Ортағасырлық философия туралы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

  1. Ортағасырдағы батыс еуропалық христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері.
  2. Ортағасырлық философияның негізгі кезендері патристика және схоластика. Августин Авремий және фома Аквинский.
  3. Әмбебаптық (универисалия) мәселелері. Номинализм және реализм.
  4. Араб тілдік философиясындағы антикалық мұра.

Қолданылған әдебиеттер.

1. «Ортағасыр» термині түсіндірілуді керек етеді. Еуропалық философияда бұл термин христиан дінімен байланысты. Христиан діні біздің жыл санауымыз бойынша І-ІІ ғ. ғ., құлиленуші қоғамның күйреуі, Рим империясының құлау кезеңінде пайда болды. Еуропалық христиан немесе ортағасыр философиясы І-ХV ғ. алып жатыр

Христиан дінінің тарай бастауына байланысты, оның догматтарын рационалдық (ақыл-ой) арқылы көрсету мәселесі қойылды. Сонымен бірге антикалық философтардың еңбегін пайдалану мақсаты үстем болды. Ортағасырлық ойлау мен пайымдауда екі түрлі дәстүр анықталды:

  1. Христиан дінінің негізін түсіндіру.
  2. Антикалық философияның идеялистік жағын қолдану.

Ортағасыр философиясы негізгі шіркеу догматымен есептеме отырып дамыды. Сол кездегі философияның өмір сүруі тарихи жағдайға байланысты болды. Шіркеу мен дін қоғамдағы әлеуметтік өмірдің табиғикөрінісі болды. Олардың абсолюттік үстемдік философияның және бүкіл мәдениеттің ойдағыдай дамуына мүмкіндік туғызбады. Ойшылдар шіркеу мектептерінде және діни қызмет атқару арқылы ғана философиямен шұғылдануға мүмкіндік алды. Философия білім саласында өзіндік ерекшелігінен айырылды. Дін түріне айналым, дінінің қызметін атқарушы «малайы» болып шыға келді. Философия негізінен діни қағидаларының қасиетті мәтіндерін түсіндірумен шұғылданды. Сонымен бірге философия мәселелерінің де ерекше түрі болды. Мысалы; Әлемді құдай жаратқан ба, әлде өзінше өмір сүре ме? Адамның ерік-бойындағы мен құдайдың қажеттілігі қалай үйлеседі? Деген сұрақтар туындайды.

Ортағасыр философиясындағы негізгі мәселелері: Онтология, антропология, гносология.

1. Онтология (болмыс) . Барлық тіршіліктің алғашқы себебі Құдай. Құдай құдіреті тіршілік иесі ретінде дүниені, адамды жаратқан және оны басқарып, әркімнің өмірін болжап отырады. Бұл философияның жүйесінде антикалық философияның дәстүрі секілді, болмыс мәселесі тұрды. Айырмашылығы ортағасыр , яғни, шындық болып табиғат емес, шексіз құдіретті Құдай саналды. Теоцентрлік (тео-құдай орталықта) ойлауда адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш-қуат барлық тіршілікті анықтаушы және жаратушы. Құдай дүниені жоқтан жаратты делінген принцип көзқарасты Креационализм (лат. creatio-жасау) дейді ол. Әлемдегі тірі және өлі табиғаттың бірегей шығармашылық актіде жасалғандығы туралы идеалистік ілім. Құдай және оның жаратқан дүниесі екі нақты әртүрлі онтологиялық (болмыстық) жағдайларда көрінеді, олар бір-біріне ауыспайды. Құдай мәңгі, өзгермейді, бәрінен де тәуелсіз, ол барлық тіршіліктің көзі және оны тану мүмкін емес. Құдай ең доғарғы игілік. Ал, дүние болса керісінше, құбылмалы, тұрақсыз, ауыспалы және жақсы жетілмеген. Басқа сөзбен айтқанда адам үшін барлық дүниедегі зұлымдық-бейболмыс, өйткені құдай зұлымдықты жек көреді, игілікті құптайды. Зұлымдықтың өмір сүруін ортағасырдағы қоғамдық сана былай түсіндірді. Зұлымдық ақиқаттық болмыста бүркеніп игіліктің арқасынан өмір сүреді.

Ортағасыр адамы әлемнің тұрғылықтығына таңғалуымен болды. Табиғат әлімінің табиғылығымен қатар және оның заңдарымен таңғаларлық әлемнің өмір сүруін, оны құдайдың жаратқанын мойындауды. Сонымен бірге тіршілік дүниесі мен о дүние (өлгендер әлемі) интенсивті (қарқынды) және драмалық қатынаста болады.

Әрине, философтар осыдан пайда болатын сұрақтарға жауап іздеді. Осы екі дүниені тануға бола ма, болса ең алдымен қандай деңгейде.

Антропология мәселесі: Антропология- адам туралы ілім. Осы ілімде адамды құдай жаратқан және өзіне ұқсас жасаған. Бірақ, адам табиғаты екі жақты. Яғни, жан мен тән. Жан болса рухани ғана емес, құдай берген игілік, дене-шайтан қонысы. Адам өз күнәсінен және шайтанның арам пиғылынан құтылу үшін, туған күнінен (өлгенше) шіркеу мен діннің қолдауына зәру болу керек. Ортағасыр философиясы өзінің антология мен антропологиясын ақыл-оймен негіздеу қиын болғандықтан өзіне тән гносологиясын жасады.

Гносология-тану мәселесі, діни философияда ақиқатты мойындау ақыл-ойға сүйенбейді, ол тек ішкі қайғы-қасіретке, тілекке, еш уақытта ойланбай толғанбай-ақ сай болуы керек дейді. «Сенемін, тіпті ақыл-ойға сай емес садырақ болсада»-бұл діни гносологиялық принцип.

Танымның ерекшелігі әлде бір тілекке, сенуге негізделуіне байланысты ақыл-ой, логика, жүйе, дәлелдеу, өзінің мәнін жоғалтты деу қате қорытынды болған болар еді. Рационализмнің элементтері, логикалық құрал библияның қасиетті қағидаларын талдауда, іздеуде екінші сатыдағы құрал ретінде сақталады. Рационалдық философия библиядағы бейнелерді, символдарды логикалық тілге аударуға өте үлкен роль атқарды.

2. Ортағасыр философиясы екі кезеңінен тұрады:

1. Патристика (Pater-әке шіркеу әкейлерінің діни философиясы) .

2. Схолостика (лат. Тілінде мектеп) деп аталады. Қазір схолотика

деген ұғым өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз сөзге

үтір дегеннің синонимі.

Философия тарихы Патристика Іғ. -VІғ. Болды деп анықтайды. Христиан дінінің догматын (қағидасын) жасаушылар. Тертуллиан Карфагенский (160-220ж. ж. ) Аврамий, Климент, Александрский (150-215ж) Августин Блажекный (354-430), Ориген (185-253), Боэций (180-526) .

Бұлар өз кезеңінің ірі философтары болған.

Патристика кезеңіндегі басты мәселелер:

  1. Құдайдың мәні және оның үш жақтылығы мәселесі (Құдіретті құдай, оның ұлы және қасиетті тухтың ара қатынастары) .
  2. Христтың табиғаты-құдайлық, адамның немесе құрайдылығы адам. (Христологиялық мәселе)
  3. Сенім мен ақыл-ойдың қатынасы, христиандық аян және пұтқа табынушылардың данышпандығы (гректер мен римдіктер) туралы.
  4. Тарихты ақырғы анық мақсатқа жегу қозғалысы ретінде түсіну-«Құдай қаласы».
  5. Адам бостандығын құтқару мүмкіндігі немесе оның жанының қирауы жөнінде. (Августин)
  6. Әлемдегі Зұлымдықтың пайда болуы және оған құдай қалай шыдайды және басқа мәселелер.

Патристиканың атақты бір өкіліне тоқталып өтейік.

Антикалық философиясынан шіркеу әкейлерінің философия концепциясы және категориялық апаратын жасауға Платонның әсері көп тиді.

«Схолостика» кезеңі-философиялық ілімі «схолостика». Оның өкілдері: Эридген, Бонавентура: Альберт Велиют: фома Аквинский, Иоанн Росцелпин: Ньер Абеляр: Ансельм Кентерберрийский т. б. Бұлар патристика көтерген мәселелерді жалғастырды. Бірақ бұл мәселелер өзінің әдісімен мазмұны жағынан басқа сипатта болды. Мазмұны бойынша бұрынғыдай құдай мен күнәден құтылудың құпиясымен байланысты, бірақ алдыңғы қатарға ақыл-ой мен сенім, дін мен ғылым мәселелері шықты. Жалпы мен жеке ұғымдардың ара қатынасы көк орын алды.

Схолостикалық философия христиандық діни ілім мәнін, тек сенім ғана емес, сонымен бірге рационалдық (ақыл-ой) негізді, ғылыми Авремий Авнустин (Блаженный) -354-430 Христиан теолоні, епископ Гиппон қаласы (солтүстік Африка, Рим империясы) Христиан дініндегі католизм ағымының негізін салды. Негізгі шығармасы «Құдай қаласы туралы»-бұл еңбек жүздеген жылдар бойы діни ілімді тартуда, зерттеуде және оны оқуда басты құрал болды.

Негізгі қағидалары:

  1. Тарихтың барысы, қоғам өмірі- екі қарама-қарсылық патшалығының күресі-жерлік және құдайлық.
  2. Жер бетіндегі патшалық мемлекеттік мекемелерде өкімет әскер, заң, император арқылы іске асады.
  3. Құдайшылық жолда діни қызметкерлер- олар берекелі және құдайға жақын, шіркеуде біріккен адамдар.
  4. Жер патшалығы күнәға толы және пұтқа табынушылар бар. Оны құдай бәрібір, бір кезде жеңеді.
  5. Көнбеген адамдар күнәлі және құдайдан алыс. Ақсүйектер өкіметі арықарай өмір сүре беруі керек, бірақ олар Рухани өкіметке бағынады.
  6. Корольдер мен императорлар хритиан шіркеуінің ырқын (еркін) білдірумен бірге тікелей Рим Папасына бағынады.
  7. Шіркеу-әлемді біріктіретін қабілетті күш.

Құдай туралы ойлары:

  1. Құдайдың өмір сүруінің белгісі-барлық заттарға қатысты, құдіреттілігі және жетілгендігі.
  2. Барлық материя, жан, кеңістік және уақыт. Құдайдың әрекетінен жаралған.
  3. Құдай тек қана жаратып қойған жоқ, жаратуын жалғастырып жатыр, келешекте де солай бола береді.
  4. Білім (сезім, ой, тәжірибе) шындық және жетілікті, бірақ ең басты ақиқат, дәлелді білім тек Құдайды танудың арқасында туады.

Авремий Августин өзінің, Құдай қаласы туралы еңбегінде атақты ойын «credo ut untelliyam intellido ut credam» (түсіну үшін сенемін, сену үшін түсінемін) деп негіздейді.

Оның философиясы: «Сенімсіз-білімде ақиқат жоқ» деген принципке бағынады. Ол тарихты, адам тағдырын фаталистік тұрғыдан түсінетін діни концепцияны ұсынды. Оның христиан діннің кейінгі дамуына ықпалы зор болды. Протестант және католистік дінбасшылары оны кеңінен пайдаланады. Православие шіркеуінде оның еңбектері Рационалдық құрлымдық ілім ретінде көп тараған.

Философиямен жету мақсатын қойды.

Ортағасырлақ схолостика оралымды болды, ол өзінің формаларын жиі ауыстырып отырды, диалектиканы діннің догматтарын дәлелдеу үшін пайдалануға тырысты, болмыс, мән, форма және басқалар секілді философиялық ұғымдарды бұрмалап түсіндірді, таным теориясын былықтырды.

Схолостар білімді екіге бөлді:

  1. Түсініктеме жүрмейтін аян арқылы берілген табиғаттан тыс жайлар (яғни, Құдай Библияға ана-мына дайын ойды салған) ;
  2. Адамның ақыл-ойымен табылған (яғни, адам Библия мәтіндерін аша білдіме, Құдайдың идеясын қалай түсіндірді?)

Схолостика шіркеулі көзқарасқа «шіркеу әкейлерінің» ілімдеріне қарағанда қасиетті жазуға көп көңіл бөлді. Бұл уақытта Платон философиясының беделі түсіп, Аристотельдің анық айтылған философиялық «реализм» концепциясы мен формальдық логикасы кең дамыды. Схолостикалық тәсіл қалыптасты.

4. Ортағасырлық схолостикада Универсалин (әмбебап) төңірегіндегі дау-жанжал үлкен орын алды.

Схолостикадағы ең бір орталық мәселе номинализм мен реализм. Ол христиан дініндегі құдайдың үштік мәні туралы догматты және Құдайдың болмысын дәлелдеуге байланысты.

Номинализм (лат. Momen-есім, атау) . Жалпылық жекені айқындай алмайтыны былай тұрсын, тіпті нақты өмір сүрмейді де. Жалпы идеялар бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана өмірде шын өмір сүретін жеке заттар, ал адам болса сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып біледі. Номинализмде- материяның алғашқылығы туралы материалистік ұғым қалыптасты. Бұл ілім дін иелерінің ашу ызасын тудырды.

Реализм-жалпы ұғымдар Универсалийлер (лат. Universalis-жалпы) реалды, әуелбастан өмір сүреді деушілер (реалистер лат. Realis-шындық заттық) .

Ансельм Кентерберрийскийдің пікірінше, жалғыз құдай өмір сүреді, дүниеде бар нақты объектіге тән, оның анықталған түрі болады.

Ортағасырдағы әмбебаптық түсінік Платонның «идея» туралы ілімнің негізінде пайда болды. Нақты заттардың табиғатын анықтайды, олардың идеалдық моделі болады, сонымен бірге-бұл заттардың себебі мен мақсаты, яғни бұл ілім Аристотельдің форма туралы іліміне жақын болды.

Ортағасырда әмбебаптылық мәселесі алғашқы рет Порфирийдің еңбегінде қойылды, бірақ ортағасырлық схолостикаға Боэций арқылы енді, және оның Порфирийдің еңбектеріне берген түсініктемелеріне байланысты келеді.

Порфирий үш сұрақ қойды:

  1. Әмбебаптылық деген бар ма (яғни түрлері: жануарлар, адам, атаулар және т. б. ) Өз бетімен (яғни, нақты заттардан тыс) өмір сүре ме?
  2. Егер бар болса, онда олар денелік пе немесе денесіз бе?
  3. Егер олар денесіз болса, онда олардың бірыңғай табиғаты сезімдік заттары мен бар ма?

Порфирий бұл сұрақтарға ешқандай жауап берген жоқ, бірақ бұл үш сұрақ, әсіресе біріншісі ортағасыр дәуірінде өте қатты пікір таласын тудырды. «Әмбебаптық» өз алдына өмір сүре ме? Деген сұраққа байланысты философтар Реалистер және номиналистер болып екіге бөлінді.

Әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды екшелеп, атом арқылы пайда болған жалпылық ұғым.

«Жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне.

Ал «адам» деген жалпы атау-ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым.

Фома Аквинский-ірі ортағасырлық философ, схолостикалық жүйені жөнге келтіруші. Католик шіркеуінде үстемдік ететін томизм бағытының негізін салушы. Негізгі еңбегі: «Теология жиынтығы», «Пұтқа сенушілерге қарсы сумма» (сумма-против язычников) .

Ол Құдайдың өмір сүруінің бес дәлелін айтады:

  1. Қозғалыс: Барлық қозғалысқа, дем беретін, яғни қозғаушы алғашқы күш-Қуат.
  2. Себеп: Барлық өмір сүретін тіршіліктің себебі-барлығының бастама себебі-Құдай.
  3. Кездейсоқтық және қажеттілік. Кездейсоқтық, қажеттілік, мүмкіндік пен шындықтан туады, олай болса алғашқы шындық Құдай.
  4. Сапалық дәрежесі: Барлық тіршіліктің алуан түрлі сапалық дәрежесі (жақсы, жаман, көп, аз) бар, олай болса кемеліне жеткен тіршілік те бар-ол Құдай. Әлемдегі барлық заттар бірімен-бірі сәйкестеніп, қиылысып байланысқан, оны жасайтын Құдай.
  5. Мақсат: Қоршаған әлемде қандай болса да мақсат бар, бәрі де мақсатқа бағытталған, әрі мәні бар, олай болса, әлдеқандай ақыл-ойға сиятын бастама бар. Онда бәрін мақсатқа бағыттап, бәріне мән беретін-Құдай.

Бұлар Аристотель ілімінің материалистік идеяларын алып, оның идеялистік элементтерін күшейту бағытына қызмет етеді. Ол универсалийдың үш түрін мойындады:

  1. Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті) .
  2. Заттардың өздеріндегі (жердегі, жекедегі жалпылық) .
  3. Заттардан кейінгі түр (адам санасында танылатын) .

Аквинскийдің негізгі принципі-сенім мен сананың үйлесімдігі.

Ақыл-ой құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды. Аквинскийдің пікірінше барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіреті бойынша қалыптасады.

4. Араб философиясы.

Батыста философия, өнер және ғалымның дамуы ортағасырда біршама тоқтап қалды, ал Шығыста араб ойшылдарының арқасында ерекше дами бастады. Арабтардың ұлттық сана-сезімнің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, VII ғасырда Араб жерінде жаңа ислам діннің пайда болуымен тікелей байланысты болды.

Ислам Шығыстың дәстүрді сақтап Құдайды табиғаттың (космостың) объективтік заңдарын орындаушы, оларды адамдарға жеткізуші құдіретті күш ретінде таныды, адамды көп тіршілік иелерінің тең бірі деп санады, қанағаттылыққа, руханилыққа шақырды. Иудайзм дінінің Құдайдың Жерді адам үшін жасағаны, адамды өзіне ұқсас етіп тұрғызуы т. б. идеяларын қабылдаған және «адам-құдай» ілімінен оны тереңдете түскен Христиан дініндей Ислам табиғатқа немқұрайлы қарамайды, оны бар күнәнің көзі деп санамайды, керісінше, дәріптеп пір тұтады. Бұл табиғатпен, байлық үшін басқалармен соғысудан құтқарады, табиғаттану ғылымдарынан гөрі, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың көп жетілуіне жол ашады. Исламда пентлистік (табиғаттың өзін құдай деп тану) серын басым (Ибн Син, Ибн Рушд ілімдерінде), сондықтан Крест жорықтарынын нәтижесінде фундаменталдың күйге түскен жаққа дейін, «құдайды тану-табиғатты оқу»қағидасына сүйеніп араб тілді елдерде барлық ғылым салалары, мәдениет ерекше дамыды. Ортағасырдағы Шығыс дін мен ғылымның үйлескен кезеңі болды, ғылымның қайта жаңғыруының негізгі себебіне айналды.

Ортағасырда Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гипократ, Галеннің, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Х ғ екінші жартысында Испанияда орталық Пиреней түбегіндегі Кордово қаласына ойысты. ХVI ғасырға мәдени даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотель ағымның ықпалы өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман пери-патеризімінің (гр. Peripatetikos-серуен кезінде жасалатын) негізі қаланды. Ол негізінен екі ағымға бөлінген.

  1. Шығыстық Аристотелизм: Аль-Кинди, Әл-Фараби және Ибн-Сина (Авиценни) .
  2. Испан Аристотелизмі: Ибн Рушд (Аверроэс) және Ибн Туфайль.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасырлық схоластика
Ортағасыр мұсылман философиясы
Ортағасырлық философияның ерекшелігі
Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Ортағасырлық батысеуропалық философия туралы
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Антик философиясы туралы ақпарат
Ортағасырлық Батыс және Шығыс философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz