Пайда және процент


ПАЙДА ЖӘНЕ ПРОЦЕНТ
Пайда және процент қазіргі экономикалық теорияда өте бір күрделі әрі пікірталас мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелерді талдау пайда мен проценттің көзін анықтау ғана емес, оның рыноктық экономикадағы атқарар қызметін қарастыру.
1. Пайда және процент теориясы
К. Маркстің пайда теориясы еңбек, құн теориясына негізделген және қосымша құн теориясының тікелей жалғасы болып табылады. Қосымша құн маркстік пайымдауда пайданың, сауда пайдасының, қарыз процентінің өзгерген түрі, соңғылардың шыққан тегі.
Ілгеріде көрсеткендей өндірілген товар құнын: W=c+V+m мұнда (c+V) капитал орнын толықтыратын эксвивалент, меншік иесінің өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсағаны, немесе тұрақты капитал (C) мен өзгермелі капиталға (V) жұмсаған шығыны. Тауар құнының өндіріс құрал-жабдықтары күшінің құнының орнын толықтыратын бөлігі капиталистік өндіріс шығындарын құрайды. Ол капиталист үшін тауар өндірудің қаншаға түскенін көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшіне жұмсалатын қаражаттың өзгеруі өндіріс шығындарына бірдей ықпал етеді, өндіріс шығындарында тұрақты және өзгермелі капитал айырмашылығы жойылады. Осымен байланысты үстірт қарағанда тауар құнының бір бөлігі (c+v) капиталистік өндіріс шығындарының формасын (К) , ал басқа бөлігі (m) - пайда (Р) формасын қабылдайды. Тауар құнының формуласы мынадай көрініс алады: W=(C+V) +P немесе К+Р пайда маркстің экономикалық теориясында қосымша құн болып табылады, ол бүкіл авансыланған капиталдың туу көрінісін алады. Пайда сандық тұрғыдан қарағанда тауар құнынан өндіріс шығындарына шегергенде қалған артық бөлігі. Ал сапалық тұрғыдан алғанда пайда қосымша құнның өзгерген формасы.
Рыноктың пайдаға ықпалын жалпылама түрде былайша сипаттауға болады: егер тауар құнынан жоғары бағамен сатылатын болса (сұраныстың ұсыныстан арту жағдайында), өткізілген пайда өндірілген қосымша құннан көп болады (P>m) ; егер тауар бағасы құннан төмен болса (тауарларға ұсыныс сұраныстан асып кетсе), өткізілген пайда мөлшері өндірілген қосымша құннан кеи болады (P<m) . Ал егер тауарларға сұраныс ұсынысқа сай келсе, баға құнымен теңеседі, капиталистер алатын пайда масасы, өндірілген қосымша құнмен тең болады. Қосымша құнның пайдаға айналуы, қосымша құн нормасының пайда нормасына айналуын да түсіндіреді.
Егер қосымша құн нормасы
өзгермелі капитал дәрежесінің ұлғаюын көрсетсе, пайда нормасы
(Р
1
)
бүкіл авансыланған капиталды пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол
(р)
қосымша құнның бүкіл авансыланған капиталға қатынасын көрсетеді, яғни
немесе
. Капиталистік өндірістің ынталандырушы күші - пайданы өндіру мен иемдену. Пайда нормасы жоғары болған сайын, капитал өсімі де жоғары болады. Пайда нормасы капиталистік шаруашылық етудің тиімділігінің бір белгісі. Капиталистің біліктілігі мен оның қолағы бар өндіріс ресурстарын рационалды пайдалана білуі пайда нормасы, қосымша құн нормасына тікелей әсер етуі даусыз. Бірдей жағдайда пайда нормасы қосымша құн нормасының жоғарылауымен байланысты жоғарылайды, төмендеуімен байланысты төмендейді. Пайда нормасына капиталдың ограникалық құрылымы үлкен ықпал етеді. Бұл кері тәуелділікті көрсетеді: капиталдың органикалық құрылымы төмендеген сайын, пайда нормасы жоғары болады, ал органикалық құрылымының жоғарылауымен байланысты пайда нормасы өсіп отырады. Мұның мәні, қосымша құн тек капиталмен өндіріледі. Капиталдың органикалық құрылымы жоғары болғанда, өзгермелі капитал үлесі азаяды (органикалық құрылымның төмен болғандығымен салыстырғанда) . Сондықтан органикалық құрылымы жоғары бірдей мөлшерлі капитал, аз көлемді қосымша құн массасын әкеледі, осыған орай пайда нормасы да төмен болады.
Пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тәуелді. Жыл бойында капитал айналымының санының өсуі қосымша құнның жылдық массасының өсуіне ықпал етеді. Авансыланған капитал жыл бойына көп айналым жасаған сайын, осындай жағдайда пайда нормасы жоғары болады. Бұдан шығар қорытынды: пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тіке қатынаста. Пайда нормасына ықпал ететін факторлардың бірі тұрақты капиталды үнемдеу. Мұндай үнемдеу кәсіпкерлік тұрақты капиталдың аз шығынымен бұрынғы дәрежеде қосымша құн өндіріп, пайда нормасын арттыру мүмкіндігін береді. Пайда нормасының динамикасы (ұзақ мерзімді тұрғыдан капиталдың қорлану қарқыны) нәтижесінде қоғамдық өндірістің өсу қарқынын анықтайды. Осы көрсеткіштің өзгеру тенденциясынан экономиканың әр қилы саласының даму сипаты тәуелді. Пайда нормасының қозғалысымен акция курсының, процент ставкасының, басқа да экономикалық көрсеткіштердің өзгерісімен байланысты.
Нарықтық өндірістің жекелеген салаларына пайда нормасына ықпал ететін әр түрлі техникалық-экономикалық факторлар әр қилы күшпен әрекет етеді. Өнеркәсіптің жаңа салалары ескілерімен салыстырғанда техникалық тұрғыдан тезірек дамиды. Сондықтан капиталдың органикалық құрылымы әр салада әр түрлі. Бірдей қосымша құн нормасымен бірдей мөлшердегі капиталға, қосымша құн массасы, осыған сәйкес әр түрлі саладағы пайда нормасы өзгермелі капиталдың көлеміне орай бірде жоғары, бірде төмен болады. Өндіріс салалары капиталдың органикалық құрылымы бойынша ғана емес, оның айналым жылдамдығы бойынша да ажыратылады. Капитал айналымдылығы салыстырмалы төмен салады, қосымша құнның жылдық массасы аз, ал капитал айналымдылығы жоғары саламен салыстырғанда пайда нормасы төмен болады.
Егер тауарлар құнмен сатылатын болса, капиталистер бірдей мөлшерлі капиталға әр түрлі пайда алар еді, ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары және капитал айналымы жылдамдығы төмен саладағы капиталистер пайданың ең төменгі дәрежесіне ие болар еді. Бірақ, нарық жағдайында бұлай болуы мүмкін емес. Өйткені, ешкім де кәсіпкерді өз капиталын ең төменгі пайда нормасы бар салаға жұмсауға міндеттей алмас еді. Егер оның капиталды басқа өндіріс саласына жұмсалған бірдей мөлшерлі капиталға қарағанда аз пайда әкелетін болса, онда өз капиталын одан алып пайданы көбірек әкелетін кәсіпорынға жұмсаған болар еді. Бірдей көлемді капитал бірдей дәрежедегі пайда әкелуі үшін, тауарлар құнымен сатылмауы керек.
Салалық пайда нормасының жалпы, орта норма пайдасына айналуы және құнының өндіріс бағасына айналуы стихиялы, бәсеке күресінің нәтижесінде орын алады. Капитализм тұсындағы бәсеке күресінің екі түрі бар: ішкі салалық және салааралық.
Ішкі салалық бәсеке бірыңғай өнім өндіретін кәсіпкерлер арасындағы талас-тартыс. Бұл өндірістің бір саласының өндірушілерінің өндірістің тиімді, ұтымды жағдайы мен қосымша пайда табу мақсатымен тауарларды сату үшін күреседі. Бірыңғай тауар өндіретін әр түрлі кәсіпорындарда өндіріс жағдайының айырмашылығы орын алады, осымен байланысты тауарлардың жеке құны бірдей болмайды. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың бәсеке күресі барысында (сұраныс пен ұсыныс арақатынасының көрінісіндей) қоғамдық қажетті шығындар анықталады, яғни тауардың рыноктық құны. Бұл тауарлар құны, сол саланың орташа өндіріс жағдайында өндірілген және тауарлардың осы түрінің басым көпшілігін құрайды. Рыноктық құнның ақшалай формасы рыноктық баға деп аталады.
Салааралық бәсеке капиталды тиімді, ұтымды пайдаланумен байланысты әр қилы саладағы кәсіпкерлердің өзара күресі, яғни капиталдың пайдалылығын арттыру. Бұл бәсекенің тетігі капиталдың пайда нормасы жоғары салаға еркін ауысуы болып табылады. Капиталдың ауысуы қандай нәтиже береді? Капиталдың пайда нормасының төмен саладан ауысуы өндірісті қысқартады, тауарларға деген ұсынысын азайтады, баға өседі, осымен байланысты пайда нормасы да өседі. Капиталдың пайда нормасының жоғары салаға ауысуы өндірісті және тауарларға деген сұранысты ұлғайтады, бағаны, пайда нормасын төмендетеді. Капиталдың бір саладан екіншісіне стихиялы ауысып отыруымен, түптеп келгенде пайда нормасы теңеледі де, орта пайда немесе барлық өндіріс саласында бірдей мөлшерлі капиталға жалпы пайда нормасы құрылады.
Орта пайда нормасы жиынтық қосымша құнды бөлумен байланысты әр қилы саладағы кәсіпкерлер арасындағы экономикалық қатынастарда сипаттайды. Ол жиынтық қосымша құнның бүкіл қоғамдық капиталға қатынасы ретінде де анықталады. Салааралық бәсеке нәтижесінде бірдей капиталға бірдей пайда массасы келеді. Орта нормаға сәйкес авансыланған капиталға алынған пайданы орта пайда деп атайды.
Пайданың орта пайдаға айналуы тауардың құнымен емес, өндіріс бағасымен сатылуына байланысты, яғни өндіріске авансыланған капитал мен орта пайданың қосындысы
Құнның өндіріс бағасына айналуы
өнді-ріс сала
лары
норма
m 1
Бұл мысалда барлық салады капитал айналымы бірдей бір өлшемге тең әрі әр салада өндіріс шығындарына бүкіл капитал енеді, яғни авансыланған және тұтынылған капитал бір-біріне тең. Кестеден көріп отырғандай, әрбір салада өндірілген тауарлар өндіріс бағасы бойынша сатылады немесе 120-ға тең. Дегенмен, капиталдың органикалық құрылымы төмен ІІІ салада товар құны 130-ға тең. Нәтижесінде тауарларын өндіріс бағасымен сатқан саланың кәсіпкерлі 10 өлшемге ұтылады. Ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары - І саланың кәсіпкерлері керісінше 10 өлшемге ұтады, яғни тауар құны 110-ға түсіп еді, ал сатылғанда өндіріс бағасы бойынша 120 болды. Міне қосымша 10 өлшем табыс алды.
Көрсетілген салалар бойынша тауарлардың өндіріс бағасын тауар құнымен салыстырудан шығар қорытынды, өндіріс бағасы құннан ауытқиды. Бірінші капиталдың органикалық құрылымы қоғамдық орта дәрежеден жоғары салада, өндіріс бағасы құннан жоғары, ал үшінші - капиталдың органикалық құрылымы қоғамдық орта дәрежеден төмен салада, керісінше өндіріс бағасы, құннан төмен, түптеп келгенде бұл ауытқулар өзара бір-бірімен теңеседі, кәсіпкерлер өндірілген қосымша құнның барлық массасына ие болады. Бірақ салааралық бәсеке нәтижесінде бұл қосымша құнның массасы жұмсалған капитал мөлшеріне сай пропорционалды қайта бөлінеді. Сонымен, ішкі салалық бәсеке нәтижесінде көптеген жеке құндар біртұтас рыноктық құнға айналатын болса, салааралық бәсеке нәтижесінде рыноктық құн барлық өндіріс саласындағы пайда нормасын теңестіруші, өндіріс саласындағы пайда нормасын теңестіруші, өндіріс бағасына айналады. Өндіріс бағасының құрылуымен рыноктық баға өндіріс бағасының шеңберінде ауытқып отырады. Рыноктық бағаның құрылуын реттеуші рөлді тауарлардың рыноктық құны атқарады, тек тікелей емес, өндіріс бағасы арқылы атқарады.
Нарықтық экономикада өндіргіш күштердің дамуы, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы капиталдың органикалық құрылымының өсуінен байқалады. Ол жоғары болған сайын пайда нормасы төмен болады. Капиталистік өндірістің дамуымен, капиталдың органикалық құрылымы артады, алайда пайда нормасының төмендеуіне әкеліп соғады. Дегенмен капиталдың органикалық құрылымы артады, алайда пайда нормасының төмендеуіне әкеліп соғады. Дегенмен капиталдың органикалық құрылымының өсуімен, пайда нормасының төмендеуі абсолютті, міндетті заң емес, тек тенденция ғана. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеуіне қарсы әрекет ететін бірнеше факторлардың орын алатындығы. Оған ең алдымен жалдамалы еңбекті қанауды күшейту жатады. Қосымша құнның нормасының артуы оның массасын ұлғайтады, ол кезегінде пайда нормасының төмендеуін тежейді. Екіншіден, жалақының жұмыс күші құннан төмен ауытқуы, капиталдың органикалық құрылымының өсуі, өнеркәсіп резерв армиясының құрылуына әкеледі, ол болса кәсіпкерлерге жұмыс күшін оның құнынан төмен сатып алуға, жалақыны төмендету, жұмысшылардың қосымша еңбегінен басқа қажетті еңбегінің бір бөлігін иемдену мүмкіндігін береді. Үшіншіден, тұрақты капитал элементтерін арзандату капиталистерге қосымша құн массасын көп мөлшерде алу мүмкіндігін береді, сол қолдағы тұрақты капиталмен ірі өндірісті ұйымдастырып, көптеген жұмысшыларды қанап және пайда нормасын көтеруге болады. Сонымен капиталистік елдердің экономикасының дамуының басты қозғаушы күші - пайда нормасы. Ішкі қайшылық капиталдың шексіз өсу тенденциясына пайданың орта нормасының төмендеу тенденциясы қарсы әрекет етеді. Бұл заңдылық капиталдың түбірлі экономикалық мүддесін қозғайды, яғни қоғамның өндіргіш күштері тез дамыған сайын, пайда нормасының төмендеу тенденциясы активті көрініс алады.
Сауда экономикасының шынайы көзі капиталистік өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшылар өндірген қосымша құн болып табылады. Өнеркәсіп капиталистері қосымша құнның бір бөлігі саудагерлерге тауар капиталын ақша капиталына айналдыру қызметі үшін беруге мәжбүр болады. Сауда пайдасы сауда капиталистерінің иемденетін қосымша құнының бір бөлігі. Сауда капиталы, қосымша құнды өндіруге қатыспай оны бөлуге қатынасады.
2. Процент пен пайданың жаңа классикалық теориясы
Пайда мен процент туралы жоғарыдағы маркстік концепцияларға бірқатар сілтеме түсініктер берудің орны бар, өйткені қазіргі батыстық экономика ғылымының бұл мәселелер бойынша бағдарын ұғыну үшін қажет.
Біріншіден, марксизм пайданы жұмысшының толық еңбек өнімінен алынатын, қанушының еңбексіз тапқаны деп түсіндірді. Ал осының өзі жоғарыда атап өткен себептермен байланысты қайшылық туғызады (қараңыз: еңбек теориясымен және қосымша құн теориясына талдау) .
Екіншіден, өндіріс саласының, жетекшілік рөлінен (мұнда да еңбек құн теориясына негізделген) Маркс өнеркәсіп капиталының пайдасын алғашқы табыс деп, ал басқа салаларға (сауда, банктер т. б. ) жұмсалған капиталдан табысты өндіріс процесінде өндірілген қосымша құнды қайта бөлу нәтижесі деп қарағаны белгілі. Басқа сөзбен айтқанда өнеркәсіп капиталисі өз пайдасымен саудагермен, банкирмен бөлісуге міндетті, өйткені олардың қызметіне деген қажеттілік бар.
Алайда экономикалық, халық шаруашылығының салаларын өндірістік және өндірістік емес деп бөлудің өзі ешбір негізсіз, мәнсіз таласты туғызады. Шын мәнінде, шахтер мен дәрігердің, фермер мен милиционердің т. б. еңбектерінің қайсысы қажетті, қайсысы маңызды екенін қарама-қарсы қойып түсіндіру мүмкін бе? Егер, материалдық игіліктер өндірісін адамзат қоғамының өмірлік негізі деп ұйғарғанда, қару-жарақ, құрал-жабдықтар өндіретін жұмысшы еңбегі өнімді де, ал мұнымен шұғылданбайтын мектеп мұғалімінің еңбегі өнімсіз, мәнсіз болғаны ма? Мұндай мағынасыз ойдан аулақ болу үшін рынок тарапынан қоғамдық мойынсұну алған еңбектің кез келген түрін өнімді, осыған орай табыстың құрылуы және алу тұрғысынан пайда немесе процент түрінде капитал жұмсалған барлық саланы бірдей дәрежелі деп қарау керек.
Үшіншіден жалдамалы жұмысшының еңбегі қосымша құнның бірден-бір көзі деген негізгі идеяға сүйене отырып, К. Маркс орта пайда нормасының құрылуы концепциясын жасады. Қосымша құн массасының басым көпшілігі тірі еңбек көп қолданылатын салада алынады. Осымен байланысты салааралық бәсеке күресі барысында капиталдың органикалық құрылымы жоғары саладан, органикалық құрылымы төмен салаға капиталдың ауысуы орын алады. Бұл теория бойынша техникалық жағынан артта қалған сала (еңбектің қолмен қарулануы төмен салада) пайдалы болады, ал толық автоматтандырылған кәсіпорында қосымша құн мүлдем өндірілмейді. Шын мәнінде мұның еш қисыны жоқ, капитал ең алдымен техникалық жағынан жоғары салаларға ұмтылады, әрі көп пайда келтіреді.
Төртіншіден, капиталдың органикалық құрылымының өсуінен К. Маркс пайда нормасының төмендеу тенденциясы туралы қорытынды жасады. Осымен байланысты, кем дегенде екі сұрақ туындайды. Біріншісі, шындығында осындай тенденция орын ала ма? Өйткені К. Маркс оның орын алатындығымен маңызды әлеуметтік қорытындылар жасады. Екіншісі, осындай тенденция орын алатын болса, оны капиталдың органикалық құрылымымен түсіндіруге бола ма?
Екінші сұрақтан бастайық. К. Маркс айтып көрсеткеніндей, капиталдың органикалық құрылымы дегеніміз капиталдың құндық құрылымы, ол техникалық құрылыммен анықталады, оның өзгерісін сипаттайды. Басқа сөзбен айтқанда, капиталдың органикалық құрылымының өсуін, ол оның тұрақты бөлігі (С) мен өзгермелі бөлігінің (v) құнның арақатынасындағы өзгерістерді түсіндіреді, соңғысы өндіріс құрал-жабдықтары массасының тірі еңбекпен салыстырғанда көбеюімен байланысты. Осы жағдайда пайда нормасы төмендей ме? Егер өндіріс құрал-жабдықтарының массасы бұрынғы техникалық негізде өсетін болса, яғни техниклық прогрестен оқшауланатын болсақ, өзімізге белгілі, табыстың кеми беру заңына сәйкес пайданың орта нормасы төмендейді. Мұндай жағдай уақытша, өйткені кез келген өндірістік процестің заңдылығы бәсеке тетігінің күш әрекетімен жетілген және өнімді техникаға көшу. Бірінші сұраққа да жауап берілді деген сөз.
Пайда нормасының төмендеу тенденциясы деген уақытша орын алатын тенденция, олай болса оған қарап осы экономикалық жүйе тарихи шектеулі деген ұзақ мерзімді қорытынды жасауға болмайды. Рыноктық экономикасы дамыған елдергі пайда нормасының ұзақ мерзімді тенденциясына жасалған есептер соңғы жүзжылдықта норманың тұрақтылығын, кейбір жағдайда өсіп отырғанын көрсетуде.
Бесіншіден, маркстік пайда теориясы негізінен әлеуметтік-экономикалық сипатта (осы аспектісінің өзі, жоғарыда айтылғандай бірқатар қарсылық туғызады) . Рыноктық тетік жұмысында пайда мен проценттің қызмет көрсету рөлі мен бөлшектік және жалпы тепе-тендікті орнату мәселесіне К. Маркс аз көңіл бөлгені де белгілі.
Қазіргі маркстік емес экономикалық ой, әсіресе оның жаңа классикалық бағыты принципті басқа позицияда.
Пайда мен процент өнімділіктің шектеулі теориясы тұрғысынан қарастырылады және капиталға табыс өндірістің теңдей құқылы факторларының бірі ретінде және қызмет істеу аспектісін талдауға көп көңіл бөлінеді.
Батыстық экономикалық ғылым пайданы әр түрлі пікірде қарайды. П. Саумэльсон пайда туралы төрт түрлі көзқарасты атап өтеді:
- Пайда кәсіпкерлер өздері тікелей пайдаланған өндіріс факторларынан түсетін табыс.
- Пайда кәсіпкерлік қызмет пен техникалық жетілдіруді енгізгені үшін қайтарым.
- Пайда тәуелділік үшін төлем.
- Пайда монополиялық табыс ретінде.
Американдық экономист П. Хейне “пайданы дұрыс анықтау деген орын алмайды”, “өйткені бұл көп мағыналы ұғым және экономикалық жүйенің қызмет ету тетігін” дұрыс түсіну үшін оның әр қилы мәнін саралап қарау қажет деп көрсетті.
Сандық тұрғыдан пайданы толық түсім мен толық шығындардың айырмасы деп анықтауға болады. Алайда мәселеге мұндай көзқарас жаңа мәселелерді тудырады. Толық түсімді анықтау ана қиындыққа түспейді (өндірген өнімдерді бір өлшемнің бағасына көбейту арқылы) . Ал, толық шығындар нені қамтиды. Жаңа классикалық теория бойынша өндірістің әрбір факторының орнын толтыру (оның ішінде капиталды толтыру) тауар өндірудегі шектеулі үлеске сәйкес шығындарға кіруге тиісті. Олай болса толық түсім мен толық шығындар арасындағы айырма қайдан туындайды және ол нені түсіндіреді?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz