Тіл және мәдениет жайлы


Кіріспе
Әлем өмірінің, заман құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең. Ғылым мен өнер көзге көрініп тұрған дүние болмысында, жердің шалғай ғалам кеңістігінде нақты деректермен беріле зерттеп, мүмкіндігінше оларды адамзаттың өмір шындығына бір табан жақын, шынайы бейнелеуге ізгі талпыныстар жасалуда.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары линвомәдениеттану, когнитология мәселелері және әлемнің ұлттық тілдік бейнесі зерттеліне бастады. Туыстық атауларға қатысты толық түрде жеке зерттеулерге негіз бола қойған жоқ. Қазақ тілі лексикасында туыстық атауларға қатысты туған атауларға арнайы талдаулар жасалынбаған.
Туыстық атауларға қатысты өзге тілдік бірліктер сияқты этноспен ғасырлар бойы бірге жасап, халықтың, әдеби формаларының өзіне тән жасалу заңдылықтары қалыптасқан. Туыстық атауларға лингвистикалық баға беру үрдісі олардың тарихи шығу кезеңдеріне, даму жолдарына өзара байланыстарына жанжақты зерттеу жүргізу ісін қажет етеді. Олардың тіл білімінің түрлі бағыттарында зерттеу нысаны ретінде алынуы тек қазақ тілінде, сонымен бірге жалпы түркі тілдеріндегі айта қаларлықтай маңызды мәселенің шешілуіне жол ашады.
Жұмыстың зертеудің нысаны: Туыстық атаулардағы тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты.
Жұмысытың құрылымы: Кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмысың мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты - қазақ тіліндегі туыстық атауларға лингвомәдени талдау жасай отырып, кешкенді түрде зерттеу. Туыстық атаулардың өзіндік сипаты мен олардың лексикасемантикалық топтарын ашу, талдау болып табылады. Бұл қазақ тіліндегі туыстық атауларына қатысты мәселелерді шешудің теориялық негізін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарға жету үшін зерттеу жұмысы мынандай мәселелерді ғылыми жақтан айқындап, саралап ашу міндеттерін қойды:
туыстық атауларды қазақ тіліндегі тарихи және тілдік деректерден, зерттеулерден, әртүрлі сөздіктер мен жалпы халықтық лексикадан жайып салу;
қазақ тіліндегі туыстық атаулардың қалыптасуы, даму үрдістерін қарастыру;
- туыстық атауларды тақырыпқа топтастыру;
- туыстық атауларға қатысты тұрақты тіркестер мен атауладың мазмұнына талдау жасау.
Жұмыстың дерек көздері: М. Ниязбеков «Біз қалай туысамыз?» Алматы, 1992, І. Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі». - Алматы, «Ғылым», 1977, Г. Cмағұлова «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық - мәдени аспектілері». - Алматы, 1998.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Зерттеудің теориялық, практикалық мәні осы семасиологиялық, этимологиялық талдаудың тұжырымдары негізінде лексикология саласын толықтыра, кеңейте зерттей түсуге өзіндік үлесін қосады. Зерттеу жұмысындағы туыстық атаулардың сипаты мен саны, олардың лексика-семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері лексикологияның лингвистикалық сала ретіндегі маңызды теориялық жақтарын кеңейтуге өз үлесін қосады. Сондай-ақ, лингвомәдениетке қатысты лексикографиялық сөздіктер жасауға септігін тигізеді. Туыстық атауға байланысты жинақталған мысалдардың қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында үйрету кезінде де көмегі тиетіні сөзсіз.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылды.
1 Тіл және мәдениет
1. 1 Тіл мен мәдениеттің байланысы мен ерекшеліктері.
Халықтың санасындағы дүниені бағалау, қабылдау, жалпы тіршілік әлеміне деген көзқарас ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық ойлау, мәнері қоршаған әлемді қабылдау үрдісінің нәтижесі және ұлттық құндылықтар әлемінің көрсеткіші деуге болады. «Нақты бір этикалық топтың тұлғалық терең мәні бар құндылықтар құрылымына сәйкес күнделікті мінезқұлық пен жүріс тұрысын қалыптастыруы ұлт ментальдылығын көрсетеді. Бұл құндылықтар тұлғаның бойына әлеуметтік тұрақтану үрдісінде жанұясымен, туыстарымен, достарымен, яғни, өзін қоршаған ортадағылар тарапынан қабылданады» [1, 11б. ] . Сол менталитеттің бір көрінісі ретінде тілдің қарымқатынас, экспрессивтік т. б. қызметтерінен өзге тарихи жинақталған реалий және абстракт ұғымдарды белгілейтін ұлттықмәдени қызметін атауға болады.
Шындықты әр ұжым, әр ұлт өз биігінен таниды. Өз биігі дегеніміз ғасырлар бойы қалыптасқан ойлау ерекшелігі, дүние танымы, санасезімі. Тіл біріншіден, адамға қызмет ету үшін жаралған әлемдегі объектілер мен құбылыстардың тілдегі барлық категориялары адамға бағытталып жасалған. Бұл кез келген тілдің қасиеті. Екіншіден, кез келген тілдің ұлттық ерекшелігі бар және тілде табиғи немесе мәдени ерекшеліктер ғана емес, сонымен қатар, ұлттық мінез құлықтың ерекшеліктері де айқындалады.
Біздің мақсатымыз - осы ерекшеліктердің себебін табуға әрекет жасау, оларға қандай фактор әсер етті немесе сол тілде жасаушы халықтың өзіне тән ақиқатты қабылдау қасиеттеріне байланысты болды ма, осы сияқты сұрақтарға жауап іздеу.
Тілдің қоғам өміріндегі маңызы туралы ғалым К. Аханов: «Адам санасында шындық өмірдің бейнеленуі тілсіз іске асуы мүмкін емес. Тіл біздің ойымызды білдіре отырып, қоршаған шындық өмір жайындағы білімімізді сақтап жеткізуші болып есептеледі. Тіл объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар олардың сапа, белгілері және бірбірімен қарымқатынасы туралы қандай бір ойды болсада айтып жеткізуге икемді келеді» деп жазды [2, 50б] . Адам дүниедегі бір затты тілдегі сөздермен белгілейді, ал тілдік бейне жоқ, тосын дүниені немесе затты қабылдау санаға қиын соғады. Әлемнің адам санасындағы бейнесі тілдегі бейнелермен, яғни сөздер мен өте ұқсас, көп жағдайда олар бірінбірі қайталайды.
Әр ұлттың, халықтың санасында әлем бейнесі сыртқы және ішкі факторларға байланысты әр түрлі болғандықтан, тілдегі ерекшеліктер де сан алуан. Сыртқы факторларға географилық орта, әлеуметтік жағыдай, шаруашылық түрі, діннің ықпалы, тарихи жағыдай т. с. с. жатса ішкі факторларға әдетғұрып, дүние танымды, әдепшарттарын, жолжосықты жатқызамыз.
Тілдегі әлем бейнесі, басқаша айтқанда, сөздердің қоршаған дүниені белгілеп атауы қандай жағыдайларға байланысты жүзеге асады деген сұраққа көптеген ғалымдар осы уақытқа дейін жауап іздеуде. Бұл тақырыпқа байланысты зерттеулер тілдің әлемде танылуындағы қызметін жанжақты қарастыратын әр түрлі пікір талас тудырады.
Л. О. Чернейконың еңбегінде тілдің философиялық табиғатын, шындықты (реальность) бейнелеу сапасын абстракт атауларды когнитивтік тұрғыдан қарастырады. «Сепир-Уорф гипотезасының тұжырымдары көптеген зерттеулерге жол ашты, нәтижесінде бірқатар этностың мәселелер шешімін тапты, көптеген деректер дәлелденді, нақтыланды. Бұдан мынандай қорытынды шығады: ұжымдық сана дыбыстық атауы жоқ дүниені, затты, құбылысты, нәрсені танымайды «көрмейді», ал сана арқылы тану лексикасемантикалық деңгейде алатын болсақ - семантикалық, кеңістікке, тілдің құрылымына, сөздердің санына, және олардың меңгерілу түріне байланысты». Чернейко ақиқат (действительность) және шындық (реальность) ұғымдары туралы мынандай түсінік бар екендігін айтады: ақиқат деп санадан тыс, белгісіз дүниені айтамыз, ал шындық санамызға тәуелді, таныс дүние. Ақиқат дүние материалды және идеалды болып екіге бөлінеді. «Ақиқат кейбір элементтерінің тілде арнайы белгіленбеу себебі осы тілде сөйлеуші адамдардың санасында соған сәйкес түсініктің жоғына байланысты». Материалды дүниенің тілдегі бейнесі шындыққа жақын болуы мүмкін [3, 10б. ] .
Ұлттық мәдениеттің ең маңызды және күрделі құралдарының бірі - тіл болып табылады. Шындықтың адам санасында қабылданып, ой елегінен өтіп, сөз болып қалыптасып, сөз тіркесі немесе сөйлем ретінде айтылу үрдісі нәтижесінде, әлем бейнесі тілде екінші көрінісін табады. Сондықтан, әлемнің бейнесі мен тіл екеуі өзара тығыз қарым-қатынаста. Осыдан келіп, әлемнің тілдегі бейнесі атты ұғым пайда болуы әбден заңды. Тіл білімінде әлем бейнесін көптеген ғалымдар зерттеу объектісі етіп алады. Осы бағытта біршама жұмыс жасаған ғалымдар - Б. А. Серебренников, Е. С. Кубрякова, В. М. Постовалова, В. А. Маслова, Э. Д. Сүлейменова т. б. Бұл еңбектерде негізінен тілдің өмір сүруіндегі, дамуындағы, қызмет етуіндегі адaмның рөлі қарастырылған.
Әлемнің тілдік бейнесі деген ұғым қазіргі таңда дүние жүзі бойынша көптеген ғалымдардың зерттеу объектісі болып келеді. Бұл мәселемен айналысу көне заманнан басталады деуге дәлелдер бар. Тек зерттеуідің әр кезеңінде ғалымдар «Әлемнің тілдік бейнесі» деген ұғым аясын кеңейтіп, өз үлестерін қосуда.
«Әлемнің тілдік бейнесі» тақырыбына деген қызығушылық танытқан, осы мәселені тереңдете зерттеушілердің бірі - неміс лингвисі В. Фон Гумбольдт өз еңбегінде: түрлі тілде - ұлт үшін ерекше пайымдау мен қабылдау органдары болып табылады» дейді [4, 324б] . Бұл пікірді қостаушылардың қатарына Е. Кассирер, Л. Вайсгербер сияқты ғалымдарды жатқызуға болады.
В. Гумбольдтың зерттеулерін Америкада әрі қарай жалғастырған лингвистердің бірі - Эдуард Сепир. Бұл салада Э. Сепир «Тіл» (1927), «Грамматист және оның тілі» (1924), «Лингвистиканың ғылым ретіндегі статусы» (1929) атты және т. б. мақалалар жазды.
Ғалым «Лингвистиканың ғылым ретіндегі статусы» деген еңбегінде тілдің «социалды шындықтағы» жол көрсетуші екендігін айтады. Қоғамтануға тіл аса үлкен қызығушылық танытпағанмен, ол біздің қоғамдық үрдістер мен мәселелер туралы түсініктерімізге бірталай әсерін тигізеді. Адамдар тек материалды немесе социалды әлемде өмір сүрмейді, олардың бәрі сол қоғамның қатынас құралы болған тілдің илігінде болады. Адамдардың сыртқы дүниеде тілсіз де жол табуға болады және де тілді пайымдау мен сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасаудың өзіндік мәселелерін шешудегі кездейсоқ құралы деген түсінігі - жай ғана илиюзия. Шын мәнісінде «шындық дүние» әлдебір социалды топтың тілдік әдеттерінің негізінде құрылады. Екі түрлі тіл бір-біріне бір социалды шындықтың көрініс құралы деп санайтындай ұқсастық жоқ. Әр түрлі қауым өмір сүретін әлемдер - ол әртүрлі таңбалары бар өзгеше кеңістік деген сөз. Мысалы, бір жай ғана өлеңді түсіну оны құраушы әр сөздің әдеттегі мағынасын түсіну ғана емес. Сөздерде көрсетілген және олардың мағыналарының реңінде айқындалатын аталған қауымның символдық көзқарасы, бүкіл өмірінің бейнесі түсінілуі қажет.
А. Вайсгербер «Неогумбольдшылардың лингво-философиялық концеп-циясы» деген мақаласында «Әлемнің тілдік бейнесі» деген терминді «Weltbied der Sparche» деп атап, алғаш рет тіл ғылымына енгізді. Лео Вайсгерберді ерекше қызықтырған - тілдің идиоэтникалық мазмұны. Этникалық идеясы Л. Вайсгербер В. Гумбольдтың тілдің ішкі формалары жайында жазған еңбектерінен тапқан. «Әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын тұжырымдауда А. Вайсгербер 30-жылдардың басында бастайды. Өзінің «Ана тілі, ойлау және іс-әрекет арасындағы байланыс» деп аталатын тұңғыш мақаласында «бегілі бір тілдің сөздік қоры барлық тілдік таңбалар жиынтығынан және сол тілдік қоғамның үлесінде болатын ұғымдық пайымдау құралдарынан тұрады; сол тілде сөйлеушілердің әрқайсысы осы сөздік қорды меңгеру қарқына қарай осы тілдік қоғамның әрбір мүшесі өз ұлтына тән пайымдау құралын да меңгереді; осы тұрғыда ана тілдің мүмкіндігі өз түсініктерінде белгілі бір әлемдік бейнені иемденетінін және осы бейнені өз қоғамының барлық адамдарына тарататындығынан тұрады» деп жазды. Осылай Л. Вайсгербер «Әлемнің тілдік бейнесін» тікелей тіл феноменімен байланыстырады, дегенмен ол бейне тіл бойынан емес, тек тілдегі сөздік қордан көрінетінін айтады. Кейіннен Л. Вайсгерберд «Әлемнің тілдік бейнесі» ұғымындағы сыртқы объективтік дүниенің рөлін төмендетіп, тіпті назарынан тыс қалдырып, оның дүниетанымдық, субъективті ұлттық, идиэтикалық жағын қарастыра бастайды. Дүние дегенді дүниеге көзқарас деп алып, Л. Вайсгерберд 1953 жылы жазған «Мазмұнға бұғындырылған грамматика» атты кітабында тілдің ішкі пішінінің әсері адамдық рухтың мүмкіншіліктері мен жағдайларына сәйкес, болмыстың әр тілдің жеке болмысына айналуына көмектеседі дейді [5, 22 б] .
Ғылымда «Тілдегі әлем бейнесі ұғымы» жаңа категориялардың біріне жатады және оның зерттелуі әлі көп уақыттық еңбекті қажет етеді. Лингвистикада тілдегі әлем бейнесі және әлемнің тілдегі ұлттық бейнесі сияқты екі түрлі термин қалыптасқан. Ғалымның айтуы бойынша: «ұлттық әлем бейнесін анықтау үшін ұлттық өмір бүтіндей қарастырылады: табиғат, оның құбылыстары, тұрмыс, фольклор, поэзияның образдылығы, кеңістікпен уақыттың қарым-қатынасы т. с. с. «Ал осының бәрін, бірінші кезекте, тіл арқылы біле аламыз. Кез келген этностың тілін білу үшін аударма және салыстырма тәсілдері қолданылатыны белгілі.
«Бір тілде сөйлеушілердің өз әлемі, яғни, лексика фразеологияда, грамматикада көрініс табатын әлем туралы білімдердің жиынтығы ретінде тілдегі әлем бейнесі қалыптасады». Сонымен қатар В. А. Маслова бойынша, «тілдегі әлем бейнесі ұғымына сөздің ішкі мағынасы, сөйлемдер мен пайымдаулар, сөз мағынасының өзгеруі, ауыспалы мағынада қолданылуы, сөздің эмоционалды қызметі, оның қолданылуының жеке сыры мен қыры жатады [6, 37 б. ] .
Г. А. Брутянның пікірі бойынша, әлемнің тілдік бейнесі дегеніміз - тірі тілдер арқылы жинақталған ішкі және сыртқы дүние туралы ақпарат.
«Әлемнің ұлттық бейнесі» сол халыққа ғана тән түсінік категорияларынан тұратын тұрақты бейнелерге байланысты қалыптасады. Ол халық дүние танымына мифологиялық қағидасын құрайды. Мұндай бір тұтас дүние танымды қалыптастыратын белсенді күштердің бірі - кеңістік пен уақытқа байланысты қатынас. Бейнелеу өнерінде кеңістікті уақыт нақтылы кезеңде сәтті жерде, оқиғаны, құбылысты білдіреді.
Кез келген атау, тіл арқылы бейнеленіп көрінеді, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Әр халықтың өзіне тән іштей дамыған рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап тұрған ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші күш - тіл. Ол адамның ой санасымен, мәдениетімен, рухани өмірімен тығыз байланысты. В. Фон Гумбольдтың түсіндіруінде тіл дүниені тікелей түрде бейнелемейді. Тіл адамның дүниені қалай түсінетіні туралы көрініс береді. Ғалымның пікірінше сөз - заттың тура таңбасы емес оның біздің санамызға тілдік шығармашылық процесc нәтижесінде туған бейнесі. Яғни, тіл кез-келген жеке заттарды бейнелегенде тілде сөйлеушіге сол заттың қоршаған дүниенің есігін ашады, әлемді танытады.
Жалпы тіл тарихы - сол тілде жасаушы және сол тілді қолданушы халықтың тарихының бір саласы. Сондықтан белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі халықтың тарихына байланыссыз қарауға болмайды. Тіл тарихы мен халық тарихының байланысы - екі жақты байланыс халықтың ерте кездегі әдет-ғұрпы, тұрмысы жайындағы этнографиялық ұғымдардың атаулардың сөздіктері мен тарихи шығармаларда сақталып, олар жайында мағлұмат береді.
Этнографтар, мәдениеттанушылар халықтың замандар бойындағы тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына байланысты жайлар мен халық жасаған жайларды зерттегенде тіл фактілеріне соқпай өте алмайды.
Өйткені тіл - солардың бәрін ұзақ замандардың бойында ұрпақтан ұрпаққа жеткізген және сақтап қалған құралдардың бірі.
Қандай да болмасын жаңа ғылымға қатысты түйіндеулердің болжам айту, бағыт сілтеу тұрғысынан әр түрлі болатындығы сияқты ұлттық тіл мен ұлттық мәдениет арасындағы байланысты, мәдениеттің тілге және тілдің мәдениетке әсерін пайымдайтын анықтамалық тұжырымдар да әрқилы. Алайда осы ғылым саласының объектісі турасындағы тұжырым беру, ол - ұлттық менталитеттің, ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі тіл арқылы берілуде.
Әр ұлт тілінде дүние, әлем туралы түсініктерін түрлі тілдік фактілер арқылы кесіп-пішеді, қоршаған әлемнің тілдік әлемі, негізінен алғанда адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың толғауына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, әлемнің ондағы құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып білуге болады.
Лингвистика ғылымында ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланысы туралы көптеген пікірлер кездеседі. Орыс тіл білімінде бұл мәселе жөнінде:
«тіл - мәдениетті жеткізудің құралы»;
«мәдениеттің компоненті»;
«мәдениеттің бір құрамдас бөлігі» делінген бағыттарда біршама зерттеу жұмыстары баршылық. Аталған мәселемен қатар, соңғы кездері тіл мен мәдениеттің парадигмасындағы жеке тұлға аспектісіне назар аудару қажеттілігі де айтылып келеді. Мұндай мәдениеттің феномені мен тілді тұтынушы тұлға арасындағы байланыс зерттелуі қажет. Ал бұл мәселе кез-келген халық өмір сүретін қоғамда болып жататын әлеуметтік - қоғамдық өзгерістерге байланысты. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы зерттеушілер, яғни осы мәселені жан-жақты ауқымды түрде қарастыруға талпыныс жасады.
Тіл - мәдениеттің феномені, ұлт мәдениеттің көрінісі ретінде ғылымда өз дәрежесінде әлі де зерттелмей келеді. Мәдениаралық қарым-қатынастар саласы мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығы прагматикалық жақтан танып, жүйелі түрде қарастырады.
Тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін мәдени құндылықтардың қолданылатын жүйесін зерттейді. Осыған байланысты тіл мен мәдениеттің элементтерін шоғырландыратын, яғни жинақтайтын, синтездейтін лингво-хультурема, мәдениаралық өріс мәдениаралық компетенция деген ұғым - түсініктер жиі аталып, ғылыми аудиторияларда сөз болып жүр. Бұл аталған терминдік ұғымдардың әрқайсысы өз алдына белгілі бір жүйелік жүктеме құрайтын күрделі мәселелер.
Тіл деректерін зерттеу және оларды пайдалана білу тарихқа қатысты әртүрлі мәселелерді танып-білуге көмектеседі. Ол мәселелер қатарына белгілі бір халықтың тегі, оның пайда болуы, халықтардың дамуының әр дәуіріндегі мәдениеті, белгілі бір халықтың басқа халықтармен байланысы туралы мәліметтер енеді. Рулардан тайпаның, тайпалар одағының халықтың жасалып пайда болуы ру тілінен тайпа тілінің, тайпа тілінен халық тілінің пайда болып жасалуынан бөлек емес, қайта бір-бірімен қабаттасып жатады. Демек халық тілінің жасалып, пайда болу тарихына қатысты мәселелерді есепке алмай тұрып, халықтың жасалып, пайда болу мәселесін ғылыми тұрғыдан жан-жақты дұрыс шешу мүмкін емес.
Тілдің мәні, оның номинативтік сипаты, тілдің шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің ара-қатысы және т. б. мәселелерді зерттеп шешу үшін философия, психология тіл біліміне бағыт-бағдар сілтеді. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, ғылым адамның ойлау процесі, өзін қоршаған дүниені адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Этнография, мәдениет, өнер тіл туралы айтқан семантикалық философияның өкілі, американдық дискриптивті мектептің ірі ғалымы Эдуард Сепир туралы сөз қозғаған орынды. Ғылымда Уорф-Сепир гипотезасы деген атпен белгілі болған атақты ілімнің иесі тіл мен мәдениет туралы алғаш сөз еткендердің бірі. Оның пікірінше, «мәдениет - халықтың ойлауының, ісінің көрінісі, ал - тіл қалай ойлаудың көрінісі». Сепирдің түсінігі бойынша, тіл - билолгиялық мұра емес, ол мәдени құбылыс [7, 174б. ] .
Мәдениаралық қарым-қатынас - жаңа ғана өрісін жайып келе жатқан, әлі де болса ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамалары нақтылана қоймаған ғылым, екіұдай екі өзекті мәселелерге шешім табатын гуманитарлық ғылымдардың көшбасында болатындығы даусыз.
Мәдениаралық лингвистикалық сауалдарға жауап беретін зерттеулердің негізгі мақсаты - тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этно-мәдени және этно-психологиялық факторлардың әсер етуін қарастыру. Тіл мен этносқа қатысты мәселелер В. фон Гумбольдт, А. А. Потебня, А. Ф. Лосев, Филипов А. В, Н. И. Толстой, Ә. Т. Қайдаров, Е. Н. Жанпейісов т. б. ғалымдардың жұмыстарында қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz