Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.тарау
Шығыс Қазақстандағы қорғасын . мырыш кен орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5

ІІ.тарау
Оңтүстік Қазақстандағы қорғасын . мырыш кен орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

12

ІІІ.тарау
Орталық Қазақстандағы қорғасын . мырыш кен орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

17

IV .тарау
Түсті металл Кен өнеркәсібін орналастыру факторлары және ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

21

V .тарау
Табиғат байлығын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

25


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

31

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

32
Тәуелсіз республикалармыздың экономикасын көтеру үшін табиғат байлығын, әсіресе түсті металлургия саласын, тиімді игеру басты бағыттың бірі.
Түсті металлургияның ішінде ТМД елдерінде өндірілетін қорғасын, мырыш өнімінің жартысынан артығын беріп келген. Қазақстанның орны ерекше.
Халық шаруашылығының негізін ауыр өнеркәсіп құраса, оның негізін түсті металлургия құрайды. Сондықтан түсті металға, әсіресе, қорғасын, мырышқа және олардың қоспаларына сұраныс әрдайым артып отырады. Сол себепті түсті металл кен орындарын тиімді игеру, қазып алған концентраттарды технологиялық тұрғыдан қорытуға ыңғайлы, экономикалық тұрғыдан тиімді өнім алатын металлургия зауыттарына жеткізу өнеркәсіптің түсті металлургия саласында ең бір өзекті мәселе. Соңғы жиырма жылдың ішінде Орталық Қазақстанда ашылған қорғасын мырыш кен көздері қоры жағынан да, сапасы жағынан да Кенді Алтайдан асып түседі.
Өскемен қорғасын-мырыш және Шымкент қорғасын зауыттары шикізатқа тапшы болып отырған шақта, табиғи орналасу жағынан темір жолға жақын шоғырланып келетін, қоры мол, сапасы жоғары Орталық Қазақстанның қорғасын –мырыш кен көздері ғалымдар мен өнеркәсіп мамандарының назарын аударып отыр.
Диплом жұмысы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы геология,, экономика және тау-кен институттары материалдарының негізінде жасалған.
Тәуелсіз республикалармыздың экономикасын көтеру үшін табиғат байлығын, әсіресе түсті металлургия саласын, тиімді игеру басты бағыттың бірі.
Түсті металлургияның ішінде ТМД елдерінде өндірілетін қорғасын, мырыш өнімінің жартысынан артығын беріп келген. Қазақстанның орны ерекше.
Халық шаруашылығының негізін ауыр өнеркәсіп құраса, оның негізін түсті металлургия құрайды. Сондықтан түсті металға, әсіресе, қорғасын, мырышқа және олардың қоспаларына сұраныс әрдайым артып отырады. Сол себепті түсті металл кен орындарын тиімді игеру, қазып алған концентраттарды технологиялық тұрғыдан қорытуға ыңғайлы, экономикалық тұрғыдан тиімді өнім алатын металлургия зауыттарына жеткізу өнеркәсіптің түсті металлургия саласында ең бір өзекті мәселе. Соңғы жиырма жылдың ішінде Орталық Қазақстанда ашылған қорғасын мырыш кен көздері қоры жағынан да, сапасы жағынан да Кенді Алтайдан асып түседі.
Өскемен қорғасын-мырыш және Шымкент қорғасын зауыттары шикізатқа тапшы болып отырған шақта, табиғи орналасу жағынан темір жолға жақын шоғырланып келетін, қоры мол, сапасы жоғары Орталық Қазақстанның қорғасын –мырыш кен көздері ғалымдар мен өнеркәсіп мамандарының назарын аударып отыр.
Диплом жұмысы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы геология,, экономика және тау-кен институттары материалдарының негізінде жасалған.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..

І-тарау Шығыс Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...5
... ... ... ... ... ..

ІІ-тарау Оңтүстік Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен
орындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...12
... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ-тарау Орталық Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...17
... ... ... ... ... ...

IV –тарау Түсті металл Кен өнеркәсібін орналастыру факторлары
және ерекшелігі 21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
... ... ... ... ... .

V –тарау Табиғат байлығын тиімді пайдалану және қоршаған
ортаны қорғау 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Қорытынды 31
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер 32
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .

Аннотация

Дипломдық жұмыс 57 бетке жазылған, екі картотсхемадан тұрады.
Жұмыс кіріспе, бес тарау және қорытындыдан тұрады. Жиі кездесетін
негізгі сөздер: кен, байлық, минерал, кеніш, қазып алу, байыту,
орналастыру, тиімді пайдалану, концентрат тиімділік.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан бойынша қорғасын – мырыш кен
орындарының географиялық орнын анықтау, оларды орналастыру және тиімді
пайдалану жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері: статистикалық анализ жасау әдісі картографиялық
әдіс, экономика-математикалық әдіс.

Кіріспе

Тәуелсіз республикалармыздың экономикасын көтеру үшін табиғат
байлығын, әсіресе түсті металлургия саласын, тиімді игеру басты бағыттың
бірі.
Түсті металлургияның ішінде ТМД елдерінде өндірілетін қорғасын, мырыш
өнімінің жартысынан артығын беріп келген. Қазақстанның орны ерекше.
Халық шаруашылығының негізін ауыр өнеркәсіп құраса, оның негізін түсті
металлургия құрайды. Сондықтан түсті металға, әсіресе, қорғасын, мырышқа
және олардың қоспаларына сұраныс әрдайым артып отырады. Сол себепті түсті
металл кен орындарын тиімді игеру, қазып алған концентраттарды
технологиялық тұрғыдан қорытуға ыңғайлы, экономикалық тұрғыдан тиімді өнім
алатын металлургия зауыттарына жеткізу өнеркәсіптің түсті металлургия
саласында ең бір өзекті мәселе. Соңғы жиырма жылдың ішінде Орталық
Қазақстанда ашылған қорғасын мырыш кен көздері қоры жағынан да, сапасы
жағынан да Кенді Алтайдан асып түседі.
Өскемен қорғасын-мырыш және Шымкент қорғасын зауыттары шикізатқа тапшы
болып отырған шақта, табиғи орналасу жағынан темір жолға жақын шоғырланып
келетін, қоры мол, сапасы жоғары Орталық Қазақстанның қорғасын –мырыш кен
көздері ғалымдар мен өнеркәсіп мамандарының назарын аударып отыр.
Диплом жұмысы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы геология,,
экономика және тау-кен институттары материалдарының негізінде жасалған.

І тарау. Шығыс Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары

Республика бойынша Шығыс Қазақстан түсті металл кен орындарының ең бір
бай орталығы. Әсіресе, қорғасын мен мырышты қазып алу, өңдеу жағынан, алған
өнімнің сапасы жағынан да дүние жүзіндегі ең бір алдыңғы қатарлы өндіріс
орны. Кен орындары негізінен кенді Алтайдың батыс, оңтүстік – батыс, Қалбы,
Нарын және Қандағатай сілемдерінде, ал оңтүстік шығысында Сәуір және Шығыс
Тарбағатай бөктерін алып жатыр. Осы өлкеден алынған қорғасын және мырыш
кендері байытылғаннан кейін 1952 жылы салынған дүниежүзіндегі ең ірі
Өскемен қорғасын – мырыш зауытында өңделеді. Өзіне келіп түскен
концентраттардан 17 түрлі дайын өнім шығарады және шығаратын өнімдердің
сапасы өте жоғары. Мысалы, сапасы жағынан қорғасын, мырыш және кадмий
Лондон тауар биржасында дүниежүзілік эталон ретінде қолданылады. Комбинатта
қорғасын, мырыш балқыту цехы, күкірт қышқылын алу цехы және шлактардан
қайта өңдеп түсті металдар айырып алатын арнаулы цехтар жұмыс істейді.
Соңғы кездері полиметалл кендерінде алтын бөліп алу цехы да салынды.
Бір айта кететін жәйт Шығыс Қазақстан полиметалл кен орындарынан алтын мен
күміс Қазақстандағы арнайы алтын кен орындарынан көп мөлшерде алынды.
Қазақстандағы үш алтын комбинатының біреуі Алтай-алтын осы облыста,
Семей қаласында орналасқан. Ол комбитнаттың құрамына мына алтын кен
орындары кіреді. Архарлы, Бақыршық, Тасқара, Боко, Октябрьский, Миялы,
Промежуточное. Бұлардан басқа Жамбыл облысында орналасқан ірі алтын кен
орны Ақбақай да осы комбинаттың құрамына кіреді.
Аталған алтын кен орындарынан алтын концентраттары Өскемен қорғасын-
мырыш комбинатында өңделеді. Комбинатта алынатын рафинатталған металдардың
тазалығы – 99,99% комплексті, яғни толық пайдалану дәрежесі қорғасын алудан
– 98,2%, мырыш алудан – 90,9% жетті. Мұнда алынған қосалқы компоненттер
тиімділігі жағынан негізгі компоненттерден асып кетті және олар пайданың
50% құрайды.
Өскемен қорғасын-мырыш зауытында концентрат негізінен Зырян қорғасын
комбинатынан, Лениногор және Ертіс полиметалл комбинатынтарынан, Орталық
Қазақстандағы Жәйрем, Қарағайлы кен байыту комбинаттарынан келеді.
Кенді Алтайдың кені ертеректегі мыс, қала дәуірлерінен бері белгілі
болған. Оған дәлел ретінде қазіргі заманғы белгілі кен орындарынан табылып
жатқан сол дәуірдің қазба құрал-жабдықтары айғақ болғандай.
Жер бетіне жақын орналасөан алтын, мыс сияқты металдарды қазып алып,
өңдеп, қару-жарақ құрал-сайман және әшекейлеу өнерінде пайдаланған. Қазіргі
уақытта ғалымдардың зерттеулері бойынша аталған өлкеде қазба байлықтардың
белгілі бір заңдылықпен, бір тектес кен орындарының белгілі бір кенді
белдеулерде жататынын дәлелдеді.
Минерал қорлары негізінен солтүстік–шығыс және оңтүстік-батыс
бағыттағы белдеу болып орналасқан. Солардың ең ірісі Кенді Алтайдың
полиметалдық белдеуі болып есептеледі, оның ұзындығы 500км, ал ені 50-70 км
болады. Бұл белдеулерде мына қорғасын, мырыш, мыс кен орындары шоғырланған.
Зырян, Грехов, Малеев, Ленинагор, Шокпар, Ертіс, Жаңа Ленинагор, Тимин,
Юбилейно-Снегирихин, Стрежан, Руслянов, Белоусов, Ново-Березов және
басқалары. Бұл кенді полиметалл белдеуі Қазақстан экономикасын реттеуге
себеп болатын басты түсті металл кен орны.
Алтай полиметалл кен орындарының бір ерекшелігі құрамының көп
компоненті болуында. Негізгі қорғасын, мырыш, мыстан басқа мұнда алтын,
күміс, кадмий, мышьяк, темір, күкірт, ванадий, палий, селен, теллур,
свинам, титан, молибден т.б. Кейбір әлі зерттелмеген сирек кездесетін
элементтер бар. Қосалқы компоненттер санының көптігі жағынан және құрамының
жоғарылығы жағынан Өр Алтай ТМД елдерінде теңдесі жоқ жер. Бұл жердің
негзігі кен орындары XVIII –ғасырдан березов 1770, Ленинагор 1784, Зырян
1791, Белоусов 1797 жылдардан бастап жұмыс істеді.
Қорғасын мырыш кендері негізінен кенді Алтай полиметалл белдеуінің
шығыс бетіне қарай қалыптасқан, ал сирек кездесетін металдар тобы Батыс
жақ қалатын алып жатады.
Сайып келгенде, Кенді Алтай полиметалл белдеуі жалғыз емес,
субпаралельді екі кен белдеуінен тұрады және сол кенді Алтай ойысын алып
жатады.
Полиметалл кен көздерінің қалыптасуы туралы пікір екіге бөлінеді.
Ғалымдардың бір тобы девон дәуірінде эффузивті вулканның әсерінен жер
бетіне төгілген, сұйық магма тектоникалық өзгерістер болған жарықшақтарды
толтырып пайда болғанын дәлелдейді. Енді басты кен орындарының
географиясына тоқталсақ Зырян қорғасын кені орнында бұдан екі жүз жыл
бұрын қазу жұмыстары пайда болған. Бұл кеніш бес учаскеден тұрады және
мұнда қорғасын мен мырыш қоры мысқа қарағанда әлдеқайда басым. Кен
негізінен вулканды тау жыныстарының девон дәуірінде қалыптасқан
қатпарлармен бірге орналасқан және меридианальды бағытта созылған.
Бұрғылау арқылы ұңғының тереңдігі 800-900 м дейін жетсе де кен көзі
әлі де шектелмегендігі байқалған.
Зырян кеніші негізінен Солтүстік, Оңтүстік және Масляный – деген үш
ірі линзалардан тұрады.
Кейінгі зерттеушілер басқа линза қабаттары да бар екенін тапты. Кен
қабаттары негізінен қалың, бірқалыпты мыс, қорғасын, мырыш минералдарынан
тұрады. Бұлардан басқа да минералдың түрлері кездесіп көп компонентті болып
келеді. Кен орны ашық әдіспен және жабық әдіспен қазылады да, Зырян байыту
фабрикасында өңделеді. Одан алынған қорғасын және мырыш концентраттары
Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына балқытуға жіберіледі.
Грехов кен орны Зырян кен орнынан 12 км жерде солтүстік-шығысқа қарай
орналасқан. Бұл кен орны негізгі үш учаскеден тұрады. Мұнда да мырыш-
қорғасын қоры мысқа қарағанда әлдеқайда тау жыныстарынан девон дәуірінде
пайда болған және меридионалды бағытта созылған.
Негізінен ашық және жабық әдістермен қазып алынады. Бұл да ескі кен
орны, соңғы кездері қоры сарқылып, бітуге жақын. Алынған кен Зырян
фабрикасында байытылып, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына концентраттары
жеткізіледі. Соңғы бір –екі жылдан бері іске қосылған Малеев кен көзі Зырян
және Грехов кен көздерінің жалғасы болып келеді. Зырян кен орнынан 30 км
жерде кен құрылымы, қалыптасуы жағынан алдыңғы екі кен орындарына өте
ұқсас, айырмашылығы тереңірек орналасқан жабық әдіспен алынады.
Зырян мен Грехов кен орындары қоры сарқылған шақта Өскемен қорғасын-
мырыш зауытының ең бір басты шикізат қоры болып осы Малев кен орны
есептеледі.
Лениногор (Риддер) кен орны 1784 жылдан бері жұмыс істейді және кенді
Алтайдағы ең бір түбегейлі зерттелген кеніш. Кен негізінен вулканогенді
және шөгінді тау жыныстарында орта девон дәуірінде үш тегіс келген
вертикальды қатпарлардан тұрады: Риддер-Сокольный, Крюков және Ильин.
Басты минералдары қорғасын және мырыш. Қазып алынған кен алдымен
Ленинагор байыту комбинатында байытылып, қорғасын және мырыш концентраттары
Лениногор қорғасын-мырыш зауытында өңделеді. Лениногор зауытынан
тазартылмаған қорғасын және мырыш алынады да содан кейін Өскемен қорғасын
–мырыш зауытында өңделіп, таза (рафинадталған) қорғасын және мырыш
алынады.
Жаңа Лениногор кен орны Лениногор кен орнының жалғасы. Бұл кен орны
жер астынан жалғасып жатады. Кен көзі бір болған соң оның құрамы және басқа
геологиялық қалыптасу жағдайы бірдей.
Лениногор кені біткеннен кейін Жаңа-Лениногор кейін жабық әдіспен
дамытып, алған кенді өз байыту фабрикалары мен зауыттарында өңдейді.
Лениногор кенішінен 70 км жерде Құланай сай бөктерінде 1976 жылы ашылған
Шоқпар (Чельсар) кен көзі орналасқан. Бұл кен орны тіп-тік сұлу Шоқпар
шоқысының атымен аталады. Ну орман мен Оба өзенінің бойында орналасқан КСРО-
ның тұсында ашу жұмысын жүргізіп, артынан қорғасынның құрамы төмен (0,67%)
екен деп солай тастап кеткен.
Шығарылған бос тау жыныстары мен Қисапсыз қалың ағаш Оба өзенінің
көзін басып қалған.
Сөйтіп не кен орны, не қайтадан жауып өңдеп, ағаш өңдеп отырғызып
қалпына келтірілмей бұл кен көзі талқандалып жатыр.
Лениногор полиметалл комбинатын шикізатпен орташа келген Юбилейна-
Снегерихин, Стрежан, Гусляков кен көздері қатмасыз етіп жатыр. Бұл
комбинаттың бетке ұстар кеніші 1958 жылы ашылған Тишин күкіртті –
полиметалл кен орны. Бұл кеніш Лениногор кеніші сияқты девон дәуірде
қалыптасқан және құрылу процесі де вулканды шөгіндіден пайда болған. Кен
орны негізні солтүстік батыс кен қабаттарынан тұрады. Құрамында қорғасын
мен мысқа қарағанда мырыш әлдеқайда басым. Өзара ара қатынасы 2,6; 1; 12
болып келеді.
Кен ашық әдіспен алынады және түсті металл кенін алудан еліміздің ең
бір үлкен карьері болып есептеледі. Қазып алынған кен Тишин байыту
фабрикасында өңделіп қорғасын және мырыш концентраттары Лениногор зауытына,
ал мыс концентраты Ертіс мыс зауытына жөнелтіледі. Кенді Алтай полиметалды
кен белдеуінің жалғасы болып солтүстік шығысында Ертіс полиметалл кен
орындар тобы шоғырланған.
Бұған 1770 жылы ашылған – Березов, 1781 жылы ашылған – Ертіс, 1797
жылы ашылған – Николаев кен орындары жатады. Бұл топқа жататын кен
орындарының басты ерекшелігі қорғасын, мырышпен қатар мыс қоры да өте көп
болып келеді. Құрамы жағынан арнаулы мыс орындарына қарағанда әлдеқайда
бай.
Қазақстан бойынша орташа мыс кендерінде мыстың құрамы -1%, Ертісте
-2,3%, Белоусовта -1,8%, Греховта – 1,07%, болып келеді.
Қазақстан Республикасы

Сондықтан Шығыс Қазақстан облысында Глубокое қаласында Ертіс мыс
балқыту зауыты жұмыс істейді. Бұған негізінен аталған облыстың шығысында
орналасқан, ашық әдіспен жұмыс істейтін Николаев мыс-мырыш кен орнынан
алдын-ала Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинатында байытылып алынған мыс
концентраты және Шығыс Қазақстан облысы полиметалл кен орындарынан алынатын
мыс концентраттары келіп түседі.
Балқытылып алынған мыс тазартылған (штейн) күйінде Балхаш мыс
зауытында әрі қарай өңделіп таза мыс (рафинадты) алады.
Ново – Березов кен орны Березов кен орнының жалғасы болып келеді.
ІІ тарау. Оңтүстік Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындары

Қазақстандағы түсті метал өнеркәсібінің ең бір орталығы –Оңтүстік
Қазақстан облысы. Кен байлығын пайдалану жағынан әсіресе қорғасын, мырыш
кенін пайдалану жағынан Шығыс Қазақстан облысынан кейін екінші орын алады.
Ащысай полиметал комбинаты – Қазақстанның түсті металлургия
саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Оңтүстік Қазақстандағы ертедегі
Бұрлан (қазіргі Ащысай) қорғасын-мырыш кені негізінде құрылған.Ол XVI
ғасырда белгілі болғанымен, пайдалануы ХІХ ғасырдың орта шенінде басталды.
Кеншілер Ұлы Отан соғысы алдында және соғыс жылдары қорғасын өнімін
арттыруда үлкен үлес қосып, бұрынғы одақ бойынша шығарылатын қорғасынның
жартысынан көбін береді.
Ащысай кен орындарының пайда болуы туралы ғалымдар арасында екі түрлі
пікір бар. Біріншісі гидротермалдық негізге сүйенеді. Жер астынан шыққан
ыстық газ –су араласқан сұйық магма жер жарықшақтарын толтырып бірте-бірте
кен орындары қалыптасқан.
Ал екінші жағынан, гипотеза бойынша теңіз шөгінділерінен төменгі
полеозой эрасында пайда болған және кейініректе ірі тау түзілу процесінде
жер қозғалысының әсерінен өзгеріп барып қалыптасқан.
Қаратаудың оңтүстік өңірін алып жатқан Ащысай полиметал комбинатына:
Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, Аралтау, Ақсоран кен орындары және байыту
фабрикалары кіреді. Ащысай полиметал комбинаты Кентау қаласында орналасқан.
Кентау қаласы Шымкенттің солтүстік батысында 190 шақырым, Түркістан
қаласынан солтүстік –шығыста 30 шақырым, Қаратаудың оңтүстік беткейінде
орналасқан. 1955 жылы Мырғалымсай поселкесінің негізінде іргесі қаланған.
Халқы 65 мың. Кентау Қазақстандағы тау-кен және машина жасау өнеркәсіп
орталықтарының бірі. Эксковатор, трансформатор зауыттары бар. Ащысай
(Бұрлан) Кентау қаласының солтүстік шығысында 70 шақырым жерде орналасқан
полиметал кен орны. Пайдаланудағы кен төменгі карбонның әк тастары мен
доломиттері арасындағы ұшқынды горизонт аталатын жыныстарда жарылыс
бойынша шоғырланған. Кен тік құлайтын желі және қабат тәрізді. Қорғасын
кені таусылғандықтан 1961 жылдан бері мырыш кенін өндіруге көшкен. Қабат
тәрізді мырыш кенінің қалыңдығы кейде 10 метр –ден асады.
Кен орны 1925 жылы зерттеліп, 1935 жылдан бастап Шымкент қорғасын
зауытымен қатар жұмыс істей бастады. Ащысай кен орнының жанынан Смена кен
орны табылған. Қазір геологиялық барлау үстінде.
Мырғалымсай қорғасын-мырыш барит кен орнын 1930 жылы Қарасай
геологиялық барлау партиясының аға коллекторы Мырғалым Фахрездинов ашты.
1941 – 1943 жылдары геологиялық барлау жұмыстары арқылы бұл кен
орнында ірі қорғасын –мырыш қоры бар екені және оның бір горизонт бойынша
жоғары девон эрасында доломит қабаттарында қалыптасқаны дәлелденді.
Қалыңдығы кен 10-20 метр кен қабаттары оңтүстік-батысқа қарай 30 градус
бұрыш жасап бірнеше шақырымға созылады. Ал тереңдігі бір шақырымға дейін
жетеді. Негізгі минаралдары паленит, сфалерит т.б. Басты металдары
қорғасын, мырыштан басқа кадмий, күміс, селен, темір, висмут, барит,
күкірт т.б. қосалқы компоненттерден тұратын комплексті кен орны болып
саналады.
Мырғалымсай кен орны алты учаскеден тұрады: Орталық , Жайпақ, Батыс,
Оңтүстік, Мұхаммед және Беріксай.
Бүгінгі күні Мырғалымсай кенінде қорғасынның мол қоры бар және
болашақта өсетіндігі дәлелденген. Кен жабық әдіспен Батыс Мырғалымсай
рудниктерінде қазып алынады. Екі байыту фабрикасы бар. Байыту
фабрикаларынан қорғасын және мырыш концентраттарынан басқа ауырлатқыш барит
(81,5%) алынады. Қорғасын концентраты балқытуға Шымкент қорғасын зауытына,
ал мырыш концентраты Өскемен қорғасын-мырыш зауытына және Өзбекстандағы
Алмалық мырыш зауытына жөнелтіледі.
Байжансай, Ақсоран, Аралтау қорғасын кен орындары Шымкент темір жол
станциясының солтүстігінде 135 шақырым жерде Қаратаудың оңтүстік-батыс
беткейіндегі тау аңғарында орналасқан. 1930-1965 жылдар арасында үздіксіз
барланып, 1952 жылдан пайдалана бастады. Байжансай кені аумағындағы девон,
карбон жүйелерінің карбонатты жыныстары тараған. Мыңшабар антиклиналын
құрайтын бұл жыныстарды солтүстік-батысқа қарай созылып жатқан Байжансай
жарылысы тіліп өтеді. Кен қабаттары жоғары девонның фамен ярусының
конгломараттарынан, әк тастарының мергельді тақта тастарынан тұрады. Оларда
сульфаттар мол.
Солтүстік –шығыс шеті тігінен құлап, солтүстік –батыс шеті сүйірленіп
бітетін Главное деп аталатын қабат басқаларынан гөрі толық зерттелген, ол
линза секілді кей тұсы тармақталып кетеді.
Кенде гамнит көп, аздап сфалерит, халькопирит, мырыш, кадмий қоры
есептелген. Орташа кендер қатарына жататын Байжансайда байыту фабрикасы
бар. Қорғасын концентраттары Шымкент қорғасын зауытына жіберіледі.
Шалқия кен орны Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқанымен
Қаратаудың оңтүстік-батысында Ащысай полиметалл кен орындарының жалғасы
болып келеді. Қорғасын мырышқа бай кен орны 1963 жылы геофизикалық әдіспен
ашылды. Қалыптасуы, кен құрылымы жағынан Мырғалымсай кен орнына өте ұқсас
екені анықталды.
Кен ақұйық синклиналының солтүстік-батыс бөлігінде жоғары девонның
доломиттерінде орналасқан, жарылыстар арқылы төрт блокқа бөлінген. Сеппе,
тарамша түрінде қорғасын-мырыш кені күшті кремниленген доломиттер
қабаттарында шоғырланған, қалыңдығы бірнеше метр.
Кеннің негізгі қорларының шоғырлары орташа тереңдіктерде. Кенді жабық
әдіспен өндіреді, бірақ ашық әдіспен де өндіруге қолайлы. Кен байлығы
галенит, сфалерит, пирит және басқа да минералдардан тұрады.
Мырыш қоры қорғасыннан әлдеқайда басым және қатынасы 4:1 болып келеді.
Негізгі кен жер бетіне шықпай солтүстігінде 60метр тереңдіктен басталып
оңтүстік-шығысқа қарай 400-500 метр тереңдікке дейін барады.
Егер 300 метр тереңдікке дейін негізінен қорғасын-мырыш кені болып
келсе, теңдеген сайын таза мырыш кені болып келеді.
Алынған кен Кентау байыту фабрикаларына жеткізіледі. Кентау Хантағы
байыту фабрикаларынан алынған қорғасын концентраты 1934 жылы іске қосылған
еліміздегі аса ірі түсті металлургия кәсіпорындарының бірі –Шымкент
қорғасын зауытында әрі қарай өңделіп таза рафинадталған қорғасын алынады.
Ұлы Отан соғысы кезінде зауыт қауымдастығы соғыс тудырған
қиыншылықтарға қарамастан қорғасын прокатын жасауды игерді. Осы кезеңде
қорғасыннан күмісті ажырату процесі және елімізде тұңғыш рет қорғасынды
электролиз процесі арқылы алу игерілді. Қазір зауытта гидрометаллургиялық
цех, күкірт қышқылының өндірісі жұмыс істейді. Бұл зауыттан алынған таза
металл Лондон биржасында эталон есебінде сақталады, тазалығы 99,99%.
Экономикамыз құлдырап, шаруашылықтар бұрынғыдай жұмыс істей алмай
жатқан шақта, әсіресе Ащысай полиметал комбинаты бірде тоқтап, бірде жұмыс
істеп тұрған уақытта, Шымкент қорғасын зауыты толлингтік жүйеге көшкен.
Толингттік жүйе - дегеніміз шет елдерден концентрат алып, еліміздің
зауыттарында балқытып,рафинадталған (таза) қорғасын түрінде өздеріне
қайтару. Ол үшін Шымкент қорғасын зауыты Италиядан, Ираннан, Австралиядан
және Канададан байытылған қорғасын концентраттарын алып, өзінде қорытып,
концентрат алған елдерге таза метал жібереді.
Зауыт үшін бұл жол өте тиімді болып отыр. Біріншіден, шикізат
жетіспегендіктен зауыт тоқтап қалмайды, ал екіншіден өткен жылы осы әдіспен
зауыт 3 миллион доллар таза пайда тапты. Бұрын Шымкент қорғасын зауытының
өнімдері Финляндия, Венгрия, Германия, Чехословакия, Сирия, Монголия, Иран,
Ирак сияқты елдерге жіберілетін. Ащысай полиметал комбинаты тығырықтан
шығып жұмыс істеу үшін, Қазақстандағы басқа да ірі түсті металлургия
орталықтары сияқты тендер жариялап, басқаруын шет ел инвесторларына беруге
беруге тура келетін болу керек. Ал қазіргі уақытта Шымкент қорғасын зауыты
алыс шет ел концентраттарынан басқа өзіміздің Жәйремнен, Бекеліден,
Қарағайлыдан, Кенді Алтай кен орындарынан және Қырғызстан Республикасынан
(Ақтаз, Тәжікстаннан (Қарамазор), Өзбекстаннан (Алмалық) концентраттар алып
тұрады.

ІІІ тарау. Орталық Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары

Соңғы екі-үш онжылдық ішінде, қорғасын және мырыш қоры жағынан
Орталық Қазақстан ең бай аудан болып саналады. Ең бай өлке деп
есесптелінетін Кенді Алтай, түсті металл қоры жағынан қазір Орталық
Қазақстаннан кейінгі орынды алады.
Қорғасын, мырыш кен орындары Орталық Қазақстандағы Успен кен
белдеуінде шоғырланған. Успен белдеуі – Жезқазғанның шығыс жағынан
Қарқаралыға дейін (ұзындығы 450 км, көлденең 50-70 км) ендік бағытта
созылған. Белдеу құрылымы солтүстік те Бектұрмас, оңтүстікте Жамансарысу
антиклиноршілерімен шектелген. Өндіруге тұрарлық кен қабаты (темір
–марганец және қорғасын-мырыш кендері) девон-перьмнің граниттік
магматизміне байланысты қалыптасқан. Ендік және солтүстік - батыс
бағыттарға созылған жаншылу және тақта тастану зоналарын бойлай орналасқан
59 құрылымдық –металлогениялық зоналарда жалпы саны 800-дей темірдің,
марганецтің, мыстың, полиметалдардың, вольфрамның, молибденнің кен
белгілері, үлкенді-кішілі кендері бар.
Белдеудің маңызды кендері атасулық аталатын типтен орын алған.
Кеннің шоғырлануына әуелі вулканогендік – шөгінділік, кейін гидротермальдық
метасоматикалық процестер себепші болған. Өндірістік полиметалл кендері
негізінен Жәйрем, Үшқатын, Бестөбе, Құжал, Қарағайлы кен орындарында
шоғырланған.
Жәйрем полиметалл кені –Қарағанды облысындағы Қаражол қаласының
солтүстік батысындағы (60км) кен орны. 1951 жылы ашылған, 1964 жылдан
барланды. Жәйрем брохиантиклиналында құралған кен ядросы төменгі фаменнің
саз карбонатты шөгінділерінен, қанаттары жоғарғы фаменнің рудалы
шөгінділерінен түзілген.
Өндіруге тұрарлық рудалар бір-бірінен оқшауланған Шығыс, Батыс, Қиыр
Батыс деп аталынатын 3 учаскеде орналасқан. Руда денелері жер бетінен 5-200
м және 500-600 метр (батыс), 40-400 м (қиыр батыс), 270-300 м (шығыс)
тереңдіктерде жатыр. 3 учаскеде салыстырушы жыныстарға сәйкес жатқан линза
және қабат түріндегі күрделі пішінді 17 руда қабаты (ұзындығы 200-1600 м,
ені 100-700м, қалыңдығы 1-115м) анықталды. Руданың қорғасынды –мырышты,
таза баритті, мырышты типтері бар. Руда минералдары: галенит, сфалерит,
мельниковит, алигонит, барит, пирит. Рудадан қорғасын, мырыш, барит бұларға
қосымша мыс, күміс, кадмий алынады. Ірі кен орны саналатын Жайрем
полиметалл комбинатының кенін ашық әдіспен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геграфиялық орны
Түсті металлургияның салалық құрамы
Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің басты саласы - мыс өнеркәсібі
Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)
Қазақстаның терреиториясындағы байлықтары
Металлургия өнеркәсібі.Молибденге түсініктер
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазцинк компаниясының жалпы сипаттамасы
Пайдалы қазбалар қоры
Түсті металдар металлургиясы
Пәндер