Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі


ЖОСПАР
Кіріспе 3
I-тарау Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы 5
- Халықаралық қатынастар мен әлемдік
саясаттың космополитизациясы 5
1. 2 Қазіргі халықаралық жүйе: проблемалары мен даму тенденциялары 9
II-тарау Қытай Халық Республикасының
сыртқы саясатынының басымды бағыттары 12
2. 1 Қытай Халық Рспубликасы мен
Ресей Федерациясы: бәсекелес, әлде одақтас? 12
2. 2 Қытай Халық Республикасы мен
Америка Құрама Штаттары: аймақтық держава vs супердержава 15
2. 3 Тайвань - басты аймақтық проблема 18
III-тарау Қытай Халық Республикасы: аймақтық көшбасшыдан -әлемдік супердержаваға 20
3. 1 ҚХР экономикасы: жоспарлы саясат + нарықтық қатынастар = әлемдік көшбасшы? 20
3. 2 Қытай Халық Республикасындағы демографиялық ахуал 23
3. 3 Қытай Халық Республикасының әскери саясаты 26
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер 31
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл реферат қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қытай Халық Республикасының орнына арналған. Қытай Халық Республикасының XX ғасырдын соңы XXI ғасырдың басындағы сыртқы саясатына талдау жасау - өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚХР-ның сырткы саясаты Қытайдың мыңдаған жылдар бойы жалғастырып келе жатқан дәстүрлі дипломатиялық ұстанымының негізінде жаңа заманға сай үйлестірілген саясат. Қазіргі кезеңдегі ҚХР-ның халықаралық деңгейде жүргізіп отырған сыртқы саясатының басты мақсаты - өздерінің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету негізінде мемлекетінің халықаралык беделін арттыру, елінің ішкі саяси жағдайын тұрақтандырып, әлеуметтік деңгейін жақсарту арқылы мемлекетінін жалпы қуатын нығайтуға бағытталған. ҚХР үшін бейбіт тұрақты халықаралық жағдайдың сақталуы мен ішкі өнім құнының үрдіс артып отыруы тиімді болмақ.
ҚХР-ның саяси жүйесінің негізі 1949 жылы бұрынғы КСРО үлгісінде Қытайлық ерекшелікке сай құрылған. ҚХР құрылғаннан қазіргі кезеңге дейінгі аралықта Қытай өзінің ішкі және сыртқы саясатында бірнеше кезеңдерді басынан өткізді. Атап айтқанда социалистік қайта құрулар, «ұлы мәдени революция», «әлеуметтік реформалар жүргізу және сыртқа қарай есікті ашық ұстау», нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру сияқты кезеңдерден өтті.
Қазіргі таңда ҚХР-дың сыртқы саясатын мен экономикалық потенциалын, сондай-ақ оның әлемдік сахнадағы мәртебесі мен беделін, болашақ әлемнің супердержавасы ретінде зерттеу әрі маңызды, әрі өзекті болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қытай Халық Республикасының орнын анықтау мен зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазіргі халықаралық қатынастардың космополитизация үрдісін зерттеу;
- Қазіргі халықаралық жүйенің проблемалары мен тенденцияларын анықтау;
- ҚХР сыртқы саясатының басымды бағыттарын анықтап, Ресей және АҚШ-пен қарым-қатынастарының табғатын анықтап, даму келешегін зерттеу;
- ҚХР қауіпсіздігінің басты проблемасы - Тайвань мәселесін зерттеу және оның шешілуінің мүмкін жолдарын қарастыру;
- ҚХР-дың болашақ әлемдік супердержава ретінде экономикалық, демографиялық және әскери потенциалын анықтап, зерттеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмысты дайындау барысында негізгі ақпараттар мен мәліметтер көзі ретінде 16 әдебиет пен интернет желісінің сайттары алынды. Негізгі әдебиеттер ретінде Страны и регионы мира в современных международных отношениях, Л. Г. Арешидзеның Международные отношения в Восточной Азии. Угрозы и надежды, А. В. Торкуновтың Современные международные отношения кітаптары алынды.
Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі жүйесін айқындауда П. А. Цыганковтың Международные отношения, К. С. Гаджиевтың Введение в геополитику және Мировая политика и международные отношения на пороге нового тысячелетия кітаптары қолданылды.
Қытай Халық Республикасының Ресей және АҚШ державаларымен қарым-қатынасы Страны и регионы мира в современных международных отношениях кітабында айқын сипатталса, Қытайдың әлемдік супердержава рөліндегі экономикалық, әскери және демографиялық потенциялы жөніндегі тараулар Энциклопедия нового Китая, Современный Китай: экономика, демография и внешняя политика кітаптары және интернет желісінің ақпараттары көмегімен жазылды.
Зерттеу жұмысының методологиялық әдістері . Зерттеу жұмысының методологиясы тарих, халықаралық қатынастар және саясаттану ғылымдарының қазіргі замандағы теориялық-методологиялық принциптеріне негізделді. Зерттеу жұмысында тарихи деректік материалдар мен құжаттарды ғылыми тұрғыдан жинақтау, сараптау, салыстырмалы тарихи талдау және қорыту әдістері кеңінен қолданды. Зерттеу жұмысында бұл әдістердің, әсіресе салыстырмалы-тарихи әдістің қолданылуы тарихи құбылыстардың деңгейін және олардың даму бет алысын айқындауға, зерттеу нысанының ең негізгі бағыттарын ашуға, оларды бір жүйеге жинақтауға мүмкіндік берді. Мемлекеттердің басшыларының сөздерін зерттеу үшін контент-анализ және ивент-анализ әдістері қолданылған. Ақпарат пен фактілерді зерттеу мен таңдау барысында салыстырмалы әдістің қолданылуы ерекше маңызға ие болды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы жоспардан, кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі - 30 бет.
I-тарау Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы
- Халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттың космополитизациясы
Халықаралық қатынастардың дәстүрлі Вестфаль жүйесінің өзгеруі, бүгінгі таңда әлемдік саясаттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оның субъектеріне де әсерін тигізуде. Үштен астам ғасырлар бойы, халықаралық қатынастардың басты акторлары ретінде мемлекеттер болып келіп, ал әлемдік саясат - мемлекетаралық қатынастардың құралы ретінде қызмет етсе, соңғы жылдары белгілі бір ұлтқа тән емес, көбінесе космополиттық болып келетін трансұлттық компаниялар, халықаралық жеке қаржы институттары мен мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар оларды ығыстырып жатыр.
Егер бұрын экономикалық гиганттарды белгілі бір мемлекеттің құрылымына қатыстыруға болса, қазір олар мұндай анықтамаға келуден қалды. Себебі, олардың қаржы капиталы - трансұлттық, менеджерлері - әр-түрлі ұлттардың өкілдері, ал өнеркәсіптері, штаб-пәтерлері мен маркетинг жүйелері жиі әр-түрлі континенттерде орналасады. Олардың көбісі өзінің ұлттық емес, керісінше өз корпарациясының жалауын желбірітіп көтереді. Үлкен немесе кіші дәрежеде, космополитизация немесе «оффшоризация» үрдісі, әлемнің анағұрлым барлық дерлік корпорацияларына өз әсерін тигізді. Соған сәйкес, олардың белгілі бір мемлекетке қатысты патриотизмі де азайды. Әлемдік трансұлттық қауымдастықтардың тәлімін мен әрекеттерін, маңыздылығы бойынша Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) мен Үлкен Сегіздіктің (G8) шешімдерімен теңестіруге болады.
Бүгіңгі таңда, “Greenpeace” халықаралық мемлекеттік емес ұйымы “жаһандық экологиялық сақшы” ролін сәтті ойнап, осы саладағы барлық мемлекеттер қабылдауға мен мойындауға мәжбүр болатын басымдықтарды белгілейді. “Халықаралық амнистия” қоғамдық ұйымы, БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі мемлекетаралық орталығымен салыстырғанда ықпалы көбірек. Ал CNN теледидарлық компаниясы, өз бағдарламаларында “шетелдік” терминін қолданудан бас тартты, себебі бұл компания әлемнің көптеген елдерін “отандық” деп санайды. Әлемдік шіркеулер мен діни ұйымдардың ықпалы кеңейіп, олардың беделі де өсуде. Көптеген адамдар бір мемлекетте дүниеге келіп, басқа елдің азаматтығын алып, мүлдем басқа мемлкетте жұмыс істеуде. Адамдарға жиірек, үйдегі көршілермен қарағанда, басқа континенттегі адмдармен интернет арқылы сөйлескенге ыңғайлырақ. Алайда космполитизация, адамзат баласының ең жаман бөлігіне де өз әсерін тигізді. Халықаралық террористтік ұйымдар, трансұлттық қылмыс пен наркомафияларда отан жоқ, ал олардың халықаралық ахуалға әсері жыл сайын өсуде. [1, с. 76-85]
Осының барлығы, Вестфаль жүйесінің негізгі принципін - егеменділік , яғни мемлекеттің ұлттық шекаралар шеңберінде жоғарғы төреші мен халықаралық қатынастарда ұлт атынан жалғыз өкіл ретінде шығу құқығын бұлғаңдатады. Бұл өз кезегінде “ұлттық егеменділіктің шайылуына” алып келуде. ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі сияқты халықаралық ұйымдардың шеңберінде немесе аймақтық интеграция үрдісінің барысында мемлекеттер өз егеменділігінің бір бөлігін мемлекетаралық институттарға ерікті түрде береді. Мұның барлығы, соңғы жылдары жаһандық масштабтағы “егеменділіктің диффузиясы” атты стихиялы үрдісіпен толықтырылып жатыр.
Қазіргі кезде пайда болған көзқарас бойынша, халықаралық қауымдастық Әлем Құрама Штаттарының ұзақ мерзімді қалыптасу перспективасымен бірге, әлемдік саясаттың жаңа жоғары деңгейіне шығуда. Басқа сөзбен айтқанда, әлем демократиялық принциптердің құрылуы мен қызметі бойынша Интернетке ұқсас жүйеге ауысады. Халықаралық қатынастардың болашақ жүйесінің прообразы ретінде Еуропалық Одақты қарастырған жөн. Қалай болмағанымен де, әлемдік саясаттың жаһандануы мен космополиттық компоненттың маңыздылығының өсуі, жақын арада мемлекеттерді олардың әлемдік қауымдастықтағы орны мен ролін қайта қарастыруға мәжбүрлейді.
Шекара транспаренттілігінің өсуі, трансұлттық сұхбаттың интенсификациясының күшейуі, ақпараттық революцияның технологиялық мүмкіндіктері әлемдік қауымдастықтың рухани салада жаһандануына алып келеді. Басқа салалардағы жаһандану халықаралық экономикалық және саяси үрдістердің жаңа сапасын түзеді. Бүгінгі күнде адам құқықтарының доктринасын ұлттық егеменділіктен жоғары қоюға болады. Капитализм мен коммунизм арасындағы жаһандық идеологиялық күрестің аяқталуы, ғалымдар мен зерттеушілер арасында қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың жүйесі жайлы бірқатар кзөқарастар мен пікірталастарды туғызды.
Әзірге халықаралық қатынастар ғылымында жүйелілік көзқарас ішкі және сыртқының қарапайым дилеммасынан аспайтын эмпиризмнің (тәжіребиеге сүйенушілік) әлсіз ғана талпынысы болып отыр. Негізінен халықаралық жүйелердің классикалық түсінігі халықаралық субъектілердің (ең алдымен мемлекет) белгілі бір жиынтығы дегенді білдіреді. Соңғы кездегі ғылыми ой бұған көп жаңалық қоса алған жоқ. Дегенмен жүйелілік көзқарас халықаралық қатынстарды сараптаудың оңтайлы тәсілдерінің бірі ретінде саналады. [2, с. 111-113]
Қазіргі заманда жаһандық халықаралық жүйе дүниежүзілік үрдістерде анықтаушы фактор болып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО мен АҚШ арасындағы өткір бақталастыққа негізделген екі полюсті жүйенің қалыптасуы және отаршылдық жүйенің ыдырауның арқасында көптеген Азия, Африка елдерінің еркін акторларға айналуы жаһандық жүйені өміршең құбылысқа айналдырды. Бүгінде бұл жүйе үлкенді-кішілі мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатына ықпалын тигізетін, шектеу қойып, қысым жасайтын күш екені белгілі.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды жүйелеу мен болжау көптеген ғалымдар арасында пікір талас пен дауларды тудырып отыр. Мәселен орыс ғалымы Уткин болашақ халықаралық жүйенің дамуының 4 сценарийлерін атап көрсетеді:
- Бір полюсті жүйе - АҚШ көшбасшылығымен;
- Биполярлы жүйе - АҚШ және ЕО пен Қытай арасындағы басшылықпен;
- Көпполюсті әлем - Ресей, Қытай, Германия, Үндістан, Бразилия басшылықтарымен;
- Өркениеттер әлемі.
Ал әйгілі американдық саясаткер және геосаясаткер Фрэнсис Фукуяма өзінің аты-шулы “Тарихтың ақыры” еңбегінде, Қырғи қабақ соғыстың қорытындыларын факт ретінде келтіре отырып, ол бүкіләлемдік тарихты либералды демократияға жетуімен аяқтады. Өзінің концепциясында ғалым либералды демократияны, либералдык иституттарды, нарықтық экономиканы, халықаралық құқық пен жалпы либерализмді әмбебап ұғымдар ретінде атап шықты. Яғни, қазіргі кездегі халықаралық жүйе мен оның болашақ формасы демократиялық тұрғыдан дамып жатқанын көрсетті. Оған қоса, автор барлық мемлекеттердің дәстүрлі либерализмнің легитимизм, демократия және т. б. принциптеріне сүйену қажет екендігін атап көрсетті. Яғңи, бір сөзбен айтсақ “Адам баласының идеологиялық эволюциясының аяқталуы және адамзат басқаруының ақырғы формасы - батыс либералды демократиясының универсализациясы”.
Әрине халықаралық қатынастардың болашғы жөнінде Гарвард университетінің профессоры С. Хантингтонның “Өркениеттер қақтығысы” атты концепциясы ерекше қызық болып табылады. Бұл концепция бойынша болашақта халықаралық қатығыстар жекеленген мемлекеттер немесе блоктар арасында емес, мәдениеттер яғни өркениеттер арасында өтеді. Ол конфликттердің себебіне идеология мен тіпті экономиканы жатқызбайды. Ғалымның айтуы бойынша болашақта әлем келбеті жеті-сегіз өркениеттердің әсерінен өзгереді: батыс, конфуцийлік, жапондық, мұсылман, индуисттік, православиялық-славяндық, латынамерикалық және мүмкін африкандық. Міне болашақ халықаралық қатынастардың табиғаты, сипаты мен даму тенденциясы осы акторлардың арасында шешіледі.
Қорытындылай келгенде, бірыңғай әлемдік қауымдастықтың құрылуы, демократизацияның жаһандық толқындары, әлемдік экономиканың жаңа сапасы, радикаолды демилитаризациялау мен күш қолдану векторының өзгеруі, халықаралық қатынастардың жаңа мемлекеттік емес акторлардың пайда болуы қазіргі кездегі халықаралық жүйені күрделендірумен қатар, оның жалпы нақты анықтамасын белгілеуін қатты қиындатады:
- Халықаралық қатынастар онымен қоса халықаралық жүйе уақыт өтуімен күрделене береді, соған сәйкес оларды болжау ғалымдар алдында үлкен қиындықтар туғызады.
- Халықаралық қатынастардың дамуы тұрақты үдеріс емес, сондықтан қазіргі кездегі жүйені бір сөзбен анықтауға мүмкін емес.
- Қазіргі кездегі халықаралық жүйе кең ауқымды ұғым, ол өзінің бойына мыңдаған жылдардың тарихын мен тәжірибесін сіңірген, ол адамзат баласымен бірге дамып келе жатыр.
Соншалықты қиыншылықтарға қарамастан, болашақ халықаралық қатынастардың тағдыры Самюэль Хантингтонның концепциясы бойынша шешілеуі ықтимал. Себебі бүгінгі күнде-ақ көптеген қақтығыстар идеологиялық емес мәдени, өркениет деңгейінде өтіп жатыр. Ал мәдениет пен өркениеттің негізінде әрқашанда дін жатты. Барлық соғыстар дін себебінен туындаған. Бұл ежелден келе жатқан процесс. Сондықтан халықаралық қатынастардың ғана емес жалпы болашақ өмірдің бейнесін уақыт көрсетеді. Уақыт өз атына қарамастан шексіз категория болып табылады. [3, с. 584-585]
- Қазіргі халықаралық жүйе: проблемалары мен даму тенденциялары
XX ғ. аяғы әлемдік сахнадағы түбегейлі саяси өзгерістермен тұспа-тұс келді. Бұл 1980-1990 ж. демократизация толқыны, Еуропадағы (Югославия мен Молдовада) қақтығыстар мен дағдарыстар арқылы өткен дезинтеграциялық үрдістер. Дезинтеграциямен қатар, Батыс Еуропадағы интеграциялық процесстердің ары қарай дамуы. Сонымен қатар, белгілі халықаралық ұйымдардың белсенділігінің жоғарылауы. Мысалы, НАТО-ның Косово қақтығысындағы ықпалы мен БҰҰ-ның әрекетсіздігі. Сонымен қатар, ғаламдық, аймақтық және белгілі бір мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздіктеріне төніп тұрған жаңа қауіп-қатерлер бар. Бұл - халықаралық терроризм, ЖҚҚ мен ядролық қарудың тарату-таратпау мәселесі.
Қазіргі әлемдегі тенденциялар неге байланысты? Бүгінгі таңда бұл мәселеге қатысты көптеген пікірталастар мен даулар бар. Маңыздылығы жоғары өзгерістердің ішінде, екі тенденцияның орны ерекше:
- Қазіргі әлемнің жаһандануы;
- Әлемдік сахнада мемлекетаралық пен мемлекеттік емес акторлар саны мен рөлінің өсуі.
Бұл екі тенденция бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олар дербес дамып, әрекет етеді. Қалған тенденциялар осы екеуінің туындысы болып табылады. Мәселен, ішкісаяси және халықаралық өмірдің демократизациялану мүмкіндігі, бір жағынан, ақпараттық жүйелер мен байланыс құралдарының, ал екінші жағынан саяси шешімдерді қабылдау үрдісіндегі мемлекеттік емес қатысушылардың рөлінің өсу есебінен жүзеге асты.
Интеграциялық үрдістер де, алдымен жаһандумен қамтамасыздандырылады. Айқын дәлел ретінде, Еуропалық Одақ моделін келтіруге болады. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан кейін, осы интеграциялық үрдістер алдымен ішкі мемлекеттік шекараларды бұзып, экономиканы, содан кейін басқа да салаларды жаулап алды. [4, с. 156]
Оған қоса халықаралық қатынастардың даму тенденцияларының негізгілеріне келесілерді жатқызады:
- Әлемдік экономика мен саясаттағы халықаралық институттар мен механизмдердің ролінің артуы (ХВҚ, ХДБ және т. б. ) ;
- Еуропа, Азия-Тынық мұхит аймағы, Африка және Латын Америкасындағы аймақтық және субаймақтық интеграцияның дамуы;
- Аймақтық державалардың әскери-саяси бәсекелестігі;
- Сепаратизм, халықаралық терроризм, этноұлттық және діни экстремизмнің өсуі.
Жалпы қылмыстылық 80 ж. Бастап жыл сайын 5 %-ға өсуде. Жаңа заманның тенденциясы бұл - қылмыстың ұйымдасқан түрі мен трансұлттық қылмыскерліктің өсуі. Қазiргi кезде әлемде таралған қылмыстардың өте қауiптi түрі халықаралық терроризм. Тек 90 ж. террористік ұйымдар мен экстремисттік бағыттағы топтардың саны 500 жуық болды. Он жыл ішінде олар халықаралық терроризмнің 6500 актісін ұйымдастырды. Мұндай лаңкестіктің нәтижесінде 5000 адам қаза тауып, 11000-нан астам адам жарақат алды. Террористтердің қолдарынан Джон және Роберт Кеннеди, Альдо Моро, Индира және Раджив Ганди, Мартин Лютер Кинг сынды мемлекеттік және саяси қайраткерлер қаза тапты. Оған қоса АҚШ-тағы 2001 ж. 11 қыркүйекте өткен террористік әрекет бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, барлық мемлекеттердің қауіпсіздікке байланысты ұстанымдарын қайта қарауға әкеп соқтырды.
Адамзат баласы XX ғасырдың екiншi жартысында шын мәнінде жаһанды масштабтағы мәселелермен жүздесті. Яғни бұл үдерістер, қоғам мен табиғат, адам мен қоршаған орта, әлеуметтік орталар - халықтар, ұлттар және мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттесулерді қамтиды.
Соңғы он жылдықтарда әлемдегi экологиялық ахуал кенет нашарлап кетті. Табиғи ортаны және оның ластануына адамдар қызметтiң әсерi қиратушы, бiр қатар жағдайдаларда қайтымсыз сипат алды. Табиғи қорлардың тиімсіз жұмсалуы ғаламшардың табиғи потенциалына болып көрмеген қауіп-қатер төндірдi. Әлемдегi халықтың тез өсуi, адамдар массаларының керектi азықтар өндiрiстiң тиiстi үлкеюiнің және қамтамасыз ету шарттарының орындалмауы сәйкестенбейді. Әлемдегі бай мен кедей тап арасындағы жіктің өсуі, планетадағы экологиялық және демографиялық проблемалардың шешілуіне бірқатар қиындықтар туғызады. Адам баласы үшiншi мыңжылдықтың қарсаңыда жаңа әлемдік проблемаларды басынан кешіктіруде. Трансұлттық қылмыс, халықаралық терроризм, есірткілердің заңсыз айналымы бүгінгі күнде дүниежүзінің әр түрлі елдер мен аймақтардың азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Бұл мәселелердің барлықтарында келесі ортақ ерекшеліктер бар:
- Олар жаһандық сипатқа ие, яғни бұл мәселелер барлық мемлекеттердің мүдделерінің ажырамас бөлшектері;
- Адамзат баласының болашағына зор қауіп-қатер төндіреді;
- Бұл мәселелер мен проблемалар дереу шешім табуды қажет етеді;
- Олар барлық мемлекеттердің, яғни ұжымдық әрекеттердің орындалуын талап етеді.
Қазіргі таңда халықаралық преблемаларды келесідей топтастыруға болады:
Қоршаған орта. Адамдарды қоршаған ортаның нашарлауы оның барлық компоненттеріне өз әсерін тигізді: атмосфера және климат, су ресурстары мен Әлемдік мұхит, Жердің топырақ қабаты мен оның құнарлығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
Энергетикалық қамтамасыз ету. Адамзат баласының тарихында энергиямен қамтамасыз етудің мәселесі алғаш рет пайда болған жоқ. Өз уақытында көптеген мемлекеттер ағаштың сарқылуына байланысты отын дағдарысын басынан кешірген. Алайда проблеманың мәні мен негізі келесі факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, минералды отын өндiрiсiнiң табиғи-географиялық шарттарының нашарлауындағы жалпы алғанда, геологиялық барлау және өте алыс жердегi энергия жұқтырушыларының тасымалдауына шығындардың түбегейлi өсу салдарлары.
Екіншіден, әлемнiң энергетикалық қорлардағы қажеттiліктердi қанағаттандыру көбiнесе экстенсивтi жолымен өтті - яғни, айналымға жаңа энергетикалык қорлардың көлемдерiн тарту жолымен жүзеге асырылды. Осылайша кез-келген отын немесе энергия көзі үнемсіз, қалай болса солай өңделіп, жұмсалды.
Үшіншіден, әлемдегi энергияны тұтыну масштабтардың кеңейуімен табиғи ортаның ластануы да кенет өстi.
Азық-түлiк қауiпсiздiгi. Тұрғындардың үлкен массаларының ашаршылықтың периодты жарқ етулерi, созылмалы жеп бiтiрмеу, азық-түлiктiң тапшылығына әкеп соғады.
Демографиялық жылжулар. Жаһандық мәселелер, жоғарыда көрсетілгендей, демографиялық ахуалмен тығыз байланысты. Халық санының өсуі, оның құрылымы мен динамикасындағы өзгерістер, қоршаған ортаға, табиғи ресурстардың жағдайына, энергетикалық қамтамасыз етуге, азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей өз әсерлерін тигізеді.
Жаппай қыру, ядролық және т. б. қарулар. Жаңа соғыс қаруларының пайда болуы мен дамушы мемлекеттердің ядролық қаруға қол жеткізуі ғаламдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, оның кепілін беруін қиындатады.
Аймақтық және жергілікті қақтығыстар. Мұндай проблемалар жаппай адамдардың қырылуына ғана емес, босқындар мәселесіне де әкеп соғады. Қақтығыстар көп жағдайларда гуманитарлық катастрофаларға ұласып кетеді.
Ғаламдық мәселелердiң шешiмiн табуда халықаралық ынтымақтастықтың тиiмдiлiгi, көпшiлiгiнде халықаралық жағдайдың ортақ күйiнен тәуелдi болатын негiзiнен халықаралық қатынастардың өзінен тікелей байланысты. Әлемнің түкпір-түкпірінде жергілікті және аймақтық қақтығыстар жалғасуда. Азаматтық соғыстардың қаупі де әлі сақталуда. Яғни, бір сөзбен айтқанда адмзат баласының алдында әлі де көптеген қиындықтар мен шешілмеген мәселелер бар. XXI ғ. Басында жалпы ғаламдық проблемалар мен халықаралық тұрақтылықтың проблемалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Әлемдік қауымдастық жаһандық қауіпсіздікті қажет етіп отыр, алайда тек саяси мен әскери қауіпсіздікті ғана емес, оған қоса экологиялық, экономикалық және әлеуметтік. [5, с. 17-47]
II-тарау Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатынының басымды бағыттары
2. 1 Қытай Халық Рспубликасы мен Ресей Федерациясы:бәсекелес, әлде одақтас?
Бүгінгі таңда Қытай-Ресей қарым-қатынастарының айқын сипаты - тұрақты, әрі тығыз әріптестікке қарай бағытталған. Бұл аймақтағы белгілі бір геосаяси факторлармен түсіндіріледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz