Негізгі құралдар есебі туралы
Кіріспе 3
1 Негізгі құралдарды жіктеу 4
2 Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның
аналитикалық есебін ұйымдастыру 7
3 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері 10
4 Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу 12
5 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі 18
6 Негізгі құралдарды жалға алудың есебі 21
7 Негізгі құралдарды есептен шығару. Жиынтық есеп 24
8 Негізгі құралдарды түгендеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу 26
Қорытынды 29
Қолданған әдебиеттер тізімі 30

Өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіруге арналған және өндірілген жаңа өнімдер үшін жұмсалған щығындар құрамына өзінің бастапқы құнын амортизация түрінде біртіндеп беріп отыратын активтерді – негізгі құралдар деп атаймыз. Бұларға: ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, күш беруші құралдар, өлшеу мен реттеу аспаптары, көлік құралдары, жер учаскелері жатады.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал- жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субькт үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі 6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субьектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық обьектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын обьектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

1. В.К. Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт. «Print-S» баспасы: Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002, 37-84 бб.
2. С.Б. Баймуханова, Ә.Ж. Балапанова. «Қазақ университеті» баспасы: Бухгалтерлік есеп, оқу құралы. Алматы,2003, 79-124бб
3. Ә.Әбдіманапов: Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. Алмыты, 2006, 371-375 бб.
4. Қ.Қ.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, А.Ә.Жантаева, Н.А.Құдайбергенов: Қаржылық есеп. Алматы,2002.
5. Байболтаева Н.Ә, Әлібекова Б.А, Өтешова Э.Е, Әмірешова А:Н, Қуанышова Ғ.М: Бухгалтерлік есеп принциптері.Алматы,2002
6. Қалғұлова Р.Ж.: Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп. Алматы, 2005;
7. ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие: Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру. 26.12.95.
8. Нидяз Б, Андерсон Х, Колдуэлл: Принципы бухгалтерского учета. Финансы и статистика, 1993;
9. З.Л. Назарова: Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп (оқулық). Экономика, 2005
10. Э.О.Нурсеитов: Бухгалтерский учет в организациях. Алматы, 2005
11. Самоучитель по бухучету и налогооблажению. Издательский дом «БИКО», 2004 г.

Мазмұны
Кіріспе 3
1. Негізгі құралдарды жіктеу 4
2. Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның
аналитикалық есебін ұйымдастыру 7
3. Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
10
4. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу 12
5. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі 18
6. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі 21
7. Негізгі құралдарды есептен шығару. Жиынтық есеп 24
8. Негізгі құралдарды түгендеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
26
Қорытынды 29
Қолданған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы
кезеңдерде табыс келтіруге арналған және өндірілген жаңа өнімдер үшін
жұмсалған щығындар құрамына өзінің бастапқы құнын амортизация түрінде
біртіндеп беріп отыратын активтерді – негізгі құралдар деп атаймыз.
Бұларға: ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, күш беруші
құралдар, өлшеу мен реттеу аспаптары, көлік құралдары, жер учаскелері
жатады.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал- жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл
арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған
бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып
алған субькт үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды
келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі 6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы
стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субьектіге жататын меншік
құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық обьектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.
Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін
дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
обьектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т.б.) әсер ету жүзеге
асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік
құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш – қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған.
1 Негізгі құралдарды жіктеу
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікте және жалға алынған болып
бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субьектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субьектіден алынған негізгі құралдар жалға алынған негізгі құралдар болып
саналады.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар әрекет етіп тұрғандар
болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе
басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-
жабдықтар. Қолда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
обьектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге
болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік
еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан
басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер
учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі
құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Әр субьектіге негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; ғимараттар;
өткізгіш тетіктер; машиналар мен құрал-жабдықтар; күш беретін машиналар
және жабдықтар; жұмысшы машыналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу
аспаптары және қондырғылар мен лабороториялық жабдықтар; есептеу техникасы;
басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік
мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп
жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да
негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер – субьект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік обьекті болып
саналады;
үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге
жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-
құрылыс обьектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік обьект болып табылады;
ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік-құрылыс обьектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір,
автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар жеке ғимарат мүліктік обьект болып
табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) – электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына
дейін, қабылдау подстанцияларынан трансформатор жайына дейін мүліктік
обьекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы
машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен
лабороториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік обьектінің
бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті
заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік обьекті
болып саналады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған
күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы,
обьектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда
бірінші кезекте пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы
мүмкін.
Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік және қаржылық есеп беруде көрсетілген
жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негігі құралдардың бастапқы
немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құн – бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын
тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына
мүмкіндік беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің,
металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және жою
құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субьектінің
шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары
пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға
сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
Негізгі құралдарудың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп
түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық
рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетілуін; олардың
материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды
пайдалануын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен
тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация
сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын
анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің
тиімділігін; негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде
жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату
және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз
етуі керек.
2 Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық
есебін ұйымдастыру
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді,
құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан;
өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; басқа субьектілер мен жеке
тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; обьектілерді
ұзақ мрзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп
түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен
рәсімделеді:
- негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар
құрамына жекелеген обьектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген
заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс
жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін;
негізгі құрал –жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын
ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан
пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да
субьектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың
құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субьект жетекшісінің
өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген обьектіге бір
данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше обьектісін қабылдау-
тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның,
жабдықтардың және т.б. обьектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл
обьектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде
қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы обьектіге
қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас
бухгалтер қол қойып, субьект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар
бекітеді.
Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету
мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық
жүргізуші субьекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың
техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал
болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субектінің есептік
саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп
жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%–ке
дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін
актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және
тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал
екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және
қабылдаушы субьектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субьектіге сату кезінде актінің үш данасы
жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субьектіге қалады (онда бірінші дана
негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі –
есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды
қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға
арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір
типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен обьектіні мтериалдық жауапты адамға бекітіп,
мүліктік карточка ашады, обьектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп мүлікті
Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.
Мүліктік карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдардың
актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде
толтырылады. Карточкада обьектілердің және олардың жекелеген құрылымдық
элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол
техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа
субьектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға,
сондай-ақ негізгі құрал обьектілерінің субьект ішінде орын ауыстыруы
кезінде Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, ескіру және тозу
салдарынан негізгі құралдың обьектілерін есептен шығаруға Негізгі құралдар
обьектілерін есептен шығару актісі негіз бола алады. Құрылысы салынып
біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен обьектілер туралы
жазбаларды карточкаға жазу үшін Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған
обьектілерді қабылдау-тапсыру актілері негізінде жазылады.
Бухгалтериядағы толтырылған Мүлікті карточкалардың негізінде негізгі
құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге
тіркейді, ол негізгі құралдардың жіктемесі тбойынша бір данада жасалады.
Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейін негізгі құралдарды
жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде – қолдану орындары
мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері бойынша
көрсетіледі.
Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: Қолданыстағы негізгі
құралдар, сондай-ақ Ағымдағы айда келіп түскені, Ағымдағы айда шығып
кеткені, Ішкі орын ауыстырғандағы, Жөндеудегі, Қордағы, Тоқтап
тұрғаны, Жалға берілген негізгі құралдар, Ұзақ мерзімге жалға берілген
негізгі құралдар, Жалға алынған негізгі құралдар, Архив.
Ай ішінде Түскендері, Есептен шыққандары және Ішкі орын
ауыстырғандары бөлімдерінің карточкалары 12-Негізгі құралдар
бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен салыстырғаннан кейін,
картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден
немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап тұруы біткеннен кейін,
қордан қолданысқа өткізілгеннен кейін, т.с.с. кейін бұл обьектілердің
карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне салынады. Шығып кеткен негізгі
құралдар бойынша картотекаларды Архив бөлімшесіне орналастырады.
Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының
дұрыс есептелінуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді.
Субьектінің материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың
барлығы бөлімдер бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімдемелеріне
енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда сақталады және жедел
мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны туралы тізімдердегі
және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану орны
бойынша негізгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан
жазылап алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның
карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі
мәліметтермен бірдей болулары керек.
3 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің
ерекшеліктері
Жерді тұрақты пайдалану құқығы мен жерді меншік құқығы ретінде есепке
алу. Қазақстан Республикасының Жер туралы заңына сәйкес жер территориялық
кеңістік болып саналады, оның шегінде Қазақстан Республикасының
суверенитеті, табиғи ресурстары, жалпыға бірдей өндіріс процесі және
территориялық негіздегі кез келген еңбек процнсі белгіленген. Жер өндіріс
процесі ретінде еңбек процесінің және экономиканың бірқатар саласының, атап
айтқанда, ауыл және орман шаруашылығының қажетті материалдық алғы шарты
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның
қойнауындағы қазба байлықтар, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи
ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. Сондай-ақ, бекітілген заңдар
негізінде, шарттар мен шектеулерге байланысты жер жеке меншікке берілуі
мүмкін.
Қазақстан Республикасында жердің мемлекеттік те, жеке меншік те түрлері
бірдей қорғалып және танылады. Кез келген меншік иесі заңға қайшы келмейтін
кез келген мәмілені жасауына болады.
Мемлекет меншігіндегі жерден оның учаскелерін:
- сатуға немесе жеке меншікке тегін пайдалануына;
- тұрақты немесе уақытша пайдалануына;
- заң актілерінде қаралған шарттары бойынша жерге деген құқын
сатуға болады.
Жерді пайдалану құқы – мемлекет меншігіндегі тұрған жер учаскелерін
тұлғалар ұзақ немесе белгілі бір мерзімге, немесе тегін пайдалануына құқығы
бар. Жерді пайдалану құқығы: мемлекеттік органдарының актісінің, азаматтық-
құқықтық мәміленің және басқа да заңмен қарастырылған кезінде пайда болады.
Өкілетті органдардың беретін жер учаскелеріне құқын куәландыратын
құжаттар болып:
- жерді тұрақты және жер учаскелерін жеке меншікке пайдаланған
кезде жерді тұрақты пайдалану құқын және жер учаскелерін
меншікке беру құқын растайтын актісі;
- жерді уақытша пайдалануға құны бойынша беру – жер учаскелерін
жалға беру туралы келісім-шарты;
- жерді уақытша тегін беру – жерді тегін беру туралы келісім-
шарты.
Жерді уақытша пайдалануға құқығы мынадай мемлекеттік жер
пайдаланушыларға беріледі:
- ғимараттарға, кондоминиум (қозғалмайтын мүлікке бірыңғай
мүліктік кешен ретіндегі меншіктің ерекше формасы)
обьектілеріндегі үй-жайларға иелік ететін заңды тұлғаға;
- ауыл және орман шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғаға;
- жердің пайдалануын айрықша табиғи аймақтарын қорғайтын заңды
тұлғаға;
- заң актілерімен қарастырылған, басқа да жағдайларда.
Жерді қысқа мерзімді пайдалану үшін 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді
пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейін алады. Жерді қысқа мерзімге
пайдалану үшін оның пайдалану мақсаты көрсетіледі.
Жерді басқа да құралдармен салыстырғандағы айырмашылығы – шаруашылық
айналыстағы жержің тұтыну құны ұтымды пайдаланған кезде тез азайып қана
қоймай, сонымен қатар, жақсара түседі. Осыған байланысты жер
амортизацияланбайтын болып саналады. Жерді пайдаланушылар мемлекетке жер
үшін төлем төлейді. Жеке меншікке немесе жалға берілетін жерлердің төлем
мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 16 маусымдағы №210-
10 заңымен бекітілген.
Жер телімінің нақты бағалау құнын жеке меншікке берілетін жерлер үшін
белгіленген базалық мөлшерлемеге сәйкес, өкілеттілігі бар органдар
анықтайды. Елді мекендердің сыртындағы жер учаскелерін бағалау үшін жер
үшін төленетін базалық мөлшерлеменің 10% алады.
Әрбір кәсіпорын жердің оперативтік және бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Әрбір жер телімі бойынша негізгі құралдарды есептеудің мүліктік
карточкалары ашылып, жердің аналитикалық есебі жүргізіледі.
Карточкалар Жер теліміне құқығын беру, жерді тұрақты пайдалану құқығы
туралы Актілерінің негізінде толтырылады. Карточкада: жер телімінің реттік
нөмірі (код); жерді пайдаланушы (толық мекен-жайы); жер телімінің аумағы;
жер телімінің пайдалану мақсаты; пайдаланудағы шектеулер және жер телімінің
ауыртпашылығы; жер телімінің бөліну мүмкіндігі; Жер теліміне меншік
құқығын беру, жерді тұрақты пайдалану актісінің берілу негізі және басқа
да мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Карточкада, сондай-ақ жер
телімінің шектесетіндері (аталған телімі кімдердің жерімен шектесіп жатыр);
құнарлылық түрлері, топырақ типтері мен тип тармақтары; жер ақысына түзету
коэффициенті; жер телімі және бағалау құны және жерді пайдаланушының ырқы
бойынша басқа да мәліметтер көрсетіледі.
4 Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу
Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен,
табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың
екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу
нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі
сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс
әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен
технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас
өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі
құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым
жетілдірілген және үнемді түрлерін өндіріске енгізуге байланысты
пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық
жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды:
өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар; технологиялық процесті
жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен
жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және
жаңартқанда; жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар
біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер
өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын
талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген
түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің
өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін
негізгі құрал- жабдықтар обьектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы
(үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі
құрал-жабдықтар обьектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.
Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм
қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен
ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін
білдіреді.
№6-шы Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес,
амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды
тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма.
Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал
шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны
есептеу қорлардың құны өнімнің құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын
айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта
жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация
есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру
шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы
жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация
есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай
құндылықтары,ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын
автомобиль жолдары.
Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420 Негізгі құралдардың
тозуы бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 2421 Үйлер мен
ғимараттардың тозуы, 2422 Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш
тетіктердің тозуы, 2423 Көлік құралдарының тозуы, 2424 Басқа негізгі
құралдардың тозуы пайдаланылады.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар.
Шаруашылық жүргізуші субьектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі
бойынша жасалынады, олар:
-құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
-құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды етіп есептен шығару
(өндірістік әдіс);
- жеделдетіп есептен шығару;
-қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
-құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы
әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана
тәсілі пайдаланылады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субьектінің есептік саясатымен
анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі
мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның
себебін ашу керек.
Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы
өкілетті органдардың еншісінде болады.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) есептеу әдісі, яғни обьектінің құны, оның қызмет ету мерзімі
ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс
негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына
байланысты болып келеді.
Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:
-қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген
обьектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты
болып келеді.
- Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген
амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субьектісіндегі
белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы,
жүк автокөлігінің бастапқы құны – 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен
кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл
сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды
немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.
Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула
бойынша есептелінеді.
Бастапқы құн- жойылу құны 100 000-10 000
=
= 18 000 теңге
Пайдалану мерзімі 5 жыл
Осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады
(18 000:12)
Төменде негізгі құралдардың амортизациясын бірқалыпты әдіс бойынша
есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
Бастапқы Амортизацияның Жинақталған Қалдық
Мерзімі құны жылдық сомасы тозу сомасы құны
Сатып алынған мерзімі
1-ші жылдың аяғында 100 000 18 000 18 000 82000
2-ші жылдың аяғында 100 000 18 000 36000 64000
3-ші жылдың аяғында 100 000 18 000 54000 46000
4-ші жылдың аяғында 100 000 18 000 72000 28000
5-ші жылдың аяғында 100 000 18 000 90000 10000
Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып
топшыланса ғана біртіндеп азайғанын көрсетеді.
Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде
есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы тек олардың
пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт
кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі
бір операцияларды орындады делік, ал оның жүретін жолы 900000 километрге
есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялық шығындар
төмендегідей жолмен анықталады.
Бастапқы құн –жойылу құны
=
(100 000-10 000):9000000км= 0,10 тг
Орындалатын жұмыстың болжамды
мөлшері
Егер пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол
жүрсе, екінші жылы – 300000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100000
шақырым, төртінші жылы – 200000 шақырым және бесінші жылы – 100000 шақырым
жол жүреді деп шамаланса – амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен
есептелінеді.
Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша есептеу
Айға
Екі еселенген Жинақталан есептелгнн
Бастапқы амортизацияның жылдық амортизация
Мерзімі құны жылдық сомасы амортизация ның сомасы
ланған сомасы (теңге)
Сатып алынған мерзімі
1-ші жылдың аяғында 100 000 40%*100000=40000 40 000 3333
2-ші жылдың аяғында 100 000 40%*60 000=24000 64000 5333
3-ші жылдың аяғында 100 000 40%*36 000=14400 78400 6533
4-ші жылдың аяғында 100 000 40%*21 600=8640 87040 7253
5-ші жылдың аяғында 100 000 2960 90000 7500
Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен. Орындалған жұмыстың өндіріс
процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған
тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға
тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше
орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып
отырады.
Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең
қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна
мөлшерлемесе бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану
мерзімі ішінде обьектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана
пайдаланады.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік
мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша
пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік
құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі
екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады:
а) Кумулятивтік әдісі
ә) Азайып отыратын қалдық әдісі
Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген
мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы
есептелінеді, демек обьектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу
арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл.
Бірінші жылы обьектінің бастапқы құнының 5:15 бөлігіне амортизация
есептелінеді. Екінші жылы 4:15 бөлігіне, үшінші жылы 3:15, төртінші жылы
2:15, бесінші жылы 1:15 бөлігіне.
Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының қосындысы,
ал алымында: бірінші жыл үшін – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz