Фатимидтер халифаты тарихындағы Убайдаллахтың алатын орны


Тақырыбы: Фатимидтер халифаты тарихындағы Убайдаллахтың алатын орны
Жоспар
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 4-9
- Фатимидтер халифаты . . . 4
- Фатимидтер халифаты тарихындағы Убайдаллахтың алатын орны . . . 5-7
- Убайдаллахтың шығу тегі . . . 8-9
Қорытынды . . . 10
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11
Кіріспе
Х ғасырдың басында Египет өз шежіресін Мұхаммедтің (с. а. у) қызы Фатимадан жүргізген, Магрибте үстемдік еткен шииттік әулеттің талаптану объектісі болды. Бірнеше онжылдықтарға созылған, екі жақты әртүрлі нәтижеге ие болып тұрған күрес соңында 969 жылы фатимидтік әскер Египет астанасы Фустатты және уақыт өте барлық мемлекетті жаулап алды. Фатимидтік әскердің бас командашы Джаухар бұнымен тоқтамай, осы уақытта Ихшидид әулеті үстемдігі жүрген Сирияны жаулап алуға өзінің әскерін жібереді. Басында, фатимидтік әскер Дамаскқа дейінгі сирияның жерін басып алады. Бірнеше жылдар бойы мұсылмандардың территориясын басып кірген Византиялықтардың императорымен 1037 жылы Фатимидтер келісім жасасты. Осыны қолданған фатимидтер, Халебті (Алеппо) жаулап алғаннан кейін, Византиялықдың иелігінде болған. Антиохиядан басқа бүкіл Сирия жерін жаулап алуға мүмкіндік туды. Сирияға қосылудан бас тартқан Карматтар жыл сайын 20 мың динар салық төлеуге уәде берді. ХІ ғасырдың басында Фатимидтер мемлекетінің территориясына Египет, қазіргі заманғы Сирия, Палестина, Батыс Аравия, Мальта аралдары, Сицилия, Сардиния және Корсика кірді. Фатимидердің басшылары Х ғасырдың басында-ақ халиф титулын иемденген. Сонымен, Шығыста екі халиф болды. Әр халиф тек өздерінің мүдделерін заңды деп санады. Екі халиф те бір-бірін дін бұзар деп жариялады.
Жаңа халифаттың орталығы Египет болды. Фатимидтердің билік еткен кезеңі, елдегі өндіргіш күштер мен шаруашылықтың барлық түрлерінің даму кезеңімен тұспа-тұс келеді.
Осындай мықты Халифаттың құрылуына Убайдаллах қандай роль атқарғанын анықтау үшін, жалпы Фатимидтер Халифатының құрылу тарихымен қоса, Убайдаллахтың шығу тегі мен оның өмірі жайлы кездесетін деректерді қарастырып зерттеу керек. Және де, Убайдаллахтың билік еткен кезеңіндегі Халифатта біршама оқиғалар орын алады.
Негізгі бөлім
Фатима әулеті - араб халифтерінің әулеті, олар өздерін Фатимадан (Мұхаммед с. а. у. қызы) тарадық деп есептейді. Солтүстік Африкада содан кейін Египетте билігін жүргізеді. Әулеттің негізін - Убейдаллах Маһди қалаған.
Феодалды мемлекет (909-1171) : Исмаил қауымына (исмаилдар) кіретін билеуші Фатима әулетінің атымен аталған. Ифрикада (қазіргі Тунис жерінде) шиит (шейіт) - берберлер көтерілісі және олардың Ағлаб әулетінің бұрынғы резиденциясы - Раккатда (Кайруан маңы) - Исмаил қауымының соңғы «жасырын» имамы Убейдаллах халиф және маһди (Құдай жіберген «құтқарушы» имам) болып жарияланды. Х ғасырдың орта кезіне таман Фатима әулеті бүкіл Солтүстік Жерорта теңізі аймағына шабуыл жасап тұрды. 969 жылы Славян қолбасшысы Джауһар басшылық еткен Фатима әулетінің әскерлері Египетті жаулап алды. Фатима әулеті халифінің астанасы 973 жылдан Каир (1021 жылға дейін Кайруан, одан кейін Маһдия) болды. Өзінің бұрынғы одақтасы - Египетке екі дүркін басып кірген Карматтардың қарсылығын басып ХІ ғасырдың басында Сирия әскерін бағындырды.
Фатима әулеті халифаты бір орталыққа бағынған әскери - территориялық мемлекетке айналды. Халиф сонымен қатар Исмаил қауымының имамы болып есептелді.
Үкімет билігі әкеден балаға мұраға берілді және іс жүзінде билеуші таптың белгілі бір топтарының мүддесін көздеді. Шаруашылықтың жетекші саласы Ніл өзенінің тасқын суларын пайдалануға негізделген егіншілік, ал басты өндіруші күш шаруа (феллах) болды. Шамамен ХІ ғасырдың ортасына дейінгі мерзімде Фатима әулеті халифатында қалалық қолөнер кеңінен дамыды. Бұған кейде құлдар еңбегі пайдаланылды. Тоқымашылық кәсібі өркендеді. Александрия, Дамьетте, Тиннис қалалары оның ірі орталығына айналды. Фатима әулеті халифаты Үндістанмен, Византиямен, Италия қалаларымен (Амальфи, Винеция, Генуя, Биза, т. б. ) сауда жасады.
Х ғасырдың басында Солтүстік Африка территориясында Аббасидтерге қарсы мықты қозғалыс пайда болды. Бұл қозғалыстардың нәтижесінде құдіретті Фатимидтер әулеті басшылық еткен мемлекет қалыптасты. ІХ және Х ғасырдың өзінде-ақ, исмаилит насихаттаушыларының Саламидегі орталығынан бір сыбыс шығады. Олар, аты мен келген жері соңғы уақытқа дейін жасырын болған Махди пайда болды дейді. Оның есімі Убайдаллах деп жариялайды. Жаңа пайда болған Махдидың жақтаушылары бүкіл ислам әлемінде үздіксіз насихаттар жүргізеді. Солтүстік Африка аймағындағы, Ифрикиядағы (арабтарға Магрибтің бір бөлігі, Солтүстігінде Жерорта теңізімен шекетеледі, Оңтүстігі Атлас таулары, шығысы Баркумен, ал батысы Бужидің оңтүстігіне дейін жетеді) өздерінің билік күштерін жоғалтқан және жергілікті халықтың наразылығына ұшыраған Аглабидтер әулеті (Тунис) және Алжирдегі Рустамидтер территориясы олардың қызметтері үшін өте қолайлы болды. Шамамен осы уақытта, яғни ІХ ғасырдың соңында өзінің ойы мен исмаилизмді Иракта насихаттаған Хамдан Кармат, Халифаттың Орталық аймағында жаңа бағытқа бұрылған көптеген жақтаушыларды жинады. Дәл осы кезде қайратты Абу Абдаллах көзге түседі. Абу Абдаллах тәжірибелі ұстаздың басшылығымен исмаилиттік доктринаға сай білім алып, 893 жылы миссионер ретінде Солтүстік Африкаға жіберіледі. Абу Абдаллах ол жерге қажылықтан Ифрикияға қайтып бара жатқан бербер қажылар тобымен қосылып барады. Басында, оның насихат жұмыстарына Ифрикиялық Аглабидтердің суннитті билеушілері жағынан қарсы бағытталған шаралар ұйымдастырылды. Бірақ, билеуші әулетке көңілі толмаған берберлер үлкен қолдау көрсетті.
Сонымен қатар, Саламиде өзінің «жасырылуынан» шыққан жаңа исмаилиттік имам Убайдаллах ашық күреске шығады. 899 жылы Сирияда болып жатқан карматтардың көтерілісін пайдаланады. Бұл көтерілісті өзі басқарып, өзін бүкіл Алидтердің басшысы етіп жариялады.
902 жылы Карматтардың көтерілісін Аббасидтердің әскер басы Мунис басып тастағаннан кейін, Убайдаллах өзінің серіктерінің тағдырын ойламай Египетке қашып кетті. Ол жерден Убайдаллах өзінің Ифрикиядағы қайратты миссионеріне жақындады. Бірақ, Абу Абдаллахтың жанында өзін толық қауіпсіздікте болмайтынын сезген Убайдаллах, оған бірден қосылмай, өзі үшін жан қияр бір топ адамдармен Атлас маңын мекендеді. Бұл жерде оны хариджей берберлері тұтқынға түсіріп, Хариджиттік Сиджильмасса қаласының түрмесіне қамайды.
Ифрикияның батыс бөлігіндегі бербер халықтары арасында Абу Абдаллахтың діни уағыздары үлкен жетістіктерге жетті. Исмаилиттік ілімді мойындаған халық оның әскер санын күндеп емес, сағаттап өсіріп отырды. Ішкі келіспеушіліктен әлсіреген билеуші әулет бұл іске айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Өзінің тәуелсіз билігін жүргізгісі келген Аглабид әмірі Ибрахим ІІ (875-902) Багдадтан келген бұйрық бойынша өз ісінен босатылды. Оның орнына тақуа Абдаллах ІІ әмір болады, бірақ көп ұзамай, яғни бір жылдан соң өзінің ұлы Зийадат-Аллах ІІІ (903-909) қолынан қаза болады.
Өздерінің қалған мәртебесінен айырылған Аглабидтердің исмаилиттік повстанцияға қарсы қоятын ешнәрселері болмады. Абу Абдаллах өзінің исмаилиттік әскерімен қалаларды бірінен соң бірін жаулап алды. 909 жылы аглабидтердің соңғы әмірі Аббасид әскерлерінен пана іздеп Египетке қашады. Ифрикияны өзіне қаратқаннан кейін Абу Абдаллах Убайдаллахты тұтқыннан босату үшін тез арада әскер жібереді. 909 жылдың соңында Фатимидтер имамы Кайраванға жетеді, ол жерде оған салтанатты рәсіммен имам-халиф және «діншілдердің әмірі» («амир аль-муминин») деген атақ береді.
Убайдаллах өзін «Махди», яғни өзінің «жасырылуынан» шыққан бүкіл мұсылмандардың құтқарушысымын деп жариялайды. Барлық мұсылмандарға тура жолды көрсетіп, бақытты етемін деп, өзіне әл-Махди (909-934) деп ат қояды. Исмаилиттік Фатимидтер Халифатының (909-1171) бастауы осы уақытпен белгіленеді. Оларды жақтаушы исмаилиттерді фатимидтік исмаилиттер деп атайды.
Көп ұзамай-ақ, әл-Махди кетама деген бербер тайпасының көмегімен тек Ифрикияны толығымен мойындатып қойған жоқ, сонымен қатар Тахарттағы (Алжир) Рустамидтер әулетін құлатып, Фестегі Идрисидтерді өздеріне тәуелді етті. Фатимидтер Ифрикияда өздерінің басты орталығы әл-Махди қорғаныс-қаласын соқты. Біртіндеп, Солтүстік Африканың көп бөлігін иеленді. өздерінің тегі мен Құдай таңдауы дегентұжырымдармен, олар өздерін ислам әлеміндегі жалғыз заңды өкімет деп есептеді. Олар, Омейядтарды Аббасидтер қалай ығыстырса, Аббасидтерді солай ығыстыруды көздеді.
Исмаилиттік ресми тарихнамада Убайдаллахтың Мұхаммад ибн Исмаилдың ұлы екені бекітілген. Және бұл трихнамада Мұхаммед ибн Исмаил өлген жоқ, болашақта қайтып келу үшін жасырынуға мәжбүр болды делінеді. Оның орнына билікті ұлдары Абдаллах, Ахмад және Хусайн мұрагерлік жолмен бірінен соң бірі иеленіп отырған. Ал, біз қарастырып отырған кезеңде, яғни Х ғасырда Хусайнның ұлы Убайдаллах өзінің «жасырылуынан» шығып, имаматқа толығымен құқығы бар екенін айтады.
К у р а й ш и т т е р
Курайш
Кусаййи
Абд әл-Узза Абд әл-Манаф Абд ад-Дар Абд Кусаййи
Хашим Абд Шамс
Абд әл-Мутталиб Умаййа
әл-Аббас Абдаллах Абу Талиб Абу Лахаб
Мұхаммед (с. а. у. )
Фатима Али
Хасан Хусейн
Аббасидтер
Шииттік имамдар мен Фатимидтер
А л и д т е р
Али (661 қ. б. )
2. Хасан 3. Хусайн Мұхаммад ибн әл-Ханафия
(Фатимадан, 669) (Фатимадан, 680) (ханафиткадан, 700)
Зайд Хасан 4. Али Зайн әл-Абидин (712) Абу Хашим
5. Мұхаммед әл-Бакир (731) Зайд (740)
6. Джафар ас-Садик (765) Йахья (743) Иса (783)
Исмаил (760) 7. Мұса әл-Казим (799) Ахмад (860)
[7. ] Мұхаммед әл-Махди 8. Али ар-Рида (818)
Убайдаллах (934) 9. Мұхаммед әл-Джафар (835)
10. Али әл-Хади (868)
11. әл-Хасан ал-Аскари (874)
12. Мұхаммед әл-Махди
Фатимидтердің халиф-имамдары Карматтар
Қорытынды
909 жылы Имамды тұтқыннан босату үшін және оны таққа отырғызу үшін Абу Абдаллах кутамит отрядымен Сиджилмассаға барады. Осы экспедиция кезінде исмаилиттер халық көмегімен Тахарттағы Рустамидтер әулетінің билігін тоқтатады. Сиджилмасса қарсы күш көрсетпей беріледі. Абу Абдаллах Убайдаллах пен ұлын тұтқынан босатып алғаннан соң, бүкіл халыққа: «Бұл Махди, мен барлықтарыңды махдиды мойындауға шақырамын», - деп жария етеді. Солтүстік Африкада шииттік мемлекеттің пайда болуы, мұсылман әлемінің бөліктерге бөлінуі, яғни бір-біріне қарсы үш Халифаттың қалыптасуына алып келді. Олар: Фатимидтер, Аббасидтер және Кордовты Омейядтар. Бірақ, махдидың пайда болуынан, берберлер ойлағандай мақсаттарына жете алмады. Абу Абдаллах Кайруанға келгенде жергілікті халыққа өмір мен мүлікке кепілдік берген болатын. Ал, Убайдаллах болса тек өмірге ғана кепілдік берді. Мүлік - М. В. Чураковтың айтуы бойынша, бұл жаңа феодалдық сеньерлардың кең жерлерді иелену болса, сол кезеңге сай ол - қала тұрғындарға жылжымайтын мүлікті иеленуі. Сонымен қатар, Убайдаллах жеңіске жеткеннен соң Кайруан тұрғындары арасында исмаилизмді күштеп таратты, қарсы келгендерді жазалады. Бұл жағдай берберлердің көп бөлігін Фатимидтерден алыстатты. Абу Абдаллах халық арасында беделі күшті болды, себебі ол берілген уәделерді орындауға мүдделі болды. Бұл Махдидың саясатын қарсы болды. Оның бұйрығымен Абу Абдаллах 911 жылы қаза болды. Бұған себеп Махдиға қарсы бағытталған екі бүліктің ашылуы еді. Бұл бүлікке Абу Абдаллах, оның ағасы, бірнеше кутамиттер және берберлердің басқа тайпаларының көсемдері қатысты. Бұған жауап ретінде кутамиттер көтеріліске шықты. Қарсы күшті Махдидің өзі басқарды. О Лиридің айтуы бойынша, бұл оқиғада Махдидың ұяты мен оларға рахметі байқалған жоқ делінген. Мұнымен Ифрикияда көтерілістер тоқтаған жоқ. Ең ірісі, 922 жылы Аураса мен Заба тауында бербер зенаттар, хавваралар көтеріліске шығады. Көтерілісшілер тәуелсіз бербер мемлекетін құруды көздейді. 928-929 жж. Ашашылдық көтерілісті көбейтті. Соңында 946 жылы көтерілісшілерді басып тастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz