Намаз оқу



Кіріспе
Намаз діннің тірегі
НАМАЗ . ҰЛЫ ӘМІР
ҒИБАДАТ және НАМАЗ
НАМАЗ ОҚУ
Намаз оқу кімдерге парыз?
Намаз оқитындардың халі
Оқиға: Қамаудан кұтқарған намаз.»
Оқиға: Өртенген үй
Оқиға: Аяққа қадалған жебе
Оқиға: Ее тандыратын дәрі.
Оқиға: Намаз үшін аянбау
Намаз оқитындардың дәрежелері
НАМАЗДЫҢ АҚИҚАТЫ
НАМАЗДАҒЫ ҮСТЕМДІКТЕР
Намаздың сыры
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Намаз діннің дінгегі, ғибадаттардың ең ұлысы. Ғибадаттардың ішіндегі Аллаһ тағаланың ең сүйген және ең жоғары дәрежедегі ғибадат намаз. Ер жеткен есі дұрыс ер-әйел әр мұсылманға күйде бес уақыт намаз оқу парыз. Үй ішінді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл.
"Таһа" - 132.
Хадис шәрифте "жалпы бала жеті жасқа толғанда әдет болғызу үшін намаз оқуды үкім ет. Және он жасқа толғанда намаз оқуды ұрып үйрет" деп бұйырған. Намаз оқығандар Алланың әмірін орындаған болып арсыздықған, жамандықтан және күнәдан тыйылып өте зор сауабқа ие болады. Дүние және ахиретте Алланың ризалығына бөленеді.
Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер. Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер. "Мағарыж" сүресі - 34, 35 аят.
Намаз оқымағандар улкен күнәһар болып, Алланың әміріне қарсы келген болады. Және ахиретте жазасын тартады.
"Қиямет күні, балтыр (шындық) ашылады. Олар сәждеге шақырылады, әсте сәжде қыла алмайды. Олардың көздері сүлкиіп өздерін қорлық баураған. Расында олар аман сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын." "Қалам" - 42, 43.
Ардақты пайғамбарымыз:
"Аллаһ тағалә менің үмметіме барлық нәрселерден бұрын намазды парыз қыщы. Және қиямет күні барлығынан бұрын намаз сұралады" деп бұйырған. Егер бұл ғамал дүрыс болса.онда барлық ғамалдары дүрыс болады. Және бұл ғамал жаман болса, онда барлық ғамалдары жаман болады. өйткені намаздың берекеті барлық ғамалдарға кіреді. Ардақты пайғамбарьмыз: "Аллаһ тағала әр мұсылман ер әйелдерге күндіз, түні бес уақыт намаз оқуды парыз қылды", деп бұйырған. һижраттан бір жарым жыл бұрын Аллаһ тағаләның әмірі бойынша ардақты пайғамбарымыз миғражға (көкке) шыққан. Және миғраж сыйлығы сипатында барлық үмметке күніне бес мезгіл оқылатын намаз парыз етілген.,
1. Таң намазы: Таң ағарғаннан басталып күн шығудан сәл алдына дейін таң намаздың уақыты тұрады.
2. Бесін намазы: Күн тақ төбеден ауғаннан басталып жер жүзіндегі әр нәрсенің көлеңкесі өз бойынан екі есе болып ұзарғанға бұрынға дейін бесін намаздың уақыты жалғасады.
3. Екінті намазы: Бесін намазының уақыты аяқталуынан әр-нәрсенің көлеңкесі өз бойынан екі есе болып ұзарғаннан басталып күн батқаннан бұрынға дейін екінті намазының уақыты тұрады.
4. Ақшам намазы: Күн батқаннан басталып, күн батыстағы қызыл арайдан кейін ақ шапақ жоғалғаннан бұрынға дейін ақшам намаздың уақыты созылады.
1. Бір шоқ гүл
2. Намаз
3. Намаз кітабы
4. ФҚ негіздері
5. Шапағат нұр

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Намаз діннің тірегі
НАМАЗ - ҰЛЫ ӘМІР
ҒИБАДАТ және НАМАЗ
НАМАЗ ОҚУ
Намаз оқу кімдерге парыз?
Намаз оқитындардың халі
Оқиға: Қамаудан кұтқарған намаз.
Оқиға: Өртенген үй
Оқиға: Аяққа қадалған жебе
Оқиға: Ее тандыратын дәрі.
Оқиға: Намаз үшін аянбау
Намаз оқитындардың дәрежелері
НАМАЗДЫҢ АҚИҚАТЫ
НАМАЗДАҒЫ ҮСТЕМДІКТЕР
Намаздың сыры
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Намаз діннің дінгегі, ғибадаттардың ең ұлысы.
Ғибадаттардың ішіндегі Аллаһ тағаланың ең сүйген және ең жоғары дәрежедегі
ғибадат намаз. Ер жеткен есі дұрыс ер-әйел әр мұсылманға күйде бес уақыт
намаз оқу парыз. Үй ішінді намазға бұйыр және өзің де оған
көңіл бөл.
"Таһа" - 132.
Хадис шәрифте "жалпы бала жеті жасқа толғанда әдет болғызу үшін намаз
оқуды үкім ет. Және он жасқа толғанда намаз оқуды ұрып үйрет" деп бұйырған.
Намаз оқығандар Алланың әмірін орындаған болып арсыздықған, жамандықтан
және күнәдан тыйылып өте зор сауабқа ие болады. Дүние және ахиретте Алланың
ризалығына бөленеді.
Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер. Міне солар
бейіштерде құрметке бөленетіндер. "Мағарыж" сүресі - 34, 35 аят.
Намаз оқымағандар улкен күнәһар болып, Алланың әміріне қарсы келген
болады. Және ахиретте жазасын тартады.
"Қиямет күні, балтыр (шындық) ашылады. Олар сәждеге шақырылады, әсте
сәжде қыла алмайды. Олардың көздері сүлкиіп өздерін қорлық баураған.
Расында олар аман сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған
болатын." "Қалам" - 42, 43.
Ардақты пайғамбарымыз:
"Аллаһ тағалә менің үмметіме барлық нәрселерден бұрын намазды парыз
қыщы. Және қиямет күні барлығынан бұрын намаз сұралады" деп бұйырған. Егер
бұл ғамал дүрыс болса.онда барлық ғамалдары дүрыс болады. Және бұл ғамал
жаман болса, онда барлық ғамалдары жаман болады. өйткені намаздың берекеті
барлық ғамалдарға кіреді. Ардақты пайғамбарьмыз: "Аллаһ тағала әр мұсылман
ер әйелдерге күндіз, түні бес уақыт намаз оқуды парыз қылды", деп бұйырған.
һижраттан бір жарым жыл бұрын Аллаһ тағаләның әмірі бойынша ардақты
пайғамбарымыз миғражға (көкке) шыққан. Және миғраж сыйлығы сипатында барлық
үмметке күніне бес мезгіл оқылатын намаз парыз етілген.,
1. Таң намазы: Таң ағарғаннан басталып күн шығудан сәл алдына дейін
таң намаздың уақыты тұрады.
2. Бесін намазы: Күн тақ төбеден ауғаннан басталып жер жүзіндегі әр
нәрсенің көлеңкесі өз бойынан екі есе болып ұзарғанға бұрынға дейін бесін
намаздың уақыты жалғасады.
3. Екінті намазы: Бесін намазының уақыты аяқталуынан әр-нәрсенің
көлеңкесі өз бойынан екі есе болып ұзарғаннан басталып күн батқаннан
бұрынға дейін екінті намазының уақыты тұрады.
4. Ақшам намазы: Күн батқаннан басталып, күн батыстағы қызыл
арайдан кейін ақ шапақ жоғалғаннан бұрынға дейін ақшам намаздың уақыты
созылады.
5. Жашыйық намазы: Ақ шапақ жоғалғаннан кейін яшиқ намазының уақыты
басталып таң ағарғанның алдына дейін жалғасады. Және үітір уәжіп намазының
уақыты яшиқ намазынан кейін басталып таң ағарғанның алдына дейін тұрады.
Бұл бес уақытта он екі бекітілген сүннет және сегіз бекітілмеген
сүннет рақааттары оқылады. Бұлардан басқа қалған намаздар нәфіл болады.
Кейбір нәфіл намазының сауабы өте көп болады. Және оларды оқу жақсы. Олар
"ишрақ, сашт, зауал, аууабин, тәһәжжүд" тағы басқалар. Жүма күні бесін
намазының орнына жұма намаз оқылады.

Намаз діннің тірегі

НАМАЗ - ҰЛЫ ӘМІР

Адам алейһиссаламнан бері әрбір дінде белгілі бір уақытта орындалатын
намаздары болған. Сол ғибадаттардың барлығы жинақталып, Мұхаммед
алейһиссаламның үмбетіне парыз етілді. Намаз оқу иманның шарты емес. Аланда
намаз оқудың парыз екендігіне сену иманның шарты болып табылады.
Намаз - діннің тірегі. Намазын үзбей, әрі қатесіз оқитын жан ислам
ғимаратын тұрғызғанмен бірдей. Ал оқымағандар керісінше ислам ғимаратын
құлатқанмен бірдей болып саналады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: Дініміздің
басы, негізі — намаз деп намаздың өзектілігіне мән берген. Бассыз адамның
болмайтыны секілді, намазсыз да діннің болуы мүмкін емес. Намаз - Ислам
дінінде иманнан кейінгі орындалуы қажетті парыз. Аллаһу тағала құлдарының
тек өзіне ғана құлшылық жасауы үшін намазды парыз қылды. Құран Кәрімде
жүзден астам аятта Намаз оқыңдар деген әмір кездеседі. Хадис шәрифте:
Аллаһу тағала, әр күні бес уақыт намаз оқуды парыз қылды. Бес уақыт
намазына ерекше мән беріп, шарттарына сәйкес оқыған жанды пейішке
кіргізетіндігіне Аллаһу тағала уәде берді, -деп айтылады. Намаз -
дінімізде орындалуы әмір етілген ғибадаттардың ең құндысы. Бір хадис
шәрифте: Намаз оқымағанның ислам дінінен нәсібі жоқ - деп айтылған. Тағы
бір хадис шәрифте: Мұсылман меп кәпірдің арасындағы айырмашылық - намаз-
деп, намаздың маңыздылығы мен өзектілігін атап өткен. Яғни иман келтірген
құл намаз оқиды, ал кәпір намаз оқымайды. Мұнафик (екі жүзді) бірде оқыса,
бірде оқымайды.
Мұнафиқ тозақта қатты азап шегеді. Пайғамбарымыз алейһиссалам: Қиямет
куні намаз оқымағандарға Аллаһу тағала ашұлы, қаһарлы түрде мәміле жасайды
деп айтып өткен.
Намаз оқу - Аллаһу тағаланын ұлылығын аңғару, әрі Оның құзырында
қаншама әлсіз екенімді түсіну. Бұны жете түсінген адам әрқашан жақсылық
жасайды жамандықтан аулақ болады. Күнде Жаратқан иесінің құзырыан бес рет
боуді ниеттенген жанның жүрегі ықласқа толы болады. Намазда орындалуы әмір
етілген әрбір әрекет адамның жүрек тазалығына әрі денесіне пайдалы әсерін
тигізеді.
Мешітте жамағатпен намаз оқу - мұсылмандардың бір-біріне деген
сүйіспеншілігін арттырады Бір-біріне бауыр екендіктерін аңғартады Жастар
үлкендерді құрметтейді. Байлар кедейлерге, қуаттылар әлсіздерге жәрдем
береді. Мұсылмандар жамағат арасында көре алмаған сырқат бауырларын
іздестіріп. үйіне барады. Дін бауырына жәрдем беруге асыққанның жәрдемшісі
- Аллаһу тағала деген хадистегі сауапқа қауышу ушін бір-бірімен жарысады.
Намаз адам баласына тыйым салынған, жағымсыз іс-әрекеттерді істеуден
бас тартқызады. Күнәларға кәффарат (өтеу) болады. Бұл жайында хадис
шәрифте: Бес уақыт намаз үйіңіздің алдынан ағып жатқан өзен секілді. Ол
өзенге куніне бес рет жуынғап адамның кірі кетіп, күнәлары кешіріледі
-делінген.
Намаз Аллаһу тағала және оның елшісіне иман келтіруден кейінгі күллі
ғибадаттардың ең абзалы. Сондықтан намазды парыздарына, уәжіптеріне,
сүннеттері мен мұстахабтарына назар аударып, кемшіліксіз орындау қажет.
Пайғамбарымыз алейһиссалам: Ей, умбетім! Ей, сахабаларым! Кемшіліксһ
оқылған намаз - Аллаһу тағала әмір еткен ғибадаттардың ітіидегі ең абзалы,
ең ұлысы! Пайғамбарлардың суннеті. ІІеріштелердің суйгені. Білімнің, жеті
ңабат коктің пуры. (ененің куаты. Рызықтың берекеші. Дуғаның қабыл болуына
себебші. Әзірейілдің қузырыіда шапағатшы. Қабірде жарық Мүнкір-Нәкірге
берілер жауап. Қияметте көлеңке. Тозақ отына қалқан.
Сырат көпірінен найзағай секілді өтүіне жәрдемші Жәннаттың кілті.
Пейіште басыңа тәжі. Аллаһу тағаланың иманды құлдарына берген ең ұлы
сыйлық.
Егер намаздан да абзал өзге бір ғибадат болғанда, Аллан иманды
құлдарына алдымен саны білдірер еді. Куллі періште атаұлының кейбірі
қиямда, кейбірі рукуде, кейбірі сәждеде, кейбірі де ташаһһудте. Бұның
барлығын бір-ақрәқат намазға сыйғызып, мұсылмандарға сыйға таршты.
Өйткені, намаз иманның басы, діннің тірегі, Исламның нағыз өзі.
Момынның миғражы. Көктің нұры. Тозақтан құтқарушы. Бір күні хазреті
Әли (радыяллаһу анһ) екінті намазын өткізіп алады. Бұл ісіне өте қатты
қайғырып, өзін-өзі кінәлап қатты қапа болды. Егіліп жылап, көз жасын төкті.
Пайғамбарымыз алейһиссалам бұл туралы естіген соң, сахабаларымен бірге
хазреті Әлиге барып оның халін көріп Пайғамбарымыз да жылай бастады. Дұға
етті. Сол сәтте күн қайта көтеріліп Расул алейһиссалам: Ей, Әли, басыңды
көтер, кун әлі батпады - деді. Хазреті Әли бұған куанып, намазын оқыды.
Хазреті Әбу Бәкір Сыддық (радыяллаһу анһ) бір түні өте көп ғибадат
етіп, нәтижеде үтір намазын оқымастан ұйықтап қалады. Таң намазы болғанда
Папғамбарымызға алейһиссалам келіп: Ей, Аллаһтың елшісі! Маған көмектес,
үтір намазым қаза болып қалды - деп қайғырып жылады.
Оған қосылып Пайғамбарымыз алейһиссалам жылай бастады. Сол кезде
хазреті Жәбрейіл келіп: "Ей, Аллаһтың елшісі! Әбу Бәкір Сыддыққа айт, оны
Аллаһу тағала кешірді"- деді.
Атақты әулиелердің бірі Баязид Бистами бір күні қатты ұйқы басып, таң
намазына тұра алмайды. Бұған қатты қайғырып, тәуба етіп, жылап жатқан
кезінде бір дауыс естиді: Ей, Баязид, бұл кемшілігіңді кешірдім, осы көз
жасымен жасаған тәубаңнын берекеті үшін саған тағы да жетпіс мың намаздың
сауабын бердім. Бірнеше ай өткен соң тағы да таң намазында ұйықтап қалады.
Шайтан келіп: "Тұр, намазың қазаға қалып қояды, тұр"-деп оята бастайды. Сол
кезде хазреті Баязид былай дейді: "Ей, лағынеттелген шайтан, сен бұл істі
қалайша істеп тұрсың? Сен әркімнің намазын оқымауы үшін, қазаға қалдыруы
үшін тырысатын едің, мені қалайша оятып тұрсың?".
Шайтан былай жауап береді: "Сен өткенде, таң намазын қаза етіп қойған
күні, жылап жетпіс мың намаздың сауабын алған едің. Бүгін соны ойлап, бірақ
уақыт намаздың сауабын алсын деп сені ояттым, оның орнына жетпіс мың
намаздың сауабын алып қоймасын дедім."
Мәшһур әулиелердің бірі болған Жунайд Бағдади былай деген еді : "Бұл
дүниенің бір сағаты - кияметтің мың жылынан жақсырақ. Өйткені бұл бір
сағатта ізгі, жақсы істердің көбін істеуге болады, ал қияметтегі мын жылда
еш нәрсе жасай алмайсың".
Пайғамбарымыз алейһиссшшм бір чадпсіпде былай деген:
Бір кісі бiлe тұра бір намазы мен екіпші намазын біріктірсе, яғни
қазаға қалдырса, сексен хуқбә тозақта жанады. Бір хукбә ахыреттің
сексен жылына тең. Олай болса, ей, діні бір бауырым! Уақытыңды бос әрі
пайдасыз нәрселермен өткізбе. Уақыттың қадірін біл. Уакытыңды ізгі істер
істеуге сарып ет. Пайғамбарымыз алейһиссалам: Қайғының, бәленің үкені
уақытын босқа өткізу- дел айтып өткен. Намазыңды уақытында оқып, мол
сауаптарға қауыш. Қиямет күні өкініп қалма. Хадис шәрифте: Намазды
уақытында оқымай, қаза қылмаған жан қазасын өтеместен оліп кетсе оның
қабірін тозақтан жетпіс терезе ашылып, кияметке дейін қиналады.
Кімде-кім намазын уақытында біле тұра оқымаса, яғни намаз
уақыты өтіп бара жатса да еш уайымдамайтын болса, діннен шығады
немесе өлім алдында имансыз кетеді. Ал намазды ойламайтындар, оның парыз
екендігін де білмейтіндердің халі де болмақ? Намаздың өзіне міндет
екендігін білмейтін кісілердің муртәд", яғни кәпір екендігін төрт
мазһабтың барлық ғұламалары бір ауыздан айтқан. Намазды біле тұра
оқымайтын, қазасын оқуды да ойламайтын, әрі бұл үшін азапталудан да
қорқпайтын жанның "муртәд", яғни кәпір болатыны туралы Абдулғани
Наблусидың "Хадиқат-ун-нәдийя" кітабының Тілдің апаттары" атты
бөлімінде жазылған.
Имам Раббани Мәктубат кітабының 1- том, 275-хатында былай дейді:
Сіздердің бұл нығметке қол жеткузілеріңіздің себебі - Ислам
дінін үйрету және фиқһи мәселелерді кеңінен түсіндіруіңіз болды. Ол
жерлерде надандық үстемдікі ққұрып бидғаттар жайылды. Аллаһу тағала
Ислам дінін жаюда сіздерді себепші қылды. Олай болатын болса, діни
мағлұматтарды үйретуге әрі фикһи мәселелерді жаюға қолыңыздан келгенше
жәрдем беруге тырысыңыз. Аталған екеуі - барша бақыттың бастауы, дамудың
негізі, тозақтан кұтылуға жәрдемші. Бұл жолда бар күш-қайратыңызды
жұмсаңыз! Дін өкілі ретінде өзіңізді танытыңыз! Ол
жердегілерге жақсылық жасауды әмір етіп, жамандықтан тыйыңыз.

Тұра жолды нұсқайсыз. Музаммил сүресінің 19-шы аятында:
Раббыңның разылығына қауышу үшін бұл әлбетте бір насихат- деп бұйырылды.

Екінші болім
ҒИБАДАТ және НАМАЗ

Ғибадат дегеніміз не?
Ғибадат - бізді және букіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан
бар етіп ұстап тұрған, әр түрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп
жетілдірген Аллаһу тағаланын әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау.
Сонымен қатар, Аллаһтың махаббатына қауышқан
пайғамбарларға, әулиелерге және ғылымдарға бағыну.
Сансыз нығмет берген Аллаһқа шамасы жеткенше шүкір ету әрбір жанның
бірден бір міндеті. Бірақ адам баласы өзінің құсырлы ақылы және кысыр
санасммен жаратқанға кұрмет амалдары таба алмайды. Құрмет
болып саналатын амалдар Аллаһ тағала тарапынан білдірілмейінше
адам санасында мадақтау болған нәрселер жаратқан үшін мазақ ету,
жамандау болуы мүмкін.
Адамдардың Аллаһқа деген діл, тіл және денемен өтеуі және сенуі
қажет болған шүкір боршы мен құлдық міндеті, Аллаһу ғағала
тарапынан білдірілген және Оның сүйікті Пайғамбары арқылы
жеткізілген. Аллаһ білдірген және әмір еткен құлдық міндеттері Исламият
делінеді. Аллаһу тағалаға шүкір т.т. Пайғамбары алып келген дінге бағыну
арқылы жүзеге асады. Бұл дінге қайшы немесе бұл жолдың сыртында қалған еш
бір үшкіршілік, ғибадатты Аллаһу тағала қабылдамайды және ұнатпайды
Сондықтан да Ислам дінінен хабарсыз жұртшылықтың
өз бетінше әр түрлі ритуалдарды орындауларының
Аллаһ құзырында еш бір кұны болмайды. Демек ақылы бар адамның Аллаһқа
шүкір және дұрыс ғибадат етуі үшін Мұхаммед алейһиссаламға бағынуы шарт.
Мухаммед алейһиссаламға бағынған адам ғана мұсылман деп аталады. Ал
Аллаһқа шүкір етуге, яғни Мұхаммед алейһиссаламға бағынуға
Ғибадат ету делінеді. Ислам екі
Бөлімнен тұрады: 1- Қалб, яғни жүрекпен сенуді қажет ететін нәрселер.
2- Дене мен жүрек арқылы орындауды қажет ететін ғибадаттар.
Денемен орындалатын құлшылықтардың ең кұндысы намаз. Мүкәллаф болған
әр кісінің күнде бес уақыт намаз оқуы парыз.

НАМАЗ ОҚУ

Дінімізде пманнан кейін ең бағалы ғибадат намаз. Намаз діннің тірегі.
Намаз ғибадаттардың ең жоғарғысы. Исламның екінші шарты. Арабтар
намазды Салат дейді. Салат негізінде дұға, рахмет кешірім деген
мағыналарға келеді. Намаз осы үш ммағынаның барлығын өзіне жинағаны үшін
салат деп аталған. Аллаһу тағаланның ең көп ұнатып және қайта-қайта әмір
еткен амалы бес уақыт намаз. Аллаһу тағаланын. мұсылмандарға иман еткеннен
кейн ең маңызды әмірі намаз оқу. Дінімізде алғаш рет әмір етілген парыз -
намаз. Қиямет күні иманнан кейінгі сұрақ намаз жайында болады.
Бес уақыт намаздың есебін берген адам өзге сынақтардан оңай
құтылады. Тозақтың отынан құтылып жұмаққа қауышу, намазды дұрыс оқуға
байланысты. Намаздың дұрыс орындалуы үшін құсырсыз дәрет алып,
жалқаұлық танытпай намазға кірісу керек. Барша ғибадатты қамтып және
адамды Аллаһу тағалаға жақындата түсетін ең қайырлы амал -
намаз. Сүйікті Пайғамбарымыз хадисінде былай дейді: Намаз діннің
тірегі.
Намаз оқыған адам дінін қуаттандырады. Намаз оқымаған адам әлбетте
діннен айырылады. Намазды үнемі дұрыс оқыған адам жаман,
жағымсыз істерден сақтанған болып есептеледі. Анқабут сүресінің
45 аятыпда: Дұрыс оқылған намаз, адамды жеркенішті,
жағымсыз, тыным салынған әрекеттерден сақтайды делінген.
Адамды жамандықтан сактай алмаған намаз, дұрыс намаз қатарына жатпай,
оның көрінісі ғана намаз болады. Сонымен қатар дұрыс намаз оқуға қол
жеткізгенше көрініс те болса намаз оқуды тастамау қажет. Ислам ғалымдары,
Бір нәрсенің толығын орындай алмаған жағдайда, қалғанынан да
айрылып қалмау деген. Шексіз ихсан иесі болған Раббымыз,
көріністе болған намазды да рахымдылығымен қабыл етуі
мүмкін.
Сондықтан Бұлай қате оқығанша еш оқымағаның дұрыс деуден сақтанып,
керісінше келіңдер намазымыздың қатесін түзетейік дегеніміз жөн. (Намаз
оқымай, Істесем тлық істеймін деген сылтауды айтып тақаппарланғандардан
шала да болса жарым-жартылай істеп жүргендер Аллаһтың мейріміне жақынырақ
болады.)
Намазды жамағатпен оқыған дұрыс. Жамағатпен оқудың сауабы жалғыз
оқығаннан әлдеқайда көп. Сондай-ақ намазда әрбір мүшенің әдеп сақтап, жүрек
Аллаһу тағаладан қорқу халінде болу керек. Адамды екі дүниеде қиыншылық пен
пәлекеттен құтқаратын амал намаз ғана. Аллаһу тағаланың сүресінің бас
жағында: Мүміндер әлбетте құтылдады, Олар намаздарын хушумен (ыкыласпен)
оқитындар деген.
Қауып-қатер төніп турілп. ксдсргілер коп болған жағдайларда
орындалғаи ғибадаттың сауабы өте көп болады. Жастардың ғибадаттарына
қарияларға қарағанда көбірек сауап берілуінің себебі де осында. Өйткені бұл
нәпсінің жаман, жағымсыз және ғибадаттан қашу сияқты қалауларына қарсы
шыққан болады. Ал жасы жеткендерде мұндай кедергілер жастардікіндей көп
болмайды.
Жастықта адамдың ғибадаты етуіне үш душпан тосқауыл болады. Бұлар:
шайтан, нәпсі және жаман жолдас. Барша пәлекеттің басы
жамап жолдастан басталады. Жас жан осы дұшпандардан келетін арам
ниет пен арамдарға еріп кетпей, намаз оқып, ғибадаттарын уақытында
орындаса улкен сауапқа қауышады. Аз ғана ғибадатыни көптеген сауап
жазылады.

Намаз оқу кімдерге парыз?

Намаз оқу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасыына жеткен әр бір ер және әйел
мұсылманға парыз. Намаз парыз болуы үшін мына үш шарт орындалуы керек:
1. Мұсылман болу тиіс,
2. Ақылды болу тиіс,
3. Балиғат жасына толу тиіс
Дінімізде акыл-есі толмаған, балиғат жасына жетпеген балалар
намаз оқуы міндетті емес. Алайда, ата аналар балаларына діни тыйымдар
мен ғибадаттарды әдеттендіруі тиіс.
Пайғамбарымыз бұл тұрғыди былай деген. Әрбіріңіз бір
отардың шопаны сияқтысыз. Шопан отарын қорығаны сияқты, сіздер де
жанұяңыздағы және қол астыңыздағы жандарды тозақтан сақтауға тиіссіздер.
Оларға мұсылмандықтың шарттарын үйретулеріңіз керек. Үйретпесеңіз
жауапқа тартыласыздар. Тағы бір хадисте: Дүниеге келген әрбір сәби
мұсылмандыққа икемді болып туылды. Оны кейіннен ата-аналары христиан, януди
немесе дінсіз қылады.- деген.
Олай болса, әрбір мұсылманның ең басты міндеті балаларына Құран
Кәрімді мен исламның шарттарын үйрету. Баласының мұсылман болуын, бұл дүние
мен ахыретте бақытқа кенелуін қалаған ата-ана алдымен осы міндетін орындауы
керек. Өйткені, ағаш жас кезінде егіледі. Ислами ілім мен әдептен бейхабар
өскен бала жаман жолдағы адамдарға тез алданады. Осылайша ата-анасына,
еліне, халқына және ұлтына лағынет келтіретін бұзақы адам болып шыға
келеді.
Намаз оқитындардың халі
Оқиға: Қамаудан кұтқарған намаз.

Хорасанның әкімі Абдуллаһ бин Тахир әділ кісі болатын. Бір күні
некерлері бірнеше қарақшыны тұтқындап әкімнің алдына алып келеді. Сонда
қарақшылардың біреуі қашып кетеді. Нокерлер сол түні Нүшапур қаласынан
үйіне қайтып келе жатқан бір теміршіні қашқын деп тұтқынға алады. Оны да
әкімнің алдына алып барады. Әкім олардың бәрін зынданға тастаңдар деп
бұйырады. Кінәсіз темірші осылайша қарақшылармен бірге қамауға түсіп
қалады. Ол қамауда дәрет алып, намаз оқиды. Намаз соңында қолын жайып
Аллаһқа былай деп жалбарынады: Ей, жаратушы Раббым! Мені мына жерден
құтқар! Менің кінәмның жоқ екенін жалғыз Сен ғана білесің. Мені мына
зынданнан Сен ғана құтқара аласың. Ей, Раббым құтқара гөр. Әкім сол түні
тусінде төрт алып дәу келіп, отыратын тағын төңкерейін деп жатқанда оянып
кетеді. Дереу, дәрет алып, екі рәқат намаз оқып, қайтадан ұйқыға кетеді.
Тағы да әлгі төрт алып дәу келіп тағын жерге құлатпақшы болып
жатқанын көріп ұйқысынан шошып оянады. Бұл түстен біреудің қарғысына
ұшырағанын түсінеді
(Ей, Раббым! Сен қандай ұлысың! Ұлылар да кішілер де қиналғанда тек
Саған жалбарынады. Сенен жәрдем сұраған адам ғана мақсат-мұратына жетеді.)
Әкім дереу зынданның басшысын шакырып: Қамауда жазықсыз адам бар
ма?- деп сұрайды. Басшы: Білмедім, бірақ бір кісі намаз оқып, дұға етіп,
көз жасын төгіп отыр,- деді. Әкім: Оны маған алып келіңдер, деп бұйырды.
Алып келген соң тұткынның жағдайын сұрап, кінәсіз екенін түсінген соң,
қатты өкініп кешірім сұрайды және мың күміс теңге сыйлайды.
Бір жағдай болғанда қысылмай сарайға келуін өтінеді. Сонда темірші:
Оқасы жоқ кешірдім. Сыйлығызды да қабыл еттім. Бірақ басыма іс түскенде
сізге келе алмаймын. Өйткені мен сияқты бір әлсіздің ақысы үшін сіздей
сұлтанның тағын аударып тастаған Иемді қойып, қажетімді бір пендеден сұрау
құлшылыққа жараса ма? Намаздан кейінгі дұғаларым мені көптеген
қиыншылықтардан құтқарды. Осыны көре тұра қалайша өзгелерге шағымданам? Ол
сұраған нәрсеңнің бәрін береді. Сұрауды білмеген әрине ала алмайды.
Құзырына әдеппен шықпасаң рахметіне де қауыша алмайсың.- деп жауап береді.
Аллаһтың сүйікті құлдарының бірі Рабиа Адвия хазрет бір адамның: Ей,
Раббым! Маған рахмет есігін аш! дегенін естігенде, Ол: Ей, Аллаһтың құлы!
Аллаһтың мейірім есігі осы уақытқа дейін жабық па еді- деді. (Рахмет есігі
әрдайым ашық болғанымен, рахмет кіретін жүрек есігі әр адамда да ашық бола
бермейді! Осы есіктің ашылуы үшін дұға етуіміз керек.)
Йа, Раббым! Барша адамды қиыншылықтан ұүтқаратын жалғыз сенсің. Бізді
дүние мен ахыретте қиыншылықтан құтқара гөр. Мұктаждардың тілегін беретін
тек сенсің. Бұл дүние мен ахыретте бізді өзіңнен басқа ешкімге мұқтаж етпе!
Әмин!
Оқиға: Өртенген үй

Аллаһтың сүйікті кұлдарының бірі Хамиди Тавил арнайы намаз оқитын жерінде
намаз оқып жатқан еді. Сол кезде үйі өртене бастады. Көршілерінің бәрі
жиналып жалындаған отты сөндіріп алады. Әйелі қасына жүгіріп келіп: Үйің
жанып жатыр. Адамдардың бәрі жиналып қалды. Істелетін мұншама тірлік бар.
Ал сен болсаң орныңнан қозғалар емессің - деп ашуланды. Сонда Хамиди
Тавил: Бұл істен ешқандай хабарым болмапты -деді. Аллаһтың достары, Оның
құзырында Аллаһқа деген махабаты әсерінен Оған берілгені соншалық, тіпті
өздерін де умытып кетеді.
Оқиға: Қазандағы су
Сахабалардың бірі Абдуллаһ бин Шехир (радиаллаһу анһ) былай деді:
Пайғамбарымыздың қасында намаз оқып тұрған едім. Оның кеудесінен оттың
үстінде қайнап жатқан судың даусындай дауыс естідім.
Оқиға: Аяққа қадалған жебе
Пайғамбарымыздың сүйікті күйеу баласы хазреті Әли (радыяллаһу анһ)
намаз оқып жатқанда дүние астаң-кестең болса да хабары болмайтын.
Бір соғыста хазреті Әлидың аяғына садақтың жебесі қадалып қалады.
Жебенің сүйекке кіргені соншалық шығару мүмкін болмайды. Дәрігерлерге
де көрсетеді. Дәрігерлер: Бұл жебені алу үшін адамды есінен тандыратын
дәрі қолдану қажет. Сонда ғана алуға болады. Әйтпесе шыдау қиын болады -
дейді. Сонда хазреті Әли: Ондай дәрінің қажеті қанша. Одан да намаз
уақытын күтейік. Намаз оқыған кезде аларсыңдар - дейді. Намаз уақыты
кіргенде хазреті Әли намаз оқуға тұрады. Сол кезде дәрігер хазреті Әлидің
аяғын кесіп жебені алып тастайды. Жараның бетін байлап болған соң хазреті
Әли намазды бітіріп: Алып тастадыңдар ма? - деп сұрайды.
Дәрігер: Иә, алып тастадым - дейді. Сонда хазреті Әли: Ешқандай
нәрсе сезбедім - деген екен.
Мұнда таң қаларлық не бар! Өйткені Юсуп Пайғамбардың сұлұлығын көрген
Мысыр әйелдерінің қайран қалғандығы соншалық өздерін ұмытып кетіп, колдарын
кесіп алғанынан да хабарлары болмаған. Егер Аллаһу тағаланың құзырында
тұру, махабатына бөленген ғашықтарын өз-өзін ұмытатындай халге түсірсе,
оған таң қалудың қажеті жоқ. Мүміндер де жан тапсырар кезде Пайғамбарымызды
көріп өлімнің қиыншылығын сезбейді.
Оқиға: Ее тандыратын дәрі.
Аллаһтың сүйікті кұлдарынын бірі Әмірі Қайстың бармағына күбіртке
шығады. Тәбип оны кесу керек дейді. Әмір: Шешімге мойынсұну
құлшылықтың шарты дейді де бармағын кестіреді. Арада бірнеше күн
өткеннен соң ауру асқынып, аяғын кесу керек болады Сонда мини: Бұған
сездірмейтін дәрі бермесек болмайды, оған шыдау мүмкін емес -дейді.
Мұны естіген Әмір: Өйтіп әуреленудің қажеті жоқ, одан да Құран
Кәрімді әдемі дауыспен оқитын адамға Құран оқытыңдар. Жүзімнен өзгеріс
көрген кезде аяғымды кесіңдер, сонда хабарым да болмайды - дейді Сойтіп,
Құраиды жақсы оқитын адамға Құран оқытады. Сол сәтте Әмірдің жүзі өзгеріп
шыға келеді. Дәрігер аяқтың жартысынан көбін кесіп, жарасын жақсылап таңып
болғанда Құранды оқып отырған адам тоқтайды. Әмір өз-өзіне келіп:
Кестіңдер ме? Дейді, Тәбип: Иә -дегенде: Кесілген аяқты маған
беріңдер дейді. Ол аяқты қолына алып: Йа, Раббым! Бұл аяқты берген
Сенсің. Мен Сенің кұлыңмын. Үкім сенің үкімің, қаза сенің қазаң.
Егер Қияметте, Ей, құлым, сені күнәға бір адым да баспадыыңба десең,
сенің әміріңе қайшы бір қадам да басқам жоқпын деп айға аламын -дейді.
Оқиға: Намаз үшін аянбау
Бурса қаласы Османлылардың қол астына кірмей тұрып бір рум (грек)
адамы жасырын мұсылмандықты қабылдайды. Оның ең жақын деген досы таңырқап;
Ата бабаңның ежелден келе жатқан дәстүрлі дінін тастап, неге бұл дінді
қабылдадың? деп сұрайды. Ол досына мән-жайды былай деп түсіпдіріп береді:
Бірде мұсылмандардың арасынан тұткындалған біреу менің қарамағыма берілді.
Бір күні әлгі мұсылман біресе иіліп, біресе тұрып, бір әрекет істеп жатты.
Әрекетт тосқауыл болып Не істеп жатырсың?- деп сұрадым. Ол бетін сипап
Намаз оқып жатырмын, егер кедергі болмасаң әр намаз ушін бір алтын
беремін - деді. Мен келісімімді бердім Бірақ күн өткен сайын алатын
ақшамның мөлшерін кебейте бердім бір күні әр намаз үшін он алтын сұрадым.
Ол оған келісті. Онығ ғибадатқа толған жомарттығы мені қатты таң
қалдырды. Бір күні оған: Сені тұтқыннан босатмын дегенімде қатты қуанып,
маған былай деп дұға етті: Йа, жаратушы Раббым! Мына кұлыңа иман бере
гөр! Сол кезде жүрегімде мұсылман болу арманымның көбейгені соншалық,
дереу кәлима шаһадатты айтып мұсылман болдым.

Намаз оқитындардың дәрежелері

Намаз оқыған жанның дәрежесі және намаз оқыған кісіге берілетін сауап
жайында хадистер де көп айтылған. Абулхақ бин Сайфуддин Дехлевидің Ашиат-
ул-лемаат атты кітабында намаздың ерекшеліктерін көрсеткен хадистерде
былай делінеді: 1. Абу Хурайрадан (радыяллаһу анһ) келген
хабарда хазреті Пайғамбарымыз алейһиссалам былай бұйырады: Бес
уақыт намаз және жұма намазы, келесі жұмаға дейін, ал Рамазан оразасы
келесі Рамазанға дейін істелінген күнжардың кәффараты, яғни кешірілуіне
себеп болады. Үлкен кунәдан сақтанатын кісінің кішкене күнәларының
кешірілуіне себепші болады. Осы арада істелген кіші күнәлардан
құл ақысы болмағандар жуылады. Ал кіші күнәсы кешіріліп біткендердің
үлкен күнәлары үшін тартатын азабының жеңілдетілуіне себеп болады. Бірақ
үлкен күнәлардың кешірілуі үшін тәубе ету керектігін ұмытпау
керек. Үлкен күнәлары жоқ болса, онда дәрежесінің көтерілуіне
себеп болады. Бұл хадис ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Намаздың маңыздылығы
Құран мен намаздың парызы
Намаздың ішкі және сыртқы парыздары
Ислам діні
Намаз кітабы
Намаз – діннің тірегі
Намаз
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар туралы ақпарат
Мұсылмандардың қасиетті орындары
Жұма күнінің әдептері
Пәндер