Саяси элита мен саяси көшбасшылық: мәні, сұрыпталуы және функциялары


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Саяси элита және саяси көшбасылық.

Жоспары

1. Саяси элитаның мәні мен қызметі.

2. Саяси элитаның сұрыпталуы (рекруттеу) .

3. Саяси көшбасылықтың табиғаты және жіктелуі.

4. Саяси көшбасының функциялары.

Әдістемелік ұсыныстар. Саясаттануда элитаға берілетін сан-алуан анықтамалар белгілі, сонымен бірқатарда терминдердің мәнінін өзгертіп құбылып кетуі де байқалады. Бірқатар саясаттанушылар элита деп тек саяси элитаны атаса, керісінше енді бір саясаттанушылар қоғам өмірінің алуан салаларының өкілдерін де элитаға жатқызады (экономика, ғылым, әскери сала және т. б. ) . Элита қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының рәмізі болып табылады. Қазіргі заманғы қоғамның элитарлығы қажет және ол даусыз. Қоағмның элитарлығының қажеттілігінің бір дәлелі ретінде саясаттанушылар халықтың басым бөлігінің саяси бейғамдылығын - бокүйезділігін, олардың басым бөлігінің өмірлік мүдделерінің саяси кеністіктен тысқары жатқандығында деп атап көрсетеді. Осы және элитаға қатысты басқа да басты мәселелерге басты назар аударыңыздар.

«Элита» терминін саяси ғылымға енгізген В. Парето болып табылады. Оның түсінігі бойынша элита - өздерінің ықпалы мен әлеуметтік және саяси қуаттылығына сәйкес “жоағры тапқа” ақсүйектердің санатына жататын топ. (этимология бойынша - «аристос»- ақ сүйектер, «кратос»- билік дегенді білдіреді) .

Саясаттануда элитаға берілетін сан-алуан анықтамалар белгілі, сонымен бірқатарда терминдердің мәнінін өзгертіп құбылып кетуі де байқалады. Бірқатар саясаттанушылар элита деп тек саяси элитаны атаса, керісінше енді бір саясаттанушылар қоғам өмірінің алуан салаларының өкілдерін де элитаға жатқызады (экономика, ғылым, әскери сала және т. б. ) .

Элита қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының рәмізі болып табылады. Қазіргі заманғы қоғамның элитарлығы қажет және ол даусыз. Қоағмның элитарлығының қажеттілігінің бір дәлелі ретінде саясаттанушылар халықтың басым бөлігінің саяси бейғамдылығын - бокүйезділігін, олардың басым бөлігінің өмірлік мүдделерінің саяси кеністіктен тысқары жатқандығында деп атап көрсетеді.

Саяси биліктің көп қырлы, құпиясы мол, сынаптай сырғыған күрделі құбылыс екенін білеміз. Оның ішкі қатпарларына үңіле түсуде саяси элита мен саяси көшбасылық (лидерлік) ұғымдарының маңызы зор.

“Элита” деген сөз француз тілінен аударғанда, “таңдаулы”, “тәуір”, “қаймақ” деген ұғымды білдіреді. Кез келген қоғамда билік тұтқасын уысында ұстап, сан-салалы маңызды мәселелерді шешуде ықпалы мол, айтқаны өтімді адамдар тобы болады. Оны - элита деп атайды.

Саяси шешімдерді қабылдауға тікелей әсер жасайтын, саяси билік жүргізуге қатысатын немесе оған ықпалы бар айрықша топты - саяси элита деп атайды.

Саяси элитаның өмір сүруі мына факторларға байланысты:

  1. Адамдардың психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әртүрлігі, олардың саяси үрдістерге қатысудағы қабілеттерінің, мүмкіндіктерінің және ұмтылыстарының тең еместігі;
  2. Еңбек бөлу заңы - басқару ісіне арнайы кәсіби дайындықты талап етеді;
  3. Басқару қызметі қоғамда жоғары мәртебеге ие;
  4. Басқару тетігін ұстаған адамдардың мүмкіндігінің кеңдігі, ықпалының пәрменділігі және олардың түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктерді пайдалана алатындығы;
  5. Саяси басшылықты үнемі және толық бақылап отырудың мүмкін еместігі;
  6. Бұқара қауымның саяси ынтасының төмендігі, белсенділігіінің пәсеңдігі.

Саяси элита іштей жіктеледі:

  1. Басқарушы элита - мемлекет билігінің тұтқасын ұстаған топ;
  2. Жоғарғы элита - мемлекет пен қоғамтағдырына байланысты аса маңызды саяси шешімдер қабылдауға қатысатын іріктелген топ;
  3. Орташа элита- саяси шешімді іс жүзінде орындауды ұйымдастырушы топтар;

Әкімшілік элита - басқару ісін жүргізіп отыратын қызметшілер, шенеуніктер, бюрократия

. Элитаны қалыптастырудың екі түрлі жүйесі қалыптасқан:

  1. Гильдий жүйесі;
  2. Антрепренерлік жүйесі.

Бұл сұрыптау жүйелері өмірде таза күйінде өте сирек кездеседі. Дегенмен антрепренерлік жүйе демократиялық мемлекеттерге, ал гильдий жүйесі тоталитарлық режимге тән болып келеді.

Гильдий жүйесіне тән ерекше сипаттар мыналар:

  1. Жабықтық. Элитаның құраманына кез келген адам өте алмайды, жоғары қызметке элитаның төменгі буынындағы адам біртіндеп, сатылап көтеріледі. Жоғарыға ұмтылған қызметкер әр қадамын аңдып басып, аяғының ұшымен жүреді, жоғарының көзіне түсуге ұмтылады, шыдамдылық көрсетуге мәжбүр.
  2. Элита құрамына кіруге ұмтылғандар мен элита ішіндегі қызмет сатысымен көтерілушілерге қойылатын сүзгі, формальды талаптар көп: партия мүшесі екендігі, жас мөлшері, еңбек стажы, білімі, осының алдындағы қызмет дәрежесі, істеген жерінен берілген мінездемесі т. б. Осындай талаптардың кез келгеніне сәйкес келмеген үміткерді кері қағым тастау оп - оңай.

Саяси көшбасының негізгі атқаратын қызметі (функциялары) мыналар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси элита мен саяси көшбасшылық: элита теориясы және элитология
Саяси элита мен көшбасшылық: ұғымы, қалыптасуы және әлеуметтік функциялары
Саяси элита мен саяси көшбасшылық: ұғымы, түрлері және қоғамдық рөлі
Саяси элита мен саяси көшбасшылық: теориялар, таңдау жүйелері және Қазақстандағы құқықтық қалыптасу
Саяси элита және саяси көшбасшылық: түсініктер, теориялар және Қазақстандағы институттық тәжірибе
Басқарушы элита және саяси көшбасшылық: биліктің әлеуметтік субъектілері
Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі: элитология, көшбасшылық және Қазақстан тәжірибесі
Саяси элиталар мен көшбасшылық: түсінігі, қалыптасуы және әлеуметтік функциялары
Саяси элита мен көшбасшылық: сұрыптау жүйелері, типология және бюрократияның рөлі Қазақстан жағдайында
Саяси элита мен саяси жетекшілік: түсінігі, қалыптасуы және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz