Оңтүстік Қазақстан облысы туралы



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1)Өнеркәсібі
2)Ауыл шаруашылығы
3)Мақта.мата өнеркәсібінің саласы
4)Инвестиция саласы
5)Мемлекеттік инвестиция
6)Демография және миграция
7) Жұмыспен қамту.
8)Еңбек қатынастары.

ІІІ Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі
Республиканың бұл экономикалық ауданы өз құрамына Жамбыл,Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан обылыстары енеді.Аймақ жерінің көлемі 488 мың шаршы км тең,халқының саны 3727 мың адам,оның 49% қала тұрғындары.Аймақтық жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 2433 км ал асфальт төселген автомобиль жолының ұзындығы-12700км.
Бұл өңірде түсті металлургия,химия және мұнай өңдейтін өнеркәсіптер,машина жасау,жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған.Атап айтқанда,осы салалардың кәсіп орындары бұл жақтың шаруашылық келбетін анықтайды.
Республиканың оңтүстігінде Қазақстанның халық шаруашылыгының негізгі қорының 10% дейіні шоғырланған.Бұл ауданның республика өнеркәсібінің жалпы өніміндегі –сыбағалы үлесі 8%жуық,ауыл шаруашылық өнімінде -15%Оңтүстік –Қазақстан экономикалық ауданы республикадағы халық тұтынатын товардың 14%өндіріп,товар айналымының 10% дейін шоғырландырған. Оңтүстік Қазақстанның ерекше өзгешелігі бұл өңірде екі топ өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етті.Бірінші топқа минералды шикізаттарды шығару және өңдеу,химия және цемент өнеркәсіптерінің кәсіп орындары енеді.Екінші топқа ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу негізінде қалыптасқан жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жатады.Бул өнірде жеңіл және тмаақ өнеркәсіптерінің дамуына мүлде қолайлы жагдайлар бар.Аймақтық табиғи және ауа райы қолайлылығы,еңбек қорының жеткіліктігі.Мунда Республиканың солтүстік және шыгыс аудандарында мол сураныс бар.Еңбекті көп қажет ететін ауыл шаруашылық дақылдардың көп түрлерін өсіруге мүмкіндік туғызады.Мақта ,күріш ,көкөніс және жеміс өндіруді молайту жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін дамыту үшін берік шикізаттар базасын құрады.
2004 жылы ОҚО-да мақта шикізатының жалпы терімі 402 мың тоннаны құрап, ол 2003 жылға қарағанда 22 мың тоннаға артық. Мақта талшықтарын өндірумен облыста 19 кәсіпорын айналысады. Қазірше Қазақстанда өндірілетін барлық мақта талшықтары (98%) экспортқа бағытталған.
1. Нұрғалиев Қ. Р. «Қазақстан Экономикасы»; Алматы «Қазақ университеті» 1999 ж.

2. Сайлыбаев Б. «Қазақстан экономикасы» //Қызылорда «Қорқыт-ата университеті» - 2006 ж.

3. Досмағамбетов С. «Қазақстан экономикасы» //Орталық Қазақстан -2006 ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1)Өнеркәсібі
2)Ауыл шаруашылығы
3)Мақта-мата өнеркәсібінің саласы
4)Инвестиция саласы
5)Мемлекеттік инвестиция
6)Демография және миграция
7) Жұмыспен қамту.
8)Еңбек қатынастары.

ІІІ Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Республиканың бұл экономикалық ауданы өз құрамына Жамбыл,Қызылорда
және Оңтүстік-Қазақстан обылыстары енеді.Аймақ жерінің көлемі 488 мың шаршы
км тең,халқының саны 3727 мың адам,оның 49% қала тұрғындары.Аймақтық
жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 2433 км ал асфальт төселген автомобиль
жолының ұзындығы-12700км.
Бұл өңірде түсті металлургия,химия және мұнай өңдейтін өнеркәсіптер,машина
жасау,жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған.Атап айтқанда,осы салалардың
кәсіп орындары бұл жақтың шаруашылық келбетін анықтайды.

Республиканың оңтүстігінде Қазақстанның халық шаруашылыгының негізгі
қорының 10% дейіні шоғырланған.Бұл ауданның республика өнеркәсібінің жалпы
өніміндегі –сыбағалы үлесі 8%жуық,ауыл шаруашылық өнімінде -15%Оңтүстік
–Қазақстан экономикалық ауданы республикадағы халық тұтынатын товардың
14%өндіріп,товар айналымының 10% дейін шоғырландырған. Оңтүстік
Қазақстанның ерекше өзгешелігі бұл өңірде екі топ өнеркәсіп салаларының
дамуына әсер етті.Бірінші топқа минералды шикізаттарды шығару және
өңдеу,химия және цемент өнеркәсіптерінің кәсіп орындары енеді.Екінші топқа
ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу негізінде қалыптасқан жеңіл және тамақ
өнеркәсіптері жатады.Бул өнірде жеңіл және тмаақ өнеркәсіптерінің дамуына
мүлде қолайлы жагдайлар бар.Аймақтық табиғи және ауа райы қолайлылығы,еңбек
қорының жеткіліктігі.Мунда Республиканың солтүстік және шыгыс аудандарында
мол сураныс бар.Еңбекті көп қажет ететін ауыл шаруашылық дақылдардың көп
түрлерін өсіруге мүмкіндік туғызады.Мақта ,күріш ,көкөніс және жеміс
өндіруді молайту жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін дамыту үшін берік
шикізаттар базасын құрады.
   2004 жылы ОҚО-да мақта шикізатының жалпы терімі 402 мың тоннаны құрап,
ол 2003 жылға қарағанда 22 мың тоннаға артық. Мақта талшықтарын өндірумен
облыста 19 кәсіпорын айналысады. Қазірше Қазақстанда өндірілетін барлық
мақта талшықтары (98%) экспортқа бағытталған. Тек қана 2% мақтаны
жергілікті компаниялар өндірісте қолданады. Бірақта облыс басшылары
мақтаның негізгі бөлігін жергілікті орындарда жіп қылып өңдеуге деген
талпынысын жариялады. Мақта шикізатын терең өңдейтін кәсіпорындарды құру
Қазақстандық өндірушілерді Ресей мен Қытайдан тәуелсіз қылады. Біздің мақта
қазір осы елдерде қайта өңделуде. Сонымен қоса, жергілікті орындарда мақта
өңдеуді дамыту аймақта 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашады.

Өнеркәсібі

Есепті кезеңде облыста өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің арту
тенденциясы сақталды. 2007 жылы облыста 169,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі
өндірілді, нақты көлем индексі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,0
пайызға артты.
    Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,4% үлесін құрайтын
тау-кен өндіру саласында өнім өндіру көлемі – 22,7% артып, 17,5 млрд.
теңгенің өнімі өндірілді.
    Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 78,8%) өнімінің нақты көлем индексі – 103,4%,
немесе өнім көлемі 133,4 млрд. теңгені құрады.
    Өндіріс көлемінің резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 50,4%,
басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінде – 41%, отын-
энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінде – 25,4%-ға едәуір артуы орын
алды.
    Аса маңызды өнімдердің ішінде мырыш концентраттарын өндіру – 40,4%
(27,7 мың тонна өндірілген), қорғасын концентраты – 22,4% (7,1 мың тонна),
цемент – 36,9% (1241,4 мың тонна), трансформаторлар – 20,5% (1566,2 мың
кВа), электр қуаты – 13,9% (1143,6 млн. кВтсағ), асбоцемент бұйымдары –
3,4 есе (1781,5 мың шаршы м.), қорғасын – 8,2% (19 мың тонна), мақта
маталары – 9,7% (42,1 млн. шаршы метр), тазартылмаған күнбағыс майы – 4,8
есеге (12,6 мың тонна), ірімшік және сүзбе – 23% (246 тонна), макарон
өнімдері – 29,8% (өндірілгені – 16,7 мың тонна) және тағы басқа өнімдерді
өндіру артқан.
     Солай болғанымен де, мақта талшығын өндіру – 23,6% (өндірілгені 110,8
мың тонна), шұжық өнімдері – 23,3% (613 тонна), төмен вольтті аппаратуралар
шығару – 48,7% (920 дана) кеміген.
    Өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,8% құрайтын электр қуатын, газ бен суды
өндіру және бөлу саласында өнім көлемі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда
9,4%-ға артып, 18,4 млрд. теңгені құрады. Өнім көлемі газ тектес отынды
өндіру мен бөлуде – 20,2%, электр қуатын бөлуде – 10,6% өсуінің есебінен
артты.
     Облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінің жартысынан көбін (51,9%) облыс
орталығының, 10,1 пайызын – Созақ ауданының, 6,4% – Кентау қаласының, 6,1%
– Мақтаарал, 5,7 пайызын Сарыағаш ауданының кәсіпорындары өндіреді.
    2007 жылы өндіріс көлемінің едәуір өсуі облыс аймақтарының басым
бөлігінде байқалды. Жоғарғы өсімге Отырар (нақты көлем индексі – 2,1 есе),
Түлкібас (124,9%) ауданының және Кентау қаласының (123,5%) өнеркәсіп
кәсіпорындары қол жеткізді. Алайда, өндіріс көлемінің Мақтаарал ауданында –
10,2% кемуі орын алды.
    2007 жылдың желтоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
облыстың 39 өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім өндіру көлемінің кемуі орын
алды. Оның негізгі себебі – тапсырыстың, өткізу нарығының шектеулілігі және
шикізаттың жетіспеушілігі.
    2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, сапаның басқару жүйесі 52
кәсіпорында және 10 мекемеде енгізілген.
    2007 жылы облыс өнеркәсібінде 6 инвестициялық жоба іске асырылды:
    Азық-түлік корпорациясы АҚ жалпы жобаның құны – 1500 млн. теңге
құрайтын Мақта өңдеу зауытының құрылысы, қуаты жылына - 60 мың тонна,
Айко и К ЖШС құны 70,0 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін өңдеу жобасы,
НИМЕКС корпорациясы ЖШС құны 770 млн. теңгені құрайтын күйдірілген қыш
және черепица өндіру жобасы, Арай астық ЖШС құны 162,7 млн. теңгені
құрайтын макарон өндіру жобасы, Адина и К ЖШС құны 15 млн. теңгені
құрайтын Сарыағаш минералды суын құю және құны 250 млн. теңгені құрайтын
жылына 1800 тоннаға дейін Кондитер өнімдеріншығаружобалары.
    2007 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 1721 жаңа жұмыс орындары
ашылды.

Ауыл шаруашылығы

2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 113,7
млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,4%-ға
артық.
    Ауылшаруашылық өнімінің облыс бойынша жалпы көлемінің – 18%, немесе
20423 млн. теңгесі – Сарыағаш ауданының тауар өндірушілеріне, Мақтаарал
ауданының – 17,8%, немесе 20195 млн.теңге, Сайрам ауданының тауар
өндірушілеріне – 12%, немесе 13679,1 млн.теңгесі тиесілі.
    Бәйдібек ауданында ауылшаруашылық өнімі көлемінің өсімі – 14,2%, Сайрам
ауданында – 12,4% құрағанын атап кету қажет. Алайда, өнім көлемінің Кентау
қаласында – 32,8%-ға, Шымкент қаласында – 26,9%-ға, Қазығұрт ауданында –
4,6%, Арыс қаласында – 2,1%-ға кемуі орын алды.
    2007 жылы 367,8 мың тонна дәнді дақылдар жиналған, немесе 2006 жылдың
деңгейіне – 101,9%, майлы дақылдар – 37,2 мың тонна, немесе 91,2%, мақта –
438,7 мың тонна, немесе 100,8%, картоп – 150,8 мың тонна, немесе 122,9%,
көкөністер – 494 мың тонна, немесе 103,6%, бақша өнімдері – 276,9 мың
тонна, немесе 84,4%, жеміс-жидектер – 48,4 мың тонна, немесе 81,2%, жүзім –
30 мың тонна немесе 100,3% жиналған.
    2007 жылы облыстың барлық шаруашылық санаттарында 145,6 мың тонна – ет
(тірідей салмақта), 566,6 мың тонна – сүт, 238,8 млн. дана – жұмыртқа
өндірілді.
    Облыстың барлық аймақтарында ет және сүт өндірудің артқаны байқалады.
Жұмыртқа өндіру Төлеби ауданында – 12,2%, Ордабасы – 29,5%, Бәйдібек –
8,1%, Мақтаалар ауданында – 7,1%-ға кеміді.
    2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, облыстағы шаруашылықтардың
барлық санаттарындағы ірі қара мал саны –689,5 мың басты, немесе 2007
жылдың сәйкес кезеңіне – 107,4%, қой мен ешкі – 3305,3 мың бас, немесе
105,9%, жылқы – 133,9 мың бас, немесе 104,2%, түйе – 15,6 мың бас немесе
101,2%, шошқа – 34,7 мың бас, немесе 112,4%, құс – 2193,7 мың бас, немесе
102,9% құрады

Мақта-тоқыма саласының өнеркәсібі
  
Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше жаңа кәсіпорын
жұмыс істейді. Олар қазіргі мақта өңдеу зауыттарын жаңарту және жаңаларын
соғу үшін өз қаржыларын салды. Олардың кейбірлері: Нимэкс Корпорациясы –
бұл мақта холдингінің мақта өңдеу зауыты қазірдің өзінде-ақ жұмыс істеуде,
оның қуаты жылына 60 мың тонна мақта шикізатын құрайды.
   Казақ-Орыс тоқыма Альянсы ЖШС – біріккен кәсіпорын болып, құрамына
Қазақстандық Мырзакент мақта компаниясы мен Русский Текстиль Ресей
корпорациясы (ең ірі орыс тоқыма холдинг) кіреді. Бұл жаңа өндірістің
жобалық қуаты жылына 15 млн. шаршы метр мата деңгейінде жоспарланып
отыр.Ютэкс акционерлік қоғамы – мақта өңдеу кәсіпорыны. Жобаның жалпы
құны 19,3 млн. АҚШ долларын құрап,  "ЮТЕКС" АҚ-ның жоспарлық қуаты жылына 6
мың тонна мақта-қағаз иірілген жібі.
   Меланж АҚ – мақта иіру фабрикасы. Жергілікті шикізатты қолдана отырып
мақта-қағаз иірім жіптерін өндіреді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты орта
есеппен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Қазығүрт ауданының агроландшафттары
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Қазақстан территориясындағы мазарлар
1990 жылдан бастап Қазақстанның әкімшілік-аймақтық даму тарихы
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтары
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінде газды пайдалану
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Пәндер