Ұлттық банк ақша - несие саясатының ерекшеліктерін талдау



Кіріспе
ΙΙ. ҰЛТТЫҚ БАНК АҚША . НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттері, мақсаты
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктер өтімділігін реттеудегі рөлі
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша.несие саясаты және оның 2009.2010 жылдарын арналған негізгі бағыттары
2.4 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта және төлем жүйесін реттеудегі рөлі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік – экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам еді. Ұлттық ақша бірлігін енгізу қазіргі кездегі отандық банк жүйесінде қол жеткен экономикалық табыстардың негізін қалады.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдірістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді. Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе – теңдік болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі.
Қазақстан макроэкономикалық тепе - теңдікті қамтамасыз ететін монетарлық факторлардың арқасында тұрақтылыққа жетті. Ұлттық банктің қазіргі күнгі жүргізіп отырған ақша - несие саясаты инфляцияның болжалды деңгейін ұстап тұру үшін ақша - несие саясаты шараларының тиімділігін арттыру, валюталық реттеу мен бақылауды қамтамасыз ету, төлем жүйелерінің жоғары технологиялық деңгейде жұмыс істеуі, тұтастай қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамазыз етуге жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешуге бағдарланған. Осы міндеттерді шешу мақсатында қабылданатын шаралардың ақша нарығының жай - күйіне әсер етуін одан әрі күшейту, ақша - несие саясатының әр түрлі құралдары бойынша ставкаларды келісу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Бұл ретте қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай - ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін стерильдеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері болып қалады.
Қаржы секторының тұрақтылығы мен тұрлаулылығына қажетті жағдайлар туғызу міндеті арнайы орган Қаржы қадағалау агенттігіне жүктелгеннен бері Ұлттық Банктің басты мақсаты – инфляцияны қалыпты деңгейге ұстап тұру болып табылады. Осы орайда Ұлттық банкке елімізде бағаны тұрақтандыру жөніндегі барлық өкілеттік берілді ақша - несие саясаты және қаржы секторын дамыту саласында Үкіметтің, Ұлттық Банктің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің негізгі күш - жігері инфляциялық үдерістерді реттеудің тиімділігін арттыруға және қаржы секторын дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана//Каз.правда, 1997г , 21 октября.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандагы № 1271 Жарлығы
4. Қаржы рыногы мен каржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және
қадағалау туралы 2003 жылгы 4 шілдедегі № 474 - ІІ Қазакстан
Республикасының Заңы
5. Закон РК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня
2005 года № 57-Ш ЗРК
6. «Қазакстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы
7. Основные направления денежно - кредитной политики Национального Банка на 2003-2005 годы, одобрены Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 ноября 2002 года за №459
8. Основные направления денежно-кредитной политики на 2005-2007 годы, одобрены Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от «29»января 2005 года №10
9. Қазақстан Республикасы - ХВҚ миссиясының алдын ала тұжырымдары, IV бабына сәйкес консультация
10. Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндама
11. Банковская система Республики Казахстан за 10 лет, Алматы, 2005г.
12. Жуков Е. Банковское дело. Учебное пособие, М, 2006г.
13. Моисеев С. Денежно-кредитная политика. М, 2005г.
14. Шевчук Д. Деньги, кредит, банки. М, 2006г.
15. Годовой отчет НБ РК за 2008г. - Алматы, 2009г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

ΙΙ. ҰЛТТЫҚ БАНК АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттері, мақсаты
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктер
өтімділігін реттеудегі рөлі
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты және оның
2009-2010 жылдарын арналған негізгі бағыттары
2.4 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта және төлем жүйесін
реттеудегі рөлі

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы тәуелсіз
республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Ол
еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік –
экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам еді. Ұлттық
ақша бірлігін енгізу қазіргі кездегі отандық банк жүйесінде қол жеткен
экономикалық табыстардың негізін қалады.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық
жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық
үдірістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді. Елдің
экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы
мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
Макроэкономикалық тепе – теңдік болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы
ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі.
Қазақстан макроэкономикалық тепе - теңдікті қамтамасыз ететін
монетарлық факторлардың арқасында тұрақтылыққа жетті. Ұлттық банктің
қазіргі күнгі жүргізіп отырған ақша - несие саясаты инфляцияның болжалды
деңгейін ұстап тұру үшін ақша - несие саясаты шараларының тиімділігін
арттыру, валюталық реттеу мен бақылауды қамтамасыз ету, төлем жүйелерінің
жоғары технологиялық деңгейде жұмыс істеуі, тұтастай қаржы жүйесінің
тұрақтылығын қамтамазыз етуге жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешуге
бағдарланған. Осы міндеттерді шешу мақсатында қабылданатын шаралардың ақша
нарығының жай - күйіне әсер етуін одан әрі күшейту, ақша - несие
саясатының әр түрлі құралдары бойынша ставкаларды келісу жөніндегі жұмыс
жалғастырылуда. Бұл ретте қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің,
сондай - ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін стерильдеудің негізгі
құралдары екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді
ноталары мен депозиттері болып қалады.
Қаржы секторының тұрақтылығы мен тұрлаулылығына қажетті жағдайлар
туғызу міндеті арнайы орган Қаржы қадағалау агенттігіне жүктелгеннен бері
Ұлттық Банктің басты мақсаты – инфляцияны қалыпты деңгейге ұстап тұру болып
табылады. Осы орайда Ұлттық банкке елімізде бағаны тұрақтандыру жөніндегі
барлық өкілеттік берілді ақша - несие саясаты және қаржы секторын дамыту
саласында Үкіметтің, Ұлттық Банктің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау агенттігінің негізгі күш - жігері инфляциялық
үдерістерді реттеудің тиімділігін арттыруға және қаржы секторын дамытудың
тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

ΙΙ. ҰЛТТЫҚ БАНК АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттері, мақсаты

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске
асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша - несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай негізгі
функцияларды орындайды:
* мемлекеттік ақша - несие саясатын жүргізеді;
* республика аумағында банкноталар мен монеталарды эмиссиялайды;
* банктердің банкі функциясын жүзеге асырады;
Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдар үшін банк, қаржы жөніндегі кеңесші
және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
* төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
* валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
* мемлекеттің алтын валюта активтерін басқарады;
қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың
Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді
және басқасын жүзеге асырады.
Жоғарыда атап өткендей, Ұлттық Банктің басты міндеттерінің бірі -
мемлекеттің ақша - несие саясатын әзірлеу және жүргізу. Осы саясатты
жүргізу мақсатында ол келесі шараларды орындайды:
ақша нарығының жалпы жай - күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен
ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми
қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;
жүзеге асырылатын ақша - несие саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы
нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша- несие саясатының
негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;
ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және олардың
орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
инфляциялық процестерді ақша – несие реттеудің жанама әдістерімен тоқтату
мүмкін болмаған ерекше жағдайларда, жекелеген салаларды ынталандыру және
олардың дамуын ұстап тұру мақсатында кредиттеудің лимиттерін белгілейді,
олар бойынша сыйақы ставкаларын
тоқтатып қою, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша
ең жоғарғы ставкаларды белгілеу және кредиттің нақты түрлерін тікелей
реттеу арқылы операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне
тікелей сандық шектеу қояды;
ақша – несие саясатының қабылданған бағдарларын сәйкес банктердің Ұлттық
Банктен қарыз алудың жалпы көлемін реттейді, сондай – ақ банктерге берілген
заемдарды тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен
лимиттерін айқындайды;
валюта нарығындағы басымдықты, сондай – ақ ішкі валюта нарығындағы шетел
валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы жүзеге
асырады;
мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар –
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай –
ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және
өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;
жүзеге асырылатын ақша – несие саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа
бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта
есепке алуды жүргізеді, сондай – ақ коммерциялық вексельдерді қайта есепке
алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта есепке
алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді. [ 8 ]
Ақша - несие саясаты инфляцияның болжалды деңгейін ұстап тұруы үшін
ақша – несие саясаты шараларының тиімділігін арттыру, валюталық реттеу мен
бақылауды қамтамасыз ету, төлем жүйелерінің жоғары технологиялық деңгейде
жұмыс істеуі, тұтастай қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешуге бағдарланған.
Ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарының эмитенті функциясын
іске асыру мақсатында Ұлттық Банк төмендегі шараларды іске асырады:
• Президент бекіткен тұжырымдама негізінде банкноттармен монеталар
номиналдарының құрылымын, дизайнын, сондай – ақ банкноттар мен
монеталардың қажетті санын айқындайды және олардың дайындалуын қамтамасыз
етеді;
• Банкноттар мен монеталарды айналысқа оларды жеке және заңды тұлғаларға
сату арқылы шығарады, олардың айналысын ұйымдастырады және айналыстан
шығарады;
• Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу тәртібін
айқындайды; бұрын қолданыста болған банкноттар мен монеталардың төлемге
жарамдылығын және айырбасталуын айқындау, оларды айналыстан алу, сақтау
және жою тәртібін белгілейді;
• Қолма – қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтау,

• тасымалдау және инкассациялау ережесін белгілейді, банкноттар мен
• монеталарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге
қатысады, банкноттар мен монеталардың резервтік мемлекеттік қорларын
құрады.
Ұлттық Банктін атқаратын келесі функциясы – банктердің банкі функциясы
жүзеге асыру мақсатында Ұлттық Банк келесі шараларды жүзеге асырады:
• Қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
• Ұлттық Банкте ашылған банк шоттарының иелеріне бір жылдан
аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы
қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген кредиттер
береді;
екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады,
соған байланысты оларға банк Басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге
қамтамасыз етілген, сол сияқты қамтамасыз етілмеген кредиттерді ұлттық және
шетел валютасымен береді;
ақшаның қате аударылу фактісі анықталған жағдайда оны клиенттің банк
шотынан алуға құқығы бар, клиенттің ақшаны банк шотынан акцептемей алуға
берген келісімін растайтын құжаттар болған жағдайда, оның банк шотын
дебеттеуге құқылы;
Банк Басқармасы айқындайтын тәртіппен және шарттармен банктерге және басқа
ұйымдарға берілген кредиттер бойынша олардың Банк алдындағы берешектерінің
қайта құрылымдайды.
Келесі міндеті - Үкіметтің банк, қаржы жөніндегі кеңесшісі, агенті
функцияларын жүзеге асыру және Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға,
олармен келісе отырып өзге де қызмет көрсету мақсатында төмендегі шараларды
жүзеге асырады:
Үкімет қаражатын орналастырады, Үкіметтің шоттары бойынша төлемдер жасайды
және өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да
қызметтер көрсетеді;
бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазынашылық
комитетінің және Астана, Алматы қалалары бойынша Қазынашылық
департаменттерінің бірыңғай қазынашылық шотына, шетел валютасындағы
шоттарына қызмет көрсетеді;
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік қарыз алу
саясатын әзірлеу және іске асыру, мемлекеттің ақша - несие саясатына
байланысты мәселелері бойынша бюджет саясатын қалыптастыру жөніндегі
ұсыныстарын қарайды;
Үкіметпен келісе отырып, оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге
қатысады;
Үкімет шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен
операцияларды жүзеге асырады;
мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Үкіметтің мемлекеттік борышын
өтеудің ай сайынғы көлемін, олардың банк жүйесінің өтімділігіне

ықпалын және акша - несие саясатының басымдықтарын есепке ала отырып,
Үкіметтің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы
орналастыруға қаржы ұйымдарын жіберу шарттарын келіседі;
бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып,
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының
айналысын реттеуді жүзеге асырады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотта және басқа ұйымдарда сенімхат бойынша
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын
мемлекеттік органның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
* заемшыларға кредиттер жіберуді жүзеге асырады.
Үкіметтің банк, қаржы жөніндегі кеңесшісі, агенті бола отырып Ұлттық Банк
мемлекеттің халықаралық резервтерін, атап айтқанда алты - валюта резервтері
мен Ұлттық қор активтерін басқару қызметін атқарады.
Ұлттық Банктің Үкіметтен басқа да клиенттеріне кастодиандық, брокерлік
және басқа да қызмет көрсете алады. 2006 жылы ол Мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қоры АҚ-на және Қазақстан Даму Банкі АҚ-на кастодиандық қызмет
көрсетуді жалғастырды.
2006 жылдың ішінде Ұлттық Банк Қазақстан Даму банкі АҚ-на брокерлік
қызмет көрсетуді жалғастырды. Бұдан басқа, 2006 жылғы тамыз бен қазанда
Ұлттық Банк тиісінше Ұлттық инновациялық қор АҚ-на және Қазақстанның
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-на брокерлік қызмет көрсетуді жүзеге
асыра бастады. Бұл ретте Ұлттық инновациялық қор АҚ-ның және
Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-ның бұрын Ұлттық Банктің
сенімгерлік басқаруында болған барлық бағалы қағаздары брокерлік қызмет
көрсетуге аударылды.
Ұлттық Банк 2005 жылы Казақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
АҚ, Қазақстан ипотекалық компаниясы АҚ, Ұлттық Процессинг орталығы АҚ,
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры АҚ, Экспорттық кредиттер мен
инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы
АҚ, Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс
жинақ банкі АҚ, Ұлттық инновациялық қор АҚ, Қазақстанның ипотекалық
кредиттерге кепілдік беру коры АҚ және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қоры АҚ-на қызмет көрсетуді жалғастырды. [ 9 ]
Ұлттық Банктің атқатарын келесі функциясы - төлем жүйелерінің жұмыс
істеуін ұйымдастыру. Осы максатта келесі міндеттер іске асырылады:
• төлем жүйелерін ұйымдастырады, үйлестіреді, реттейді, сондай - ақ
олардың жұмыс істеуін қадағалауды жүзеге асырады:
• төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін, төлемдерді
және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін колдану ережелері мен
ерекшеліктерін, төлем нұсқауларының мазмұнына койылатын негізгі
талаптарды белгілейді;
• қолма – қол ақшаны пайдалан отырып төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен
шарттарын белгілейді;
• банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық - техникалық кұралдарға
қойылатын талаптарды белгілейді;
• өз құзыреті шегінде халықаралық төлемдер жүйесін ұйымдастыруға қатысуға
кұқылы;
• банк шоттарының түрлерін және құқықтық режимін, шоттарды ашу, пайдалану
және жабу тәртібі мен шарттарын белгілейді;
• банк операцияларын жүргізген кезде электрондық банк кызметін көрсету
ережесін белгілейді;
• төлем жүйелерінің республика аумағында жұмыс істеуінің тиімділігін
және сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құкықтық
актілерді қабылдайды.
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды жүзеге асыру мақсатында
Ұлттық Банк мыналарды жүзеге асырады:
• төлем жүйелерін ұйымдастыруға және жұмыс істеу шарттары мен тәртібін
айқындайтын нормативтік құкықтық актілер қабылдайды;
• төлем жүйелерінің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асыруға және оны
жүргізудің тәртібін белгілейді;
• төлем жүйелерінің
• ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексереді;
• төлем жүйелерінің қатысушылары мен операторларынан ақпарат алады;
• Ұлттык Банкінің нормативтік кұкықтық актілеріне сәйкес төлем жүйелері
қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта жұмыс істейтін Қазақстанның төлем жүйелері тұрақты және
тиімді түрде қызмет жасайды және төлемдер жүргізудің жоғары деңгейдегі
қауіпсіздігімен ерекшеленеді.
Қазақстанның төлем жүйелерін Еуропалық Одақтың стандарттарына
жақындату мақсатында Ұлттык Банк 2006 жылы банктердің өздерінің
клиенттеріне тағайындайтын банктік шоттарының кұрылымын реформалау жұмысын
жалғастырды. Осы жұмыстарды жүргізу шеңберінде шоттың жаңа кұрылымы, шоттың
жаңа бірыңғай кұрылымына өту мерзімі және тәртібі әзірленді. Халықаралық
төлем жүйелерін кұру саласында Мемлекетаралық банкпен жалпы төлемдік - есеп
айырысу жүйесін құруға қатысты өзара іс -әрекет жөніндегі жұмыс жалғасты.
Осы жүйені құрудың және жұмыс істеуінің негізін қалайтын кұжаттар келісілді
және Мемлекетаралык банкке катысушы мемлекеттердің төлемдік - есеп айырысу
жүйесінің пилоттық жобасын іске қосуға байланысты негізгі мәселелер
пысықталды.

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі
банктер өтімділігін реттеудегі рөлі

Қазақстанда банктік қызметті қадағалау мен реттеу тәжірибесінде тікелей
әкімшілік және жанама экономикалық әдістер қолданылады. Мұндай әдістердің
қатарына жататындар:
▪ Пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің міндетті
нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса
күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;
▪ Банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті
актілерді шығару;
▪ Банк қызметтерін тексеру;
▪ Банктің каржылык жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру;
▪ Бар кемшіліктерді жою жөніндеп міндеттеме хатты талап ету, бұйрық
хат және т.б. шектеу шараларын банктерге қолдану;
▪ Банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау
шараларын қолдану;
2004 жылдан бастап қаржылық ұйымдар, соның ішінде екінші деңгейлі
банктер қызметін қадағалау мен реттеу өкілеттігі Қаржы рыногын қадағалау
және реттеу жөніндегі Агенттікке жүктелді. Сол кезден бастап Ұлттық Банк
қызметі орталық банктің классикалық функцияларын атқаруға бет бұрды. Ұлттық
Банктің реттеу функциялары республиканың қаржы жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге ықпал жасауға бағытталады.
Бүгінде Ұлттық Банк қаржы ұйымдарының қызметін лицензиялау, бақылау
және қадағалауды жүзеге асыру, сондай - ақ олардың қызметін реттеу
мақсатында төмендегі міндеттерді іске асырады:
- қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар береді;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық
клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензия
береді;
- инкассация бойынша операцияларды Ұлттық Банк лицензиясы негізінде
жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай - ақ қызметінің ерекше түрі шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды
тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін және калыптасу
тәртібін белгілейді;
- қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әділет органдарында
мемлекеттік тіркелуге рұқсат береді;
- заң актілерімен белгіленген жағдайда, уәкілетті органға уәкілетті
органның банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша лицензия беру
мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай - ақ осындай қорытындыны беру
талаптарын және тәртібін айқындайды;
- заң актілерімен көзделген жағдайда мемлекеттік органдардан,
ұйымдардан және азаматтардан өзінің бақылау және қадағалау функцияларын
жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алады;
- басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарымен, орталық банктерімен
және қадағалау органдарымен ынтымақтастықта болады және өздері бақылау
функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратпен алмасуға құқылы;
- заң актілерінде айқындалған өкілеттігі шегінде банк кызметі, ақша
төлемдері және аударымы, валюталық операцияларды жүзеге асыру және өзге де
мәселелер бойынша барлық банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттері орындауға міндетті
нормативтік кұқықтык актілер шығарады, сондай - ақ олардың сақталуын
қадағалауды жүзеге асырады;
- барлық қаржы ұйымдары орындауға міндетті бухгалтерлік есеп және
бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша нормативтік
кұқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай - ақ Ұлттық Банк
лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есеп және каржылық есептілік және
бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылауды
жүзеге асырады;
бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру жүйелеріне койылатын талаптарды
барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның ішінде уәкілетті
органдардың кызметкерлерін тарта отырып жүргізілген тексерулер арқылы
жүзеге асырады;
- мынадай банк операцияларын жүргізу тәртібін айқындайды: банктердің
және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғаларға
тиесілі тазартылған қымбат металдардың нақты саны көрсетілетін осы
тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу; кассалық операциялар; аударым
операциялары; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның
ішінде корреспондент банктердің банктік шоттары жөніндегі тапсырмалары
бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейф
операциялары; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталарды және
кұндылықтарды инкассациялау; шетел валютасында айырбастау операцияларын
ұйымдастыру; чек кітапшаларын шығару; аккредитивті ашу (кою) және растау
және ол бойынша міндеттерді орындау;
* банктерде операциялар жасауға сенімхат беру тәртібін белгілейді;
тиісті уәкілетті органдардың келісімі бойынша банктер мен банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй - жайларын
күзету және кұрылысын ұйымдастыру жөніндегі орындалуы міндетті талаптарды
белгілейді;
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін реттеу жөніндегі
уәкілетті органмен келісе отырып каржылық есептіліктің халықаралық
стандарттарымен реттелмеген және оларга кайшы келмейтін мәселелер бойынша
бухгалтерлік есептің стандарттарын, сондай - ақ оларға әдістемелік
ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
уәкілетті органның келісімі бойынша заң актілерінде көзделген жағдайларда,
қаржы ұйымдарының және олардың аффилиирленген тұлғаларының каржылық
есептіліктерінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тізбесін және
нысанын, сондай - ақ ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілейді;
егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерін және аударымдарын
реттеу мақсатында Үкімет келісімі бойынша банктер, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және барлық шаруашылық
субъектілері жүзеге асыратын банк шоттары бойынша төлем жасау кезектілігін
белгілеуге құқылы;
банктердің операциялары мен мәмілелерінің жекелеген түрлері бойынша сандық
шектеулерді белгілейді;
банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға олар банк қызметі, есепке алу, ақша төлемдері мен аударымдары,
валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерді бұзған жағдайда өз құзыреті шегінде ықпал ету шараларын
және банктік және валюталық заңнамада көзделген санкцияларды қолдану
тәртібін айқындайды және қолданады. Банктерге және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыреті шегінде санкциялар
колданған кезде Ұлттық Банк бұл жөнінде уәкілетті органга хабарлайды;
лицензиаттарға банктік және валюталық заңнаманы бұзғаны үшін өз кұзыреті
шегінде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады.
Ұлттық банкінің айналыстағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын
қызметтері екінші деңгейлі банк қызметтерін реттеудің экономикалық
әдістеріне (несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар)
жатады. Банктік қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек
және тезірек болып келеді. Екі деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге
экономикалық әдістердің басым болуы тән. Нарықтык экономикасы дамыған
елдердің барлығы да негізінен осы әдістерге сүйенеді. [ 15 ]
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы сәуірде жүргізген
Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы тұрақты тексеру
нәтижелері 2010 жылғы 1 - тоқсанда банк жүйесіндегі өтімділік деңгейінің
қалпына келтірілгеніне және кредит портфелі сапасының нашарлағанына
қарамастан, банктердің заемшылардың жалпы экономикалық салалық және жеке
тәуекелдерінің сақталуына байланысты айтарлықтай қатаң кредит саясатын
жүргізуін жалғастырып отырғанын көрсетіп отыр Сондай - ақ корпоративтік
сектор және сондай - ақ жеке тұлғалар тарапынан кредиттік ресурстарға
сұраныстың кейбір өсуі байқалды. Корпоративтік сектор заем қаражатын
айналым қаражатын толықтыру және бұрын алынған кредиттерді қайта құрылымдау
үшін тартуын жалғастырып отыр. Бөлшек кредиттеу сегментінде банктер
ипотекалық заемдарға қарағанда, тұтынушылық кредиттеуге біршама көбірек
басымдық береді.

40

1 сурет - Несиелік ресурстарға сұраныстың өзгеруі

2 сурет - Несие саясатының өзгеруі

Сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі 2009 жылғы 4-
тоқсандағы 30%-дан 2010 жылғы 1-тоқсанда 48%-ға дейін өсті.
Сұраныстың өзгермегенін респонденттердің 52% атап өтті. Осы өсу біршама
деңгейде корпоративтік сектор өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру
қажеттілігімен және салдарынан айналым қаражатын қаржыландыру және болып
отырған Борыштарды қайта құрылымдау қажеттілігімен туындады. Сонымен қатар,
сұраныстың ұлғаюы негізінен мемлекеттің шағын және орта бизнес
субъектілерін айтарлықтай нарықтық үлесі бар ірі банктер арқылы қолдау
жөніндегі дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде бөлінетін қаражатқа
шағын және орта бизнес тарапынан байқалып отыр. Бұл ретте дағдарысқа қарсы
бөлінетін кредиттік ресурстарға қойылатын талаптарды банктер меншікті
кредиттік өнімдермен салыстырғанда неғұрлым тартымды ретінде қарастырады,
бұл мемлекеттік бағдарламаларға қатысушы банктерді бәсекелестік
артықшылықтармен қамтамсыз етеді.
2 сурет. Кредиттеу ниетінің өсуін белгілеген банктердің санының
ұлғаюының тұрақты үрдісін болған кезде, сонымен бірге бұрынғы қатаң кредит
саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 85% кредит саясатын
бұрынғы деңгейде қалдырды, банктердің 12%-ы кредит саясатын шамалы
жұмсартты.
2010 жылғы 2 - тоқсанда банктер кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы
өсу үрдісін күтеді. Сауалнама жүргізілген банктердің 52% жуығы кредиттік
ресурстарға сұраныстың өсуін күтеді, ал 48% ол өзгеріссіз қалады деп
болжайды.
Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер
сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 90%
қолдады. Бұл ретте банктер кредиттер берудің баға талаптарының айтарлықтай
өзгерістерін болжамайды: стандартты кредиттер бойынша маржа деңгейінің
сақталуын респонденттердің 82% жуығы атап өтті және банктердің 81%
кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны өсіруді жоспарлайды.
2010 жылғы 1 - тоқсанда ипотекаға сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген
респонденттердің үлесі 24% құрады, бұл 4-тоқсанға қарағанда шамалы жоғары
17 %. Сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталуын растаған респонденттердің үлесі
62 % құрады. Тұтынушылық кредитке сұраныстың ұлғаюын атап өтке
3 сурет - Несиелік сұраныстың өзгеруі (тұтынушылық несиелеу)

респонденттер үлесінің айтарлық өсуі байқалып отыр – өткен кезеңдегі 19%дан
талдау жасалып отырған кезеңдегі 48%-ға дейін.
Ипотекалық несиелеу сегментінде шектеулі сұранысқа жылжымайтын мүлік
нарығын дамытудағы шиеленіс факторлары және кейбір айқын еместік, сондай -
ақ халықтың борышқа қызмет көрсету қабілеттігіне сенімсіздігі ықпал етуін
жалғастырып отыр. [ 14 ]
Тұтынушылық несиелеу нарығындағы негізгі белсенділікті кейбір шағын
және орташа банктер көрсетіп отыр. Осы банктер салынған капиталдың жылдам
айналымдылығымен қамтамасыз етілетін тұтынушылық несиеу нарығын зор ынтамен
кредиттейді. Тұтынушылық несиелеудің негізгі үлесі ағымдағы қажеттіліктер
үшін берілетін қысқа мерзімді сомалары бойынша және шектеулі несиелерге
тиесілі. Осы ақшаның мақсаты пәтер жөндеуге, тұрмыстық техника, жиһаз және
басқалары сатып алуға байланысты.
Ірі банктердің бөлшек несиелеу нарығына қатысуы шамалы байқалады.
Несиелеу негізінен жалақы жобалары, сондай - ақ оң кредиттік тарихы бар
бұрынғы заемшылар шеңберінде жүзеге асырылады.
Тұтынушылық несиелеу бойынша сұраныстың өсуін неғұрлым оңтайлы бағалау
респонденттердің 68% жуығы ипотека бойынша респонденттердің 33% қарағанда
шамалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Төлем балансы және оның мәні
Қазақстан Республикасының несие саясаты және ондағы банктердің атқаратын ролі
Ақша-несие саясаты жайында
Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Депозит
Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттары мен ресурстары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Пәндер