Негізгі құралдар есебінің аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және Бизнес Факультеті

Есеп және Аудит Кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

Негізгі құралдар есебінің аудиті

Орындаған : Амантаева Д.

УА06К1 тобының студенті

Тексерген : Цагаанхуу Г.

Алматы 2009 жыл

Жоспар

Кіріспе

1. Негізгі құралдар аудитінің экономикалық сипаттамасы

1. 1 Негізгі құралдар аудитінің міндеттері мен мақсаты

1. 2. Негізгі құралдар аудитінің бағдарламасы

2. Негізгі құралдар есебінің аудиті

2. 1 Негізгі құралдардың кіріске алу есебінің аудиті

2. 2 Негізгі құралдардың тозу есебінің аудиті

2. 3 Негізгі құралдарды жөндеуден өткізудің аудиті

2. 4 Негізгі құралдарды есептен шығарудың аудиті

3. Негізгі құралдар есебі бойынша аудиторлық тексеру

3. 1 Аудиторлық қорытынды

Қорытынды

КІРІСПЕ

Мен «Негізгі құралдар есебінің аудиті» деген тақырыпқа курстық жұмыс таңдадым. Себебі негізгі құралдар кез-келген кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайды және кәсіпорынның басты атқаратын қызметінде үлкен рөл атқарады.

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (1 жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланатын материалдық активтер.

Негізгі құралдар есебінің аудитінің мақсаты - негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады.

Курстық жұмысымның мақсаты болып негізгі құралдар есебінің аудитін, аудитордың міндеттерін, аудиторлық бағдарламаны, аудит процедуралары мен сатыларын анықтау.

Курстық жұмысымның негізгі міндеті болып қарастырылып отырған курстық жұмысымның тақырыбын толық ашып, сонымен қатар қойылған мақсаттарға қол жеткізу.

Курстық жұмысымның 1-бөлімі - негізгі құралдар аудитінің экономикалық сипаттамасында негізгі құралдар аудитінің міндеттері, мақсаты және аудит жүргізу бағдарламасы қарастырылады.

2-бөлімінде негізгі құралдар кіріске алу есебінің аудиті, тозу есебінің аудиті, жөндеуден өткізудің аудиті, есептен шығарудың аудиті қарастырылған.

3-бөлімі негізгі құралдар есебі бойынша аудиторлық тексеру деп аталады. Бұл бөлімде аудиторлық қорытынды қарастырылады.

1. Негізгі құралдар есебінің аудитінің экономикалық сипаттамасы

1. 1. Негізгі құралдар аудитінің міндеттері мен мақсаты

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге

(1 жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланатын материалдық активтер. Негізгі құралдар субьектінің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды роль атқарады. Негізгі құралдар есебінің аудитінің мақсаты - негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

Негізгі құралдар есебінің аудитінің басты міндеті:

  • негізгі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;
  • еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндіріс үрдісіне қатысу сипаты бойынша топталғандығын;
  • есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;
  • есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс көрсетіліп құжатталғандығын;
  • есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп құжатталғандығын;
  • негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;
  • бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.

Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді. Оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге міндетті. Тексеру үшін:

  • шаруашылықтың басшылығының бұйрығымен негізгі құралдардің сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның тағайындалғандығын;
  • тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жасалғандығын;
  • негізгі құралдардың сақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының тағайындалғандығын;
  • жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында түгендеу жүргізілгендігін;
  • түгендеудің нәтижесінің дұрыс құжатталғандығын және оны қарау мерзімінің сақталғандығын;
  • негізгі құралдардың кем шығу, жоғалған, бүлінген фактілер орын алған жағдайда кінәлі тұлғаларына қандай әкімшілік шаралары қолданылғандығын анықтауға міндетті.

Аудитор аталған міндеттерді тиянақты орындау үшін негізгі құралдардың есебінің аудитінің бағдарламасын жасауға тиісті. Бағдарламада тексерілетін мәселелер, жоспарланған аудиттің іс-әрекеттері, ақпарат көздері және тексеру мерзімі анықталуы тиіс. Негізгі құралдардың есебінің аудитінің бағдарламасы келесі мәселелерді қамтиды:

  • баланстың көрсеткіштерінің, бас кітап, есеп регистрларындағы және машина жазбаларындағы мәліметтермен сәйкестігін тексеруді;
  • негізгі құралдардың аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;
  • негізгі құралдарды сақтау, пайдалану орындарындағы нақтылығын және оларға бақылаудың қамтамасыз етілгендігін тексеруді;
  • негізгі құралдардың ішкі және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;
  • негізгі құралдардың дұрыс топталып сыныпталғандығын тексеруді;
  • негізгі құралдарды бағалау және сыртқы қозғалыстарының дұрыстығын тексеруді;
  • негізгі құралдарды кіріске алу және шығыс жасау операцияларының дұрыстығын тексеруді;
  • негізгі құралдарды жөндеуге (күрделі ағымдағы) жұмсалған шығындардың негізділігін және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетіліп таратылғандығын тексеруді;
  • негізгі құралдардың техникалық жағдайын және олардың тиімді пайдалануын тексеруді;
  • негізгі құралдарды сақтандыру және оларға салық есептеу операцияларының дұрыстығын тексеруді.

Аудитордың тексеру бағдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағыттылаған.

1. 2 Негізгі құралдар аудитінің бағдарламасы:

Аудит процедуралары
Ақпарат көздері
Аудит процедуралары: 1
Ақпарат көздері: 2
Аудит процедуралары: 1. Баланс көрсеткіштерінің бас кітаптың негізгі құралдар баптары бойынша мәліметтерімен сәйкестігін тексеру
Ақпарат көздері: Бухгалтерлік баланс, Бас кітаптағы 121-126, 131-134 шоттар
Аудит процедуралары: 2. Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Бас кітап, 12 және 10 журнал-ордерлер, тозу сомасы мен негізгі құралдарды қайта бағалау есептеулері бойынша әзірлеме кестелер, алғашқы құжаттар.
Аудит процедуралары: 3. Негізгі құралдардың қойылған және пайдаланатын орындарында бар болуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру.
Ақпарат көздері:

Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін инвентаризациялау комиссиясын және МЖА тағайындау туралы бұйрықтары, МЖА-мен келісім-шарттар, түгендеу тізімдемесі (опись) және салыстыру ведомостері, түгендеу актілері, қабылдау-тапсыру актілері, есептің инвентарлық карточкалары мен негізгі құралдардың инвентарлық тізімі

(олардың тұрған және пайдаланатын орындары бойынша) және т. б.

Аудит процедуралары: 4. Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеудеудің дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Қабылдау актісі (НҚ-1) ; жөнделген, қайта құрастырылған және жаңғыртып, жетілдірілген обьектілерді қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-2) ; негізгі құралдарды есептен шығару актісі (НҚ-3) ; көлік құралдарын есептен шығару актісі (НҚ-4) ; негізгі құралдардың есебі инвентарлық карточкалардың тізімдемесі (НҚ-10) ; негізгі құрал қозғалысының есебі карточкасы (НҚ-12) ; жалға алынған негізгі құрал есебі (ұзақ мерзімге жалға алынған инвентарлық тізім) карточкасы (НҚ-12а) ; негізгі құралдың (олардың тұрған, пайдаланылатын орындары бойынша - НҚ-13)
Аудит процедуралары:

5. Негізгі құралдардың

жіктелуін жасаудың дұрыстығын тексеру

Ақпарат көздері: Техникалық құжаттама (паспорт, ерекшеліктері, іріктеп жинақталған ведомость және т. б. ) НҚ-1, НҚ-2, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, НҚ-13 және т. б.
Аудит процедуралары: 6. Негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Техникалық құжаттама (паспорт, ерекшеліктері, іріктеп жинақталған ведомость және т. б. ) НҚ-1, НҚ-2, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, НҚ-13 және т. б.
Аудит процедуралары: 7. Негізгі құралдарды кіріске алудың дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Техникалық құжаттама, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6 және т. б., 1-8 журнал-ордерлер, Бас кітап
Аудит процедуралары: 8. Негізгі құралдардың тозуын есептеу мен көрсетудің дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі әзірлеме кестелер, нормативті құжаттар, 10 журнал-ордер, Бас кітап: 131-134 және 935 шоттар
Аудит процедуралары: 9. Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың негізділігін және оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетудің дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, жобалық-сметалық құжаттама, (ақау ведомостері, сметалар және т. б. ) ; орындалған жұмысты қабылдау-тапсыру актілері, мердігерлер мен келісім-шарттар, басқа алғашқы құжаттар, аналитикалық есеп мәліметтері мен 934 «Негізгі құралдарды жөндеу» шотының мәліметтері.
Аудит процедуралары: 10. Жалға алынған негізгі құралдар бойынша жал төлемін есептеу шоттарда көрсетудің және т. с. с. операциялардың дұрыстығын тексеру.
Ақпарат көздері: Жал шарттары, жалға алынған (ұзақ мерзімді жалға алынған) негізгі құрал-жабдықтар есебі карточкасы (НҚ-12а)
Аудит процедуралары: 11. Негізгі құралдардың істен шығуын есепте дұрыс көрсетілуін тексеру
Ақпарат көздері: НҚ-1, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, келісімшарттар, ағымдағы түгендеу қорытындылары, 12 журнал-ордер, Бас кітап.
Аудит процедуралары: 12. Негізгі құралдарға қатысты салықтар есебі мен есептеудің дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері: Есептеу ведомостері, салықтар бойынша есеп айырысулар, 5, 8 журнал-ордерлер, Бас кітаптағы 331, 633, 636-638 шоттар.
Аудит процедуралары: 13. Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімді пайдалануын сараптау
Ақпарат көздері:

НҚ-ды тиімді қалыптастыру мен пайдалану (қор қайтарымдылығы, экстенсивті, интенсивті және интегралды жүктеме және т. б. ) көрсеткіштерінің сараптамалық

Есептеулері

2. 1 Негізгі құралдарды кіріске алу есебінің аудиті

негізгі құралдарды кіріске алу және шығысқа шығару операцияларының талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы олардың қозғалысына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Негізгі құралдардың есебінің, олардың кіріске алыну тәртібінің сақталғандығын растайтын маңызды бөлігін тексеруге кіріскенде аудитор мынадай мәселелерді анықтап алуға міндетті :

  • қабылдау комиссиясының құрамының кәсіби талапқа сай екендігін;
  • шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар нысандарын қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы бұйрығының, өкімінің шығарылғандығын;
  • қабылдау-өткізу актісінің дер кезінде сапалы толтырылып, техникалық құжаттарының (төлқұжат, тұтастық ведомастары және басқа құжаттары) тіркелгендігін;
  • қабылдау актісін субьектінің басшысының бекіткендігін;
  • қабылданған нысандарға мүліктік карточкалары ашылып, мүліктік номерлер соғылғандығын;
  • кіріске алынған негізгі құралдар нысандарының тұрған және пайдалану орындары бойынша материалды жауапкершілікті тұлғаларға бекітіліп беріліп, олармен шарт жасалғандығын;
  • кіріске алынған негізгі құралдар нысандарының жұмсалған қаржы көздеріне сәйкес бағаланғандығын.

Аудитор шаруашылықтың пайдалуына кіріске алынған негізгі құралдарды жаңартып және толықтырып отыру көздеріне аудит жүргізгенде мынандай мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс:

  • күрделі қаржы салымына (жаңа ғимараттар, құрылымдар мен беріліс өткізгіш құрылғыларды салу, жаңа жабдықтарды сатып алу және оны орнату) ;
  • заңды және жеке тұлғалардан жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдар нысандарының сатып алу ерекшеліктерінің сақталғандығына;
  • тауарлы-материалды құндылықтарға айырбастау жолымен алынған негізгі құралдарға;
  • заңды және жеке тұлғалардан төлем ақысыз тегін алынған жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарға;
  • құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде алынған негізгі құралдарға;
  • түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ немесе артық негізгі құралдарға;
  • ұзақ мерзімге жалға алу жолымен алынған негізгі құралдарға.

Негізгі құралдарды кіріске алуды жүзеге асыратын шаруашылықтың басшысының бұйрығымен немесе өкімімен тағайындалған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамының түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас мамандары мен механиктердің, құрылыс мамандарының, техникалық бөлімнің өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру мамандарының бухгалтерлердің және басқа да мамандық иелерінің қатыстырылғандығын анықтау қажет. Негізгі құралдарды пайдалануға, қабылдау комиссиясының қатысуымен қабылдау-өткізу актісі толтырылып, құжатқа нысанның толы0 сипаттамасы - сатып алу көздері, шығарылған немесе салынған жылы, пайдалануға берілген күні, сынақтан өткізудің нәтижесі, оның техникалық жағдайына сәкестігі, бастапқы құны мен есептелген тозу сомасы, кімнің жауапкершілігіне қабылданғаны және кімнің өткізгені, комиссиясының қортындысы жазылғандығы анықталады. Толық толтырылған қабылдау-өткізу актісі, техникалық құжаттары тіркеліп, шаруашылықтың басшысына бекіттіріліп, содан кейін бухгалтерияға беріледі. Осы өқжаттардың негізінде шаруашылықтың бухгалтериясында кіріске алынған нысандарға материалды жауапкершілікті тұлғалары бекітіліп, әрбір нысанға мүліктік карточка ашылғандығын, оларға мүліктік номер беріліп, олардың мүліктік карточкалар көшірмелерінің жасалып және мүліктік карточкаларын тіркейтін тізімге тіркелгендігін, бухгалтерлік есеп шоттарына таратылып жазылғандығын анықтап, кіріске алынған негізгі құрал-жабдықтардың техникалық сипаттамасы жазылған төл құжаттары тіркелгендігін анықтау қажет.

Аудитор нақты қолда бар негізгі құралдардың сақталуын тексеруге кіріскенде олардың аналитикалық есебіне назар аударады. Яғни, әрбір негізгі құралдар нысандарының техника-экономикалық сипаттамасын, оның тұрған орнының, бастапқы құнын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижелерін көрсетіп ашылатын мүліктік карточкаларының дұрыс толтырылғандығын және дер кезінде ашылғандығын, нақты қолда барлығын тексереді. Негізгі құралдарды пайдалану бараысында олардың құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне елеулі әсер еткен өзгерістерге байланысты қосымша сипаттамалар көрсетіледі. Мүліктік карточкалардағы көрсетілген мәліметтер бастапқы құжаттарындағы мәліметтерімен сәйкес келуге тиісті. Мүліктік карточкалардағы және бастапқы құжаттарындағы мәліметтерін салыстыра отырып, негізгі құралдардың пайдалану және тұрған

орындары бойынша қорытынды есеп ақпараттарындағы жағдайына сәйкестігін анықтауға болады. Аудитор шаруашылықтың қабылдаған есепті ұйымдастыру нысанына қарамастан, аналитикалық есеп пен синтетикалық есеп регистрлардың қабысуын, есеп мәліметтерін өңдеу үрдісін, олардың өзара байланысының жазылу дәйектілігінің сақталуының және қозғалыстарының бірыңғай типтік үлгідегі бастапқы есеп құжаттарында жазылып толтырылғандығын тексеруге тиісті. Бастапқы құжаттарының реквизиттерінің бекітілген тәртіпке сәйкес толтырылғандығын, құжатты рәсімдеуге қатысқан жауапкершілікті тұлғаларының қойған қолдарының түпнұсқаларын тексеруге тиісті. Кеткен кемшіліктер мен анықталған тәртіп түзу факторларына сілтеме жасалынып, аудитордың қорытындысында көрсетілуі тиіс. қажет болған жағдайда, қарамаа-қарсы тексеру жүргізуді талап етуіне құқылы. Аудитор негізгі құралдарды қабылдау актілерінің дер кезінде дұрыс толтырылып рәсімделгеніне назар аударуы қажет. өйткені кейбір субьектілерде оған онша мән берілмей, қалай болса солай толтыра салу, мерзімін кешіктіру фактілері кездеседі. Кіріске алынған негізгі құралдарды, олардың топтау принциптерін сақтай отырып, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының 1 «Айналымнан тыс активтер» тарауының 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің сәйкес синтетикалық шоттарына таратып жазады. Бұл шоттар балансқа қатынасы бойынша активті болғандықтан, дебетінде кіріске алынған негізгі құралдар, пайдалануда болған және болмағандығына қарай құны ангықталып көрсетіледі. Негізгі құралдарды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі оларды

қандай күйде сатып алғандығына және қаржыландыру көздеріне де байланысты.

Көптеген жағдайда негізгі құралдарға қаржы салымы үдемелі және негізгі құралдар құрамының сапасын жақсарту шығындарының жиынтығын білдіреді. Яғни, негізгі құралдарды салуға, сатып алуға және дайындауға жұмсалған шығындарды күрделі қаржы салымы деп аталады. Аудитор күрделі құрылысқа жұмсалған шығындардың негізділігін, күрделі қаржы көзінің салымдарының игерілуін және өзіндік құнын анықтау тәртіптерін назардан тыс қалдырмауы тиіс. Күрделі қаржы салымын бақылау және анықтап жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында 126 «Аяқталмаған құрылыс» шоты қаралған. Бұл шотта барлық жұмсалған шығындары көрсетіледі: ғимараттарды және құрылғыларды салу, жабдықтарды және сметаларды құрастыру, күрделі құрылыс смета-қаржылық есептер (құрылыстың мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүзеге асырылуына қарамастан) бойынша, сондай-ақ құрылысқа бөліген несиенің пайыздары, құрылысты салуға және негізгі құралдарды сатып алуға нысандардың бастапқы құнына енетін және енбейтін, техникалық, энергетикалық және өндірістік жабдықтар бойынша (шеберханалар, тәжірибе жүргізетін қондырғы мен лабораториялық жабдықтарды қоса), құрастыруды, орнатуды талап ететін, салынып жатқан күрделі қаржы салымдар нысандарына арналған қондырғылар үшін; шаруашылықта өсіріліп жатқан және негізгі табынға өсірілетін өнім беретін малдар мен күш көліктерінің төлемдері.

Құрылыс монтаждау жұмыстары мердігерлік және шаруашылық әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін. Аудитор жоғарыда айтылған әдістермен жүзеге асырылған, құрылыс-монтаждау жұмыстарының шығындарының есебімен шоттарының дұрыстығын тексеру қажет. Сондай-ақ аудитор негізгі құралдар нысандарын заңды тұлғалардан сатып алған кезде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп-шоттарына дұрыс көрсетілгендігін тексеруге міндетті.

Шаруашылықтың негізгі құралдарды жеке тұлғалардан сатып алу операцияларына аудитор ерекше назар аударуға міндетті. Бұл операциялар - сатушының төл құжатының мәліметтерін көрсетіп сатып алу-сату шарттарын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Жеке тұлғалардан оның жеке меншігіндегі негізгі құралдарды сатып алғанда, оның төленген сомадан бекітілген тәртіп бойынша, табыс салығын ұстап бюджетке аударуға міндетті (үй, саяжай, автокөлік және басқа да мүліктерді сатып алғанда) . Кәсіпорын келісім-шарттағы сома және ұсталған салық туралы салық комитетіне сатушының аты-жөнін, оның тұрақты тұратын мекен-жайын көрсетіп хабарлауға міндетті. Егер жеке тұлға кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда негізгі құралдарды сатып алған кезде одан табыс салығы ұсталмайды.

Аудитор шаруашылықтың сатып алған автокөлігінің дұрыс кіріске алынғандығын, тасымалдау құралдарына есептелген салықтың дәлдігін, оның бюджетке дер кезінде аударылып және бастапқы құнына, салыққа төленген соманың ендірілгендігін тексеруге міндетті. Егер бастапқы құжат күмән келтірсе онда жасалған келісім-шартқа жауапты тұлғаларынан жазбаша түсініктеме алып, қарама-қарсы тексеру жүргізу қажет.

2. 2 Негізгі құралдардың тозу есебінің аудиті

Негізгі құралдар ұзақ уақыт (1 жылдан аса) бойы өндіріс процесінде қатысып, өзінің қасиетін, қалпын сақтап біртіндеп тозады. Бухгалтерлік есептің №6 стандартында (БЕС) берілген анықтамада: тозу дегеніміз - физикалық және моральдық сипатын жоғалту процессі деп көрсетілген. Физикалық (табиғи) толық ескеріп тозу - негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімінде күш-қуатын сарқа жұмсау және сыртқы факторлардың әсер етуінің нәтижесінде болады. Моральдық тозу процессінің нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың дамуының қазіргі талптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуы, яғни нысандардың бірін-бірі ығыстырып шығаруы кездеседі. Негізгі құралдардың табиғи толық ескеріп тозуына бірнеше факторлар әсер етеді:

  • біріншіден, негізгі құралдардың өндіріс процессінде күш-қуатын сарқа жұмсап, пайдалы қызмет ету мерзімінің бітуі;
  • екіншіден, негізгі құралдардың қалпы сақталып, өндірістік және өндірістік емес салада пайдалану қасиетінің толық жойылуы;
  • үшіншіден, негізгі құралдарды пайдалану барысында тозу процессін жеделдететін сыртқы ортаның әсерінен тетіктерінің тот басып шіруінің, мүжілуінің, бүлінуінің салдарынан сапасын жоғалтуы.

Моральдық тозудың салдарынан қолданыстағы негізгі құралдар өндірістен ығыстырылып, шығарылуы және пайдалану тиімділігі төмендеуі мүмкін. Демек, өндірісті нарық экономикасының талаптарына жауап беретін сапасы, өнімділігі жоғары жаңа жетілген құрал-жабдықтармен жарақтандыру талап етеді. Негізгі құралдар нысандары толық ескеріп, құнының тозу құнына дейін төменделгеніне қарамастан, бастапқы қалпын және өндіріске пайдалану қасиетін сақтайтындары да кездеседі.

Негізгі құралдардың тозу есебінің аудитін жүргізген кезде аудитордың негізгі мақсаты - негізгі құралдарға қаралған тәртіптерге сәйкес тозу есептелгендігін анықтау болып табылады. Ол үшін аудитор негізгі құралдар нысандарының амортизацияланып тозу есебіне тексеру жүргізген кезінде мынандай мәселелерге назар аударуға міндетті:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Негізгі құралдардың аудиті
Аудит түрлері
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Аудит
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Негізгі құралдар қозғалысының аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz