Саясат туралы ақпарат


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

1. Саясаттың пайда балуы.

2. Саясаттың мәні.

3. Саясаттың қоғамның басқа салаларымен байланысы.

4. Саясаттың субъектілері.

Кіріспе

Адамзат қоғамы жүріп өткен тарихи ұзақ жолда, бугінгі заманда, жоғарыда айтқанымыздай, елдердің, халықтардың тағдырында саясаттың ролі аса үлкен. Ол адамзат тіршілігінің түп тамырларымен етене байланысты. Сондықтан да саясат деген не, оның мәні, табиғаты қандай, неге ол саясаттану деп аталатын ғылым саласының арнайы зерттеу обьектісіне айналып отыр деген сұрақтар өте маңызды. Карастырып отырған тақырыбымыз осы мәселелерді қамтиды:

1. Саясатшң пайда балуы.

2. Саясаттың мәні.

З. Саясаттың қоғамның басқа салаларымен байланысы.

4. Саясаттың субъектілері.

1. Саясаттың пайда балуы.

1. Саясат - түп тамыры терең, сан кырлы, қатпарлы, күрделі құбылыс. Саясат туралы ғылым тарихында оның пайда болуын, ішкі мәнін әртүрлі қырынан көрсетуге ұмтылған көптеген теологикалык, натуралистік, әлеуметтік, сыншыл-рационалдық деп аталатын және т. б. ағымдар, түсініктер мен көзқарастар қальптаскан. Олардың бәрін жіктеп жатпай-ақ саясаттанудың, әлеуметтік процестерді, сан ғасырлық саяси даму тәжірибесін саралаудағы ғылыми жетістіктеріне сүйене отырып, саясаттың пайда болуы мен мәніне бірден көшейік.

Бізді қоршаған табиғи ортаның, өзгеруі мен дамуы объективті зандылықтарға бағынатынын білеміз. Ол зандылықтар адамнан, оның санасынан тысқары, тәуелсіз. Сондай-ак, қоғамнын өзгеруі мен дамуы да объективті зандылықтар негізінде жүріп отырады. Бірақ, қоғамды құраушылар да, жасаушылар да, адамдар. Олар саналы түрде алдарына мақсат қояды, іс-әрекет жасайды, дүниені, тіршілікті өзгертуге ұмтылады, сол жолда өзара карым-қатынасқа түседі, топтасады. Крғам өміріндегі объективті зандылықтар, адамдардың іс-әрекеті, тіршілік тынысы аркылы күшке еніп, көрініс табады. Саясат құбылысы қоғамның осы мәнінен, осы ерекшелігінен туындап, бастау алады. Басқаша айтканда, саясат -алдына қойған мақсаты бар адамдардың белсенділігінен туындайтын, олардың талап-сұранымдарынан бастау алатын құбылыс.

Алғашқы қауымдық қүрылыс тұсында саясаттан, кейбір нышандары гана пайда болады. Бүл кезенде адамдар арасындағы карым-қатынас - негізінен қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрғысынан реттеліп отырады. Кейіннен, уақыт озған сайын материадық өндіріс күрделілене түседі, қоғамның жіктелуі күшейеді, адамдар коғамдағы орнына, материалдык жағдайына, мақсат-мүдделеріне карай топтаса бастайды, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас қайшылықты сипатқа ие болады. Бұрынғыша, салт-дәстүр, немесе діни наным шеңберіңде ол қатынастарды реттеу мүмкін болмайды. Адамдар мен топтар арасындағы қатынастарды реттей отырып, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтай алатын әлеуметгік күштің, билік тұтқасының пайда болуына деген объективті кажеттілік туады.

Сөйтіп, қоғамдағы орнына, материалдык, жағдайларына 1-байланысты адамдардың топтасуы, ортақ маңызды мүдделерін корғауға және іске асыруға ұмтылуы, олардың арасындағы қарым-катынасты реттеу қажеттігі билік тұтқасын өмірге әкеледі. Осы негізде қоғамньщ саяси қатынастары қалыптасады. Саясат түрлі топтардың қоғамдық хағдайларынан туындайтын түпкілікті мүдделерді іске асыруға байланысты және оған билік тұтқасы тарапынан әсер етуді, кірісуді қажет ететін жерде, сол арқылы коғам тұтастығын сақтау керектігіне орай өмірге келеді.

2. Саясаттың мәні.

2 Саясатгьң негізіңде топтасқан адамдардың түпкілікті мүдделері жатады. Ол мүдделерінің мәні - адамдардың қоғамда алатын орнымен, материалдық жағдайларымен, өндіріс кұрал-жабдыктарына меншікті тұрғыдан катынасымен анықталады. Ендеше түрлі әлеуметтік топтардың, жағдайын, орнын мүдделерін өз мәнінде бейнелеу арқылы САЯСАТ-ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ФОРМАСЫ (нысаны) болып табылады. Әрине, мүдделер сан алуан. Онық бәрі саяси мәңді емес Саяси мәнді мүдде түпкілікті әрі терең. Ол адамдардың қоғамдағы жағдайын, тіршілігінің мәнін, көкейтесті талап-сүранымын, негізгі мақсатын бейнелейді. Түпкілікті мүддесін анық ұғынып сезінген адам, немесе топ қана саяси процеске белсене араласа алады.

Сөйтіп, саясаттың объективті негізі - талап-сұраным, түпкілікті мүдде. Ал оның субъективті негізі - билік тұтқасына ұмтылу, оны өз муддесін іске асыру мақсатына пайдалануға тырысу. Бұл тұрғыдан алғанда саясат - түрлі әлеуметгік топтар мен ұйымдар арасындағы билік тұтқасын жеңіп алуға, оны ұйымдастыруға, қоғам мен мемлекет ісін жүргізуге және мүдделерін іске асыруға байланысты ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР жинтығы.

Саясаттан. мәні түпкілікті саяси маңызды мүдделерді нақтылаумен, сал негізде мақсатгар жүйесін анықтаумен және түрлі әлеуметтік топтар мен ұйымдар арасындағы билік тұтқасына қатысты карым-катынастарды саралап реттеумен шектелмейді. Ең маңыздысы - топ және ұйым мүшелерін мақсат-мүдделерді іске асыруға жұмылдыру, яғни белсенд іс-әрекет жүргізу. Сондықтан да саясатты- тупкілікті мақсат-мүдделерді іске асыруға, түрлі топтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, қоғам кұрылымын сақтауға және ары қарай жегілдіре түсуге, билік түтқасын пайдалануға бағытталған ерекше ІС-ӘРЕКЕТ ТҮРІ деп қарауға болады. Осы айтылған саясаттың, үш қырын жинақтай келе мұндай қорытьнды түюімізге балады: САЯСАТ ДЕГЕНІМІЗ - түрлі әлеуметтік топтар, -ұйымдар мен мемлекеттер қоғамның өзгеру және даму процесінде басшылыкқа алатын, олардың түпкілікті мүдделері негізіңде қалыптасқан мақсаттар жүйесі және осы мақсаттарды іске асыру үшін билік тұтқасын пайдалану жолындағы олардың қарым-қатьнасы мен іс-әрекеті.

3. Саясаттың қоғамның басқа салаларымен байланысы.

Саясаттың мынадай ІШКІ ЛОГИКАСЫН, кисындық ретті байланысын жіктеп көрсетуге болады: 1) теориялық-танымдық әрекет - әлеуметтік топтың қоғамдағы алатын орнын дәл анықтап, сол негізде түпкілікті мүддені айқындау; 2) түпкілікті мүддеге сүйене отырып, топтың алдыңдағы мақсатты нақтылап қоя білу, саяси іс-қимылдың бағдарламасын жасау; 3) ұйымдық-атқарушылық әрекет - мақсатты орындауға топ мүшелерін, көпшілік кауымды жүмылдырып, үйымдастыра білу, билік тұтқасы үшін күрес.

Саясаттың ішкі логакалық қисыны мен оның негізгі ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БУЫНДАРЫ өзара сабақтас. Негізгі буьгадарга мыналар жатады: 1) саяси катьгнастар - қоғамдық тоітгардьщ, өз арасында қалыптаскан билік түтқасына байланысты түрақты карым-катынастар; 2) саяси сана - саяси өмірдің адамдардың өздерінің саяси мәнді мүдделеріне деген саналы түрдегі катынасынан тәуелді екенін білдіреді; 3) саяси үйымдасу - билік органдары мен институттарының қоғамдық процестерді басқарудағы және реттеудегі шешуші рөлін көрсетеді.

Саясаттың қоғамдық маңызы, атқаратын негізгі міндеттері (функциалары) оның мәнінен қүрылымынан туындайды. Саясаттанушы ғалымдар бұл мәселеге әртүрлі кырынан келіп, саясаттың әртүрлі функцияларын алдыға тартады. Дегенмен, көптеген оқымыстылар мына төмеңдегі ФУНКЦИЯЛАРДЫ негізгілер деп бағалайды:

- Ең әуелі билік түткасына ие болып отырған таптың, топтың және ұйымның, содан кейін қоғамдағы әртүрлі баска топтардың саяси мәнді мүдделерін бейнелеу, осыған сәйкес қоғамдық және саяси процестерді баскарып, реттеп отыру және туыңдаған кайшылықтар мен проблемаларды дер кезінде шешу.

- Түрлі таптардық топтар мен үйымдардың мүдделерін түтас бір мақсатқа бағындыру аркылы коғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау.

- Коғамның әлеуметтік дамуында сабақтастык. принципін қамтамасыз ету; адамдардын саяси әлеуметтенуіне ықпал жасау. ;

Саясаттың терең мәнді күрделі қүбылыс екеніне әр кезенде саясат саласын зерттеген ойшылар баса назар аударып отырған. Ол дайын күйінде аспаннан салбырап түспейді, сыйға тартылып, қолға үстатыла салмайды. Материалистік диалектиканың негізін калаушы галымдардың бірі айткан мынандай сөз бар: "Саясат арифметикадан гөрі алгебрага үқсайды, тіпті төменгі емес, жоғары математикаға көбірек жакын". Соның бір дәлелі- саясаттын әрі ҒЫЛЫМ әрі ӨНЕР екендігі. Себебі шынайы өміршең, пәрменді саясаттын, негізінде ғылым, коғамдық дамудың объективті зандылықтары жатады. Ғылыми негізі бар саясат мына белгілермен сипатталады:

1) қоғам дамуының объективті заңдылықтарын, олардың кызмет жасауының механизмдерін білу;

2) коғамдык дамудың ішкі кайшылыктары мен агымдарын дер кезінде танып, тиісті талдау және түжырым жасау;

3) объективті жағдай мен субъективті фактордың ара қатынасын үнемі есепке алып отыру.

Саясат ғылыми мәнге мына шарттардық орындалуы барысында ие балады:

1) объективті зандылықтарды терең білетін сауатты, салихалы көшбасылардың (лидерлердін) ел билігінің тұтқасын ұстауы;

2) коғамда түпкі мүдделері замана ағымына сәйкес келетін прогрессивті таптың, әлеуметтік топтардын болуы;

3) жүргізіліп жатқан саясаттың, атқарылып жатқан істердің дүрыстығына объектіні, бүқараны сендіре алатын, оны жүмылдыра алатын пәрменді идеологияның болуы;

4) саяси шешімдер қабылдап, оларды іске асыруда гылыми негізге сүйенетін саяси ұйымдардың, партиялардың және мемлекеттік басқарымның болуы.

Ғылыми саясатың басты принциптері мыналар:

1) икемділік - күңделікті қоғамдык. процестерді жіті саралап, оперативті түрде саясатқа тиісті қосымшалар мен өзгерістер енгізіп отыру;

2) жіберілген қателерді ашық мойындап, дер кезінде түзету;

3) уақиғалардың ішінен басты, шешуші буынды дәл табу.

Сондай-ақ, саясат - ӨНЕР, яғни колда бар мүмкіндіктерді шебер пайдалана отырып, теориялық білімді шабытпен шығармашылық батылдыкпен, интуициямен және фантазиямен үштастыра отырып шешім қабылдау. Бұл тұрғыдан алғанда, саясат - ойланып баскан қадам, кажет кезінде ымырашылдық, келісім, ырыкка көну, ретін тауып киын мәселені айналып өту, кысым жасау, сес көрсету, арбір іс-кимылды жіті есепке алу, т. б.

Саясаттанушы ғалымдардың көпшілігі В. Дальдің түсіндірме сөздігінде келтірілген мындай анықтамага назар аударады: "Саясат дегеніміз:

1) мемлекет ісін басқару ғылымы;

2) билеушінің ой-тілегі, мақсаты, оның іс-әрекетінің көрінісі. Саясаткер - акылды, пысык (кейде айлакер), мемлекет кайраткері, істі өз пайдасына қарай икемдей алатын, түйык және ку адам".

3) Саясаттын мән-мағынасын ашу барысында көз жеткізгеніміздей, ол қоғамның барлык салаларымен, әсіресе, ЭКОНОМИКАМЕН тығыз байланысты. Саясат адамдардық түпкілікті мәнді мүдделерін бейнелейді дедік. Ал ондай мүдделердін кайнар көзі, сомдалып шығар бастауы - адамдардың материалдық жағдайы, меншікке, өндіріс қүрал-жабдыктарға қатынасы, қоғамдағы орны, яғни олардын. экономикалық хал-ахуалы. Олай болса, түптеп келгенде саясатты анықтаушы, оған мән-мағына беріп, бағытын сілтеуші - экономика. Саясатка карағанда экономика бірінші, аньік. таушы, шешуші роль аткдрады.

Экономиканың өзгерісі саясаттан көрініс табады. Саясат екінші, ол

түптен келгенде экономикадан тәуелді. Басқаша айтканда, экономика қоғамның базисы болса, саясат оның қондырмасының басты элементі, коғамдық сананың формасы (нысаны) . Алайда, саясат экономикадан тәуелді бола отырып, салыстырмалы түрде дербестік таныта алады. Дербестіктің мәнісі мынада:

1) саясат ылги экономикаға ере бермейді ол одан озып ілгері кетуі мүмкін немесе экономикалық кұрылымга сәйкес келмей артта шабандап

қалуы мүмкін;

2) саясат үнемі белсенді түрде экономикаға кері әсер жасайды, ол экономиканын ілгер дамуын тездетеді, жол ашады, колайлы жагдайлар туғызады, немесе экономиканы кері артады, аяғына тұсау салады, берекесін кашырады, киыншылыктар туғызады. Мәселе - саясаттын пәрменділігінде, өміршендігінде ғылымға каншалыкты сүйенгендігінде. Айта кететін бір жай саясаттын кері әсер ететін белсенді рөлі коғам өтпелі кезендерді

бастан кешіргенде ерекше көрінеді. Мәселен, біздін еліміз ескі өндірістік катынастарды ыдыратып меншіктің көптүрлігіне әлеуметтік сипаттагы нарыктық катынастарга көшіп жататын бүгінгі дәуірде экономикалық саясаттың мазмұны, жүргізіліп жаткан экономикалык, реформаның, қабылдаган бағдарламалардың саяси маңызы ерекше үлкен екекін өмірдін өзі көрсетіп отыр.

4. Саясаттың субъектілері

Адамнын саяси мүддесінін калыптасуы-оның имандылық, адамгершілік позициясымен де тыгыз байланысты. Адамгершілік касиеттер мен имандылык принцитттері адамдардың ортак мүдде төнірегінде топтасуына шешуші ыкпал жасайды. Ал адамгершілік, имандылық кашан да жалпыадамзаттық құндылықтар мен рухани казыналарға сүйенеді . Осы касиеттерге сүйенген саясат кана мықты әрі өміршең болмак.

Кеңестер одағы түсында көп жылдар бойы имандылық қасиеттер саясаттан шетқакпайлык көріп келді, тіпті таптаурынға айналды. Діни сенім қудалауға түсті, ұлттық салт-дәстүрлердің басым көпшілігіне "кертартпа" деген айдар тағылды, жалпыадамзатка тән имандылык касиеттерінің орнын таптык көзкарас басты, "партия мен өкімет саясатына карсы деп өз әкесін үстап берген баланың килығы үлгі есебінде дәріптелді. Шүкір, қазіргі дербес дамуымыздың барысында саясат пен имандылыкты қарсы қоюдан арылып, адамгершілік негіздеріне табан тіреп жатырмыз. Республикамыздын Конституциясы саясат пен имандылықтың тыгыз бірлігіне үлкен мән береді. Оның накты дәлелі Конституцияның "Адам және азамат'" деп аталатын екінші бөлімі.

Ал ҚҰҚЫҚ болса саяси үстемдіктін нормалары мен принциптерін бекітеді және саясатқа зандық сипат береді. Біз қүқықтык мемлекет қүрып орныктыруды максат етіп отырган елміз. Барлық адам зан алдында бірдей, барлық адам зазңға бағынуға, заңға жүгінуге тиіс, ал мемлекет болса барлық азаматтың қүкығын қорғауға міндетті. Кеңестер одағы түсында партиялык номенклатура күқыкпен санаспады, заңға бағынбады, керісінше занды өз мүддесіне пайдаланып келді.

Саясаттың СУБЪЕКТТСІ дегеніміз - саяси іс-әрекетке

азды-көпті саналы түрде тікелей қатысатын кісілер, түрлі әлеуметтік топтар және үйымдар. Ал субъектінің танымдық, практикалық іс-әрекеті бағытталған нәрсені, құбылысты саясаттың ОБЪЕКТІКІ деп атайды.

Саясаттың, субъектісінің мәні саяси, процеске тікелей қатысушылардың өздерінің түпкілікті мүдделерін қаншалықты дәрежеде сезінуімен, алдарына нақты мақсат қоя білуімен, сол мүдде төңірегінде ұйымдасып, Іс-қимыл жасауымен тығыз байланысты. Яғни бұл арада саяси істерге саналы түрде қатысу шешуші рөль атқарады. Саналылық бар жерде еркіндік бар, шешім кабылдау, батыл іс-әрекетке ұмтылу бостандығы бар. Саясаттанушы ғалымдар субъектілердің саналылығының 3 түрлі деңгейін ажыратады: 1) қарапайым субъектілер - күнделікті тіршіліктен туған өзіне және өз аумағына тән мүдделер төңірегінде ғана бас көтеретін, бірак өз іс-әрекетінің саяси салдарларына жете үңілмейтіндер, өзінің саяси рөлін терең аңғармайтындар; 2) кіріптар субъектілер - саяси іс-әрекетке қатыса отырып өз орындары мен міндеттерімен жақсы түсінетін, бірақ одан асып, өздігінен, дербес саяси өмірге ықпал жасай алмайтындар; 3) белсенді, дербес субъектілер - өз мақсаттарын және оған жету жолын айқын түсінетіндер және осы жолда дербестік танытып, саяси кұлымның барлық тетіктерін іске қоса алатындар.

Субъектілер - сан алуан. Оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеп, топтастыруға болады. Дегенмен ең көп тарған көзқарас субъсктілерді 2 топқа бөледі: 1) әлеуметтік - оған дара адамдар, таптар, әртүрлі әлеуметтік топтар мен қабаттар, мәселен, кәсіптік, этникалық-үлттық, демографиялық, элиталық, т. б. топтар жатады; 2) институционалдық (саяси ұйымдар) - мемлекетті, партияларды, саяси қозғалыстарды, кәсіподақтарды қамтиды.

Субъектілерді саяси өмірге катысу сипатына қарай да жіктеуге болады: 1) саяси процеске тікелей катысушылар (мемлекет, партиялар, қоғамдық ұйымдар) ; 2) әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар; 3) саяси процеске ғана емес, саяси шешім кабылдауға да тікелей және үнемі катысушылар - көшбасы (лидер), элита. •

Түпкілікті мүдделеріне қарай біріккен үлкен топтарды, таптарды саясаттын бірінші субъектілері, саяси шешім қабылдауға және іс-әрекетке араласатын саяси ұйымдар мен дара адамдарды - екінші субъектілер деп те атайды. Соңғыға түрлі саяси институттар мен органдар, өкілетті шағын топтар мен ұжымдар және дара адамдар жатады.

Мемлекеттің, партиялар мен қозғалыстардың, элита мен көшбасының саяси процестердегі рөліне кейінгі тарауларда арнайы тоқталамыз. Қазір кісі мен әлеуметтік топтардың, саясат субъектісі есебіндегі мән-мағынасына қысқаша назар аударайық.

Кісі, жеке адам - саясаттың ең әуелгі, түбірлі субъектісі Жоғарыда айтқанымыздай, саясяттың өзі әрбір адамның қоғам мүшесі ретінде қалыптасып, есеюімен, өмірдегі орнын бағдарлап білуімен, талап-сұранымын анықтап, алдына мақсат қоюымен, сол мақсат жолындағы белсенді іс-әрекетімен тікелей байланысты. Саясат туралы ғылымда кісіні мынадай 3 кырынан қарастырады

1) кісі адамға, онын жеке басына тән психикалық-физиологиялық эмоциялық, интелектуалдық, т. б. ерекшеліктер тұрғысынан бағаланады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы мәліметтер
Гендерлік саясат оны қаржыландыру
Зат пен энергия
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ РӨЛІ
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық қатынастар және елдердің сыртқы саясаты аспектілеріндегі көріністері
Әлеуметтік саясат не үшін керек? (әлем және ҚР тәжірбиесі)
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz