ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ 7
1. 1 Қазақстанның конституциялық дамуы тарихын кезеңдерге бөлу 7
1. 2 ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы конституциялық
идеялардың дамуының тарихи ерекшеліктері 13
1. 3 1926 жылғы Қазақ АССР-нің конституциялық заңнамасының тарихи- құқықтық сипаттамасы 27
1. 4 1936 жылғы КСРО Конституциясының декларативтік («сталиндік») сипаты. КСРОмен Қазақ ССР-нің 1937 жылғы республикалық заңнамалары мен конституциялық заңнамаларының ара қатынасы 29
1. 5 1978 жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясының тарихи-құқықтық
сипаттамасы 36
1. 6 Адам құқығы, бостандығы және өзiн-өзi басқару хақындағы конституциялық мағынадағы жобалар 40
2 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦЯЛЫҚ ДАМУЫ 54
2. 1 КСРО-ның дағдырысы кезеңіндегі Қазақстандағы конституциялық
реформалардың кезеңдері және оның саяси құқықтық нысандары 54
2. 2 Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы
Конституциялары - конституциялық құрылысты құқықтық
- регламентациялаудың негіздері 582. 3 Қазіргі кездегі Қазақстан Республикадағы конституциялық
реформалаудың негізгі бағыттары. 64
- ҚОРЫТЫНДЫ 77
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 80
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қоғамның даму тарихында парадокстердің көптеп кездесетіні белгілі, солардың бірі - конституциясы бар елдерде конституционализмнің болмауы. Бірақ заңдық нысан болғанымен, оның тиісінше мазмұнының болмауы да кездеседі. Мұндай жағдай Негізгі Заң билікті құқықтық ұйымдастырудың либералды - демократиялық құндылықтарын, меншікті және қоғам бостандығын, мемлекеттегі адам мен азамат құқықтарын белгілемеген және бекітпеген кезде орын алды.
2005 жылдың 30 тамызында біздің еліміздің Ата Заңының қабылданғанына 10 жыл толды. Бірақ, Қазақстан Республикасының Конституциясын 1995 жылмен ғана байланыстыруға болмайды. Ол мән, мағынаға толы тарихымыздың ағымына біріктірілген оқиғалар тізбегінің нәтижесі болып табылады. Конституциямыздың өсіп өркендеуінің нәтижесін, оның қоғам дамуындағы мәнін түсіну - өз елімізді, қазіргі уақыт талабын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
1995 жылға Конституция - біздің мемлекеттігіміздің негізгі, тәуелсіздігіміздің дамуы мен демократиялық тәжірибенің нәтижесі. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде дамуының алғашқы бес жылы аса маңызды болды. Бұл жылдар ізденіске толы еді. Осы уақыт аралығында тәуелсіздік туралы Декларация қабылданды, бірінші Конституция (1993) қабылданды және экономикалық реформалар басталды. Әрине, бұл жылдар өте ауыр және шешуші кезең болды. Сол жылдары мемлекеттілігіміздің іргетасы қаланып, қазіргі кездері мақтан тұтатын ел жетістіктерінің алғы шарттары қалыптасты. Саяси жүйенің қалыптасуы, көптеген экономикалық мәселелердің шешілуі, реформалардың негізгі кезеңінің аяқталуы осы тәуелсіздіктің алғашқы бес жылдығында жүзеге асырылды. Еліміздің және оның Конституциясының дамуының бастапқы кезеңдері қарама қайшылықтар мен түсінбеушіліктерге толы болды.
Негізгі қайшылық басқару нысанының анықталмауында еді. Бұл 1993 жылғы Конституцияның кемшілігі болатын. Республикадағы басқару нысанының президенттік немесе парламенттік болуын нақты анықтамайтынша, мемлекеттіліктің құрылуы мүмкін емес. Осы қайшылық билік тармақтарының арасында түсініспеушіліктер туындатып, олардың арасында үнемі даулар орын алады. Көшпелі кезеңде реформалардың тиімді жүргізілуі үшін билік тармақтарының келісілген түрде жұмыс атқаруы өте маңызды. Әлемдегі ең алғашқы Конституцияның, яғни американдық конституцияның ең негізгі мазмұны билік тармақтарының жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік билік органдары бір-бірінен тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланыста тиімді жұмыс атқаруы тиіс. Сондықтан, 1995 жылы барлық кемшіліктерді түзетіп, жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, алғашқы Конституция елді экономикалық және саяси дағдарыстан алып шығуды мақсат еткен болатын.
Зерттеудің пәні: Тәуелсіз Қазақстанның конституциясы
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасының конституциясы.
Қазақстандағы билік жүйесі салаларын демократияландыру процесі алғаш рет жаңа конституциялық реформа негізінде кешенді түрде зерттелді. Соның негізінде төмендегідей тұжырымдама жасауға болады:
- Қазақстан Республикасының президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшуінің мәні мен мазмұны туралы айтылды;
- Тарихтағы демократия концепциялары мен модельдерінің мазмұны және олардың қазіргі Қазақстан билік жүйесін демократияландыру ісіне ықпалы көрсетілді;
- Элиташылдық және авторитарлы демократия үрдістерінің қазіргі демократияландыру саясатына ықпалы тұңғыш рет ашып көрсетілді;
- Қазақстан Республикасының өтпелі кезеңдегі саяси жүйені демократияландыру саясатына алғы шарт ретінде қарастырылды;
- Қазақстан Республикасы Конституциясына жаңадан енгізілген өзгерістер негізінде қалыптасып келе жатқан парламентаризмнің саяси-құқықтық ерекшеліктері айқындалды;
- Атқарушы және сот жүйесін демократияландыру ісіндегі жаңа өзгерістер, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару ісін демократияландыру жолдары туралы айтылды;
Қазақстанда билік жүйесін демократияландыру жолында 2007 жылы өте батыл шешімдер қабылданды. Қоғамдағы кейбір саяси күштер тарапынан халықтың демократияға әлі де болса, мәдени, саяси жағынан дайын еместігі туралы пікірлер айтылғанына қарамастан, Президент Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол басқарған мемлекеттік комиссияда партиялар жұмыс істеп, демократиялық реформалардың бағдарламасы нақтыланды. Бұдан 17 жыл бұрын ТМД-ның жас мемлекеттері қалыптаса бастаған кезде, оның кейбіреулері саяси реформалаудан бастаса, Қазақстан экономикаға басымдық берді. Президент Н. Ә. Назарбаев айтқандай, «алдымен экономика, содан соң саясат» деген принцип жүзеге асырылды. Оған халықаралық қауымдастық оң баға берді деуге болады. Бастысы - Қазақстанның саяси тұрақтылығы сақталынды. Қазір мемлекет дамуының жаңа кезеңінде саяси реформаларға да басымдық мән берілді .
Қазақстанда демократияландыру жоғарыдан бастау алғанымен, халық арасында бірнеше жыл бойы талқыланды. Себебі өтпелі кезеңде демократияландыру жөнінде посткеңестік республикаларда бұрмалаушылықтар орын алды. Соның салдарынан бюрократиялық тосқауылдар мен жалған демократия бой көрсетті.
Қазақстан Президенттік-Парламенттік Республикаға айналды. Конституцияда азаматтық қоғамның алғышарты болып табылатын азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері заңдастырылды; баламалы негізде жалпы сайлау жолымен мемлекеттік билікті ауыстырудың тетігі белгіленді; атқарушы билікке тепе-тең болатын жаңа екі палаталы Парламент жұмыс істейді; құқықтық-сот жүйесі реформалануда; өзін-өзі басқару институты қалыптасып келеді; көппартиялық жүйе және саяси плюрализм қалыптасу және даму үстінде; тәуелсіз БАҚ қалыптасуда.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне қанша мерзімге сайланамын десе де құқығы шектелмейтін болып шешілуі; 2007 жылғы сайлауда бірпартиялы парламенттің «Нұр Отан» партиясы мүшелерінен жасақталуы; Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері бір топ өкілдерінің Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайлануы демократияның бір белгісі екені және ұлтаралық татулықты қолдау екені дәлелденді.
Конституцияға енгізілген демократиялық өзгерістер өте маңызды және ол халықтың қолдауына ие болды. Бірақ бұл, біздіңше, алдағы кең демократияландыру бағытындағы алғашқы қадам. Қоғамда әлі де болса демократияландыру ісіне кедергі келтіретін келеңсіз жағдайлар баршылық. Мысалы, шенеуніктердің озбырлығы және қоғамда орын алып жатқан жемқорлық және т. б. Олай болса демократияландыру процесін әлі де жетілдіре түсетін тұстар аз емес.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Ең алдымен: а) Парламент құзырын кеңейтіп, атқарушы биліктің құзырын бұрынғысынан тарылту; б) тәуелсіз және объективті сайлап қойылатын сот жүйесін енгізу; в) әкімдерді халық сайлап, жергілікті өзін-өзі басқаруды толық қалыптастыру; г) баспасөз бостандығына демократиялық кепілдік; д) электронды ақпарат құралдарына шығуға барлық саяси партиялар мен қоғамдық күштерге теңдей мүмкіндік берілді.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: ХХ ғасырдағы Қазақстанның конституциясының дамуының негізгі кезеңдерін қарастыру, конституциялық дамуы тарихын кезендерге бөлу, қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының конституциялық реформалаудың негізгі бағыттарын анықтау.
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1 Қазақстанның конституциялық даму тарихын кезеңдерге бөлу
Қазіргі заң әдебиеттерінде Қазақстан Республикасының Конституциялық даму процессі талданып, конституциялық заңнаманың қазіргі кездегі даму кезеңдері жайлы айтылады.
Ғ. С. Сапарғалиев Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамасының дамуын 4 кезеңге бөледі, Ғ. С. Сапарғалиевтің айтуы бойынша конституциялық заңнаманың қалыптасуы 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған “ҚазССР Президенті лауазымын енгізу” туралы Заңмен және 1978 жылға ҚазССр-нің Конституциясына өзгеріс енгізуден басталды. [1. 152] Өз пікірін осы заңның мемлекет басқаруына елеулі өзгеріс енгізгенімен негіздейді Г. С. Сапаргалиевтің пікірі бойынша конституциялық заңнаманың қалыптасуындағы екінші кезең 1991 жылдың 10 желтоқсанында “Қазақ Советтік Социалистік Республикасының атауын өзгерту” туралы Заңның қабылдауынан басталды. Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының дамуының үшінші кезеңі 1993 жылдың қаңтар айында Жоғарғы Кеңестің жаңа Конституция қабылдауынан басталды. Ал конституциялық заңнаманың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен байланыстырылады. [2. 16] Бұл кезең бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Г. С. Сапаргалиев ұсынған конституциялық заңнаманың қалыптасу кезеңдері негізінен тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамасының қалыптасуының кезеңдерін қамтитынын айта кету кажет.
Осы мәселені талдаған Е. К. Кубеев Қазақстанның Конституциялық дамуының күрделі және ерекше тарихы барынайтады. Оның пікірінше, бұл процессті үш кезеңге бөлуге болады. Ол кеңес дәуіріндегі даму, кеңес үкметінен кейінгі кезең және егемендік жарияланғаннан кейінгі кезең. [3. 16] Бірақ, “Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы” атты еңбегінде Кубеев “Алаш - Орда” кезіндегі конституционализмге талпыну кезеңдерін зерттемейді.
Мемлекеттегі және қоғамдағы конституциялық даму жайлы сөз қозғалғанда, конституциялық заңнаманың тарихи қалыптасу процессі жайлы айтылуы тиіс, яғни зерттеуді алғашқы конституциялық актілердің пайда болуынан бастап, қазіргі кездегі конституцияға дейін қарастыру қажет. Бұл тарихи процесс кезеңнен кезеңге қағидалар мен идеяларды мирасқорлыққа алып бірін-бірі алмастырған конституциялармен, ескі нормалардың әрекетінің тоқталуы салдарынан негізгі заңның да күшінің жоиылуымен сипатталатын тізбектерімен дамиды. Сонымен қатар, әрбір жаңа конституция жаңа заман талаптарына сай нормаларды сақталып қалуы тиіс.
Бұл ретте Ж. Баишев құрастырған “Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері” (1996 ж) атты конституциялық актілер жинағын атап айтуға болады. Бұл жинақты құрастыру кезеңде ол ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу мен даму тарихы ғасырларға тереңдегенін және ол ғылыми зерттеуді қажет етеді деген түсінікті басшылыққа алған. [4. 227] Сондықтан, бұл жинақтан қазіргі замандағы конституциялық актілермен қатар кеңес дәуіріндегі және оған дейінгі актілерді де көруге болады.
Біздің ойымызша, Қазақсатнның конституциялық дамуын зерттеу кезінде елдің конституциялық даму тізбегін түгелдей, яғни “Алаш” партиясының бағдарламасынан бастап “Алаш-Орда” үкіметінің құжаттарын қоса қарастыру қажет. Бұл пікірді Е. К. Нурпеисов, А. К. Котов сияқты ғалымдар ұстанып, олар тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік дамуы елдің конституциялық дамуының төртінші кезеңі деп есептейді.
Алғаш рет тарихи емес заңдық тұрғыда Е. Нурпеисов, А. Котов “Алаш” автономиясының ХХ ғасырдың басындағы қызметін зерттеді. Олардың пікірінше, Қазақстанның конституциялық дамуы осы А. К. Котов өз еңбектерінде Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңдерін қарастырады. Олардың пікірінше келесі кезең кеңес үкіметі қарамағындағы қазақстанның мемлекеттілігінің конституциялық қалыптасуы болып табылады (ұлттық автономия құрудың бағдарламасынан бастап Қазақстанның егемендігіне дейін) . [5. 45]
Бұл кезеңге ғалымдар - 1920 жылмен 1937 жылдар аралығындағы Ресей кеңестік федеративтік социалистік республикасының құрамында Қазақ автономиялық кеңестік мемлекетінің дамуын және V Бүкіл рессейлік кеңестер съезінде 1918 жылдың 10 шілдесінде қабылданған РКФСР Конституциясынан кейінгі дайындық кезеңін жатқызады.
Қазақстанның бұдан кейінгі конституциялық дамуы Кеңестік Қазақстанның Кеңес Одағының құрамындағы (1937-1991) мемлекеттілігімен байланыстырылады. Бұл кезде республика федерация құрамында болды және 1937 жылғы, 1978 жылғы Конституцияларға сәйкес тәуелсіз мемлекет статусына формальды түрде ие болды.
Келесі кезең республиканың егемендігі заңды түрде белгіленуі 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі қабылдаған. “Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі” туралы Декларациядан бостау алды.
Бұл кезеңнің ерекше оқиғасы ретінде 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі” туралы Конституциялық Заңның қабылдануын айтуға болады.
Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының жаңа кезеңін бүкілхалықтық талқылаудан кейін қабылданған 1993 жылға Қазақстан Республикасының Конституциясы ашты.
Қазақстанның қазіргі кездегі конституциялық дамуын зерттеу үшін, А. К. Котовтың ғылыми көзқарастары қызығушылық тудырады. Ол өз еңбегінде Қазақстандағы Конституционализмнің дамуы бүкіл ХХ ғасырды алып жатыр деп көрсетеді. Котов оны келесі негізгі кезеңдерге бөледі:
- Кеңес дәуіріне дейінгі кезең (1900-1917) - ұлттық демократиялық идеялардан бастап Алаш Конституциясының жобасына дейін;
- Кеңес дәуіріндегі кезең (20 жылдар мен 80-ші жылдардың аяғы)
- Кеңес дәуірінің құлдырау кезеңі (80-ші жылдардың екінші жартысы, 90-шы жылдар) .
- Кеңес дәуірінен кейінгі егемендіктің заңды түрде белгілену кезеңі (1991-1993) .
- Егеменді Қазақстанның дамуының басталуы (1993 жылдың қараша айынан, ұлттық валютаны енгізуге байланысты) . [6. 27]
А. Т. Ащеулов республиканың конституциялық дамуын қарастыруды тарихи тұрғыда жүзеге асыру қажет деп есептейді және ол Қазақстан Республикасының конституциялық дамуының алты негізгі кезеңдерін бөліп қарастырады:
1) Кеңес дәуірінендегі кезең (1917 жылы 21 қарашасындағы “Алаш” партиясының бағдарламасы, 1920 жылы 6 қазандағы Қырғыз (қазақ) АССР-нің еңбекшілердің құқықтары туралы Декларация, 1926 жылғы Конституция жобасы, 1936 және 1978 жылдардағы Қазақ ССР-нің Конституциялары)
2) 1990 жылы 24 сәуірдегі “Президент лауазымын белгілеу” туралы заң 1990 жылы 25 қазандағы “Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі” туралы Декларация.
3) 1991 жылы 10 желтоқсандағы “Қазақ ССр-нің атауын өзгерту туралы Заң және егемендік” туралы Заң;
4) 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
5) 1995 жыл Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1998 жылы 30 қыркүйектегі “Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: қоғамдағы демократиялау, жаңа жүзжылдықтағы саяси, экономикалық реформалар” деп аталатын Президент жолдауы;
6) 1998 жылы 7 қазандағы 1995 жылы Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар еңгізу туралы Заң; [7. 2]
Қазақстандық заңгер ғалымдардың конституциялық даму кезеңдері мәселелерін зерттеуін қортындылай келе, келесідей тұжырым жасауға болады:
- Конституционализм идеяларынның қалыптасуы 20 ғасырдың басында орын алған, соның ішінде Қазақстандағы Конституционализмнің дамуы Алаштың алғашқы Конституциясының жобасының жасалуынан басталды. Конституция және Конституционализм идеялары ХХ ғасырдың басында қазақ интелегенциясының ортасында қалыптасқан. Олар қоғам қайраткерлерінің сөздерінен, конституция жобаларынан көрініс табады.
- Қазақстанның Кеңес Үкіметі тұсындағы Конституциялық дамуын атап өту қажет. Кеңестік мемлекет құрылысы билікке большевиктердің келуінен басталды. Кеңестік конституциялар Қазақстанның Конституциялық дамуында ерекше орын алады. Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның конституциялық дамуына келесі белгілер тән:
- Конституцияның класстық теориясын қабылдау;
- Ұлттық мемлекеттік құқық түсінігі. Кеңестік мемлекеттік құқық түсінігімен толық қамтылды;
- Конституцияның демократиялық мағынасы және оны шығарушылардың жоғары кәсіби дайындағы;
- Конституцияның демократиялық нормаларының жүзеге асырылмауы, бұл идеологиялық себептермен түсіндіріледі.
- Өтпелі кезең. Қазақстанның Конституциялық дамуының өтпелі кезеңі қайта құру дәуірімен қатар келді. Бұл кезеңде Кеңестер Одағы құлап, оның орнында тәуелсіз мемлекеттер құрылды.
- Қазіргі кезең - Конституциялық дамудың қазіргі кезеңі құқықтық мемлекет құрумен сипатталады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланумен қатар конституциялық дамудың жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының Конституциясын шығарушылар заң басымдығын құқықтарды құрметтеу идеяларын басшылыққа алды. Адам құқықтары мен бостандықтарына жаңа көзқарас туындады, жалпы гуманистік құндылықтар танылып, адам құқықтарын құрметтеуді, мемлекет араласпайтын салаларға негіздеді.
- Қ. Р. -ның конституциялық дамуының бүгінгі кезеңі.
Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның - алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.
Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.
Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т. с. с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын және өзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.
1993 ж. 28 қаңтарда екі жыл ізденістен кейін Жоғары Кеңестің 12-шақырылымы Кеңестік кезеңнен кейінгі бірінші Конституцияны қабылдады. 1993 ж. Конституция Қазақстан қоғамында жаңа мүмкіндіктер ашты, бір партиялық саяси басқаруды өзгертті, монополистік экономикалық жүйені өзгертті. Бұл Конституция Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа танытты.
1995 ж. Конституцияның қабылдануы - тәуелсіз мемлекеттің дамуына және бекінуіне мүмкіндіктер берді.
1. 2 ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы конституциялық идеялардың дамуының тарихи ерекшеліктері
Отандық ғалымдар Қазақстан мен Орта Азияның конституциялық тарихын зерттеу барысында оны үш кезеңге бөледі: революцияға дейінгі кезең, кеңес дәуірі және қазіргі кезең бұлардың әр қайсысы бір-бірінен өз мәселелерімен, тарихи фактілер мен саяси оқиғаларды түсіну, зерттеу деңгейімен ерекшеленеді.
Революцияға дейінгі Қазақстанның және Орта Азияның Конституциялық дамуы көптеген заңи, тарихи, саяси философиялық тұрғыда зерттелді. Сол кездердегі интеллигенция өкілдерінің сол заманның газеттері мен журналдарында жарияланған мақалалары конституциялық даму тарихын зерттеуде қайнар көз болып табылады. Кеңес дәуірінде оларды жариялауға тиым салынғандықтан, олдар 90-жылдары ғана жарық көрді. Ол еңбектерге Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мұстафа Шоқайдың еңбектері жатады.
Қазіргі кездегі Қазақстан ғалымдары "Алаш" партиясының қызметіне шынайы баға береді. Белгілі қоғам қайраткері "М. Құл-Мұхамед "Алаш" қозғалысының өкілдері патша өкіметіне қарсылық білдіріп, прогрессивті-демократиялық сипаттағы ұйым болды және пантюркизм идеясына қарсы болған, қазақ ұлты өз тарихын, мәдениетін, тілін дамытуы тиіс" деп атап көрсетті. "Алаш" партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, А. Байтұрсынов М. Дулатов, Ж. Х. Досмұханбетов, Х. Ғаббасов, А. Ерменов және тағы басқалар "ұлттық автономия" идеясын ұстанды. 1917 ж. 21мен 26 шілде аралығында өткен бүкілқазақтардың съезінде, Орынбор қаласында "Алаш" саясит партиясы құрылды, ал 1917 жылдың 21 қөарашысында "Қазақ" газеті жарияланды. Бағдарлама құрылымы бойынша Европа елдерінің конституцияларына сәйкес болды және конституциялық негізгі талаптары ескерілді. [8. 121]
Қазақ зиялылары Рессейдегі жалпырессейлік құрылтай жиналысын қолдады, бұл жиналыс Рессейдің демократиялық құрылымын бекітеді. Олар мемлекетті бөлу қағидасын, жалпыхалықтық сайлау өткізуді, барлық ұлттарға автономия беруді, кінәсіздік презумпциясын, судьялар мен билердің тәуелсіздігін, алқалы сотты ұсынды.
Бағдарламаның жобасында бірінші тарауы "Мемлекет нысаны" деп аталды. Бұл тарауда басқару нысаны жайлы және мемлекет құрылымы туралы айтылды. Ресей демократиялық мемлекет болуы қажет деп жарияланды. Үкімет басында сайланған президент болуын, сайлау жүйесін ұсынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz