Өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
Кіріспе
1. Өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері (түсті металлургия, ЖЭС, АЭС, химия өнеркәсібі және т.б)
2. Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы
3. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануының ағзаларға және агроценоздарға әсері:
Жануарлар ағзасына, адамдар ағзасына
Өсімдіктерге
Агроценоздарға әсері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ( табиғи және антропогендік) ластанады. Күшті шаңды борандар мен Өскемен жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Өскемен қаласындағы Ақ қоян тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор ) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, “ Өскемен мұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.
Өскемен облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте мардымсыз. Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. 70-жылдары АЭС-тың пайдалану мерзімі бітуге таяу.
Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3 рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.
Атмосфераның лсатауын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыста ондай 40 жуық қондырғы бар.
Сондай-ақ еңбекті жаңа үздік үлгілерге сай ұйымдастырмайынша жаңа қазіргі заманға технологиялық әдістерді еңгізбейінше, ең ақыры адамның табиғатқа деген көзқарасы өзгермейінше, ауаның ластануын тоқтату мүмкін емес.

1. Чакабаев С. Е.., Кононов Ю. С., Воцалевский, Иванов В. А., Шахова А. И., Геология и нефтегазоностность Южного Мангышлака. Алма-Ата «Наука», 1967г.
2. Аманиязов К. Н., Ахметов А. С., Қожахмет Қ. А., Қазақстанның мұнайлы газды аймақтарының геологиясы, Алматы, «Дәуір» 2004
3. Сейітов Н., Кунаев М., Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы «Атамұра», 2003.
4. Тулебаев Р.К. Хроническая свинцовая интоксикция. -Алматы: Ғылым, 1995. —С. 9,11.
5. Белозеров Э.С., Жасыбаева Т.С. Социально-экологические аспекты здоровья человека. -Алматы, Ғылым, 1993. -С.3, 111.
6. Бигалиев А.Б. Генетика и окружающая среда. -Караганда,1987.—С.120.
7. Захидов С.Т. Антропогенный мутагенез и современные экологические катастрофы. Опасности преувеличены? 7/Вестник Московского университета. Серия 16. Биология. —1997. №2. -С.11,16.
8. Владимиров А.М. Охрана окружающей среды. -Ленинград,1991. —С.281-286.
9. Артамонов В.И. Растения и чистота природной среды. -Москва: Наука, 1986. —С.27-34.
10. Ленина Э.Г. Общая токсикология металлов. -Л., 1972. — С.183.
11. Битнерович А. //Охрана природы и воспроизводства природных ресурсов. —1999. -№4. —С.45.
12. Бигалиев А.Б. Загрязнения окружающей среды и сохранение генофонда человечества. —Алма-Ата, 1978. —С.27.
13. Атчабаров БА. Поражение нервной системы при свинцовой интоксикации. -Алма-Ата, 1966. -487 с.
14. Воронцов А.И., Щетинский Б.А., Никодимов И.д. Охрана природы. -М., 1989. -53 с.
15. Имамбаева Т.М. Влияние загрязнения воздушной среды на возникновение и течение бронхиальной астмы у детей // Проблемы экологии в патологической физиологии: сб.науч. трудов АГМИ. -Алматы, 1995.-С.145-151.
16. Тарасевич Д.Н., Субеева Н.А. Состояние здоровья населения как критерий общей нагрузки атмосферных загрязнений // Охрана природы и воспроизводство природных ресурсов. —1990.№4. -С.53.
17. Намазбаева З.И., Шабдарбаева М.С. Зависимость между некоторыми факторами окружающей среды и состоянием здоровья детей //Охрана природы и воспроизводство природных ресурсов. — 1990. —№12. -С.54.
18. Красовский Г.Н., Надеенко В.Г., Кенесариев У.И. Токсичность металлов в питьевой воде. —Алматы: Ғылым, 1992. - 18-42 с.
19. Бигалиев А.Б. Генетика и окружающая среда. -Караганда,1987. -120 с.
20. Белякова Т.М., Корнилова А.В. Тяжелые металлы и мышьяк в аэрозолях г.Чимкент в связи с техногенезом //Вестник Моск.Университета. Сер.5. 1993. №2. -С. 21-27.
21. Байсеитова Н.М., Бигалиев А.Б., Торгаутов Б.К.Современное состояние загрязненкя окружающей среды Южного Казахстана //Вестник КазГУ. Серия экологическая. -1996. —№1. -С.14-21.
22. 21. Байсейiтова Н.М., Бигалиев А.Б., Баранова Ю.В. Өндiрiстiк қалдық заттардың өсiмдiктердiң фенологиясына әсерi //ҚАЗМУ Хабаршысы. — Алматы, 2000. —№6-7. -Б. 184-188.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
1. Өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері (түсті металлургия, ЖЭС,
АЭС, химия өнеркәсібі және т.б)
2. Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы
3. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануының ағзаларға және
агроценоздарға әсері:
1. Жануарлар ағзасына, адамдар ағзасына
2. Өсімдіктерге
3. Агроценоздарға әсері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ( табиғи және антропогендік)
ластанады. Күшті шаңды борандар мен Өскемен жеріндегі тұздардың болуы
ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір
автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс
бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан
асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады,
олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады.
Өскемен қаласындағы Ақ қоян тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор
) ластағыш заттардың 16 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық
шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс
жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна
ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, “ Өскемен мұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз
миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.
Өскемен облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте мардымсыз.
Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті
отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық
қауіптің бар екендігін сезінуге болады. 70-жылдары АЭС-тың пайдалану
мерзімі бітуге таяу.
Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3
рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.
Атмосфераның лсатауын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш
қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыста ондай 40 жуық
қондырғы бар.
Сондай-ақ еңбекті жаңа үздік үлгілерге сай ұйымдастырмайынша жаңа қазіргі
заманға технологиялық әдістерді еңгізбейінше, ең ақыры адамның табиғатқа
деген көзқарасы өзгермейінше, ауаның ластануын тоқтату мүмкін емес.

Қоршаған ортаның өндiрiс орындарынан бөлiнген зиянды қалдықтармен
ластану дәрежесi, олардың адам денсаулығына әсерi және санитарлы-гигиеналық
маңызы көп ғылыми еңбектерде келтiрiлген. Қазақстанның бүкiл облыстары мен
өлкелерi экологиялық апат аймағына айналып отыр. Солардың бiрi - қорғасын
өндiрiсiнiң қалдықтарымен ластанған Шымкент қаласының территориясы. Осыны
ескере отырып бiздiң алдымызға қойған мақсатымыз- Шымкент қаласының ауыр
металдармен ластану деңгейiн анықтап, олардың трофикалық тiзбек арқылы
тасымалдана отырып тiрi организмдерге, яғни биотаға және адам денсаулығына
әсерiн зерттеу. Сонымен қатар, алынған нәтижелерге сүйене отырып, Шымкент
қаласының қазiргi жағдайын биологиялық тұрғыдан бағалау болып табылады.
Қазiргi кезде экологиялық проблемалар жан-жақты комплекстi зерттеудi талап
етедi.
Өндiрiстiк қалдықтардың қоршаған орта объектерiне түсуiн, жиналуы мен
миграциясын зерттеу, олардың әсерiн дұрыс бағалауға мүмкiндiк береді.
Жылы сулар қоры Қазақстанның да көптеген жерінде кездеседі. Олар үйлерді
жылытуға, спорт кешендерінде, санаторийларда, т.б. жағдайларда қолдануын
табуда.
Тағы бір энергия көзі- биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшері
0,1%, ал күрделілігі-3-5%-тен аспайды (көмірде бұл көрсеткіштер, тиісінше,
2-3% және 10-15% тең). Беомассадан алынған газды отын ретінде пайдаланып,
турбогенераторлардың көмегімен электр тоғын алу жолы басқа белгілі
әдістермен бәсекелесе алады. Биомасса қалдық ретінде көп мөлшерде қант пен
шарап зауыттарында борық қамысын өңдегенде шығады. Борық қамысынан қант,
шарап алу дамып келе жатқан елдердің 80-де жолға қойылған. Осыған
байланысты тек борық қамысын пайдалану арқылы бұл өсімдік өсетін елдерде
энергияның 50%-тей мөлшерін алуды жолға қоюға болады.
Анаэробты микроорганизмдер штаммаларының арнайы түрлерін жасап биогаз
қолданудың экология және экономика жағынан болсын тиімді жолдарын табуға
болады. Биогаздан энзимдер (ашытқы) қолдану арқылы алынған этанолдың бағасы
бензинмен салыстырмалы келеді. Және қазіргі жағдайда қалдықтардан биогаз
алу технологиясы өзін 3-5 жылда ақтап, табиғи органикалық ресурстарды
үнемдеуге ықпал жасайды.
Болашағы зор потенциалды энергия түріне мұхиттардың жылу, ағыс,
толқындар мен тасу энергия түрлерін жатқызуға болады. Мұхит таусуларының
техникалық энергия потенциалы болжам бойынша 780 млн. кВт шамасында.
Канадада қуаттылығы 20млн .кВт, ал Ресейдің Мурманск ауданында қуаттылығы
400 млн. кВт, Алыс Шығыста қуаттылығы 87 млн. кВт энергия беретін
станциялар 350 млрд. кВтсағатына берсе, Францияда жылына алынатын энергия
мөлшері 40 млрд. кВт-сағатына жетеді.
Қазақстанның энергетикалық базасы XX ғасырдың 30-шы жылдарында құрыла
бастады. Алғашында кішігірім электрстанциялар фабрика, зауыт, мұнай
кәсіпорындары мен рудниктердің мұқтажын атқару үшін солардың маңында
салынған. 1950 жылдардан бастап республиканың бірнеше аймағын
электрэнергиясымен қамтамасыз ете алатын энергетика кешендері
ұйымдастырылды. 1950 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін істеп жатқан
энергетика өндірістері 4-ші кестеде берілген.
№ Іске қосылған жылӨндірістер
пп
1. 1950-1960 Жезқазған ЖЭО, Өскемен ГЭС, Бұқтарма ГЭС,
2. 1966-1970 Шардара ГЭС
3. 1971-1975 Қапшағай ГЭС, Жамбыл және Ақсу ГРЭС
4. 1973 Ақтау АЭС (қуаты 150 мың кВт электрэнергия)
5. 1976-1980 Екібастұз ГРЭС-1,2 энергблогы
6. 1981-1985 Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС -2 (толығымен іске
қосылды), Шульба ГЭС
1-ші кесте. Қазақстандағы энергетика өнеркәсібі
Электрэнергияның негізгі ауқымды бөлігі (57-64%) химия, түсті және
қара металлургия, құрылыс өндірістерін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Қазақстан өзін толығымен электр энергиясымен қамти алмайтынына байланысты
басқа елдерден 17 млрд. кВтсағат энергия алуға мәжбүр.
Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін
қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан
бастап электр энергиясына айландырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің
бәрінде орын алады екен. Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері
қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына
байланысты (5-ші кестеде).
2-ші кесте. Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС-нан атмосфераға
тасталатын зиянды заттардың мөлшері, гкВт сағ.
Отын түрі
Ластаушы компонент
Тас көмір Қоңыр Мазут Табиғи газ
көмір
Күкіртті газ 6,0 7,7 7,4 0,002
Азот оксидтері 21,0 3,4 2,4 1,9
Қатты бөлшектер 1,4 2,7 0,7 -
Фтор қосылыстары 0,05 1,11 0,004 -
Қатты отынды (көмір, жертезек, ағаш, қамыс, т.б.) жаққанда күл,
смола, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін
қолданғанда шығатын күлдің мөлшері Қарағандының көмірінен шығатын күл
көлемінен анағұрлым жоғары, оның себебі сапасының төмендігінде. Орта
есеппен ЖЭС сағатына 5 тоннадай күкіртті антигридпен және 16-17 күлмен
ауаны ластап отырады.
Сұйық отынды (мұнай мен оның өңделген өнімдерін) қолданғанда ауаға
бөлінетін заттар күкірт пен көміртегтің жаққанда қоршаған орта тек азот
оксидімен ластанады.
Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары қоршаған
ортаға таралады. Отын жаққанды табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң,
газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай
қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады.
Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділерін сақтау біраз жер көлемін
ластайды.
Тек бір тәуліктің өзінде орта қуатты ЖЭС (1 мВт) 10мың тонна
шамасында көмір жағатыны белгілі, ал осы көлемнен шығатын қож пен күлдің
мөлшері 1 мың тоннаның үстінде. Осы тастандыны биіктігін 8м етіп үйгеннің
өзінде бұған қажетті жердің көлемі 1 гектардан артық келеді. Литосфераның
ластануы ЖЭС салатын жерді дайындағаннан басталады. Себебі,
ауылшаруашылығына жарамды жерлердің біраз көлемі құрылысқа бөлінеді. Осы
мәліметтің өзі ЖЭС-ның табиғатқа қандай қысым жасайтынын сипаттауға
жеткілікті нәрсе.
Қоршаған ортаға қож пен күлдің тигізетін әсері, оларды оттықтан алуға
қолданылған әдіске де тәуелді келеді. Шаң мен қатр қоршаған ортаны
ластайтын заттардың бірі отынды тасығанда, жинағанда оның тотығу
салаларынан пайда болған қосылыстар.
Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы, сол жердің адыр-
бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына, бұлттылықтың биіктігіне байланысты
болады. Мысалы, ЖЭС конденсаторларының салқындату жүйесіндегі ірі
сусалқындатқыштар (градирнилер) станция аймағының микроклиматындағы судың
мөлшерін жоғарылатып, тұманның пайда болуына, кейде сіркіреп жауынның
жаууына, ал қыстыгүні қырау мен көк мұздың болуына себебін тигізеді. Ауаға
тасталған зиянды компоненттер және тұман бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде
тұрақты қатты ластанған ұсақ дисперсті бұлт, яғни тұмша (смог) түзіледі.
Тұмшаның адам денсаулығына тигізетін залалы айтарлықтай.
Энергия салқын судың көп мөлшерін жұмсайтын салаға жатады, судың
99% электр мен жылу энергиясын өндіруге жұмсалады. Негізінде ЖЭС мен
АЭС-ларында суды көп мөлшерде пайдаланушы турбина кондецаторы.
Кондецаторларды салқындатуға ЖЭС-да 1 кВтсағ энергия алу үшін 120 кг, ал
АЭС 220 кг су қажет. Судың біразы басқа да әртүрлі агрегаттарды
салқындатуға қолданылады, осыған байланысты жылу электростанциялары
қоршаған ортаны жылумен ластандыратын көзге жатады.
Электрстанциялардың ақаба сулары арқылы суаттар мұнай өнімдерімен,
әртүрлі қалқыған бөлшектермен, хлоридтермен, сульфаттармен, ауыр
металлдардың тұздарымен, күкіртті сутекпен, тұз қышқылымен,
формальдегидпен, капролактаммен, мышьяк, сынап, ванадий оксидтерімен, т.б.
заттармен ластанып отырады.
Атом электрстанцияларына келетін болсақ, оны дұрыс қолданса,
атмосфераға тигізетін әсері органикалық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-ның
әсерінен анағұрлым зиянсыз. Себебі, АЭС жұмыс істегенде атмосферадағы оттек
пен көмір қышқыл газының мөлшерін өзгертпейді, оның басқа химиялық құрамына
да әсері жоқ. Қоршаған ортаны ластайтын негізгі фактор болып радиация
көрсеткіші болып саналады. Радиацияны қоршаған ортаға шығармау үшін,
ядролық реакция жүретін реактор көп жүйелі қорғау жүйесімен қамсызданады.
Ең қауіпті жағдай АЭС апатқа ұшыраған сәтте орын алады, себебі қоршаған
ортаға бақылауға көнбейтін радиация таралады. Сондықтан, АЭС салғанда
осындай төтенше болуы мүмкін жағдайларды да, жобаларды да жан-жақты
қарастырылады.
АЭС жұмыс істеген кезде орын алатын екінші проблема- қоршаған
ортаның жылумен ластануы. ЖЭС-сы сияқты АЭС-нан қоршаған ортаға бөлінетін
негізгі жылу бутурбиналық қондырғылардың конденсаторларынан пайда болады.
Ядролық энергия қондырғыларын салқындатудан шыққан суларда
радионуклидтердің болуы мүмкін. Осы сулар арқылы гидросфераның да олармен
ластануы орын алады. Қоршаған ортаға АЭС-ларынан шыққан радиоактивті
қалдықтар және оларды демонтаж жасап, радиациямен былғанған аспаптар
бөлшектерін көмгенде, т.б. жағдайлар да ластанады.
Апат болған жағдайда АЭС ортаны әртүрлі радионуклидтермен (стронций-
90, цезий-141, йод-131, рутений-106 және т.б.) ластайды. Қазіргі кезде
Халықаралық атом энергетика агенттігінің (МАГАТЭ) мәліметтері бойынша
дүниежүзінде жалпы қуаттылығы 320 гВт (бүкіл әлемде өндірілетін
электрэнергияның 17%) энергия өндірілетін істегі 426 реактор бар екен. Ең
көп атомэлектростанциялары бар АҚШ (110), одан кейін Франция, Ресей,
Англия, Жапония. Дүниежүзінде АЭС арқылы энергия алуда Франция бірінші
мемлекет болып саналады. Оларда энергияның 75% беретін АЭС. Қазақстанда тек
қана бір АЭС Ақтау қаласында орналасқан. Оның өзі қазіргі уақытта жұмыс
істеу мерзімі аяқталған. Енді реактор ішінен элементтерді сыртқа
шығарғанда, оның реакциялық активтігі алғашқы шикізат күйіне қарағанда 10-
ның 4 дәрежесі есе көп болады. Яғни тіршілік көзіне өте қауіпті жағдай
қалыптасуы мүмкін. Себебі, олардың сөніп, табиғи қалпына түсуі 1000 жыл
шамасындай уақытты қажет етеді. Сонымен қатар реактивті қалдықтар құрамына
трансуран элементтері болады. Ал олардың жартылай ыдырау кезеңінің уақыты
миллиондаған жылдарға созылады.
Электрстанциясы беретін өндірістің тағы бір көзі
гидроэлектрстанциялары (ГЭС). ГЭС-ны салудан бастап, іске қосылып жұмыс
істеген кезеңдердің бәрінен де қоршаған ортаның ластануы орын алады. ГЭС
плотинасының алдында су жинау үшін салынатын су құймасының өзі жанасып
жатқан бірталай жер көлемінің судың астында қалуына себеп болады. Бұл су
құймасы ұйымдастырған жер, орманды немесе ауылшаруашылық дақылдарын егетін,
елді мекен орналасқан. Немесе пайдалы кен орындары бар жер болса, құрылыс
салдарынан топырақтың, судың гидрохимиялық және гидробиологиялық режимдері
күрт өзгереді. Және де су қоймасының бетінен дымқылдың булануы жақын
маңайдың климатына ықпалын тигізеді. Яғни ауаның дымқылдығы жоғарылайды,
тұманды күндер жиілейді, жел екпіні жиілейді.
ГЭС үшін ірі су қоймаларын салу сейсмоактивтік жағдайдың дамуына
ықпал етеді, ал бұл жағдай жер қыртысына әсер ететін қосымша күштің пайда
болуына итермелеп, тектоникалық процестерді күшейтеді. ГЭС-тің қоршаған
ортаға тигізетін қолайсыз әсерлері жеткілікті.
Жалпы энегетика саласының тіршілік ортаға тигізетін әсері күнен
күнге өсе түсетіні сөзсіз. БҰҰ болжамы бойынша қазір дүниежүзіндегі
халықтың саны 6 миллиардқа жақындап қалса, 2050 жылы 10 миллиардқа дейін
көбейсе, осыған сәйкес энергияға сұраныс та 2 еседей, яғни мұнай
эквивалентімен алғанда 20 млрд.т көтерілуі мүмкін. Бұл жағдай қоршаған
ортаға да теріс ықпалын тигізбей қоймайды. Қолданылатын көмір көлемінің
артуы, қазіргімен салыстырғанда ауаға бөлінетін көмір қышқылының мөлшерін
60%-ке дейін арттырады. Бұл бір қатар әлемдік проблемаларды тудыруы
ықтимал. Мысалы, көп жерлердегі топырақтың қышқылдануына әкеліп соғуы
мүмкін. Сондықтан қазірден бастап қоршаған ортаға зияндығы аз альтернативті
энергетикалық технология мен қалдықсыз жанатын отын түрлерін іздеу,
гидравликалық және геотермальдық энергияны, биомассаны, күн сәулесі мен
желді энергия алуға кеңінен пайдалануға жол ашатын жобаларды өмірге енгізу
қажеттілігі туып отырғаны белгілі жағдай.
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераның ластаушылардың
негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің
газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және
топыраққа түсіп, бір трофикалық екіншісіне өте отырып, соңынан адам
организіміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп
айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық.
Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар
ғана жасайды. Ғаламдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын
осы Антарктидан тапқан. Олар бұл жерге басқа жер-лерден ауа ағындарымен
келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өз
табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр
түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса
да адамға әсері адамның басын айналдырады, құсқысын
келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай
улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп
кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне
желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың
қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл
өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорындар
атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы көптеген адам организміне
зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі.
Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа
қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің
қос тотығы коксхимия зауыттарымен, тау- кен өндіру және целлюлоза- қағаз
өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың
әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман
немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей
қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы
күкірт сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың
жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық- түліктің құрамындағы фторлы
сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек
пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда
адамның жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын
туғызады.
Қоңыр көмірдің жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл
шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-
жидек өсімдіктеріне де зиян тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген
жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топыраққа калий, кальций,
магний элементтерінің көбейуіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын
жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар
металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар
жиналған өсімдік пен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына
қауіп төнуі мүмкін.
Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке
басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына
байланысты болып келеді.
Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру
адамдар өте сезімтал келеді.
Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда
созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері- адамның тез шаршағыштығы
немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы,
бейжайлақ, ұмытшақтық, көңіл- күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі.
Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр
түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының
созылмалы қабынуына, жүйке жүесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас
нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.
Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі,
қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз
байланысты екнін анықтап отыр. Сонымен қатар, хром, никель, берилий,
бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп
қалдықтары- канцерогендік эаттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі
ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың
қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте
жиі кездесіп отырады. Ал химиялық заттармен ластану нәтижесінде бұрын
кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.
Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына
темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға
жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың 40-қа жуығы
қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы
ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі
шегетін ата- аналардың жаңа туған нәрестелерінің организмдерінде улы газ
сәби бойындағы қан құрамында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары
да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық
еріткіштер: авиациялық бензин, желім бензин, эфир, еріткіштер мен
аэрозольдар буланып ауаға көтеріледі. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде
организмге түссе жүйкені, миды, асқазанды және өкпенің ауруын туғызады.
Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мүмкін.
Ендігі жерде біз қоршаған ортаның қазіргі заманның нақты
проблемаларына тоқталамыз.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей
топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электромагнитті толқындар,
жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды
сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар,
аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар,
құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының
бүлінуі, орман- тоғайлардың жоғалуы, т.б.
Атмосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
- ластаушы заттардың тарлуы;
- ластағыштардың биомассаға енуі;
- ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған
кезде белгілі бір деңгейге дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардың
одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде
глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы
жиі-жиі байқалып отырған "Жылу эффектісі", "Озонның жұқаруы", "Қышқыл
жауындар","Фотохимиялық тұмшалар" және осылардың әсерінен туындайтын
аурулар.

Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттар метеорологиялық факторлардың
әсерiнен топырақта, суда және атмосферада кең таралып, тiрi организмдердiң
тiршiлiк әрекетiне керi әсер етуде. Экотоксиканттардың үлкен қашықтықтарға
таралуы олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттерiне, яғни
булануына, ұшқыштығына, ерiгiштiгiне, т.б байланысты. Қазiргi кезде барлық
табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың
негiзгiлерiнiң бiрi — ауыр металдар. Бұл бiр жағынан металдардың
биологиялық активтiлiгiне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық
қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейдi, биохимиялық айналымға
түскенде ұзак сақталады. Үздiксiз әсер етушi химиялық заттардың аз
мөлшерiнiң өзі өсiмдiктер, жануарлар және адам организмiне канцерогендi
әсер етедi.Көптеген ауыр металдар, олардың iшiнде қорғасын, кадмий, хром,
никель улы заттардың қатарына жататыны белгiлi. Олар тiрі организмдерде
жинақталып, ұзақ уакыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретiнде
әсер етедi. Бұл заттардың тiрi организмдердегi концентрациясы қоршаған
ортадағы концентрациясынан 100-1000 есе жоғары. Адам әрекетi нәтижесiнде
қоршаған ортада атап айтқанда, топырақ, су, атмосфера, тiрi организмдер
құрылымында қорғасын миграциясы үлкен көлемдi қамтиды. Атмосфераның
өздiгiнен тазалануы барысында қорғасынның айтарлықтай бөлiгi өндiрiс
орнының айналасына шөгедi немесе жауын-шашынмен бiрге құрлық пен мұхиттарға
қайтып оралады. Әдебиеттердегi мәліметтер бойынша, қорғасын массасының
құрлык пен әлемдiк мұхит арасындағы таралуы мынадай жағдайда: судың
құрамындағы қорғасынның орташа концентрациясы 1мкгл болатын өзен суы мен
мұхитқа жылына суда еритiн қорғасынның шамамен 40·10³ т қосылады, өзен
суының түйiршiктi фазасында жылына 2800·10³ т жұқа органикалық дентритте
10·10³ т қорғасын кездеседi. Ауыр металдардың миграциялық ағыны мұхитқа тек
қана өзен суымен ғана емес, атмосфера арқылы да түседi. Континентальды шаң
арқылы мұхитқа жылына (20·30)·10³т қорғасын түседi. Жаңбыр суы арқылы
түскен мөлшерi жылына (400-2500)·10³ т бағаланады. Аса улы ауыр металдардың
бiрi - кадмий. Оның 70-шi жылдардағы әлемдiк өндiрiсi жылына 15·10³ т
жеткен. Атмосфераға бөлiнген кадмийдiң көлемi жылына (1,7-8,6)·10³т
құрайды.
Адам өз әрекетi нәтижесiнде химиялық элементтердiң табиғи ағымын
түбiрiмен өзгертті. Антропогендi көздерден атмосфераға түсетiн қорғасын
қалдықтары табиғи қалдықтармен салыстырғанда 18,3 есе, кадмий - 8,8 есе,
мырыш 7,2 есе жоғары. Биота мен су түбіндегi ауыр металдардың
концентрациясы суға қарағанда анағұрлым жоғары. Су тубiнде ауыр металдардың
концентрациясы: мырыш - 160,мыс-25, қорғасын-47,никель-43, күмiс - 0,37
мгкг дейiн жетеді.Су түбінде ауыр металдар бiркелкi таралмайды, негiзiнен
органикалық заттар шоғырланған жерлерде көп кездеседi.
Балхаш суының ластану коэффициентi соңғы 30 жылда 2-3 есе артқан.
Көлдің ұзындығы бойынша (тұщы бөлігінен ащы бөлiгiне қарай) ластану
коэффициентi 2-ден 9-ға дейiн өскендiгi байқалады. Бұл көл суының сапасының
қалыпты деңгейден 3-10 есе төмендiгiн көрсетедi.
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүрген жерлердiң
топырағының құрамын тексергенде, қорғасынның мөлшерi 400 мгкг (20 ПДК),
мыс - 200 мгкг (20 ПДК), мырыш - 2000 мгкг (40 ПДК), мышьяк - 100
мгкг(50 ПДК), марганец — 1000 мгкг, титан — 5000 мгкг, фосфор — 2000
мгкг, ванадий — 1500 мгкг(300 ПДК), стронций - 400 мгкг жеткендігі
байқалған.
Орталық және Солтүстiк Шығыс Қазақстанның аудандарында сынаппен
ластану етек алған. Техногендi саз-балшықтардағы сынаптың көп мөлшерi
жылжымалы түрде кездеседi, олар:сульфатты (2%), оксидтi (6%) және қарапайым
күйдегi сынап (20%) Текелi қаласындағы (Талдықорған облысы) Текелi
қорғасын мырыш комбинатына жақын аймақтарға шөккен қорғасынның мөлшерi
жылына 4 т құрайды. Атмосферадағы мөлшерi қалыпты деңгейден 33 есе жоғары.
Текелi қаласының және оған жақын аудандардың топырақтағы қорғасынның
мөлшерi 160-170 мгкг, яғни қалыпты мөлшерден 5 есе жоғары . Соңғы
жылдардағы экономикалық дағдарысқа байланысты Шымкент қаласында кейбiр
өндiрiс орындары үзiлiспен немесе жекелеген цехтар ғана жұмыс iстеуде.
Осыған байланысты атмосфераға бөлiнетiн өндiрiстiк қалдық заттардың
мөлшерi де бiршама төмендедi. Әйтседе кейбiр зиянды заттардың мөлшсрi шектi
рұқсат етiлген концентрациядан (ПДК) артып кеткендiгi байқалды.
Атмосферадағы қорғасынның мөлшерi орта есеппен ПДК-дан 1995 ж. - 2 есе,
1996ж. - 1,5 есе, 1997 ж.-2,7 есе жоғары. Көмiртегi тотығы 1995-1997 жж - 1
есе, азоттың қос тотығы 1995 ж.-1,2 есе, 1996 ж.-1 есе, 1997 ж.-1,25 есе
артқан. Аммиак 1995- 1996 жж-1 есе, 1997 ж.-0,75 есе жоғары. Формальдегид
1995ж. - 2,33 есе, 1996 ж.-2 есе, 1997 ж.-1,66 есе артқан. 1995-97 жж
атмосфераға бөлiнген өндiрiстiк қалдық заттардың жиынтық мөлшерi мынадай
мәлiметтермсн сипатталады:
- “Шымкентмұнайоргсинтез” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж - 10279,97 т, 1996ж-
7743,01т,1997ж-8011,8т;
- “Шымкент қорғасын заводы” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж -4451,49т, 1996ж-
2039,43т,1997ж-4410т;
-жылу электр орталықтарынан:1995 ж-3079,8т, 1996 ж-3410,6т, 1997ж-2367т;
- “Шымкент цемент” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж - 1031,12 т, 1996 ж -
837,52 т, 1997 ж - 277,58 т зиянды қалдық заттар бөлiнген 13
Қорғасын, мыс, мырыш және кадмий элементтерiнiң биологиялық әсерi
Ауыр металдар - биологиялық активтi заттар. Олардың мұндай қасиетiн
организмдегi клеткалармен, олардың компоненттерi немесе функциональды
топтарымен байланысуынан көруге болады, әсiресе, олар нуклейн
қышқылдарымен, ферменттермен және белок түзуші амин қышқылдарымен активтi
әрекеттесiп, нәтижесiнде белок денатурацияланып, клеткалар мен ұлпалардың
және зат алмасу процесiн реттейтiн ферменттердiң қызметi бұзылады.Ауыр
металдар, атап айтқанда: РЬ,Cd, Сu, Zn, Ni, Со, Hg, Мо, Те өздерiне тән
химиялық және биологиялық қасиеттерiне қарай гео және биоаккумуляцияға өте
бейiм элементтер. Экологиялық тұрғыдан оларды шартты түрде 2 топқа бөлуге
болады: Zn,Cu,Co,Mo,Mn т.б. - биологиялық процестердiң қалыпты жүруiне
қажеттi микроэлементтер, РЬ,Cd, Hg биологиялық процестерге қатысуы әлi
толық анықталмаған элементтер.
Мыстың организмдегi маңызды функцияларының бiрi — қанды ұйыту
процесiне және клетканың тыныс алу активтiлiгiне қатысады. Мыс темiрдi
гемоглобин синтезiне жеңiл қатысатын формаға айналдырады. Организмде мыс
жетiспесе анемия пайда болып, қан тамырларының құрамындағы эластиннiң
құрылымы өзгередi, нәтижесiнде аорта қабырғаларының ыдырауына әкеледi. Бас
миының дамуы және пигметтердiң түзiлуi бұзылады.
Мырыш организмде инсулин мен глюкогенның түзiлуiне қатысады. Сонымен
қатар, жыныс гормондары мен гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң гормондарын
активтендiредi. Мырыш адам мен жануарлардың организмiнде белок, көмiрсулар
және минералды заттардың алмасуына әсер етедi. РНК және белоктардың
синтезiн индукциялайды. Атмосферадағы зиянды заттардың улы әсер етуiнiң
механизмi өсiмдiктердiң физиологиялық және биохимиялық ерекшелiктерiне
байланысты және түрлi абиотикалық, биотикалық факторлардың әсерiнен өзгеруi
мүмкiн. Ауыр металдардың биосфераға әсерi үлкен.Топырақтың ауыр металдардың
тұздарымен ластанған аймақтарында өсiмдiктер тiршiлiгiн жоятындығы белгiлі.
К.Тырыцэ мен Э.Менгердiң (1990)зерттеулерi көрсеткенiндей,
топырақта ауыр металдардың концентрациясы жоғарылағанда (әсiресе РЬ²*),
атмосфераға бөлiнетiн Сo2, төмендейдi. Co2 ең жоғары мөлшерi 11 гкг
қорғасынның концентрациясы Рb2 =2-5 мгкг жеткенде байқалады. Рb2 орташа
және жоғары концентрациясы, сонымен қатар Zn²* жоғары
концентрациясы (150 мгкг артса) топырақ микрофлорасының жойылуына және
микроорганизмнiң маманданған түрлерiнiң пайда болуына әкелiп соғады. Бiрақ
мұндай маманданған түрлердiң қалыптасуына ұзақ уақыт керек. Ал бұл аралықта
топырақтың күштi десорбциясымен және ластаушы заттардың жер асты суларына
қосылуымен байланыстырылатын екiншi (iштей) ластанудың жүруi мүмкiн.
Өсiмдiк және жануарлар организимінде ауыр металдардың жиналуы,
бiрiншi кезекте бос иондардың активтiлiгiмен анықталады. Ауыр металдардың
организмге енуiне әсер ететiн екiншi фактор болып алкилденген және басқа да
спецификалық химиялық формалардың болуы есептеледi.Металдар генетикалық
өзгерiстердiң кең спектрiнiң түзiлуiне себепкер. Бiр метал клетканы бiрнеше
жерден зақымдай алады. Мысалы, кадмий ДНК молекуласын зақымдауға,
лизосомаларды бұзуға, ДНК репарациясын тежеуге қабiлеттi. Қорғасын ДНК
репликациясы ферменттерiнiң синтезiн бұзады, ДНК-ның үшiншiлiк структурасын
өзгертедi. Мыстың жоғары мөлшерi ДНК конформациясын өзгертедi және ДНК мен
РНК синтезiн стимуляциялайды.
В.П.Бессонованың (1993)зерттеулерi көрсеткенiндей,кәдімгі сирень
және бирючина өсiмдiктерiнде ауыр металдар жиналған жағдайда
фитогормондардың, әсiресе цитокининдердiң активтiлiгi төмендейдi.
Меристеманың флориальды морфогенезге көшуi гибберилиндер мен
цитокининдердiң активтiлiгiнiң артуымен сипатталады. Алайда қоршаған орта
ауыр металдармен ластанған жағдайда олардың активтiлiгiнiң деңгейi төмен
күйiнде қалады (ластанбаған ортамен салыстырғанда). Бұл фитогармондардың
активтілігінің төмендеуi меристеманың дамуын тежеушi факторлардың бiрi.
Қоршаған орта ауыр металдармен ластанғанда өсiмдiк құрамындағы қанттардың,
әсiресе сахарозаның мөлшерi де төмендеп кетедi. Демек, орта ауыр
металдармен ластанғанда митоздың активтiлiгiнің төмендеуіне, меристеманың
генеративтi даму жолына көшуіндегi маңызды жағдайға фитогармондар мен
каниардың жетiспеуi керi әсер етедi.
Осылайша фитогармондар мен қанттардың жетiспеуi, жаңару бүршiктерiнiң
меристемасының генеративтi морфогенезге көшуінің шектеушi факторы болуы
мүмкiн.Металдардың қанға өтуiне және таралуына саңылаулы (мөлшерi 35-
40А°)липоидты қабықшадан тұратын капилляр қабырғаларының рөлi үлкен. Олар
арқылы липоидтарда еритiн металдар қанга еркiн өтедi. Ауыр металдардың
өсiмдiктердегi мөлшерi тек топырақтың ластауымен ғана емес, атмосферадағы
металдардың эмиссиясынада байланысты. Коллоидты жағдайда металдардың
қандағы айналым ұзақтығы олардың дисперстiлiгiне де байланысты. Ұсақ
бөлшектер қаннан баяу шығады да ұлпаларға орналасады, ал анағұрлым iрi
бөлшектер қаннан тезiрек шығып, бауыр мен көк бауырға жиналады.
Мырыш айтарлықтай дәрежеде лейкоциттерде, эритроциттерде ал бiраз
бөлiгi қанның белоксыз фильтратында жиналады. Ол гаммаглобулиндермен және
25%-тi альбуминдермен байланыса алады. Мырыш әлсiз байланысқан белокты
комплекс ретiнде тасымалданады. Ол бүйрек үстi бездерiнде, қарын асты
безiнде және ұрық бездерiнде жинақталады.
Металдардың улылығын анықтаудағы маңызды жағдайдың бiрi
организмнiң металдар аэрозолiн сiңiруi. Мысалы, қорғасын мырыш
өндiрiстерiнен бөлiнетiн қорғасын мен мырыштың сульфаттары мен хлоридтерi
биосферада оңай ерiп, бүкiл организмге жеңiл тасымалданады. Қорғасын-мырыш
комбинаттарынан қоршаған ортаға бiр мезгiлде заттардың газды шаң түрiндегi
комплексi бөлiнедi, ол газды заттардың организмге бiрлескен күйде әсер
ететiнiн көрсетедi. Мұндай комплекстi әсердi бағалауда ортаның климаттық
ерекшелiктерiне, атап айтқанда ауа температурасына, ауаның салыстырмалы
ылғалдылығына көңiл бөлген жөн.
В.И.Давыдованың (1989) зерттеулерi көрсеткендей қорғасын мен мыс та
организмде антагонистер болып табылады. Мыс қорғасынның зияндылығын
төмендетедi. Ал мырыштың мыстан айырмашылығы, қорғасынмен бiрге организмге
ұзақ уақыт түскен кезде соңғы металдың улылығын арттырады.Комплекстi әсердi
бағалау кезiнде негiзгi әсер етушi химиялық элементтi немесе қосылысты
анықтап алудың мәнi зор. Осыған орай, бiздiң зерттеу аймақтарымызда
кездесетiн негiзгi химиялық заттардың зиянды әсерiне қысқаша сипаттама
беремiз.
Улылығы тұрғысынан қоршаған ортаға, дәлiрек айтсақ тiрi
организмдерге жоғары концентрациясы қауiптi болып есептелетiн химиялық
заттар Pb,Cd,Cu,Zn элементтерiнiң қосылыстары. Қорғасынның артық мөлшерi
өсiмдiк организмiндегi тiршiлiк үшін маңызды процестердiң қалыпты жүруiне
керi әсерiн тигiзедi.Қорғасынның жоғары концентрациясы өсiмдiктердiң
тұқымының дамуын, тамырдың ұзынынан өсуiн, тамыр талшықтарының түзiлуiн
тежейдi. Қорғасынның артық мөлшерiнен, әсiресе жас жапырақтар қатты зардап
шегедi. Қорғасын I және II фотосистемалардың активтiлiгiн төмендетедi,
әсiресе II
фотосистема бұл фитотоксиканттың әсерiне өте сезiмтал. Сонымен қатар
қорғасын изоляцияланған хлоропласттардың жарықта оттегi
бөлуiн тежейдi. Автомобиль жолдарына жақын өскен өсiмдiктердiң
хлоропласттарында АТФ-тiң түзiлуi баяу жүретiнi анықталған. Өсiмдiк
неғұрлым автомобиль жолынан алыс өссе, соғұрлым изоляцияланған
хлоропласпарда АТФ көп түзiледi.
Қорғасынның әсерiнен өсiмдiктердiң клеткалары тургорын жоғалтып,
нәтижесiнде жапырақ солып қалады. Тамыр клеткалары бүлiнуiн тоқтатады.
Кейбiр өсiмдiктерде тамыр жемiстiң түзiлуi нашарлайды. Қоршаған ортаны
қорғасынмен ластайтын өндiрiс орындарына жақын себiлген мәдени дақылдардың
өнiм беруiнiң төмендеуi де таңқаларлық емес. Мұнымен қоса алынған өнiмнiң
сапасы да төмен болады. Әшкөк өсiмдiгiне жүргізілген тәжiрибе қорытындысы
көрсеткендей, автомобиль жолынан 30 метр қашықтықта өсiрiлген өсiмдiкте
каротин мен аскорбин қышқылының мөлшерi 200 метр қашықтықта өсiрiлген
өсiмдiкпен салыстырғанда мүлдем төмен. Күз айларында бета—каротиннiң
мөлшерi жол бойындағы өсiмдiктерде 55% кем екендiгi анықталған.
Металдардың фитотоксиндiлiгi мен оларға өсiмдiктердiң төзiмдiлiгi
көптеген факторларға байланысты. Оларға алдымен жапырақтың қасиеттерi,
органикалық заттардың мөлшерi, топырақтың рH және катионды-алмасу қабiлетiн
атауға болады. Ауыр металдардың өсiмдiкке сiңiрiлуi олардың топырақта еруi
мен жылжымалылығына байланысты.Ауыр металдар өсiмдiк организмiне
жапырақтары мен тамыр системасы арқылы түседi. Ауыр металдардың өсiмдiкке
тамыр системасы арқылы түсуi әр өсiмдiктегi клетка қабықшаларының химиялық
құрамы мен құрылысына қатысты орындалатын және бүкiл организм арқылы
реттелiп отыратын процесс. Ал ауыр металдардың өсiмдiкке жапырақ арқылы
сiңiрiлуi устьицелер мен кутикулалар арқылы орындалады. Сонымен қатар,
түкшелi жапырақтар бетi тегiс жапырақтарға қарағанда ауыр металдарды 1С есе
көп тұтып ұстап қалатыны анықталған. Ауыр металдардың улылығы оның суда
қандай түрде болатындығына байланысты, әдетте ерiген түрiнiң байланысқан
түрiнен улылығы жоғары.Ауыр металдардың әсерiне өсiмдiк түрлерiнiң
реакциясы барлық ұйымдасу деңгейлерiнде, яғни клеткалық, организмдiк және
популяциялық деңгейлерде байқала бередi. Клеткалық деңгейде, ауыр
металдардың артық мөлшерiне қатысты жалпы байқалған стресс және клетка
мембраналарының зақымдануы мен ферменттердiң активтiлiгiнiң өзгеруi ретiнде
байқалады.Организмдiк деңгейде өсiмдiктiң жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz