Иудаизм


Жоспар:
Кiрiспе
- Иудаизм генезисi және оның тарихи даму кезеңдерi
2. Қазiргi иудаизмнiң этникалық көрiнiсi.
3. Иудаизмнiң қасиеттi кiтаптары.
4. Иудаизмнiң дiни iлiмi.
Қорытынды.
1. Кiрiспе
Иудаизм - еврейлердiң ұлттық дiнiне айналған, б. з. д. 2-шi мыңжылдықта Месопатамиядағы ежелгiсемит тайпалары арасында пайда болған монотеистiк дiн. Библияда иудаизмнiң пайда болуын семит тайпаларынан бөлiнiп шыққан жалғыз Құдайға сенген тайпалардың көсемi болған Авраам есiмiмен байланыстырады.
Қазiргi кезде «еврей» мен «иудей» терминдерi әр түрлi болып келедi, бiрақ та бұрынғы заманда еврейлердiң бәрi иудей болған.
Еврейлер тарихы Израельдiң «әкелерi» Авраам, Исаак, Иаковтардан басталады. Жаратушының өсиет қалдырған тұңғыш еврей б. з. д. 2000ж. өмiр сүрген. Бiрнеше жүзжылдықтардан кейiн дүниеге Моисей келедi, ол арқылы Құдай еврейлерге Тора (Заңды) кiтабын танытады.
Еврейлер дiнi - адамдардың Құдаймен байланысы, адамдар мен адамдардың байланысы, Құдайдың табиғатқа адамдарға деген қатынастары туралы ғылым. Иудаизмге сенген адам Синай тауында Моисейге Тораны берген Құдайға табынуы қажет. Құдай барлық адамдар үшiн, соның iшiнде пұтқа табынушылар үшiн де бiрдей. Ол әлемнiң жаратылуына дейiн болған және әр уақытты болады. Ол бiрiншi және соңғы, альфа мен бетта, Ол өзiн Моисей, пайғамбарлар мен өзiнiң Сөзi арқылы танытқан жалғыз Жаратушы, ол - Рух, Ой және Сөз.
Иудаизмге Тораның бастауы болған бес кiтап - Ескi өсиетке табыну тән. Тора тек Заң ғана емес, ол ғылым, құдайдың өзi туралы айтатыны. Заң Құдайдың жазған адам мен адамдар және адам мен Құдай арасындағы қарым-қатынастартуралы 10 заңдылықтан тұрады.
Иудаизмде құдай Израель халқын еркеше таңдап алып, ол арқылы бүкiл дүниежүзiмен қарым-қатынастарын жүргiзбек. Сол себептен, еврейлер өздерiн өзге ұлттардан ерекше деп таниды.
Иудаизмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде Құтқарушы - Мессияның келуiне сену болып табылады. Мессия адамдар арасында әдiлеттiлiктi орнату үшiн келедi.
Иуда дiнiнде күнә туралы доктрина кеңiнен қолданылады, ол бойынша күнә адамды Құдайдан алыстататын нәрсе, Құдай жолынан бездiредi. Күнә адамнан тыс өмiр сүредi.
Иудаизм модернизациясы 19ғ 2-жартысында АҚШ-та жүре бастайды.
Ол екi бағытта: реформистiк және консервативтiк бағытта жүрдi. Модернизация, яғни жаңа жағдайларға бейiмделу аса терең жүре қойған жоқ. Өзгерiстер негiзiнен құдайға сенушiлiкте, раввиндер киiмiнiң өзгеруiнде, еркектер мен әйелдердi ажырататын белгiлер үшiн болды.
Кейбiр жерлерде құдайға сенушiлiк тiлi өзгердi. Ортодоксальды иудаизм жақтаушылары өздерiн реконструктивистер деп атап, иудаизмдi оның ортағасырлық қалыбында сақтағысы келдi.
Ары қарай бұл рефератта иудаизмнiң тарихи даму кезеңдерi, иудаизм iлiмi, қасиеттi кiтаптары туралы сөз болады.
- Иудаизм генезисi және оның тарихи даму кезеңдерi
Еврейлiк дәстүрде Авраам еврей халқының бастаушысы ғана емес, иудаистiк монотеизмнiң негiзiн салушы ретiнде қарастырылады.
Библиядан кейiнгi еврейлiк ұлттық-дiни дәстүрi оның Жалғыз Құдай - аспан мен жердi жаратушыны ашқанын дәрiптейдi. Авраам бұл Құдайды Элохим деп атады (тiкелей аударғанда «Ұлы Құдай» дегендi бiлдiредi) .
«Еврей» этнонимi кейбiр деректерге сенсек, ежелгi семит тiлiндегi «ибири», яғни iрi тайпалардан бөлiнiп шыққан топтың атауынан пайда болды делiнедi.
Б. з. д. 1900 жылы Авраам тайпасының Ура Халдей қаласынан Месапотамиядағы Еврат өзенiне көшiп кетуi Жалғыз Қудайға табынушы еврейлер тарихының бастауы деп есептелiнедi. Ежелгi еврейлердiң монотейстiк ойлары едәуiр ұзақ уақыт кезеңiнде (б. з. д. ХIХ-II ғғ. ) қалыптасты, бұл кезең библиялық деп аталып, Авраам, Исаак, Иаков (Израель) патриархтары дәуiрiн қамтыды.
Б. з. д. 1700 жылы израель одағы Мысырға көшiп, ол жерде олар Нiл өзенiндегi Гесем аймағында 400 жылдай өмiр сүрдi. Бұл жердегi мысырлықтар құлдығына түскен олар б. з. д. 1230 жылы дiни көсем Моисей (Моше) бастауымен Мысырдан безедi. Бұл кезде иудаизм генотеизмi (әулет көсемiне табыну) Яхве аталған Синай одағына деген монотейзмге ұласады. Бұл одақтың нәтижесi ретiнде Он Парыз қалыптасады, олар скрижалдарда (тас тақтайшалар) жазылған. Библияға сай, бұл скрижалдарды Құдай Мысырдан қашқан Моисейге Синай тауында берген екен. Бұл Он Парыз кейiннен Библияның ең көне бөлiгi «Синай кодексiне» негiз болады.
Аталған дiни-этникалық бiрлiкке жеткен ежелгi еврейлер б. з. д. 1200 жылы Моисей мұрагерi Иисус Навин бастауымен тарихи Ханаан аймағын (қазiргi Палестина) басып алып, ол жерде б. з. д. 1000 жылы Израель-Иудей пашалығы құрылады. Бул Таяу Шығыстағы алғашқы иудаистiк (яхвистiк) теократиялық құрылысқа негiзделген ұлттық-дiни мемлекет болған едi. Аталған патшалықтың дiни-саяси орталығы болып Сион тауындағы Соломон тұсында б. з. д. 958 жылы салынған Яхве храмы бар Иерусалим (Ерушалаим) қаласы болды.
Патшалықтың б. з. д. 928 жылы дербес Израель және Иудей мемлекеттерiне бөлiнiп кетуiне себеп болған iшкi талас-тартыстардың, сонымен бiрге ассириялық (б. з. д. 722ж. ) және жаңававилон (б. з. д. 586ж. ) шабуылдарының, Иерусалим және бiрiншi храмның талқандалуының, жартығасырлық (б. з. д. 586-539жж. ) «вавилондық тұтқындаудың» (Вавилон патшасы Навуходоносор II-нiң Иерусалимдi алып, еврейлердi Вавилонға күштеп көшiру) нәтижелерiнен еврейлер жаңа этнос болып қалыптасты. Б. з. д. VII-Viғғ. ежелгi еврейлер пайғамбарлары - небиим (“Құдай еркiн бiлдiрушер”) әсерiнен рулық көсем Яхвеге табыну (генотеизм) абсолюттi монотеизмге айналып кеттi. Сол уақытты еврейлер өздерiн “Құдай халқы”, әғни өзге халықтар арасында ерекше дiни миссияны атқарушылар ретiнде тани бастады.
Б. з. д. 639-609жж. билiк еткен Иосии патша Иерусалим храмын орталықтандыру түрiнде дiни реформалар жүргiзедi. Ал вавилон дәуiрiнен кейiн Ездра және Нехемии заң шығарушылары тұсында (б. з. д. 444ж. ) еврей халқы қатаң түрде айналадағы дүниеден оқшауланған теократиялық қоғам болып қалыптасады.
Б. з. д. 165жж. болған Маккавей соғыстарының нәтижесiнде ежелгi еврей мемлекеттiлiгi бiршама қалыптасып, тiптi 67-73жж. Рим империясымен болған Иудей соғысына дейiн тұрақты өмiр сүрдi.
Б. з. д. IIғ. мен VIIғ. аралығы иудаизм тарихы үшiн талмудиялық деп аталды. Ол иуда культiнiң нормативтi ритуализациялануы және жүйеленуiмен сипатталады. Ең толық Вавилон Талмуды 613 тағлымнан тұрады. Б. з. д. IIIғ. “Вавилон тұтқынынан” құтылған еврейлердiң Месопотамиядағы диаспорасы Иран сасанидтерi тұсында iшкi автономияға ие болады да, вавилон гаоноларына (Сур, Нагардея, Пумбедита қалалары) бағына бастайды.
Б. з. д. VI-ХVIIIғғ. кезеңi раввинистикалық деп аталады. Еврейлердiң Ескi дүние елдерiне (Европа, Азия, Африка), ал ХVII-ХVIIIғғ. Жаңа дүниеге (Америка) көшiп тарала бастауы раввиналарға (“рабби” - менiң ұстазым) бағынған жаңа еврейлiк қауымдардың пайда болына әкелiп соқты.
Еврейлiк iрi дiни-мәдени орталықтар 711 жылы арабтар жаулап алған Испанияда салына бастады. Алайда Реконкистадан кейiн (жергiлiктi халықтың өз жерлерiн қайтарып алуы) еврейлер жағдай нашарлап кеттi. Испаниядағы еврейлердiң соңғы қамалдары 1488ж. толығымен құлады, ал 1492 жылы еврейлер Испаниядан қуылып шықты. 1290ж. еврейлер Англиядан қуылады, Прованстағы (оңт. -шығ Франция) еврейлер диаспорасы ХIII-ХIVғғ. француз корольдарымен жойылады, 1242ж. Парижде бүкiл елден жиналған иудалық кiтаптар салтанатты түрде өртеледi. ХV-ХVIIIғғ. еврей диаспоралары Германия, Шығыс Еуропа елдерiнде кең құлаш жая бастайды.
ХIХғ. Еуропа және АҚШ-тағы еврейлер секуляризация мен эмансипацияға ұшырай бастайды. Иудаизм және еврейлер тарихы екi бөлек нәрсеге айнала бастайды. ХIХғ. соңында еврейлердiң Палестинада мемлекет құруға бағытталған сионизм (Сион - Иерусалимнiң орналасқан тауы) ағымы кең тарай бастайды. Оның негiзiн салушы “Еврей мемлекетi” кiтабының авторы Австриядан шыққан еврей публицисi Теодор Герцль (1860-1904) болатын. 1897 жылы Швейцарияның Базель қаласында I Дүниежүзiлiк сионистiк конгресс ашылып, онда алғаш рет сионистiк ұйым құрылады.
ХХғ. еврейлердi ассимиляциялау процессi Батыс Еуропа елдерi мен КСРО-да шыңдай түседi. Әсiресе Холокоста (апат) кезiнде фашистiк Германия мен оның жаулап алған территорияларында 6 млн-ға жуық еврей халқының жаппай өлтiрiлуi жүрдi.
Гитлерлiк геноцид және оның нәтижесiнде туған зардаптар еврей халқы рухын әлсiрете алмады. Керiсiнше соғыстан кейiн еврей халқы өзiнiң көпғасырлық проблемасын шешедi: олар тарихи мекенi Палестинаға қайта оралып, 1948ж. Израель мемлекетiн құрады, көптеген ассимиляцияланған еврейлердiң қайтадан иудаизмдi қабылдауы (“тшува” - қайта оралу) және Израельде, сонымен бiрге еврей диаспораларында иудалық дiни өмiрдiң қайта жандануы процестерi жүрiп жатты.
3. Қазiргi иудаизмнiң этникалық көрiнiсi.
1980ж дейiн дүниежүзiндегi еврей халқының саны 12 млн. 988 мың адам болды, олар әлемнiң 81 мемлекетiнде өмiр сүрдi. Еврей халқының ең көп мөлшерде мекен еткен жерi АҚШ (5, 7 млн. ) пен Израель (3, 4 млн. ) болатын. Еврей халқының саны бойынша 3-шi орынды алатын КСРО елi (1, 7 млн. ) болып есептелдi. Иудаизм дiнiнiң бiрлiгi мекен ететiн мемлекетiне байланыссыз еврей халқының бiрлiгiн көрсетедi.
Еврей халқындағы саны жағынан ең үлкен этникалық қауым ретiнде ашкеназ болып есептеледi. Бұл этномәдени ошақ IХ-ХIIғғ. ортағасырлық Германияда қалыптасқан (Ашкеназ - ортағасырлық раввин әдебиеттерiнде Германияның атауы) . Кейiннен олар Шығыс Еуропа территориясына (Польша, Литва, Ресей) ығысып кеттi. Ашкеназдар қоғамында герман-славян лексикасы мен грамматикалық базасы және ежелгi еврей жазбасының араласуының нәтижесiнде еврейлiк ауызекi идиш тiлi қалыптасты. Ашкеназ субэтникалық тобы Еуропа, Америка елдерiндегi еврей қауымының негiзi болды.
Еврейлердiң келесi субэтникалық тобы араб қарамағында болған Испания территориясында қалыптасқан сефард (Сфарад - ортағасырлық раввин әдебиеттерiнде Испанияның атауы) тобы болатын. 1492ж. қуғыннан кейiн олар көбiнесе Таяу шығыс, Түркия, Балкан елдерiне көшiп кеттi. Кейiннен сефардтар деп азиялық еврейлердi атай бастады. Сонымен бiрге Эфиопиядағы еврейлердi фалаштар, Үндiстандағыларды “қара еврейлер”, Қытайда иселони деп атады.
1979ж. ислам-фундаменталистiк құрылыстың орнауына дейiн көптеген еврейлер Иранда тұрды.
1948ж. Израель мемлекетiнiң құрылуынан кейiн елге алуан түрлi еврейлiк топтардың өкiлдерi болған репатрианттар орала бастады. Жаңа еврейлiк этномәдени қауымның қалыптасу процесi жүре бастады. Ол негiзiнен жаңа иврит тiлiне негiзделген болатын.
Израельдiк еврейлер Шығыс және Еуропа елдерiнен келген репатрианттар екi iрi дербес ашкеназ және сефарад раввиндарын құрады.
- Иудаизмнiң қасиеттi кiтаптары.
Маңызы жағынан ең маңызды болып келетiн кiтап - ТаНаХ деп аталады. Ол 3 iрi кiтаптарынан тұрады: Тора (Заң), Невиим (Пайғамбарлар), Кетувим (Жазулар), олардың атауларынан құралған аббревиатура болып есептеледi. ТаНаХ Библиядағы Ескi Өсиетке тең болып есептеледi. Ол б. з. д. ХV-Vғғ ежелгi еврей тiлiнде жазылған болатын.
Жалпы айтқанда иудаизм - өмiрдi оның барлық бағыттарында өмiр сүре бiлу дiнi. Тораның басты мақсаты Құдайға сенген қоғам құру.
ТаНаХтың Библиядан басты айырмашылығы оның, бiрiншiден, Жаңа өсиетiнiң болмауы, екiншiден, ол 39 кiтаптан тұрады, ал Библия болса, 50 кiтаптан тұрады. Б. з. д. 4-1ғғ. грек тiлiнде жазылған 11 кiтап еврей кiтабына енген жоқ, олар Библияның Ескi өсиетiнде бар.
ТаНаХ өзiнiң қазiргi қалпын б. з. д. 3 - б. з. 1ғғ. қалыптастырды. Оның соңғы өрнектелуi 8ғ. масореттер еңбегiмен жүрдi.
Иудей дәстүрлерi бойынша ТаНаХа 3 бөлiмге бөлiндi. Бiрiншiсi Тора (Заң) немесе Моисей Бестiгi 5 кiтаптан тұрады: Болмыс (Берешит), Шығу (Шемот), Левит (Ваийкра), Сандар (Бемидбар), Екiншi заңдылық (Дварим) . Екiншi бөлiмi - Невиим (Пайғамбарлар) үлкен (6 кiтап) және кiшi (15 кiтап) пайғабарларға бөлiнедi. Үшiншi бөлiм - Кетувимге (Жазулар) 13 кiтап кiрдi.
ТаНаХ тiлi ежелгi еврейлiк болып келедi. Оның жазуы төртбұрышты семит жазуы болып келедi, оңнан солға қарай, әрiптерi бөлек жазылған. ТаНаХа Құдай сөзiнiң сөзi болса, Талмуд иудаизмнiң ритуалды-құқықтық жағдайларды сипаттаған жинақтар болып есептеледi. Кейiннен Тораны түсiндiретiн Ауызекi Тора қалыптасты. Оны б. з. д. 1ғ. соңы мен б. з. 1ғ. өмiр сүрген Иерусалимдiк Гиллель жазған және ол көп уақыт бойы тек ауызша ғана таралып отырды. 2-3ғғ. ол Йегуда ха-Насимен өңделiп, Мишна (Қайталау) деген атқа ие болды. Ол 6 бөлiмге бiрiктiрiлген 63 трактаттан тұрады: Зераим (Егулер) -аграрлы заңдылықтар, Моэд (Мерекелер) -мерекелiк ритуалдар, Нашим (Әйелдер) -неке заңдылықтары, Незикин (Жарақаттанулар) -қылмыстық заңдылықтар, Кодашим(Әулиелер) -құдайшылық заңдылықтары, Тегарот (Тазалық) -ритуалды заңдылықтар. Олардың бәрi жинақтала келе ТаНаХа жайлы ақпаратты дәрiптейдi. Мишнаның басты мақсаты - Құдай заңдылықтарын, өсиетiн сақтау. 3-5ғғ. түсiндiрiлулердiң жаңа бiр түрi Гемара (Қорытынды) қалыптасты, ол Мишнаның түсiндiрмесi ретiнде де қарастырыла бередi. Вавилониядағы гаондар заманында, яғни 500-530жж. Мишна мен Гемараны бiрiктiрген Вавилондық Талмуд қалыптасты. Нақтылай айта кетсек Талмудты еврейлердiң дүниетанымын түсiндiретiн энциклопедия ретiнде қарастыруға болады.
15ғ. палестиналық сефардтық раввин Йосеф Каро (1485-1575) Талмудтың кодификациясын аяқтады, Краковтық раввин Моше Иссерлис (1520-1572) Каро кодексiн “Малпа” (Дастархан) трактатында толықтырып, “Шулхан-Арух” кiтабын жазады.
Каббала әдебиеттерiне мiндеттi түрде тоқталу қажет. Каббала (“Берiлу”) - 1-3ғғ. Палестина мен Вавилонияда пайда болған мистика мен магияға толы эзотериялық теософиялық iлiм болып табылады. Тораны нақты тану Каббаланың басты мақсаты болып есептеледi. Каббаланың басты ұғымдарының бiрi - Құдайдың Он Парызы -сфирот болып есептелiнедi. Олардың әрқайсысы ерекше қасиеттерге ие және материалды дүниеге нақты түсiнiк бередi.
Каббаланың маңызды шығармасы - “Зогар” (Жарқырау) кiтабы, каббалистер оны Тора мен Талмудтармен тең ұстайды. Оның авторы Испания жерiнен шыққан 1305 жылы дүниеден озған Моше бен Шем Тов де Леон болған деп есептелiнедi. “Зогар” Тораның мистикалық түсiндiрмесi болып табылады. Оның толық басылымы 22 кiтаптан тұрады. Каббала iлiмi иудаизмнiң iшiндегi көптеген ағымдардың пайда болуына әкелiп соқты, оған мысал ретiнде хасидизм iлiмiн келтiруге болады.
5. Иудаизмнiң дiни iлiмi.
Иудаизм дiни iлiмiнiң негiзi болып ешбiр келiсiмдiктi мойындамайтын монотеизм болып есептеледi. Бұл иудейлiк «Шева» сенiм символында белгiленген, онда: «Израель, тыңда! Бiздiң Құдай жалғыз!» деп айтылған. Кейiннен иудаизмдi уағыздағандар өз сөздерiнде «Құдай» сөзiн айтпай, оның орнына «Адонаи» сөзiн қолданды.
Құдай еркi әр адамға құдай сөзiн айтқаннан кейiн ашылады деп сенiлген, ол Заңда (Тора) және пайғамбарлар сөзiнде жазылған. Иудаисттердiң пайымдауынша, Заң арқылы Құдай өзiнiң еркiн алғаш рет Моисей бастаған Израель халқына берген. Сол себептен, ол тарихта ерекше орны алады. Абыройлы израельдiк раввин Л. Финкельстайннiң айтуынша: «Израель халқының Заңды алып, пайғамбарларды тыңдауы оларға ерекше қасиет бермейдi, керiсiнше оларға белгiлi бiр мiндет жүктейдi. Бұл мiндет Заңды қатаң қадағалау, оны оқу және түсiндiру, әр уақытта да «ерекше халық» атағын ұстап тұру» едi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz