Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері

Адам баласы ерте замандарда маңайындағы дүниенің жасырын сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың барлығына Құдай деп табынған. Олардың әрқайсысы туралы арнаулы әңгімелері болған. Осындай құдайлар жайлы әңгімелер ескі грек, рим халқында да көп болған.

Заман өткен сайын ақыл, білім өскен соң, ол табиғат құбылыстарының Құдай емес екендігін байқап білген. Сондықтан олар жайындағы әңгімелер бұрынғы сипатынан айырылып, кейінгі айтушылардың аузында ертегі болып кеткен. Өмірде болмайтын істер, қиялдың көтеріліп суреттеген әңгімелері деп танылған. Қазақ ертегілерінде кездесетін жалмауыз, диюлар, мыстан кемпірлер араласқан әңгімелердің барлығы да сондай қиялдың жемісі.

Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни, фольклордың көркем прозасы. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркемдік - эстетикалық рөл атқарады. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі қызметтен шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті - сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып толық ертегіге айналған. Солардың бірі - миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф - алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы жасампаз қаһармандар туралы. Олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған. Мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айырылған, құпия болудан қалған.

Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған.

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама, өзінше дамып отырады. Ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті өмірде көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнеленуіне құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. Ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классикалық ертегі адамның рухани азығы болумен қатар идеологиялық та қызмет атқарған. Ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Ертегінің композициясы қаһарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп ол белгілі бір схема бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді.

Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейіпі көбірек көрініс тапқан. Қазақ ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: жануарлар туралы ертегілер, қия-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер.

Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып зерттелуі ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысынан басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап солардың қатарында фольклор жайында жалпыға мәліметтер жариялап жүрді. Ертегілердің көбірек жиналып жарық көрген тұсы - ХІХ ғасырдың екінші жартысы.

Қиял-ғажайып ертегілері қазақтың арғы ата-бабаларының ең алғашқы таным-түйсігінен туған. Бұл ертегіде халықтық табиғат құпияларын ашуға көз көретін шектен әрі шығуға, Жерұйықты табуға деген талпыныстар көрінеді, және де жеке батырдың игі ерліктері мен қаһармандық күрестері туралы бейнеленген рақымсыз күштермен күресу жөнінде өскелең идеяны өзек етеді.

М. Горький сөзімен айтар болсақ, халық қиялы сан алуан мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын, өмір мақсатын танып білуге тырысқан. Қиял - ғажайып ертегілерінде жамандық пен жақсылық көбіне табиғат пен адам арасындағы тартыстардан құрылады. Сондай адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдың бірі - жалмауыз кемпір. «Еділ - Жайық» ертегісінде ол адамға үстемдік етсе, «Алтын сақада» баладан жеңіліс табады. Жалмауыз кемпірдің табиғатының өзінде елеулі өзгерістер бар. Мысалы, матриархат дәуірінде өндіріс күштері төмен дәрежеде болған, адамдардың етін жеу, алпысқа келген әкені өлтіру үрдісі болған. Оның ізі ««Еділ - Жайық» ертегісінде бар. Ондағы жалмауыздар қора-қора малы болса да, адам етін жеген.

Мифтік ертегінің басты кейіпкері - мерген балалар. Олар бірде кемпір мен шал, бірде бай, бірде хан баласы делінеді. Кендебай - Қазанғап деген кедейдің баласы. Ол мифтік патшаға тұтқын болған. Мергенбайды құтқарып, пері қызына үйленеді. Оның жолындағы бөгет жеті басты дәу арыстан, ең үлкен - адам перісі. Мұның бәрі де миф. Миф дегеніміз - табиғаттың тылсым күшінен тыс жаралған таңғажайып кейіпкерлер. Қиял-ғажайып ертегілерде ат иемдену, мал иемдену туа бастаған. Құйрығы алтын, жүні құндыз құлындар да мифтік жылқылар. Жалмауыз кемпірлер, дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін, мергендер аты жоқ балалар «Ер Төстікте» оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары жүреді.

Мұндай ертегілер тым ерте заманда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болды. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап тууы да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болды. Күн, ай, ат судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы адамдар табиғатқа сиынып табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, арап елдерінде де киелі аңдарға сиыну дәстүрі болған.

«Желім батыр», «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегілерінде тартыс жұбайлы неке жолындағы күреске негізделген. «Желім батыр» ертегісінде кемпірдің үш баласы болады. Екеуі өліп, киелі баласы дәуді жеңеді. Құдыққа (зынданға) жауып тастаған дәумен шешесінің көңілі жарасып, содан Желім батыр туады.

Аламан мен Жоламан, Құла мергендер ылғи дәу мыстанмен күреседі. Осы мазмұндас мифологиялық ертегілерінде де қамал құдық оқиғасы жиі кездеседі. Тылсымдау сиқырлау, жәділеу, самрұқпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінде де кездеседі. Жамандық пен жақсылық жеті пәле Иран елінің мифтік ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол заманда политеиістік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы «Қорқыт ата кітабы» сюжетіндегі Төбекөз дәу «Одиссеядағы» Полифемге ұқсас. Скиф - сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветроган), Көлтаусар (Опивало), Таусоғар (Горокот) шығыс пен батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық, өмір салттары космология, тотемизм, зооростризм, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.

Қазақтың мифтік ертегілері матриархат пен патриархат дәуірінің ауысуы кезінде туса керек. Себебі жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғымдары болмақ. Патриархат дәуірінде адамдарды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерімен бірге мифтік образдар қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үздік үлгілері: «Ер Төстік», «Еділ - Жайық», «Құла Мерген», «Аламан мен Жоламан», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Алтын сақа», «Керқұла атты Кендебай».

Ертегі деген не? Оның мифтен, аңыз-әңгімелерден айырмашылығы неде?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиял ғажайып ертегілер жайында
Халық ертегілері негізінде оқушыларды рухани-имандылық қасиеттерге тәрбиелеу
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролін анықтау
Қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлері
Қазақ халық ертегілері
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролі
Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ
Қиял ғажайып ертегілер
Ертегілер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz