Өнеркәсіп кешендері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

  1. Өнеркәсіп кешендеріОтын-энергетика кешеніМұнай өнеркәсібінің дамуы.
  2. Агро өнеркәсіп кешені

2. 1. Қара металлургия және химия өнеркәсібі

2. 2. Мал шаруашылығы.

Қорытынды.

Оңтүстік Батыс экономикалық ауданға Атырау және Маңғыстау облыстары кіреді. Аймақ жерінің көлемі 284 мың шаршы км тең, халқының саны 797 мың адам, оның 75% қала тұрғындары. Орта есеппен алғанда 1 шаршы км шаққанда халықтың тығыздығы 3 адам шамасында. Оның жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 1517 км тең, ал асфальт төселген автомобиль жолының ұзындығы 4700 км.

Оңтүстік Батыс өңірі өнеркәсіп салаларының ішінде мұнай, газ шығаратын және мұнай, газ өңдейтін салалар басым республиканың жалғыз экономикалық ауданы. Бұл жақта балық және мұнай-химия өнеркәсіптері даму үстінде.

Осы экономикалық ауданда Қазақстан халық шаруашылығының негізгі қорының 16% астамы шоғырланған. Оңтүстік Батыс аудандарының республика өнеркәсібінің жалпы өніміндегі үлесі 13%шамасында, ал ауыл шаруашылық өнімінде 2%. Бұл өңір республиканың халық тұтынатын заттардың 3% астамын өндіріп, товар айналамының 5% қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ЖІӨ-9 өндіріліп, еңбек қорының 5% шоғырланған.

Регион респупликаның өнеркәсіптік ауданына жатады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларының тұтас өнімдері көлемінде өнеркәсіптің үлесі 82% астам. Атырау және Маңғыстау облысиары шөл және шөлейт аймақтарда орналасқан, сондықтан ауыл шаруашылық өндірісін дамыту қиынға түседі.

Қазақстанның бұл бөлігінде жаңа мұнай және газ кен орындарын ашу міндеті тұр. Осы себептен жердің кейбір көп шағын қажет ететін скважиналарды терең (500 м астам) бұрғылау жұмыстарын жүргізу қажет.

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнын тез игеру мақсатымен 1992 ж. ҚР Үкіметі «Теңіз-Шевройл» ірі ОҚ құру келісіміне қол қойды, оған «Теңізмұнай» ӨБ және «Шевройл» америка компаниясы бірігіп енді. «Теңіз-Шевройл» ОК негізгі келбеті көмірсутекті шикізаттарды шығару, құрылыс материалдарын өндіру, мұнай және газ өңдеу, қара және түсті металлургия өнімдерін өндіру, жаңа технология игеру, делдал маркетинг қызметін жасау, сауда-саттық әрекеттер. Тіркеу кезіндегі ОК құру қоры - 68 млн теңге болды, онда шет ел серігіміздің үлесі - 50%.

Мұнай шығаратын өнеркәсіптің дамуына байланысты жанар-жағар май (ЖЖМ), электродты кокс, полиэтилен, полипропилен және басқа өнімдер өндірітін Атырау МӨЗ және химия салалары дамиды. Машина жасау саласы бұл ауданда мұнайгаз өнеркәсібіне қажет машина шығаратын Атырау машина жасау заводы және Балықшы селосында республикада кемелер жөндейтін жалғыз завод жұмыс істейді.

Өңір экономикасында балық өнеркәсібі айтарлықтай орын алады. Балық аулау республикада ұсталған балықтың жартысын беретін Каспий теңізінде және Орал өзенінде жүргізіледі. ТМД елдеріндегі ірі Атырау балық консерві колмбинаты көптеген шет елдерге экспортқа жіберетін ірі дәмді балық Балықшы балық комбинаты және Шортанбай балық заводы жұмыс істейді.

Оңтүстік Батыс Қазақстан өңірінің, әсіресе Маңғыстау облысы орналасқан. Маңғыстау тбегінднгі табиғи байлықтарды игеру үшін орсан зор отандық және шет ел инвестициялары қажет.

Қазіргі кезде бұл жобаға қаражатты инвестициялау мынадай себептермен баяу жүруде: біріншіден, инвесторлар жобадағы өз үлестерін нақты нәтижені ескермей алғысы келеді, бұған республика дәлелді келіспейді; екіншіден, әлемде шикі мұнай, сұйытылған газ нарығының құбылуының белгісіздігі Қазақстан экономикасына жұмсайтын қаржылардың экономикалық қауіп-қатер деңгейінде әсер етеді.

Ақтау қаласының солтүстігінде 300 км қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында «Арман» кен орны орналасқан, мұнда 11 скважина бұрғыланған, мамандардың болжауы бойынша мұнай қоры 7-9 млн. т. тең. Қазіргі уақытта құрамына «Маңғыстаумұнайгаз», «Жарқын» АҚ-ры және «Орикс инеджи» американ қоғамы енетін «Арман» ОК құрылған. Бұл компанияның әрекет жасайтын өрісі, теңізде мұнай және газ барлау және шығару. Инвестицияның көлемі 110 млн. АҚШ долл. Болып белгіленеді.

Маңғыстау облысында мұнай шығарудың өсіне қарамастан қазіргі кезде мұнай өңдейтін кәсіпорын жоқ. Осы себептен жалпы фирмасымен бірігіп, Дунга мұнай кен орнында мұнай өңдеу заводы салынуы белгіленді. Бұл өңір шаруашылықтарының құрылымын өзгертіп, ауданның мамандану шекарасын кеңітеді.

Газ өңдеу өнекәсібі қуаттылығы 2 млрд. куб. М. ілеспелі мұнай газы, бензиннен тазартылған және сұйылтылған газ этан өндіретін Жаңа Өзен қаласындағы Қазақ газ өңдеу заводымен көрінеді. Бұл заводтың өнімі регионның мұнайхимия өнеркәсібінің өнімі Ақтау қаласындағы пластмасса заводының шикізаты юолады. Ақтау пластмасса заводы пеноплен құрылыс материалынан және ыстыққа төзімді әр түрлі пластмасса бұйымдарын шығарады.

Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикасында мұнай-газ химиясы, балық ұқсату өндірістері жетекші орын алады. Сонымен қатар: кен химиясы, электрметаллургия, аграрлық өнеркәсіп кешені біршама дамыған. Батыс Қазақстан мұнай - газ - химия циклы Маңғыстау түбегіндегі мұнай мен ілеспе газды өндіруді, Жаңа өзен мен теңіздегі газ өңдеу өнеркісібін қамтыды. Атырау мұнай жабдықтарын, Ақтауда пластмасса шығарады. Батыс Қазақстандағы балық ұқсату өндірісі солтүстік Каспийде шоғырланған.

Оңтүстік Батыс Қазақстанның кен химиясы: фосфарит, натрий, бром, магний тұздарын, минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар, ферроқорытпалар өндіру.

Мал шаруашылығы жетекші роль атқарады: етті, жүнді, еділбай тұқымды қой өсіру, етті-сүтті мал шаруашылығы, жылқы, түйе өсіру қарқынды дамыған. Егіншілік нашар дамыған. Негізгі дақылдары: жаздық мұнай өңдеу, мұнай жабдықтарын шығару, кеме жөндеу зауыттары, балық консервілеу комбинаты, сүт зауыттары, ет комбинаты, электр станциялары, Атырау - Каспий кемежайы, Жайық өзеніндегі аймақ жұмыс істейді.

Ақтау қаласының негізгі мамандануы: АЭС, пластмасса, мұнай өңдеу зауыты, құрылыс материалдар зауыты.

Аймақтағы жалпы халық шаруашылығы өнімінің 40%тейі өнеркәсіптің үлесіне тиеді. Әрбір өнеркәсіп орындарында 1500-2000-ға дейін жұмысшы күші болады. Соңғы жылдарды машина жасуа және металл өңдеу, электр энергиясын өндіру және құрылыс материалдарын шығару салалары қарқынды өсуде. Аймақтағы өнеркәсіп өнімдерінің көптеген түрлері еліміздің басқа аудандарына, ал кейбір өнімдері 40-қа жуық шет елдерге шығарылады. Қазіргі кезде мұнай-газ конденсатын игеруге болашақта ағылшын немесе итальян концерндерінің технологиясы қолданылады, «Бритиш Газ», «Аджип». Кейбір өнеркәсіп орындарында жапон технологиясы тиімді пайдаланылуда. Мыс. Клара Цеткин атындағы тігін фабрикасы.

Бұл республикадағы бірден-бір бірыңғай энергетика жүйесі жоқ аудан. Атырау, Маңғыстау, жекелеген энергетика тораптары бар. Бұған энергия Самара, Орал, Оңтүстік Уралдың энергетика жүйесінен беріледі. Бүл аймақтың оңтүстік және батыс территориясының үстімен Орталық Азия - Орталық газ құбырының жүйелері өтеді. Осының негізінде Оралдағы Жаңақала ауданының орталығы газды шаруашылыққа және тұриыс қажетіне пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр. Қазіргі уақытта Қарашығанақ кенішінен 13 млрд. м 3 газ және 9 млн. тонна конденсат алу көзделіп отыр. Бірақ бұл пайдалы отын, химиялық шикізат көзі құбыры арқылы түгелге жуық Орынбор газ химия өндірістік территориялық кешеніне жіберіліп жатыр. Осы бағалы шикізат көзін республикада, Батыс Қазақстан облысының территориясында өңдеп, бағалы химиялық өнімдер алу проблемасы шешімін күтуде.

Сондықтан осы мұнай-газ конденсаты кенішін тиімді пайдалану үшін болашақта мұнай-газ өңдейтін зауыт салуды шетел фирмаларының технологиялық әдістері арқылы шешу ойластырылуда. Әрине, бұл проблеманы шешуде бірінші кезекте, айналадағы ортаны ластанудан сақтау, оны бүлдірмеу жағын аса мұқият ойластырған дұрыс.

Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикасы 60-жылдардың ортасынан бастап, мұнай мен газдың ірі кен орындарын игеруге байланысты жедел дамыған. Мұнай кен орындарына - Мақаттан Ақтауға, одан Жаңа өзенге темір жол тартылған, Ембі алабымен салыстырғанда Маңғыстау мұнайын өндіру 3 есе арзанға түседі және тиімді. Неге? Себебі, Маңғыстау мұнайы жер бетіне жақындау жатады, мұнай қоры тығыз, осыдан келіп бұрғылаушылардың өнімі жоғары. Қызмет көрсетуші салалардың - энергетиканың, көліктің, қла маңындағы ауыл шаруашылығының дамуы мұнай өнімдерін тұтыну мөлшерін арттырады. Мұнай өнімдерін өндіру деңгейі жоғары Еділ бойы, Солтүстік Кавказ аудандарымен салыстырғанда Оңтүстік Батыс Қазақстанда 20-30% дайын өнім өндіріледі. Мұнай өңдеу кезінде алынған мазут энергетикалық мақсатта пайдаланылады. Темір жол көлігі мазутты көп пайдаланушылардың біріне айналыа отыр.

Болашақта мұнай химиясы ірі энергия тұтынушыға айналады. Өнеркәсіптің бұл саласы шикізат ретінде мұнай өңдеу зауыттарының қалдықтарын пайдаланады. Атырауда жергілікті мұнай өңдеу зауытының құрғақ және сұйық газын қайта өңдеп, полиэтилен, күкірт қышқылы және басқа өнімдер шығаратын химия зауыты жұмыс істейді. Қазіргі кезде мұнай кен орындарына барлау жұмысын жүргізіп, мұнай газ тасымалына көңіл бөліп, өңдеп, шетел технологиясын негізге алып отырған Қытай, Италия, Түркия, Венгрия мемлекеттерінің мамандарымен келіссөз жасалған беделді компаниялар мен кісңпорындар: «Матин», «Сазанқұрақ», «Аджип», «Тенгизшевройл», «ЕмбіМұнай», «КазТрансОйл», «DEUTAG», «ҚазМұнайГаз», «Газрпом» т. б. қарқынды қызмет етуде.

Ауданда құрылыс индустриясының жұмыстары үлкен көлемде жүргізілуде. Сондықтан құрылыс материалдарын өндіретін өндіріс орындары, құрылыс индустриясы кешенді түрде дамып келеді. Қазір «Орал цемент» акционерлік кәсіпорны бар. Ол зауыттың салынуы мен жұмыс істеуіне әсер етіп, үлес қосып отырған Атырау, Маңғыстау облыстары. Жол құрылысының сапасын арттыру мақсатында Орал қаласындағы асфальт-бетон зауытынан басқа, аудан орталықтарында осындай зауыттар салу белгіленіп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимараттар мен құрылыстар техникасы
Ауылдық елді мекен аумағын жалпы ұйымдастыру
Ауылдың экологиялық жағдайы
Ауылдық елді мекендердің урбанизацнясы
Қоршаған ортаның химиялық, радияциялық және биологиялық ластануы
Трансұлттық корпорациялар туралы
Агроэкология. Қазақстан ауылшаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайы
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АШЫҚ КЕН
Жекешелендірудің кезеңдері мен түрлері
Алматы облысындағы шағын елді-мекенді жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz