Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері



І. Кіріспе
1.1. Мұғалім мектептің жүрегі
1.2. ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесіндегі жаңаша талаптар
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жаңа технологияны пайдалануда мұғалімнің ролі
2.2. Мұғалімнің шығармашылын қалыптасуы заман талабы
2.3. Мектептегі оқу.тәрбие процесін ұйымдастыруда тәлім.тәрбие берудің және білім берудің жаңа моделі
2.4. Оқу тәрбие процесіндегі инновация

Қорытынды
Жетістіктер жолында
Пайдаланылған әдебиеттер
Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам – мұғалім. Ал жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастапды тәрбиелеп жатқан мына біздерге, мұғалімдерге үлкен жауапкершіліктер жүктейді.
Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» дегені жоғарыдағы сөзімізді айғақтай түседі. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық мемлекеттің гүлденуі негізгі шешуші үш фактордан тұрады. Олар мыналар:
1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі
2. Білімнің деңгейін көтеру
3. Мамандардың кәсіби білімі мен білігі
Қай республика болсын әлемдік үрдістерден тыс қала алмайды, жалпы ғаламдық даму заңдылықтарына бағынуға мәжбүр болады, себебі, ешбір мемлекет жабық күйде өмір сүруі мүмкін емес. Өркениет дамуынан кенже қалмау үшін жаңа өзгерістер қажет-ақ. Осыған орай, талпыныстар біздің елімізде жүріп жатыр. 1-8 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар оқушы қолына тиіп, 12 жылдық білім беруге көшу жөнінде сынақтар жүргізілуде, жалпы білім беру стандартына сәйкес ұлттық бірыңғай тест қабылдау өмірге енді. Қысқасы, оқушы білімін бағалауда талаптар күшеюде.
1. Ж.Б. Қоянбаев,Р.М.Қоянбаев.Педагогика А,.-2004
2. Ж.Әбиев,С.Бабаев,А.Құлдиярова.Педагогика.А,.-2004
3. С.Әбенбаев.Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А,.-2004
4. С. Құлшанова. Мектеп педагогкасы.А,.-2005
5. Қ.Қожақметова.Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика.А,.1997
6. Жаңа педтехнологияны меңгеру //Қазақстан мектебі. – 2005. - №9-10.
7. //Ізденіс – Поиск. - №1. – 2004
8. //Қазақстан мектебі. – 2004. - №11
9. //Қазақстан мектебі. – 2004. - №12
10. //Қазақстан мектебі. – 2005. - №1

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері

Орындаған: Нурмаханова А.
Тексерген: Омарбекова Ш.

Алматы – 2007
Жоспар

І. Кіріспе
1.1. Мұғалім мектептің жүрегі
2. ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесіндегі жаңаша талаптар
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жаңа технологияны пайдалануда мұғалімнің ролі
2.2. Мұғалімнің шығармашылын қалыптасуы заман талабы
2.3. Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда тәлім-тәрбие берудің және
білім берудің жаңа моделі
2.4. Оқу тәрбие процесіндегі инновация

Қорытынды
Жетістіктер жолында
Пайдаланылған әдебиеттер

Мұғалім – мектептің жүрегі
Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-
сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам – мұғалім. Ал жаңа
заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ
баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп
жатқан өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастапды тәрбиелеп
жатқан мына біздерге, мұғалімдерге үлкен жауапкершіліктер жүктейді.
Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде Болашақта
еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін
міндет өте ауыр дегені жоғарыдағы сөзімізді айғақтай түседі. Ендеше өз
ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр
құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық мемлекеттің
гүлденуі негізгі шешуші үш фактордан тұрады. Олар мыналар:
1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі
2. Білімнің деңгейін көтеру
3. Мамандардың кәсіби білімі мен білігі
Қай республика болсын әлемдік үрдістерден тыс қала алмайды, жалпы ғаламдық
даму заңдылықтарына бағынуға мәжбүр болады, себебі, ешбір мемлекет жабық
күйде өмір сүруі мүмкін емес. Өркениет дамуынан кенже қалмау үшін жаңа
өзгерістер қажет-ақ. Осыған орай, талпыныстар біздің елімізде жүріп жатыр.
1-8 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар оқушы қолына тиіп, 12 жылдық білім
беруге көшу жөнінде сынақтар жүргізілуде, жалпы білім беру стандартына
сәйкес ұлттық бірыңғай тест қабылдау өмірге енді. Қысқасы, оқушы білімін
бағалауда талаптар күшеюде. Міне, осы жерде бұрынғы жұмыс істеу тәсіліне,
бағдарламаларға үйреніп қалған мұғалім бұл өзгерістерге даяр ма?,
Келешекте мұғалім өзіне қандай талап қою керек? деген сұрақтар туындайды.

Қазір Интернет жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде
барлық мектеп компьютерленіп жатыр. Ендеше сол компьютерлерде тек балалар
ойын ойнап, жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім
негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынса, нұр үстіне нұр болар
еді. Бұл – уақыт талабы, ғаламдану талабы.
Білімді тұлға шығару сабақ сапасынан. Сабақ дегеніміз – оқытуды
ұйымдастырудың басты формасы, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасын
ұйымдастыратын форма. Әрбір сабақ алдында игерту, дамыту, тәрбиелеу
мақсаттары тұратыны белгілі. Дұрыс қойылған мақсат мұғалім еңбегінің
мәдениеттілігінің көрсеткіші. Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу
мен дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынандай анықтама береді.
Дәстүрлі оқытуда: мұғалім сынып оқугшыларын толық қамти отырып, мұғалім мен
оқулық маңызды қызмет атқарады, оқушыларды білімге жетелейді, жауаптарында
сол мазмұнды еске сақтап, бұрмаламай айтып беру маңызды болды. Мұғалім
білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді. Ал жаңаша оқытуда: оқушы
мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана қоймай, мұғаліммен тікелей
пікірталасқа көшеді, оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды.
Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдерді де әр оқушыда әр түрлі
болады. Тапқан шешімді нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай
жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз байланыс қалыптасады,
бірлік одақта қызмет істейді.
Дәстүрлі емес оқытудың бірнеше әдіс-тәсілі бар, соның бірі – сын
тұрғыдан ойлау стратегиялары. Бұл пікірталас әдісі немесе дебат
бағдаламасы деп аталады. Мерзімді баспасөздегі деректі тарихи фактілерді
үнемі пайдалану – оқушының пәнге деген қызығуын арттырудың бірден-бір көзі.
Мұғалім өзінің пәнін жете меңгерумен қатар әрбір шәкірттің жанын түсініп,
дұрыс қалыптасуы үшін шебер тәрбиешісі болуы шарт. Ұстаздық әдеп – мұғалім
көркі. Әрбір оқушының білімін таразылар кезде шәкірт жауабын мұқият тыңдап,
қателіктерін елеусіз түсету арқылы ойын үзбей тыңдай білу де мұғалім
шеберлігі.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемелік мазмұнының
өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық
ізденістерін шыңдауын қажет етеді, оны шешудің факторы оқытудың жаңа
әдістемелік жүйелерін құру болып табылады. Осы орайда біздің мектебімізде
де әдістемелік жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Алғашқы кезекте
әдістемелік жұмыстың басты тақырыбын айқындап, ондағы туындайтын басты
мәселелерді пән бірлестіктері арқылы ұштастыру жолға қойылды.

ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесіндегі жаңаша талаптар
Қазақ халқы тәуелсіздік аоғанға дейінгі оқу-білім саласындағы қол
жеткен жетістіктерінің мақтанарлық жақтары аз емес. Осы жетістіктердің
негізінде тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ халқы бүгінде экономикалық
реформалармен қатар саяси-әлемуеттік, мәдени өмірде де, халыққа білім беру
мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында да өзгерістер мен жаңа бағыттар
қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан қазіргі ұлттық сананың жаңғырған кезінде
Отанымыздың тарихын, оның мәдени-рухани өмірін обьективтік тұрғыдан қайта
қарау қажеттілігі артып отыр.
Елбасы Н.Назарбаев халқымыздың басынан өткен қиыншылықтарды сипаттай
отырып, бүгінгі жетістіктеріміз білім мен ғылымның дамуына байланысты
екеніне назар аудара келіп, алдағы уақытқа үлкен үміт артады: Уақыт
қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне
айналып үлгереді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің
азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Ең қиын жылдар
артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне
сенемін.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында мәдени-ағарту міндеттерді жүзеге асыру
үшін Қазақстанда мәдениет пен ағарту орындары ашыла бастады. Ағарту мен
мәдениеттің жаңа ұйымы өз қызметін таптық бағытпен ағарту саласында дінге
қарсы саясатпен бастады.
Өткен ғасырдың басында Қазақ АКСР-нің құрылуына байланысты халық
ағарту коммисариаты құрылды. Бұл Қазақстанның барлық облыстарында халық
ағарту ісін жаңғыртуға қолайлы жағдай туғызды. Соның нәтижесінде 1917
жылдан бастап халық ағарту ісінде көптеген игі бет-бұрыстар жасалды.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін шаруашылқты қалпына келтіру, халықтың
әлеуметтік жағдайын көтеру, экономика мен мәдениетті ілгері дамытудағы
басты міндеттерінің бірі – жаппай сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей білім
беру болды. Бұл міндет барлық елді мекендегі халықтардың алдындағы өткір
мәселелердің бірі еді.
Азаттыққа, тең құқылыққа ұмтылған мұсылман халықтары бірігіп, 1917
жылы мамыр айында Мәскеуде Бүкілресейлік мұсылман сьезімн өткізді.
Петроградта мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұсынуымен
бүкілресейлік мұсылман сьезін өткізуге әзірлік жасау үшін қатарында Ахмет
Байтұрсынлв секілді зиялылар бар мұсылман бюросы құрылды. Осы сьезде
шеткері аймақтарға сырттан қоныс аударушылар тоқтатылсын, ұлт
аймақтарындағы мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілсін, дін істері
үкіметтен бөлінсін, Ресей ұлттық федеративтік негіздегі демократиялық
республика болсын деген мәселелер күн тәртібіне қойылды.
Қазақ жерінде аралас мектептердің ашылуы, негізінен, прогресивтік роль
атқарып, оның жеріглікті халық үшін пайдалы жақтары болғанымен қазақ
халқы үшін ана тілінде жұмыс жасайтын мектептердің қажеттігі туды.
А.Байтұрсынов қазақ мектептеріне бағдарлама, оқулық, әдістемелік
құралдардың, білікті мамандардың қажеттілігін баса айтты.

Жаңа технологияны пайдалануда мұғалімнің ролі

Қазіргі кезеңде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-
тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі,
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі –
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық
технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы
Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсетілген.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны
меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау
аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптасытру үрдісіндегі іс-
әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер
жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық
әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан
педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық
мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың
тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу
үрідісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және
сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды
игерулеріне тікелей байланысты болады.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып
табылады. Оқытудың жаңапедагогикалық технологиясын меңгеру мұғалімнен
орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет
етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа
технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері
жаңаша сипат алады. Олар мына төмендегідей:
- педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;
- оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;
- оқу модулін құрастыру;
- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар
құрастыру;
- оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар
жүйесін жасау;
- оқу әрекеттерінің бағалау көрсеткіштерін анықтау;
- жетіспейтін дидактикалық құралдарды жасау дағдысын қалыптастыру.
Педагогикалық технологияны игеруге қойылатын жаңа міндеттерді меңгеру
оқытудың ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу-тәрбие үрдісін
ұтымды әрі үйлесімді жобалап, ұйымдастырып басқаруды жүзеге асыруға тікелей
байланысты.
Жаңа педагогикалық жүйе жобасында оқытудың мазмұны, әдісі және түрі
оқушының өзіндік танымдық іс-әрекет ерекшелігін есепке алып анықтауды қажет
етеді. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жағдайындағы әдістемелік
жүйеге толықтай қойылатын жаңа талаптар анықталып отыр.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшйеген заманда ақыл-ой мүмкіндігі қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім
кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен
шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне
қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны
меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты
деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді
міндеттейді.
ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын
көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды және
телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың
қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге тигізетін
әсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім
мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта әр оқушы компьютерлік технология
арқылы интернет, электронды желі, электронды пошта арқылы дүниежүзілік
білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға,
қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық
тәжірибелерді, осы мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік
туады. Мұның өзі оқыту үрдісіндегі жаңа тенденция екенін, яғни осы негізгі
идеясы мен мақсатының өзгергенін көрсетеді.
Дистанциялық оқыту ерекшеліктерін талдай отырып, мұндай оқытудың бес
түрін көрсетуге болады.
1. Мектеп-Интернет. Оқушы мектепте жұмыс істейді, мұғалімдермен бірлесе
отырып қажетті материалдарды тауып, оны талдайды.
2. Мектеп-Интернет-Мектеп. Дистанциялық оқытудың бұл түрі бірнеше мектеп
оқушылары мен мұғалімдерін қамтиды. Оқыту білім беру жобалары бойынша
жүзеге асады. Жобалармен жұмыс істеу нәтижесінде арнайы зерттеу
тақырыптары да бөлініп шығады. Білім беру нәтижелі бола түседі, себебі
оқытудың бұл түрінде оқушылардың шығармашылығы қажет болады. Бұл оқыту
түрінде электрондық пошта жеткілікті.
3. Оқушы-Интернет-Мұғалім. Оқушы мектепте білім алады, бірақ өз
мұғалімдерімен қатар дистанттық оқытушысы да болады. Сабақ электрондық
пошта, веб-ресурстар көмегімен өткізіледі. Сабақ формасы: дистанциялық
курс, семинар, консультация. Оқытудың нәтижелілігі оқытушы бағыты мен
бағдарламаға байланысты. Дистанттық оқытушы өз оқушыларымен де, басқа
қаладағылармен де оқу жұмысын жүргізе алады. Әсіресе, оқытудың мұндай
түрі білікті мамандар жетіспейтін шалғай жердегілер үшін қолайлы.
4. Оқушы-Интернет-Орталық. Дистанциялық оқытудың бұл түрі білім берудегі
жедел оқытумен байланысты. Телебайланыс технологиясының міндеті -
оқушының жеке бағытына арналған оқыту формасын, деңгейін ескеру арқылы
оқыту жұмысын ұйымдастыру. Көп жағдайда мектепте мұндай мүмкіндік бола
бемейді, сондықтан оқушы тікелей Орталықпен байланысқа түсе алады.
Оқытудың бұл түрінде оқушы шығармашылық әлеуетін дамытып, жеке
мүмкіндіктерін тексере алады.
5. Оқушы-Интернет-Оқушы. Оқушы дистанциялық оқытуда өз мектебімен бірге
бір уақытта басқа бірнеше мектеппен байланыс жасап, білім игере алады.
Мұны таңдаулы бағыт деп есептеуге болады. Оқушы өз мүмкіндігіне,
біліктілігіне, жағдайларға байланысты оқыту формасын өзі таңдай алады.
Дистанциялық оқыту үрдісіне: дистанциялық педагог, техникалық нұсқаушы,
үйлестіруші, жергілікті үйлестіруші оқу материалын жааушы авторлар
қатысады. Кейде көрсетілген қызметті бір адам орындайды.
Дистанциялық оқыту оқушыдан жоғары мотивация мен танымдық
біліктілікті талап етеді. Сонымен қатар тәртіптілік, мәселені шешуге
бағыттылық, өзіндік қабілеттерін телебайланыста көрсете алуын талап етеді.
Дистанциялық сабақтар синхронды және асинхронды болады. Синхронды – бір
мезгілде бағдарламаны оқыту, асинхронды – оқушының бағдарламаны оқыту,
асинхронды – оқушының бағдарламаны әр түрлі уақытта, т.б. оқуы. Мұндай
мүмкіндіктер оқушылардың танымдық іс- әрекетіндегі қызметін
жетілдіруде өте маңызды.
Дистанциялық сабақтар элемет элементтері мыналар: оқу материалы,
диагностикалық материал, көрнекілік сұрақтар қою, педагогтің түсіндіруі,
пікірталас, тұжырым айту, бағалау.
Оқытудың диалогтік бөлімі басталғанша педагог студенттерді қажетті оқу
материалдарымен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. Қажетті материалдар
оқушыларға мынадай тәсілдер арқылы беріледі:
- белгілі бір жинақ түрінде пошта арқылы жібереді (дискета, аудиокассета,
видеокассета, т.б.);
- архивтен файлда электрондық пошта арқылы жіберілуі;
- дистанциялық оқу орнына тіркелген оқушыға сайт арқылы жіберілуі;
- интернет желісіне қажетті материал ретінде веб-квест түрінде
көркемделуі;
- оқушыға бір немесе бірнеше электрондық кітапханаға кіруге мүмкіндік
беруі.
Дистанттық педагог пен оқушы электрондық пошта арқылы тест, бақылау
тапсырмалары, бағалау парақтарымен алмаса алады, үй тапсырмаларын береді
және оның орындалуын қадағалайды. Телебайланыс уақытында слайдтар,
сурет,сыздбалар, т.б. көрсетеді. Сондай-ақ оқушылар көрнекі материалдарыр
бір-бірімен алмастыра алады. Оқушы өз жұмыстарын мұғалімдер мен басқа
оқушыларға ұсынады. Бұл үрдісті педагог басқарып отырады, электрондық
конференция түрінде, сондай-ақ ICQ чат немесе видеоконференция арқылы
сұрақтар береді, ол бір оқушыға, сондай-ақ барлық топқа бірден сұрақ қоя
алады. Оқытушы тақырып бойынша пікірталасты бастап, оқу міндеттеріне сәйкес
түрлі телекрнференциялар арқылы пікірталасты басқарып отырады. Пікірталас
веб-формула, e-mail – конференция, чат-пікірталас түрінде өтуі мүмкін.
Оқушы жеке не электрондық хат арқылы сұрақтар қоя алады, басқа оқушымен
байланысқа түсіп, сұрақтар бере алады. Педагог бұл үрдісті реттеп, өзінің
түсіндірмелерін енгізе алады. Видеоконференциялар арқылы оқушының берілген
сұраққа немесе мәселеге реакциясын көреді. Электрондық телебайланыста
эмоциялық жағдайды білдіретін клавиштер бар, мысалы, белгісі күлкіні; -
ренішті білдіреді. Кейбір байланытар бағдарламаларда қосымша эмоциялық
жағдайларды көрсететін құралдар бар.
Дистанттық оқытушы сабақ барысында жұмысын бағалайды, сондай-ақ үй
тапсырмалары ретінде берілген тест, шығармашылық жобаларды, т.б. тексереді.
Чат-конференция режимніде оқушының рефлексивті сипаттағы мұрақтарға жауап
беру реакциясына қарап, оның материалды игеру дәрежесін бағалайды.

Мұғалімнің шығармашылығын қалыптастыру – заман талабы

Білім саласындағы маңызды өзгерістер болашақ мұғаімдердің кәсіптік
дайындығына күрделі де нақты талаптар қойып отыр. Олар: оқытуды
демократиялық негізде ұйымдастыра білу, әр түрлі тиімді оқытудың әдіс-
тәсілдерін меңгеру. Бұл талаптарды орындау үшін оқыту үрдісіне ұжымдық
шығармашылық іс-әрекет негізіндегі сабақтар формасын енгізу тиімді болмақ.
Мұндай сабақтар қандай мақсат-міндеттерді шешеді? Біріншіден: оқушылар мен
педагогтер бірлесе отырып, оқытудың түпкі нәтижелерін көздейді. Тіпті жай
ғана көздеп қоймай, жоғары нәтижелерге жету жолдарын болжайды, іріктейді
және талдайды. Екіншіден, студенттер өзара қарым-қатынаста ой бөліеседі,
бір-бірін құрметтеуге үйренеді. Үшіншіден, атқарылған жұмыстар қоршаған
ортадағы ахуалды жақсартуға, ортақ қуаныш пен ренішке бөленуге, маңызды да
пайдалы әрекет жасауға мүмкіндік туғызады.
Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет негізінде сабақты ұйымдастыру үшін
көптеген дайындық керек. Ең алдымен, оқытушы өзі-өзіне екі маңызды сұрақты
қоюы тиіс: 1. Менің іс-әрекетімнің мақсат-міндеттері неде? 2. Іс-әрекетті
ұйымдастыруымда қандай жетістіктерге жетемін? Яғни, қандай нәтижелерді
болжауға болады?
Осы сұрақтарға байланысты ғалым-педагогтердің пікірлеріне назар
аударайық. Белгілі Қазақстан ғалымы, профессор Н.Д.Хмель мынадай тұжырымға
келген: мұғалімнің қаншалықты іс-әрекеті мақсатты әрі мазмұнды болса, оқушы
іс-әрекеттің де нәтижесі сондай болады. Егер мұғалімнің іс-әрекеті
мақсатсыз орындалған болса, онда оқушының да іс-әрекетінің нәтижесі төмен
болуы мүмкін.
Ғалым-педагогтердің пікірінше, жеке тұлға іс-әрекет негізінде
қалыптасады. Ал оқытушылардың байқауынша, іс-әрекеттің негізінде
студенттердің бойында негізгі тұлғалық және кәсіби қасиеттер қалыптасады.
Оған себепші: мұғалімнің іс-әрекетті ұйымдастырудағы рөлі және іс-әрекеттің
ұйымдастырылуы. Ұжымдық іс-әрекетті жобалағанда оның кезеңдері қалай
құрылуы мүмкін?
Осыған байланысты соңғы жылдары әр түрлі қызықты тамаша оқыту жобалары
ұсынылып жүр.
Бүгінгі күні оқушының шығармашылық жұмыспен айналысуына бағыт беру,
дамыта оқыту арқылы іс-әрекетін арттыру - өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында ұлттық және жалпы
азаматтық құндылықтар, ғылым мен өмір жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу және
адамның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін байыту міндеті көзделген.
Қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орнын бітірген мамандардың
кәсіптік міндеттерін шешу біліктілігінің, бейімділігінің толымсыз жақтары
жиі ұшырасып жатады. Осыған орай жоғары оқу орнын бітірген жас маман заман
талабынас сай білімділік пен біліктілік, психологиялық даярлық және жеке
басынң шығармашылықпен ойлау қасиеттері қалыптасуы тиіс. Аталған
қасиеттердің қалыптасуы үшін студенттердің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда
әр түрлі тапсырмалар: үй жұмыстары, ғылыми реферат жазу, зертханалық,
курстық және дипломдық жұмыстар, студенттік ғылыми-тәжірибелік үйірмелер,
ғылыми семинарлар мен конференциялар, жаңа технологияларды, алыстан оқыту
түрлерін пайдалану, ақпараттар легімен жұмыс істеу, шығармашылық сабақтар
мен іздену, т.б. Бұлардың бәрін талдау сабақтарын өткізгенде қолдануға
болады.
Болашақ мамандардың теориялық білімнің жоғары деңгйелі шығармашылыққа
ұласуы кәсіби мәдениеттілігіне, оқу жұмысы мен дәрісханадан тыс жүретін
жұмыстарға тікелей байланысты. Бұл өз кезегінде оларды тек кәсіби
мамандыққа ғана емес, қоғамшыл-педагог, азамат ретінде де даярлау жол
ашады. Әсіресе, болашақ мамандарды өз бетімен білім алудың мәнін дұрыс
түсінуге білімді жетілдіру жұмыстарының жүйелі жолдарына арналған
бағдарламамен жұмыс жасатқызу көп жәрдемдеседі. Өз бетімен білім алу
бағдарламасы, бір жағынан, студенттердің ой-өрісін кеңейтсе, екіншіден,
таңдаған мамандығынан, яғни өзін қызықтыратын ғылым саласынан білімін ұдайы
тереңдетуге жағдай жасап отырады. Мұндай өз бетімен орындалатын жұмыстың
реті ұтымды болуы бағдарламаның нақты құрылуына байланысты.
Бүгінгі таңда адамзат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Оқушымен байланыс
Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастыру
Химияда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Мектептің оқу тәрбие процесі
Оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуы
Бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктері
Педагогикалық практиканың міндеттері
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Пәндер