Қазақстандағы табиғатты қорғау ісі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан экологиясының проблемалары
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Адамның шаруашылық әрекеті - табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адамның еңбек пен ақыл-ойдың арқасына айналадағы ортаға бейімделуден қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Адамның табиғат кешендеріне кері әсер озық ғылыми-техниканың тікелей жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлі прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдылығын ескерместен топыраққа минералды тынайтқыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, айналадағы ортаның жағдайын нашарлатады.
Ірі бөгендер салуда территорияның табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырақ қасиетінің, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде антропогендік ландшафтылар басым. Ландшафтыларды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі - мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады.
Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет.
Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар. Солардың бірі - Арал алабының проблемасы. Бұл проблеманың тууына басты себепші болған - адам әрекеті. Аралға құятын екі ірі өзен - Әмүдария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді суландыруға пайдалану. Бұл онсыз да булануы көп шөл зонасындағы теңіз суының тартылуына әкеп соқты. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 га тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң шөлге айналды. Теңіздің тартылуынан, мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Қазір «Арал тағдыры - адам тағдыры» деген қанатты сөз кеңінен тараған. Келтірілген мысал бір ғана емес, мысалы (су), басқа құрам бөліктердің бүкіл табиғат кешенінің өөзгеріп, экологиялық апат аймағына айналғанын дәлелдей түседі.
Балқаш алабында да күрделі экологиялық жағдай қалыптасты. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен СЭС-тің салынуы Іле-Балқаш су шарушылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезенде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді, нәтижесінде сондағы ондатра, балық және ауыл шаруашылығына көп зиян келді. Ақдала өңірін суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, ХХI ғасырдың басында көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар, алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәүліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Қазақстандағы табиғатты қорғау жөніндегі заңдары.
Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанмен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар.
Еліміз табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылың өзінде - ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп, қабылданды.
Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық Одақтың шешімі бойынша әр елде табиғат ресурстары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қауіпінде жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде Қызыл кітап 1974 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері Қызыл кітаптан алынады. Табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар - мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі өкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпы халықтық бағыт өзінің тікелей қатысуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz