Қазақстан Республикасының су ресурстары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 Тарау . Қазақстан Республика.
сының су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Тарау . Су қорларын ластаушы
қорлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3 Тарау . Су тапшылығы мәселе.
сін шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
4 Тарау . Су қорларын қорғау
және үнемді пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі – су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен, суды алмастыратын зат табылған жоқ.
Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін де ескерген жөн.
Денедегі су мөлшері 10-12%–ке кемісе, адам әлсіреп, шөлдеп аяқ-қолы дірілдей бастайды,20-25%–ке кемісе, өмір сүруі тоқтайды. Бір адам 70 жылда орта есеппен 50 тонна су ішетін көрінеді.
Су- түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын каппилярлық қасиеті бар. Осы қасиетті топтардағы су ерітінділерін өсімдіктер бойына «сорып» алып, күн көруі үшін өте қолайлы.
Судың жылуды аз жоғалтып көп жинайтын қасиеттерін адамдар жылу тарату жүйелерінде көп пайдаланады. Қоршаған ортаның жылуын су өзіне жинап алатын болғандықтан, өнеркәсіпте жылу алмасатын орталықтар жұмыс істейді.
Жер шарындағы сулар үнемі қозғалыста болып, барлық бос сулар олардың агрогаттық (сұйық, бу, мұз) күйіне қарамастан, жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.
Жер бетінің 77,5%–ін су алып жатыр.
Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі- мұхиттар. Мұхит суларында пайдаланатын кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өнеркәсіптері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға болады.
Теңіз суларында алтынның, магниттің, платинаның, алмаздың, тантал- ниобиттің, цирконийдің, тағы басқаларының қоры құрлықтағы мөлшерге тең. Онда көмірдің, темірдің, мыстың, никельдің, қалайының қорлары да көп.
1) Ғ. Сағымбаев «Экология негіздері», Алматы 1995
2) А. К. Бредский «Жалпы экологияның қысқаша курсы», Алматы «Ғылым»1998
3) Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева «Экология», Алматы «Экономика» 2002
4) Ә. С. Бейсенова «Экология», Алматы «Ғылым» 2001
5) Ә. Бейсенова, А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», Алматы «Ғылым» 2004

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 Тарау - Қазақстан Республика-
сының су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2 Тарау - Су қорларын ластаушы
қорлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

3 Тарау - Су тапшылығы мәселе-
сін шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

4 Тарау - Су қорларын қорғау
және үнемді пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі – су. Дүние жүзінде
көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен, суды
алмастыратын зат табылған жоқ.
Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат
және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін
де ескерген жөн.
Денедегі су мөлшері 10-12%–ке кемісе, адам әлсіреп, шөлдеп аяқ-қолы
дірілдей бастайды,20-25%–ке кемісе, өмір сүруі тоқтайды. Бір адам 70 жылда
орта есеппен 50 тонна су ішетін көрінеді.
Су- түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі
кернеуі өте жоғары, айқын каппилярлық қасиеті бар. Осы қасиетті топтардағы
су ерітінділерін өсімдіктер бойына сорып алып, күн көруі үшін өте
қолайлы.
Судың жылуды аз жоғалтып көп жинайтын қасиеттерін адамдар жылу тарату
жүйелерінде көп пайдаланады. Қоршаған ортаның жылуын су өзіне жинап алатын
болғандықтан, өнеркәсіпте жылу алмасатын орталықтар жұмыс істейді.
Жер шарындағы сулар үнемі қозғалыста болып, барлық бос сулар олардың
агрогаттық (сұйық, бу, мұз) күйіне қарамастан, жердің гидросфера деп
аталатын қабатына жатады.
Жер бетінің 77,5%–ін су алып жатыр.
Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі-
мұхиттар. Мұхит суларында пайдаланатын кендер, биологиялық ресурстар,
энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өнеркәсіптері үшін қажетті шикізаттар
қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын
мұхит суларынан алып толтыруға болады.
Теңіз суларында алтынның, магниттің, платинаның, алмаздың, тантал-
ниобиттің, цирконийдің, тағы басқаларының қоры құрлықтағы мөлшерге тең.
Онда көмірдің, темірдің, мыстың, никельдің, қалайының қорлары да көп.
Теңіз суларында минералды заттар да аз емес. Ондағы ас тұзын, натрий
сульфатын, калий тұзын, бромды, магнийді, йодты бірқатар елдер қазірдің
өзінде пайдаланып жүр. Теңізде құрылыс материалдары да бар. Мұхиттар мен
теңіздер жер шарында өнетін биологиялық өнімдердің 43%–ін, оттектің 50-
70%–ін береді.
Теңіз су толқындары, әсіресе, көтеріліп жағадан шыққанда және кері
серпіліп қайтқанда, энергия қуатын беретіні белгілі.
Адамдар көп тұратын, өнеркәсіптері мен ауылшаруашылығы өркендеген
аудандарда тұщы сулар тапшы, ал адамы аз шаруашылығы мешеу Сібір жерінде
үлкен өзендер мен тұщы көлдер өте көп.
Қазақстан Республикасы да тұщы су қоры тапшы елдер қатарына жатады.
Көп жылдық мәліметтерге қарағанда өзендердің жылдық ағын мөлшері 64,8 км
куб шамасында. 1 кв км-ге бөлгенде секундына 0,8 л-ден келеді. Бұл Орта
Азия елдеріндегі ең төмен көрсеткіш.

1Тарау- Қазақстан Республикасының су ресурстары

Республика территориясында ұзындығы 10 км-ден асатын 8 мыңнан астам
өзендер бар. Олардың ішіндегі ірілері – Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле
еліміздің шеткі аймақтарын басып өтеді. Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің су
деңгейі төмен, көктемде ғана жайылып ағады.
Егістіктер мен шабындықтарды суландыру, өнеркәсіпті және тұрмыстық
қажетті сумен қамтамасыз ету үшін салынған каналдар да бар. Олардың ішінде
Ертіс-Қарағанды-Жезқазған (ұзындығы 500 км), Арыс-Түркістан (200 км), Бөген-
Шаян (29 км), Шыршық (70 км), Жаңадария (600 км), Қазалының оң жақ (120 км)
және сол жақ (80 км), Басқара (48 км), Қызылорда су торабының оң жақ (80
км) және сол жақ (70 км), Шиелі – Телікөл (90 км), Шиелі –Шіркейлі (139
км), Көксу (103 км), Депсі (39 км), Шу (82 км) каналдарын айтуға болады.
Қазақстанда көлемі 1га-дан асатын 48262 көл бар. Олардың орташа
тереңдігі 1-8 м аралығында болғанымен кейбіреулері одан да көп терең.
Көлдің ішіндегі ең үлкені- Балқаш, ұзындығы 605,ені 74 км, жиналған
су көлемі 112 км куб.
Екінші орында Алакөл ұзындығы104, ені 54 км, су көлемі 56,6 км куб.
Барлық көлдердің су көлемі 190 куб км, оның ішінде тұщы (тұзы 1 гр\л) сулар
тек 20 км куб шамасында ғана.
Қазақстанда 4 мыңнан астам бөгеттер мен бөгендер бар. Олардың жалпы
көлемі 10 мың кв км де, су мөлшері 90 км куб шамасында.
Бөгендер негізінен өнеркәсіп орталықтарын су және электр қуатымен
қамтамасыз ету, маңайдағы жерлерді суландыру үшін салынған. Олардың ішінде
ірілері Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Бөген, Теміртау, Сергеев бөгендері.
Қазақстанда екі теңіз бар. Арал теңізі ұзындығы 428 км, ені 235 км,
суының көлемі 1000 куб км, ең терең жері 67 м болатын. Қазіргі көлемі
жөнінде нақтылы мәлімет жоқ. Теңізге құйылатын өзен суы 76 куб км-ден 42
куб км-ге дейін азайып, өнімді көп беретін, суы саяз, балықтар уылдырық
шашатын шығыс және оңтүстік жағалау құрғап, істен шыққан соң, теңіз
жануарларына үлкен нұқсан келуде.
Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 2430 км, теңіздің ең
терең жері 1025 м. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен басқа жануарлардың
854 түрлері бар. Өсімдіктері негізінен көкжасыл балдырлар. Соңғы кезде
қызыл және қоңыр балдырлар да өсе бастады. Жануарлар дүниесінен мекре
тұқымдас балықтарды, майшабақтарды, көк серкені, табанды ит балықтарды
кездестіруге болады
Мұнай, натрий сульфаты, мираблит, эпеолит тұздары өндіріледі. Ақтау
қаласында теңіз суын тұщытатын қуатты қондырғы жұмыс істейді.
Қазақстандағы жер асты суларының маңызы үлкен. Олар тау жүйелерінде,
Сарыарқада, шөл және шөлейт алқаптарда кездеседі. Жыл сайын қосылатын су
мөлшері 400 млрд м куб шамасында деп бағаланады.
Жер асты суларының ішінде әртүрлі ауруларды емдеуге жарайтын шипалы
сулар да аз емес. Алма-Арасан, Қапал-Арасан, Сарыағаш, Барлық-Арасан,
Жаркент-Арасан, т. б. курорттар жер асты минералды суларды пайдаланады.
Соңғы жылдары әсері күшті радиоактивті, көмірсутек, темірлі, азотты,
сілтілі, т. б. шипалы сулар табылды.
Жер асты жылы суларды парниктерді, тұрғын үйлерді жылытуға, шомылу
бассейндерінде, балық өсіруге пайдалануға болады. Ондай су ерітінділерінен
сирек кездесетін және шашыранды йод, бром, калий, стронций, литий,
германий, цезий, мыс, қорғасын сияқты элементтерді бөліп алуға болады.
Өкінішке орай, Қазақстандағы жер асты сулар орынсыз жұмсалып,
шашылып, төгіліп, елге пайдасыз болып жатқан жайлар да аз емес. Өзінен
ағатын скважиналар жабылмай, су сай – салаға ағып, ысырап болып жатыр.
Ленинск қаласында орналасқан Ресей әскерлер тобы 13794 га жерді қоқанлоққы
жасап алып, онда 160 су тартатын скважиналар тобын салып, жыл сайын 3 млн м
куб жер асты тұщы суларын құбырмен өздеріне әкетіп жатыр. Соның салдарынан
Жалағаш, т. б. аудандардың шаруашылығы пайдаланып жүрген скважиналардан су
шықпай, олар ауыз сусыз қалды. Мұнан былайда әскери топтар сұраусыз және
бақылаусыз жер асты суларын ала берсе Қарақұм мен Қызылқұмдағы су қорлары
таусылып, бұл байтақ өңірдің тез арада істен шығатын түрі бар.
Қазір 50 елде тұщы су жеткіліксіз. Сондықтан да адамдар көп жылдар
бойы тұщы суды гидросфераның басқа бөлшектерінен алу жолдарын қарастыруда.
1973 жылы Қазақстанның Ақтау қаласында тәулігіне 100 мың м куб су тұщытатын
қондырғы салынды. Теңіз суындағы балдыр иісін кетіру үшін активтендірген
көмірден өткізіп, тазалау үшін мәрмәр ұнтағынан тұратын сүзгіден өткізіп,
құрамын байыту үшн кальций карбонатн қосып, өткір иісті ашық сары түсті
газбен араластырып, минералды су қосады. Сөйтіп сулардың иісі кетіп,
тазарып тұзы азайып, ішуге қолайлы болады.
Ащы суларды әлсін- әлі қолдан мұзға айналдырып, қайтадан еріту әдісін
қолданып немесе биологиялық микробактерияларды пайдаланып тұщытуға болады.
Тұщы суды магниттен өткізу жолымен алуға болады.

2 Тарау - Су қорларын ластаушы көздер

Өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктерге жыл сайын 600-700 км куб су
жұмсалады, олардың ішінде 130-150 км кубі гидросфераға қайтып оралмайды.
Қалғандары өзен, көл, теңіз және жер асты суларға қосылады.
Қалдық суларды қанша тазалағанмен 10-20% шамасында ластаушы заттар
бөлінбей сақталады. Бір рет пайдаланған қалдық суларды тазалау үшін оларды
7-14 есе көп таза, оттегі мол сумен араластыру керек.
Өндірістік технологияның жаңаруына қарамай, 20 ғасырдың аяғында
қалдық сулар көлемі 6000 куб км-ге жетті. Ал мұншама қалдық суды таза сумен
араластыру үшін барлық өзендердің 1 жылдық ағыны жетпейді. Міне сондықтан
тұщы сулардың тапшылығына сапасы жақсы сулардың жетіспеуі қосылатын түрі
бар.
Ауыз су мәселесі Рейн өзені жағалауында орналасқан Швейц, Бельгия,
Люксембург, ГФР, Франция, Голландия тұрғындары үшін үлкен проблемаға
айналды. Өндірістік және тұрмыстық су қалдықтарымен Рейн өзеніне мыңдаған
тонна металл, май, химиялық уытты заттар келіп қосылады. 1952 жылы өзен
бетінде қалқып жүрген майлар мен шайырлар жанып, үлкен өрт болды. Суда
балық қалған жоқ, егістік жерлерді суаруға болмайды. БҰҰ комиссиясының
қорытындысы бойынша өзенде кемелер ғана жүруге рұқсат етілді.
Австралияның Кремс химиялық концерні Дунай өзеніне бірнеше тонна
уытты химикаттар жіберіп, өзеннің 70 км-ден астам бойында балықтар қырылып
қалды. Жарты жылдан кейін ғана су тазарып, бұрынғы қалпына келді.
Жапонияның Тиссо химиялық компаниясының зауыттары Кюсю аралындағы
Миномата шығанағына ұзақ уақыт сынап қосындылары бар қалдықтарды төкті. Бұл
уытты қалдықтар балықтар арқылы адам денесіне өтіп, жүйке тамырларына
зиянды әсер етті. Ауырған адамдар сөйлей алмайтын, көздері көрмейтін,
құлақтары естімейтін, түзу жүре алмайтын болып қалды.
Алматы қаласының көшелерімен өтетін Үлкен Алматы, Кіші Алматы,
Весновка, Қарасу өзендерінде мұнай өнімдерінен басқа да зиянды қалдықтар
көп. Автобазалардың, тері комбинаттарының, қаладан жоғары канализациясы жоқ
елді мекендердің қалдықтары өзен суларын ластайды.
80-шы жылдары Жамбыл облысының химия кәсіпорындарында бірнеше рет
апат болды, олардың уытты өнімдерін маңайдағы көлдерге құйып, өлі көлге
айналдырды.
Ертіс өзені мен оның салалары шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар
облыстарының түсті металлургия, құрылыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өзен бассейндері
Ауа, су, топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсерін зерттеу
Сарысу өзені алабының көлдері
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Диплом алдындағы іс-тәжірибе бойынша есебі
Жер үсті суларының негізгі ластану көздері және ластаушы заттардың түрлері
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
Мониторинг түсінігі
Қазақстандағы дәстүрлі емес энергия көздерінің күйі және ресурстарын бағалау
Трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалануды басқаруды жетілдіру
Пәндер