Мұсылман құқығының пайда болуы мен дамуы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

таќырыбы: МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ

МАЗМҮНЫ

Кіріспе

І - Тарау. Ислам шығуының идеялық бастауы .

  1. Мұсылман құқығы қалыптасу тарихынан
  2. Мұсылман құқығының мәтіндері

II - Тарау. Мұсылман құқығының негізгі концепциялары.

2. 1. Мұсылман құқығына дейінгі әдет-ғұрып, салт-саналары

2. 2. Шариғат, фикх және мұсылман құқығының

қалыптасу ерекшеліктері мен негізгі концепциялары

III - Тарау. Мұсылман құқығының қазіргі құқық

жүйесіндегі орны.

3. 1. . Шығыс мемлекеттеріндегі мұсылман құқығын қолдану

тәжірбиелері.

3. 2. . Мұсьшман құқығы орта Азия және Қазақстанда.

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Түрлері діни сенімдер және философиялық-этникалық дәстүрлермен тығыз байланысты. Батыстың құқық рецепциялары мен заңи ұғымдарына елеулі түрде кедергі жасаушы Азия мен Африканың көптеген елдерді бір отбасындай болғамағанымен, бұлардың барлығы да ерекше құқықтық жүйеге біріктірілген діни және дәстүрлі тұжырымдамаға негізделген. Кейбір зерттеушілер дәстүрлі емес құқықтық жүйелерді қиыршығыстық құқық тобы, ислам құқығы және үндістік құқық деп бөледі. өзге авторлар құқық құндылығы танылған елдерді бір топқа біріктіреді, бірақ құқықтың өзі діни мен құқық араларын Батысқа қарағанда басқаша түсіндіреді. Бұған мұсылман, үндіс және яруди құқық елдері жатады. Құқық идеясы қалдырылып, қоғамдық қатынастар өзге жолмен реттелуге тиіс дегенді уағыздайтындар басқа топқа біріккен. Бұл елдер қатарына Қиыр Шығыс, Африка мен Мадагаскар мемлекеттері кіреді.

Континентальдық және англоамерикандық құқық жүйесіне енбеген азия мен Африканың көптеген елдерін сыныптауда бұлардың кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, барлық зерттеушілер олардың құқықтық жүйесі діни және құқықтық нұсқамасы бір екенін, құқық жөніндегі көптеген дау-дамайлар тәртіп нормаларының әлеуметтік мәртебесіне бағдар алған дәстүрге сәйкес шешім табатынын, мұның өзі олардың құрылымы мен ұлттық құқықтық жүйесінің үлкен айырмашылығы барын есепке ала отырып, діни-дәстүрлі құқық үйелмендеріне жатқызбақ болады.

Ислам дінінің бір тарабы болып табылатын мұсылман құқығы осы заманға әлемдегі аса ірі жүйенің бірі болып саналады, сондықтан да мұсылман елдеріндегі заңнама нормалары туралы сот парықтауы өзіндік өзгешілігімен ерекшелінеді.

Диплом жұмысы осынау күрделі мұсылман құқығының қалыптасуы мен дамуына арналған.

Қазақ халқының әлемдік жүйеде алатын өз орны бар. Өйткені қазақтар түркі тектес туыстас халықтар арасында өз ерекшелігі мен көзге түсетін мол рухани мұраларға ие.

Кешегі патшалық саясат пен кеңестік идеология қаншама жоюға ұмтылғанымен, түбірінен дінімізді жоя алған жоқ. Қазір Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді ел. Сондықтан да, тегімізге, дінімізге сіңген сол әдет-ғұрыптық құқықтарды кері итермей, қайта қоғам кәдесіне жарату көрегендік болар еді. Осы мақсатта мұсылман құқығының қалыптасу және даму тарихын қарастырдық.

Диплом жұмысы кіріспе, 3 тарау, 6 параграф, қорытынды және әдебиет тізімдерінен тұрады.

І - Тарау .

Ислам шығуының идеялық бастауы .

  1. Мұсылман құқығы қалыптасу тарихынан.

Мұсылман мемлекеті рұқсат етіп, қолдап отырған феодалдық-діни ақсүйектердің еркін білдіретін нормалар жүйесі ретінде мұсылман құқығы негізінен VI1-Х ғасырларда Араб-Халифатында қалыптасқан және ол исламға негізделеді. Адам белгілі қоғамда өмір сүре отырып, өзіндік дүние танымдық тұжырымдаманы ұстанады, әр белгілі сенімде болады. Ал ондай нанымы жоқ адамдар білермендікке, бассыздыққа ұрынады. Кейбір білімсіз имандар мен діндардың исламның негізін бұлдіріп, беделін түсіріп жүруде осындайдан. Ислам, - “Сәлем” деген сөзден шыққан. Ол “бейбіт және иман-саулық” деген ұғымды білдіреді. Амандық-есендік адамның бақытын да аңғартады. Ал бақыттың өзі оның біліміне, сенім- нанымына денсаулығына, еркіндігіне, тәрбиелігіне, шыншылдығына, жеке біреудің, әрі қоғамның сондай жағымды қасиеттеріне тікелей тәуелді екені айқын. Исламның қадір-қасиеті туралы айтқанда оның Алла нұсқаған жол екенін түсінген ләзім. Ол жолмен адамзат жүріп өтуге тиіс. Сол себепті Ислам “Ақыл, Парасат діні” деп аталады.

Алланың адамдарға қояр негізгі талаптары: білімнің, рухани және заттық дүниелердің заңдылықтарын игеру, соның негізінде шындықты танып-білу, солар арқылы өзіңді ізгі адамгершілікке үйрету, соның бәрін орындауда өзара әділеттілікті, шыдамдылықты, еңбек сүйгіштікті қамтамасыз ету.

Мінеки, ислам дінінің мүрат-мақсаты дегеніміз осындай ізгілік пен имандылық асыл қасиеттерді талмай уағыздаумен мазмүндалмақ.

Президентіміз Нүрсүлтан Назарбаевтың: “Ислам кемелі орындарын барып көру менің осы заманғы процестердегі діннің алатын орны мен қызметі жайындағы көзқарасымды өзгертуге мәжбүр етті”. 1

. . Меніңше, діннен адамдарды бір-біріне қарсы қоятын емес, бір-біріне табыстыратын бастауларды іздеген абзал (“Ғасырлар тоғысында” кітабы) деуі де тегін болмаса керек. Ислам діні - біріктіруші сипаттағы ілім. Адамдардың бір-біріне жақындастыратын, бір-бірімен табыстыратын бастаулардың тумасы. Жалпы дінді зорлық пен қудалау құралы ретінде пайдалану - Құдайлық ісі емес, ол саяси әзәзілдердің харамдық пиғылы, ықпалы. Ислам догмасына сәйкес қолданылып жүрген құқық Алладан келіп түскен. Ол оны адамзатқа өзінің өкілі Мұхаммед Пайғамбар арқылы жіберген. Мұсылман қүқығының бастауын Құраннан (бұл Алланың ғибраттарынан, сөздері мен өсиеттерінен тұратын қасиетті кітап) алады және адамның ақыл-ойы мен әлеуметтік жағдайлардың нәтижесі емес, қүдай нұсқауларының жемісі деп саналады. Алла қүқығы адамзатқа бір-ақ рет және мәңгілікке берілген, сондықтан қоғам ахуалдар мен жағдайлардың ықпалы мен өзі құқығын жасамай, осы құқықты басшылыққа алуға тиіс. Рас, мұсылман құқық доктринасы, құдай ақиқаттарын түсіндіру мен дұрыс түсіндіруді қажет етеді, ол үшін мұсылман заңгерлері ғасырлар бойы қажымай, талмай еңбек етті. Бірақ бұл күш жігер құқықты түзеуге емес, Алладан келген құқықты іс жүзінде пайдалануды бейімдеуге ғана бағытталды.

Қазіргі заманғы Батыс түсінігіндегі қүзыретті өкімет шығарған құжат ретінде заң мұсылман қүқығында болмаған. Теориялық жағынан Аллада ғана заң шығарушы билік болады, ал жер бетіндегі билеушілерде құқық шығару, заң шығару өкілеттігі болмайды. Шын мәнінде ежелгі ғалым-заңгерлердің еңбектері мұсылман қүқығының бірден-бір нақты қайнар көзі болып қызмет етеді.

Мұсылман құқығы - бұл бірыңғай исламдық әлеуметтік-нормативтік реттеу жүйесі. Ол заңдық нормаларды да, діни және адамгершілік қағидалард??? да, сондай-ақ әдет-ғұрыпты да қамтиды. 2 Мәселен, мұсылман құқығында дінге сенетін адам құранды оқуға тиіс, ол оразаны ұстауға тиіс, ол садақаны беруі тиіс және қажылық сапарға баруы қажет екенін ажыратып көрсетеді. Мұсылман қүқығы - ислам идеологиясының неғұрлым жарқын да толық бейнесі, оның негізі. Мұсылман құқығы - феодалдық қатынастардың дамуына және нығаюына мүмкіндік туғызады. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен толығып, феодалдардың мүддесін қорғады. Бұл діни тәртіп болды, ірілі-уақты шарттарын қоғамдық

өмірдің барлық жақтарында жүргізді.

Мұсылман құқығының әдебиеттегі бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман қүқығының атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының орнын анықтап берді. Давид Рене мыналарды бөліп көрсетті.

1) Романдық-германиялық құқықтық отбасы.

2) Англо-саксандық құқықтық отбасы.

3) Социалистік құқықтық отбасы.

4) Діни дәстүрлі құқықтық отбасы.

а) Мұсылмандық, ә) Иудаизм,

б) Индуизм.

Мұсылмандық құқығының дінмен байланысы, түбегейлі концепциясы және теорияның қайнар көзі арқылы басқа құқықтық отбасылардан өзгешелігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынастар реттеледі.

Бұл құқық жүйесінде феодализм дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі құқықтық діни этникалық нормалар, мазмұны жағынан әр түрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтаса отырып, біртүтас біріккен кешен түзейді.

Мұсылман құқығы мен мемлекеттің арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар. Шариғаттың барлық нормалары Құран мен сүннеттен шығады. Олар құдайдың қүдіретінен тыс болуы және принципті түрде қолданылуы мүмкін емес. Алайда, мемлекеттің дін сенімінің негізі және діни міндеттерді орындауы, адамдар арасындағы қарым-қатынасына өлшем нормалар қойды. Соңғысы құқықтық норма болып қалыптасты.

Формалды құқықты нұсқалармен таныса отырып, оның мемлекетпен қатынасына көңіл бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің заң шығаратын формалды түпнұсқалары халифаттың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана қолданылған (VII-VIII ғасырлар) . Алайда, бұл процесті тәмамдау және мұсылман құқығының одан әрі дамуына тікелей мемлекеттік пәрмен бола қойған жоқ. Мемлекет құқықтың дамуы процесінде объективті түрде ықпал жасай алмады. Мұсылман құқығының негізгі ерекшелігі оның доктриналығы, құқықтанушы беделді оқымыстылардың еңбектері. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет өзінің рөлін жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылман құқығының доктриналығымен және өнегелілігімен тұжырымдалған. Мұсылман құқығында көпшілік және құқық нормалары әрқашан тәуелсіз болып келеді. “Мұсылман ойының бағыты - деп жазды Р. Шарль, - қатаң тәртіп пен нақтылық жағдайында ешқашан тәуелді болмау”. 3

Сол кезеңдерде түсініліктілік және айқындылық принципі Батыс үшін аса маңызды болып есептеледі.

Мұсылман құқығы - дін мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі. Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана жағы. Бұл дін мыналардан тұрады:

1) теология - сенімдер жиынтығы, міне, мұсылмандар осы ұғымға сенуі керек еді;

2) Шариғат- адамгершілік жолы.

Шариғат адам баласы үшін жүзеге асуы қажет міндетті идея ретінде түзілген. Міндетін орындымаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Ислам әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды әрі теократиялық қоғамның концепциясына жетекшілік етеді. Таза құдай жолымен шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі исламға бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам- заңның діні. Мұсылман құқығы - мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағыты.

Мұсылман құқығы ғылымының 2 тарауы бар: 1) Шариғатты құрайтын тұтас бір кешенді түсініктер дәрежесі, шығу тектері; 2) Материалдық мұсылман құқығының нормасына жататын шешімдер.

Мұсылман құқығын зерттеушілер оның екі табиғи қасиетіне көңіл бөліп ислам нормасы, адамгершілік нормасы және мәдениет ережелерінің сабақтасып құқықтық алғы шарттарға әкеп соқтыратындығын белгілейді. Мұсылман құқығының шығу тегіне байланысты пікірлерге келсек, біріншіден, діни (“табиғи құдіреттілікпен”) ; екіншіден, ислам нормаларының құқықтық байланысы. Белгілі ғалымдар Мүхамад Йусуф Мұсаның, Субхи Махмасанидың пікірлері мұсылман құқығы шығу тегі бойынша діни және құқықтылығы құдайға бой ұсыну4 деп түсіндіреді.

Ислам және оның нормативтік алғы шарттарына берілген жан-жақты сипаттамаларын қорытындылай келіп, ислам дегеніміз-“сенім және мемлекет”, ал мұсьшман құқығы (фикх) дегеніміз тек қана жеке құқығы емес дін де болып табылады”5 деп көрсеткен. Сондай-ақ Й. ІПахт мұсылман қүқығына дін және мемлекет дуализмі тән деп белгілейді. 6 Р. Шарль, мұсылман құқығы - ең алдымен дін, содан кейін - мемлекет және мәдениет дейді. 7 Р. Давид, Ислам дегеніміз - заңның діні, ал мұсылман құқығы ұтымды емес, діни, құдыретті табиғаттылыққа тәуелді деп жазады. 8

Исламда “сенім және мемлекет” бірыңғай тұтастық тезиске негізделе отырып, көптеген дін мен құқықты зерттеушілер ислам діни догматикаға (теология) тән деген түжырымға келеді, мораль мәдениет ережесі және құқықтық норма бар деп қарастырсақ, бұл өзіндік орынға ие емес екінші дәрежедегі ұғым дейді. Мысалы, Абу ал-Азиз Амир мұсылман құқығын құқықтанушының көзқарасымен қарасақ діни догматиканың бір бөлігі дейді. 9 Субхи ас-Салих құдайға бой ұсыну дегеніміз бөтен құқық емес деген пікірді қолдайды, және бұл көңіл аударатындай фактордың бірі. Исламға бой ұсыну оған деген құқықты көрнеу жоғарылатады. 10 Абдал-Азиз Амир мұсылман құқығы мен діни адамгершіліктің өзара тығыз байланысына көңіл аудара отырып, мұсылман мораль нормалары құқықтың санкцияларымен толық мұсылман құқығы ең “адамгершілікті” құқығы болып табылады11 деп тұжырымдаған.

Біздің қарастырып отырған сұрақтарымызға деген ғалымдардың

көзқарастары бір-бірне ұқсас, толығымен алып қарасақ мұсылман құқығының жеке дара туындамағандығын қайталай келіп ислам дінімен сабақтасып тоғысатындығын айқындайды. Жоғарыда көрсерілген пікірлерге негізделе отырып, құқық нормалары исламда діни мәдени ережесімен сабақтасып бір-бірін толықтыратын фикханың бөліктері, Н. Торнаудың ескертуі бойынша: “ratio legis” мұсылмандардың азаматтық қаулыларында жетілмегендіктен сенімге бағынышты заң деп бір сөзбен өрнектеуге болады. 12 Шынымен де исламның діни, құқықтық алғы шарттардың өзара тығыз байланыстылығы мұсылман қүқығының діни негізінің “мұсылмандық” сипатына күмәнданбаймыз. Бұл мұсылман құқығының әрекеттенуші құқықтық нормалардың жүйесі ретінде айқындаушы реальды дерек болып табылады.

Бірінші кезекте ислам шығуының жалпыға тән нормативті шарттары туралы әңгімелейік. Мәселен, мұсылман құқығының негізгі мәтіндер ретінде исламның құқықтық емес нормаларынан құрылған Құран және Сүннат жатады. Бұлар құдайға бой ұсыну қасиетіне негізделе отырып, діни сенім, діни мәдени ереже және моральды айқындаушы ережелерден қүрылған, мұсылман құқығының мазмүнын анықтайтын нормалар жиынтығы. Ислам идеясын діни жұйе ретінде жүзеге асырғандығы бағыты оның қүрамына діни мәдени нормалардың кіруін мұсылман құқығының квинтэссэнциясы деп әділ бағалай отырып мұсылман идеологиясының айқын өрнектелген бастапқы саласы демекпіз.

Жекелеп қарастырғанда, жалпы идеологияның негізін түсіну ғана емес мұсылман құқығының құқықтық ерекшеліктері “мүдделік” концепциясы маңыздырақ және бос негізгі құндылықты қорғау құқығына бағытталған концепциясының да орны бөлек.

Исламдағы социо-нормативтік реттеушілер бірінші қағидамен тығыз байланысты, оның құқықтық алғы шартының нормативтік мазмұны мен Орта ғасырдағы мұсылман қүқығының қалыптасу ерекшеліктерінің сипаты діни мәдени “ибадат” нормасынан айрықшаланбайды. Ибадат мұсылман құқығын кең мағынада қарастырған кезде бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Сондықтан да исламның діни және құқықтық нормалары бірден-бір мәтіндерге ие болып отырып ұқсас құрылымды бір-біріне тән пәрменді әрекеттенуші тетікті.

Мұсылман құқығының барлық салаларында сенімнің негізін қорғауға бағыттала отырып, діни догмаға арқа сүйеді. Мұсылман құқық жүйесінде негізгі орынды “жеке түлғаның мәртебесі” нормаларынан құрылған сала алады. Бірақ та, қазіргі жағдайда мұсылман мемлекеттерінде мұрагерлік, өсиет, құқық қабілеттілікті шектеу мәселелерінде діни қағида қолданылмайды. Осы норма бойынша мұсылман әйелдері мұсылман еместерге түрмысқа шығуға тыйым салынады. Неке құру кезіндегі куәгерлерде мұсылман болу керек. Мұсылман азаматтық құқығы (муамалат) меншік тәртібін реттей отырып, ең жоғарғы мүліктік құқық Алланың иелігінде екенін уағыздайды. Мұсылмандық мемлекеттік құқық бойынша басқарушы тек қана мұсылман болу керек. Ел басының өкілеттілігі діни сипатта, біріншіден ислам мүддесін қорғай отырып діни міндеттемелерді орындау түрғысынан құқықтық бақылау жасайды. Мұсылман саяси құқық теориясы бойынша мұсылман мемлекетінің заң шығару билігі діни және құқық сұрақтарын жақсы білетін білікті мужтахидтың қолында.

Мұсылман мемлекетінің мақсаты исламның “мұсылмандық өмірдің қағидасын” жүзеге асыруға бағытталған теократиялық мемлекет құруда. Мысалы, шийт саяси теориясы бойынша мұсылман мемлекеті (имамат) құқықтық ғылымның пәні ретінде емес, діни догма ретінде қарастырылады. Мұсылманның процессуалдық құқығында сот лауазымында ислам діни және моральдық алғы шарттарын қатаң сақтайтын мұсылман тағайындалатын. Осы құқық бойынша куәгерге деген талап өте жоғары. Ант беру, куәгердің кінәсіздігін дәлелдеу сияқты институттар қарастырылған.

Исламда халықаралық қатынасты реттеу идеясы жалпы елдің тұрғындарын және халықты дініне байланысты екі топқа бөледі: “ислам әлемі” және “соғыс әлемі”. Мұсылман мемлекетінің сыртқы саясаты мемлекеттердің басшылыққа алып отырған дініне байланысты еді. Мұсылмандық халықаралық құқықтағы елеулі институттардың бірі жихада-исламның бойын алып қашқандармен соғыс немесе сенім-нанымсыз адамдарға қарсы соғыс жариялау. Мұсылман қылмыстық құқығы (укубат) “Алланың құқығына” қауіп төндірген соның ішінде дінін сатқандарды өлім жазасына кесетін әрекеттерді ауыр қылмысқа жатқызады. Мұсылман құқығы бойынша қандайда күнә, тіпті моральдық қате де мұсылман сотымен жазаланады.

  1. Мұсылман құқығының мәтіндері

Мұсылман құқығы ғылымында мәтіндер туралы ғылым өз ерекшелігімен айырықшалана отырып зерттелген. Жоғарыда айтып кеткендей, мұсылман зерттеушілері мұсылман қүқығының құрамындағы өзара қатысты нормаларды екі топқа бөледі. Бірінші, құқықтық алғы шартты құратын Құран мен Сүннет “құқықтың мәні бар Мұхаммедтің мінез құлқы, айтылған сөзі және мойындау туралы хадис жинақтардан” тұрады, ал екіншісі, мұсылман құқықтық доктринадан құрастырылған нормалар “иджма, қияс”.

1. Құран - ислам дінінің бас кітабы.

2. Сүннет - құдайға байланысты дәстүрлер.

3. Иджма - мұсылман қоғамының бір тұтас келісімі.

4. Қияс - ұқсас пікірлер.

Осылардың ішінен негізін қалаушы норма ретінде бірінші топтағылар жатады, соның ішінде Қүрандағы нормаларға негізделеді. Құранды мұсылман құқығының мәтіні ретінде сипаттау үшін оның діни моральдық бағытта жазылғанын айта кету керек. Құран-Алланың соңғы Пайғамбары Мұхаммедке жіберген қасиетті кітабы. Бірақ ол құқық кітабы немесе кодекс емес. Мүхаммед өз тұсында, қажет кезінде сүрелерді, аяттарды ауызекі етіп, оны тыңдаушылар сол айтылған аяттарды жаттап алып, ауыздан-ауызға, бір-бірінен таратып отырған еді. Барлық сүрелерді жатқа айтушыларда болған. Алайда олардың айтуларындағы текстердің ішінде ауытқулардың болғаны анық. Кейбір даулы мәселелерді шешуде Қүран аяттарына жүгінгенде, қарама -қайшылықты пікірлер де кездескен. Арабтардың жаулап алынған территориясы ұлғая түсуімен мұндай ауытқулар исламға аброй әкелмей, қайта арасына жік салуға, қате текстердің жол алуына душар ететіні себепті, барлық сүре жазбалары бір ізге түсіріліп, жүйеленіп, кітап етілу мақсаты бірінші кезекте тұрды. Өйткені “Алланың сөзі”- Құранды қасиетті кітапқа айналдыру қажет болды. Сондықтан да мұндай маңызды мәселеге халифтан бастап билеуші тап өкілдері тікелей араласты. Бірінші халиф Әбу Бәкірге Омар ибн әл-Хаттаб (ол да 634-644 жылдар арасында екінші халиф болған) кеңес айтып, Құранды бір ізге түсіріп, кітап етуді ұсынады. Әбу Бәкір бұл ұсынысты қабылдап, 22 жасар мәдиналық Зайд ибн Сәбитке (Зайд Мұхаммедтің өмірінің соңғы жылдарында хатшысы болған) тапсырады. Зайд сүйекке, тасқа теріге, пальма жапырақтарына жазылған Құран аяттарын жинатып алдырып, оларды салыстырып, оның үстіне жатқа айтушылардың, Мұхаммедпен бірге болып, естігендердің де айтуларына мән берді. Сөйтіп, Зайд жеке парақтарға “Алла сөзін” жазып, Құранның алғашқы редакциясын жасап шығарды. Алайда бұл жазба Әбу Бәкір мен Омар халифтар тұсында көшіріліп жазылып, көбейтілмеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мұсылман Құқығы
Араб халифаты және мұсылман құқығы
Мұсылмандық құқық
Мемлекет дамуы кезеңдері
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Араб халифатынын пайда болуы, құқығы
Араб халифаты
Құқықтық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz