Метафора туралы



І. Кіріспе
Метафора туралы түсінік

ІІ.Негізгі бөлім
Шәкәрім шығармаларындағы сөздердің метафоралы қолданылуы


1. Поэтикалық метафоралар.

а) Есім сөздерден жасалған метафоралық сөз қолданыстар;

ә)Етістіктерден жасалған метафоралық сөз қолданыстар;

б) Ұлғайған, күрделі метафоралық сөз қолданыстар;

2.Индивидуалды—авторлық метафоралар.

3.Шәкәрім шығармаларындағы метафоралық сөз қолданыстардың қызметі.

ІІІ.Қорытынды

Шәкәрім шығармаларындағы метафоралық сөз қолданыстардың мәні,
өзіндік ерекшеліктері.
Метафора— көп қырлы тілдік құбылыс. Ойлау мен таным процесінің нәтижесінде дүниеге келетін, өзіндік танымдық әрі көркемдік қызметі бар ерекше тілдік құбылыс.
Метафора (грек сөзі metaphora—ауысу)—белгілерінің (түс,қалып,көлем) немесе түрліше қасиеттерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, күнделікті өмірімізде қолданылатын істің төркіні, сөздің төркіні деген тіркестердегі төркін сөзі немесе күннің көзі, судың көзі тіркестеріндегі көз сөзі—бұлар метафораланған сөздер. Алғашқысы өзінің бастапқы «ұзатылған қыздың ата-анасы, туған туысы»–деген мағынасынан ауысып, істің немесе сөздің «түп негізі, тегі, сыры, мәнісі» дегенді білдірсе, соңғысы күннің сәулесі, судың бастауы деген мағынаны білдіреді.
Метафора ұқсастық негізінде жасалған сөздің ауыспалы мағынасы ғана емес, ол—тілде өзімен бірге күрделі ойды ала жүретін құбылыс. «Метафоралық мағынаны қолданғанда сөйлеуші әр түрлі заттар туралы екі ойға сүйенеді. Жаңадан алынатын психологиялық объект пайда болғанда, тілде оларды атайтын дайын сөз болмағандықтан, адам метафораны, яғни тілдегі бар сөздерді қолданады. Метафораны байырғы және жаңа мағынаның қосындысынан туған сөз мағынасы деуге де болады. Оның табиғи болмысы бір уақытта екі мағынаның бір сөзде қатар өмір сүруіне икемделген» (6,9).
Метафоралану—ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның экспрессивті қасиеттерінің күшеюі нәтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі.
Тілдің метафоралық дамуы шексіз мүмкіндіктерге ие. Тіл үнемді және өнімді жол—метафоралану арқылы дамиды. Тілдегі сан алуан метафоралық қолданыстар бұрын байқалмаған жаңа семантикалық қабаттар ашады. Метафоралық шығармашылық көптеген семантикалық процестерге—синонимиялық құралдардың дамуы, жаңа мағыналардың пайда болуы, полисемияның жасалуы, терминология мен фразеологияның, эмоционалды-экспрессивті лексиканың дамуына негіз болады.
Бұл құбылыс сонау ерте кезден, ертедегі грек ойшылдары Аристотель, Зенодот; Цицерон заманынан бері белгілі. Метафораны зерттеу сол Аристотельдерден бастау алып, Дж.Вико мен А.Потебня, Э.Кассирер мен А.Ричардс, Н.Арутюнова мен В.Телия, В.Виноградов сынды ғалымдармен жалғасты. Қазақ тілі білімінде метафора құбылысын зерттеуге А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, К.Аханов, Р.Барлыбаев, Б.Хасанов, Ш.Мұхамеджанов, А.Сыбанбаева үлес қосты. Әдебиеттану саласында арнайы зерттегендер Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, З.Ахметов сынды ғалымдарымыз.
1. Шәкәрім. Қазақ айнасы. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы:Ақсұңқар, 2003.
2. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары:өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Алматы: Жазушы, 1988.
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2002.
4. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралық қолдануы. Алматы: Мектеп,1966.
5. Болғанбаев Ә.,Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: Абай атындағы Алматы университеті, 2003.
6. Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы және концептуалдық метафоралыр. Алматы: Қазақ университеті, 2002.
7. Жексенбаева Ғ., Хасанова С. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы: Ғылым, 1999.
8. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы:Жазушы, 1983.
9. «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі». Алматы: Ана тілі, 1996.
10. «Қазақ тіліндегі жаңа лексикалық қолданыстар» Алматы,1991.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
Метафора туралы түсінік

ІІ.Негізгі бөлім
Шәкәрім шығармаларындағы сөздердің метафоралы қолданылуы

1. Поэтикалық метафоралар.

а) Есім сөздерден жасалған метафоралық сөз қолданыстар;

ә)Етістіктерден жасалған метафоралық сөз қолданыстар;

б) Ұлғайған, күрделі метафоралық сөз қолданыстар;

2.Индивидуалды—авторлық метафоралар.

3.Шәкәрім шығармаларындағы метафоралық сөз қолданыстардың қызметі.

ІІІ.Қорытынды

Шәкәрім шығармаларындағы метафоралық сөз қолданыстардың мәні,
өзіндік ерекшеліктері.

Метафора— көп қырлы тілдік құбылыс. Ойлау мен таным процесінің
нәтижесінде дүниеге келетін, өзіндік танымдық әрі көркемдік қызметі бар
ерекше тілдік құбылыс.
Метафора (грек сөзі metaphora—ауысу)—белгілерінің (түс,қалып,көлем)
немесе түрліше қасиеттерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың
басқа бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз
мағынасының ауысуы. Мысалы, күнделікті өмірімізде қолданылатын істің
төркіні, сөздің төркіні деген тіркестердегі төркін сөзі немесе күннің
көзі, судың көзі тіркестеріндегі көз сөзі—бұлар метафораланған сөздер.
Алғашқысы өзінің бастапқы ұзатылған қыздың ата-анасы, туған туысы–деген
мағынасынан ауысып, істің немесе сөздің түп негізі, тегі, сыры, мәнісі
дегенді білдірсе, соңғысы күннің сәулесі, судың бастауы деген мағынаны
білдіреді.
Метафора ұқсастық негізінде жасалған сөздің ауыспалы мағынасы ғана
емес, ол—тілде өзімен бірге күрделі ойды ала жүретін құбылыс. Метафоралық
мағынаны қолданғанда сөйлеуші әр түрлі заттар туралы екі ойға сүйенеді.
Жаңадан алынатын психологиялық объект пайда болғанда, тілде оларды атайтын
дайын сөз болмағандықтан, адам метафораны, яғни тілдегі бар сөздерді
қолданады. Метафораны байырғы және жаңа мағынаның қосындысынан туған сөз
мағынасы деуге де болады. Оның табиғи болмысы бір уақытта екі мағынаның бір
сөзде қатар өмір сүруіне икемделген (6,9).
Метафоралану—ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның экспрессивті
қасиеттерінің күшеюі нәтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі.
Тілдің метафоралық дамуы шексіз мүмкіндіктерге ие. Тіл үнемді және
өнімді жол—метафоралану арқылы дамиды. Тілдегі сан алуан метафоралық
қолданыстар бұрын байқалмаған жаңа семантикалық қабаттар ашады. Метафоралық
шығармашылық көптеген семантикалық процестерге—синонимиялық құралдардың
дамуы, жаңа мағыналардың пайда болуы, полисемияның жасалуы, терминология
мен фразеологияның, эмоционалды-экспрессивті лексиканың дамуына негіз
болады.
Бұл құбылыс сонау ерте кезден, ертедегі грек ойшылдары Аристотель,
Зенодот; Цицерон заманынан бері белгілі. Метафораны зерттеу сол
Аристотельдерден бастау алып, Дж.Вико мен А.Потебня, Э.Кассирер мен
А.Ричардс, Н.Арутюнова мен В.Телия, В.Виноградов сынды ғалымдармен
жалғасты. Қазақ тілі білімінде метафора құбылысын зерттеуге А.Байтұрсынов,
Қ.Жұбанов, К.Аханов, Р.Барлыбаев, Б.Хасанов, Ш.Мұхамеджанов, А.Сыбанбаева
үлес қосты. Әдебиеттану саласында арнайы зерттегендер Қ.Жұмалиев,
З.Қабдолов, З.Ахметов сынды ғалымдарымыз.
Қазақ тіл білімінде метафораның тілдегі қолдану сипатына қарай
мынадай түрлері бар:

1) тілдік метафора
2) тұрақты метафора
3) поэтикалық метафора
Тілдік метафораларға сөздің ауыспалы мағынасы арқылы пайда болған,
метафоралық мағынасы күңгірттенген қазанның құлағы, күннің көзі, жердің
жүзі, үстелдің аяғы, сағаттың тілі деген сияқты қолданыстар жатады. Кең
қолданысқа түскен бұл метафоралардың бейнелілігі күңгірттеніп, тілде
метафора екені де аңғарыла бермейді.
Тұрақты метафораларға құрамындағы компоненттерінің орны тұрақты,
метафоралық ауыспалы мағынаны білдіретін қара алтын (көмір), ақ алтын
(мақта), қара тізім сияқты тіркестер жатады. Метафоралардың бұлайша тұрақты
қолданылуы фразеологизмдердің, оның ішінде идиомалардың қалыптасуына негіз
болады.
Қазақ тілінде ең жиі қолданылатын метафоралар—поэтикалық метафоралар.
Поэтикалық метафоралар тілге бейнелілік, көркемдік беріп, оқырманға
эмоционалды-экспрессивті әсер етеді. Поэтикалық метафора—көркем әдебиет
стилінің бейнелеуші, мәнерлеуші қызмет атқаратын негізгі тілдік құралы.
Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануда метафораның поэтикалық қызметі,
белгілі бір жазушы, ақын шығармасының тіліндегі көркемдік қасиеті жан-жақты
зерттеліп, тыңдалып келеді. Әдебиеттану терминдер сөздігінде поэтикалық
метафораға мынадай анықтама беріледі:
Метафора, ауыстыру (грек сөзі—ауыстырып қою), екі нәрсені, құбылысты
салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін
бейнелі сөз немесе сөз тіркесі (9,227).
Поэтикалық метафораға мысал ретінде, ой көшкіні, жүректің көзі,
сағыныш өрті, ізгілік дәні, дүние дидары, көк дөнен—көңіл, ой—дерт сияқты
тіркестерді келтіруге болады.
Көркем әдебиет тілінде метафоралар алуан түрлі. Прозалық шығармаларға
қарағанда, поэзия тіліндегі метафоралар ерекше көркем, бейнелі, күрделі
болып келеді.
Мен өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын Шәкәрім шығармаларындағы
метафоралық сөз қолданыстар деп алудағы мақсатым—өлең сөздің шебері
Шәкәрім атамыздың туындыларындағы сөздердің, ауыспалы, поэтикалық мағынада
метафоралы қолданылуын зерттеу. Ақын атамыздың қаламынан туған метафоралық
сөз қолданыстардың табиғатын зерделеп, мән-мағынасын таныту, жұмсалу
ерекшеліктерін көрсету.
Көркемдік қуаты аса қарымды Шәкәрім шығармалары метафоралық сөз
қоллданыстарға аса бай. Әсіресе Шәкәрімнің лирикасы. Жалпы, Шәкәрімнің
шығармаларындағы метафора жайында сөз қозғағанда, біздер, әрине, поэтикалық
метафораға тоқталамыз.
Шәкәрім шығармаларындағы поэтикалық метафоралар—ақынның ой өрісін,
дүниетанымын, ақындық шабытын, шеберлігін, көркемдік көру қуатын байқататын
аса құнды үлгілер.
Шәкәрім шығармаларындағы метафоралық сөз қолданыстарды жасалу
тұрғысынан есім сөздерден жасалған метафоралық сөз қолданыстар,
етістіктерден жасалған метафоралық сөз қолданыстар және ұлғаған, күрделі
метафоралық сөз қолданыстар деп бөлуге болады. Алдымен, есім сөздерден
жасалған метафоралық сөз қолданыстарға тоқталайық. Мұндай сөз
қолданыстардың көпшілігі зат есімнен жасалған. Ауыспалы мағынада да бұлар
зат есім болып қала береді. Бұған, алдымен, Шәкәрім өлеңдерінен мысал
келтірейік:

Ұжмақтың хоры,
Іздедім соны,
Тал бойының кірі жоқ.
Бойы бар сымдай,
Белі бар қылдай,
Мүшесінің міні жоқ.
Қыз осындай болар ма,
Оны сөккен оңар ма(...(1,6)

Жастық туралы деген өлеңінен алынған бұл шумақта ақын лирикалық кейіпкер
ретінде сөз арнаған ғашық қызын жұмақтағы періште текті хор қызына теңейді.
Мұндағы ұжмақтың хоры метафорасы ақынның көңіл-күйін, ішкі сезімін
жеткізуге әрі өлең өрнегіне айрықша көркемдік беруге қызмет етеді.
Мұндай бейнелілік жағы басым поэтикалық метафораларды Арман
өлеңінен де кездестіреміз:

Аулақта құмарымды қандырам деп,
Асығы іздеп барар со барғанда.
Оларға тал—шымылдық, шалғын—төсек,
Басына жастық қылар томардан да... (1,22)

Ақын талды шымылдыққа, шалғынды төсекке, томарды жастыққа балап, бозбалалық
ғұмыр кешкен лирикалық кейіпкер сезімін тамаша жеткізеді.

Жиырма үш жасымда
Бұл өлең жазылған.
Табылмай басында
Өзіне лайық ән,
Мұңлы, күйсіз, жесір боп жатыр еді,
Мінеки, ойланып, өз әні табылған...(1,23)

Мұндағы жесір сөзі—метафора. Бастапқы күйеуі жоқ әйел мағынасынан
айрылып, әні табылмаған өлең мағынасына ие болып тұр.

Желмен бұлт—дуана, бақсы болып,
Дүрілдеп, күрілдеп, от-қанжар қайраған... (1,25)

Бұл үзіндіде ақын күн күркіреген шақтағы жел мен бұлттың кейпін
дуана, бақсыға балайды. Мұндағы от-қанжар қайраған тіркесі де метафоралық
мағынада. Бұлтьан шыққан жай мағынасынан хабар береді. Ашу мен
ынсап өлеңіндегі мына бір метафораға назар аударалық:

Ұмыттың ба ескі жар,
Аяқ бауым—Сабыр ғой(
Сабырлы ер де менде бар,
Ол екеуіміз тамыр ғой... (1,28)

Ақын ерік мінезі ретіндегі сабырды адамды ұстамды, байыпты ететін
қасиетіне қарай аяқ бауға теңейді. Аяқ бау—метафора. Сондай –ақ мұндағы
тамыр сөзі де метафоралы қолданыста. Бұл жерде өсімдіктің тамыры емес,
туыс деген мағынаны білдіреді.
Дәл осы өлеңінде ақын:

Ал ақылдас бәрі бар,
Дайын қылдым бәрінде,–
Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,
Ынсап деген кәрің де,– (1,28)

деп, адам бойындағы ынсапты кәрі шалға теңесе, еріншектікті жас келіншекке
балап, ерекше бейнелі метафоралар тудырады:

Жалт қарасам бетіне–
Баяғы құрғыр Еріншек.
Көзім түсті етіне,
Бір уыздай келіншек(..(1,29)

Соңғы мысал —күрделі метафора. Тағы да осы өлеңінде Шәкәрім:

Ел саңырау, надан ғой,

Естіле ме құр айғай(– (1,30)

дейді. Мұндағы саңырау, надан—барша елге қатысты қолданылған метафора.
Келесі шумағында ақын адам баласының бойындағы кереғар, кесел мінез
атаулыны шайтанның досына балайды:

Шолақ ойдың аяғы осы болмақ,
Біраз күнге көңілдің хошы болмақ.
Арсыз, арам, асығыс, алакерлік
Мұның бәрі шайтанның досы болмақ... (1,30)

Бұл шумақтағы шолақ сөзі де метафоралық эпитет болса, ойдың аяғы
тіркесі тілдік метафора тудырып тұр.

Осы күнде қазақтың бәрі де мас,
Жақсылардың біріне біреуі қас... (1,55)

Мұндағы мас сөзі де жалпы елге қатысты қолданылған метафора. Ақынның
ішкі күйінішін білдіретін экспрессивтік қызметі басым.
Мұндай қызметті келесі шумақтағы ақынның өзін өлікке теңеген
метафоралық қолданысынан да аңғарамыз:

Тепкілеме, өлікпін,
Шайтаннан басқа жауым жоқ.
Қызығып сендер ұмтылар

Қасыма ерген қауым жоқ... (1,50)

Ақын қаламынан туған айрықша метафораның бірі—адам құмарлығын итке
теңеген қолданысы:

Құмарлық деген бір ит бар,
Жаныңа жау шын ит бар.
Алды-артыңа қаратпас,
Рахымы жоқ тым ит бар...(1,61)

Шәкәрім шеберлігінің шыңы іспетті метафоралық сөз қолданыстың ерекше
түрін Ажалсыз әскер өлеңінен байқаймыз:

Шын патша мен емес пе уайымсыз
Әскерім—өлеңім мен сөздерім... (1,64–65)

Мұндағы патша да, әскер де—метафора. Ақынның тіл мен сөз, өлең мен
әнге қатысты айтқан басқа да метафоралық қолданыстары бірқыдыру. Мысалы,
тілім—сырласым; ән—өлшеуіш, өлең—күміс; сөзі—жан, әні—тән, т.с.с.
Шәкәрім поэзиясындағы зат есімнен жасалған метафоралық сөз
қолданыстардың бір дені—сөздердің ауыспалы, поэтикалық мағынада жұмсалуынан
туған изафеттік тіркестер. Мысалы:
Кім айтса да сынамай қойма, жаным,
Ақылыңа сынатып ойла, жаным.
Пәленшекем айтқан сөз дұрыс қой деп,
Жүректің таразысын жойма жаным... (1,40)

Бұл шумақтағы жүректің таразысы тіркесінде қолданылған таразы сөзі
өзінің негізгі мағынасынан айрылған. Ақылға салған саралы ой деген
мағынаға ие метафора ретінде жұмсалып тұр. Мұндай метафораларға мысалды
Шәкәрім поэзиясынан көптеп келтіруге болады: жердің сүйегі, жан құлағы,
ақыл айнасы, бейістің шарабы, жүректің тоты, нәпсінің оты, ғашық оты,
әділет жолы, ардың жолы, надандықтың кірі, қазақтың нары (Абай), көңілдің
көзі, үміттің үйі, жүрек ізі, ар-ынсаптың сүйгені, махаббаттың лебі, жердің
жүзі, байлық ізі, көктің жүзі, қайғы сызы, сөздің нұры, көздің селі,
жетімдіктің сызы, сөздің көзі, ел құлағы, т.б.
Дәл осындай поэтикалық мағынадағы метафоралармен жасалған изафеттік
тіркестерді Шәкәрімнің қара сөздерінен де кездестіреміз. Мысалы:
Бет сұлулығы—тән сыйы болса, дауыс пен сөз сұлулығы—жан сыйы ғой,
әрине, тән сыйынан жан сыйы артық екеніне дау жоқ, бірақ бет сұлулығын
әркім-ақ таниды. Сөз бен ән сұлулығын танушы аз....
Мұндағы тән сыйы тіркестеріндегі сый сөзі әрі дауыс сұлулығы, сөз
сұлулығы және ән сұлулығы тіркестеріндегі сұлулық сөзі метафоралық мағынада
қолданылып тұр.
Сол сияқты мұндай сөз қолданыстарға қаламгер қара сөздеріндегі
құлақтың көзі, әділ тезі, тән мақсұты, жан мақсұты, ерік қақпасы, шынның
дуанасы сияқты тіркестер де мысал бола алады.
Шәкәрім шығармаларында сын есімнен жасалған метафоралық сөз
қолданыстар да бірқыдыру. Олардың негізгі дені—метафоралы элементтер.
Мысалы:

Алдамшылық іздесең, бұл жолға түс,
Алдау қылма біреуге қиянат–күш(
Жетілсең де жемтік жеп, ел зарлатпа,
Ар-ынсаптың сүйгені—таза жұмыс... (2,478)

Мұндағы таза сөзі — метафоралық қолданыста. Адал, қиянатсыз, қайырлы
деген мағынаға ие болып тұр.

Оқыған, өнер білген, өркөкірек,
Жайнаған жаңа өспірім, отты жүрек.
Өрттен қашып, ойланбас, қайта аналмас

Оқығанын бойына көрген тірек... (2,419)

Бұл өлең жолдарындағы жаңа, отты сөздері—метафоралы эпитеттер. Жаңа
сөзі жас, бозбала деген мағына берсе, отты жүрек тіркесі қайратты,
жігерлі жас деген мағынаны береді.

Түпсіз ой, түссіз қиял неше мыңдап,
Бірі бүйт, бірі сүйт деп тұрады ымдап.
Тұңғиық, тұманданған алдыңғы өмір,
Тұрғанын біліп болмас не дайындап...(2,421)

Бұл жерде метафоралық қолданыста тұрған түпсіз сөзі терең, шексіз,
ауыр деген мағынада жұмсалса, түссіз сөзі белгісіз деген мағынада
жұмсалып тұр. Тұңғиық сөзі де келтірінді мағынада қолданылған. Алдағы
келешектің, ертеңгі күннің белгісіз, беймәлім екендігін білдіреді.

Және ойыңа келгенде алдыңғы жақ,
Сұм жүрегің кетеді қозғалып-ақ.
Артың—анау, алдың—су, көз жетпейді,
Өтетұғын қамыңды ойланып бақ... (1,41)

Сұм сөзі поэтикалық мағынада жұмсалған. Адамның бойына бітер теріс
мінез, залал қасиетті білдіретін тура мағынасы жүрек сөзіне телініп,
метафоралық эпитет жасап тұр. Мұндағы су сөзі де метафоралық қолданыста.
Ақын алдағы өмірді дарияның шексіз, шетсіз, асау суына балайды.

Жаздың күні болғанда,
Жаңбыр жауар күркіреп.
Жаралы біздің көңілге
Бір тамбайды сіркіреп.
Таянды ғой, өлімге—
Қақырық басып кіркіреп...(1,54)

Осы үзіндідегі жаралы сөзі құлазыған, қамыққан, жабыққан
мағынасында көңіл сөзімен бірге ақынның өзінің көңіл-күйі қалыбын
білдіретін, эмоционалды-экспрессивті қызметі айқын метафоралық сөз
қолданыс жасап тұр. Үзіндінің Қақырық басып кіркіреп деген соңғы тармағы
да көңілдің қамығуын білдіретін күрделі метафора.
Көңілге қатысты метафоралық сөз қолданыс Ләйлі-Мәжнүн поэмасында
кездеседі:

Мен үшін Мәжнүн болды-ау, Қайыс атың,
Өзгеден бөлек еді-ау махаббатың.
Көзі—нұр, көңілі майда, қарашығым(
Ішіңді күйдірмесін жазған хатым... (2,274)

Мұндағы майда сөзі—метафора, ұсақ, кіші дегенді білдіретін тура
мағынасы жайлы, жұмсақ деген келтірінді мағынаға ауысқан. Сондай –ақ осы
шумақтағы нұр сөзі мен қарашығым сөзі де метафоралық қолданыс та жұмсалған.
Майда сөзі мына бір шумақта тағы бір мағынада метафора ретінде
қолданылады:

Жә, мырза, ашылды енді жүрген ісің,
Сөзің майда, көрінді жылы түсің.
Сірә, байға наразы бола қалсаң,

Ақылдасар бар ма еді таныс кісің( (2,437)

Бұл жердегі мағынасы байыпты, ашуланбай жаймен сөйлейтін адамның
сөзі дегенді білдіреді. Мұндағы екінші бір метафоралы эпитет—бұл жылы
сөзі. Беретін мағынасы—ұнамды, сүйкімді.
Сын есімнен жасалған метафоралық сөз қолданыстар Шәкәрімнің қара
сөздерінде де кездеседі. Мысалы:

Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға
негізгісі—адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі
үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ... (2,539)

Бұл үзіндідегі метафоралық сөз қолданыстар—адал еңбек, ақ жүрек, арлы
ақыл тіркестері. Алғашқы тіркестегі адал сөзі қиянатсыз, маңдай теріңмен
істеген іс дегенді білдірсе, ақ сөзі түсті емес, адалдық, жомарттық
мағынасын, ал арлы сөзі таза, қиянатқа жұмсалмайтын ақыл дегенді
білдіреді.
Есім сөздерден жасалған метафоралық сөз қолданыстармен қатар Шәкәрім
шығармалары етістіктерден жасалған метафоралық сөз қолданыстарға да бай.
Етістік сөздердің бейнелі түрде, поэтикалық мағынада жұмсалуынан туған
мұндай қолданыстар, негізінен, ақынның поэзиясына тән.
Шәкәрімнің лирикасынан мысал келтірейік:

Көрем десең жарымды,
Мас бол, жүрек тазала.
Өртеп жібер барыңды,

Қарсы ұштым қазаға... (1,143)

Бұл өлеңдегі автордың мас бол,–деуі шарап ішу жайын емес, шығыстық
поэзияға тән ауыспалы, астарлы мағынамен руханият нәрінен сусында,
рухани азық ізде дегенді білдіреді. Ал тазала етістігі жүрегіңді
нәпсінің ісінен, надандықтың кірінен, арам ойдан арылт, рухани
кемелден,–деген мағынада қолданылған. Сол сияқты өртеп жібер етістігі де
өткендегі надан өміріңнен, пенделік тіршілігіңнен арыл,– дегенді
меңзейді.

Жұқпайды екен айтқан сөз

Ғылымы жоқ наданға.

Кеудесінде болса көз

Жұғар сондай адамға...(1,31)

Мұндағы ақын айтқан жұғу—бұл өсиет сөздің, ғибрат алар нақылдың, білім
мен тағылымның бойға даруы. Бұл тармақтардағы тағы бір метафора—ол
кеудедегі көз, яғни зеректік, білім мен өнерге деген ынта, тануға деген
талап.

Өлең айт дарын өрге өрлегендей,
Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.
Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,
Әлдилеп жыр бесігі тербегендей. (1,80)

Бұл шумақтағы етістік атаулы түгелдей метафоралық қолданыста. Ақын
жазған дарынның өрлеуі шалқар шабыт, асқақ өнер жайынан хабар берсе,
сезімнің қозғалып, бойдың еруі, маужырауы—түп-түгел ғажайып ән сазынан
эстетикалық ләззат алуды бейнелейді. Әлдилеу мен тербеу—жыр мен әннің
адамға берер әсері. Бұл жерде етістіктен жасалған метафоралармен қатар
тәтті ой, жанды сөз сияқты метафоралы элементтер мен жыр бесігі деген
метафоралық сөз қолданыс орын тепкен. Шумақ тұтасымен дерлік күрделі, үлкен
бір метафоралық ойды береді.

Денең
Жан нұрлы болса жөнделмек.
Өлең
Әнге өлшеп айтса, өңделмек,
Ұйқасса қолайлы... (1,108)

Мұнда жөнделмек етістігі метафоралық мағынада жұмсалған. Ақын адам
жаны адал, надандықтан ада, нәпсіден таза, яғни нұрлы болса, дене де өзінің
дертінен айығып, түзелмек екенін айтқысы келген.

Мұңлы зар
Қозғалар
Байқалып бойдан.
Жаныңнан
Бір майда
Сыр шығар.
Сезімі ояу

Оны ұғар... (1,122)

Бұл үзіндідегі етістіктер де метафоралы қолданысқа түскен. Денеде
мұңлы зар қозғалып, жаннан майда сыр шықпағы—бұл тамылжыған тәтті әннің
әсерінен болмақ. Осы үзіндідегі мұңлы, майда, ояу сөздері метафоралы эпитет
болып табылады.

Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи... (1,53)
Ақын айтқан арың сатпа, терің сат, ғибадат пен адамдық жи
тіркестеріндегі етістіктер поэтикалық мағынада дерексіз ұғымдардан деректі
заттар тудырып, метафоралық сөз қолданыстар жасап тұр.

Оқырсың да қолға алып,
Сөздің мәнін табарсың.
Өз сөзіңе өн салып,
Дауды жүндей сабарсың... (1,63)

Бұл шығармадағы Шәкәрімнің сөзіңе он салып, дауды жүндей
сабарсың,–дегені—күрделі метафора. Мұндағы етістіктер бейнелі мағынада
қолданыс тапқан.
Дәл осы өлеңнің келесі шумағынан да етістікті сөздің метафоралы
қолданылуын көреміз:

Сынасын деп жазғаным,
Сынама деп жатпаймын.
Қазақтың мінін қазғамын,
Айтқанымнан қайтпамын... (1,63)

Мұндағы қазғамын етістігі арқылы автор өзінің жұрт бойындағы мін-
кеселді айқара ашып, зарлай жырлағандығын айтады.

Өнеріңді құр шірітпе,
Орнына анық жұмсамай,
Өкініші кетпес оның
Өз ойыңда босқа өлер...(1,55)

Ақын: Өнеріңді құр шірітпе,–деп, бойдағы дарын, күш-қуатты босқа
жібермей, пайдаға жарату керегін атады. Әйтпесе уақыты озған соң талаптың
да ойда өлерін, өкініштің өксікті болмағын ескертеді.

Ынсап деген аспайды, кеш қалмайды,
Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды.
Рахыш жақсы көреді аяғанды,
Адамға қаттылықты ой алмайды... (1,75)

Тамаша ұйқасқан осы бір өлең өрнегінде автор кем қалмайды,
қозғалмайды, жақсы көреді, ойға алмайды деген етістіктерді қолдана отырып,
күрделі метафоралық мағыналар туғызған. Сол арқылы ынсап пен рахым сынды
дерексіз ұғымдарға да жан бітірген бейнелі сурет тудырған.
Етістіктен жасалған метафоралық сөз қолданыстың айрықша үлгілерін
Ақындарға өлеңінен байқаймыз.

Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,
Өлеңмен өміріне сән бергендей.
Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,
Оятсын ойкүйезді жан бергендей.

Ерікті билеп алсын айтылған жыр,
Сырты—гүл, жарасымды, ішінде сыр.
Жаныңның ләззат алар жарығындай,
Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр.

Үйріліп көкейіне ұйып жатсын,
Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
Қоңсыған шөл даланы қанықтырып,
Жыр тасып, дариядай құйып жатсын...(1,80)

Осынау жыр шумақтарындағы қадалып, үйіріліп, тазартып, қанықтырып,
тасып, оятсын, билеп алсын, ұйып жатсын, төгілсін, жуып жатсын, құйып
жатсын етістіктерінің барлығы да бейнелі—поэтикалық қолданыс тапқан.
Бұлардың метафоралық мағыналары арқылы ақын біздерге өлең сөздің күш-қуаты,
қадір-қасиеті жайлы ой-пікірін, ішкі сырын айқын да әсерлі жеткізе білген.

Тырбанғанда тырнақтай ғылым таптың,
Мұнымен кірлі көңіл шалқия ма(
Қан жұтқан қайран сенің сұм жүрегің
Тазарып талған ойдай маңқия ма(
Тоярлық толық ғылым таппадым деп,
Қабағың, қағы басқан салпия ма( (1,79)

Ақынның бұл шумақтағы келістіре ұйқастырып, сәтті қолданған шалқия,
маңқия, салпия көсемшелері метафоралық сөз қолданыстар жасап тұр. Автордың:
Көңілің шалқия ма(–дегені– Көңілің толды ма(–дегені–Разы болдың
ба(–деген сұрау. Қабағың салпия ма(–дегені–Қамығып, қам жедің
бе(–деген сұрау. Мұндағы кірлі көңіл, қан жұтқан сұм жүрек, тоярлық
толық ғылым деген метафоралы тіркестер де автордың айтпақ ойын толыққанды
жеткізуге қызмет етеді.

Адамның таза ақылы жанды қимай,
Амалсыз қиянатқа о да көнбек.
Сөйтіп ақыл бере алмай адал көмек,
Зұлымдықпен адамды адам жемек.
Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ—
Осы болар таза ақыл өлді демек... (1,89)

Бұл өлеңде Шәкәрім етістік сөздер арқылы бір ақылға ғана қатысты
бірнеше метафоралық қолданыс жасап, күрделі бір поэтикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері
Лингвистикалық ғылымдағы метафора
МЕТАФОРАНЫҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Ағылшын және қазақ тілінде тағамдық метафоралардың лингвомәдени аспектісін зерттеу
Қытай тіліндегі метафоралық зерттеулер
Абайдың түпнұсқада келтірген метафорасының орыс, ағылшын тілдеріндегі баламаларын талдап, аудармашылар шеберлігін, шығармашылық даралығы мен көркемдік-эстетикалық танымының берілуін, көрінуін зерттеу
С. Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері
Индивидуальдық метафора
Метафора эквиваленттілігі
Пәндер