Қазақстанның интеграциялануы және біртұтас кеден одағының құрылуы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Кедендiк одақ инвестицияның басты кезеңi . . . 5
- Қазақстанның интеграциялануы және
біртұтас Кеден Одағының құрылуы . . . 15
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 26
Кiрiспе
Қазақстан мен ТМД елдерiнің экономикасына 1997-1998 жылдары Азиялық және Ресейлiк инвестициялардың ағымының азаюынан және көптеген шетелдiк инсетрорлардың ТМД нарықтарынан кетуiнен байқауға болады. БҢ-ған қоса, Достастықтың көптеген елдерiнiң сыртқы саудасы отын ресурстарына деген әлемдiк бағаның күрт төмендеуiнен үлкен зиян шектi. Шикi мұнай мен металдардың әлемдiк бағасының төмендеуi Қазақстанның экспорттық тауарларының бағасын 1997 жылмен салыстырғанда 20%-ке арзандатып жiбердi. Азия елдерi нарығтарындағы сұранымның азаюы Қазақстан экономикасынан көп көрiнiс таба қойған жоқ. Қазақстанның 1997ж. экспортының 1/3 бөлiгiн алған Ресейлiк нарықтың қысқаруы өз әсерiн тигiзбей қоймады. Ресейлiк дағдарыс әсерiнен Қазақстаннан алынатын тауарларға сұраным азайды. Жағдайды доллар мен рубльге шағғандағы теңгенiң айырбасталу бағамы арасындағы теңсiздiк шиеленiсрiре түстi. Бұл Қазақстандық тауарлардың ТМД елдерi нарығындағы бәсекелестiк қабiлетiн әлсiреттi.
Сыртқы саудада, бұрынғысынша, үшiншi елдермен сауда басым орын алып келедi, экспорттың жалпы көлемiнде бұл елдердiң алатын үлесi 70%, импорттағы үлесi - 60%. 1999 ж. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 18%-ке, соның iшiнде экспорт - 5%-ке, импорт 28%-ке азайды. Кеден статистикасының мәлiметтерiне сәйкес Қазақстанда 1999ж. сауда балансының сальдосы оң болды 203, 9 млн. доллар.
Достастық шеңберiндегi сауда әрiптестiгi ТМД-ң барлық елдерiнде экспортты-импорттық операциялардың азаюымен сипатталады. Бүгiнгi таңда Қазақстанның үшiншi елдерге экспорты, ТМД елдерiне жасаған экспорттан артық болып отыр, ал импорт 1998 жылмен салыстырғанда 11 проценттiк пункт бойынша құрады. Қазақстанның ТМД елдерiне экспорттық операцияларының кәлемдерiнiң азаюы физикалық көлемнiң азаюынан да, экспорттаушы тауарлардың бағасының арзандауына да байланысты. Қазақстан шикi мұнайдың үшiншi елдерге экспорты көлемiн - 1, 7 есеге, өңделмеген қолайыны - 1, 3 есеге арттырды. Достық елдердiң импорты құрылымында әдеттегiдей машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, тұтыну тауарлары, химия өнеркәсiбiнiң өнiмi, металлдар басым. Машина жасау өнiмiнiң Қазақстандық импорттың жалпы көлемiндегi үлесi - 54%-тi құрайды.
Кедендiк одақ инвестицияның басты кезеңi.
ТМД елдерiнiң экономикалық интеграция тұрғысында тiрелген түйiнiне алдымен Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасында (1995 ж. 6 қаңтары), кейiнiрек 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасының да қосылуымен жасалған Кедендiк Одақ жөнiндегi Келiсiм өзiндiк шешiм болғандай әсер еттi.
Келiсушi Тараптар Кедендiк Одақты құруда мынадай мақсаттар қойылды деп жариялады:
- Өз елдерiнiң әлеуметтiк экономикалық дамуын бiрлесе күш-жiгер жұмсай отырып қамтамасыз ету;
- экономиканың тұрақты дамуына еркiн тауар айналымына және адал бәсекеге кепiлдеме жасау;
- Өз елдерiнiң экономикалық саясатының координациясын нығайту;
- ортақ экономикалық кеңiстiк құру үшiн жағдай жасау;
кедендiк одаққа мүше елдердiң әлемдiк нарыққа шығуына жағдай жасау.
Жоғарыда келтiрiлген мәлiмет пен Келiсiмнiң кiрiспесiндегi нұсқаулар мемлекеттердiң экономикалық Одақ құру жөнiндегi Келiсiм ережелерiн жүзеге асыруға ынталануын көрсетiп отыр. Тараптар. Кедендiк одаққа бiртұтас кедендiк аумақ және нарықтық принциптерге негiзделген бiртиптi экономиканы реттеу механизмi бар “мемлекеттердi” экономикалық бiрлестiгiң ретiнде анықтама бердi.
Келiсiмнiң Кеңестiк одақты механизмi мен кезеңдерiне арналған бабы өзара байланысты шаралар кешенiн 2 кезең iшiнде жүзеге асыруды көздедi.
Бiрiншi кезең - 1994 жылдың 15 сәуiрiнде қабылданған еркiн сауда аймағын құру жөнiндегi келiсiмнiң қызмет ету механизмiн iс жүзiнде қолдану мен өзара саудадағы тарифтiк және сандық шектеулердi жою болып табылады.
Екiншi кезең - мемлекеттердiң кедендiк аумақтарын бiртұтас кедендiк аймаққа бiрiктiру, Кедендiк одақтық халықаралық құқық субъектiлiгi жөнiндегi мәселенi шешу.
Кедендiк Одақты құру жөнiндегi жұмысты Ұйымдастыруды; бiрдей әсер ететiн кеден баждарын, салықтар мен алымдарды бөлу; өзара саудадағы уақытша шектеулердi енгiзу шарттары; бiртұтас басқару негiзiндегi кедендiк бақылау және басқа да келiсiмдер - тиянақты құжаттардың бiрi болды.
1995 ж. 20 қаңтарында, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкiметтерi арасында сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң бiртұтас тәртiбi жөнiнде Келiсiм жасалды. Онда мына шаралар көзделдi:
- үшiншi елдерге қатысты сауда режимiн белгiлеу;
- сыртқы экономикалық қызмет саласындағы тарифтiк реттеу;
- сыртқы экономикалық қызмет саласындағы тарифтiк емес реттеу;
- сыртқы экономикалық операцияларды валюталық реттеу және валюталық бақылау;
- Өзара саудадағы және үшiншi елдермен арадағы саудада қолданылатын уақытша шектеулердi пайдалану тәртiбi.
Бұрын соңды мұндай құжатқа Ресей мен Беларусь - үкiметтерi арасында қол қойылған болатын.
Келiсiмдi нақтылаушы бiрқатар мiндеттердiң шешiмi 1995 жылдың 28 қаңтарындағы үш мемлекеттiң үкiмет басшыларының Бiрлескен мәлiмдемесiнде анықталды. үкiметтiк Кедендiк одаққа экономикалық одақтық мәселе сол күшi қол қойылған Меморандумда анықталған болатын.
Үкiмет басшылары Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қол жеткен келiсiмдердi жүзеге асыру мен әзара ёрiптестiктi одан әрi дамытып, кеңейту жөнiндегi үкiмет жұмысының бағдарламасын бекiттi. Оған Кедендiк Одағты құру; достық әрiптестiк және өзара көмек жөнiндегi келiсiм ережелерiн жүзеге асыру қатынастары саласындағы шаралар жатады. 50-ден астам пунктердің барлығының орындалу мерзiмi 1995 жыл болып белгiлендi. Бағдарламаның құраушыларына барлық жұмыс осы мерзiм iшiнде орындалатындай болып көрiнуi. Алайда олардың орындалуы өте күрделi болды да, бiрнеше жылға созылып кеттi. Бұл объективтi де, субъективтi де себептер болды.
Кедендiк одақтың тиiмдi қызмет етуiне атқаруына орган құру жөнiндегi шешiм елеулi мән бердi. Бұл үшiн Беларусь пен Ресей ұсынған екiжақты көпжақты кеңестiктердiң механизмi қолданылды.
Келiсiлген шешiмдер қабылдау мақсатында 1995 жылы осы комиссиялардың 4 бiрлескен отырысы болып өттi, оларда басты назар кедендiк одақ құрудың бiрiншi кезеңiн аяқтау жөнiндегi ұйымдастыру-әдiстемелiк шараларын жүзеге асыруға аударылды. Нәтижесiнде өзара саудадағы тарифтiк және сандық шектеулер жойылды, сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң бiрыңғай тәртiбi белгiлендi, кедендiк қызмет орындарын басқарудың бiртұтастық принципi енгiзiле бастады. Кедендiк Одақты құрудың екiншi кезеңiн жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстардың нақты бағыттары анықталды.
Бiрлесе жүргiзiлген жұмыс нәтижесiнде 1995 жылды екiншi жарты жылдығының өзiнде әзара сауда көлемi елеулi мөлшерде өстi, үш елдiң салалардағы әрiптестiгi тереңдей түстi. 1995 жылы Беларусьтың Кедендiк Одақтың басқа елдерiмен арадағы тауар айналымы 68%-ға, Қазақстандiкi -40 %-ке, Ресейдiкi - 12%-ке өстi, ал жалпы ТМД бойынша бұл мөлшер 2%-ке ғана артқан болатын.
1996 жылы бұл өсу жалғасын тапты - Беларусьте - 24%, Қазақстанда - 31%, одаққа қосылған Қырғызстанда - 44%-ке, Ресейде - 17%-ке, ал жалпы ТМД бойынша өсу 7%-ке ғана көтерiлген болатын.
1997 жылы сауда көлемi азайды, бұл төменде жеке айтылатын бiр проблемалаға байланысты болды.
Алайда, Кедендiк Одақтың қызмет етуiнiң бiрiншi кезеңi-ақ жұмыстың ұйымдастырылуындағы елеулi кемшiлiктерде көрсетiп бердi.
Кедендiк одақтың қызметiндегi ең осал звено болып ондағы атқарушы құрылымдардың тәртiбiнiң дұрыс орындалмауы танылды.
Одаққа қатысушы мемлекеттер алғашқы бiр жарым жылдың өзiндiк әрiптестерiмен келiсiм жасалмай-ақ iшкi шешiмдер қабылдап үлгердi. Бұл бұзушылықтар кеден баждарының ставкаларын белгiлеу мен оларды қолдануға, сыртқы сауданы реттеудің тарифтiк және бейтарифтiк шараларына, қолма-қол ақша белгiлерiн елге енгiзу мен одан сыртқа шығарудың бiртұтас тәртiбiне қатысты болды.
Кедендiк одақ - ТМД-ның қысқа тарихындағы интеграциялығ әрiптестiктiң алғашқы формасы болып табылады, оған қатысу үшiн ең алдымен сыртқы экономикалық және кедендiк қызмет салаларында белгiлi бiр шарттар кешешнiн орындау қажет.
Бұл шарттарды қысқаша былай бейнелеуге болады:
- алымдарсыз жёне сандық шектеулерсiз еркiн сауда аймағын құру;
- сыртқы экономикалық қызметтi қамтитын кедендiк және басқа да заңдылықты пайдалану;
- тарифтiк және бейтарифтiк реттеудiң бiртұтас тәртiбiн және оның өзгеру механизмiн белгiлеу;
- үшiншi елдермен бiтұтас сауда режимiн енгiзу;
- валюталық реттеу мен валюталық бағылаудың бiртұтас принциптерiн белгiлеу;
- орталық (Ұлттық) банктер белгiлейтiн бағамдар бойынша Ұлттық валюталардың өзара айырбасталуын қамтамасыз ету;
- сыртқы сауданың кедендiк статистикасының бiртұтас әдiстемесiн жёне сыртқы экономикалық қызметтiң бiтұтас тауарлы номенклатурасын енгiзу;
- кедендiк қызмет органдарын басғарудың ортақ жүйесiн құру;
- кеден қызметтерiнің бiртұтас автоматтандырылған ақпаратты жүйесiн құру;
- кедендiк одаққа қатысушы елдердiң бiртұтас кедендiк аумағын құру.
Бұл мәселелердi комиссияның кезектi кездесулерге шешу мүмкiн болмады. Бұл үшiн жүйелi жұмыс пен тұрақты қызмет етушi орган қажет болды.
Кедендiк одаққа қатысушы мемлекеттер құрылу сәтiнен бастап Достастықтың басқа мемлекеттерiнен бұл аумақтық бiрлестiктi жекелеп тастауды көздемеген-дi. Мұны қабылдаған құжаттардан-ақ көруге болады. 1996 ж. 19 қаңтарда Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясының үкiмет басшылары мынадай шешiмге қол қойды:
“Үкiмет аралық экономикалық Комитетте Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң министрлiктерi ведомстволарымен өзара қызметтi реттестiру, оның құрылуының екiншi кезеңiн жүзеге асыруға бағылау жасау, сонымен қатар, үштiк Кедендiк одақты оған қызығушылық танатып отырған мемлекеттердi қосу жолымен кеңейту жөнiндегi жұмысты тұрағты негiзде жинақтау дұрыс деп табылсын”.
Алайда, өкiнiшке орай бiрқатар мемлекеттер үкiметаралық экономикалық Комитеттiң потенциалын бұлайша қолдануға қарсылық танытты, нәтижесiнде Кедендiк одақ мемлекеттерiне мәселенi шешудi” басқа жолдарын iздеу қажет болды.
Сол кезде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясы 1996 жылды” 29 наурызында 4 мемлекеттiң Президенттерi қол қойған “Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету жөнiндегi Келiсiм-дi" жүзеге асыру басты мiндет болып табылатын интеграциялық комитет құрды. Интеграциялық комитет - тұрақты қызмет ететiн атқарушы орган болып табылады. Оның құрамына үкiмет басшыларының бiрiншi орынбасарлары, ТМД елдерiмен әрiптестiк iсi жөнендегi министрлер, экономика жёне қаржы минситрлерi кiредi.
Интеграциялық Комитеттiң шешiмдерiн құрамына мемлекет басшылары, үкiмет басшылары мен сыртқы iстер министрлерi кiретiн интеграцияны басғарудың жоғарғы органы болып табылатын үкiметаралығ Кеңес бекiтедi.
Өзiнiң қызмет етуiнiң бiрiншi жылы iшiнде Комитет, бiрiншiден - ТМД елдерiнiң өзара қарым-қатынасы шеңберiнде қабылданған көптеген құжаттарды талдап шықты;
Екiншiден - төрттiк Келiсiмiнiң қатысушылары басқа мемлекетаралық Ұйымдардан ерекшелендiретiн басты мақсаттарды белгiледi;
Үшiншiден - Кедендiк одақты әрi қарай құруды жалғастыру шараларының кешенiн жасап шықты.
1996 жылдың желтоқсанының соңында Б. Н. Ельцин, А. Лукашенко, Н. Ә. Назарбаев және А. Ағаев Мемлекетаралық Кеңестiктiң Шешiмiне қол қойды, ол бойынша Интеграциялық комитетке атқарушы орган және Кедендiк одақ қызметтерi жүктеледi. Сонымен, қатар енгiзу механизмiн жасауға қадам жасалды.
Кедендiк одақ жөнiнде айтар болсақ, ол өз қызметiне Мемлекетаралық экономикалық комитеттi тартқысы келген сәтсiз тәжiрибесiнен соң өзiнiң тұрағты қызмет ететiн, атқарушы органы ретiнде Интеграциялық комитет құрып алды.
Кедендiк одақ бойынша сәйкесiнше ретке ие болған интеграциялық Комитет бұл бағыты негiзгi бағыт ретiнде таңдап алды, өйткенi мұнда 1995 жылы қол жеткен бiрiншi кезеңнiң нәтижелерiн бекiтiп, арттыруға мүмкiндiк бар болды. Жүргiзiлген жұмысға сындық талдау жүргiзгеннен соң интеграциялық комитет екiншi кезеңдi жүзеге асыру қажеттiгi жөнiнде шешiм жасады, бұл үшiн Кедендiк Одақтың кемшiлiктегi дамуы жөнiндегi шаралар қабылданды, олар мынадай шаралардың жүргiзiлуiн көздейдi:
- Үшiншi елдер тұрғысындағы сауда режимдерiн жақындастыру;
- еркiн сауда режимiнен бiртұтас алымдар мен шектеулер және артықшылықтық режимiн белгiлеу;
- тарифтiк реттеудегi жолдарды (Әдiстердi) бiртұтастандыру;
- ортақ кеден тарифiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың жөнiнде келiсiмге келу;
- бейтарифтiк реттеудiң бiртұтас шараларын белгiлеу;
- валюталық реттеу мен валюталық бағылаудың бiртұтас ережелерiн белгiлеу;
- тауарлардың еркiн транзитiн белгiлеу.
1996 жылдың 29 наурызындағы Келiсiмге қол қойған елдер интеграцияның эволюциялық даму жолын таңдап алды - еркiн сауда аймағы (режимi) - бiртұтас кеден аумағы - ортақ тауар нарығы - бiртұтас экономикалық кеңiстiк.
Мағыналық жоспардағы ортақ тауар нарығын құрудың шарты болып сыртқы экономикалық қызмет мәселелерi жөнiндегi саясатпен iс-қимылдардың бiртұтастығына қол жеткiзу танылады.
Кедендiк Одақ үшiн басты шешiмдердiң бiрi болып табылатыны - Ортақ кеден тарифiн қабылдау. Бұл жалпы алғанда кедендiк Одақ құрудың басты шарты болып табылады.
Ортақ Кеден тарифiн қабылдау мынадай мңмкiндiктер бередi:
- 4 мемлекеттiң тауар өндiрушiлерiнiң тауар импорты жағдайындағы шаруашылық қызмет факторларын теңестiру;
- дамушы және толық дамымаған мемлекеттерге қатысты алғандағы артықшылықты тарифтiк саясатын үйлестiру;
- әр мемлекеттегi шаруашылық етушi субъектiлерге тарифтiк жеңiлдiктер беру шарттарын унификациялау;
- 4 мемлекттетiң сауда-экономикалық интеграциясының мүдделерiн ұйымды үйлестiру.
1998 жылдың 22 қаңтарында үкiмет басшылары Кедендiк одаққа қатысушы мемлекеттердiң Ортақ кедендiк тарифi деп үшiншi қатысушы мемлекеттердiң Ортақ кедендiк тарифi деп үшiншi елдерден Тараптардың кедендiк аумағына енгiзiлетiн тауарларға қолданылатын бiртұтас кедендiк баж ставкаларының тiзiмiн тану жөнiнде шешiм қабылдады.
Сонымен қатар, Траптар ставкалардың келiсiмде түрлерiн қолдануға келiстi; енгiзушi кедендiк бажды” минималдық ставкасын белгiледi; кедендiк тарифтiң 3 деңгейлiк құрылымын қолдануға келiстi. Сонымен бiрге ортақ кедендiк тарифтерде даярлауды кезеңге бөлiп өткiзу шешiледi.
1997 жылдың 22 қазанында Тараптардың үкiметтерi бейтарифтiк реттеудiң бiртұтас шаралары жөнiнде келiсiмге қол қойды, бұл ол кезегiнде Кедендiк одақ қатысушыларының бейтарифтiк реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бiрегей тiзiмiн келiсiмдеуге кiрiсуiне мүмкiндiк жасады.
Қазақстанның интеграциялануы және біртұтас Кеден Одағының құрылуы.
1998 жылдың 28 сәуiрiнде үкiмет басшылары Кедендiк Одақ мемлекеттерiнiң енгiзушi кедендiк баждарының ставкалары сәйкес келетiн тауарлар тiзiмiн бекiттi. Тiзiм шамамен 4500 тауарлық позицияны немесе Ресей Федерациясының импорттық кедендiк тарифiнiң номенклатурасының жартысына жуығын қамтиды.
Үкiмет басшыларының кезектi отырысында тағы бiр шешiм қабылданады деп көздедi, ол бойынша Тараптар:
- өтпелi кезең iшiнде мемлекеттердiң Ұлттық кеден тарифiнiң енгiзушi кеден баждарының ставкаларына өзгерулер мен толықтыруларды өз бетiнше енгiзу құқығы сақталатын сезiмтал импорттық тауарлар тiзiмiн келiсiмге салады;
- дамушы елдерден өңделетiн, Кедендiк одақ мемлекеттерiнiң кедендiк аумағына енгiзуде тарифтiк жеңiлдiктер берiлетiн тауарлардың Ортақ тiзiмін белгiлейдi;
- құрамына тауарлар тiзiмi мен оны жүзеге асыру тәртiбi қосылатын жеңiлдiктердiң бiртұтас жүйесiн iске қосады.
Алайда, шешiм жобасы жөнiндегi келiсiм жасалған сәттен бастап бiрқатар мемлекеттер алдыңғы ортақ позицияға мүлдем сәйкес келмейтiн нормативтi актiлер қабылдады.
Қырғыз Республикасының үкiметi жаңа кедендiк тариф пен 10%-тiн енгiзушi кедендiк баждың ортақ ставкасын енгiзген жоқ.
Қазақстан Республикасының үкiметi ешбiр келiсiмсiз 1998 жылдың 28 маусымында №608 “Жаңа енгiзу кедендiк баж ставкалары мен акциздер ставкаларын енгiзу жөнiнде” қаулы қабылдады.
Ресей Федерациясының үкiметi 1998 ж. 17 шiлдедегi №791 қаулысымен төлем балансын теңестiру қажеттiлiгiне сүйене отырып, уақытша Кедендiк одағтың мемлекеттерiн есептемегендегi барлық басқа мемлекеттерден тауар импорттау кезiнде қолданылатын ставкалардан асатын 3%-тiк қосымша баж енгiзедi.
Бұңған қоса, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы сол жылдың iшiнде - тамызында дамушы мемлекеттердiң базалық тiзiмiн тарифтiк жеңiлдiктердiң ортақ жүйесi шеңберiнде қайта қарауды ұсынды.
Осының барлығы үкiмет басшылары кеңесiнiң күн тәртiбiнен Кедендiк одақтың қатысушы мемлекеттерiнiң Ортақ кедендiк тарифi жөнiндегi мәселенi алып тастауға мәжбүр еттi.
Ең күрделi және басты жұмыстарды бiрi келiсiлген - акциздiк саясат жүргiзу болып табылады. Кедендiк одақ мұнысыз қызмет ете алмайды. 1998 жылдың басында Ресей Федерациясында 22 атау бойынша өндiрiлетiн және импортталатын өнiмге бiрыңғай ставкалар қолдандылды, Беларусь Республикасында импортталушы тауарларға - 50, өндiрiлетiн тауарларға 22, Қырғызстанда сәйкесiнше 23 және 16, ал Қазақстанда 46 және 22. Осының барлығы тiзiм бойынша да, ставка көлемi бойынша да теңестiруде талап етедi.
1998 жылдың 22 қаңтарында үкiмет басшыларының Кеңесiнде акциздiк тауарлардың базарлық тiзiмi бектiлiп, оған өзгерту енгiзу тәртiбi бекiтiлген болатын.
Акциздердiң минималдық ставкалары белгiленетiн тауарларға этил спиртi, сыра, темекi, мұнай, автомобиль бензинi, дизельдiк отын, алкогольдiк өнiм және басқалар жатқызылды.
Тараптардың үкiметтерi Кедендi одақ мемлекеттерiнiң акциздiк саясатын унификациялау жөнiндегi жұмысты жалғастыру ұсынылды.
Кедендiк Одақ мемлекеттерi өз елдерiнiң аумағы арқылы транзиттiң ортақ (бiртұтас) шарттары жөнiнде Келiсiм қабылдады, оның ережелерi осы мемлекеттер аумақтары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн унификациялауға; кәлiк шығындарын азайтуға және кедендiк құжаттандыруды мейлiнше азайтуға; баждар, салықтар төлеуден босатуға және т. б. бағытталған.
Транзит мемлекеттiң бюджеттiк түсiмдерiне елеулi тәуекел туындатады. Тәжiрiбие көрсетiп отырғандай, транзиттiк режим көбiнесе тауарлардың контрабандалық импорты үшiн қолданылады. Ал алкогольдiк iшiмдiктер, темекi, автокөлiк құрамдары жіне басқа да кеден бажының жоғары ставкалары салынатын тауарлар жөнiнде айтар болсақ, табыс көлемiндегi шығын (зиян) елеулi мөлшерде болуы ықтимал. Мiне осындай шығындарды болдырмас үшiн кедендiк әкiмшiлiк кепiлдеме төлемдер жүйесiн қолданады. Оның мәнi мынада: сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары кеден органының депозитiне енгiзу шекарасында кепiлдемелiк кедендiк төлемдер төлеуi тиiс. Депозитке салған соманы кедендiк құжаттандыру жүргiзген кеден органы қайтарып бередi.
Тәжiрибе көрсетiп бергендей, депозитке салынған сомалардың уақытылы қайтарылуын қамтамасыз ету қиын болып жатады, өйткенi валюта бағамының өзгерiсiне орай импортерлердiң ақшалай қаражаттары шығындалып жатады. Бұған қоса ақша ресурстарын қайтару процедурасының өзi өте күрделi әрi көп уақытты талап етедi, ал бұл көлiк құралдарының тұрып қалуын, қосымша шығындарды болдырады.
Осы мәселелердi шешу үшiн Келiсiмде Кедендiк Одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан кедендiк бақылау арқылы тасымалданатын тауарларды кедендiк құжаттандыру тәртiбi жөнiндегi Ереженi дайындау мен оған қол қою көзделген болатын. Сонымен қатар, мынадай да Ережелер көзделдi: кедендiк одақтың кедендi тасымалшылары жөнiндегi Ереже; Кедендiк Одаққа мүше мемлекеттердiң аумағындағы кедендiк құжаттандыру жөнiнде Ереже. Екi құжат негiзiнен қолдау тауып отыр және де Тараптардың ескертпелерi мен ұсыныстарын ескере отырып Кедендiк қызмет басшыларының Кеiесiнде қабылдауға енгiзiлмекшi.
Сонымен қатар, шекараны транзиттiк тауарлармен кесiп өтуге рұқсат етiлген жерлер жөнiнде ақпарат алмасу қажет.
Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: бiрiншiден: ортақ тауар нарығын құру процесi шешушi кезеңiнде тұр және де оптимистiк қорытынды жасауға болады, мысалы, 2000 жылға қарай қажеттi ұйымдастырушылығ - заңды аспектiлердi аяқтауға болады;
Екiншiден: “төрттiк” елдерi өздерiнiң экономикалық қатынастарында қарапайым келiсiмдер кезеңiнен келiсiлген сыртқы экономикалық қызмет параметрлерiн байланыстыру, тұрақтандыру кезеңiне өттi, ал бұл интеграциялық бiрiгудiң сәттi сәйкес беретiнiне сенiмдi ұлғайта түсуде.
Алайда, өкiнiшке орай, қабылданған шараларды жүзеге асыруда үлкен ғиындықтар бар. Әлi де болса үкiметтердiң тарифтiк жеңiлдiктер жасаудағы әдiстерi әр келкi. Сезiмтал тауарлар тiзiмiнiң азаюына орай жеке тарифтiк жеңiлдiктердi қысқарту жөнiнде шаралар қолдану қажет.
Үшiншi елдерге қатысты алғандағы сауда режимдерiн жақындастыру механизмi жөнiндегi хаттаманы қабылдауды кешiктiру заңды субъектiлiк құқығы бар экономикалық немесе сауда одағының атынан ғана осы шаралар жүргiзуге болатындығымен түсiндiрiледi.
Кедендi Одақ пен Интеграциялық одақтың әзiрге мұндай құқығы жоқ. Интеграциялық комитет аппаратының еркiн сауда аймағын құруды аяқтау жөнiндегi хатташыны келiсiмдеу жөнiндегi ұмтылысы Тараптар үкiметтерiнiң қолдауын таппай отыр. Мүмкiн, әлi де болса сауда режимдерiн жақындастыруға қажеттi жағдайлар толық жасамай отырған болу керек.
Интеграциялық процестiң кезектi дамуына кедергi болып отырған нәрсе Тараптардың үкiметтерiнiң, министрлiктерiнiң және ведомстволарының қабылданған шешiмдер шеңберiндегi мiндеттердi орындамауы болып отыр:
1. Қол қойлған халықаралық келiсiмдердiң күшiне ену жөнiндегi мемлекеттiк шараларды өткiзудiң белгiленген мерзiмдерi сақталмайды:
- Кедендiк одақты құрудағы сыртқы сауданы бейтарифтiк реттеудiң бiртұтас шаралары туралы. Келiсiм қажеттi мемлекетшiлiк шараларды тек Беларусь Республикасында ғана өттi;
- “Кедендiк Одаққа мүше мемлекеттердi” аумақтары арқылы транзиттiң бiртұтас шарттары туралы” 1998 ж. 22 қаңтарда қол қойылған Келiсiм өз күшiне енбей қалды, сондықтан да Тараптардың үкiметтерiне 1 айлық мерзiмi iшiнде осы Келiсiмдi ратификациялау мiндетi жүктелдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz