Шағын және орта бизнестерін ұйымдастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4


2 Бөлім. Шағын және орта бизнестерін ұйымдастырудың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

2.1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы ресурстарының қалыптасу ерекшеліктері (ЖШС «Форум Трэйдинг») ... ... ... ... ... ... ... ...27


2.3. «Форум Трэйдинг»ЖШС қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... . 37

3.Тарау. Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыруды дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.1. Шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қалыптастырудағы қаржы менеджментінің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2. Шағын және орта бизнесті реттеу тетіктерін жетілдіру ... ... ... ... ... ...65

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2008 жылғы жолдауында бизнесті дамыту мәселелеріне аса маңызды көңіл бөлген. Дамыған кәсіпкерлік сектор қандайда болсын мемлекеттің экономикасының негізі [1, 9 бет]. Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 процентті құрап отыр. Жалпы алғанда ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 процентке өсіп отырған. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды.
Жолдауда кәсіпкерлікті жетілдіру мәселелерінің бірі жаңа Салық кодексін дайындау, ол салық төлеушілер мен әкімшілік сапасының сәйкес болуын талап етеді. Ең маңыздысы ол кодекс салық ауыртпалығын экономиканың шикізат емес салаларында, аса маңызды шағын және орта бизнес үшін төмендетуді қарастыруы керек. Бұл себептен пайда болған жоғалтулар кен өндіру салаларының экономикалық қайтарымдылығымен толықтырылады.
Бәсекеқабілеттілікті дамыту үшін арнайы бәсекені қорғау Агенттігі құрылады. Осыған байланысты заңдар қабылданады.
Сонымен қатар, «30 корпоративтік көш басшылары» бағдараламасының дамуы экономиканың шикізат емес саласының дамуына әсер етеді.
Бүгінгі күні 100 астам белсенді жобалар атқарылуда. Экономика үшін аса маңызды жобалардың ішінде үшінші Жаңа жол газөңдеуші зауыты, тау-кен өңдеуші комбинаты және мыс балқыту зауыттарын салу, алюминий зауытын жәнеде көптеген жобаларды іске асыру қарастырылуда. «30 корпоративтік көш басшылары» Бағдараламасының даму шаралары бизнесті дамытудың жаңа деңгейіне көшу үшін жүргізіледі.
Үкімет шағын және орта бизнестің бәсеке қеабілеттігін белсендіру бағытында жұмыс жасауға тиісті. Микрокредиттер мәселесіне көңіл бөлуі қажет, өйткені олар азаматтарға өз бизнесін бастап жүргізуге көмек береді.
Жоғарыда аталған себептер бойынша, Президент Үкімет алдында бизнестің алдында әкімшіліктік ауыртпалықты азайтып, лицензиялау, сертификаттау және аккредитациялау мәселелін шешу жүйесін жеңілдету талабын қойды. Әлемдік банктің «Бизнесті жүргізу» есебі бойынша, Қазақстанда экспорттық процедураларын жүргізу үшін 89 күн керек екен, ал ол ушін Эстонияда тек 5 күн жеткілікті.
Ел басының жолдауына сәйкес, шағын және орта бизнесті дамытуды шешу мәселелерінің бірі олардың қаржылық жағдайының тұрақтандырылуы. Ал бұл мәселені шешу үшін қаржы менеджментін осы салаға енгізу қажетті болып табылады.
Сонымен, жоғарыда аталған себептерге байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігі күмән туғызбасы анық.
Диплом жұмысын орындау мақсаты шағын және орта бизнестегі қаржы менеджментінің ерекшеліктеріне сүйеніп, қызметіне талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында оған мынадай талаптар қойылды:
• қаржы менеджментінің мазмұны және тұжырымдамаларын зерттеу;
• шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы мен мазмұнын анықтау;
1. Н.Назарбаев Послание народу Казахстана «Повышение благосостояния граждан Казахстана — главная цель государственной политики» Астана 2008 ж.
2. Богачев В.В. “Финансово-кредитные методы регулирования рынка инвестиций” – М.: Ф и ст, 2004
3. Балабанов И.Т. Финансовый менеджмент. – М.: Ф и ст., 2005 – С. 10
4. Шермет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. – М.: ЮНИГЛОБ, 2004 – С. 5
5. Финансово-кредитный словарь. – М.: Ф и ст., 2005. I. III. – С. 322-323
6. Спирин В.С. Основы экономического анализа предприятия. – М..: Ф и ст., 2007 – С. 21
7. Литвин М.И., О критериях платежеспособности предприятия//Финансы – 2006. №4 – С. 19.
8. Шеремет А., Сайфулин “Финансы предприятий”. М.: ЮНИГЛОБ, 2006
9. Дюсембаев К.Ш. Анализ и аудит финансово-хозяйственной деятельности предприятия, Алматы Экономика 2003г.- 275 с.
10. Стоянова Е.С., “Финансовый менеджмент” Перспектива 2004.-654 с.
11. Словарь банковских и финансово-экономических терминов/ сост. Аубакиров Я.А. и др. Под ред. Мамырова Н.К. Алматы. Экономика – 2003, - 709с.
12. Абишев М.Н. Капитал. Бизнес. Рынок. Толковый словарь терминов и понятий. – Алматы. КО Паритет, 2002. – 80с.
13. Холт Р., Оновы финансового менеджмента – М., 2004 – С. 60-70
14. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. М.: Финансы и статистика, 2007. 512 с.
15. Герчикова И.Н. Финансовый менеджмент. М.: Инфра-М, 2004. 208 с.
16. Астахов В.П. Анализ финансовой устойчивости и процедуры, связанные с банкротством. М.: Ось – 2006, 2002. 80 с.
17. Лапуста М.Г., Старостин Ю.Л. Малое предпринимательство: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М. 2002, - 271.
18. Катенова С.А. Проблемы развития малого бизнеса в условиях глобализации мировой экономики. Автореферат на соискание ученой степени к.э.н. Алматы –2006, - 29 с.
19. Сахариев С.С. Финансы: Учебник. – Алматы: Юридическая литература, 2004. - 450 с.
20. Мельников В.Д. Основы финансов: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LЕМ», 2005. – 560 с.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2 Бөлім. Шағын және орта бизнестерін ұйымдастырудың қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

2.1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы ресурстарының қалыптасу
ерекшеліктері (ЖШС Форум Трэйдинг) ... ... ... ... ... ... . ... ..27

2.3. Форум ТрэйдингЖШС қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... . 37

3-Тарау. Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыруды дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3.1. Шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қалыптастырудағы қаржы
менеджментінің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

3.2. Шағын және орта бизнесті реттеу тетіктерін
жетілдіру ... ... ... ... ... ...65

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...73

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2008 жылғы жолдауында
бизнесті дамыту мәселелеріне аса маңызды көңіл бөлген. Дамыған кәсіпкерлік
сектор қандайда болсын мемлекеттің экономикасының негізі [1, 9 бет]. Өткен
жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 процентті құрап отыр. Жалпы алғанда
ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 процентке өсіп
отырған. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Бүгінгі күнге дейін
еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса
есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Осындай елеулі
жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуде өзекті рөл атқарды.
Жолдауда кәсіпкерлікті жетілдіру мәселелерінің бірі жаңа Салық
кодексін дайындау, ол салық төлеушілер мен әкімшілік сапасының сәйкес
болуын талап етеді. Ең маңыздысы ол кодекс салық ауыртпалығын экономиканың
шикізат емес салаларында, аса маңызды шағын және орта бизнес үшін
төмендетуді қарастыруы керек. Бұл себептен пайда болған жоғалтулар кен
өндіру салаларының экономикалық қайтарымдылығымен толықтырылады.
Бәсекеқабілеттілікті дамыту үшін арнайы бәсекені қорғау Агенттігі
құрылады. Осыған байланысты заңдар қабылданады.
Сонымен қатар, 30 корпоративтік көш басшылары бағдараламасының дамуы
экономиканың шикізат емес саласының дамуына әсер етеді.
Бүгінгі күні 100 астам белсенді жобалар атқарылуда. Экономика үшін аса
маңызды жобалардың ішінде үшінші Жаңа жол газөңдеуші зауыты, тау-кен
өңдеуші комбинаты және мыс балқыту зауыттарын салу, алюминий зауытын жәнеде
көптеген жобаларды іске асыру қарастырылуда. 30 корпоративтік көш
басшылары Бағдараламасының даму шаралары бизнесті дамытудың жаңа деңгейіне
көшу үшін жүргізіледі.
Үкімет шағын және орта бизнестің бәсеке қеабілеттігін белсендіру
бағытында жұмыс жасауға тиісті. Микрокредиттер мәселесіне көңіл бөлуі
қажет, өйткені олар азаматтарға өз бизнесін бастап жүргізуге көмек береді.
Жоғарыда аталған себептер бойынша, Президент Үкімет алдында бизнестің
алдында әкімшіліктік ауыртпалықты азайтып, лицензиялау, сертификаттау және
аккредитациялау мәселелін шешу жүйесін жеңілдету талабын қойды. Әлемдік
банктің Бизнесті жүргізу есебі бойынша, Қазақстанда экспорттық
процедураларын жүргізу үшін 89 күн керек екен, ал ол ушін Эстонияда тек 5
күн жеткілікті.
Ел басының жолдауына сәйкес, шағын және орта бизнесті дамытуды шешу
мәселелерінің бірі олардың қаржылық жағдайының тұрақтандырылуы. Ал бұл
мәселені шешу үшін қаржы менеджментін осы салаға енгізу қажетті болып
табылады.
Сонымен, жоғарыда аталған себептерге байланысты зерттеу тақырыбының
өзектілігі күмән туғызбасы анық.
Диплом жұмысын орындау мақсаты шағын және орта бизнестегі қаржы
менеджментінің ерекшеліктеріне сүйеніп, қызметіне талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында оған мынадай талаптар
қойылды:
• қаржы менеджментінің мазмұны және тұжырымдамаларын зерттеу;
• шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы мен мазмұнын анықтау;
• шағын және орта бизнестің ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу;
• Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің негізгі
көрсеткіштерін зерттеп талдау;
• қаржы менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша
талдау;
Қойылған талаптарға сай мынандай мәселелер қалыптастырылды:
• қаржы менеджментінің мазмұнын және тұжырымдамаларын отандық және
шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарымен, іс тәжірибесімен танысып
анықтау;
• шағын және орта бизнестің ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу
барысында заңнамалық нормативтік актілермен танысу;
• Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің негізгі
көрсеткіштерін статистика мәліметтері негізінде талдау;
• қаржы менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша
талдау.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі - Форум Трэйдинг ЖШС қаржы
шаруашылық қызметі.
Диплом жұмысының құрамы келесідей; қорытынды, қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде, қаржы менеджменті мен шағын және орта
бизнестің экономикалық мәні мен өзара байланысы: каржы менеджментінің
мазмұны және тұжырымдамалары; шағын және орта бизнестерді ұйымдастыру мен
басқару формаларының критерийлері қарастырылған. Екінші бөлімде шағын және
орта бизнестерін ұйымдастырудың қазіргі жағдайын қарастыру барысында ЖШС
Форум Трэйдинг қызметінің 2005-2007 жж. негізгі көрсеткіштеріне талдау
жүргізіліп қаржылық жағдайы анықталған. Үшінші бөлімде, шағын және орта
бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыруды дамыту жолдары қарастырылған.
Мұнда шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қалыптастырудағы қаржы
менеджментінің ролі мен реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелері
қарастырылған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында методикалық негіз ретінде ҚР-сының
заңнамалық нормативтік актілер, отандық және шетелдік ғалым экономисттердің
жұмыстары, оқулықтар және мерзімді басылымдар мен статистика Агенттігінің
мәліметтері қарастырылды.
Диплом жұмысының практикалық мәні шағын және орта бизнесті дамыту
шараларын жүзеге асыру барысында қаржы менеджментінің қажеттілігін
көрсетуде.

2 Бөлім. Шағын және орта бизнестерін ұйымдастырудың қазіргі жағдайы (ЖШС
Форум Трэйдинг)
2.1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы ресурстарының қалыптасу
ерекшеліктері

Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар қаржы ресурстарының жұмылдыру
нышанын және олардың қолдану бағытын дербес түрде анықтайды. Қаржы
көздерінің парасатты таңдалуы және қолданылуының оңтайлы бағыты – тиімді
қолданудың негізі және қаржы ресурстарының сандық өсімі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, шағын кәсіпорындар меншікті қаржы ресурстарының
келесідей көздерін қолданады. Олар: пайда және амортизациялық аударым.
Меншікті қаржы ресурстарының экономикалық табиғи қалыптасуы қарыз және
тартылған қаражаттан өзгеше. Қаржы ресурстарының пайда болуы, кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің нәтижесі болып табылады. Қайта қалыптасқан құн екі
элементті қамтиды:
1. Еңбекке кеткен шығындар;
2. Кәсіпорынның таза табысы.
Кәсіпорынның таза табысы – пайданың нышанын қабылдап, меншікті қаржы
ресурстарының қалыптасуының негізгі көзі болып табылады. Сонымен меншікті
қаржы ресурстары жаңа құн пайда болып, ескімен алмасуы кезінде қалыптасады.
Бірақ, нақты қалыптасады тек айырбастау кезеңінде, яғни құн іске
асырылғанда.
Меншікті қаржы ресурстары экономикалық және шаруашылық дербестікке,
ұдайы өндірістің ұлғаюына елеулі ықпал етеді. Меншікті қаржы ресурстарының
қалыптасуы тек ұдайы өндіріске ғана емес, сонымен қатар қаржылық
тәуелсіздікке жету үшін де маңызды.
Келесідей көздерден қалыптасқан қаражаттар – меншікті қаржы
ресурстары болып табылады:
• Акцияны эмиссиялаудан табыс;
• Еңбек ұжымы мүшелерінің жарнасы;
• Заңды және жеке тұлғалардың жарнасы;
• Саладан және ғылыми зерттеу қорынан түскен түсім;
• Бюджеттен қаржыландыру;
• Қайырымдылық жарналары.
Тартылған қаражаттар кәсіпорынға қайтымды немесе қайтымсыз негізде
түседі және шаруашылық айналымға ақылы және ақысыз негізде тартылады.
Шағын кәсіпкерліктің қарызға берілген қаржы ресурстарының көзі болып
мыналар табылады:
• Коммерциялық банктердің несиелері;
• Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының несиелері;
• Қарыздар;
• Кредиторлық борыштар.
Кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарының көлемі жеткіліксіз болған
жағдайда, қарызға берілген ресурстар тартылады. Қарызға берілген ресурстар
шағын кәсіпкерліктің шаруашылық қызметін керекті қаражаттармен қамтамасыз
етуіне, міндеттемелердің орындалуына және өнеркәсіпті қайта құру мен дамыту
мүмкіндігін береді.
Қарызға берілген қаржы ресурстары ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік
және қамтамасыз ету шарттары бойынша беріледі.
Қарызға алынған қаражаттардың мақсатқа сай қолданылуы қаржылық есеп
айырысулармен расталуы қажет. Бір қызығы, қарызға берілген ресурстарды
тартудағы қатал шарт қаражаттардың тиімді пайдалануын жоғарылатады.
Енді ҚР шағын кәсіпкерлік секторында 2003-2007жж аралығындағы қаржы
ресурстарының құрамы мен динамикасының өзгеруін қарастырамыз.

Кесте 1. Шағын кәсіпкерліктің меншікті қаржы ресурстар көздерінің үлес
салмағы (%)
2003 2004 2005 2006 2007
Меншікті 81 78 77 69 67
капитал

Дерек көзі: ҚР Статистикалық Агенттігінің мәліметтері

Статистикалық көрсеткіштер көрсетіп тұрғандай, шағын бизнес саласында
меншікті қаржы ресурстары көздерінің үлес салмағы жеткілікті жоғары 81%-дан
67 %-ға дейін. 2006 жылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру көздерінің ішінде
меншік қаражаттарының үлес салмағы 69 пайыз құраған,ал 31 пайызы сырттан
тартқан қаражаттар. 2007 жылы меншік қаражаттар үлес салмағы 67%, ал
қызметті қаржыландыру көзінің 33 % қарыз қаражаттар көзінен қалыптасқан
Көрсетілген ақпарат бойынша, бизнесті қалыптастыру кезеңінде көздердің
әр түрлілігі байқалмайды. Инвестициялық қызметтің теория және практика
сәйкестіктері бойынша, бастапқы бизнес тәуекелділігі ең жоғары жобалардың
бірі болып табылады. Сондықтан да қарыз капиталын тарту күрделі болады.
Төменде келтірілген сауалнамалардың мәліметтері бойынша,
кәсіпкерлердің арнайы қаржы ұйымдары мен қаржы қорларынан қаржылық қолдау
алуға деген белсенділігінің жоқтығын көреміз.
Әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары бойынша, қаржы нарығында тиісті
қызметтердің бар болуына қарамастан респонденттердің көп бөлігі қаржылық
қолдау сұрамаған. Кәсіпкерлердің енжарлығының бірде-бір себебі қарыз
бойынша %-дың жоғары болуы, қарыз берудің тиімсіз шарттары, жоғарыда
көрсетілген ұйымдармен жақсы қарым қатынасының болмауы. Мәліметтер көрсетіп
тұрғандай, несиеге деген сұраныстың аз болуының негізгі себебі – қарыз
бойынша жоғары сыйақылар. Салық заңнамасына сәйкес, несие бойынша сыйақылар
жылдық жиынтық табыс бойынша шегерімге кіреді. Сол арқылы салық базасын
төмендетеді. Өндірістерінің мөлшерін ескере отырып, ірі бизнес
субъектілері үшін бұл шара жеткілікті тиімді. Арнайы салық тәртіптемесін
қолданылатын шағын және орта бизнес субъектілерінде несие бойынша сыйақылар
салық салынатын табыстың төмендеуіне әсерін тигізбейді. Бірақ өнімнің және
көрсетілген қызметтің бағасына елеулі ықпал етіп, өз кезегінде оларды
бәсекеге жарамсыз етеді.

Кесте 2. Шағын кәсіпкерліктің меншікті қаржы ресурстарын бизнестің
қалыптасу сатысында пайдалану.
2006ж. сұраққа жауап берген2007ж. сұраққа жауап
респонденттердің берген респонденттердің
қаражаттарды пайдалану қаражаттарды пайдалану
деңгейі бойынша үлес деңгейі бойынша үлес
Көздер салмағы, % салмағы,%
Толықтай Ішінара ПайдалТолықтай Ішінара Пайдал
пайдаланғпайдаланғаанбағапайдал анғпайдалананбаға
ан н н ан ған н
Меншікті қаражат 65,0 27,0 8,0 67,9 21,7 10,5
Кәсіпорын 29,1 38,7 32,2 13 30,6 56,4
құрылтайшыларының
қаражаттары
Серіктестіктердің 13,5 34,3 52,2 7,4 25 67,7
(жеткізушілердің,
тұтынушылардың)
қаражаттары
Банк несиесі 29,8 38,5 31,6 15,3 32,1 52,6
Басқадай 21,4 18,6 60,0 - - -

Дерек көзі: ҚР Статистикалық Агенттігінің мәліметтері

Меншік қаражаттарын толықтай пайдаланған (2 кесте) шағын бизнес субъектілер
саны 2007 ж. алдынғы жылға қарағанда 2,9 %, өскен. Кәсіпорын
құрылтайшыларының қаражаттары, серіктестіктердің (жеткізушілердің,
тұтынушылардың) қаражаттары мен банк несиесі арқылы қызметін
қаржыландыратын шағын бизнес субъектілер саны азайғаны байқалады. Меншікті
қаражаттарын пайдаланбаған шағын бизнес субъектілерінің үлесі 8,0 %-дан
10,5 %-ға өскен. Банк несиесін пайдаланбаған шағын бизнес субъектілерінің
үлесі 31,6 %-дан 52,6 %-ға өскен. Кәсіпорын құрылтайшыларының қаражаттарын
пайдаланбаған шағын бизнес субъектілерінің үлесі 32,2 % -дан 56,4 % -ға
өскен.
Банктік капиталды пайдалану мүмкіндігінің болмауының екінші себебі
өтімділігінің қамтамасыз етуінің жоқтығы. Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің материалдық-техникалық базасы бизнестің дамуы үдерісінде
қалыптасады және бастапқы кезеңінде оның қалыптасуына тек меншікті капитал
жеткіліксіз. Кәсіпкер несиені алу үшін кепіл ретінде жиі заңды ресімдеуі
қиындатылған бірлескен мүлікті ұсынады.
Қарыз капиталына деген қажеттілік байқалады. Бірақ бұл қажеттілік
аса үлкен емес, алайда оның уақытында қолданылуы кәсіпкерлік қызметке
табыс алып келеді.
Әлеуметтік зерттеулердің мәліметтері бойынша, меншікті капитал әсіресе
бизнесті игеру кезеңінде қолданылады. Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылу
кезіңдегі негізгі көзі – меншікті капитал, сонымен қатар құрылтайшылардың
қаражаттары болып табылады.

Кесте 3. Қаржылық қолдау алу үшін ұйымдар мен қаржы институттарына
қарайласуы
Құрылымдардың 2006ж. сұраққа жауап берген 2007ж. сұраққа жауап
№ атауы респонденттердің үлес берген респонденттердің
салмағы, % түрінде үлес салмағы,% түрінде
қарайлқарайласыпбелгілі қарайлқарайласып белгіл
аспағаеш көмек көмек аспағаеш көмек і
ндар алмағандаралғандар ндар алмағандар көмек
алғанд
ар
1 Мемлекеттік 79,0 12,2 8,8 69,6 14,3 16,1
шағын
кәсіпкерлікті
қолдау қоры
2 Ұлттық 86,6 7,4 5,9 87,5 9,4 3,1
инновациялық қор
3 Ұлттық 88,6 6,5 5,0 88,8 8,9 2,3
инвестициялық
қор
4 АҚ Ауыл 87,8 7,0 5,2 89 6,6 4,3
шаруашылығын
қаржылық қолдау
қоры
5 Шағын несие 82,5 7,8 9,7 76,5 11,2 12,2
ұйымдары
6 Несие 84,6 8,3 7,1 82,1 8,4 9,4
серіктестіктері
7 Коммерциялық 57,7 11,1 31,3 46,2 6,6 47,2
банктер
8 Халықты 90,4 5,8 3,8 86,6 9,4 3,9
жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу қоры
9 Басқадай ұйымдар95,7 1,2 3,1 100 0 0

Дерек көзі: ҚР Статистикалық Агенттігінің мәліметтері

Қазіргі кезде кәсіпкерлердің бағалауы бойынша меншікті ресурстардың
мөлшері шектеулі. Бұл шағын бизнес саласында қарыз қаражаттардың
тартылуының жандануына алып келеді. Оларсыз шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы
және дамуы мүмкін емес. Шағын кәсіпкерліктін қарыз қаржы қаражатын
қарастырайық. Кәсіпорын қарыз қаражатымен жұмыс істей бастағанда, бұрын
сәтті жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағаның
байқаймыз.
Қаржылық қолдау алу үшін ұйымдар мен қаржы институттарына қарайласуы,
3 кесте мәліметтерінде көрініс тапқан. Мұнда, 2007ж. сұраққа жауап берген
респонденттердің ішінде мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына
қарайласпағандар 79%-дан 69,4 %-ға төмендеген. Ал қарайласып еш көмек
алмағандар саны 14,3 % құраған.
Мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры көмегін алған шағын және
орта бизнес субъектілері жауап берген респонденттердің 16,1% құраған.
Жауап берген респонденттердің коммерциялық банктердің қолдауымен
қызметін алға бастырған 47,2 %, шағын несие ұйымдары көмегімен - 12,2 %
Ұлттық инвестициялық, Ұлттық инновациялық, АҚ Ауыл шаруашылығын
қаржылық қолдау, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорларына қарайласып
көмек алушылар саны төмен.
Осы, 3 кесте мәліметтері негізінде, коммерциялық банктер, мемлекеттік
шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры, шағын несие ұйымдары және несие
серіктестіктеріне қарайласқан субъектілердің өтініштері орындалған.
Шағын кәсіпкерліктердің несиеге қол жеткізе алмауының себебтері 4 кестеде
көрсетілген. Себептердің ең бастылары мыналардан басталады:
- Жоғары пайыздық мөлшерлеме;
- Несиенің қысқа мерзімге берілуі;
- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріеде өтімділігі жоғары кепілдікті
қамтамасыз етудің жоқтығы;
- Банктердің тұрақты табыс алып келмейтін кәсіпорындарға салым салғысының
келмеуі;
- Кепілдік қорлары және өзара несиелендіру қорларының жоқтығы.

Кесте 4. Шағын кәсіпкерліктердің несиеге қол жеткізе алмауының себебтері.
№ Құрылымдардың 2006 ж.сұраққа жауап 2007ж.сұраққа жауап
атауы берген берген
респонденттердің үлес респонденттердің үлес
салмағы, % түрінде салмағы, % түрінде
1 Жоғары пайыздық 64,4 76,3
мөлшерлеме
2 Несиенің қысқа мерзімге38,4 51,0
берілуі
№ 4 кесте жалғасы
3 Шағын кәсіпкерлік 39,2 45,9
субъектілеріеде
өтімділігі жоғары
кепілдікті қамтамасыз
етудің жоқтығы
4 Банктердің тұрақты 20,2 30,6
табыс алып келмейтін
кәсіпорындарға салым
салғысының келмеуі.
5 Шағын кәсіпкерлік 14,6 19,1
субъектілерінің несие
желісі және
несиелендірудің
шарттары туралы
хабарсыздығы
6 Шағын кәсіпкерлікті 15,4 21,4
қаржылық қолдаудың
баламалы түрінің
жоқтығы (лизингтік
несие және т.б
7 Кепілдік қорлары және 17,3 26,0
өзара несиелендіру
қорларының жоқтығы.
8 Несиені алу үшін 13,3 15,1
бизнес-жоспарларды құру
қиыншылықтары
9 Басқалар 1,9 -

Дерек көзі: ҚР Статистикалық Агенттігінің мәліметтері

Кесте 5. Несиені тартудағы қажеттілік
№ Құрылымдардың 2006 ж.сұраққа жауап 2007ж.сұраққа жауап
атауы берген берген
респонденттердің үлес респонденттердің
салмағы, % түрінде үлес салмағы, %
түрінде
1 Микронесиеде 25,9 8,7
2 Мөлшері 10 мың долл. 24,7 33,9
дейін несиеде
3 Мөлшері 15-тен 20 мың23,9 25,8
долл. дейін несиеде
4 Мөлшері 50 мың долл. 10,8 12,5
жоғары несиеде
5 Несиелерде 14,7 11,7
(инвестицияларда)
100мың долл. жоғары

Дерек көзі: ҚР Статистикалық Агенттігінің мәліметтері

Мәліметтер бойынша сұраққа жауап берген респонденттердің 50% ғана банк
капиталын қолданған.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар:
• Сатып алушының төлем қабілеттілігінің төмендігі;
• Жалгерлік шарттары;
• Ақшалай айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;
• Инвистициялық ресурстардың тапшылығы;
• Несиелеудің шарттары;
• Салық салу деңгейі.
Несиені тартудағы қажеттілік бойынша сұраққа жауап берген
респонденттердің айтуынша, мөлшері 10 мың долл. дейін несие мен мөлшері 15-
тен 20 мың долл. дейін несиеде қажеттілік жоғары. Микронесиеге деген
сұраныс жауап берген респонденттердің айтуы бойынша төмен.

Кесте 6. Қаржыландырудың әртүрлі көздерін пайдалану

№ Қаржыландыру бойынша, 2006ж. Қаржыландыру бойынша,
сұраққа жауап берген 2007ж.сұраққа жауап берген
респонденттердің қаражат жәнереспонденттердің қаражат
қызметті үнемі пайдалануы және қызметті үнемі
бойынша үлес салмағы, % пайдалануы бойынша үлес
түрінде салмағы, % түрінде
Үнемі Бірнеше рет Бір рет
сомасы, үлес сомасы, үлес сомасы, үлес
мың тг. салмағмың тг. салмамың тг. салмағы,
ы, % ғы, % %
1 2 3 4 5 = 3 - 16 = 5 : 7 = 4 -
1 ( 100 2
Активтер 734 937,4100 851 851,7100 +11614,3 +15,91
құны,
барлығы
№ 8 кесте жалғасы
1. Ұзақ 376 823,551,27 379 698,844,57+2 875,3 +0,76 -6,70
мерзімді
активтер:
а) 259 333,435,29 246 673,728,96-12 659,7-4,88 -6,33
Негізгі
құралдар
ә) 117 490,215,99 133 025,215,62+15 535,0+13,22 -0,37
Қаржылық
салымдар
2. 358 113,848,73 472 152,955,43+114039,1+31,84 +6,70
Ағымдағы
активтер

Дерек көзі: ЖШС Форум Трэйдинг қаржылық есебі

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасының есепті жылы 116 914,3 мың теңгеге немесе 15,91%-ға артқандығын
көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның
жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
№8-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және
ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді.
Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 2,54 пункте аз болса (48,73-
51,27), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 10,86 пунктке асып
кетті (55,43-44,57) және 55,43%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ
мерзімді активтердің өсуінен 42 есеге артық (31,84 : 0,76) болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін
анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің
құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу
(мобильді) коэффциентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін
сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты
қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы
тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып
табылады, яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның
айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін
көрсетеді.
Талдау жүргізіліп отырған кәсіпорында бұл коэффициентінің деңгейі жыл
басында 0,49=(358 113,8 : 734 937,4), ал жыл соңында 0,55=(472 152,9 : 851
851,7) құрады.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі
көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті.
Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы
анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық
ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің
деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.
Форум Трэйдинг ЖШС-те бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында – 0,95=(358
113,8 : 376 823,5), ал жыл аяғында – 1,24=(472 152,9 : 379 698,8) құрайды.
Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының
нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 1,3
есеге (472 152,9 : 358 113,8), ал екіншілері – 1%-ға (379 698,8 : 376
823,5) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын
міндеттемелері кепілдендірілген түрде қысқа мерзімді активтермен өтелген
жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың
белгісі болып табылады: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер
қатынасының коэффициенті міндеметтемелер мен меншікті капитал қатынасының
коэффициентінен артық болуы керек.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер
болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын
құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік
потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты
құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені,
бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты
бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиыныдағы негізгі
құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің
барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс. №8- кесте бойынша баланс
валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында 35,29%-
ды, ал жыл соңында – 28,96%-ды құрайды. Негізгі құралдардың жалпы құнындағы
оның активті бөлігінің үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның
материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады.
Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі.
№9 - талдау кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы
алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан
зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді
активтер, яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
бір жылда 40 800,9 мың теңгеге немесе 65,32%-ға азайған.

Кесте 9. Форум Трэйдинг ЖШС ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер Жыл басында Жыл соңында Өсуі (+),
кемуі (-),

%
сомасы, үлес сомасы, үлес
мың тг. салмағы,мың тг. салмағы,
% %
1 2 3 4 5 = (3 -
1) : 1 (
100
Ағымдағы активтер, 358 113,8100 472 152,9100 +31,84
соның ішінде:
Тауарлы-материалды 15 131,6 4,23 11 583,3 2,45 -23,45
қорлар
ҚҚС пен салықтар 11 690,4 3,26 5 378,1 1,14 -54,00
бойынша алдын ала
төлем
Болашақ кезеңдегі 4 952,8 1,38 4 845,3 1,03 -2,17
шығыстар
Сауда және басқа 37 356,6 10,43 50 083,9 10,61 +34,07
дебиторлық борыш
Ақша қаражаттары және 62 459,4 17,44 21 658,5 4,59 -65,32
қысқа мерзімді
қаржылық инвестициялар
6. Басқа да қаржылық 226 523,063,25 378 603,980,19 +67,14
активтер

Дерек көзі: ЖШС Форум Трэйдинг қаржылық есебі

Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы
арқылы анықталатын айналым қаражаттарының (ағымдағы активтердің) 3,8 есеге
азайған және 4,59%-ды ғана құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы
міндеттемелерді өтеуге бағытталған қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге
дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 23,45%-ға
азайды және ол жыл аяғында 11 583 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 1,78
пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте жоғары (2,45%) болып отыр.
Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе
шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болатын
басы артық және қалып қойған маериалдық құндылықтар, дайын өнімдер,
нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па,
соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау
жүргізуді қажет етеді.
Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептәуір өскен. Егер оның көлемі жыл
басында – 37 356 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол – 50 083 мың теңгені
құрайды немесе 34,07%-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның
үлесі 0,18 пуктке азайды (10,61-10,43). Дебиторлық борыш неге мұнша көп
өскендігін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды
өтеудің болаағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы
күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір
дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Алайда, ақша қаражаттарының бір
бөлігі есепті жылы ұзақ мерзімді инвестицияларға бағытталған, олардың
көлемі жыл аяғында 133 025 мың теңгені құрайды, бұл жыл басындағымен, яғни
117 490 мың теңгемен салыстырғанда 1,1 есеге көп.
Мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне
қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін
және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы
активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын
және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға
басты назар аударуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы
емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі
әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны
аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі
объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта
есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да
қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті
қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның
бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның
төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
Бағалаушының келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау
болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның
құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен
жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен
қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын
көрсетеді. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы
көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге
асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады.
Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық
тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес.
Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу
көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз
ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден
жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді
несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.
Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды бірақ авансталған
капиталға бөлумен анықтайды. Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық
тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық
қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғары жетерлік
деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына
қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен
болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып
кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.
Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын
зерттеу үшін №10-талдау кестесі құрылады.

Кесте 10. 2007 жылдың басы мен соңындағы жағдайы негізінде Форум Трэйдинг
ЖШС –та авансталынған капиталының құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер Жыл басында Жыл соңында Жыл бойындағы Құрылы-
өзгеріс (+,-) мының
өзгеруі
сомасы, үлес сомасы, үлес сомасы, үлес
мың тг. салмағмың тг. салмағымың тг. салмағы
ы, % , % , %
1 2 3 4 5 = 3 - 6 = 5 :7 = 4 -
1 1 ( 1002
Авансталған 734 100 851 851,7100
капитал, соның937,4 +116 914+15,91 -
ішінде:
1.1. Меншікті 525 71,54 646 441,675,89 +120 684+22,95 +4,35
капитал 757,8
1.2. Қарыздық 209 28,46 205 410,124,11 -3 769,5-1,80 4,35
капитал, оның 179,6
ішінде:
Ұзақ мерзімді 100 13,72 70 077,4 8,23 -30 -30,51 -5,49
844,0 766,6
Тәуелсіздік - 0,72 - 0,76 - - +0,04
коэффициенті
(1.1.жол:1жол)
Қаржыландыру - 3,51 - 4,15 - - +0,64
коэффициенті
(1жол:1.2.жол)
Қатыстырылған - 0,40 - 0,32 - - -0,08
капиталдың
меншіктік
капиталға
қатынас
коэффициенті
(1.2.жол:1.1.ж
ол)
Инвестициялау - 2,03 - 2,62 - - +0,6
коэффициенті

Дерек көзі: ЖШС Форум Трэйдинг қаржылық есебі

№10-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу
көзі 116 914 мың теңгеге немесе 15,91%-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу
жылдың соңында 205 410 мың теңге болған, яғни 3 769,5 мың теңгеге азайған.
Бұл кезде тәуелсіздік коэффициенті 0,72-ден 0,76-ға дейін немесе 0,04
пунктке өскен. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының)
төмендегенін дәлелдемейді.
Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын
қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да
дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың
үлесін сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру
көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Форум Трэйдинг ЖШС-та оның деңгейі
жылдың басында 0,28=(1-0,72), ал жыл соңында 0,24=(1-0,76) болды.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың
қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті
болып табылады. Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен
инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. Бұл коэффициент
кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз
қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті ((
болатын жағдай төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және
несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші
кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға
қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының
коэффициенті. Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті
қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді.
Форум Трэйдинг ЖШС-та бұл көрсеткіш келесі ерілгендермен сипатталады:
• Жыл басында – 0,4 = 209 179,6 : 525 757,8;
• Жыл соңында – 0,32 = 205 410,1 : 646 441,6.
Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған
меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 40 тиынын
тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары
меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 32 тиынға дейін көбейген. Демек,
кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің
қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.
Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: ((. Егер оның
мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен
тұрақтылығы қауіпті нүктеге жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола
бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалық
ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым
қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым
қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиотрлық борыштың
одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де
асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай
әсерін тигізбейді.
Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды
көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе
оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және
ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін сипаттайды.
Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ
көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең
болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын капиталының құрылымын
сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр
түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек.
Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге
тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік
капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін
меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың
үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту пайдаланып
жатқанына баға береді.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін анықтау үшін жоғарыда
келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолдану
ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті
капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Форум Трэйдинг ЖШС-
та жылдың басында 2,03-ке тең (525 757,8 : 259 333,4), ал соңында 2,62=(646
441,6 : 246 673,7) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек
қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық есеп
беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға
да пайдаланылады деуге болады.
Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық
негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол
саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір
сүре беретін болады Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық
ой – меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал
айналым қаражаттары келесі жолмен қалыптасуы керек: ¼ – ұзақ мерзімді
қарыздар есебінен, ал ¾ – қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер
өзінің капиатлы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады.

Кесте 11. 2007 ж. ЖШС Форум Трэйдинг тауарлы-материалдық қорларымен
қамтамасыз етілуі (мың теңге)

№ Көрсеткіштер Жыл басында Жыл Жыл бойғы
соңында өзгерістер
(+,-)
1. Меншікті капитал 525 757,8 646 441,6 +120 683,8
2. Ұзақ мерзімді активтер 376 823,5 379 698,8 -2 875,3
3. Меншікті айналым капиталы- 148 934,3 266 742,8 +117 808,5
ның бар болуы (1жол-2жол)
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 100 844,0 70 077,4 -30 766,6
5. Тауарлы-материалдық 249 778,3 336 820,2 +87 041,9
қор-лардың меншікті және ұзақ
мерзімді қалыптасу
көздері-нің бар болуы
(3жол+4жол)
6. Қысқа мерзімді несиелер мен 108 335,6 135 332,7 +26 997,1
қарыздар
7. Тауарлы-материалдық 358 113,9 472 152,9 +114 039,0
қор-лардың қалыпты қалыптасу
көздерінің жалпы мөлшері
(5жол+6жол)
8. Тауарлы-материалдық қорлар 15 131,6 11 583,3 -3 548,4
9. Өзіндік айналым капита-лының 133 802,7 255 159,5 +121 356,9
артықтығы (+) немесе
жетіспеушілігі (-)
(3жол-8жол)
10. Тауарлы-материалдық 234 646,6 325 236,9 +90 590,3
қор-лардың меншікті және ұзақ
мерзімді қалыптасу
көздері-нің артықтығы (+)
немесе жетіспеушілігі (-)
(5жол-8жол)
11. Тауарлы-материалдық 342 982,3 460 569,7 +117 587,4
қор-лардың қалыпты негізгі
қалыптасу көздерінің жалпы
мөлшерінің артықтығы (+)
немесе жетіспеушілігі (-)
(7жол-8жол)

Дерек көзі: ЖШС Форум Трэйдинг қаржылық есебі

Нарықтық қарым-қатынас осы қағида бойынша құрылған. Аз ғана капиталы
бола тұра, көп табыс алуға боады.
Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін, меншікті
капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын алып
тастау керек.
Жыл басына меншікті айналым қаражаттарының көлемі 148 934,3 мың тг.
(525 757,8-376 823,5) құрады, жыл аяғына – 266 742,8 мың тг. (646 441,6-
379 698,8), яғни 117 808,5 мың теңгеге көбейген.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін
анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу
керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты
сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау
коэффициенті деп атайды.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы
қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді
Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына байланысты:
оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанда
қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде төмен болуы керек.
Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу
көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық
тұрақтылықты бағалау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды
қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол
меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың
құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар
мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды.
Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық
жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық
қорларға қатысты азаюымен көрінетін маериалды айналым қаражатының
айналымдылығы маңызды орын алады.
Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке
алудың әр түрлі дәрежесіне кәіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын
жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр
түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді.
Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің
жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту
керек. Бұл кәсіпорыда шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің
шектен тыс қорлары барлығына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнес үшін қаржы ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын және орта бизнестің (ШОБ) қаржы менеджментін ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыру
Кәсіпкерліктің түрлері, ұйымдастыру нысандары
Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы
Аграрлық секторда шағын кәсіпкерлікті дамыту
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, және қаржыландыру
Жастар құқығын қорғауға бағытталған жастар саясаты
Бизнес және математика
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы ақпарат
Пәндер