Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және оны талдау


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Экономика және бизнес» факультеті

«Есеп және аудит» кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және оны талдау

Орындаушы:

4 курс студенті Каримова Г.

Ғылыми жетекші:

э. ғ. к., доцент Баймуханова С. Б.

Бақылаушы: Арыстамбаева А. З.

Қорғауға жіберіледі:

«Есеп және аудит» каф. меңгерушісі

э. ғ. к., доцент Шаяхметова К. О.

Алматы 2009

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

КІРІСПЕ

1 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІ МЕН ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

  1. Тауарлы-материалдық қорлар, оның мәні және маңызы
  2. «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау. .
  3. «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның есеп саясаты

2 «ҚазМұнайГаз» КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Тауарлы-материалдық қорларды бағалау және түгендеу

2. 2 «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорларының талдамалы және жинақтамалы есебі

2. 3 Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Диплом жұмысында тауарлы - материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы - материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы -материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.

Тауарлы -материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай диплом жұмысында мынадай талаптар қойылады:

1. Тауарлы -материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.

2. Тауарлы -материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.

3. Тауарлы -материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.

Диплом жұмысында «ҚазМұнайГаз» АҚ практикалық материалдары қолданылған.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) Қазақстандағы ірі мұнай және газ өндіруші компанияның бірі. ҚМГ БӨ бүгінде мұнай өндіру көлемі жағынан елімізде екінші орын алады. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «ҚМГ Ұлттық компаниясы» АҚның еншілес кәсіпорыны болып табылады және 2004 жылдың наурызында «ӨзенМұнайГаз» ААҚ (ӨМГ) мен «ЕмбіМұнайГаз» АҚ (ЕМГ) бірігуі жолымен құрылды. ӨМГ және ЕМГ кен орындары 2Р категориясы бойынша 240 млн. тоннадан астам мұнай қорына ие. 2007 жылы жүзеге асырылған сатып алуларды есептегенде, компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының жалпы көлемі 296 млн. тоннаны құрайды. Бүгінде ҚМГ БӨнің жеке активінде (сатып алуларды есептемегенде) 44 кенорындары бар.

КазМұнайГаз АҚ-ның негізігі қызметіне мыналарды жатады:

  • Көмірсутекті өңдеумен байланысты қызмет;
  • Көмірсутекті қайта өңдеумен байланысты қызмет;
  • Басқа да қызмет түрлері.

Өз қызметінің барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты - жоғарыда келтірілген міндеттерді және «ҚазМұнайГаз» АҚ тауарлы -материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Диплом жұмысында Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары пайдалынады.

1 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІ МЕН ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

  1. Тауарлы-материалдық қорлар, оның мәні және маңызы

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

13. 11. 96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы - материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28. 01. 2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы - материалдық қорлар - бұл:

  1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
  2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
  3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.

Соған сәйкес тауарлы - материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:

  1. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін - шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін - материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді. (қант, сүт, хош иіс)
  2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
  3. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
  4. Ыдыс және ыдыстық заттар - бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
  5. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
  6. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
  7. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар - бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
  8. Құрылыс материалдары - құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді. Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.

1. 2 «ҚазМұнайГаз» кәсіпорынының экономикалық көрсеткіштерін талдау

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) Қазақстандағы ірі мұнай және газ өндіруші компанияның бірі. ҚМГ БӨ бүгінде мұнай өндіру көлемі жағынан елімізде екінші орын алады. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «ҚМГ Ұлттық компаниясы» АҚның еншілес кәсіпорыны болып табылады және 2004 жылдың наурызында «ӨзенМұнайГаз» ААҚ (ӨМГ) мен «ЕмбіМұнайГаз» АҚ (ЕМГ) бірігуі жолымен құрылды. ӨМГ және ЕМГ кен орындары 2Р категориясы бойынша 240 млн. тоннадан астам мұнай қорына ие. 2007 жылы жүзеге асырылған сатып алуларды есептегенде, компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының жалпы көлемі 296 млн. тоннаны құрайды. Бүгінде ҚМГ БӨнің жеке активінде (сатып алуларды есептемегенде) 44 кенорындары бар.

КазМұнайГаз АҚ-ның негізігі қызметіне мыналарды жатады:

  • Көмірсутекті өңдеумен байланысты қызмет;
  • Көмірсутекті қайта өңдеумен байланысты қызмет;
  • Басқа да қызмет түрлері.

Кәсіпорын геологиялық зерттеу жұмыстарын да жүзеге асырады. Бұл жұмыстың негізігі мақсаты, компанияның шикізат базасын жетілдіру үшін мұнай және газ қорларын өндіру. Ресурстық базаны ұлғайту үшін геолгиялық барлау жұмыстары Атырау және Маңғыстау облыстарында жүргізілуде. Кәсіпорын болашақта жаңа технологияларды пайдалана отырып мұнай өндірудің жаңа механизмдерін ашуға мақсат қойды. Сонымен қатар кәсіпорын мұнайды өңдеуді идентификациялау үшін бірқатар іс шаралар жүргізуде. Кәсіпорын мұнай идентификациясының келесі тәсілдерін қолданады: пластты гидрожару, перфорация технологиясы, электроәсер. Өндірісті басқару үшін кәсіпорын ақпаратттық технологиялар базасын қолданады.

Кенорындар. Республикадағы мұнай газ өнеркәсібінің даму тарихы Өзен мен Ембі кен орындарының игерілуімен бастау алады. Әлі күнге дейін осы аймақтардың кен орындарында жалпы еңбек өтімі жүздеген жылдарды құрайтын атақты мұнайшылар әулиеттерінің өкілдері еңбек етіп келеді.

Алғашқы мұнай шөгінділері 1899 жылы табылды және 1920 жылдан бастап мұнай кәсіпшіліктері Батыс Қазақсианды игеруде шешуші роль атқарады. Ұлы Отан соғысы кезінде жылына 700-750 мың тонна беріп тұрған ембі кеніштері Кеңестер одағындағы маңызды мұнай өндірушілердің бірі болды. Содан бері мұнай кәсіпшіліктерінің аймақтағы маңызы тек арту үстінде. Бүгінде ҚМГ БӨнің еншілес кәсіпорындары «ЕмбіМұгайГаз» және «ӨзенМұнайГаз» өнждірістік филиалдары Атырау және Маңғыстау облыстарының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Өзен кен орны Компанияның өндіру көлемі жағынан да, қоры жағынан да ең үлкен кенорны болып табылады. Оның өндірістік пайдаланылуы 1965 жылы басталды.

ЕМГ кенорындарының бірқатар (Оңтүстік Батыс Қамысты, Жаңаталап Нуржанов) 60-шы жылдардың соңы мен 70-ші жылдардың басында, қалғандары 80-шы жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында (Кенбай, Забұрын, Ботахан, Мақат) ашылып, пайдалануға берілді.

Компанияның негізгі қызметі Қазақстандағы мұнайгаз кен орындарын игеру. Компания 46 мұнай және газ кен орындарын, оның ішінде «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалында-7, «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалында 39 кен орынын игерді.

2007 жылы компания «ҚазгерМұнай» ЖШСдағы үлестердің және «Қаражанбасмұнай» компанияларындағы акциялардың 50% сатып алудың нәтижесінде өзінің қызметін айтарлықтай кеңейтті. Бұл екі сатып алудың орташа тәуліктік өндіруге жалпы ықпалы компанияның үлестік қатысуына және ҚМГ БӨ-нің, ҚазгерМұнайГаздың және CCEL-дің 2008ғы орташа тәуліктік мұнай өндіруіне негізделеді, тәулігіне шамамен алғанда 48 мың баррельді немесе компанияның тәулігіне 192 мың баррельді құрайтын негізгі активтердің өндіруіне 25%ға жуықты құрады. Аталған сатып алулардың ҚМГ БӨ қатысты дәлелденген және болжамды мұнай қорларының жалпы көлеміне үлесі компанияның негізгі кен орындарының сол санатты қорларынан 20%ға жуықты құрайды.

Компанияның есепті кезеңдегі қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі факторларға: мұнайға арналған бағаның динамикасы, валюталық бағамдардың, атап айтқанда, теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамының ауытқуы және елдегі иефляция қарқыны жатады.

Мұнай сату компания кірісінің негізгі көзі болып табылады. Бизнес, келешек, қаржылық жағдай және қаржы -экономикалық қызметтің нәтижелері айтарлықтай дәрежеде мұнайға арналған бағаға қатысты. Өткен кезеңдерде мұнай бағасы құбылмалылықтың жоғары дәрежесін көрсетті. Компания кірістері мен таза пайдасы айтарлықтай дәрежеде мұнай бағасының өзгеруіне қарай ауытқиды. 2001жылдан бастап мұнайға арналған дүние жүзілік баға едәуір өскенімен, бұл өсу қазіргі баға деңгейі сияқты келешекте де сақталатындығына ешқандай кепілдік жоқ. Келешекте кез келген мұнай бағасының төмендеуі (тіпті салыстырмалы түрде көп емес) бизнеске, келешекке, қаржылық жағдайға және компания қызметінің нәтижелеріне жағымсыз әсер етуі мүмкін. 2008жылды 2007жылмен салыстырғанда BRENT сортты мұнайға арналған баға орташа алғанда баррель үшін 7. 25 АҚШ долларына артты. (72. 39)

Компания 9. 53млн. тонна мұнай өндіріп 2008 жылы белгіленген өндірістік көрсеткіштерін орындауға қол жеткізді, 2007жылы осындай мұнай көлемі өндірілген болатын. Барлық өндірілген мұнайдың 6. 72 млн. Тоннасын ӨМГ, ал 2. 81млн. тоннасын-ЕМГ өндірді.

Өндіруші бөлімше
2008
2007
Өэгеріс, пайызбен
Өндіруші бөлімше: ӨзенМұнайгаз
2008: 6. 72
2007: 6. 73
Өэгеріс, пайызбен: 0. 1%
Өндіруші бөлімше: ЕмбіМұнайГаз
2008: 2. 81
2007: 2. 80
Өэгеріс, пайызбен: 0. 4%
Өндіруші бөлімше: Барлығы
2008: 9. 53
2007: 9. 53
Өэгеріс, пайызбен: -

2008жылдың 31желтоқсанындағы жағдай бойынша компания мұнай ұңғымаларының пайдалану қоры 5925 ұңғыманы, 1862 тоғытпалы ұңғыманы құрады.

Компания кен орындарының негізгі бөлігі жоғарғы суланушылығы мен мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен сипатталатын игерудің соңғы кезеңдерінде тұр. Мұнай өндірудің табиғи төмендеуінің орнын толтыру мақсатында, сондай-ақ 2008 жылы мұнай өндірудің жоспарланған көлемдерін қамтамасыз ету үшін компания ұңғымаларды пайдаланудың бұрғылау, күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды, мұнай өндіруді қарқындату, сондай ақ бүйірлік оқпанды кесу жөніндегі іс шараларды жүргізді. 2008 жылы компания 179 пайдалану ұңғымысының құрылысын аяқтады, бұл ретте жаңа ұңғымаларды іске қосудан мұнай өндіру 290 мың тоннаны құрады. 1137 ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізілді, күрделі жөндеу бойынша жұргізілген жұмыстан қосымша өндіру 542 мың тонна мұнайды құрады, 2008 жылы 8. 94 мы4 тонна мөлшерінде қосымша мұнай өндіруге қол жеткізген 14 ұңғыманың бүйірлік оқпанын кесу жүргізілді. Компания қабаттардың мұнай беруін арттырудың (ҚМА) үздік технологиялар, оның ішінде қабатты сумен сөгуді және ағынды ауытқытушы полимерлік құрамдарды пайдалануды қолдануда. ҚМА технологиясын қолданудың нәтижесінде 2008 жылы 396 ҚМА ұңғымалық операцияларды жүзеге асырудың есебінен қосымша 561. 23 мың тонна мұнай өндірілді.

2009 жылы мұнай өндіру ҚазгерМұнай мен Қаражанбасмұнайдағы өндіруді қоспағанда шамамен алғанда 2008 жылғы деңгейде сақтала отырып 9. 5 млн. тоннаға жеттеді. Өндірудің табиғи төмендеуінің орнын толтыру үшін 2009 жылы 162 өндіруші ұңғыманы бұрғылау сондай ақ бар ұңғымаларда іс- шараларды оның ішінде қабаттардың мұнай беруін жақсарту, ұңғымаларды күрделі жөндеу оқпантүп маңындағы аймаққа ықпал ету және өндіруші ұңғымаларды әрекетсіздіктен шығару жөніндегі іс шараларды орындау жоспарланып отыр. 2009 жылы Компания бұрғылау орнату үшін геологиялық құрылымын нақтылау және объектілерді негіздеу мақсатында болашағы бар блоктарды геологиялық барлау жұмыстарының ауқымды көлемін жоспарлап отыр. Атап айтқанда, компания Р-9, Тайсойған және Лиман блоктарында, сондай-ақ Өзен және Қарамандыбас кен орындары аймағына жалғасып жатқан аумақтарды барлау жұмыстарын жоспарлап отыр. 2009 жылы 850 погон км. көлемінде сейсмикалық зерттеудерді жүзеге асыру 8 пайдаланулық және құрылымдық ұңғымалардың құрылысын салу, сондай-ақ 12600 метр тереңдікті бұрғылау жоспарланды.

2009 жылы компанияның күрделі шығыстары шамамен алғанда 45 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде. Келесі кестеде 2008 жылдың 31 желтоқсаны мен 2007 жылдың 31желтоқсанында аяқталған кезеңдер ішінде мұнай мен мұнай өнімдерін сатудың көлемдері және сату бағалары туралы деректер келтірілген:

Мұнайды экспорттық сату
2008 жыл
2007 жыл
Мұнайды экспорттық сату: ӨАС құбыр желісі (Өзен-Атырау-Самара )
2008 жыл: Мың теңге
Мұнайды экспорттық сату: Сату
2008 жыл: 305 100 869
2007 жыл: 266 393 555
Мұнайды экспорттық сату: Көлемі (мың тоннамен)
2008 жыл: 5 233
2007 жыл: 5 075
Мұнайды экспорттық сату: Орташа бағасы (тонна үшін теңгелей)
2008 жыл: 58 260
2007 жыл: 52 486
Мұнайды экспорттық сату: Орташа бағасы (АҚШ доллары\баррель )
2008 жыл: 65. 75
2007 жыл: 57. 57
Мұнайды экспорттық сату: КҚК құбыры(Каспий құбыр желісі консорциуымы)
2008 жыл:
2007 жыл:
Мұнайды экспорттық сату: Сату(мың тоннамен)
2008 жыл: 132 450 248
2007 жыл: 92 993 153
Мұнайды экспорттық сату: Көлемі (мың тоннамен)
2008 жыл: 2 117
2007 жыл: 1 663
Мұнайды экспорттық сату: Орташа бағасы(тонна үшін теңгелей)
2008 жыл: 62 559
2007 жыл: 55 903
Мұнайды экспорттық сату: Орташабағасы(АҚШ доллары/баррель )
2008 жыл: 70. 61
2007 жыл: 61. 32
Мұнайды экспорттық сату: Барлығы мұнай экспорты
2008 жыл: 437 551 117
2007 жыл: 359 386 708
Мұнайды экспорттық сату: Мұнай мен өндірілген өнімдерді өзгелей сату
2008 жыл:
2007 жыл:
Мұнайды экспорттық сату: Мұнай мен өңделген өнімдерін ішкі рынокта сату
2008 жыл: 37 401 142
2007 жыл: 44 705 752
Мұнайды экспорттық сату: Көлемі (мың тоннамен)
2008 жыл: 2 230
2007 жыл: 2 551
Мұнайды экспорттық сату: Орташа бағасы(тонна үшін теңгелей)
2008 жыл: 16 768
2007 жыл: 17 525
Мұнайды экспорттық сату: Орташа бағасы(АҚШ доллары/баррель)
2008 жыл: 18. 93
2007 жыл: 19. 22
Мұнайды экспорттық сату: Барлығы ішкі рыноктағы сату
2008 жыл: 37 401 142
2007 жыл: 44 705 552
Мұнайды экспорттық сату: Мұнай мен өңделген өнімдердің сомалық сатулары
2008 жыл:
2007 жыл:
Мұнайды экспорттық сату: Мұнай мен өңделген өнімдерін сату
2008 жыл: 474 952 259
2007 жыл: 404 092 260
Мұнайды экспорттық сату: Сомалық көлемі (мың тоннамен)
2008 жыл: 9 585
2007 жыл: 9 290
Мұнайды экспорттық сату: Орташа бағасы(тонна үшін теңгелей )
2008 жыл: 49 554
2007 жыл: 43 498
Мұнайды экспорттық сату: Орташа бағасы(АҚШ доллары/баррель)
2008 жыл: 55. 93
2007 жыл: 47. 71
Мұнайды экспорттық сату: Өзге де сатулар
2008 жыл: 12 022 620
2007 жыл: 8 115 527
Мұнайды экспорттық сату: Барлығы кіріс
2008 жыл: 486 974 879
2007 жыл: 412 207 787

2008 жылы ӨАС құбыр желісі арқылы экспорттық беру көлемі 2007 жылғы көлемдерімен салыстырғанда тұрақты болды. Мұнайды өңдеуге беру мен мұнайды ішкі рынокта сату көлемдері 2007 жылмен салыстырғанда төмендеді. Сонымен қатар Каспий құбыр желісі Концорциуымы арқылы экспорттық көлемдер едәуір өсті.

Компанияның операциялық шығыстары негізінен алғанда, мұнай өндірудің құнынан тұрады. Төмендегі кестеде компанияның операциялық шығыстары көрсетілген:

2007
2008
Өзгеріс
: Мың теңгемен
: Көліктіктік шығыстар
2007: 48 247 039
2008: 44 060 096
Өзгеріс: 4 186 943
: Қызметкерлерге төленетін сыйақылар
2007: 39 389 555
2008: 37 512 548
Өзгеріс: 1 877 007
: Ескіру, тозу және амортизация
2007: 34 663 502
2008: 30 843 711
Өзгеріс: 3 819 791
: Жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі қызметтер
2007: 20 496 194
2008: 18 988 262
Өзгеріс: 1 507 932
: Роялти
2007: 17 948 868
2008: 15 850 891
Өзгеріс: 2 097 977
: Материалдар мен қорлар
2007: 13 878 706
2008: 11 661 063
Өзгеріс: 2 217 643
: Басқарушылық ганорар және сатулар бойынша комиссиялар
2007: 8 002 198
2008: 7 678 179
Өзгеріс: 324 019
: Электр қуаты
2007: 7 633 700
2008: 7 009 945
Өзгеріс: 623 755
: Табыс салығынан басқа салықтар
2007: 4 830 875
2008: 8 088 268
Өзгеріс: (3 257 393)
: Әлеуметтік жобалар
2007: 3 660 170
2008: 7 850 402
Өзгеріс: (4 190 232)
: Негізгі құралдардың шығып қалуынан болған шығыстар
2007: 2 992 114
2008: 2 062 402
Өзгеріс: 929 712
: Айыппұлдар мен өсімпұлдар
2007: 2 735 535
2008: 363 994
Өзгеріс: 2 371 541
: Қоршаған ортаның ластануы үшін айыппұлдар
2007: -
2008: (11 427 662)
Өзгеріс: 11 427 662
: Басқалары
2007: 6 356 029
2008: 12 855 622
Өзгеріс: (6 499 593)
: Жиыны операциялық шығыстар
2007: 210 834 485
2008: 193 397 788
Өзгеріс: 17 436 697

2008 жылы операциялық шығыстар негізінен алғанда 2007 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 11, 4 млрд. теңге мөлшеріндегі экологиялық айыппұл бойынша резервті жырымдаудың, көліктік шығыстардың өсуінің, тозудың, ескірудің және амортизациядың, өсімақылар мен айыппұлдардың және акцияларға арналған опциондар бағдарламасының есебінен 17, 4 млрд. теңгеге немесе 9%-ға артты. Экология бойынша жырымдау айыппұлын қоспағанда операциялық шығыстар 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 3%-ға немесе 6, 0 млрд. теңгеге өсті.

Неғұрлым елеулі сомалар мен қозғалыстар мынадай себептермен түсіндіріледі:

  1. Көліктік шығыстар 2008 жылы негізінен алғанда мұнайды экспорттық беру көлемінің 9%-ға көбеюіне әкелді.
  2. Қызметкерлерге төлемдер бойынша шығыстар 2008 жылы 1, 6 млрд. теңге сомаға акцияларға арналған опциондар бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде сондай-ақ 415 млн. теңге сомаға қызметкерлердің денсаулығын сақтандырудың жаңа кестесін енгізудің есебінен 5 %-ға өсті.
  3. Ескіру, тозу жіне амортизация (ЕТА) бойынша шығыстар 2008 жылы 12%-ға артты. Аталған көбеюдің негізгі себептері мынадай: қорларды бағалаудың 2007 жылы 1, 5 млрд. теңге сомаға өзгеруінің нәтижесінде 2006 жылы артық есептелген ескіру активтері мен сторноны жою жөніндегі міндеттемелерді қайта есептеу, 2007 жылдың екінші жарты жылдығында негізгі құралдырда сатып алудың нәтижесінде негізгі құралдардың баланстық құнының айтарлықтай өсу нәтижесінде ЕТА-ның 1, 5 млрд. теңге сомаға өсуі, лицензия 2007 жылы тек 11 ай ішінде ғана амортизацияланса 2008 жылы бүкіл жыл амортизациялануына байланысты Лиман блогына лицензиялар бойынша амортизациялық шығыстардың 433 млн. теңгеге сомаға артуы.

Компанияның өтімділікке қажеттілігі негізінен 2008 жылы оперциялық қызметтен ақша қаражатының таза ағымы 2007 жылмен салыстырғанда 50, 8 млрд. теңгеге артық 173 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты. Өсу, негізінен алғанда 59, 2 млрд. теңге сомаға мұнай сатудан болған ақша ағымының артуымен түсіндіріледі.

Инвестициялық қызметте пайдаланылған ақша қаражатының таза жылыстауы 2007 жылға 298, 4 млрд. теңгеден 2008 жылғы 164, 6 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Аталған төмендей мынадай себептердің нәтижесінде болды:

  • байланысты тараптарға берілген өтелген займдардан ақша қаражаты құйылуының 60, 5 млрд. теңгеге өсуі;
  • бірлескен және ассоциацияланған кәсіпорындардан алынған дивидендтердер ақша қаражаты құйылымының 36, 2 млрд. теңгеге артуы;
  • алынған сыйақылардан ақша қаражатының 6, 8 млрд. теңгег өсуі;
  • еншілес кәсіпорындарындағы үлестерді сатудан ақша қаражаты құйылымының 6, 7 млрд. теңгеге артуы;
  • байланысты тараптарға займ бөлуге арналған ақша қаражаты жылыстауының 118, 3 млрд. теңгеге төмендеуі;
  • өтеуге дейін ұстап қалынатын қаржылық актистерді сатып алуға арналған ақша қаражаты жылыстауының өтеуге дейін ұстап қалынатын қаржылық актистерді сатып алуға арналған ақша қаражаты жылыстауының 32 млрд. теңгеге төмендеуі;
  • негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алуға арналаған ақша қаражаты жылыстауының 18 млрд. теңгег төмендеуі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Тауарлы-материалдық қорларды талдау
Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі туралы ақпарат
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорларды аудиттеуді ұйымдастыру жолдары
Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайы
Материалдарды шығыстау құжаттары
Тауарлы - материалдық қорлар ұғымын түсіндіру, теориялық анықтауларды жүйелеп, топтастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz