Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары



1. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ САЛДАРЫ.
2. ЛЕЙБОРИСТІК ҮКІМЕТ.1945 . 1951 ЖЖ.
3. КОНСЕРВАТИВТІК ҮКІМЕТТЕР. 1951 . 1964 ЖЖ.
4. Г.ВИЛЬСОННЫҢ ҮКІМЕТІ.(1964 . 1970)
5. МАРГАРЕТ ТЭТЧЕР ДӘУІРІ. КОНСЕРВАТИВТІК ҮКІМЕТТЕР.
6. ОЛЬСТЕР ДАҒДАРЫСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР.
7. ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ.
Гитлерге қарсы одақтың мүшесі ретінде Ұлыбритания соғыстан жеңімпаздар қатарында шықты. Оның адам шығындары Бірінші дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Оның үстіне Ұлыбритания өзінің сыртқы қаржы активтерінің көбінен айырылып, АҚШ пен өзінің доминиондарының борышкеріне айналды. Бұл екіжақтылық жағдайын Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер – министр У.Черчилль «Триумф және қасірет» деп атады.
Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған аралас үкіметтің құрамына лейбористтік және либералдық партиялардың өкілдері де енді. Соғыс бітісімен бұл аралас үкімет тарады да, 1945 жылы шілдеде өткен парламент сайлауында екі басты қарсыластар: консерваторлық және лейбористік партиялар арасында билік ұшін күрес қайта басталды. Әдетте олардың екеуінің бірі жеңеді. Бұл саяси маятник осы уақытқа дейін тербелуде. Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда жеңіс лейбористер жағында болды.
ЛЕЙБОРИСТТІК ҮКІМЕТ. 1945 – 1951 жж.
Лейбористер сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең бағдарламасын ұсынды.
Бұл бағдарлама «Болашаққа бетбұрыс» деп аталды. Консервативтік партияның айқын бағдарламасы болмады, олар тек Черчилльдің беделіне арқа тұтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл- күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жеңіліс тапты. Лейбористерді жақтап 12 млн. дауыс берді, олар қауымдар палатасындағы орындардың ұштен екісіне ие болды.
Лейбористік партия өз уәделерін негізінен орындады. Үкімет Ағылшын банкін, көмір және газ өнеркәсібін, электростанцияларды, телеграф пен радиобайланысын, азаматтық авиацияны, су және теміржол транспортын, ішінара қара металлургияны мемлекет қарамағына алды. Мемлекеттендіру сатып алу жолымен іске асырылды. Шаруашылықтың бұл салаларында жалдамалы жұмыскерлердің 20% - дейін жұмыс істейтін. 1946 жылы кәсіподақтарға қарсы 1927 жылы қабылданған жазалаушылық заң жойылды. 1945 – 1948 жж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ САЛДАРЫ.
ЛЕЙБОРИСТІК ҮКІМЕТ.1945 – 1951 ЖЖ.
КОНСЕРВАТИВТІК ҮКІМЕТТЕР. 1951 – 1964 ЖЖ.
Г.ВИЛЬСОННЫҢ ҮКІМЕТІ.(1964 – 1970)
МАРГАРЕТ ТЭТЧЕР ДӘУІРІ. КОНСЕРВАТИВТІК ҮКІМЕТТЕР.
ОЛЬСТЕР ДАҒДАРЫСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР.
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ.

ЕКІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ САЛДАРЫ.
Гитлерге қарсы одақтың мүшесі ретінде Ұлыбритания соғыстан
жеңімпаздар қатарында шықты. Оның адам шығындары Бірінші дүниежүзілік
соғыспен салыстырғанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше
миллиард фунт стерлингке жетті. Оның үстіне Ұлыбритания өзінің сыртқы қаржы
активтерінің көбінен айырылып, АҚШ пен өзінің доминиондарының борышкеріне
айналды. Бұл екіжақтылық жағдайын Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер
– министр У.Черчилль Триумф және қасірет деп атады.
Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған аралас үкіметтің құрамына
лейбористтік және либералдық партиялардың өкілдері де енді. Соғыс бітісімен
бұл аралас үкімет тарады да, 1945 жылы шілдеде өткен парламент сайлауында
екі басты қарсыластар: консерваторлық және лейбористік партиялар арасында
билік ұшін күрес қайта басталды. Әдетте олардың екеуінің бірі жеңеді. Бұл
саяси маятник осы уақытқа дейін тербелуде. Соғыстан кейінгі алғашқы
сайлауда жеңіс лейбористер жағында болды.
ЛЕЙБОРИСТТІК ҮКІМЕТ. 1945 – 1951 жж.
Лейбористер сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең
бағдарламасын ұсынды.
Бұл бағдарлама Болашаққа бетбұрыс деп аталды. Консервативтік
партияның айқын бағдарламасы болмады, олар тек Черчилльдің беделіне арқа
тұтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл-
күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жеңіліс тапты. Лейбористерді жақтап 12 млн.
дауыс берді, олар қауымдар палатасындағы орындардың ұштен екісіне ие болды.

Лейбористік партия өз уәделерін негізінен орындады. Үкімет Ағылшын
банкін, көмір және газ өнеркәсібін, электростанцияларды, телеграф пен
радиобайланысын, азаматтық авиацияны, су және теміржол транспортын, ішінара
қара металлургияны мемлекет қарамағына алды. Мемлекеттендіру сатып алу
жолымен іске асырылды. Шаруашылықтың бұл салаларында жалдамалы
жұмыскерлердің 20% - дейін жұмыс істейтін. 1946 жылы кәсіподақтарға қарсы
1927 жылы қабылданған жазалаушылық заң жойылды. 1945 – 1948 жж. Жұмыс
қабілетін жоғалтуға, кәсіби науқастарға байланысты жәрдем ақыларды,
қарттыққа байланысты және жесір әйелдерге зейнетақы төлеуді қамтитын
әлеуметтік қамсыздандыру мен қауіпсіздендірудің жаңа кешенді жүйесі іске
асырылды. 10 миллионнан аса жұмысшылардың жалақысы көбейтілді. Ақырында,
1948 жылы ұлттық денсаулық сақтау қызметі құрылды және тегін медициналық
қызмет көрсету жүйесі енгізіліп, дәрі – дәрмектер тегін үлестірілетін
болды. Лейбористік партия біртіндеп реформалау жолыменҰлыбритания
демократиялық социализмге өтеді деп есептеді.
Консервативтік үкіметтер. 1951 – 1964 ЖЖ.
1951 ЖЫЛЫ ҚАЗАНДА САЙЛАУДА ЖЕҢІП ШЫҚҚАН у.Черчилль тағы да үкімет
басқарды. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік құрылымды сол
күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылы сайлаудағы жеңілістен қорытынды
жасап, әл – ауқаттылық мемлекеті идеясына қолдау көрсетті.
Консервативтік партия үкімет басында 13 жыл отырды. ОЛ өзінің өзгерген
жағдайларға бейімделуге және мемлекеттік басқару мен әлеуметтік –
экономикалық саясаттың жаңа әдістерін қолдануға қабілеттілігін көрсетті.
1962 жылы теңдестірілген экономикалық дамудың Ұлттық кеңесі құрылды. 1964
жылы болған кезекті парламент сайлауы екі партияның ешқайсысына да айқын
басылымдық берген жоқ. Екеуі де 12 млн. дауыс алды, бірақ лейбористердің
бағы жанып, сәл ғана басылымдыққа ие болды.
Г.ВИЛЬСОННЫҢ ҮКІМЕТІ (1964 – 1970).Консерваторлар бастап
кеткен болашақ экономикалық жоспарлауды жасау бағытын жалғастырды.
Г.Вильсон әсіресе елдің ғылыми – техникалық мүмкіндіктерінің дамуына үміт
артты. Осы мақсатпен 1965 жылы парламент тұңғыш ұлттық
бесжылдықэкономикалық жоспарды қабылдады. Жоспарды орындау үшін Г.Вильсон
үкіметтің, бизнестің және кәсіподақтардың әрекет бірлігін қамтамасыз етуге
тиіс болды. Үкіметтің Ниеттер туралы декларация атты құжатты жалақысының
өсуі мен бағаның артуын ақылға сиымды көлемдерде шектеуді ұсынды. Бұл
саясат бағалар мен табыстар саясаты деген атақ алды. Алғашқысында
жалақының өсуін ақылға сыйымды мөлшерге шектеу ерікті түрде іске
асырылса, 1966 жылы кейін үкімет оны күштеп қатыруға кірісті. 1970 жылы
парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті.
Э.ХИТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ(1970 – 1974)
Қалай болғанда да өндірісті қатаң капиталистік жетілдіру жәнеэкономикалық
дамуды тездету бағытын іске асырды. Хиттыңтұсында Ұлыбритания ЕЭБ – ге мүше
болды. Бағалар мен табыстар саясаты бұрынғыдан да қатал нұсқада
қабылданды, баға мен жалақыны әкімшілік жолымен реттестіруші аппарат
құрылды. Өнеркәсіптегі қатынастар туралыкәсіподақтарға қарсы бағытталған
заңның консервативтік нұсқасы жарық көрді. Ол кәсіподақ қозғалысы мен
ереуілдерге қатаң шектеулер қоюды көздеген болатын. Заң қабылданды, бірақ
бүкіл ТБК пен оған кіретін кәсіподақтар оған қарсы көтерілді. Елге жаппай
ереуіл қаупі төнді, Хит баспасөз бен тоғышарлардың жұмысшыларды емес, өзін
қолдайтынына сеніп, жаңа парламент сайлауын тағайындады. Аздаған ғана
көпшілікпен 1974 жылы 28 ақпандағы сайлауда лейбористер жеңіске жетті.
Премьер – Министр Г.Вильсон басқа жоспар мен бағалар мен табыстар
саясатының жаңа нұсқасын қабылдауға мәжбүр болды. Вильсон – Каллаген
үкіметінің (1974 – 1979(саясатының негізгі желісі әлеуметтік келісім,
яғни кәсіподақтардың атынан ТБК мен үкімет арасындағы келісім жасасу болды.
Ол бойынша кәсіподақтар жалақыны арттыру туралы талаптарды қойғызбайды, ал
үкімет бағаларды ұстап тұрады және еңбекшілердің мүдделеріне жауап беретін
келісілген реформалар жүргізуге тиісті болды. Шарттың күші 1978 жылы
күзіне дейін сақталды, 12 млн. мүшесі бар ТБК съезі шартқа қарамастан,
нақты жалақының кемуіне байланысты, оны қабылдамай тастады.
Маргарет Тэтчер дәуірі. Консервативтік үкіметтер. 1979 – 1997 жж.
1979 жылы сайлауда жеңіске жетуден бұрын консервативтік партия
дағдарыстан шығудың Дұрыс жол атты бағдарламасын жасап, партияның жаңа
басшысы етіп Маргарет Тэтчерді сайлады. Консервативтік партияның
бағдарламасында дағдарыс және инфляцияға қарсы күрестің неоконсервативтік
нұсқасы жасалған болатын. Жаппай жұмыспен қамтамасыз ету, әл – ауқатты
мемлекет және бюджет дефициттігі туралы бұрынғы идеялар лақтырылып
тасталды. Экономика мен әлеуметтік саладағы жаңа саясат тэтчеризм деген
атақ алды. Біріншіден, қатаң монетарлық саясат, яғни айналымдағы ақша
көлемін шектеу, шығындарды азайту саясаты басталды, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен мақсаты
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс (1938 – 1945)
Басқа ұлттық қозғалыстардан алған үлгі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен салдары
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
Пәндер