай мүмкіндігіміз бар ма?
Әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Индустриалды қоғамның орнына
білімге сүйенетін қоғам пайда болуда. Осы орайда, әрине, біз дәстүрлі
құндылықтардың маңыздылығын кемітпеуіміз керек. Дегенмен, оларды әлемнің
жаңа беталыстарымен үйлестіре алатын болсақ, айтарлықтай алға баса
алатынымызға кәміл.
Қазақтар тарих ағымына ілесіп қана қоймай, әлемнің озық ұлттар
қатарына қосылуға ұмтылуы тиіс. Бұл қолымыздан келетін іс, оны атқару -
болашақ ұрпақтар алдындағы қасиетті борышымыз.
Экономикамыз өрлей бастағанымен, әлі де тындырарлық шаруа шаш етектен.
Президент бастаған индустриялдық-инновациялық бағдарламаны іске асыру,
мықты орта тапты қалыптастыру керек. Бәсекеге төтеп бере алатын, алдыңғы
қатарлы қоғам құру – бүгінгі күннің басты мақсаты.
Сыртқы саясат мекемесінің іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру мәселесі
қандай деңгейде?
Әр елдің даралық сипатын айқындайтын рәміздік белгілерінің бірі де
бірегейі – оның тілі болғандықтан, қазақ тілінің халықаралық қауымдастықта
өз салтанатымен көрінуі қажеттігіне еш күмән жоқ. Бұл жолда, әсіресе, соңғы
екі жыл ішінде, Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі
өкілдіктерінде мемлекеттік тілге деген батыл бетбұрыстар жасалды. Атап
айтқанда, министрліктің департаменттері және шетелдердегі елшіліктердің
біразы іс-қағаздарын толық қазақ тілінде жүргізуге көшкен. Бірқатар
елшіліктер саяси есептерін қазақ тілінде жасайды.
Орталық аппаратта құжаттарды мемлекеттік тілде қалыптастыру бөлімі
және Мемлекеттік тіл жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Оларға іс-
қағаздарын қазақ тіліне көшіруді іске асыру, дипломаттардың тілді жетік
меңгеруіне көмектесу, аттестациялау арқылы деңгейлерін тексеріп отыру,
жаңадан жұмысқа алынатын адамдардың мемлекеттік тілді білуін қатаң
қадағалау сияқты міндеттер жүктелген.
Құжаттарды қазақ тілінде сапалы әрі сауатты жаза білетін
дипломаттардың айлығына үстемақы төленеді.
Алдағы жылдың басында министрліктің бастамасымен Қазақстан
Республикасының дипломатиялық қызметі атты екі тілде арнайы кең ауқымды
оқу құралы жарық көрмек. Сондай-ақ, Қазақша-орысша, орысша-қазақша
дипломатия анықтамалығын да жақын уақытта шығаратын болады.
Қазақстанның экономикалық әлеуеті ұлғайып, халықаралық беделі
жоғарылаған сайын шет елдермен байланыс та кеңейе түсуі қисынды болып
көрінеді. Биылғы жылы қай елдерде жаңа дипломатиялық өкілдіктер ашылды,
келешекте тағы да елшіліктер ашу жөнінде жоспарлар бар ма?
Әрине, еліміз дамыған сайын бізбен ынтымақтасуға ниет білдірген елдер
қатары да көбейе түсуде. Бұған қоса Қазақстан жаңа нарықтарға шығуды,
экономикалық, инвестициялық әріптестікті нығайтуды қажет етеді.
2003 жылы еліміздің Нидерланды, Румыния, Сингапур сияқты елдерде
дипломатиялық миссиялары, Санкт-Петербург пен Гонконг қалаларында бас
консулдықтары ашылды.
Келесі жылы Канададан Елшілік ашылды. Сондай-ақ Норвегия, Ливан,
Ливия, Болгария және Грузияда дипломатиялық миссиялар ашылатын болады.
Ресейдің Астрахань қаласында консулдық мекеме ашу тапсырылды.
Қаңтардың басында Қазақстанға ресми сапармен Ресей Президенті Владимир
Путин келеді. Қазіргі кезде стратегиялық әріптестердің жоғарғы деңгейдегі
кездесуіне қызу дайындық жүріп жатыр. Жоспар бойынша екі ел президенттері
Ресейдің Қазақстандағы Жылының басталуы туралы жария етеді.
Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясы, Біріккен Араб
Әмірліктері, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Ұлыбритания, Австрия және
басқа да мемлекеттерге сапарлары жоспарлануда

Бір қадам алға, екі қадам артқа...

Қазақстан президенті халықаралық Азаматтық және саяси құқықтар
туралы және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
пактілерді Қазақстан Парламентін жақын арада ратификациялауға шақырды. Бұл
құжаттарды толық қабылдау адам құқығы бойынша ұдайы сынға ұшырап отыратын
Қазақстанға қандай міндеттемелер жүктейді? Яғни, Президент Назарбаев ұзақ
мерзімді мақсаттарға жету үшін қандай шегіністерге бармақ?Әсіресе саяси
құқықтар жөніндегі пакті маңызды. Мәселен, кез-келген Қазақстан азаматы
құқығы бұзылса, адам құқығы бойынша Еуропа сотына шағымдануға мүмкіндік
алады, - дейді адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының сарапшысы Айнаш
Шорманбаева. Алайда, бұл пактілерді ратификациялау аз, оларға қосымша
Қазақстан, бірқатар хаттамаларға қол қоюы керек. Мысалы, өлім жазасын алып
тастау туралы немесе Қазақстан азаматтарының өз елінде соттан әділдік таба
алмаса, халықаралық институттарға, оның ішінде БҰҰ-ның адам құқығы бойынша
комитетке шағымдануына мүмкіндік беретін актілер. Алайда, әзірге бұл
бағыттағы талпыныстар байқалмайды, - деп есептейді адам құқығы бойынша
бюро жетекшісі Евгений Жовтис. Екіншіден, халықаралық құжаттарды мойындаған
жағдайда соған сай Қазақстандағы бірқатар заңдарға да өзгерістер енгізуге
тура келмек. Адам құқығы мен оның бостандықтары туралы түсіктерімізді
халықаралық ұғымдарға сәйкестендіру қажет болады. Ал ол үшін Қазақстан
саяси және азаматтық құқықтар туралы заңдарын қайта қаруы керек. Себебі,
олар халықаралық пактілерге сәйкес келмейді, - дейді адам құқығын қорғаушы
Евгений Жовтис. Әрине, мұндай заңдар сөзсіз Қазақстан азаматтарының бейбіт
шерулер мен жиындар өткізу құқығы, сөз бостандығы, ұйымдарға бірігу құқығы,
ар-ождан құқығы сияқты салаларды қамтиды. Ал оларға тиісті оң өзгерістер
енгізудің алдағы президент сайлауына дейін мүмкін еместігі тағы белгілі.
Сондықтан, сайлау алдындағы аздаған шегіністер билік тарапынан үлкен
құрбандықтарды да қажет етпейді.
Адам құқығы саласындағы маңызды бұл пактілерге Қазақстанның қосылуы
туралы президент жарлығы 2003-ші жылы шықты. Алайда, оларды толық
ратификациялау енді ғана қолға алына бастады. Неліктен? Әлбетте, бір
жағынан бұл алда келе жатқан президенттік сайлаумен байланысты болса,
екінші жағынан Қазақстан халықаралық деңгейде жақсы жағынан көрсетуге
талпынып отырған болар. Себебі, Қазақстанның адам құқығына байланысты талай
сынға алынғаны белгілі. Сондықтан, Қазақстан өзін халықаралық деңгейде
нағыз демократиялы ел ретінде көрсеткісі келсе, онда осы адам құқығы
бойынша негізгі құжаттарды ратификациялауға мәжбүр, - дейді Айнаш
Шорманбаева. Сонымен, Президент Назарбаев Қазақстандағы адам құқығына
қатысты жағдайды жақсартудың құжаттық жағын күйттеуге кіріскенде,
қазақстандық оппозиционерлер халықаралық ұйымдармен тікелей кездесулерін
бастап та кеткен. Мәселен, президенттікке оппозициядан үміткер Жармахан
Тұяқбай мен оның серіктері жаздың жайлы соңғы күндерін Польшада өткізді.
Халықаралық қауымдастықты Варшава қаласында өткен конференцияда Орталық
Азиядағы демократиялық процестерге ықпал етуге шақырған Алға партиясының
жетекшісі Асылбек Қожахметов Қазақстан президентінің адам құқығына қатысты
сөздеріне сенбеуге шақырады. Айтыңызшы, соңғы сегіз жылда Қазақстанда бір
рет әділ сайлау болды ма?! Олардың барлығын Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сахна тілі интонациясының дискурстық сипаты
Қазақ халқының этникалық даралығын нығайту бойынша жасалған шаралардың тиімділігі
Халықаралық қатынастар факультеті
Ұлттық театрды дамытудағы шешендік өнердің орны
Б.Римованың сахнада алған орны
Жаманқұлов Тұңғышбай өмірбаяны
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастары, мәдени ынтымақтастығы, мемлекеттін сыртқы функциясы
Жобаның артықшылықтары
Режиссерлік өнер
Қазақстанның сыртқы саясаты
Пәндер