Қытайдағы қазақ теле журналистикасы


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 4

І Бөлім ҚХР дағы қазақ журналистикасы Қазақ журналистикасының жемісті бұтағы . . . 9

1. 1 Қытайдағы Қазақ теле журналистикасы . . . 10

1. 2 ҚХР Қазақтарының сүйікті теле арнасы XJTV 3.

1. 3 Қытайдағы қазақ тілді телебағдарламалар . . . 15

ІІ Бөлім ізденіс иірітдері . . . 22

2. 1 Ізденіс іздері . . . 26

2. 2 Ана тілді ақпараттардағы іркілістер . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Қытайдағы қазақ теле журналистикасының кетігі мен тетігі неде? . . . 34

«Тарихтың шындығы, тағылымы нақ солай, бiрақ, солай болғанымен, сайып келгенде түптiң - түбiнде бәрiн шешетiн, бәрiн айқындайтын, алдымен тағдырдың жаумышы, халықтың пешенесiне тағдыр не жазған, сол болады, сол орындалады. Халықтың рухани тағдыры, көзi, тiлi бола тұра журналистикада сол тағдыр пешенеге жазғанды бастан кешiредi. Сол тағдырдың бұйрығын орындайды». (Әбдiлфайыз Ыдырысов)

Қай халықтың болсада өсiп - өркендеу жолында сан - қйлы өмiр өткелдерiн өткерiп, өткен iзiн қалдырып, тынынсыз тiрлiктiң тұрлаусыз шеңберiнде ширлап бүгiнiне жетiп, ертеңiне көз салуы даусыз ақиқат. Әлемге аты әйгiлi iрi держава, өздерiн шығыстағы Алып Аждаһардың Ұрпағымыз деп атайтын Қытай елi бүгiнде жалпақ елге әйгiлi, бауырына сан асылдың сынығын, талай тарихтың қойнау - қатпарын Үнсiз - ғана басып жатқан ұлы Қытай империясы бүгiнде 1 миллион 200 мыңнан астам қандас қаракөз Қазақ бауырластардың мекенi, жәй мекенi дегенiм бекер -ау, Атамекенi. Алтай мен Iленi мекендеп, Тарбағатайға талмай жеткен көсем қазаққа бұл лайықты болар едi. Аттың тұяғы тиген жерде жайлауы бар қазақ бүгiнде Егемендi ел болды, бұл тарих шындығы, ал ат төбеліндей ғана болып өзге елде өгей баланың күйін кешкен Қазақты қашан көрдік? жоқ бұл біздің халқымызға тән қасиет емес! Міне осының жанды дәлелі өзге елде болса да өз үнін өшірмей, дінін, ділін, қасиетті Ана тілінің қаймағын бүзбай, қатардан қалмай келе жатқан Қытай халық республикасындағы Дана Қазақ халқымыздың ұландары дәлел болмақ. әрине олар Қазақ журналистикасының үніне үн қосып, тарих бетінде қалуға тырысуда, тың іздесністермен, Ақпарат ғасырынң тай қазанда бірге қайнап, электронды өмірде өз еселерін бермей, Ана тілімізде көгілдір экран бетінде Қытайдағы қазақтардың рухани жан-дүниесін сусындатуда.

Қытай халық республикасы жан-саны жағынан әлемдегі ең көп мемлекет, құрамында 56 ұлт өкілдері өмір суреді: егер 56 ұлттан құралған млрд-тан астам халқы бар қытай халық республикасында Қытайдан басқа саусақпен санарлықтай бес ұлттың (Тибет, Монғол, Ұйғыр, Қазақ, Корей) ғана өз тілінде жүргізетін телеарнасы бар екенін, соның бірі біздің еншімізде болғанын есекерсек бұл үлкен еңбек, таудай талаптың жемісі.

Біз қазір өзіміздің ақпарат тасқыны заманында өмір сүріп жатқанымызды ескергенімізде, милиардтан астам адам өмір сүріп жатқан ортаның, БАҚ-қа деген сұранысын елестету қиын емес. ақпарат көздері өте көп. хабар тарататын барлық ұйымдар мемлекет қарауында, олар радио, кино және теледидар министрлігі құрамына енеді. Радио хабарлары мен телехабарлар арасындағы байланысты неғұрлым кеңейтіп, анағұрлым белсенді бола түсуде, жаңа жуңго (жаңаша Қытай) құру саясатымен Дың Цияу пиңның сыртқа ескіті ашық ұстау саясатын одан әрі дамытқан бүгінгі Қытай мемлекеті бұқаралық ақпарат құралдарын шылбырын қолына әлде қашан оңашалап алған еді.

Қытай халық республикасында тұңғыш телемұнара 1957 жылы салынып, бір жылдан кейін тұрақты хабарлар көрсетіле бастады. Тибеттегі телеорталықты салу жұмыстары 1975 жылы аяқталғанан кейін, тұтас ел көлемінде телехабар жүйесі құрылды, осы жылдары Қытай үкіметі телеиндустрияға қаржы көлемін ұлғайтты. 1973 жылға дейін хабарлар ақ - қара түсте берілсе, РАL жүйесін пайдалану арқылы түрлі-түсті хабарлар беру басталды. Хабарлар ең алғаш рет «Пекин» телеорталығынан берілсе, кейіннен ол «Қытай орталық теледидары деп аталды (1978 ж) қазіргі ССТV1. » Қазіргі кезде орталық теледидардан 138 сағат көлемінде хабар беретін 8 бағдарлама бар. Бірінші бағдарлама қоғамдық тәрбие, екінші бағдарламаның еншісінде мәдени көңіл көтеретін хабарлар, жетекші орын алатын - үшінші бағдарлама театр - музыка жайлы болса, төртіншісі халықаралық арна болып табылады. Бесінші арна - спортқа арналады, алтыншысы- киноға, жетіншісі жан - жақты тақырыпқа арналады, мұның ішінде балалар, ауыл - шаруашылығы, әскери ғылыми- техникалық хабарлар орын алады. Сегізінші бағдарлама - әдебиетке арналады. Енді осы бағдарламалардың берілу ерекшелігіне тоқтала кетсек ең танымал «информационная понорама» - күн сайын жарты сағат берілетін ақпаратты бағдарламаны, солтүстіктегі хэйлунцзянннан сары теңіз жағалауынан бастап батыстағы Тянь - Шань тауына дейінгі аралықта барлығы көреді. Жаңалықтар диктордың оқуында беріледі, бейне кадырлар жүріп жатады, дикторлар өте жас болып келеді, студияда бір - біріне өте жақын отырады, қарапайым ғана киініп, ешқандай мүлдірмей кәсіби шеберлікпен оқиды, студия түрлі - түсті болып жабдықталады, ұлттық бояулар сақталады. Шетел хроникасы бұл бағдарламада 5-7 минут қана орын алады. Көбіне си-эн-эн «Висньюс», Эн-эйч-кэй, Азия және Тынық мұхит елдері радиохабарлары одағының хабарларын спутниттік байланыс арқылы қабылдап береді. (1әдеб. 96 бет) жоғарыдағы әдебиетте айтып өткендей Қытай телевидениелерінде әуелбастан - ақ солаланған тележурналистиканың негізгі құрлымы пайдаға аса бастағаны белгілі болды.

Қазіргі кезде орталық телеарнасы (ССТV) - Қытайдың ең ірі ақпарат жүйесі болып табылады, ол әлемнің 130 елінің 250 телекомпаниясымен спутникттік байланыс арқылы қарым - қатынас жасайды. ҚХР-дың спутникттік жүйесі бүкіл әлемді қамтиды. Мұның өзі жалпы адамзаттық мәдени бағалылықты түсінуге түбегейлі бетбұрыс орнатты.

ХХ ғасыр мәдениеті даму барысында өзіндік тұрақты бағдарламаларынан айырылып қалып отыр. Бұл күрделі мәселе төңірегінде талай ғалымдар өз пікірлерін білдіріп келеді. Мысалы, Канадалық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы М. Маклюэнның айтуы бойынша мәселенің түп - төркіні ақпарат алмасу құралдарында жатқан көрінеді. (13 әдебиет 48 бет) .

Адамзат өркениетіндегі ең зор құндылықтардың бірі ол - мәдениет ұғымының мәні, әр елде, ұлтта, немесе әр саланың тіпті әр жанұяның, жеке адамның жылдар бойы қалыптасқан төл мәдениеті бар. Міне Қытайлықтар осы мәдениетін Мәйектей жинаған жүмысшы құмырсқалар спетті еңбектенеді. Қазіргі кезде телеарналар әр салаға бағытталып, күн санап жаңа бағдарламалар көбеюде, бағыты халыққа рухани азық беру, көңіл көтеру және білім, жыл санап телеарналар саны көбеюде ақапаратпен арнайы ССТV, CCTV айналысады, ол жаңа қосылған CCTV12 арнайы жасөспірімдермен бүлдіршін балаларға беріліп қойды міне бұл қазір біздің елімізге керек бағыт деп ойлаймын өйткені болашақ әрқашан бізге бесіктен басталатыны дау тудырмас. Қазіргі тақырыпқа арнлаған драма, трагедия, музыкалық және балалар спектаклдері, әдеби шығармалар бойынша қойылымдар көп көрсетіліп, жастарды болашаққа жетелейді. Жауапкершілік рух қалыптастырады.

1988 жылы «Соңғы император» телесериялы Канадада өткен халықаралық телефестивальында жүлдемен өтілді. Сонымен қатар Қытай теледидары шетелдік кинотелефильмдерді де көрсетті, мысалы: «соғыс және бейбітшілік», «Көктемнің 17 сәті», «Тағдыр тәлкегі», «Гараж» сондай - ақ т. б өзге елдердің соның ішінде Кория телесериялдарын қызыға көреді, алайда бұл отандық кино жасаудың күрт дамуына байланысты қазіргі кезде тек шағын сұранысқа айналды.

Қытайда радиохабары 1940 жылы пайда болды, оған дейін де 20 жылдардың орта шенінде харбин, нанжин қалаларында радиохабарлар берілген болатын, бірақ оларды ұйымдастырушылар шетел мамандары еді. Толқынға 1940 жылы «синхуа» радиостанциясы деген атпен шығып, ҚХР орналғаннан кейін ол орталық халықтық деп аталды, орталық халықтық радиостанциясы қазіргі Қытайдың бірден - бір радиохабарының ұлттық қызметі болып табылады. Орталық халықтық радио өз дамуында көптеген айтулы кезеңдерді бастан кешірді. 50 жылдары өрлеу, одан кейінгі «үлкен секіріс», «мәдени төңкеріс» (1966-1976) жылдары мен экономикалық өзгерістер «ашық есік» саясаты (1980 жылдардан бастап) міне, осының бәрі әлеуметтік экономикалық, елдің ішкі саяси жағдайымен тұтас бір кезеңді қамтып, бұқаралық ақпарат құралдары одан еш ажырағысыз болды. Кейінгі уақыттағы өзгерістер радиохабарларын түбегейлі бетбұрыс жасауға итермеледі. радиоаппаратура шығаратын үш жүз зовут жыл сайын 20 миллион радиоқаблдағыш жасайды. (1 әдеб 98 бет) .

Қытайда коммерциялық радиостанция жоқ, алайда 1979 жылы ақылы жарнама беруге рұқсат берілді. Қытайда сыртқа хабар беруге көп көңіл бөлінеді: «Пекин радиосы» шетелге хабар тарататын мемлекеттік мекеме 1950 жылдан бері Пекиннен хабар таратып келе жатқан бұл радиода қазір 43 тілде сөйлейді радионың тілшілері Токиада, Банкогте, Исламабадта, Нью-Деллии мен Белградта, Париж, Мехико, Вашингтон, Нью-Йорк, Москва, Бонн, Хараре, Сидней мен Бонн Хараре, Сидей мен Буэнос - Айресте, Брюсель мен Найробиде бар. Қытай сыртқа хабар тарату қзыметі бағдарлама алмасу үшін 54 шетелдік радиостанциямен ынтымақтасады. Оның ішінде 16 спутниктік байланыс жолға қойылған. Ал осы қытай электронды журналистикасын алып ақпарат теңіуіндегі жэүзген бір кеме десек, ҚХР-да өмір сүріп жатқан Қазақстарда сол кемеде екені белгілі заманы қалай - оның журналистикасында солай ғалым Намазалы Омашев өзінің «Ақпарат әлемі» таңдамалы шығармаларында, мынадай пікірді айтып өтіпті, «Қазір журналистиканың теориясымен айналысып жүрген ғалымдар арасында екі жақты көзқарас бар, ол - БАҚ қоғамдық пікірді таратумен ғана айнасуы керекпе, әлде қалыптастыруыда керекпе дегенге саяды. алғашқы пікірді ұсынушылар Масс - Мидия қоғамдық процестер деп бейтарап тұрып, тек шынайы, шұғыл ақпарат таратумен - ғана айналысуы қажет - деп білсе, соңғылары оның идеологиялық функциясына басым бағыт берілгені дұрыс деп табады». мен бұл жағдайда екінші көзқарастың жағындамын (І том 95 бет) - деп өз ойын ортаға салады. .

Әрине жіптің екі үші болатыны секілді заманы қалай болса бөркін солай киген Қазақ үшін дала мәдениетімен қалыптасқан қағидаларда санада өмір сүреді.

Әбілфайыз Ыдырысов өзінің «Қазақ журналистикасының өткені, бүгінгі, ертеңгі жайында» деген мақаласында «- . . . Бұл арада ой - сана қазығы рухани тәрбие орталығы ретінде журналистикаға оның қоғамда халықтық өмірінде алар орнына қатысты және мынадай ақиқатты айтпасқа, мойындамасқа болмайды, заманы қалай - оның журналистикасы солай» (11 әдебиет 3-бет) - деген сөз көкейге қонымды. тарихта жазылғандай қазақ халқы отарлау саясатында көп зардап шекті, өзге елдің бодауынан біржолата босаған «Ұлы Қазақстан» сынды қазақ елінде, демократия күннен - күнге өз биігін бағындырды бұл күллі Қазаққа шақтаныш. .

Қытайдағы журналистиканы, тележурнилистиканы айтпас бұрын, журналистиканың түп бастауы басөзі жәйлі аз мағлұмат айта кетсек, бұл орайда Білісбек Әбдіразақтың мақаласындағы ұнамды пікірмен астасқым келеді.

Шет жұртта жасап жатқан қандас ағайындарымыздың мүддесін «оралмпан» деңгейінде ғана қалдырып қоймай, тұтас ұлттық тарихымызбен мәдениетіміздің құрамдас құндылығы ретінде қойғанда, бұл алдымен тарыдай тарап кеткен тауқыметі қиын Қазақ дейтін халықтық тарих бетіндегі толық мәдениетін жазуы үшін керек. Осы тұрғыдан келгенде ауылымыз айғай салым жерде жатсада жарты ғасырға жуық екі империяның тақымы астында беймәлім тіршілік кешкен Қытай қазақтарының рухани, мәдени болмысы әлі де болса тарихи болмысы, әлі де болса тарихи отанына толық танылып, тарих бетіне өз айшығымен жазыла бастаған жоқ. Соның бірі - Қытайдағы Қазақтардың ақпарат баспасөзі. 99, 9% пайызы өз ана - тілінде жетік, оқида, сөйлейде, жаза да білетін тазалық қалпын сақтаған бір миллион 257 мыңнан астам қандасымыздың рухани ауыр жүгін арқалаған, ең алдымен олардың ақпарат баспасөзі болды. ХХ ғасырдың өзінде төрт рет өзгеріске түскен Қытай Қазақтарының жазуы, 40 тан астам журнал мен 10 нан астам газетті өмірге әкелді. Бұл күндері ондағы қандастарымыз Ахмет Байтұрсынов негізін қалаған төте жазуды заңдасқан Қазақ жазуы ретінде қолданып келе жатса, жасап отырған қоғамның қажеті үшін Қытай жазуының дыбыстық белгісін таңбалауда латын әріпін (Тиңцинді) пайдаланады (3 әдебиет 53 бет) .

Қытайдағы Қазақ баспасөзін теориялық тарихы жағыннан екі топқа біріншісі - ел ішінде немесе ішкі жақтан пайдалануға арналған әрбір органдар үшін материял үшін таратылатын басылымдар, екіншісі - халықаралық таралу рұқсатын алған басылымдар. Он бір газет отыз журнал шетелдерге таралу рқсаатын алған басылымдар үш газет он журнал ел ішінде - ғана таралады.

1910 жылы май баспамен құлжа қаласында тұңғыш рет жарық көрген «іле ұжаяты» газетінен тартып, үш аймақ төңкерісі кезеңіндегі Қазақ баспасөзі мен жалпы ақпарат қалыптасуы мен мамандар еңбегі әлі көбі ақпарақ болып отыр. ҚХР-дағы қазақ баспалары:

«Шиңжаң халық баспасын» (1953), «Іле халық баспасы» (1977), «Шиңжаң ғылым техника баспасы» (1956), «Шиңжаң ғылым техника баспасы» (1982), орталық Пекин қаласында орталық ұлттар баспасы қатарлы баспа мекемелері ашылып Қытайдағы Қазақ баспасөзінің өркендеуіне үлкен кеңістік қалыптастырды. Мұның ішінде тек «Шиңжаң халық баспасы 1951-1989 жылы аралығында Қазақ тілінде 20 миллион таралыммен 23000 кітап басып таратса», «Шиңжан оқу - ағарту баспасы» 200 миллион таралыммен 3200 - ден астам оқулық (1977) кітаптарын ұсынды. Арнаулы қазақ тіліндегі басылымдарды негіз етіп шаңырақ көтерген «Іле халық баспасы 1977-1993 жылдары аралығында 6173000 таралыммен 293 түрлі таза қазақ тіліндегі кітаптарды жарыққа шағарды».

Қытайдағы Қазақ тіліндегі шығатын мерзімді баспасөзді Білісбек Әбдіразақ мақалада (3 әдебиет 54 бет) мазмұндық сипаты жағынан төмендегідей бірнеше түрге жіктеп берген еді:

Шет жұртта жасап жатқан қандас ағайындарымыздың мүддесін "Оралман" деңгейінде ғана қалдырып қоймай, тұтас ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құрамдас құндылығы ретінде қарастыру іргелі елдігіміздің белгісі болары сөзсіз. Басқасын былай қойғанда, бұл алдымен тарыдай тарап кеткен тауқыметі қиын қазақ дейтін халықтың тарих бетіндегі толық мәдениетін жазуы үшін керек.

Осы тұрғыдан келгенде ауылымыз айғай салым жерде жатса да жарты ғасырға жуық екі империяның тақымы астында беймәлім тіршілік кешкен қытай қазақтарының рухани, мәдени болмысы әлі де болса тарихи отанына толық танылып, тарих бетіне өз айшығымен жазыла бастаған жоқ. Соның бірі - қытайдағы қазақтардың ақпарат баспасөзі. 99. 9 пайызы өз ана тіліне жетік, оқи да, сөйлей де, жаза да білетін тазалық қалпын сақтаған бір миллион 257 мыңнан астам қандасымыздың рухани ауыр жүгін арқалаған, ең алдымен олардың ақпарат, баспасөзі болды. XX ғасырдың өзінде төрт рет өзгеріске түскен қытай қазақтарының жазуы 40-тан астам журнал мен 10-нан астам газетті өмірге әкелді. Бұл күндері ондағы қандастарымыз Ахмет Байтұрсынов негізін қалаған төте жазуды зандасқан қазақ жазуы ретінде қолданып келе жатса, жасап отырған қоғамының қажеті үшін қытай жазуының дыбыстық белгісін таңбалауда латын әріпін қосымша пайдалажнады.

1 ҚХР-дағы Қазақ журналистикасы Қазақ журналистикасының жкмісті бұтағы.

1910 жылы май баспамен Құлжа қаласында тұңғыш рет жарық көрген "Іле уәлаяты" газетінен тартып, үш аймақ революциясы кезеңіндегі қазақ ақпарат, баспасөз кәсібінің қалыптасуы барысындағы тәжірибелерде отандық ақпарат көздері мен ақпарат мамандарының ролін атап өтпеу мүмкін емес. Әрине бұл барыстағы тарихи тамырластығымызды зерттеуде әлі күнге белсенділік болмай келе жатқандығы өкінішті. Қытайдағы мәдениет революциясы аталатын он жылдық (1966-1976) ойран қытай халқымен бірге, ондағы қазақтардың да мәдени өміріне тоқырау тақсіретін ала келді. Кейінгі Қытай Халық республикасы тарихында алтын әріппен жазылып қалған 1978 жылғы қытай коммунистік партия орталық комитетінің XI кезекті 3 жалпы мәжілісінен кейін қазақ баспасөзі де өзінің өркендеу кезеңіне өтті. Осы барыста қазақ тілінде кітап, газет, журнал, әлманақ басып шығаратын "Шыңжан халық баспасы" (1953), "Іле халық баспасы" (1977), "Шыңжан жастар-өрендер баспасы

Әдеби журналдар

1. "Шұғыла" (1953) әдеби айлық журнал, СУАР жазушылар

одағының органы.

2. "Іле айдыны" (1979) әдеби қос айлық журнал, Іле Қазақ облыстық жазушылар қоғамының органы.

3. "Көкжиек" (1983) маусымдық әдеби аударма журнал, СУАР халық баспасы қазақ редакциясы жағынан шығарылады.

4. "Тарбағатай" (1980) маусымдық әдеби журнал, Тарбағатай аймақтық мәдениет басқармасы жағынан шығарылады.

5. "Алтай аясы" (1980) маусымдық әдеби журнал, Алтай аймақтық мәдениет басқармасы жағынан шығарылады.

6. "Боғда" (1984) әдеби журнал, Санжы облыстық жазушылар қоғамының органы.

7. "Құмыл алқабы" (1993) маусымдық әдеби журнал, Құмыл аймақтық мәдениет басқармасы жағынан шығарылады.

8. "Мұра" (1982) фольклорлық маусымдық журнал, СУАР фольклор қоғамы жағынан шығарылады.

9. "Шалғын" (1980-1986) ауыз әдебиеті, этнография, тарихи зерттеулерді мазмұн еткен маусымдық журнал. СУАР халық баспасы жағынан шығарылған.

Ғылыми журналдар

1. "Тіл және аударма" (1982) маусымдық журнал, СУАР тіл-жазу комитеті жағынан шығарылады.

2 . "Ғылым және өнер" (1983) қос айлық жаратылыстану ғылыми журнал, Алтай аймақтық ғылым-техника қоғамы жағынан шығарылады.

3. "Ғылым бұлағы" (1980) бастауыш, орталау мектеп оқушыларына арналған қос айлық журнал, СУАР жастар-өрендер баспасы жағынан шығарылады.

4. "Шыңжан мал шаруашылығы" (1980) мал шаруашылығына арналған маусымдық журнал, СУАР мал шаруашылық мекемесі жағанан шығарылады.

5. "Шөп қоректі жануарлар" маусымдық журнал, СУАР мал шаруашылық ғылым академиясы жағынан шығарылады.

6. "Дәрігерлік білім", маусымдық дәрігерлік универсал журнал, Алтай аймақтық денсаулық сақтау басқармасы жағынан шығарылады.

7. "Іле медицинасы" медициналық маусымдық басылым, Іле қазақ облыстық денсаулық сақтау мекемесі жағынан шығарылады.

8. "Халық әдлйясы", қос айлық кәсіптік журнал, СУАР халық сот мекемесінің Іле Қазақ облыстық бөлімшесі жағынан шығарылады.

9. "Шыңжан жоғары оқу орындары ғылыми журналы" (1981) қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстық ғылымдардың универсал маусымдық журналы, СУАР университеті жағынан шығарылады.

10. "Шыңжан қоғамдық ғылымы" (1990) маусымдық ғылыми журнал, СУАР қоғамдық ғылым ақадемиясы жағынан шығарылады.

11. "Шыңжан оқу-ағарту" (1953) оқытушы, оқытушыларға арналған айлық журнал, СУАР оқу-ағарту комитеті жағынан шығарылады.

12. "Іле оқу-ағартуы" (1985) маусымдық журнал, Іле Қазақ Облыстық оқу-ағарту мекемесі жағынан шығарылады.

13. "Жастүлек" (1984) оқушыларға арналған маусымдық журнал Алтай аймақтық оқу-ағарту мекемесі жағынан шығарылады.

14. "Мектеп дене тәрбиесі" (1985) маусымдық журнал, Іле Қазақ облыстық дене тәрбие комитеті жағынан шығарылады.

15. "Шыңжан қоғамдық ғылымдар мінбесі" (1991) маусымдық ғылыми журнал, СУАР қоғамдық ғылымдар бірлестігі жағынан шығарылады.

16. "Іле педагогикалық институты ғылыми журналы" (1984) маусымдық журнал, Іле педагогикалық институты ғылыми басқармасы жағынан шығарылады.

17. "Іле оқу институты ғылыми журналы" (1985) Күйтүн қаласындағы Іле оқу-ағарту институты жағынан шығарылады.

18. "Іле прокуратурасы", заң білімдерінен сауат беретін маусымдық журнал, Іле Қазақ Олыстық халық прокуратурасы жағынан шығарылады.

19. "Тарлан" (1990) қарттарға арналған маусымдық басылым, Іле Қазақ облыстық қарт қадырлар мекемесі жағынан шығарылады.

Саяси идеялық универсал журналдар

1. "Іле жастары" (1956) саяси, ғылыми, әдеби айлық журнал, Іле Қазақ облыстық жастар комитеті жағынан шығарылады.

2. "Шыңжан авангарттары" (1959) нәзариялық айлық журнал, СУАР парткомы жағынан шығарылады.

3. "Іле нәзария мінбесі", нәзариялық маусымдық журнал, СУАР Іле Қазақ облыстық парткомының партия мектебі жағынан шығарылады.

4. "Оқырман өресі", саяси-нәзариялық, ғылым-техникалық, мәдениет-тұрмыстық айлық журнал, СУАР халық баспасы жағынан шығарылады.

5. "Іле әйелдері" (1988) саяси, қоғамдық, әдеби маусымдық журнал, Іле Қазақ облыстық Әйелдер бірлестігі жағынан шығарылады.

6. "Ақпарат арнасы" (2001) маусымдық журнал, Шыңжан газеті жағынан шығарылады.

7. "Ұлттар ынтымағы" (1990) саяси универсал қос айлық журнал, Мемлекеттік ұлттық істер комитеті жағынан шығарылады.

8. "Іздену" (1969) саяси айлық журнал, Орталық ұлттар баспасы жағынан шығарылады.


Суретті журналдар

1. "Ұлттар" (шыққан жылы туралы мәлімет ала алмадық. ) 2000 жылға дейін 435 сан шығарылған, 8 форматтық, айлық көркем журнал, Мемлекеттік Ұлттық істер комитеті жағынан шығарылады.

2. "Шыңжан" (шыққан жылы туралы мәлімет ала алмадық) 2000 жылға дейін 76 сан шығарылған, 8 форматтық қос айлық көркем суретті журнал Шыңжан газеті жағынан шығарылады.

3. "Қазақ балалары ғылыми суретті журналы" (1985) қос айлық ғылыми суретті журнал, Іле Қазақ Облыстық комсомол комитеті жағынан шығарылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телешығармашылық сырлары
Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
Шындығында қазақ спорт журналистикасының тарихын тереңнен іздеген дұрыс
Журналистикаға барар жолдағы алғашқы ізденістер
Қазақ спорты газеті туралы
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздері
Қазақ телевизиясының алғышшартары
Моңғолиядағы алғашқы қазақ журналдары
Қазіргі қазақ журналистикасы
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz