ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1 Қазақстанның конституциялық дамуы тарихын кезеңдерге бөлу
1. 2 ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы конституциялық
идеялардың дамуының тарихи ерекшеліктері
1. 3 1926 жылғы Қазақ АССР-нің конституциялық заңнамасының тарихи- құқықтық сипаттамасы
1. 4 1936 жылғы КСРО Конституциясының декларативтік
(«сталиндік») сипаты. КСРО
мен Қазақ ССР-нің 1937 жылғы республикалық заңнамалары мен
конституциялық заңнамаларының ара қатынасы
1. 5 1978 жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясының тарихи-құқықтық
сипаттамасы 1. 6 Адам құқы, бостандығы және өзiн-өзi басқару хақындағы конституциялық мағынадағы жобалар
2 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦЯЛЫҚ ДАМУЫ
2. 1 КСРО-ның дағдырысы кезеңіндегі Қазақстандағы конституциялық
реформалардың кезеңдрі және оның саяси құқықтық нысандары
2. 2 Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы
Конституциялары - конституциялық құрылысты құқықтық
- регламентациялаудың негіздері2. 3 Қазіргі кездегі Қазақстан Республикадағы конституциялық
реформалаудың негізгі бағыттары.
- ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қоғамның даму тарихында парадокстердің көптеп кездесетіні белгілі, солардың бірі - конституциясы бар елдерде конституционализмнің болмауы. Бірақ заңдық нысан болғанымен, оның тиісінше мазмұнының болмауы да кездеседі. Мұндай жағдай Негізгі Заң билікті құқықтық ұйымдастырудың либералды - демократиялық құндылықтарын, меншікті және қоғам бостандығын, мемлекеттегі адам мен азамат құқықтарын белгілемеген және бекітпеген кезде орын алды.
2005 жылдың 30 тамызында біздің еліміздің Ата Заңының қабылданғанына 10 жыл толды. Бірақ, Қазақстан Республикасының Конституциясын 1995 жылмен ғана байланыстыруға болмайды. Ол мән, мағынаға толы тарихымыздың ағымына біріктірілген оқиғалар тізбегінің нәтижесі болып табылады. Конституциямыздың өсіп өркендеуінің нәтижесін, оның қоғам дамуындағы мәнін түсіну - өз елімізді, қазіргі уақыт талабын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
1995 жылға Конституция - біздің мемлекеттігіміздің негізгі, тәуелсіздігіміздің дамуы мен демократиялық тәжірибенің нәтижесі. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде дамуының алғашқы бес жылы аса маңызды болды. Бұл жылдар ізденіске толы еді. Осы уақыт аралығында тәуелсіздік туралы Декларация қабылданды, бірінші Конституция (1993) қабылданды және экономикалық реформалар басталды. Әрине, бұл жылдар өте ауыр және шешуші кезең болды. Сол жылдары мемлекеттілігіміздің іргетасы қаланып, қазіргі кездері мақтан тұтатын ел жетістіктерінің алғы шарттары қалыптасты. Саяси жүйенің қалыптасуы, көптеген экономикалық мәселелердің шешілуі, реформалардың негізгі кезеңінің аяқталуы осы тәуелсіздіктің алғашқы бес жылдығында жүзеге асырылды. Еліміздің және оның Конституциясының дамуының бастапқы кезеңдері қарама қайшылықтар мен түсінбеушіліктерге толы болды.
Негізгі қайшылық басқару нысанының анықталмауында еді. Бұл 1993 жылғы Конституцияның кемшілігі болатын. Республикадағы басқару нысанының президенттік немесе парламенттік болуын нақты анықтамайтынша, мемлекеттіліктің құрылуы мүмкін емес. Осы қайшылық билік тармақтарының арасында түсініспеушіліктер туындатып, олардың арасында үнемі даулар орын алады. Көшпелі кезеңде реформалардың тиімді жүргізілуі үшін билік тармақтарының келісілген түрде жұмыс атқаруы өте маңызды. Әлемдегі ең алғашқы Конституцияның, яғни американдық конституцияның ең негізгі мазмұны билік тармақтарының жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік билік органдары бір-бірінен тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланыста тиімді жұмыс атқаруы тиіс. Сондықтан, 1995 жылы барлық кемшіліктерді түзетіп, жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, алғашқы Конституция елді экономикалық және саяси дағдарыстан алып шығуды мақсат еткен болатын.
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1 Қазақстанның конституциялық даму тарихын кезеңдерге бөлу
Қазіргі заң әдебиеттерінде Қазақстан Республикасының Конституциялық даму процессі талданып, конституциялық заңнаманың қазіргі кездегі даму кезеңдері жайлы айтылады.
Ғ. С. Сапарғалиев Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамасының дамуын 4 кезеңге бөледі, Ғ. С. Сапарғалиевтің айтуы бойынша конституциялық заңнаманың қалыптасуы 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған “ҚазССР Президенті лауазымын енгізу” туралы Заңмен және 1978 жылға ҚазССр-нің Конституциясына өзгеріс енгізуден басталды. [1. 152] Өз пікірін осы заңның мемлекет басқаруына елеулі өзгеріс енгізгенімен негіздейді Г. С. Сапаргалиевтің пікірі бойынша конституциялық заңнаманың қалыптасуындағы екінші кезең 1991 жылдың 10 желтоқсанында “Қазақ Советтік Социалистік Республикасының атауын өзгерту” туралы Заңның қабылдауынан басталды. Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының дамуының үшінші кезеңі 1993 жылдың қаңтар айында Жоғарғы Кеңестің жаңа Конституция қабылдауынан басталды. Ал конституциялық заңнаманың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен байланыстырылады. [2. 16] Бұл кезең бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Г. С. Сапаргалиев ұсынған конституциялық заңнаманың қалыптасу кезеңдері негізінен тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамасының қалыптасуының кезеңдерін қамтитынын айта кету кажет.
Осы мәселені талдаған Е. К. Кубеев Қазақстанның Конституциялық дамуының күрделі және ерекше тарихы барынайтады. Оның пікірінше, бұл процессті үш кезеңге бөлуге болады. Ол кеңес дәуіріндегі даму, кеңес үкметінен кейінгі кезең және егемендік жарияланғаннан кейінгі кезең. [3. 16] Бірақ, “Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы” атты еңбегінде Кубеев “Алаш - Орда” кезіндегі конституционализмге талпыну кезеңдерін зерттемейді.
Мемлекеттегі және қоғамдағы конституциялық даму жайлы сөз қозғалғанда, конституциялық заңнаманың тарихи қалыптасу процессі жайлы айтылуы тиіс, яғни зерттеуді алғашқы конституциялық актілердің пайда болуынан бастап, қазіргі кездегі конституцияға дейін қарастыру қажет. Бұл тарихи процесс кезеңнен кезеңге қағидалар мен идеяларды мирасқорлыққа алып бірін-бірі алмастырған конституциялармен, ескі нормалардың әрекетінің тоқталуы салдарынан негізгі заңның да күшінің жоиылуымен сипатталатын тізбектерімен дамиды. Сонымен қатар, әрбір жаңа конституция жаңа заман талаптарына сай нормаларды сақталып қалуы тиіс.
1. 2 ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы конституциялық идеялардың дамуының тарихи ерекшеліктері
Отандық ғалымдар Қазақстан мен Орта Азияның конституциялық тарихын зерттеу барысында оны үш кезеңге бөледі: революцияға дейінгі кезең, кеңес дәуірі және қазіргі кезең бұлардың әр қайсысы бір-бірінен өз мәселелерімен, тарихи фактілер мен саяси оқиғаларды түсіну, зерттеу деңгейімен ерекшеленеді.
Революцияға дейінгі Қазақстанның және Орта Азияның Конституциялық дамуы көптеген заңи, тарихи, саяси философиялық тұрғыда зерттелді. Сол кездердегі интеллигенция өкілдерінің сол заманның газеттері мен журналдарында жарияланған мақалалары конституциялық даму тарихын зерттеуде қайнар көз болып табылады. Кеңес дәуірінде оларды жариялауға тиым салынғандықтан, олдар 90-жылдары ғана жарық көрді. Ол еңбектерге Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мұстафа Шоқайдың еңбектері жатады.
Қазіргі кездегі Қазақстан ғалымдары "Алаш" партиясының қызметіне шынайы баға береді. Белгілі қоғам қайраткері "М. Құл-Мұхамед "Алаш" қозғалысының өкілдері патша өкіметіне қарсылық білдіріп, прогрессивті-демократиялық сипаттағы ұйым болды және пантюркизм идеясына қарсы болған, қазақ ұлты өз тарихын, мәдениетін, тілін дамытуы тиіс" деп атап көрсетті. "Алаш" партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, А. Байтұрсынов М. Дулатов, Ж. Х. Досмұханбетов, Х. Ғаббасов, А. Ерменов және тағы басқалар "ұлттық автономия" идеясын ұстанды. 1917 ж. 21мен 26 шілде аралығында өткен бүкілқазақтардың съезінде, Орынбор қаласында "Алаш" саясит партиясы құрылды, ал 1917 жылдың 21 қөарашысында "Қазақ" газеті жарияланды. Бағдарлама құрылымы бойынша Европа елдерінің конституцияларына сәйкес болды және конституциялық негізгі талаптары ескерілді. [8. 121]
Қазақ зиялылары Рессейдегі жалпырессейлік құрылтай жиналысын қолдады, бұл жиналыс Рессейдің демократиялық құрылымын бекітеді. Олар мемлекетті бөлу қағидасын, жалпыхалықтық сайлау өткізуді, барлық ұлттарға автономия беруді, кінәсіздік презумпциясын, судьялар мен билердің тәуелсіздігін, алқалы сотты ұсынды.
Бағдарламаның жобасында бірінші тарауы "Мемлекет нысаны" деп аталды. Бұл тарауда басқару нысаны жайлы және мемлекет құрылымы туралы айтылды. Ресей демократиялық мемлекет болуы қажет деп жарияланды. Үкімет басында сайланған президент болуын, сайлау жүйесін ұсынды.
"Негізгі құқықтар" бөлімі қазіргі демократиялық конституциялардағы бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары туралы негізгі идеяларға арналды. Дін мемлекеттен бөлініп қаралды. Кінәсіздік презумпциясы танылды, бұл принцип советтік конституцияға 70-жылдары ғана енгізілді. "Сот және сот төрелігі" бөлімінде барлық адамдардың сот алдындағы теңдігі, сот өндірісін жергілікті халық тілінде жүргізу қағидалары жарияланды. Сонымен қатар, сот өндірісінің демократиялық сипаты аса ауыр қылмыстарды алқалы соттардың қарауынан көрінеді. Бағдарлама жобасы жерді сатуға қатаң тиым салды. [9. 10]
1917 жылдың желтоқсан айының 5 мен 13 аралығында Орынборда өткен жалпы қырғыз съезінің қаулысы бойынша ұлттық аумақтық автономия құрылды. Оның құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан, Амудария бөліктері, Алтай губерниясындағы қырғыз болыстықтары енгізілді. Автономия бір аумаққа ие болып, қазақ-қырғыз халқынан тұрды, олардың мәдениеті, тарихы, тілі тарихы ортақ болды. Қазақ-қырғыз автономиясын Алаш деп атау шешілді. Автономияға кіретін барлық аумақ Алаштың меншігі болып танылды, жер үсті және жер асты байлықтары да Алаштың меншігі болды. Алаш автономиясының Конституция бүкілресейлік құрылтай жиналысында бекітілген. Қазақ-қырғыздар арасында тұратын басқа ұлттарға аз ұлттар құқығы берілді. Алаштың барлық мекемелерінде барлық ұлт өкілдері пропорционалды түрде қатысты. Алаш автономиясы 10-миллион халқы бар ірі саяси бірлікті құрады.
Съезд уақытша халықтық кеңес құрып, оны "Алаш-Орда" деп атады. Оған 25 адамды сайлады: Валид-хан Танашев, Халел Досмуханбетов, Айдархан Тұрлыбаев, Ахмед Берес, Халел Ғаббасов, Садық Аманжолов, Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Бахыткерей Құлманов, Жақып Ақпаев, Базарбай Маметов, Отыншы Әлжанов. 10 орын қазақ-қырғыз арасында тұратын орыс және басқа ұлт өкілдеріне берілген. Халықтық Кеңестің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Алаш-Орданың уақытша орналасқан жері Семей болшып белгіленді. Алаштың Конституциясы дайындалып, оны жалпыресейлік құрылтай жиналысы бекітті.
1918 жылдың 22 қаңтарында "Сарыарқа" газеті Әлихан Бөкейхановтың "Жасасын, Алаш, жасасын!" мақаласында Алаш автономиясының құрылғанын жариялады. Х. Ғаббасов осы газетте "Алаш автономиясы" мақаласында басқару нысаны, табиғи байлықтар мен Алаш автономиясындағы заң туралы пікірін айтты.
Кеңес дәуірінде тарихшылар қазақ даласында Алаштың демократиялық ұлттық қозғалыс ретінде құрылуын танымауға тырысты. Марксистік көзқарастың Алаш лидерлерінің көзқарастары, идеялары қатты сынға ұшырады. “Ұлы қазан социолистік революциясы” энциклопедиясында Алаш қозғалысына келесідей сипаттамаберілді “бұл контрреволюциялық, ұлтшыл партия, байлар мен феодалдардың, мұсылман діннің мүддесін көздейді”.
Алаш-Орда үкіметінің басымдылығы Алаш партиясының бағдарламасының болуында еді. Бұл бағдарлама Алаштың басшыларымен дайындалған. Олар: 1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама жобасының талқыланбауына және қабылданбауына қарамастан, бұл Қазақстанның Ұлы Ресейлік держава құрамында дамуының алғашқы талпынысы. Ол демократиялық сипатта болды. Оған сәйкес Ресей демократиялық федеративтік республика болуы тиіс еді, оны жалпыхалықтық сайлау арқылы сайланған Президент басқаруы ұсынылды. Тек мемлекеттік Дума заң шығарушы билікке ие болды. Ресей Федерациясының құрамына басқа да ұлттармен қатар қырғыз автономиясы кіреді. Республикада сөз бостандығы, жеке адамның өміріне қол сұқпаушылық және тең құқықтылық танылды. Дін мемлекеттен бөлініп қарастырылды. Сот алдында барлық халық тең. Білім алу мүмкіндігі барлық адамдарға тең, ал жерді сатуға қатаң тыйым салынды. Бүгінгі күні Д. А. Аманжоловтың айтуы бойынша, Алаштың демократиялық, құқықтық, экономикалық қоғам құрудағы бағыты Қазақстанның дамуының қолданылмаған жаңа мүмкіндігі еді.
Алаш-Орда автономиясы құрылған күннен бастап мемлекеттік басқару органдарын құрумен және өзге де маңызды мәселелермен айналысты. Орынборда өткен желтоқсан айының съезінде Сібір автономиясы мен қарым-қатынас, милиция, Ұлттық кеңес, білім беру, Ұлттық қор, Халық соты, ауылдық басқару секілді мәселелер қозғалды.
Кейбір мәселелер Алаш автономиясының жариялануына байланысты алынып тасталды. Алаш-Орда төрағасы Ә. Бөкейхановтың жеделхатына сәйкес 1918 жылы 11-24 маусым аралығында Алаш-Орда өз міндеттерін орындауға кірісті, Сібір, Башкир автономияларымен Одақтас болды. Бөкейханов Алаш-Орданың жергілікті Кеңесін құруды ұсынды, бұл кеңес саяси, мәдени мәселелермен айналысатын болды. Милиция құру көзделді, оны ұйымдастырумен Алаш-Орданың облыстық уездік кеңестері айналысуы ұсынылды.
1918 жылы 11 қыркүйекте Уфа қаласында Алаш-Орда мәжілісінде автономияны басқару мен жергілікті басқару мәселелері қаралды. Қаулыға сәйкес Алаш-Орда жалғыз басқару органы болып есептелді. Жергілікті басқару және қалалық өзін-өзі басқару органдары мен Алаш-Орда комиссарлары арқылы жүзеге асырылды. Жергілікті өзін-өзі басқару 1917 жылы құрылған уақытша Үкімет қаулыларына бағынды.
Алаштың батыс бөлігін басқару үшін Алаш-Орда бөлімі құрылып, оны Жаншы Досмухамедов басқарды. Оның құрамына Орал облысы, Бөкей ордасы, Маңғышылақ, Ақтөбе уезді, Торғай облысы кіргізілді. Алаштың шығыс бөлігі Семейде орналасты. Сырдария бөлігі жеке басқарылды.
Алаш-Орда автономиясы бірқатар конституциялық сипаттағы заң актілерін қабылдады. Мысалы 11-24 маусым аралығында 1918ж. қабылдаған Қаулыға сәйкес Кеңес Үкіметінің барлық деректері Алаш автономиясының аумағында жарамсыз деп танылды.
Алаш-Орда Алаш автономиясын 3 адамнан тұратын облыстық және уездік кеңестер арқылы басқарды. Оларды алаш азаматы болып табылатын қырғыздардан сайлаған. 21 жасқа толған, сотталмаған азаматтар сайланып, Алаш-Орда бекіткен. Алаш-Орданың облыстық кеңестері келесі мәселелерді қарастырды: алаш әскерінің қатарына алу, салық жинау, алаш құрылтай жиналысын әзірлеу, Алаш халқының мәдени-экономикалық дамуы, мемлекеттік және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, аграрлық мәселелерді шешу, Алаш Орда заңдарының орындалуына бақылау жасау. Облыстық кеңестің нұсқаулары барлық жергілікті мекемелер үшін, милиция үшін міндетті болды.
Уездік кеңестер облыстық кеңестердің нұсқауларын орындауға міндетті болды. Әрекетсіздіктері үшін және билікті асыра пайдаланғаны үшін облыстық және уездік кеңес мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
“Уақытша жер пайдалану” туралы қаулының маңызы өте үлкен болды. Оған сәйкес жерге жеке меншік жойылды. Жер қойнауын және басқа да табиғи байлықтарды пайдалану - Алаш-Орданың рұқсатымен жүзеге асты. [10. 402]
Сол сияқты, Алаш-Орда үкіметі мынадай заңнамалық актілер қабылдады: «Жергілікті маңызы бар теміржолдар туралы», 1918ж. 11-24 маусымдағы «Мемлекеттік салық туралы», 9-22 қараша 1918 жылғы «Қырғыз соты туралы» және т. б.
Сонымен Қазақстан мен Түркістан аумағындағы алғашқы ұлттық автономиялардың қызметін саралайтын болсақ, қазақ зиялыларын конституциялық идеялар ойландырып қана қоймай, олар оны жүзеге асырудың алғашқы қадамдарын жасаған. Автономияның құрылған күнінен бастап, олар билікті бөлу, барлық ұлт өкілдерін басқаруға қатыстыру, теңқұқықтылық, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынқұру, қауіпсіздік органдарын құру, әскер, жер, білім беру сияқты маңызды мәселелерді шешкен.
Бұл ұлттық-саяси құрылымның күшпен таратылғанына қарамастан, оның басшылары Кеңес үкіметінің атқару және заң шығару жүйесіндегі жауапты лауазымдарда ұлттық мақсаттарға қызмет еткен.
Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылдаңғаннан кейін Қазақстан халқының өмірі жаңа арнаға бұрылды. [11. 40]
Соған сәйкес, ең алдымен мемлекеттік кезек күттірмес міндеттерінің бірі республика азаматтарының барлығына бірдей лайықты өмір сүретін жағдай жасау, республикадағы халықтар достығын нығайту шаралары анықталды. Осы саяси-құқықтық құжат қазақ мемлекетін қалыптастырудың құқықтық негізін салып азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қолдауына жол ашты. [12. 41]
Мемлекеттің құқықтық жүйесінің маңызды көзіне айналған Декларацияның басқа да саяси-құқықтық құжаттардан ерекшеліктері, жаңа Ата-Заң Конституция мен басқа заң актілері сол Декларацияның негізгі принциптері мен ережелеріне сәйкес дайындалды. Аталмыш Декларация ұлттық заң шығару саласының қалыптасуы мен мемлекетімізде тұңғыш рет Конститутцияның ірге тасының қалануына ықпал етті.
1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған тұңғыш конституция Қазақстанның егеменділігі процессінің соңғы нүктесін қойып, Республиканың егемендігін ең жоғарғы дәрежеде баянды етті. [13. 18]
1993 жылғы Конституция «Қазақ ССР-ның мемлекттік егемендігі туралы» Декларация мен «Қазақстан Республикасының мемлекттік тәуекелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында тұңғыш рет жария етілген саяси-құқықтық принциптерді мойындап бекітті.
1. 3 1926 жылғы Қазақ АССР-нің конституциялық заңнамасының
тарихи-құқықтық сипаттамасы
Қазан революциясы қазақтардың саяси өмірін қатты өзгертті. 1920 жылдың 26 тамызындағы Орталық атқару комситеті мен Халық комиссарлар кеңесінің Декретінің негізінде РСФСР құрамында Қырғыз АССР - і құрылды (1925 жылдың 19 сәуірінен бастап Қазақ АССР деп аталды) .
М. Баймахановтың айтуы бойынша бұл декрет конституциялық акт болып табылады, себебі, ол Қазақстанда ұлттық кеңестің мемлекеттіліктің құрылуын жариялады. [16. 7] Қырғыз Советтік Социалистік Революциясының басқару органы ретінде депутаттардың жергілікті кеңесі, Орталық комитеті және Қырғыз автономиялық Советтік Социалистік Республикасының Халық Комиссарлар Кеңесі тағайындалады. Халық комиссарлары РСФСР Халық Комиссарларымен тағайындалады. Халық Комиссарлары РСФСР Халық Комиссарларымен келісіп тағайындалған. Қырғыз Республикасының құрамына кіретін аймақтарға қатысты, Қырғыз республикасының құрамына кіру жергілікті халықтың еркімен жүргізілген.
Аймақтық құрылтай съезді Қазақ Автономиялық Кеңестік республикасын құруды шешті. Бұл құрылтай съезді (1920 жылдың қазан айы) «Қазақ АССР-нде Кеңес Үкіметін құру туралы ережені» бекітті, бұл ережеде жергілікті және орталық басқару республикада РСФСР-мен ортақ нысандарда құрылып, кеңестік үкіметке тән билікті ұйымдастыруға негізделген заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы органдардың бірігуімен сипатталады. Қырғыз Орталық Атқарушы Комитеті ҚАССР-дің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жатқызылады. Қазақ тарихында алғаш рет қазақтарға республика аумағында, 1918 жылы РСФСР Конституциясында белгіленген шекте, мемлекеттік билік және басқару органдарын құру, өзінің ұлттық ерекшеліктерін ескеретін негізгі заңын қабылдау құқықтары берілді.
ҚАССР-нің Кеңестер Съезді республиканың билік органдарына конституцияның жобасын жасау тапсырмасы берілді.
Осы тапсырманы орындау мақсатында 1920 жылы 11 қарашада Қазақ орталық атқару комитеті Президиумы конституция жобасын әзірлеуге ерекше комиссия Президиумы конституция жобасын әзірлеуге ерекше комиссия сайлау туралы шешім қабылдады, оларға жұмысты әзірлеуге ерекше комиссия сайлау туралы шешім қабылдады, оларға жұмысты 1920 жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқтауды тапсырды. ҚАССР-нің Конституциясын әзірлеу мәселесі жоғары партиялық деңгейде қаралады. Мысалы, 1922 жылдың 1 қазанында ҚАССР-нің конституциясының жобасы Қырғыз облыстық комитетінің президиумының мәжілісінде қаралады. Талқылау барысында конституция жобасына бірқатар өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер жекелеген азаматтардың сайлау құқығына байланысты болды. Конституция жобасын Қырғыз орталық атқару комитетінің кезекті бірінші сссиясына әзірлеуге комиссия құру шешілді.
ҚАССР-нің құрылуы мемлекеттік билік органдарын құру мен бекітуге байланысты көптеген жұмыстардың атқарылуын қажет етті. 1922 жылдың қазан айында Қазақстанның кеңестерінің 2 съездінде қалалық кеңесті, аудандық, облыстық атқару комитеттерін майлау тәртібі және кеңестер съездін шақыру тәртібі туралы ереже қабылданды. Бұл ереже ҚАССР-нің конституциясы қабылданғанға дейін негізгі конституциялық акт ретінде қарастырылды.
Бесінші бүкілқазақтар кеңесінің съездіне (1925 жылы сәуір айы) ҚССР-ын рәсімдеу аяқталды және республика астанасын Қызыл-Орда қаласына көшіру бұл тарихи актіге айрықша маңыз берді деп атап көрсетеді. Сонымен қатар, 1925 жылы РСФСР Конституциясының қабылдануына байланысты ҚАССР-ның конституциясын өзгерту қажет болды. 1926 жылдың 3 қаңтарында ҚАССР-ның конституциясы туралы мәселе Қырғыз аймақтық комитетінің Бюро мәжілісіне қойылды. Мыңбаев пен Мырзағалиевке ескертулерді ескере отырып, ҚАССР-нің Конституциясын жасау тапсырылды.
1926 жылдың 18 ақпанында Конституция жобасын қабылдау ұйғарылды. 1926 жылдың 27 наурызында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Президиумінің Қаулысымен «Халық Комиссарлары Кеңесі» туралы ереже бекітілді. Оған атқару Комитетінің төрағасы Бекімбешов пен Ереже халық комиссарларының өкілеттігін бекітті және оның қаулыларын орындау тәртібін бекітті.
1926 жылғы ҚАССР-нің Конституциясы РСФСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесінің декреттеріне негізделді, олар 1919 жылдың 10 маусымында қабылданған «Қырғыз өлкесін басқаруға байланысты революциялық комитеті» туралы, 1920 жылдың 26 тамызында қабылданған «Қырғыз автономиялық советтік социалистік республикасы» туралы Декреттер. Құрылымы мен мазмұны боцынша конституция басқа автономиялық мемлекеттердің конституцияларына ұқсас болды, бірақ саяси және экономикалық дамуына байланысты ұлттық ерекшеліктері бар болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz