Өнеркәсіптегі айналым қаражаты



Кіріспе
ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫ
1. Өнеркәсіптің айналым қаржының экономикалық мәні мен жіктелуі
2. Өнеркәсіптің айналым қаржысы мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Айналым қаржысын басқару саясаты Өнеркәсіптің айналым қаржының қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Өнеркәсіптің айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы Өнеркәсіптің өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру Өнеркәсіптің барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай Өнеркәсіптің айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым қаржысыне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Жұмысының өзектілігі Өнеркәсіптің айналым қаржысын құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады. Кәсіпорын барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Өнеркәсіптің капиталын пайдалану туралы тағы бір меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі жолмен қалыптасып керек. ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ бөлігі қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасады.
1. Р.Ә.Әмірқанов ,А.Қ. Тұрғұлова.Қаржы менеджменті; Алматы, 2002; 136-168б.
2. Балабанов И.Т Риск-менеджмент М:Финансы и статистика. 1996.-192 с
3. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент .-М: Перспектива, 1997.-574с.
4. Бланк И.А. «Управление активами», 716 б.
5. Нурсеитов А.А. «Финансовый менеджмент» Учебное пособие. Алматы. 1996г. 160 б.
6. Павлова Л.П. «Финансовый менеджмент» М: 1996 г.
7. Ковалев В.В. «Финансовый менеджмент», 144 б.
8. Бланк И.А. «Основы финансового менеджмента». Учебный курс. 2-х.-К:Ника-центр: 1999ж-5 ПС10 .ДЖ. . ВАН ХОРН .Основы управление финансами -М.:1996.-799с.
9. Павлова Л.П. финансовый менеджмент . Учебник.-М.: нфра-М,1996
10. Шим Дж.,Сигел Дж.Г. Финансовый менеджмент. –М.: 1999.
11. Лимитовский М.А. Основы оценки инвестиционность и финансовых решений. -М.ДЕКА, 1998-232с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
Өнеркәсіптегі айналым қарАЖАты
1. Өнеркәсіптің айналым қаржының экономикалық мәні мен жіктелуі
2. Өнеркәсіптің айналым қаржысы мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Айналым қаржысын басқару саясаты Өнеркәсіптің айналым қаржының
қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің
құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы
стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Өнеркәсіптің айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың
үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне
өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары.
Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және
еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие
пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер
бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы
Өнеркәсіптің өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда
маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру Өнеркәсіптің
барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай
Өнеркәсіптің айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі
заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым қаржысыне салынған қаржы ресурстарының қомақты
көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты
төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Жұмысының өзектілігі Өнеркәсіптің айналым қаржысын құрудың ең дұрыс
жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым
капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады. Кәсіпорын
барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады.
Өнеркәсіптің капиталын пайдалану туралы тағы бір меншікті капиталды тек
қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі
жолмен қалыптасып керек. ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ бөлігі
қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасады.
Сондай-ақ, қаржы менеджментінің міндеттерінің күрделілігін анықтайтын
басқа да жағдайлар айналым қаржысын баскаруға тікелей байланысты. Мұндай
міндеттер кешені мен оларды іске асыру механизмі кәсіпорындағы айналым
қаржысын баскару саясатын қалыптастыруда көрінеді.

Өнеркәсіптегі айналым қарАЖАты
1.1. Өнеркәсіптің айналым қаржының экономикалық мәні мен
жіктелуі

Шаруашылық қызмет жасайтын әрбір Өнеркәсіптің өнімді үздіксіз өндіру
мен сатуды қамтамасыз ететін айналым капиталы болуы тиіс. Айналым құралдары
- өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы.
Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады. Айналым
құралдарына өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады. Өнеркәсіптің
айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне қатысып үздіксіз айналым
құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және керісінше түсіп
отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары түріне ауысып отырады.
Осылайша кезек-кезек үш фазадан өте отырып айналым құралдары өзінің табиғи
заттық формасын өзгертеді. Бірінші фазада (А-Т) айналым құралдары алғашында
ақша түрінде болып өңдірістік запастарға ауысады, яғны айналым сферасынан
өндіріс сферасына өтеді. Екінші фазада (Т-Ө-Т1) айналым құралдары өндіріс
процесіне тікелей қатысады және аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар
мен дайын өнім түріне келеді. Айналым кұралдарының айналымның үшінші фазасы
(Т1-А1) қайтадан айналым фазасында өтеді[1]. Дайын өнімді өткізу
нәтижесінде айналым құралдары қайтадан ақша кұралдары түріне өтеді. Түскен
ақшалай түсім мен алғашқыдағы жұмсалған ақша құралдарының айырмасы (А1-А)
кәсіпорын ақшасының қорлану мөлшерін көрсетеді. Осылайша толық айналым
жасай отырып (А-Т-Ө-Т1-А1) айналым құралдары барлық деңгейлерде уақытпен
пареллельді жұмыс жасайды. Ол өз кезегінде айналым мен өндіріс процесінің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Айналым құралдарының айналымы органикалық
бірліктегі үш фазадан тұрады. Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын
айналым құралдарына қарағанда мекеменің негізгі айналым қорлары әр өндіріс
процесінде толығымен тұтынылады, өзінің құнын дайын өнімге түгелдей салады
және өзінің табиғи түрін өзгертеді. Айналым құралдарын қайта өндіру
процесіне орналастыру оларды өндірістік айналыс қорлары мен айналым
қорларына жіктейді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесінде жұмыс
жасаса, ал айналым қорлары - айналым процесінде, яғни дайын өнімді өткізуде
және тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуда. Бұл қорлардың тиімді
тепе-тендігі құн жасауда қатысатын өндірістік айналым қорларының неғұрлым
көп бөлігіне байланысты. Айналым қорларына Өнеркәсіптің
қоймасындағы дайын өнім, кассадағы және банктегі есеп шоттағы, сондай-ақ
тиелген аяқталмаған есеп айырысудағы ақша қаражаты жатады. Өндірістік
айналым қорларының және айналым қорлары сомасының ақшалай көрінісі
Өнеркәсіптің айналым құралдарын құрайды. Өнеркәсіптің айналым қаржысын
мақсатты басқару оларды жіктеуді қажет етеді. Қаржы менеджменті тұрғысынан
айналым акивтерін жіктеу төмендегі негізгі белгілері бойынша жүргізіледі:
1. Түзілудің қаржы көздерінің сипаты бойынша:
а) Жалпы айналым қаржысы - өз есебінен және қарыз капитал есебінен
түзілген олардың жалпы- мөлшерін сипаттайды.
ә) Таза айналым қаржысы - өз есебінен және ұзақ мерзімді қарыз капитал
есебінен түзілген оның бөлігін сипаттайды.
ТАА-КҚМ, (1)
мұндағы, КҚМ — Өнеркәсіптің қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.
б) Жеке меншік айналым қаржысы — Өнеркәсіптің өз есебінен түзілген
айналым қаржының бір бөлігі.
ЖМАА= ОА-ҰҚК-КҚМ,
мұндағы ¥ҚК — Өнеркәсіптің айналым қаржысыне инвестицияланған ұзақ мерзімді
қарыз капиталы. Егер кәсіпорын айналым құралдарын қаржыландыруға ұзақ
мерзімді қарыз капиталын пайдаланбаған жағдайда жекеменшік және таза
айналым құралдарының сомалары сәйкеседі.
2. Түрлері бойынша:
а) Шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым
қаржының бұл түрі Өнеркәсіптің өндірістік қызметін қамтамасыз ететін запас
түріндегі олардың кіретін материалдық ағымының көлемін сипаттайды.
ә) Дайын өнім қоры (запасы). Сатуға, өткізуге арналған запас түріндегі
олардың шығатын материалдық ағымының көлемін сипаттайтын айналым қаржының
түрі. Аяқталмаған өндірістің көлемі мен циклының ұзақтығы шағын болған
жағдайда оны айналым қаржының осы түріне қосады, болмаса — жеке бір түрге
жатқызады.
б) Дебиторлық қарыздар. Заңды және жеке тұлғалардың тауар, жұмыс,
қызмет, берілген аванс бойынша және т.б. қаржы міндеттемелерімен көрінетін
кәсіпорын пайдасындағы қарыз сомасын сипаттайды.
в) Ақша қаржысы. Қаржы менеджменті тәжірибесінде оған ұлттық және шетел
валютасындағы қалдық ақша ғана емес, сонымен бірге қысқа мерзімді қаржы
салымдарының сомасын да жатқызады. Олар ақша қаржының уақытша бос қалдығын
инвестиция түрінде қарастырады. Яғни "ақша құралдарының алып - сатарлық
қалдығы".
г) Басқалар.
3. Операциялық процесте қатысу сипатына қарай:
а) Өндіріс цикліне (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар
запастары; аяқталмаған өндіріс көлемі; дайын өнім қоры) қызмет ететін
айналым қаржысы;
ә) Қаржы цикліне (дебиторлық қарыз және т.б.) қызмет ететін айналым
қаржысы;
4. Айналым қаржының қызмет ету кезеңдеріне карай:
а) "Тұрақты айналым капиталы" — айналым қаржының тұрақты бөлігі.
Бірінші трактовкаға сәйкес айналым капиталы (немесе ағымдағы
активтердің жүйелі бөлігі) дегеніміз барлық операциялық цикл кезіндегі ақша
қаражаттарының, дебиторлық қарыздың және өндірістік запастардың сұранысы
салыстырмалы бөлігі. Бұл Өнеркәсіптің тұрақты қолданысындағы ағымдағы
активтердің орташаланған көлемі, мысалы уақыттық өлшем бойынша. Басқа
трактовка бойынша тұракты айналым капиталы өндіріс қызметін іске асыруға
қажетті ағымдағы акгивтердің төмендетілмейтін минимумымен анықталуы мүмкін.

Бұл дегеніміз кәсіпорын өзінің қызметін іске асыру үшін оған
айналым құралдарының белгілі бір минимумы қажет. Мысалы, есеп шоттағы ақша
қаражатының тұрақты қалдығы, резервті капиталдың белгілі бір аналогы.
ә) "Ауыспалы айналым капиталы" (немесе ағымдағы активтердің ауыспалы
бөлігі) категориясы дағдарыс кезінде немесе сақтандыру қоры ретінде қажетті
қосымша ағымдағы активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша өндірістік-
материалдық запастардың қажетті сатудың науқанды кезіндегі сатылымның
жоғары деңгейін қолдаумен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар сатылым
барысына қарай дебиторлық қарыз да өседі. Қосымша ақша қаражаттары шикізат
пен материалдар, сондай-ақ еңбек ақы төлемдерін науқан кезінде жабуға
қажет.
Өндірістің айналым қорларының жіктелуі:
1. Өндірістік запастағы айналым қорлары.
а) шикізат, негізгі материалдар;
э) сатып алынатын жартылай фабрикаттар;
б) көмекші материалдар;
в) отын;
г) ыдыс және ыдыс материалдары;
ғ) ағымдағы жөндеуге арналған бөлшектер;
д) тез тозатын шаруашылық заттары мен аспаптар.
2. Өндіріс процесіндегі айналым қорлары:
а) аяқталмаған өндіріс;
э) жаңа өнімді игеру шығындары;
б) өзі дайындаған жартылай фабрикаттар.
Шикізат - бұл оны табуға немесе өндіруге еңбек жұмсаған еңбек өнімі.
Материалдар - өнеркәсіптік өңдеуге түскен еңбек өнімдері. Мысалы,
металлды пракаттау. Негізгі материалдардан өнім жасалады, олар оның негізгі
мазмұнын құрайды.
Жартылай фабрикаттар — өндірістің бір немесе бірнеше кезеңінен өткен,
бірақ тағыда өндеу мен жинақтауды қажет ететін еңбек өнімдері.
Ыдыс және ыдыстық материалдар — өндіріске қажетті орамдар мен
материалдардың барлық түрлері.
Аяқталмаған өндіріс — өнделіп жатқан немесе өңдеуді қажет ететін,
дайын өнімнің құрамына енбеген еңбек өнімдері. Әртүрлі кәсіпорын айналым
қорларының құрамы, құрылымы және құны әр алуан. Өйткені ол шығарылатын
өнімнің сипаты мен көлеміне, өндіріс циклінің ұзақтығына, өндірістің
механикаландырылу және автоматтандырылу деңгейіне, көбінесе
Өнеркәсіптің қызмет түріне байланысты. Өнеркәсіптің қаржы жағдайының
тұрақгылығы көбінесе қаржы ресурстарын активтерге дұрыс және тиімді салуға
байланысты.
1.2. Өнеркәсіптің айналым қаржысы мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің түзілу көздері

Шаруашылық қызметінің айналым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз
етілуі үшін оның көлемі жеке капиталдың көлемінің 13 бөлігімен
тағайындалады. Өйткені айналым құралдарының көптігі кәсіпорын капиталының
бір бөлігі бос жатып, пайда әкелмейтіндігін көрсетеді.
Жалақы бойынша қарыздар;
1. бюджетке қарыздар;
2. жеткізушілерге қарыздар және т.б.
Әдетте Өнеркәсіптің айналым құралдарына деген ең төменгі сұранысы
өзінің жеке көздерімен қанағаттандырылады: жарғы капиталының, резервті
капиталының, жинақтау қорының және мақсатты қаржыландыру пайдалары.
Өнеркәсіптің жекеменшік каражаты кәсіпкерлік қызметтің артуы мен
акционерлендіруде шешуші рөл атқарады. Өйткені шаруашылық субъектісінің
қаржы тұрақтылығын және оперативті өзіндік қабілетін қамтамасыз етеді.
Жекешелендірілген кәсіпорындардың жеке айналым құралдары толығымен олардың
құзырында. Кәсіпорындар оны сатуға, азаматтарға, басқа шаруашылық
субъектілеріне беруге, жалға беруге және т.б. құқылы[2].
Нарық конъюнктурасы әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан кәсіпорындардың
айналым құралдарына деген сұраныстары да тұрақсыз. Бірқатар объективті
себептерге қарай (инфляция, өндіріс көлемінің өсуі, клиент шоттарын
төлеудегі кідірістер және т.б.) кәсіпорында айналым құралдарына деген
уақытша қосымша сұраныстар туады. Бұл сұраныстарды тек өз қаржысынан жабу
іс жүзінде мүмкін болмай қалады. Сондықтан Өнеркәсіптің өз есебінен жұмыс
істеуінің үстемдігі екінші орынға ығысады. Мұндай жағдайларда шаруашылық
қызметтің қаржылық қамтамасыз етілуі қарыз беретін көздерді тартумен қатар
жүреді: банк және коммерциялық несилер, займдар, инвестициялық
салықтық несие, кәсіпорын жұмысшыларының құралдарды пайдалану өз
құралдарын пайдаланғаннан анағұрлым тиімді. Сондықтан айналым құралдарын
түзу процесін басқарудың негізгі міндеті займды құралдары тартудың
тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Көбінесе банк несиесі түрінде болып келетін займдық құралдар
Өнеркәсіптің құралдарға деген қосымша сұранысын қанағаттандырады. Сонымен
бірге банктің несие беруінің шарттарының бастыларының бірі кәіпорынның
қаржы жағдайының сенімділігі және оның қаржы тұрақтылығын бағалау. Несие
Өнеркәсіптің пайдасы есебінен жабылады. Егер несие тағайындалған несиені
өтеу мерзімі ішінде болса, онда бұл пайда салықтан босатылады. Ал банктік
пайыздық төлемге келетін болсақ, белгіленген мерзім уақытында төленген
пайыздық шығындар өнімнің өзіндік құнына енеді. Бұл айналым кұралдарын
толтыруға берілетін несие Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігіне ашып отырған несие желісі
есебінен берілуіне байланысты. Ол Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің
есепті ставкасынан аспайды. Несиені өтеу уақытын өткізіп алғанда жағдайда,
сондай-ақ несие бойынша пайыздарды төлеу кәсіпорын құзырындағы пайдадан,
яғни таза пайда есебінен төленеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік айналым қорлары
Кәсіпорынның айналым қоры
Кәсіпорынның айналым капиталы
Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымы
Айналым қаражаты
Корпорацияның айналым капиталы туралы
Айналым қаражатының негізділігі
Меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі және оның себептері
КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЛАРЫНЫҢ) АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМДЫЛЫҒЫ
Меншікті капиталдың рентабельділігі
Пәндер