Қаңлылар туралы



ҚАҢЛЫЛАР
Қанлылардың шығу тегі
Қаңлы елінің билеушілері
Қаңлылардың шаруашылығы
Қаңлы елінің әлеуметтік тұрмысы мен мәдениеті
Қаңлы елінің іргелі елге айналуы
Пайдаланылған әдебиеттер
Қаңлылар - қазақтың халық болып қалыптасуына өзекті ұйтқы болған негізгі тайпалардың бірі, қазақтың тарихи аңыз, шежіре деректері қаңлыны ұлы жүзден таратады. Сырдария бойындағы қаңлылар мен Жетісу өлкесіндегі қаңлылар негізінен қара қаңлы, сары қаңлы болып екі арыс елге айрылады. Олар ұлы жүз Төбейдің немересі Бәйтеректен таратылады. Бәйтеректен Қаңлы, Қаңлыдан Қанкөжек, одан Келдібек, Келдібектің бірінші әйелі сары бәйбішеден сары қаңлы, екінші әйелі хан қызынан қара қаңлы ұрпақтары тарайды. Сыр бойындағы қаңлылар сары қаңлының бес баласы (Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миам) мен қара қаңлының алты баласынан (Тоғызбай, Онбай, Тоғанай, Бақа, Бадырақ, Қара) өрбіген ұрпақ деп есептесе, Жетісу қаңлылары өздерін Сары қаң-лының бес баласы (Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз, Шанышқылы) мен қара қаңлының алты баласынан (Ерөзен, Қаспан, Еңке, Тайта, Оразымбет, Бақа) таратады. Шежіре деректерін салыстырып көрсек, Сыр бойы қаңлыларының арғы әулеттері Жетісу қаңлыларының арғы атасы болып шығады.
Тарихи аңыздар мен рауаяттарда «қаңлы» деген аттың шығу тегі Оғыз ханмен байланыстырылады. «Оғызнама» дастанында: Оғыз хан бір соғыста жеңіске жетіп, ырғьш олжа алады. Мұны алып жүре алмайтын болғанда, Оғыз ханның шеріктері ішіндегі асқан кемеңгер әрі шебер Бармақылық Иөсін (үйсін) білігі деген адам арба жасап, осы олжаларды алып жүреді. Арбадан «қаң-қаң» деген үн шыққандықтан, арба «қанға» деп аталады да, оны жасаған қартқа «Қанғалы» (қаңлы) деген ат беріледі. Бұл аңыз парсы тарихшысы Рашиденнің «Жамих аттауарих» атты еңбегінде және тарихшы Әбілғазының «Шежіреии түрік» атты шығармасында да бар. Рашиденнің еңбегінде Оғыз ханның жорығында арбаны олжаға түсірген тайпа «қаңлы» деп аталса, Әбілғазының шығармасында осы арбаны жасаған адам «қаңлы» деп аталады, ал «Оғызнама» дастанында осы арбаны жасаушы «Бармақылық Иөсін білігі» деген данышпан шебер, ол арбаны тұңғыш рет жарыққа шығарушы адам ретінде суреттеледі. Бірақ бұл аңыздарды тарихи жазба деректерге салыстырсақ, арасы тым шалғай жатқандығы байқалады. Оғыз тайпалары 8-ғасырдың ортасынан бастап Сырдарияның төменгі алқабы мен Қаратау өңіріне келе бастаған. Орхон ескерткіштерінде шығыс түрік қағандығы құрамына енген оғыз тайпалары Шығыс Маңғолияда еді, олар тоғыз-оғыздар болатын. 9-ғасырдың соңы, 10-ғасырдың ортасында Арал теңізі және Каспий теңізі маңындағы территорияларда оғыз одағы құрылды, 10-ғасырда Сырдарияның төменгі бойындағы алқаптарда оғыз мемлекеті ұйымдасты, мемлекет орталығы Жаңакент (Яңгікент) болды. Ал қаңлылардың Сырдарияның орта ағысы мен Қаратау өңірін мекендеуі бұдан мың жыл бұрынғы іс. Еліміздің (Хан патшалығының) жазба де-ректеріне қарағанда, олар біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырдан бастап әйгілі болған, Бұл қаңлы деген ат біздің заманымыздан бұрынғы зороастризм дін кітабы «Абеста» деректері мен үнді халқының эпосы «Махабхарата» қолжазбаларының деректерінде де әйгілі болған. Бұл деректерде «Хаңға» түрінде берілген. 8-ғасырда орхон жазуымен жазылған «Күл тегін», «Білгі қаған» ескерткіштерінде «Қаңғу - Тарбан» түрінде кездеседі. «Тарбан» деп Отырар қаласын айтқан. Кейбір деректерде «Кенріс», «Қаңғар» деп те айтылады. Мұның бәрі «Қаңлы» деген аттың түрліше тілдердегі деректердегі дыбыс өзгешеліктері. Ерте заманда Сырдарияның орта шені «Қаң», «Қан» деп аталған. «Қаңлы» Осы Сыр бойын мекендеушілер деген сөз дейтін болжам да бар.
1. У. Тоған «Жалпы түрік тарихына кіріспе», І-том. 3-басылуы, 69-бет, Стамбул. 1981.М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы»
2.Телқожа Жанұзақов «Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз», 3-сан, Алматы, 1983.
3.Ханзу - қытай (Шығыс Түркістан қазақтары хансу деп те атайды), біз бұл кітапта қытай тіліндегі жазылу нұсқасы бойынша алып отырмыз.
1 М. X. Дулати «Тарих-и-Рашиди», 46-бет.
2 У. Тоған «Бүгінгі Түрікстанның таяудағы тарихы» Стамбул, 1981.
4.Ш. Уәлиханов «Таңдамалы шығармалары», І-том.
«Жұлдыз» журналы. 1983-жылы, наурыз.
5.«Орхон әбиделері», 9-басылуы, 116-121-беттер, Стамбул, 1983. «Көне түркі жазба ескерткіштердің тілі», 122-бет, Алматы, 197І. «Жұлдыз» журналы, 1983 жылы, наурыз.
6.«Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз» журналы, 1984-жылы, наурыз.
«Қазақ ССР тарихы», І-том, 156-бет, Алматы, 1957. Н. Я. Марр, Шығармалары, 286-бет. 1915.
7.Ежелгі тарих жайында, № 1, 263, 1947. Вахошти, Грузия географиясы, 32-бет, 1904.
1 Әлкей Марғұлан, «Жұлдыз» 1-сан, 144-бет, 1948-жыл, қаңтар.
2 «Хан патшалығының жаңа тарихы», «Парсы тарауы». «Өзбектердің Шайбани хандығының тарихы жайында», 33-34-беті Әлкей Марғұлан «Жұлдыз» журналы, 145-бет, 1984-жыл, қаңтар Розбехан «Миһманнами Бұхара», 35, 62, 92, 93, 94, 123.
1 «Қазақ совет энциклопедиясы» ІІ-том, 401-бет.
2 «Қазақ совет энциклопедиясы» II том, 401 бет.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАҢЛЫЛАР
Қаңлылар - қазақтың халық болып қалыптасуына өзекті ұйтқы болған
негізгі тайпалардың бірі, қазақтың тарихи аңыз, шежіре деректері қаңлыны
ұлы жүзден таратады. Сырдария бойындағы қаңлылар мен Жетісу өлкесіндегі
қаңлылар негізінен қара қаңлы, сары қаңлы болып екі арыс елге айрылады.
Олар ұлы жүз Төбейдің немересі Бәйтеректен таратылады. Бәйтеректен Қаңлы,
Қаңлыдан Қанкөжек, одан Келдібек, Келдібектің бірінші әйелі сары бәйбішеден
сары қаңлы, екінші әйелі хан қызынан қара қаңлы ұрпақтары тарайды. Сыр
бойындағы қаңлылар сары қаңлының бес баласы (Ақбота, Ақынқожа, Телқожа,
Омыртқа, Миам) мен қара қаңлының алты баласынан (Тоғызбай, Онбай, Тоғанай,
Бақа, Бадырақ, Қара) өрбіген ұрпақ деп есептесе, Жетісу қаңлылары өздерін
Сары қаң-лының бес баласы (Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз, Шанышқылы)
мен қара қаңлының алты баласынан (Ерөзен, Қаспан, Еңке, Тайта, Оразымбет,
Бақа) таратады. Шежіре деректерін салыстырып көрсек, Сыр бойы қаңлыларының
арғы әулеттері Жетісу қаңлыларының арғы атасы болып шығады.
Тарихи аңыздар мен рауаяттарда қаңлы деген аттың шығу тегі Оғыз
ханмен байланыстырылады. Оғызнама дастанында: Оғыз хан бір соғыста
жеңіске жетіп, ырғьш олжа алады. Мұны алып жүре алмайтын болғанда, Оғыз
ханның шеріктері ішіндегі асқан кемеңгер әрі шебер Бармақылық Иөсін (үйсін)
білігі деген адам арба жасап, осы олжаларды алып жүреді. Арбадан қаң-қаң
деген үн шыққандықтан, арба қанға деп аталады да, оны жасаған қартқа
Қанғалы (қаңлы) деген ат беріледі. Бұл аңыз парсы тарихшысы Рашиденнің
Жамих аттауарих атты еңбегінде және тарихшы Әбілғазының Шежіреии түрік
атты шығармасында да бар. Рашиденнің еңбегінде Оғыз ханның жорығында арбаны
олжаға түсірген тайпа қаңлы деп аталса, Әбілғазының шығармасында осы
арбаны жасаған адам қаңлы деп аталады, ал Оғызнама дастанында осы
арбаны жасаушы Бармақылық Иөсін білігі деген данышпан шебер, ол арбаны
тұңғыш рет жарыққа шығарушы адам ретінде суреттеледі. Бірақ бұл аңыздарды
тарихи жазба деректерге салыстырсақ, арасы тым шалғай жатқандығы байқалады.
Оғыз тайпалары 8-ғасырдың ортасынан бастап Сырдарияның төменгі алқабы мен
Қаратау өңіріне келе бастаған. Орхон ескерткіштерінде шығыс түрік қағандығы
құрамына енген оғыз тайпалары Шығыс Маңғолияда еді, олар тоғыз-оғыздар
болатын. 9-ғасырдың соңы, 10-ғасырдың ортасында Арал теңізі және Каспий
теңізі маңындағы территорияларда оғыз одағы құрылды, 10-ғасырда Сырдарияның
төменгі бойындағы алқаптарда оғыз мемлекеті ұйымдасты, мемлекет орталығы
Жаңакент (Яңгікент) болды. Ал қаңлылардың Сырдарияның орта ағысы мен
Қаратау өңірін мекендеуі бұдан мың жыл бұрынғы іс. Еліміздің (Хан
патшалығының) жазба де-ректеріне қарағанда, олар біздің заманымыздан
бұрынғы 3-ғасырдан бастап әйгілі болған, Бұл қаңлы деген ат біздің
заманымыздан бұрынғы зороастризм дін кітабы Абеста деректері мен үнді
халқының эпосы Махабхарата қолжазбаларының деректерінде де әйгілі болған.
Бұл деректерде Хаңға түрінде берілген. 8-ғасырда орхон жазуымен жазылған
Күл тегін, Білгі қаған ескерткіштерінде Қаңғу - Тарбан түрінде
кездеседі. Тарбан деп Отырар қаласын айтқан. Кейбір деректерде
Кенріс, Қаңғар деп те айтылады. Мұның бәрі Қаңлы деген аттың түрліше
тілдердегі деректердегі дыбыс өзгешеліктері. Ерте заманда Сырдарияның орта
шені Қаң, Қан деп аталған. Қаңлы Осы Сыр бойын мекендеушілер деген
сөз дейтін болжам да бар.
Орта Азияның ежелгі тарихын зерттеуші әйгілі жапон ғалымы Сиратори бұл
жөнінде мыналарды айтады: Жұңго жылнамаларында жазылған халық аты Каңжұй
деген сөз ежелгі заманда ^£ Щ деп оқылған. Бұрынғы заманда Сырдарияның
қазіргі Ташкент қаласынан төменгі жағы Kanqки өзені деп аталған.
Сырдарияның осы айтылған орта және төменгі ағысы алқаптарын мекендеген
халық та капкаг-Kangar деп аталған. Каңжұй деген ханзуша әріптің сол
замандағы оқылуы капкаг (кап-каг) дыбыстық жағынан kangki дегенге
жақын. Демек, хан әулеті дәуіріндегі халық аты каңжұй (каңгүй) kankar,
kangkar яки kangar деген атаудың дыбыстық баламасы. Сиратори осы
қаңғыр (қаңлы) деген сөзге қарулы, жақсы-жайсаң деген мағына береді.
Әйгілі ғалым Махмұт Қашқари өзінің Диуан лұғат ат-түрік атты еңбегінде:
Қыпшақ тайпасының жақсы-жайсаң ұлықтары қаңлылар еді, дейді. Қазақ
халқының Келелі елде қаңлы бар, қаңлыны хан көтер, қаңлыдан өзге хан
болмас деген мақал-мәтелдеріндегі қаңлы сөзінде де жақсы-жайсаң деген
ұғымнық барлығы байқалады.
Жапон ғалымы Сиратори бірсыпыра дәлелдерді келтіре отырып, ерте
замандағы қаңлылардың түркі тілдес ұлыс болғанын дәлелдейді. Ол: Жин
патшалығы тарихының 97-тарауындағы Қаңлылар шежіресінде: Қаңлы елінің
ханы Най би Жин патшалығының ордасына елші жіберді деген деректегі Най би
мен үйсін елі туралы деректегі Най би деген сөзді салыстыра отырып,
қаңлылар өздерінің бастықтарын би деп атаған. Қазіргі кезде Тянь-Шань
алабын мекендеген қазақтар да бастықтарын би деп атайды, дейді. Бұдан
басқа да бірсыпыра дәлелдер келтіреді.
Қанлылардың шығу тегі
Қаңлылардың Қаратау ауданы мен Сырдария өңіріне қай кезде және қайдан
келгені жөнінде Тарихи жазбалар мен Хан патшалығы тарихында ештеңе
айтылмаған. Одан кейінгі дәуірде жазылған Сұй патшалығының тарихы, батыс
өңір шежіресі, қаңлы тарауында: Қаң-лылар - бір жерге ірге теуіп
отырмайтын көшпелі ел, олар Хан патшалығы дәуірінен бері осылай болып
келген. Олардың ханы ұлы иозылардың уын руынан шыққан. Оның бұрынғы мекені
Чилан тауының солтүстігіндегі Жаұу қаласында еді. Бұларды һұндер
талқандаған, осыдан соң батысқа қарай қоныс аударған дейді, жапон ғалымы
Сиратори. Қаңлылар алғашында шығыста болған, хан әулеті дәуірінде
Сырдарияның Орта және төменгі өңіріне ауып келіп мемлекет құрған дейді.
Тарихи генеалогиялық (шежірелік) зерттеулерде қаңлылардың шығу тегі, оның
таралу өрісі, даму өркендеу көзеңдері, түркі халықтарының тарихындағы рөлі
туралы талас пікір көп. Алайда қаңлы тарихын зерттеушілердің көпшілігі-ақ
Жұңго жылнамалары мен Авеста тарихынан белгілі біздің заманымыздан бұрынғы
3-1-ғасырларда Сыр бойы мен Қаратау алқабын мекендеген, өзінің дербес
мемлекеті болған Кангұй, қаңға тайпалары бірлестігі мен одан кейінгі
дәуірлерде де дәл сол өлкені қоныстанып, көрші түркі тайпаларының саяси-
әлеуметтік өміріне әр кезде түрлі ықпал жасап келген қаңлылар, сайып
келгенде біртұтас этностық қауымның негізі екенін мойындайды .
Еліміздің ханзу ғалымы Уи Иуан: Үш ордаға бөлінген қазақтар ежелгі
қаңлылар дейді. Чи Иұншы: Қазақ дегеніміз - ежелгі қаңлы елі дейді.
Жапон ғалымы Сиратори: Ежелгі қаңлылар тұрмысы, ғұрып әдет және тіл
жағынан қазіргі қазақтар еді деп дәлелдейді.
Қазақ құрамындағы қаңлылардың ұраны: айрылмас, бактияр, бәйтерек. Бұл
ұрандар қазақтың байырғы шежіре деректеріндегі ұлы жүз Төбейдің ұрпақтары,
қаңлылардың арғы аталарының аттары болып келеді.
Қаңлылардьщ тайпалық таңбасы екі түрлі, бірі I
(көсеу таңба), енді бірі ££ (ай, күн таңба). Тарихи дереқтерге
қарағанда, ерте замандағы қаңлылар зороастризм дініне сеніп, ай мен күнге
және отқа табынған екен. Олардың таңбасының ай мен күн және от көсейтін
көсеу болуы ерте замандағы діни нанымнан туған болса керек.
Қаңлылар заманымыздан бұрынғы 3-ға Сырдан бастап, осы заманға дейін
Сырдария алабы мен Жетісу өңірін мекен етіп келген ежелгі ел есептеледі.
Қилы-қилы замандарда осы өңірде болған сұрапыл соғыстар мен ел іргесі
шайқалған үркін-қорқын кездерде басқа жаққа ауып барып, өзге елге сіңіп
көткен қаңлылар да болды. Алайда, олардың негіэгі бөлегі өздерінің
атамекенінде қалып, қаңлы деген атын сақтай отырып, қазақ халқын
қалыптастыруға елеулі үлес қосты.
Қаңлы елінің жағырафиялық орны жөнінде Тарихи жазбалар, Дауан
шежіресінде былай дейді: Қаңлылар - дауандардың батыс солтүстігінде екі
мың шақырым жердегі көшпелі ел. Олардың ғұрып әдеттері ұлы иозыларға ұқсас.
Қару ұстаған әскерлері 80-90 мың. Дауандармен көрші отырады. Кішкене ел
болғандықтан, оңтүстікте ұлы иозылардың, шығысында һұндердің тізгіндеуінде
болды. Бұл деректе тағы былай дейді: Асалар - қаңлылардың батыс солтүстік
жағында екі мың шақырым жерде тұрады. Ұлы иозылардың оңтүстігінде -
дашалар, батысында аншилер, солтүстігінде - қаңлылар тұрады. Біз бұл
деректерден сол замандағы қаңлы елінің шығыс жақта һұндермен, оңтүстікте
ұлы иозылармен, батыс солтүстік жақта асалармен шекаралас, ал, шығыс
оңтүстікте дауандармен көрші екенін ұғынамыз. Демек, б. ж. с. дейінгі 3-
ғасырдан бастап жазба тарихта әйгілі болған қаңлы елінің негізгі
территориясы Сырдарияның орта алқабы мен Қаратау өңірінде болған.
Қаңлылардың күшейіп, гүлденген дәуірінде олардың қарамағына Ташкеннен
Хорөзмге дейінгі өлкелер енген. Б. ж. с. дейінгі І-ғасырдың аяғында
қаңлы елінің территориясы Ферғана, Соғды өлкелеріне дейін кеңейген.
Қазақтардың шежірелік деректеріндегі қаңлылардың (қара қаңлы мен сары
қаңлының) өрістері мен қоныстары жоғарыдағы жазба деректерге сайма сай
келіп отырады.

Қаңлы елінің билеушілері
I Қаңлы елінің ең жоғарғы билеушісі хан болған, онан соң ханның
орынбасары болған. Хан патшалығы тарихы, Чин Таңның өмірбаяны тарауында:
Қаңлы ханының орынбасары неше мың әскерімен Чигу қаласына шабуыл жасап,
ұлы күнмуға қарасты мыңдаған адамды өлтіріп, малын талады делінген. Хан
патшалығы көзіндегі деректерде қаңлы хандарының аттары аталмайды. Ал Жин
патшалығы тарихында қаңлы елінің Най би деген ханының аты кездеседі. Ал
Сұй патшалығы тарихында қаңлы елінің ханы Даш би (Тас би) деген адамның
аты аталады. Сонымен қабат ханның қол астында мемлекет ісін басқаратын үш
уәзірі барлығы айтылады. Қаңлы елінің астанасы Битен қаласы болған. Жапон
ғалымы Сиратори Битен қаласының орны қазіргі Түркістан қаласының маңында
болса керек деп мөлшерлейді. Қаңлының ханы қыста Ұлы орын деген жерде
тұрады. Жазда жайлауға шығады. Битен қаласы мен Ұлы орынның арасы атқа жеті
күншілік жер. Битен қаласы мен жайлауының аралығы 9 мың 340 шақырым келеді.
Жазба деректердің айтуына қарағанда, қаңлы елі өз ішінен бес иелікке
бөлінген. Әр иеліктің кіші хандары болған. Олар ұлы ханға бағынған. Бұл
иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған. Ол иеліктердің
аттары және тұрған орындары мынадай:
1) Сусе иелігі. Орталығы Сусе қаласы. Өкіл әкім (духу) мекемесі
тұрған жерден 5776 шақырым. Яңгуаннан 8025 шақырым жерде.
2) Фуһу иелігі. Орталығы Фуһу қаласы. Өкіл әкім мекемесі тұрған
жерден 5757 шақырым. Яңгуаннан 8025 шақырым жерде.
3) Ионе иелігі. Орталығы Ионе қаласы. Өкіл әкім
мекемесі тұрған жерден 5266 шақырым, Яңгуаннаң 7525 шақырым жерде.
4) Жи иелігі. Орталығы Жи қаласы. Өкіл әкім мекемесі тұрған жерден
1296 шақырым, Яңгуаннан 8555 шақырым жерде.
5) Иоган иелігі. Орталығы Иоган қаласы. Өкіл әкім мекемесі
тұрған жерден 6906 шақырым, Яңгуаннан 8355 шақырым жерде.
Тарихи жазбалар, Дауан шежіресінде қаңлылардың бес иелігі жөнінде
ешқандай дерек жоқ. Жаң Чиан батыс өңірге елші болып келгенде, бұл жөнінде
ештеңе естіп білмеген. Хан патшалығы тарихындағы дерек бұдан әлде қайда
кейін жазылған. Бұған қарағанда, қаңлы елінің бес иелікке бөлінуі кейінірек
болған оқиға болуы мұмкін. Бұл бес иеліктің орны мен орталығының нақ қай
жерде екенін анықтайтын жазба дерек жеткіліксіз. Сиратори: Бұл
иеліктердің аты ханзу тіліндегі дыбысталуы бойынша беріліп отыр, олардың
қаңлы тілінде қалай аталғаны мәлімсіз.Бұл бес иеліктің орталықтары
Сырдарияның солтүстігі мен Қаратау аралығында деп ұйғарады.
Кейінгі кездерде жүргізілген археологиялық зерттеулер жоғарыда
келтірілген жазба деректердегі оқылықтарды заттық айғақтармен толықтырып
отыр. Қазақстан археологы Қ. Ақышев бастаған археологиялық экспедициясының
анықтауы бойынша, қаңлылардың 1-ғасырдағы саяси орталығы - Отырар (Фарап).
Яғни Орхон ескерткіш-теріндегі қаңғу тарбан (С. Г. Клашторни) болып
есептеледі. Отырар қаласы тарихи деректерде Тұрар банд, Тарбан,
Тарбанд деп аталып келген. Ал араб тіліндегі деректерде Фарап делінеді.
Алғашында Фарап деп сол қала тұрған аймақ - Отырар көгалы аталып, одан
соң осы аймақта қала Отырар да Фарап деп аталған екен. Зерттеуші С. Г.
Ғафуровтың айтуынша, Шаш (Ташкент) маңында да қаңлы ұлықтарының ордасы
болған. Бірақ бұл қаңлы еліне қарасты бес иеліктің қайсысыныкі екені мәлім
емес.Ежелгі қаңлы елі ұлан-байтақ өңірге жайылған. Олардың ата қонысы
Қаратау алқаптары мен Сырдарияның орта шенінен басталып, Шаш елкесінің
көгалды ойпаттарына дейін барған. Олар қыс мөзгілінде Сырдарияның төменгі
бойындағы қамсаулы қыстауларында қыстаған. Жаз мөзгілінде Арыс, Шу, Талас
өзендерінің алқаптарындағы, тіпті Сарысу бойындағы шөбі шүйгін
жайылымдарына көшіп баратын болған. Әйгілі ғалым A. H. Бернштамның
топшылауы бойынша, олардың өріс-қонысы Шаш түбінен басталып, сонау Хорөзм
жері Арал жағалауына дейін 800-900 шақырымға созылып жатқан Сырдың екі жак
өңірін түгел қамтиды.

Қаңлылардың шаруашылығы

Қаңлы тайпаларының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болған.
Олардың бір бөлегі егіншілік және бау-бақша кәсібімен айналысқан.
Солтүстік патшалықтар тарихы, батыс өңір шежіресінде және Сұй патшалығы
тарихы, қаңлы тарауында: қаңлылар мал шаруашылығымен шұғылданады. Жылқы,
түйе, қашыр, есек, сиыр өсіреді деп жазады. Жу патшалығы тарихы, қаңлы
тарауында: оларда қой өте көп, аттары өте жақсы. Қаңлылардың жері мал
шаруашылығыма да, егіншілікке де қолайлы. (Ауа райы жылы келеді). Онда
дәнді дақылдың алуан түрі егіледі. Бау-бақшада шырын жемістер
жетілдіріледі дейді. Жазба деректерде: Қаңлы елінде жүзім шарабы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаңлы мемлекеті. (б.з.д. 3 – 1-ғасыр)
Қаңлылар мен үйсін тайпаларының бірлестігі
Қаңлы. Қаңлы ұраны «Бәйтерек», «Айрылмас», таңбасы (көсеу таңба)
Қаңлы тайпасының шығу тарихы
Сақ. Үйсін. Қаңлы
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Ғұндар Саяси тарихы
Үйсін тайпалары және Қаңлы елі
Үйсіндер мен қаңлылар
Пәндер