Экономиканы салықтық реттеу
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ЭКОНОМИКАНЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Салық . нарық экономикасында мемлекеттік реттеудің негізгі құралының бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Салық саясатын құру және оның экономика үшін маңыздылығы ... ... ... .8
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЮДЖЕТТІК САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ІСКЕ АСУ МЕХАНИЗМІ, ОНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДЕГІ КӨРІНІСІ
2.1 Салық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты мен олардың қызмет ету механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Нарықтық тепе.теңдiктi салық саясаты арқылы реттеу ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына салық салуды ұйымдастыру (мұнай өнеркәсібі мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рол атқарады.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясаты – бюджет (мемлекеттің шығыстары) мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Макроэкономикалық реттеуде мультипликатордың іс-әрекетінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискрециялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі. Осы фискалды саясаттың негізінде мемлекет экономиканы тікелей реттеуді жүзеге асырады. Бұл саясатта салықтық реттеудің және салық салу механизмдері саясаттары арқылы реттеудің маңыздылығы зор болып табылады.
Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Осыларды ескере келе, мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудегі салық саясаты” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып, әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық реттеулердің негізгі қүралдарының бірі болып табылатын салық саясаттың маңыздылығын, оның құрылымы мен түрлерін, олардың экономикаға әсерлерін қарастыру болып табылады.

1. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
2. Худяков А.И., Наурызбаева Н.Е. Налог: понятие, элементы, установление, виды. Алматы: - ТОО Баспа, 1998 – 160с.
3. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
4. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
5. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика. - 2003. – 432 бет.
6. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика: Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М.: Дело. 2002. – 472 с.
7. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.–527с.
8. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
9. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
10. А.Исаева «Мемлекеттің дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері» // Қаржы-Қаражат, 2006, №6, 22-25 стр.
11. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г.
12. «Қазақстан – 2030 Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде» // Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 28 ақпан, 2007 жыл.
13. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

ЖОСПАР
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ЭКОНОМИКАНЫ САЛЫҚТЫҚ
РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...4
1. Салық – нарық экономикасында мемлекеттік реттеудің негізгі құралының
бірі

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Салық саясатын құру және оның экономика үшін маңыздылығы ... ... ... .8
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЮДЖЕТТІК САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ІСКЕ АСУ МЕХАНИЗМІ, ОНЫҢ ҚЫСҚА
ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДЕГІ КӨРІНІСІ
1. Салық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты мен олардың
қызмет ету механизмі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 11
2. Нарықтық тепе-теңдiктi салық саясаты арқылы реттеу
... ... ... ... ... ... 16
3. Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына салық салуды ұйымдастыру (мұнай
өнеркәсібі мысалында)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
КIРIСПЕ
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық
салу механизмi зор рол атқарады.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясаты – бюджет
(мемлекеттің шығыстары) мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық
табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы
мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Макроэкономикалық реттеуде мультипликатордың іс-әрекетінің жоғарыда
баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына
қарай дискрециялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау
кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі. Осы фискалды саясаттың
негізінде мемлекет экономиканы тікелей реттеуді жүзеге асырады. Бұл
саясатта салықтық реттеудің және салық салу механизмдері саясаттары арқылы
реттеудің маңыздылығы зор болып табылады.
Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк
саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-
экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн
терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту
мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi
мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Осыларды ескере келе, мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ұлттық
экономиканы мемлекеттік реттеудегі салық саясаты” деп алдым. Бұл
тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі нарықтық
қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып, әлемдегі
жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық реттеулердің
негізгі қүралдарының бірі болып табылатын салық саясаттың маңыздылығын,
оның құрылымы мен түрлерін, олардың экономикаға әсерлерін қарастыру болып
табылады.
Бұл тақырыпты орындаудағы мiндеттерiм келесiдей:
• Салықтың жалпы экономикалық мәнiн ашу;
• Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету;
• Фискалдық саясаттың түрлерін талдау;
• Қысқа және ұзақ мерзімдегі салық саясатының іске асу механизмін
анықтау;
• Фискалды саясаттың түрлеріне және іске асу формасына байланысты
олардың экоеномикаға тигізер әсерлерін атап өту;
• Фискалды саясаттың негізгі құралы болып табылатын салықтардың нарық
тепе-теңдігіне, макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін талдау.
І-бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1.1 Салық – нарық экономикасында мемлекеттік реттеудің негізгі
құралының бірі
Салық барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен
саяси iс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi –
ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық тетiгi, мемлекеттiң кiрiстерiн
және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан алғанда салықтар – бұл мемлекет бiржақты
тәртiппен белгiленген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке
төленетiн, қайтарусыз және баламсыз сипаттағы ақшалай және заттай мiндеттi
төлемдер.
Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет
құрылымының өзгеруi , өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен
және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
“Салық” ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi
қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы
бюджет қорына белгiлi бiр көлемежәне белгiлi бiр уақытта түсетiн мiндеттi
төлем ретiнде қарастырылады.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық-әлеуметтiк
маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей
қызметтерi бар:
• Фискалдық;
• Рететушiлiк;
• Бақылаушылық.
Салықтардың бiрiншi қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп
аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi
құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар
мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери,
қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын
қамтамасыз еетдi.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер –
салықтар.
Салықтар дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде түсетiн мiндеттi төлемдер болып
табылады. Салықтар – шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екi арадағы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржы көздерiн
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипатайтын экономикалық
категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада:
• Бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық
табысының қалыптасуындағықаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн көрсетедi.
• Екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының
белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық
қатынастарын көрсетедi.
Салықтар жалпы шығу тегi мемлекеттердiң пайда болуымен қатар өмiр
сүруi мен дамуының негiзгi қаржылық көзi болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруi, оның құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады. әрбiр
мемлекетке өзiнiң iшкi және сяртқы саясатын жүргiзу үшiн белгiлi бiр
деңгейде қаржының көздерi керек екенi белгiлi. Ал салықтар болса осы
мемлекет қаржысының негiзгi қайнар көзi. Мемлекет салықтарды экономиканы
дамытуға, ынталндаруға және экономиканың маңызды, дамуды қажет ететiн
салаларына қолдау құралы ретiнде пайдаланылады.
Осы салық салуға байланысты әр дәуiрде мемлекет қайраткерлерi.
Экономистер, философтар, аңгерлер көптеген еңбектер жазған. Мысалы,
Ф.Аквинский “Салықтарды ұрлаудың рұқсат етiлген нысаны” ретiңде анықтаса,
салық салу теориясының негiзiн салушылардың бiрi А.Смит “Салық төлеушiлер
құлшылықтың белгiсi емес, бостандықтың белгiсi” деп тұжырымдаған.
Салықтардың екiншi маңызды қызметi ол реттеушiлiк қызмет. Реттеушiлiк
қызметi салық механизмi арқылы iске асырылады. Оның iшiндегi негiзгi
тетiктер салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерi. Салықтық реттеудiң
тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қойиай, сонымен қатар ақша
және баға саясаты, шетелдiк инвесторларды ынталандыру, шағын және орта
кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау шаралары, мемлекттiк маңызы бар өндiрiстер
мен өнеркәсiп салаларын қолдау мақсатында қажет болып табылады. Әрине
салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшiн олардың басқа да
экономикалық құралдармен және саясаттармен тығыз байланыста болуы қажет.
Салық мөлшерiн көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары
деңгейде белгiлеу өндiрiстiң тоқтауына, өндiрушi кәсiпкердiң өз iсiне деген
ынтасын жоғалтуына және көлеңкелi экономиканың дамуына әкеледi. Мысалы,
әлемдiк тәжiрибе бойынша табыс салығын салғанда салық ставкасының деңгейi
35-40 пайыздан аспауы қажет.
Салық механизмiмiн, оның iшiнде салық ставкаларының деңгейiн
зерттеген ғалымдардың тұжырымдароы мынаны дәлелдейдi:
• Егер төленетiн салық мөлшерi салық төлеушi табысының 50%-нан асып
кетсе, онда ол өндiрiстiң тоқтап қалуыа әкелiп соқтырады. Себебi,
рыноктағы кәсiпорындар өздерiнiң өндiрiс шығындарын жаба алмай
қалады.
• Ешер салық мөлешi салық төлеушi табысының 45-50%-ы аралығында болса,
онда жай ұдайы өндiрiске әкеледi.
• Егер салық мөлшерi салық төлеушi табысының 35-40%-ы мөлшерi
аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндiрiске әкеледi.
Салық салудың әдiстерi мен жолдары, салық салудың негiзгi қағидалары,
салық салуды ұйымдастырут салық механизмiне жатады.
Салық механизмiнде өзара байланысты элементтерден тұратын нұсқаулық
қолданылады. Оны келесi суреттен көре аламыз:
Сурет-1 – Салық механизмiнiң элементтерi
Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығының қазiргi кездегi
ставкасы 30%, а ауылшаруашылығындағы өндiрiс оырндары үшiн ол шама 10% ғана
болып отыр.
Шаруашылық субъектiлер мен халықтар табысының бiр бөлiгiн мемлекеттiң
орталықтандырылған қаржы көздерiне айналдыру салықтардың ұдайы өндiрiстегi
қызметiн көрсетедi.
Бұл қызметтiң iс-әрекетiнiң көлемiн жалпы iшкi өнiмдегi салықтардың
алатын үлес салмағы арқылы көруге болады. Соңғы жылдардағы мәлiметтер
бойынша Қазақстанның ЖIӨ-гi салықтардың үлес салмағы 20% шамасында болып
отыр.
Салықтардың экономикадағы келесi негiзгi қызметi ол бақылаушылық
қызметi, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметi арқылы
салық механизмiнiң қызмет етуiнiң тиiмдiлiгi бағаланады, қаржы
ресурстарының қимылына баылау iсi жүргiзiледi, салық жүйесi мен бюджет
саясатының жетiлдiру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиiмдi
жргiзу арқылы салықтық тәртiптi қатаң сақтау, салық төлеушiлердiң заңға
сәйкес төлейтiн салықтары мен алымдарын толық және уақтылы бюджетке төлеп
отыруы қамтамасыз етiледi.
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгiсiне қарай салықтар жалпы және
арнайы болып бөлiнедi.
Жалпы салықтар бюджетке тскен соң, жалпы мақсаттарға жұмсалады. Оған
коммерциялық табыс салығы және қосылған құнға салынатын салық жатады.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгiленген нақты
шараларға жұмсалады. Мысалы, көлiк құраладыона салынатын салық жол қорын
құруға жұмсалады. Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттiк
және жергiлiктi болып бөлiнедi.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушiнiң кез келген салық
салынатын объектiсiнен түсетiн табысынан алынады.
Тұтынуға салынатын салық салық төлеушi тауар немесе қызмет құнын
төлеген кезде төлейдi. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер
жатады.
Салықты алатын және оған билiк жасайтын органдарға байланысты әдетте
мемлекеттiк және жергiлiктi салықтар ажыратылады.
Объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша табысқа салынатын салықтар
және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлiнедi. Табысқа салынатыны
салықтар - төлеушiнiң салық салынатын кез-келген объектiден алған
табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын табыстар - бұл тауарлар мен
қызметтердi тұтыну кезiнде төленетiн шығынға салынатын салықтар.
1.2 Салық саясатын құру және оның экономика үшін маңыздылығы

кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды
қарастырады:
• Мемлекет шығыстарының көбеюі;
• Салықтардың төмендеуі;
• Мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып
фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарланған болуы
тиіс. Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық
саясат кері бағыттарды қамтиды:
• Мемлекет шығыстарының азаюы;
• Салықтардың көбеюі;
• Осы аталған бағыттардың үйлесуі.
Дискрециялық емес фискалдық саясат акценттті нарықтық өзін-өзі
реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет
етеді.
Дискрециялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме
тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда
экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық
өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды
шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық
өсуді тежейді. Құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын
жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. Келесі 2-ші суреттен
мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезінде бұл
өзгерістер салықтардың өзгерісі ( Т сызығы) көрсетілген:
Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет
тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу
фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады,
бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі
инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын
бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Т
G+Т Тапшылық Артықшылық
G
0 Q1 Q2 Q3
Cурет-2 – Экономикаға салық өзгерісінің жалпы әсері
Тәжірибеде тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша
факторлардың әсерін бастан кешіреді:
1. Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы;
2. Ығыстыру әрекетінің іс әрекеттілігі, бұл ақша нарығында пайыздық
мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде
жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді.
3. Сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың
инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею
әсерін төмендетеді;
4. ашық экономикада ұлттық өндірістің жиынтық шығыстардың элементі
ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары
өзгерісінің ықпалын басынан кешіреді.
Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған
факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар
мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз
қалаушы факторы ретінде болып көрінеді: мемлекет жиынтық сұранымды
ынталандыруға мүмкіндік түғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына
ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың деңгейін көтереді.
Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:
• бюджет тапшылығын қысқарту;
• тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;
• шектеулі ақша – несие саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі
мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін
өсіру;
• бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету,
экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын
көтермелеу;
• төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;
Бірақ бұларды іске асыру үшін келесі шараларды орындау керек:
1. ақша массасына бағдарланған жоғары икемділік;
2. дүниежүзілік бағаларға ішкі бағалардың икемділігі;
3. бағалардың қозғалысының тауарлар қозғалысынан жоғары икемділігі;
4. экономикалық ресурстардың едәуір өздерін алмастырушылығы.
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі
бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік үлгі) және ұсынымға (ұсыным
теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным
артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни
иняфляцияның қарқыны тездейді.
Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді,
өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті
инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп,
еңбекке деген ынтаны арттырады, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді,
бұл ұлттық өнімнің жалпы түрде өсуін, бағалардың төмендеуін қамтамасыз
етеді.
Мұнан басқа ұсыным экономикасының теориясы салықтардың аса төмен
мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті
еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту – ұлттық өндіріс пен табыстың
көбеюі және көлеңкелі экономиканың азаюы есебінен салықтық түсімдердің
өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі
ретінде салық салудың үдемелігі және бюджет кірістері арасындағы тәуелділік
қызмет атқарады.
ІІ-бөлім. МЕМЛЕКЕТТІҢ БЮДЖЕТТІК САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ІСКЕ АСУ МЕХАНИЗМІ, ОНЫҢ
ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДЕГІ КӨРІНІСІ
2.1 Салық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты мен олардың қызмет
ету механизмі
Қоғамдық шаруашылықта мемлекеттiң өмiр сүруiнiң негiзi бұл салық
болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке әсерiнiң бiрi
ол салықтық реттеу болып табылады. Мемлекеттiң салық саясаты бұл нарықта
ресурстарды көбейту, қоғамдық мақсаттарға бағытталған қызметтерге жұмсалады
Мемлекеттiң экономикаға әсер етуi салық салу құралдары арқылы
жүргiзiледi. Мемлекеттiк шығындар мемлекеттiк бюджеттiң қаржыларын
пайдалану нәтижесiнде мүмкiн болады, ал салық бюджеттi қаржымен қамтамасыз
ететiн бiрден-бiр құрал.
Салық төлемi (Т), мемлекеттiк шығындар (G) және жоспарланған
инвестиция I-дiң белгiлi бiр деңгейiнде тепе-теңдiк өнiм көлемi Y
қалыптасқанын кейнс кресi көрсетедi.
Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда тепе-теңдiк жағдай
қалыптаса бередi. Сондықтан пайда болған үзiлiстi жою үшiн, экономиканы
мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетiн
салық төлемi мен мемлекеттiк шығындар көлемiнiң өзгеруi арқылы жүзеге
асырылады.
Бюджет-салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттiк
бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн реттеу
мақсатында үкiмет тарапынан жүргiзiлетiн шаралар. Бұл шаралар жұмыспен
толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдiгiн және экономиканың өсуiн
қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Өз кезегінде фискалдық саясат экономиканы мемлекеттік қай жағына
қарай реттеуіне байланысты екі түрге бөлінеді: ынталандырушы және тежеуші
салық саясаты. Бұл саясаттар бір мезгілде экономиканың әр салаларында әр
түрлі қолданыс табуы да мүмкін.
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) – бұл саясат
қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды.
Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн
төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзег
асырылады.
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде салықты төмендету саясаты өндiрiс
факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттiң өсуiне алып
келуi мүмкiн. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенi салық салық
реформасының жүргiзiлуiне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы
Ұлттық банк жүргiзетiн тежеушi ақша-несие саясатымен және мемлекеттiк
шығындардың құрылымынын оңтайландырумен байланысты.
Тежеуші бюджеттiк-салық саясаты (қазыналық шектеу) - экономикдағы
циклдiк өсудi тежеу мақсатын көздейдi. Бұл саясатты жүзеге асыру үшiн,
мемлекеттiк шығындар төмендеп, салық мөлшерi жоғарылайды немесе
бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзiмдiк
кезеңде бұл шаралардың нәтижесiнде, өндiрiстiң құлдырауы мен жұмысссыздық
деңгейiнiң өсуi салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкiндiк
бередi.
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде өспелi салық “сынасы” жиынтық ұсыныстың
төмендеуiне және құлдыраушылық механизмiн ашуға негiз болуы мүмкiн. Бұл
құбылыс әсiресе төменднгi жағдайларда кездеседi: мемлекеттiк шығындардың
азаюы бюджеттiң барлық баптарында пропорционалды қысқартып, жүзеге асырылып
отырса және еңбек рыногының инфрақұрылымына мемлекекттiк инвестиция
берiлуiнде басымдылық болмаса.
Қысқа мерзімдік кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттің, салықтың
және мемлекеттің шығындарының мультипликаторы әсіремен байланысты болады.
Мемлекеттік шығындарының өсуімен салыстырғанда салық мөлшерінің
азаюынан мультипликаторлық әсер әлсіздеу. Бұл салықтың өзгерісімен
салыстырғанда мемлекеттік шығындардың табыстың көлеміне және тұтынуға
әсерінің күштілігімен байланысты болады. Бұл айырмашылық қазыналық саясат
құралдарын таңдағанда анықтаушы, негізгі болып есептеледі.
Егер де қазыналық саясат экономикадағы мемлекеттік секторды кеңейту
мақсатын көздесе, онда циклдық құлдырауды тоқтату үшін мемлекеттік шығын
өседі, бұл құбылыс күшті ынталандырушы әсер етеді.
Ал инфляцияның көтерілуін тежеу үшін салық мөлшері өседі. Бұл құбылыс
салыстырмалы жұмсақ тежеуші шара болып есептеледі. Егер де қазыналық саясат
мемлекеттік секторды тежеуге бағытталса, онда циклдық құлдырау кезеңінде
салық төмендейді. Бұл жағдай салыстырмалы аз ынталандырушы әсер береді. Ал
циклдық көтерілу кезеңінде мемлекеттік шығындар төмендейді, бұл инфляция
деңгейін тез төмендетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттiк шығындарды тиiмсiз басқарумен қатар уақытқа созылған
құлдыраушылық экономикалық әлуеттiң бұзылуына әсерiн тигiзедi. Мұндай
жағдай экономиканың өтпелi кезеңiнде жиi кездеседi.
Қысқа мерзiмдiк кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттiң,
салықтың және мемлекеттiк шығындардың мультипликаторы әсерiмен байланысты
болады.
Мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн көру үшiн кейнс кресiн
пайдаланамыз. Мемлекеттiк шығындар жиынтық шығындардың құрауышы болып
табылады, олардың өсуi жоспарланған шығындарды да өсiредi.
Дискрециялық фискалдық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша
салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың
көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын,
инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге
бағытталған.
Мемлекеттің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен
байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық
салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға
түседі.
Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдық
тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі.
Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне
түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуін)
дискрециялық емес саясат қарастырады.
Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық
түсімі – бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан
берілетін трансферттердің арасындағы айырма.
Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық
ұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре
отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық
құрылады. Экономикалық өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет
артықшылығы құрылады.
Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен байланысты
болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз
мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.
Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және
тапшылығы дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме
тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.
Кіріктірме тұрақтандырғыш – мемлекеттің экономикалық саясатын жиі
өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын
төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Дамыған мемлекеттерде
мұндай тұарқтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер
жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі.
Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы дискрециялық қазыналық
саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы
қарағанда әлсіретеді, өйткені бұл механизмдер заң органдарының қатысуынсыз
жүзеге асады.
Фискалдық саясаттың қысқа және зақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін
таңдау күрделі макроэкономикалық проблема. Бұл мәселені шешу дамыған
мемлекеттерде болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын екені белгілі.
Сондықтан экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде
ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін мемлекеттің фискалдық
дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі.
Ресурстармен толық қамтылу деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі және
әлуетті өнім көлемін анықтаудың қиындығы салдарынан мемлекеттік бюджеттің
құрылымдық тапшылығын есептеу қиынға түседі. Бұл қиындық дамыған
мемлекеттер мен жаңа дамып келе жатқан мемлекеттер үшін бірдей болып
табылады. Сонымен қатар, ұзақ мерзімдік қазыналық саясаттың тиімділігін
бағалайтын құрал ретінде макроэкономикалық индикаторлардың динамикасы негіз
болады.
Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік
трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған
қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болытын жағдайлар пайда болады.
Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде
болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күщеюіне әкелетіндіктен, онда
қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі жиынтық шығындардың
және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше бюджет тапшылығын
тыйым салу артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық
дүрлігісті ұстап тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
1. ақша-несие эмиссиясы;
2. займ шығару;
3. мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту мәселесі бюджет тапшылығын
қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді
салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын
кеңейту мүмкін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz