Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы



1. ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ДАМУЫ ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ
2. ТІЛДІҢ ШЫҒУ ПРОБЛЕМАСЫН ҚАРАСТЫРУ ТАРИХЫНАН МӘЛІМЕТ
3. ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ МАРКСИСТІК ТЕОРИЯ
Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірінен ажыратып алу кажет: оның бірі — жалпы адам баласы тілінің (речь) шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі - жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі, франңуз тілі немесе қазақ тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені (проблеманы) бір-бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға - адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесс туыс тілдердің тобының жасалып кұрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағүрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің мысалы орыс тілінің, ағылшын тілінін немесе қазак тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінін шығуы, яғни адамдардын о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айкындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы коғамының пайда болуы тәрізді күрделі моселелермен тығыз байланысты. Осылай болғандықтан бұл мәсслелерді бірін екіншісіне байланыстырмай, жеке-дара күйінде алып қарастыру да, тыңғылықты түрде шешу де мүмкін емес. Тілдің о баста шығу проблемасын зерттеп шешу тарих пен лингвистика ғылымдарының ғана емес, сонымен бірге философия мен психологияның, археология мен этнографияның, физиология мен антропология ғылымдарының және жалпы матерналдық мәдениет тарихының мәліметтері мен деректері, есепке алып, кең түрде пайдалануды талап етеді.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ДАМУЫ ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ
Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі
проблеманы бір-бірінен ажыратып алу кажет: оның бірі — жалпы адам баласы
тілінің (речь) шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді
қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі - жеке, нақтылы тілдердің,
мысалы, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі, франңуз тілі немесе
қазақ тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені (проблеманы)
бір-бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда
болуы сонау көне заманға - адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу
заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке
нақтылы тілдердің немесс туыс тілдердің тобының жасалып кұрылуы жалпы
адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағүрлым бертінгі дәуірлерде
болған. Нақтылы, жеке тілдердің мысалы орыс тілінің, ағылшын тілінін немесе
қазак тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих
пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы
адамзат тілінін шығуы, яғни адамдардын о баста сөйлеп үйренуі туралы
проблеманы қарастырып айкындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық
зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы
адамның пайда болуы және адам баласы коғамының пайда болуы тәрізді күрделі
моселелермен тығыз байланысты. Осылай болғандықтан бұл мәсслелерді бірін
екіншісіне байланыстырмай, жеке-дара күйінде алып қарастыру да, тыңғылықты
түрде шешу де мүмкін емес. Тілдің о баста шығу проблемасын зерттеп шешу
тарих пен лингвистика ғылымдарының ғана емес, сонымен бірге философия мен
психологияның, археология мен этнографияның, физиология мен антропология
ғылымдарының және жалпы матерналдық мәдениет тарихының мәліметтері мен
деректері, есепке алып, кең түрде пайдалануды талап етеді.
Тілдің шығуы туралы мәселе тіл білімінің ең күрделі және өте-мөте
принципті мәселелерінің бірі болып саналады. Бұл мәселе туралы әр түрлі
жорамалдар мен пікірлер де ертеден бері айтылып келеді. Мұның өзі түсіиікті
де. Адамның тілсіз өмірі жоқ. Тіл адамдардын өмірінің барлық саласында,
олардың күллі іс-әрекетінде колданылады. Ол - адам баласы коғамкмеи бірге
жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тіл - адамдардың ертеден бері
қолданып келген және күнделікті өмірінде колда-нып жүрген ен маңызды
қатынас құралы. Тіл жоқ жерде коғамдасып, бірлесіп енбек ету де, қоғамдық
өндірісті ұйымдастыру да, прогреске жету де мүмкін емес. Міне, сондықтан да
адамдар тілдің калай туып пайда болғандығын үлкен құштарлықпен білгісі
келеді. Бұл мәселе жайында әнгіме болса, оны зор ынтамен тыңдайды.
Тіл білімі ғылым ретінде пайда болудан көп замандар бұрын тілдің және
ойлаудың шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшыл-дардын. назарын аударған
болатын. Ғасырлар. бойында Бұл мәселе туралы философтар мен соңиологтар,
психологтар мен лингвистер түрлі-түрлі пікірлер мен жорамалдар айтып, сан
қилы байымдаулар жасап келді,
Кеңестік тіл білімі тілдін шығуы туралы мәселені зерттеуде ғылымнық
алуан түрлі салаларының деректерін пайдалана отырып, адамзаттың пайда болуы
және адам қоғамынын. пайда болуы.туралы марксистік-лениндік теорияның
кағидадарына негізделеді. Тілдің шығуы туралы марксистік көзқарасқа дейін
де, жоғарыда аталып өткеніндей, әр түрлі көзқарастар мен тео-риялар,
байымдаулар мен жорамалдар болып келді және олар қазірде де бар. Енді, сол
теориялар мен байымдаулардың тари-хына шолу жасайық.

ТІЛДІҢ ШЫҒУ ПРОБЛЕМАСЫН ҚАРАСТЫРУ ТАРИХЫНАН МӘЛІМЕТ
Адам баласы тілінің пайда болуы туралы мәселе срте замаи-дардан бері
қарастырылып келеді. Бұл мәселе жайында әр түрлі теориялар бар. Солардық
бірі дыбысқа еліктеу теориясы (немесе аноматопоэтикалық теория.) Тілдің
шығуы туралы дыбысқа еліктеу теориясының тарихы ежелгі грек философтарынан
басталады. Бұл теория, әсіресе XVIII— XIX ғасырларда кең өріс алды. Дыбыска
еліктеу теориясын ла-тын жазушысы Августин (V ғ.), неміс философы Г.
Лейбниң (1646—1716) жақтады. Бұл теория тілдің шығуын былай түсін-діреді:
алғашқы адамдар табиғаттағы дыбыстардын, мысалы, өзеннін, сылдырын,
жануарлар мен жәндіктердің дауыстарын, қүстын. сайрауын т. б. естіп,
соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарады. Бұл теория бойынша
табиғаттағы ды-быстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың
атауына айналған. Түрлі тілдерде қарқ-қарқ, мияу-мияу, гу-гу, тарс-тарс,
саңқ-саңқ, қор-қор, сықыр-сықыр, ыңқ-ыңқ тәрізді еліктеуіш сөздер және
олардан жасалған қорқылдау, мияулау, гуілдеу, тарсылдау, саңқылдау,
қорылдау, сықырлау тәрізді ту-ынды сөздер бар екені рас. Бірақ бүған қарап
тіл дыбысқа еліктеуден шықты деуге болмайды. Табиғатта дыбыс шығармай-тын
заттар да көп екені, олардың атаулары - сөздердің де мол екені белгілі.
Әрбір тілдің лексикасында еліктеуіш сөздер бол-ғаимен, қандай тілдін болсын
лексикасынык негізін олар айқын-дай алмайды, олар тіпті лексикаға негізгі
тірек те, ұйытқы да бола алмайды. Бұл теория тілдің шығуын дыбысқа
еліктеуге, тілдің пайда болуынын әлеуметтік себебін ескермейді. Дыбысқа
еліктеу теориясын жақтаушылар тілді қоғамдық құбылыс емсс, табиғат
құбылысы, табиғаттык сыйы деп қарайды. Шындығында тіл қоғамнын. жемісі,
ол қатынас жасау қажеттілігінен туған.
Дыбыска еліктеу теориясымен бірге XVIII—XX ғасырларда кен таралған
теориялардың бірі — т і л д і ң шығуынын эмоңиональды теориясы. Бұл
теорияны жақтай келіп, Ж.Ж. Руссо (1712—1778) тілдердін шығуы туралы
трактатында күштарлық дауыстың алғашқы дыбыстарын шығарды, алғашкы тілдер
үнді, сазды болып, кейінде карапайым тілдерге айналды деп жазды. Бұлай деп
тұжырымдау тілдін дамуын катс түсінуден болған. Ж.-Ж. Руссоньщ
эмоңиональды теория-сы XIX—XX ғасырларда одағай теориясына келіп ұласты.
Бұл теория бойыңша алғашкы адамдар айналадағы зат-тармен танысқанда,
өздерінін сезімдер мен алған әсерлерін сріксіз шығарылған дыбыстар -
одағайлармен білдірген. Ода-ғай теориясы бойыиша, әр түрлі эмоцияны
білдіретіи еріксіз шығарылған дыбыстар заттардык атауларына айналып, осыдан
келіп тіл пайда болған. Одағай теориясын жақтаушылардың бірі - орыс
лингвисі Д. Н. Қудрявский (1887—1920) одағайлар адамның ен, алғашқы
сөздері болды; одагайларда дыбыс, леп, мағына алғашында бір-біріне
кірігіп, кейін де одағайлардын сөзге айналу барысында дыбыс пен мағына бір-
бірінен ажырасты деп тұжырымдайды.
Бұл теорняның кате екендігГмынада: одағай теориясын жақ-таушылар
тілдін шығуы туралы мәселені тілдін экспрессивтік қызметіне апарып тірейді
де, онын негізгі қызметі - коммуникативті қызметін ескермейді. Бұл теория
тілдің коғамдық табиғатына мән бермейді. Тіл-тілдегі одағайлар әр түрлі
эмоңияны білдіреді, бірақ одағайлар олардың аты болып саиалмайды. Тіл-тілде
эмоңияны білдіретін сөздерге карағанда, эмоңияны білдірмейтін сөздер
әлдекайда көп. Мұның езі түсінікті де. Өйткені тіл эмоцияны ғана білдіріп
қоймайды, сонымен бірге, ең бастысы -қатынас құралы, пікір алысудың құралы
ретінде кызмет атқарады. Тіл пайда болғанда да катынас құралы, пікір
алысудын құралы ретінде пайда болған.
Тілдің шығуы туралы теориялардын тағы бірі — қоғамдық шарттасу
теориясы. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар сөздерді өздері өз ара келісіп
таңдап алған да, осыдан келіп тіл жасаған. Тіл туралы келісу үшін ол
адамдардың бұрыннан тілі болуы дәлелдеуді керек етпейтін ақиқат екенін
ескерсек, тілдің шығуы туралы қоғамдық шарттасу теориясынын ешбір
дәлелсіз екені өзінен-өзі анғарылады. Бул теорияны жақтаушылар тілдің
шығуында адамдардың саналы кызметі ай-рықша қызмёт атқарады деп ойлап
саналықтың өзі тілмен бірге туып, тілмен бірге дамитындығын ескермейді.
XIX ғасырда тұрпайы материалистер тілдің шығуы туралы еңбек айқайы деп
аталатын теорияны (теория трудо-вых выкриков) ұсынды. Бұл теорияны философ
Людвиг Нуаре жасады, оны Қарл Бюхер және т. б. жақтады.
Бұл теория бойынша тіл алғашкы адамдардың енбек ету кезінде шығарған
рефлексті айқайларынын, негізінде пайда бол-ған. Тілдік шығуы туралы
еңбек теориясыньш авторлары адамдардың еңбек актілерімен катар шығарған
айкайынан, ек алдымен, етіетік сөздер жасалған деп байымдайды. Бұл
теорияның қателігі сол, оның авторлары тілді катынас құралы ретінде емес,
тек қана еңбекті костаушы екінші қатардағы көмекші құрал ретінде қарап,
тілдін шығуын осы соңғы позиңия тұрғысынан түсіндіреді. Олардың тілдегі
алғашқы сөздер етістіктер еді деген көзкарасының да ешбір ғылыми негізі
жок. Еңбек процесінде шыққан рефлексті айкайлардың тілге тән ешбір
белгілері мен кызметтері жок. Олар ешбір ұғымды білдіре алмайды жә-не
қатынас жасауға қажетті кызмет те атқара алмайды
.
ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ МАРКСИСТІК ТЕОРИЯ
Адамзат тілінің пайда болу теориясының ғылыми негізін К.Маркс пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лексикология
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Сөз таптарының шығуы мен дамуы және олардың топтастырылуы
Фонетиканың зерттеу нысандары
Қазақ тілінің фонетикасы дәрістер
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
Тілдерді зерттеудің салыстырмалы-тарихи методы
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Жеке тұлға теориясы
Пәндер